Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Жоспары:
:
Жоспары:
:
Жоспары: І. Кіріспе . . .
:
Жоспары:
:
Жоспары: ІІ. Негізгі бөлім
:
Жоспары: І ТАРАУ. Педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздері
:
Жоспары: 1. 1. Педагогика мен психология . . .
:
Жоспары: 1. 2. Педагогика мен психологияның әдіснамасы жөнінде түсінік . . .
:
Жоспары: 1. 3. Педагогика мен психологияның философиялық негіздемесі . . .
:
Жоспары: 1. 4. Педагогика мен психологияның жалпы ғылымдық әдіснамасы . . .
:
Жоспары:
:
Жоспары: ІІ ТАРАУ. Педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздерін зерттеу принциптері
:
Жоспары: 2. 1. Педагогика мен психологиялық зерттеулердің әдіснамалық принциптері . . .
:
Жоспары: 2. 2. Педагогика мен психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру . . .
:
Жоспары: 2. 3. Педагогика мен психологиялық зерттеу әдістемесі мен әдістер жүйесі . . .
:
Жоспары: 2. 4. Психология мен педагогикадағы зерттеу үдерісінде әдіснамалық негіздерін талдау . . .
:
Жоспары:
:
Жоспары: ІІІ. Қорытынды . . .
:
Жоспары:
:
Жоспары: IV. Пайдаланылған әдебиеттет тізімі . . .
:

І. КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейтестілігі : Кез келген педагогикалық зерттеуде педагогикалық зерттеу обьектісі оқытылып және тәрбиеленіп жатқан адамның психологиялық сипаттамаларын міндетті түрде ескеруге мәжбүрміз. Мәселенің көкейкестілігі көптеген жағдайлармен анықталады. Педагогика мен психологияның пәнін ажырату тек жеке алынған ғылыми жұмыстың логикасы мен алынатын нәтижелерінің сипатын анықтау үшін ғана емес, кешенді зерттеудің көлемін кеңейту мақсатында да жүргізіледі.

Шындығында, әрбір психолог осыған “тап болмайды”, себебі педагогикамен барлық психологтар айналыспайды. Психологиямен әрбір мұғалімнің ісі бар, себебі педагогика психологиясыз өмір сүре алмайды. Педагогика мен психологияның ара қатысын анықтау соңғы жылдары жиналып қалған түсініспеушіліктер мен көмескі мәселелердің жігін ажыратып алу үшін қажет. Алдыңғы бөлімдерде айтылғандай, бұл жәйттер негізінен педагогика ғылымын жуып шаю тенденциясынан туындаған еді.

Адамды зерделейтін басқа ғылымдар мен психология пәніндегі айырмасы бұл ғылымдардың адам әрекетіе қалай қарастыруында жатыр. Психологтар әрекеттің құрылымы туралы айта отырып, оны біртіндеп кезеңдер бойынша іске асырудың арасындағы байланысты түсінеді. Әлеуметтік болмыстың обьектісін бейнелей отырып, олар әртүрлі ғылыми әрекеттің пәні ретінде көрінетін түрлі қатарларлы салады. Психолгия әрекет құрылымы туралы айта келіп, бұл байланысты оны жүзеге асыру кезеңдерде жүзеге асырумен түсіндіреді. Бұл ретте әрекеттің мотивациялық, мақсаттық біріккен орындаушылық жақтарын адами белсенділігі қолданылатын әртүрлі бөліктердің байланысы мен арақатысын айтады. Қалай айтсақ та дұрыс, себебі бұл пайымдаулар бірін-бірі толықтырады.

Біз өзіміздің күш жігерімізді қайсібір (өндірістік, тәрбиелік, басқарушылық) міндетті шешуге жұмсасақ, іс -әрекетке ынталандыратын, оған мақсат пен жүзеге асыру құралдарын беруші көптүрлі (физиологиялық, психикалық, қарулық және т. б) тетіктері қосылады. Бұл тетіктерді талдау әрекеттің қалайша қолдану табатынын, бағытталатынын және орындалатынын түсінуге мүмкіндік жасайды. Бұл талдау қаншалықты толық және мұқият істелінгенімен, қойылған міндетті шешуге бағытталған біріккен күш жігерімізді толық көрсетуге, бұл жігердің жалпы арнасын анықтауға және жүйе қызметінің жалпы үрдісі құрылатын әрекеттің басқа арналарымен салыстыруға мүмкіндік бермейді (Э. С. Маркарян) .

Әрекет мотивациялық, мақсаттық және орындаушылық жағынан көрінетін психологиялық қырынан және тұлғаның құрылымының бөлігі ретінде психологияның зерттеу пәніне енеді. Психология оны әлеуметтік практикалық қырынан ескергенмен, ол тікелей оның зерттеу пәніне енбейді. ”Жалпы күш-жігер арнасын” әрекеттің басқа экономикалық ғылыми, педагогикалық және т. б түрлерін қарастыратын өзінің жеке пәні ретінде есептейтін басқа ғылымдар қарастырады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін, адамгершілік нормаларын халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту.

Зерттеу объектісі:

Оқушылардың педагогика мен психологиялық әдістаналық негізінде өңделген сабақтармен, ұлттық ойындар арқылы оқыту, тәрбиелеу және дамыту.

Зерттеу пәні:

Оқушылардың психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін дамытуға бағытталған сабақтар.

Курстық жұмыстың міндеті : Қазіргі кезеңде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде. Осыған орай, педагогиканы тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогика мен психологияның пәнін және оны зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогика мен психологиялық ұғымдарды қарастырайық.

І ТАРАУ. Педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздері

1. 1. Педагогика мен психология

Кез келген педагогикалық зерттеуде педагогикалық зерттеу обьектісі оқытылып және тәрбиеленіп жатқан адамның психологиялық сипаттамаларын міндетті түрде ескеруге мәжбүрміз. Мәселенің көкейкестілігі көптеген жағдайлармен анықталады. Педагогика мен психологияның пәнін ажырату тек жеке алынған ғылыми жұмыстың логикасы мен алынатын нәтижелерінің сипатын анықтау үшін ғана емес, кешенді зерттеудің көлемін кеңейту мақсатында да жүргізіледі.

Шындығында, әрбір психолог осыған “тап болмайды”, себебі педагогикамен барлық психологтар айналыспайды. Психологиямен әрбір мұғалімнің ісі бар, себебі педагогика психологиясыз өмір сүре алмайды. Педагогика мен психологияның ара қатысын анықтау соңғы жылдары жиналып қалған түсініспеушіліктер мен көмескі мәселелердің жігін ажыратып алу үшін қажет. Алдыңғы бөлімдерде айтылғандай, бұл жәйттер негізінен педагогика ғылымын жуып шаю тенденциясынан туындаған еді.

Педагогика мен психологиядағы әрекет

Адамды зерделейтін басқа ғылымдар мен психология пәніндегі айырмасы бұл ғылымдардың адам әрекетіе қалай қарастыруында жатыр. Психологтар әрекеттің құрылымы туралы айта отырып, оны біртіндеп кезеңдер бойынша іске асырудың арасындағы байланысты түсінеді. Әлеуметтік болмыстың обьектісін бейнелей отырып, олар әртүрлі ғылыми әрекеттің пәні ретінде көрінетін түрлі қатарларлы салады. Психолгия әрекет құрылымы туралы айта келіп, бұл байланысты оны жүзеге асыру кезеңдерде жүзеге асырумен түсіндіреді. Бұл ретте әрекеттің мотивациялық, мақсаттық біріккен орындаушылық жақтарын адами белсенділігі қолданылатын әртүрлі бөліктердің байланысы мен арақатысын айтады. Қалай айтсақ та дұрыс, себебі бұл пайымдаулар бірін-бірі толықтырады.

Біз өзіміздің күш жігерімізді қайсібір (өндірістік, тәрбиелік, басқарушылық) міндетті шешуге жұмсасақ, іс -әрекетке ынталандыратын, оған мақсат пен жүзеге асыру құралдарын беруші көптүрлі (физиологиялық, психикалық, қарулық және т. б) тетіктері қосылады. Бұл тетіктерді талдау әрекеттің қалайша қолдану табатынын, бағытталатынын және орындалатынын түсінуге мүмкіндік жасайды. Бұл талдау қаншалықты толық және мұқият істелінгенімен, қойылған міндетті шешуге бағытталған біріккен күш жігерімізді толық көрсетуге, бұл жігердің жалпы арнасын анықтауға және жүйе қызметінің жалпы үрдісі құрылатын әрекеттің басқа арналарымен салыстыруға мүмкіндік бермейді (Э. С. Маркарян) .

Әрекет мотивациялық, мақсаттық және орындаушылық жағынан көрінетін психологиялық қырынан және тұлғаның құрылымының бөлігі ретінде психологияның зерттеу пәніне енеді. Психология оны әлеуметтік практикалық қырынан ескергенмен, ол тікелей оның зерттеу пәніне енбейді. ”Жалпы күш-жігер арнасын” әрекеттің басқа экономикалық ғылыми, педагогикалық және т. б түрлерін қарастыратын өзінің жеке пәні ретінде есептейтін басқа ғылымдар қарастырады.

Психология пәні. Психология ғылымы пәнінің анықтамалары жеткілікті ақ. Оның барлығын бірден басшылыққа алу мүмкін емес. Барлық айтылғандарға жіне осы анықтаманың көмегімен шешілетін міндеттің ерекшелігі және анықтама таңдау жасалатын логика ережесіне сәйкес біз тұтас психологиялық зерттеудің пәні ретінде әрекеттің және субьектілік-тұлғаның құрылымдарын қамтитын жеке тұлғаның психологиялық құрылымы деп есептейтін Н. Н. Непомнящаяның бағытын құптаймыз.

Психолог әрекеті тек оның басқа бөліктермен-санамен жіне субьективті тұлғалық құрылымдармен байланыста болғанда ғана қарастырады.

Сондықтан, егер, мысалы, орта мектеп оқушыларның санасында грамматикалық ұғымдар пайда болу үрдісі зерттелсе, бұл дидактикалық та, әдістемелік те емес, психологиялық зерттеу. Оқушыларда оқыту жағдайында ұғымдардың қалыптасуы білім алудағы ірекет нәтижесі ретінде педагогикалық жұмыс аймағындағы істі түбірлі өзгертпейді. Бұл ретте психологияның өз аймағы нақтыланады. Педагогикалық психология -педагогика емес, психология.

Егер психолог оқушы санасында емес, ғылыми қызметкерде ұғымдардың қалыптасуын зерделесе, бұл ғылыми шығармашылық психологиясы болып табылады. Тағы өнер психологиясы, инженерлік психологиясы бар екенін ұмытпайық. Өнер қайраткерлерінің немесе инженер психолог санасындағы психологиялық ахуалы мен зерттеу әдісі ретіндегі модельдеудің әдіснамалық сипаттамасы анық екі түрлі обьектілер. Біріншісі- ғылыми шығармашылық психологиясына екіншісі - ғылым әдіснамасына жатады. Педагогикаға қатысты бұл айырмашылық көмеккілеу көрінетін, бірақ бір нәрсе.

Зерттеуші - педагог үшін қажет психология. Ғалым-педагог үшін психологиялық зерттеу нәтижелері сондай ақ, тұлғаның психологиялық құрылы туралы білім аса бағалы болып табылады. Егер ондай білімдер жетіспесе, ол психологиялық зерттеуді педагогикалық зерттеудің ішінде жүргізуге құқы бар, бірақ та ол басқаны зерттеп, басқа туралы жаңа білім алады. Бұл басқа дегеніміз-әрекеттің түрлері формалары, ондағы қарым-қатынастар жүйесі. Осындай әрекет-адамдардың бірлескен белсенділігінің бір түрі. Тек бұнда басқа ғылым бағытына көшу-өте маңызды деп қосамыз. Уақытша педагог нағыз психолог-ғалым болып, осы ғалымның пәніне “еніп” және психологиялық зерттеу әдістемесін меңгеріп алады.

Әрекетті көрсетудің әртүрлі тәсілдері туралы осылай қаратуға болады. Психология мен педагогиканың ұқсастығы екеуінің де адам туралы ғылым қатарына жататындығы. Екеуінің айырмасы әрекет қарастыру қырларының әр түрлі болуында:психология әрекет аясындағы тұлғаның психологиялық құрылымын және адам психологиясын әрекетпен байланыстырып зерттейді. Педагогика болса, адам әрекетінің бір түрін өзінің ғылыми талдауының обьектісі етеді.

Мұнда да ғылым мен практиканы ажырату керек

Педагогика мен психология байланысын түсінудегі кейбір келеңсіздіктер әсерінен педагогика психологияға жеткілікті сүйенбейді және педагогикаға өз дәрежесінде тұлғалық тәсілді іске асырмайды деген айып тағылуда.

Бұл түсінбеушіліктің себебі, бір жағынан, психологиялық білімдерді зерттеуші -педагогтың ғылыми жұмыста пайдалануын екінші жағынан, мұғалімнің ол білімді практикалық әрекетте қолдануын ажырата алмауымен байланысты деп білеміз.

Ғылыми негіздеме түрлі ғылыми пәндерге қатысты білімдер аралық деңгейде қолданылады, педагогика ғылымына бағдарлана отырып, бірнеше деңгейдегі жүйеге келтіріледі. Ал педагогиканың зерделеу және негіздеу обьектісін құрайтын практикалық әрекетте іс басқа.

Егер ғылыми білімдер теориясы қалыптастыру және педагогикалық нормаларды негіздеу мақсатында емес, мұғалімнің күнделікті жұмысының нақты кездерін ойластыру үшін пайдаланылса, онда олар педагогика ғылымының пәніне бағдарланған, реттелген жүйені құрай алмайды. Мұғалім білімдерді қажеттілігіне қарай танымдық емес практикалық мақсаттарды қарастырады да, өзінің практикалық әрекетінде туындайтын міндеттеді басшылыққа алады. Оған кез-келген уақытта қандай да болсын ғылымға, физиологияға, дидактикаға, социологияға, лингвистикаға, әдістемеге, психологияға және т. б жататын білімдер қажет болуы мүмкін. Мұндай білімдерді ол өз жұмысында туындайтын нақты жағдайға байланысты қолданады.

Бұл істі тындырымды және тиімді ету үшін оған, жеке алғанда, және психология саласында жақсы даярлық керек. Бірақ мұғалім даярлығындағы педагогикалық және психологиялық білімдерді бөлшектеу “психология педагогикалық ғылым”пайда болды дегені емес. Ал осындай даярлықты дұрыс ұйымдастыру үшін бір ғылымға, басқа ғылымға не жататынын білу өте маңызды. Енді педагогикада психологиялық білімдерді тиімді пайдаланудың бағыттары мен тәсілдерін сипаттауға көшеміз.

Психология барлық жерде және бәріне керек. Психологиялық білім педагогикалық практиканы ғылыми негіздеудің барлық кезеңдерінде және барлық тәсілдерінде қатысады деп жоғарыда айтқан едік.

Психологиялық білім педагогикада теориялық моделдер құрудың бір көзі болып табылды . Оқыту туралы идеялды пайымдау мен істің нақты жайының арасындағы алшақтықтың себептерін анықтау үшін психологиялық талдау қажет болып көрінуі мүмкін. Мұғалімдер нақты ұсыныс тар жасау үшін жасына қарай топтағы оқушылардың психологиялық сипаттамасын білуі керек. Мұндай сипаттамаларды және басқа көптеген жағдаайларда да ескеру қажет. Мысалы, оқыту үдерісінде оқушылардың оқу материалын меңгеру жағдайын анықтаған да. Тек психология ғана педагогқа ғылыми және практикалық жұмыста қолдануға, қабылдау, түсіну жолдарын бере алады. Ақырында, білім беру мақсаттары психология тілінде білімді адам игеру ге тиісті тұлғаның қасиеттері ретінде көрсетіледі.

Ғылыми жұмыстың практикалық тиімділігі дәрежесі осы нәтижелердің педагогикалық болмысты ғылыми талдау негізінде немесе ғылымдардың осы немесе басқа қағидаларын шығару жолдарымен жасалғандығына тікелей байланысты. Практикалық жұмыстың табысы педагогика ғылымының басқа ғылыми пәндер жүйесіндегі ерекшелігін, мәнін және орнын түсінуге және оның нәтижелерін қолдану тәсілдеріне бағынышты.

Педагогика мен психологияның негіздері

Адам өмірінде пайдаланатын кез келген пәндердің негіздері - өздерінің ішкі мүмкіншіліктерінен тамыр алғанда ғана, өзінің методологиясынан дамитын жүйелері бар ғылыми пән ретінде қалыптасатындығы белгілі. Бұл қағида, халық педагогикасы пәніне де тән. Олай болса, халық педагогикасы мен психологиясының негіздері дегеніміз не? Оны қалай және қайдан іздеуге болады? Өйткені, бүгінге дейін "халық педагогикасы ғылым емес, оның негіздері мен жүйелері түгіл - методологиялық теориясы да жоқ” - дейтін қалыптасып кеткен пікірлер бар (Г. Н. Волков, этнопедагогика, 1974) .

Жоғарыда айтылған халық педагогикасы мен психологиясының методологиясында көрсетілгендей, адамның тән қуатынсыз оның жан дүниесі еселей дамып, жан-жақты жетіле алмайтындығы түсінікті. Ендеше, халық педагогикасының негіздерін адамның өз бойындағы ішкі қасиеттерінен, нақтырақ айтқанда, оның Тән құрылысының дамуын белгілейтін физиологиялық кезеңдерінен алатындығымыз дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат екен. Себебі, адамның тән құрылысының жетілуі - тікелей физиология заңдылықтарына бағынса, ал жан дүниесінің рухтануы - тәлімдік тәрбиелердің ережелерінен нәр алатындығы анық. Олай болса, адам тәнінің физиологиялық өсу кезеңдері - тәлімдік тәрбиелердің негіздеріне, яғни халық педагогикасының негіздеріне нәр беретіндігі аксиомалық шындық. Сондыкдан да, адамның ержету жолдарындағы әрбір кезеңдердің өздеріне ғана тән тәрбие әдістері бар.

Тіпті, өсу кезеңдерінің уақыт мерзімдері жеке-жеке даралана тұра, үзіліссіз тәрбие тәсілдерінің әсерімен өзінің біртұтас үндестіктерін жалғастыра береді. Енді адамның өсіп жетілуін қамтамасыз ететін оның жеті түрлі физиологиялық кезеңдері - ұрық тазалығы -- ана құрсағындағы тоғыз ай - нәресте - балбөбек - сәбилік - балиғат - кәмелеттік - деп аталынатын жеті кезеңіне тоқталып көрелік.

Мәселен, кез келген тіршілік иесі ұрықтан, якидоннен өсетін болғандықтан, шартты түрде адам тәрбиесінің бірінші кезеңін - отбасын құруға дайындық және ұрық тазалығы - деп бастаймыз да, оны халық педагогикасы мен психологиясының 1-ші негізі ретінде қарастырамыз. Осы арада, міндетті түрде мынандай заңды сауалдар туындайды. Біз адам тәрбиесін бұлайша реттеуден не ұтамыз?

Оның ғылыми негіздеу мен жүйелеу әдістеріне қосар үлесі қайсы?

Жасанды делініп отырған ғылыми педагогикадан айырмашылығы не?

Бұл тәріздес аса күрделі сауалдарға - халық педагогикасы мен психологиясының ғылыми методологиясы мен екі түрлі жүйесін айқындайтын - психо-физиологиялық жаңа көзқараста бірсыдырғы тоқтаған едік. Енді, халық педагогикасы мен психологиясының негіздерінің көмегімен адам тәрбиесінің осы күнге дейін жұмбақ болып келген сырларын ашумен қоса, тіпті тісіміз батпай жүрген тылсымдарын да шешуге қолғабысын тигізеріне сеніміміз мол.

Мәселен, тек халық педагогикасы мен психологиясының 1-ші негізі деп отырған отбасын құруға дайындық және ұрық тазалығының өзі, қисапсыз қызық та, аса терең ұғымдардың мәнін ашады. Ең әуелі отбасын құрудың шын мәніндегі мақсаты мен мәніне жету үшін оған міндетті түрде табиғат заңдылықтары на сәйкес дайындатудың қажет екендігін түсіндіреді. Бұл қажеттілікті өзін-өзі сақтау инстинісгісі арқылы, табиғатта жүрген түз тағылары да бұлжытпай орындайтындығын бәріміз де жақсы білеміз. Болашақ ұрпағы үшін олар бір ай бойы арнайы дайындалып, тіпті жандарын қиярлықтай күй кешетіндіктері белгілі. Ал, егер адамдар да ұрық тазалығын сақтау арқылы, қаншама қасірет пен қайғыдан құтылағындығын түсінсе, келешек ұрпағына өзі жасап жүрген қиянаттардан тиылар еді.

Сонда, халқымыздың дәстүр-салттарында қалыптасқан тектік қасиеттерімізге қайта оралып, ұрық тазалығының көмегімен бүкіл генетикалық ілімнің ұсынатын телегей терең табиғат тылсымдарын түгелдей алақанымызға қондырмақпыз. Міне, осынау ұғымдар тек айтқанға ғана жеңіл, әйтпесе көкжиегіне көз жеткісіз, қаншама құдіреттерді бауырына басқан өзі бір жатқан элем емес пе?!

Ендеше, табиғаттың кешіре алмайтын тұрақты заңын бұзу арқылы, адамдар қатты қателесіп жүргендіктерін мойындайтын мезгіл жетті. Анашаны айтпағанда, тек арақ пен темекінің өзінен-ақ адам ұрпағының каншалықты азып-тозып жатқанын уақыт көрсетіп отыр. Азғындаудың бұл түрлерін бәріміз де көріп те, күнделікті естіп те жүрміз ғой.

Тіпті қазіргі адамдар арак пен шараптың қызығына құнығып, ұлдарымыз түгіл қыздарымыз да темекіні жілік майын жұтқандай сорып, бұл аз дегендей анаш амен уланып жүрген тірі өліктердің ертеңгі ұрпағынан не күтуте болады? Оның үстіне айналадағы экологиялық апаттардың әсерлері тағы бар. Осылардың зардабынан бүтінгі дүниеге келіп жатқан сәбилердің касіретінде шек жоқ.

Олардың 2, 5% - тіпті тотыз торқаның ішінде жан тәсілімін беріп өлі туып жатса, ат тағы да 20 %-тейі аяқ-қолдары сал болып ақыл-ессіз азаппен күндерін кешуде. Өмірге тірі келді дегендерінің өздері де зейіндері әлсіз, зерделері таяз екендіктерін несіне жасырамыз.

Мінеки, осы қасіреттердің бәріне де алдыңғы буынның жауапты екенін ашық айтатын мезгіл жетті. Ей адамдар, ұрпак қамын ойлап, ұрык тазалығы мен ана құрсағындағы тәрбиеге бет бұрыңыздар демекпіз. Бұл халық педагогикасы мен психологиясының алғашқы екі негіздері бүгінге дейіңгі адам тәрбиесіне қолданылмай келгені өз алдына, сонымен қоса, адамдықтың мәйегі мен бекзаттықтың тегі де, осы кезеңдердің ішінде жатыр. Ендеше, халық педагогикасы мен психологиясының негіздері тек адамның физиологиялық кезеңдерінен тамыр тартатынын еш уақытта естен шыгармаған жөн.

Адам физиологиясының кезендері мен халық педагогикасы мен психологиясының негіздері (№1 кесте) .

Педагогиканың психологиялық бағдарлары

Педагогика мен психологияның өзара байланыс (мәселесінің) проблемасаның бірнеше ондаған жылдар бойы талқыланып келеді. Тәжірибе бұл проблеманың (мәселенің) қалай шешілетінін бұл ғылымдардың дамуы ғана емес, сонымен қатар, мысалы, адамға осы заманғы білім беру және тәрбиелеу, мектепте ЖОО-да және т. б. оқу кезеңінде жеке тұлғасын дамыту сияқты бірқатар мәселелерді шешу практикасына байланысты екенін көрсетті.

Педагогика мен психологияның өзара байланыспен жеңіл түрде түсінудің кезеңі қазір мүлдем өткен. Осы заманғы ғылымның барлық саласына тән жіктелуге және бірігуге деген беталыс педагогика мен психологияның ерекшеліктерін анықтау проблемасын алға қойды, сондай-ақ, жіктелмегендіктен біріге де алмайтындықтан, олардың өзара байланысу жолдары мен механизмдерін іздеудің актуалдығын күшейтті.

Педагогика мен психология байланысының сипатын олардың дамуының осы заманғы кезеңінде жаңартудың негізгі көзі -шешілуі үшін бір жағынан педагогтар мен психологтардың күш қосып нақтылы бірігуін екінші жағынан, әрқайсысының өз орны мен жалпы іске үлес қосу сипатын сезінуін талап еткен практикалық міндеттермен ғылыми проблемалардың мазмұнды түрде жаңару үрдісі болды.

Осының нәтижесінде бүгінгі күні мақсаттары, мазмұны және іске асыру үлгісі бойынша ерекшеленетін педагогика мен психология байланысының даму үстіндегі жүйесі туралы айтуға болады.

Педагогика мен психология байланысының түрлерін іздеуде қажеттіліктердің ерекшеліктерін бағдарға алу қажет. Нәтижесінде мұндай байланыс қажеттіліктердің үш түрін бөліп алуға болады. Біріншіден, оқыту, тәрбиелеу және білім беру саласындағы психологияның қолданбалы аспектілерін дамыту педагогикалық психология пәнін белгілеуді қамтамасыз етті. Екіншіден, білім беру саласы үшін оның осы заманғы түсіндірілуіне, «Білім беру туралы» заңға сәйкес осы заманғы мамандарды психологиялық -педагогикалық даярлауды жаңартуды іздену педагогика мен психологияның мазмұнын оқу пәні ретінде қайта қарау қажеттілігіне алып келеді. Үшіншіден, педагогикалық болмыстың оқыту, тәрбиелеу және адамға білім беру міндеттерін шешу үдерісіне қажет педагогикалық және психологиялық білімдер кешеніне қажеттілік күшейеді. Айтылғандарға байланысты өзара қатынас ретінде:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың әдіснамалық негіздері
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмбақтардың ролі
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызығушылығын дамытуға батытталған теориялық ережелерді зерттеу
Қазіргі таңдағы дидактиканың оқыту және дамыту мәселелері
Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің мәні мен мазмұны
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты
Мұғалімнің жұмысы - балалар
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану пәні сабағында танымдық белсенділігін дамытуда психологиялық-педагогикалық ерекшіліктерін анықтау
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz