Мектепке дейінгі жастағы бала өміріндегі ойынның алатын орны



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Мектепке дейінгі жастағы бала өміріндегі ойынның алатын орны

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізі бөлім
І. Мектепке дейінгі жастағы баланың психикасында ойынның алатын орны...5
1.1 Ойынның бала дамуындағы қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2 Ойын - балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет ... ... ... ... ..23
ІІ. Ойыншық пен ойынның бала өміріндегі маңызы ... ... ... ... ... ... ... . .29
2.1 Ойыншық пен ойынның бала тілінің дамуына әсері
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .35


Кіріспе
Ойын - баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы.Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала - балалар ойыны. Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.

Негізгі бөлім
І. Мектепке дейінгі жастағы баланың психикалық дамуында ойынның алатын орны
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі - ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.Сондықтан да психологияда бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар жақсы ойын -- жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.
Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай сөйтейік, бүйтіп көрейік деуі, олардың ойынды ойын деп түсінуінде жатыр.Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады :
а) ойын -- тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) эстетикалық тәрбие беру өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.
Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра беруден бастаған. Солардың бірі - ұлт ойындары халықтың сәби шағымен бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой-жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйретудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен білімділік, тәрбиелік маңызы бар.Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған. Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі - халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп - жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев Қазақ балаларының ойындары деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: ...өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар.... Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. Мысалы, Соқыр теке ойыны (Ақ сандық, көк сандық Құраст. Ш.Ибраев.А., 1988, 161-бет) арнайы сызылған шеңбердің ішінде ойналады. Жүргізуші Тентек текені ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, ол былай деп әндетеді:
Қараңғыда көзім жоқ,
Маған жақын келіңдер,
Тиіп кетсем сөзім жоқ,
Бір қыз ұстап беріңдер!..
Көзі байланған Соқыр текені айнала қоршап тұрғандар мазақтап:
Соқыр, соқыр, соқырақ,
Тотияйын салайын,
Оң көзіңе топырақ,
Ал, ұстап көр, батырым,
Топырағын алайын,
Міне, келе жатырмын!
деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа қашады, ал Соқыр теке олардың бірін ұстауға тырысады. Ұстаған баласы оның орнына тұрады, сөйтіп, ойын жалғаса береді. Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді.
Халық арасында Денсаулық - зор байлық деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру - жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады.
Қазақ халқының сонау, көне заманнан бергі негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, мал өсіру, мал басын көбейтуі өндіріс процесінің негізгі мақсаты, сондықтан да халықтың бар байлығы малда болды. Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақ халқының этнографиялық даму ерекшеліктері, той-думан, қуанышы мен реніші де осы малмен байланысты болды.Амандасқанда да жан амандығын сұрамай, мал-жан амандығын сұрауы, қазақтың тіршілігінің тірегі, көзі малға деген көзқарасының ерекше бір сезіммен қалыптасуы болды. Оларды халық ауыз әдебиетінде мақұлықтар дүниесінің өкілі деп ұқпай, адамның өмір сүруінің негізгі тірегі мен жан серігі екендігін шабыттана жырлаған.Осындай экономикалық құрылыстың негізінде төрт түліктің қасиеті тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана жырланып қоймай, барлық мәдениет пен өнердің, соның ішінде ұлт ойындарының дамуының да негізі болды, келе-келе негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түліктен тұратын ақбайпақ, көк сиыр, түйе-түйе, соқыр теке т.б. сияқты ұлт ойындары да дами бастады.Бұл ойындардың барлығы дерлік қазақ халқының төрт түлікті аса бір сүйіспеншілікпен дәріптеп, қадірмен тұтып, жануарлардың бойында адам баласының қасиеттері бар, сондықтан жан-жануарлардың бәрі бірдей деген ұғымнан барып шыққан ойындар болды. Ондай қасиеттерді бірі осы ойындардың көпшілігінде дерлік төрт түліктің қай-қайсысы болмасын, аналықтарының өз төлдерін өлімге қимайтындығын аңғартады. Сондай Ақбайпақ ойынында, жоғалтқан ботасын іздеген інген қатты күйзеледі. Ақырында ботасын көріп, жаны жай тауып, ботасымен әңгімелесе келіп өзін тыққан ұрылардың кімнен жақсылық, кімнен жамандық көрдің деп, содан ботаның айтуы бойынша інгеннің бұйрығымен ойнаушылар жазасын алады.Қазақ халқының малды соншалықты қадірлейтін себебі сол, халықтың саяси әлеуметтік және экономикалық жағдайының даму процесінде осы төрт түлік арқасында жеке адамның қай-қайсысы болмасын өмірден мұқтаждық көрмеді. Сондықтан да төрт түлік қазақ халқының ауыз әдебиетінің, өнерінің, мәдениеті мен ұлт ойындарының негізгі кейіпкері.

1.1 Ойынның бала дамуындағы қызметі
Ерте заманнан - ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып - білудің, белсенді іс - әрекеттің алғашқы түрі заттық іс - әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте - бірте ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс - әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап - сезу, байқап - тану арқылы емес, тікелей араласып, іс - әрекетке көшуін нақты қарым - қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным - түсінігі, іс - әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс - әрекетімен жалғастырылады. Ойын - бала үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
Ойын балалардың негізгі іс - әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық - физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным - көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойында әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады. Оқушы ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып табылады. Кейбір психологиялық теориялар ойынның мәнін баланың артық әл - қуатын шығындап, жоғалтқысы келген талабымен түсіндіреді. Алайда, функционалдық тенденция концепциясының негізін салған Д. Узнадзе: Ойын артық әл-қуатты сыртқа шығындаудың тәсілі емес, дамудың негізгі бас формасы, қызмет бағытының емін - еркін бұрқаған көрінісінің формасы болып табылады және әрекеттер ретінде олардың өз бағыты бойынша бір - бірінен айырмашылықтары бар, міне осылар баланы мазмұнды жағынан әр түрлі ойындар ойнауына мәжбүр етеді, -- деген. Жетілгісі келіп тұрған күштердің қарбалас қимылына сәйкес келмейтін әрі оған ықпал етпейтін ойын мен ойыншық баланы тез жалықтырып жібереді. Көптеген функциялар 7-9 жасқа жеткенінше мейлінше жеделдете дамиды да, ойынға деген құштарлық осы кезеңде күшейе түседі, ал ойын дамуды басқаратын іс - әрекеттің түріне айналады. Осындай сәтте баланың өзіндік саналары, оның шындыққа, адамдарға қарым - қатынасы қалыптасады. Бастауыш сынып оқушысының қызмет бағыты күшейген кезде оның құлшынып ойнағысы келіп тұрады. Баланың ойын қызметін тоқтатып, оны интерфункционалдық күштердің қимылына қайшы келетін басқадай нәрсемен шұғылдануға мәжбүр еткізу - бала талантын жеделдете дамытып, жан - жақты ашылуына тосқауыл жасау деген сөз. Ойын баланың психикасына сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырылмайтыны белгілі. Бұл қажеттілігін балалар ойын арқылы өздеріне ересектер рөлін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым - қатынасты да нақтылап көрсетеді. Д. Элькониннің атап өткеніндей, мұнда балалар өзара сәйкес рөлдерді тасымалдаушылар (ересектерді өзара әлеуметтік қатынасын қайта жаңғыртады), әрі ойынға тікелей қатысушы болады. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рөлдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Біраз уақыттан кейін рөлдік ойыннан ереже бойынша жүргізілетін ойынға ауысады. Біртіндеп ереже ойын әрекетінде бірінші орынға қойылып, алғашқы сюжеттік сипатқа ие болады, сосын ойында жеңіске жету бала үшін үлкен мәнге айналып, ойын еңбекке және оқу әрекетіне ұқсас бола бастайды.Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында. Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әр түрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже, ойын әрекеті адам іс - әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады.Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті XVIII ғ. Руссо былай деп жазған: Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек.Балалармен жұмыс істеу ойынында ойынмен әсер ету арқылы баланы басқаруға немесе оны өзгертуге көп күш кетпейді. Ойынмен әсер етудің мақсаты -- баланың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі басқарудан тұрады. Ойын процесі баланың қоршаған ортаға бақылау жасауы ретінде қарастырылады.Ойын әсерлері баланың қажеттіліктерін физиологиялық белсенділікке қанағаттандырылады, ойын үстінде бала энергия жұмсайды, үлкендер өміріндегі міндеттемелерге дайындалады, қиыншылықтарды жеңеді жай фрустрациядан арылады.Олар физиологиялық көптактіні сезеді, өз қажеттіліктерін қанағаттандырады, әлеуметтік формадағы агрессияға жауап қайтарады және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ойын балаларда елесті бекітуге, мәдени байлықты сіңіруге және белгілі бір дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Бала ойнағанда бөтен тұлғаның рөліне тек еніп қана қоймайды, сонымен қатар өз жекелігін кеңейтеді, байытады және түгендетуге тырысады.Ойын баланың ішкі әлеміне нақты форма мен өрнек береді. Ойында эмоциональды маңызды тәжірибені ой өрнегі алады. Ойынның негізгі функциясы шын өмірдегі бейнеленбейтін нәрсені жағдайдың бақылауына айналдыру. Бұл балаларға қиыншылықтарды білуге мүмкіндік беретін символикалық репрезентация арқылы жасалады. Ойын бала үшін өз пікірін білдіретін символикалық тіл болғандықтан, психолог ойынды пайдаланады. Балалар ойын арқылы қарым-қатынас жасайды. Егер ойынды коммуникация құралы екенін мойындасақ, балалар ойының бұдан да толық бағалауға болады.Балалар ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелері мен сезімдерін шығару -- табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс-әрекет.
Ойын -- бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан өз ойымен бөлісуді талап ету; яғни автоматты түрде қарым - қатынастағы барьерді жасату. Жоғарғы қатынас денгейге көтерілу үшін сөзді пайдалануы қажет. Ойын сезімдердің берілуімен және кемшіліктердің шешілуі үшін құрал болады. Бала сезімін вугвальды жеткізу ылғи да мүмкін емес. Дамудың бұл сатысында бала не сезгенін айту үшін когнитивті, вугвальды құралдары жетіспейді эмоционалды жағдайда оларды сөзбен жеткізу үшін бала өз ауыртпалықтарында интенсивті бір ойға жинақтала алмайды. Көптеген авторлардың зерттеулері бойынша (мысалы Пиаже), біз 11 жасқа дейін балалардың абстрактілі ойлауға және талдауға қабілетті емес екенің білеміз.Сөз символдардан құралады, ал символдар - абстракция. Онда біздің сөзбен айтылатын дегеніміздің көбі абстрактілі болып келетіні таңқаларлық жай емес.
Баланың әлемі -- бұл нақты заттардың әлемі, егер біз баламен байланыс жасағымыз келсе, ең алдымен осыған жақын болуымыз керек. Ойын -- бұл баланың нақты өз ойы және өз әлеміне қалыптасу тәсілі.Ойын -- бұл ерікті, іштей мотивтендірілген іс-әрекет.Бала ойын процесінен қанағаттанушылықты, ризалықты сезінеді. Оның нәтижесі маңызды да емес. Ойында баланың физиологиялық, сана-сезімдік, эмоционалды сапалары творчестволық процеске қосылады және оған әлеуметтік әрекеттері қажет болуы мумкін. Осылайша, бала ойнаған кезде оған толығымен қатысады деп айтуға болады. Ойын әсерлері бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың динамикалық жүйесі ретінде анықталады.Үлкендердің көпшілігі өз сезімдерін, реніштерін, алаңдаушылықтарын және жеке мәселелерін білдіре алады. Үлкендер үшін сөз қандай рөл атқарса, ал бала үшін ойын да сондай рөлде болады. Бұл сезімді білдіру мен қарым-қатынас құралы болып табылады. Оларға осындай мүмкіндік берілген кезде балалар өз сезімдерін және қажеттіліктерін үлкендер сияқты жеткізе алады. Балалардың кейбір қарым-қатынас жасау және айту динамикасы үлкендердікімен бірдей, ал біраз сезімдері бөлектеу (мысалы, қорқыныш, қанағаттану, бақыт).Сезімдерін жеткізуде немесе бастап кеткендерін айтуда балаларда қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ, нәзік сезінетін эмпатикасы қалыптасқан ересек адам алдында олар не сезінетіндіктерін ойыншықтар және ойын материалдарын таңдап, олармен белгілі түрде әрекет ету арқылы көрсете алады. Балалар айта алмайтындарын айту үшін, өздері жасауға ыңғайсыз санайтын әдеттерді жасау үшін ойыншықтарды пайдалануы мүмкін. Ойын - өз ойын айту үшін символикалық тіл. Және ойын бала қандай күй кешкенін, оған қалай қарайтынын, қандай арман-тілектері бар, қандай қажеттіліктер туатынын ашып бере алады.
Баланың барлық психологиялық ерекшеліктері осы ойын әсерінде қалыптасады. Ойын -- бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Ойын жұп арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынастар жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытады да баланың қабілеті, белсенділігі артады.Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мазмұндық-рөлдік ойында баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруға зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандырып, шаттанып, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ойын үстінде бала ересек адамдардың әрекеттерін қайталауға тырысады. Мазмұндық- рөлдік, әсіресе, интелекттік (ақыл-ой) ойындар белгілі бір ережелерді сақтап ойнауды талап етеді.Осындай ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік, сезім процестерін де дамытады. Бала ойынына басшылық ету, мазмұндық-рөлдік ойындарын қадағалау, тәрбиелік маңызы бар ойындар ұйымдастыру -- мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі.Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді: бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т. б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойлаудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойнаудың өзгеше бір сыртқы тізгегі және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы іс-әрекеттер тірегі (және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы) ретінде көрінеді. Сонымен ойында ой жүзінде іс-әрекет жасау қабілеті дами бастайды.
Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял мен ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі -- балаларда қарым-қатынас пайда болады. Элькониннің айтуы бойынша, балаларға үлкендер әлемі идеалды форма болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі - ойын.
Сезімдерін жеткізуде немесе бастан кешкендерін айтуда балаларда қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ, нәзік сезінетін, эмпатикалы қалыптасқан ересек адам алдында олар не сезінетіндіктерін ойыншықтар және ойын материалдарын таңдап, олармен белгілі түрде әрекет ету арқылы көрсете алады.Ойын баланың өз тәжірибесін, өз жеке әлемін ұйымдастыруға талпынысын көрсетеді. Ойын үдерісіне бала жағдайды бақылау сезімін бастан кешіреді, типті шын мәніндегі жағдайлар бұған қарсы келсе де. Баланың бұл талпынысын Фрэнк былай түсіндіреді: Ойында бала өзін осы шаққа бұра отырып, өз өткеніне көңіл аударады. Ол өткендегі қиындықтарын жаңа қабылдауға және қатынастарда араластыра отырып ойнайды.Осылайша, бала өзінің "Мен" образын, өз мүмкіншіліктерін және міндеттемелерін үзіліссіз қайта қарап ашады.Аналогия түріндегі ойында бала ойын материалдарымен манипуляция жасай отырып, өз мәселелері мен шиеленістерін шешуге тырысады.Ойындағы бала әрекеті деген ұғым психологқа баланың ішкі дүниесіне үңілуге мүмкіндік беретін нұсқауды береді.
Бала әлемі -- бұл іс-әрекеттер мен қозғалыстар әлемі болғандықтан, ойын әсерлері психологқа баланың қиындықтарын бөлісуге және эмоционалды өміріне қатысуына рұқсат етіледі. Бала ойынға толығымен енетін болғандықтан, экспрессия және сезім балаларда ерекше нақты және осы сәттік болып өтеді; Бұл баланың іс-әрекеті, сезімі және эмоциясына көңіл аударуға мүмкіндік береді.Ойын арқылы әсер ету үдерісінің стадиялары мұғалім мен бала арасындағы өзара әрекет етуінің нәтижесі ретінде пайда болады.Баланың ойындарында ұжымдық сипат жақсы жетіледі. Мәселен, ойында топ-топ болып ойнау, ойын ережелерін сақтау, жолдастарының алдында жауапкершілігін сезіне бастау, өзін ұстай білу сияқты ұжымдық ойындардың негізгі белгілерін олар жақсы түсінеді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастықтың мәні неде екенін түсінеді. Өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістеріне ұялып, одан арылғысы келеді. Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастайды. Мәселен бір бала өзінің ұйымдастырғыштық қабілетін байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартады. Ұжымдық ойындар баланың моральдық-эстетикалық қалыптастыруын әсер етеді.Ойын үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, оның құрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер болады.Ойын әсері психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.Ойын әсері арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады.Ойын қызметіне деген бейімділік бәрінде болмайды және ол темперамент ерекшеліктеріне тәуелді болады. Ұялшақ балалар ақыл - ой қызметін, спорттық немесе компьютерлік ойындарды қалайды. Бірақ бұл тең ауысым емес. Оларды дәстүрлі ойындарға қалай үйретуге болады?Біріншіден, өзіңіз баламен ойнауыңыз керек. Бұрын өзіңіз, ата - анаңыз қалай ойнайды, қазір қандай ойындар бар туралы еске алып, айтып беруіңіз керек.Екіншіден, ойынға делдал - қатысушыны - қуыршақты, көрші баланы, баланың ағасы немесе әпкесін қатыстыру керек.Үшіншіден, баланың барлық мүмкінді белсенділік танытуын және қиял - елесін көтермелеп, оның жаңа сөздер, бейнелер, ассоциациялар, жаңа ойындар мен жаңа рөлдер ойлап табуына мүмкіндік жасау керек. Егер ол ұялатын болса және қажетті артистизмге ие болмаса, оған режиссер немесе сыншы болуды ұсыну керек.Заттық іс-қимылдардың қажетті даму деңгейінен басқа ойынның пайда болуы үшін баланың үлкендермен жасайтын қарым-қатынастарының түпкілікті өзгеруі керек. Бала 3 жасқа жақындағанда ол өздігінен іс-қимыл жасауға қабілетті болады да, оның жақын адамдармен бірігіп қызмет жасауы ыдырай бастайды. Сонымен қатар ойын өзінің шығу тегі жағынан да, мазмұны жағынан да әлеуметті болып келеді. Ол жиі үлкендермен толыққанды қарым-қатынассыз және баланың үлкендер арқылы алатын түрлі әсерінсіз дами алмайды.
Ерте балалық және мектепке дейінгі кездің шекарасында балалар ойынының алғашқы түрлері пайда болады. Бұл бізге белгілі режиссерлік ойын. Онымен бірге бір уақытта немесе кейінірек рөлдік-бейне ойындар пайда болады. Онда бала өзін кез келген адамға және нәрсеге ұқсатады және соларға сәйкес іс-қимыл жасайды. Мұндай ойынның міндетті шарты болып ашық және қарқынды жан толғанысы табылады: баланы көрген оқиға таң қалдырғаны соншалық, ол ойындық іс-қимылдарында өзінің қатты эмоционалдық үн қатуын тудырған бейнені көрсетеді.Режиссерлік және рөлдік-бейне ойындар мектепке дейінгі жастың ортасында өзінің дамыған түріне жететін сюжеттік-рөлдік ойынның бастауы болып табылады. Кейінірек одан ережелері бар ойындар бөлініп шығады. Жаңа ойындардың пайда болуы бұрын меңгерілген, ескі ойындарды толық жоймайды, олардың бәрі сақталады және жетілдіріле береді. Сюжеттік-рөлдік ойындарда балалар нақты адамдардың рөлін және қарым-қатынастарын көрсетеді.
Сюжет - ойында көрсетілетін нақты өмірдің саласы. Алғашында бала отбасымен шектелетін болғандықтан, оның ойындары ең алдымен отбасы, тұрмыстық мәселелермен байланысты болады. Кейін, өмірдің жаңа жақтарын меңгеру бойынша, бала аса күрделі сюжеттерді пайдалана бастайды.Баланың ойында көрсететін үлкен адамдардың қызметіндегі және қарым-қатынастарындағы сәттер ойынның мазмұнын құрайды.Бірте-бірте ойындық іс-қимылдар өзінің алғашқы маңызын жоғалтады. Нақты заттық іс-қимылдар қысқарады және жинақталады, ал кейде тіптен сөйлеумен орны ауысады.Сюжет пен ойынның мазмұны рөлде көрініс табады. Мектепке дейінгі жоғары жастағы балалардың ойыны ережелері бар ойындармен жалғасады.Сөйтіп, ойын өзгеріп отырады да, мектепке дейінгі жастың соңына қарай жоғары даму деңгейіне жетеді. Ойынның дамуында 2 негізгі саты немесе кезең бөлініп шығады. Бірінші кезең үшін (3-5 жас) адамдардың нақты іс-қимылдарының логикасын көрсету сипаты; ойынның мазмұны болып заттық іс-қимылдар табылады. Екінші кезеңде (5-7 жас) адамдардың арасындағы нақты қарым-қатынастардың үлгісі көрсетіледі және ойынның мазмұны болып әлеуметтік қарым-қатынастар, үлкен адам қызметінің қоғамдық мәні табылады.Мектепке дейінгі орта және жоғары жаста балалар, өздеріне тән жекеленуге қарамастан, ойын кезінде де, алдын-ала рөлдерді бөлістіріп, бір-бірімен келісе алады.Егер бір себеппен бірігіп ойнау бұзылатын болса, қарым-қатынас жасау үдерісі де бұзылады.Ойын баланың құрдастарымен қарым-қатынас жасауын ғана емес, сонымен қатар оның ерікті тәртібін де қалыптастырады. Өзінің тәртібін басқару механизмі - ережелерге бағыну - ойын кезінде қалыптасады, кейін қызметтің басқа түрлерінде көрінеді. Өзін-өзі бақылау мектепке дейінгі жастың соңында пайда болады, сондықтан балаға алғашында сыртқы - ойын кезінде оның жолдастары жағынан - бақылау керек. Балалар алғашында бірін-бірі бақылайды, кейін -- әркім өзін-өзі.Ойында баланың қажеттілік -- түрткі жағы дамиды. Оның қызметінің жаңа түрткілері және онымен байланысты мақсаттары пайда болады.
Бала ойыны - жеке қабілеттердің (елес+ес+қабылдау) жиынтығы емес, тәртіптің ерекше түрі деп есептей отырып, Д. Б. Эльконин ойынның сапалы ерекшелігі сақталып қалатын талдау бірлігін іздеді. Ол мектеп жасындағы рөлдік ойынның жайылған және дамыған түрін негізге ала отырып, рөл және онымен байланысты іс-қимылдар дамыған ойын түрінің негізгі, бөлінбейтін бірлігін құрайды деп болжады. Рөл мен оған сәйкес баланың іс-қимылдары сипатының арасында тек қана тығыз функционалдық өзара байланыс қана емес, сонымен қатар қарама-қайшы бірлік те бар.Д. Б. Эльконин ойынның мазмұны мен оның сюжетін (немесе тақырыбын) ажыратты. Ол ойынның бір ғана тақырыбында немесе сюжетінде түрлі жастағы балалар түрлі мазмұнды көрсетеді деп жазды. Оның айтуы бойынша, ойынның бірлігі ретінде рөл өзінде жайылған, дамыған ойын түрін береді және шоғырландырады.
Ойынның толық және жайылған түрі екі такттан: "шақыру" және "шақыруға үн қатудан" тұрады.Ойнап жүрген баланың субъектісі іс-қимылдар түрткісін сезінетін ерекше "функционалдық органды" - ойынның толық түрін құрайды. Ойынның толық түрінде бір рөлдік іс-қимыл (мәні айқындалатын) басқа рөлдік іс-қимылмен арнайы шақырылады; бала осы екі іс-қимылды байланыстырады да, біріншіден екіншіге өтуді құрастырады.Ойынның бірлігі болып жеке алынған бір ғана рөл емес, басқа рөлдерге қатысы бар рөл, яғни рөлдердің арақатынасы саналады. Қазіргі бес жастағы балалардың ойынында ойынның толық түрімен бірге редуктелген екі тактілік ойын түрі де бар.Ойын әрекетінен басқа бала әрекетінің бірі - сурет салу.Зеньковский бойынша сурет салу стадиялары:
1-стадия -- бұлғау. 1 жастан 1,5 жаста басталады. Бала қаламсап, қарандашты тұңғыш рет қолына алғандықтан, ересек адамның іс-әрекетіне еліктеу жасайды.
2-стадия -- шимайлау аяқ асты сәтті болған сызық белгілі бір образға әкеледі. Осының нәтижесінде бала доп, шар т. б. сала бастайды.
3-стадия 4-5 жаста басталады да 9-10 жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Обьектіні танып білуге болады, алайда ол схемалы. Ересектерге қарағанда балалар бір-бірінің суреттерін жақсы тани алады. Суреттің ерекшелігі олардың интеллектісінің дамуына байланысты.
4-стадия. 10-11 жаста басталады. Суреттер шындыққа сәйкес, схемалы түрден арыла бастайды.
Адамның жеке басының дамуы үшін ойынның неғұрлым маңызды мәні бар. Балалар өздері үлкендер ролін ала отырып, олардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын елестетіп, үлкендер өздері еңбек және қоғамдық қызметте, өзара қарым-қатынаста жетекшілікке алып жүрген мінез-құлық ережелері мен қағидаларының өздері түсінген түрлерімен танысады. Мысалы, бала шеберханадағы жұмысшының ролін орындағанда оның өз ісіне деген жауапкершілігін, ал дәрігердің ролін орындағанда ауруға деген қамқорлық пен ілтипаттылықты көрсете білуге тырысады. Ойын балаларды баурап алады. Бейнеленетін кейіпкерлер басынан кешетін сезімдер балаларға деген сүйіспеншілік, жан ашу, үлкендерді сыйлау т. б. - олардың шынымен-ақ толғандырады. Ойында пайдаланатын қуыршақтарға, ойыншық жануарларға балалар сүйіспеншілік, сүйемелдеушілік, мейірімділік көрсетеді. Ойынға қызығу рольді жақсы орындап шығу тілегінің күштілігі сонша -- тіпті бұл жағдайларда балалар былайша алғанда қиын, тартымсыз іс-әрекеттерді орындап шығады немесе ойын барысында пайда болатын өзге тілектерін қанағаттандыруда бас тартады. Әйтсе де, ойында қол жеткен табыстарды балалардың тікелей басқа жағдайларға, өздерінің күнделікті мінез-құлқына аударуы мүмкін деп ойлаудың қажеті жоқ. Дәрігер ролінде ауырған қыз балаға жаңа ғана қамқорлық көрсеткен бала бірнеше минут өткен соң, сол қыздың қолындағы ойыншықтарды оның жылағанына ешбір назар аудармай, қымсынбастан тартып алып жатқанын жиі көруге болады.
Балалар өздері алған ролдерге сәйкес ойнап шығатын іс-әрекеттер мен өзара қарым-қатынастар оларға үлкендердің мінез-құлқындағы, қылықтарындағы, сезімдеріндегі белгілі себептермен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді, бірақ әлі де балалардың оларды игеріп кетуін қамтамасыз ете алмайды. Ойын балаларды сюжеттік жағымен ғана емес, онда ненің бейнелейтіндігімен де тәрбиелейді. Ойын жөнінде өріс алатын шынайы өзара қарым-қатынастар процесінде, яғни ойынның мазмұнын талқылағанда, рольдер мен ойын материалдарын, тағы басқаларды бөліскенде балалар шынында да жолдасының мүддесін ескеруді, оған тілектестік білдіруді, жол беруді, жалпы іске өз үлесін қосуды үйрене бастайды. Ойынды өткізу мен ұйымдастырудың кейбір кезеңдері жөнінде балалар арасында дау жиі пайда болып тұрады. Әдетте мұндай даулардың себебі болып өз жоспарлары мен іс-әрекеттерін үйлестіре білмеу саналады. Мұндай жағдайларда тәрбиеші жәрдемге келеді. Ойын неғұрлым күрделірек, оған қатысушылардың саны неғұрлым көбірек және мазмұны көріністері арасындағы байланыстылықты неғұрлым тығызырақ белгілесе, соғұрлым балалардың мінез-құлқына, олардың өзара қарым-қатынастарына, істерінің үйлесімділігіне қойылатын талаптар да көлемдірек болады. Сондықтан ойынның күрделіленуі баланың дамуына зор әсер етеді. Ойындардың көбінде әр түрлі балалар орындайтын рольдер біркелкі болмайды. Басты рольдер (капитанның, дәрігердің, тәрбиешінің) және жанама рольдер (матростар мен жолаушылардың, күтуші әйел мен балалардың) болады. Басты рольде, әдетте көбірек беделге ие болатындықтан балалар үшін неғұрлым тартымды келеді. Бала жалғыз ойнағанда, ал өзге кейіпкерлерді қуыршақтар бейнелегенде ол міндетті түрде басты рольді өзіне алады. Ойынға бірнеше бала қатысқанда, олардың бәрі бірдей, әрине басты рольге үміттене алмайды. Әдетте балабақша тобында ойынды ойлап табатын және ұйымдастыратын, рольдерді бөлісуге жетекшілік ететін, қажетті іс-әрекетті орындауды өзге балалардың есіне салатын балалар болады. Мұндай балалар, әрине, басты рольдерді ойнайды, әйтсе де олар өз жолын басқа балаларға беріп, олардың өзі қалаған рольдерін ойнауға да мүмкіндік береді.Бала ересек адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
Баланың бірінші әрекеті - ойын
Балалар бақшасында мерекелік ертеңгіліктерді ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері
Балалардың ойындар арқылы табиғатпен таныстыру ерекшелігі
Мектеп жасына дейінгі балаларға тән қасиеттер
Ойынның ақыл – ой дамытудағы маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстыру форма – Ойын
Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындаудағы – интеллектуалдық ойындардың ерекшелігі
Ересек тәрбиеленушілерді оқытудағы киындықтарды жеңу үшін ойынның маңызы
Пәндер