Мектепке дейінгі жастағы баланың темперамент ерекшеліктері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСМЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Сазды-педагогика факултеті

«Педагогика» кафедрасы

Курстық жұмыс

«Мектепке дейінгі жастағы баланың темперамент ерекшеліктері»

Мамандық шифры

Оқу түрі

Тобы
Мамандық шифры: 5В010100
Оқу түрі: күндізгі
Тобы: ДОВ-14к

Автор:Лепес С. Е

Жетекші:Елеусізова Ғ. Е

Петропавл 2015 ж

Жоспар

I. Кіріспе . . . 3

II. Негізгі бөлім . . . 5

1. 1. Темперамент туралы жалпы түснік

1. 2. Мектепке дейінгі жастағы баланың психикалық

ерекшеліктері

1. 3. Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің

ерекшелігінің мәні

III. Қорытынды . . . 27

IV. Әдебиеттер тізімі . . . 29

Кіріспе

Темперамент-XXV ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушулықтың төркіні-адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі оз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар:эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы-бәрі осы темперамент түсінігімен түсіндіріледі. Дегенмен осы күнге дейін шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Бірақ барлық проблемаға байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай, ғалымдардың барлығының мойындайтыны:темперамент-жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әр қилы қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. [1]

Сонымен, темперамент -адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын псикиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді. [2]

Темперамент түрлерінің жақсысы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталған жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыда темперемент типтері деп атаған. Темпераметтердің бұл бірігімдік(типологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типине жататын адамның болашақ әрекет- қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады.

Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ал эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер береді. Бірақ темпераметке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал. [3]

Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара құбылыстарын бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды. Гиппократтың пікірінше, адамның тәнініде төрт түрлі сұйықтық болады:қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса -адамның дені сау, дұрыс араласпаса-сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылған темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді. Мәселен холериктік темперамент-chole(өт), сангвиктік темперамент-sangues(қан), флегматиктік темперамент - phlegma (шырын), мелонхоликтік темперамент-melanos chole(қара өт) деген сөздерден алынған. Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл-қозғалыстағыларда-өт көбейеді, темпераментте осыған сәйкес анықталады. [4]

Негізгі бөлім

1. 1. Темперамент турулы жалпы түсінік

Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақты жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент- нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, өнегесіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшелектерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз, т. б. ) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т. б. ) жақсы байқалып отырады. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастағаны белгілі. Айтылған төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “ красис” деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен. [4]

Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша “сангинус” - қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма” -шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше “мелай-холе” - қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик ( холе-өт) темпераменті деп аталған. Бұл -адамның жеке ерекшеліктерін жаралыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.

Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір ауулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды дейді. Бұл -адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді. Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық неғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераменті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор. Өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірбиеге көңіл аудара бастау - сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді. Орта ғасырдағы ғалымдар темпераменті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда қан жолы жүйесінің құрлысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т. б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724-1804) өзінің “Антропология” деген еңбегінде темпераментін төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды. Темперамент туралы ілімдер XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алды. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераментердің түрліше болуы нерв жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н. Л. (1833-1902) ми қабықтасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекі орыс педагогы П. Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И. П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. Нерв жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу тежелу процсетерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылды. Нерв процестерінің күшіне ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы орталық түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Нерв процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Нерв процестерінің қозғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады. Сөйтіп И. П. Павлов ілімінің айтуынша, нерв жүйесінің әр бір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип -жұмыс істеу қаблеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі - ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі - қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу жүріп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт сынып кететін болады. Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді - ширақ, нерв жүйесі күшті, қозу мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді - ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді - нерв жүйесі күшті, қозу мен тежелуі біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді - нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады. [6]

И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз жеке қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар қозу мен тежелудің күші тепе-тең келетін варианттары байқалған. И. П. Павлов жануарлардың нерв жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірбесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттерінің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: “Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидумның барлық әрекеттеріне белгілі кейіп беретін нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы”. Соңғы жылдары көрнекі орыс психологы Б. М. Тепловтың (1896-1965) лабораториясында нерв жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті. Егер И. П. Павлов өзінің тәжірибесін жануарларға жасаған болса, Б. М. Теплов оның шәкірттері осындай тәжірибені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И. П. Павловтың нерв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын бірден-бір ғылыми теория екені тағы да дәлелдене түсті. Б. М. Тепловтың шәкірттерінің бірі В. Д. Небылицин (1930-1972) осындай зерттеулердің бірінде нерв жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше вариантарға бөлінетінін анықтап берді. Бұрын өмір сүруге иемсіздеу деп саналатын осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозу мен тежелуі теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болды. Әлсіз типтің де сезімталдығы күшті екендігі, осыған арай оның сыртқы ортаға бейімделе алу қабілеті мол екендігі зерттелді. [7]

Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы. И. П. Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша 4 түрлі темперамент өкілдері бойынша сипатталады. Мәселен, нерв процестері күшті, бірі екіншісіне тен, келмейтш адамдар көбінесе ұйтқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келді. Олар- ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар холерик темпераментінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады. Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қаблетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ-көңіл, қызу істің адамы. Оның осал өнері -ісі жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларыйың тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайыттар. Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. Олар кез келген сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртқа шақпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осал жері қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оң тайлықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқынқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады. Меланхолик - темпераментінің адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераментте адам өзге адамдармен онша көп жүғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз ойына шомуға бейім тұрушылық орынсыз қызбалылық - осы темпераменттің ең бір нашар жағы.

Табиғи жағдайда темпераменттердің “таза” түрін ажырата алу, көбінесе қиынға соғады. Өйткені олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін. Дегенмен ұзақ уақыт бойында жүргізілген зерттеулер бізге төменгі класс оқушылары арасынан темпераментердің “таза” түрлерін тауып ашуға мүмкіндік берді. Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасу жолын қарастыра отырып, сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұның балалардың темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрнетіндігін байқауға болады. Бұл жерде профессор Н. Н. Красногорскийдің баланың жоғары нерв қызметі оның сөйлеу ерекшеліктеріне (атап айтқанда дауыс ырғағына, мәнерлікпен, сөйлеу қарқынына) әсер етіп отырады деген қағидасының дүрыс екендігі байқалды. Осы айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауда олардың жалпы ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін, жұмыс істей білу қаблетін, осыларға байланысты түрлі қозғалыс-қимылдармен де санаспауға болмайды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты әр түрлі темпераменттегі баланың ерекшеліктерін төмендегіше тұжырымдауға болады.

1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, оптимист, өмір сүргіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.

2. Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ, ұяң байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Флегматик темпераменттіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгенен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.

3. Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшып-қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оқтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.

4. Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге ренжиді, өпелегіш, пессимист тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай басар. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай баланы құрбы-құрдастары “қорқақ”, “сылбыр”, “үндемес”, маубас” т. б. деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді. [8]

Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топырақтың өсімдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады. Өйткені темперамент - адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әйтсе де темперамент адам психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес. Адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуіне сырттай із қалдырғанмен, ақыл-ойының дамуына ешқандай әуелі әсер ете алмайды деген қағиданың бірден-бір дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі оқушылардың өмірінен жақсы көруге болады. Осы айтылғандардан темпераменттердің қандай болмасын тәрбиенің ықпалы мен қалыптасып отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік-жігері күшті, мінезді ұжымның бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады[9] .

1. 2. Мектепке дейінгі жастағы баланың психикалық ерекшеліктері

Балалар темпераменті.

Егер сіз мектепке дейінгі баланы қадағалайтын болсаңыз, олар үзілісте де, ойын үстінде де, еңбек, дене шынықтыру сабақтарында да олардың белсенділігі және эмоциялары әртүрлі болады. Кейбіреуі тым қозғалғыш, сабақта өте белсенді, өзгерістерді елемей тез араласып кетеді және олардың эмоциялары өте айқын, ұстамсыз түрде көрінеді. Ал, екінші біреуі, байсалды, баяу жұмыс істейді, сөйлегені созылыңқы және бірқалыпты, эмоциялары мүлде көрінбейді деуге болады. Мұндай балалар өз жетістігі мен кемшіліктеріне мән бермейді. Ал, енді кейбіреулері, еті тірі, сөзшең, өмірге риза, бірақ бейқам, қозғалғыш, сезімге тез берілетін балалар. Тұйық, ұялшақ, ақырын сөйлейтін, ренжігіш оқушылар да өздеріне назар аудартпай қоймайды. Бұл айтылған әртүрлі темперамент белгілері төрт оқушы типін көрсетеді:холериктер, флегматиктер, сангвиниктер, меланхоликтер. Темперамент қозғалғыштықты бейнелейді, ал қызығушылық пен көзқарасты бейнелемейді. Екі әртүрлі темперамент өкілдерін алайық, олардың жасаған іс- әрекеті де әртүрлі болады.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың темпераментінің физиологиясы.

Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Ол нерв жүйесінің қозу мен тежелуге негізделген.

1. Күшті қозуы тежелуінен басым

2. Күшті қозуы мен тежелуі тең

3. Күшті қозуы мен тежелуі тең, қозғалысы баяу

Міне, бұл Павлов ұсынған үш тип. Бірінші типті адамдар жұмыскер, жүйке жүйесі күшті, ондай адамдар қысқа және ұзақ қозуды және тежелуді басынан өткізеді. Екінші типті адамдар өте ширақ болады. Үшінші типті адамдардың кейбіреуінде қозу мен тежелу теңеседі, ал кейбіреуінде не қозу, не тежелу болады. Және мұнда Павлов жүйке жүйесінің күштілігі мен әлсіздігіне назар аударған. Күшті жүйке жүйесі бар адамдарды ол тағы екі типке бөлді:

1 Күшті, ұстамсыз

2 Күшті, ұстамды

Павлов өзінің ұсынған типтерін психологиялық темперамент типтерімен салыстырғанда, ол екеуінің тура келгеніне көзі жетті. [10]

4. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.

Сангвиник. Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш бала. Ондай бала ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа балалармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда бала жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу іс-әрекеті бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуын анықтайтын қызметтің жетекші түрі ретінде
Мектепке дейінгі жаста темперамент дамуының жас ерекшеліктері
Эксперименталды-тәжірбиелік бөлімінің мағынасы мен әдістері
Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесстерінде есепке алу
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
Ересектер тобындағы балалардың айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы тілін дамытуды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Балалардың психологиялық дамуының жеке дара ерекшеліктері
Мектепке дейінгі баланың мінез құлық дамуы мен сананың қалыптасуы
Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz