Мектепке бейімделмеудің психологиялық мінездемесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
«Cазды-педагогикалық» факультеті
«Педагогика» кафедрасы
курсТЫҚ ЖҰМЫС
«Балалар психологиясы» ПӘНІ
«Мектепке бейімделмеудің психологиялық мінездемесі»
5В010100
күндізгі
МДОТ-14к
автор Малаева. С. С
(қолы, күні)
ЖЕТЕКШІ Елеусізова Ғ. Е
(қолы, күні)
Петропавл, 2015 ж.
Мазмұны
Кіріспе3
1. Мектепке бейімделмеудің психологиялық мінездемесі5
1. 1. Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгерістер5
1. 2. Баланың мектепке бейімделу деңгейлері мен “мектептік дезадаптация“ “мектептік фобия”, “мектептік невроз”, “дидактогенді невроз” психогенді ауруларына сипаттама9
1. 3. Алғаш мектепке келген бала қиыншылықтарына психологиялық мінездемесі12
2. Мектепке бейімделмеудің психологиялық мінездемесіне тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру17
2. 1. Баланың мектепке баруына байланысты туындайтын психологиялық өзгерістер17
2. 2. Мектепке бейімделмеудің психологиялық мінездемесін зерттеуде қолданылатын әдістемелер21
2. 3. Баланың мектепке психологиялық бейімділік дәрежесіне мектеп психологының міндеті32
2. 4. Негативті әлеуметтік депривацияның алдын алу және ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынастың адекватты формаларын қалыптастыру34
Қорытынды36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі38
Кіріспе
Қазіргі таңда еркін, жеке тұлғаны қалыптастыру заман талабы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» атты стратегиялық бағдарламасында халықтың білім алу және жастар тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Онда: «Біздің басты оң игіліктеріміздің ішінде - халқымыздың сапасы тұр. Біздің ғылым және шығармашылық әлеуметінің деңгейі жоғары білім өрісі биік халқымыз бар…. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан- жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз», - дейді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда оқу-тәрбие саласында өскелең ұрпақтың жан-жақты дамып-жетілуіне ерекше көңіл бөлінуде.
Мектепке қабылданған балалардың өмірі оларды балалық шақтан оқушы статусына ұштастыратын өтпелі кезеңдігімен сипатталады. Мария Монтессоридің пікірінше балалар өміріндегі бұл шақ көптеген әлі көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай. Бұдан соңғы кездерде психологтар Л. С. Выготский, Н. С. Лейтос осы жөнінде құнды пікірлер берді. Оларды дер кезінде байқап, қолдап отырғанда ғана балалардың жекелік психикалық қаситеттері жан-жақты дамып, қажетті әрекеттерге айналады. Сондықтан мектеп психологы баланың мектеп талаптарын орындауға биологиялық кемелденуін, ақыл-ойының дамуын, жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығын, ерік сапаларының қалыптасуы және көңіл-күйін меңгеріп, өзін-өзі ұстауы жағынан мағлұматтар алып оларды нормативтермен салыстырып зерттеуі қажет.
Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап бала оқушыға айналады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды роль атқарады. Дегенмен мектепке дейінгі жастағы балалардың өмірінде оның танымдық әрекеті жетекші бола бастайды. Осы әрекеті мінез-құлық мотивтерін өзгертіп, бар күшін, интеллектуалдық қабілетін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағыттауды қажет етеді. Әсіресе баланың мектеп өміріне енуі оның көптеген жағдайға икемделуін талап етеді.
Балалардың мектептегі оқу жағдайына, әлеуметтік ортаға, іс-әрекеттің жаңа түріне, қарым-қатынастың басқаша сипатына көшуге психологиялық тұрғыдан бейімделе алатын жеке адамды дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Зерттеу жұмысы жеке адамның оқу жағдайына даярлығы мүмкіншілігінің дамуы-интелектуалды, жеке адамдық, әлеуметтік-психологиялық даму деңгейлерін қарастыруды өзіне мақсат етіп қою.
Зерттеудің мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың мектепке бейімделмеуіне байланысты, олардың жеке даралық өзгешіліктерін анықтау.
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар және бастауыш мектеп оқушылары.
Зерттеу пәні: Балалардың мектептегі оқу жағдайына психологиялық даярлығы.
Зерттеудің негізгі болжамы: Мектепке дейінгі жастағы балалардың мектепке бейімділігі олардың жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты көрінеді.
Зерттеудің міндеті:
-Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгерістерін анықтау;
-Алғаш мектепке келген бала қиыншылықтарына психологиялық мінездемесін жасау;
-Баланың мектепке баруына байланысты туындайтын психологиялық өзгерістерге тоқталу;
Мектепке бейімделмеудің психологиялық мінездемесін зерттеуде қолданылатын әдістемелерге шолу;
-Баланың мектепке психологиялық бейімділік дәрежесіне мектеп психологы қызметінің әсерін зерттеу;
-Негативті әлеуметтік депривацияның алдын алу және ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынастың адекватты формаларын қалыптастыру жолдарының мәнін ашу.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері . Әдебиеттерге теориялық талдау жасау әдісі, балалардың мектепке бейімделмеу деңгейлері мен мектепке бейімделу деңгейлері мен “мектептік дезадаптация“, “мектептік фобия”, “мектептік невроз”, “дидактогенді невроз” психогенді ауруларын анықтауда психологиялық тренинг, ойындар мен сабақтарды, әңгіме әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық қолданымы: Оқу іс-әрекетінің процесі бірқатар жалпы заңдылықтарға бағынады. Алдымен оқытушы балаларды оқу ситуацияларына жүйелі түрде тартып, балалармен бірге тиісті оқу әрекеттерін, сондай-ақ тексеру мен бағалау әрекеттерін тауып, көрсетіп отыруы керек.
Зерттеудің практикалық қолданымы . Баланың білім қазыналарын интуициялық қабылдауын мектептегі оқудың алғашқы күнінен бастап, ендігі жерде математика, грамматика және басқа пәндердің өздерінің күтпеген, танқаларлық, қызықты жайттарын паш ету жолымен қолдап, дамытып отыру керек. Бұл оқу іс-әрекетінің негізі ретінде балалардың шын мәніндегі танымдық ықпалдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Мектепке бейімделмеудің психологиялық мінездемесі
1. 1. Баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгерістер
Соңғы жылдардағы халыққа білім беру ісіне байланысты жаңа өзгерістер мектеп өмірінде түбегейлі өзгерістерді тудырып отыр. Он екі жылдық оқу жүйесі, кәсіптік білім беру саласы, сондай-ақ мектеп алдындағы дайындық мәселесі-жастарды жан-жақты білімді, сауатты, ұлы тұлға, қоғам жаңартушысы ретінде қалыптастырудың бірден-бір жолы болып табылады.
Білім беру саласындағы осындай жаңа өзгерістерге байланысты қазіргі кезде мектеп алды даярлық пен бастауыш мектеп шағы бала өмірінің бес жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды (мектептің 0-4 сыныптары) . Балалар мектепке бес-алты жастан баратын, мектеп алды даярлық пен бастауыш оқу ұзақтығы біздің елдегіден бөлек елдерде мектеп алды даярлық пен бастауыш мектеп шағының, әрине, басқаша хронологиялық шектері болады. Баланың өмірінің ерекше кезеңі ретінде ол салыстырмалы түрде жуырда ғана айқындалды. Мәселен, бұл кезеңді мектепте мүлдем оқымаған бала бастан өткізбейді. Ол мектеп алды даярлығында білім алуының алғашқы және соңғы сатысындағы балаларда да болған жоқ. Мектеп алды даярлық пен бастауыш мектеп жасының пайда болуы экономикалық жағынан дамыған елдерде жалпыға бірдей міндетті толық емес және толық орта білім беру жүйесінің шығуымен байланысты.
Орта білім берудің әлеуметтік міндеттері мен мазмұны әлі түпкілікті қалыптасқан жоқ. Сондықтан мектептегі бүкіл балалық шақтың бір бөлігі ретіндегі бастауыш мектеп шағының хронологиялық шектері және психологиялық ерекшеліктерін де түпкілікті және өзгермейтін деп есептеуге болмайды. Ғылыми көзқараспен қарағанда, әзірше салыстырмалы түрде тұрақты, осы жасқа неғұрлым тән белгілер туралы сөз болуы мүмкін. Баланың психологиялық дамуындағы оның ролі балабақшадан бастап орта білім беру аяқталғанға дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие берудің тарихи қалыптасқан жүйесіндегі бастауыш оқытудың мақсаттары мен мазмұнының өзгеруіне байланысты.
Ж. Пиаженің тәжіребиелерінде көрсетілгендей алты жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым тән негізгі белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы мектепке дейінгі жасында қалыптасады және әдетке айналады.
Сондықтан ғалымдардың ерекше назары қазір мектепке дейінгі жастағы оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды одан ары оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.
Л. С. Выготскийдің айтуынша, баланың мектепке баруына байланысты болатын психологиялық өзгерістер баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы: мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйретіп, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, оларың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады. Ойын үстінде қоғамдық баға беруге тырысушылық пайда болады, қиял және символиканы пайдалана білуі дамиды. Осының бәрі баланың мектепке даярлығын сипаттайтын негізгі сәттер болып табылады.
Алты жасар бала мектеп табылдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен, осы уақыттан бастап, ойын біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш мектеп оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады. Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезеңдері бар.
Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуінде айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған. Олар бұл жерде үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс бірдеңелер кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың бұл ішкі позициясы екі жағдайда маңызға ие. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығын алдын ала сезіну және қалау баланың сыныптағы мінез-құлық ережелеріне, жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала қоғамдық маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп қабылдайды.
Тәжірибелі ұстаздарға белгілі психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар: баланың сыныпқа келген алғашқы күнінен-ақ оған оқушының сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасының, міндеттерінің және құқығының бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру маңызды.
Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету-бірінші сынып оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты болса, балалар өз өмірінің жаңа кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді, бұл олардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін.
Қ. Қойбағаров, Ж. Рысбекова М. А. Асылхановалардың пайымдауынша, баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іскерлікті игеру процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде, шын мәнінде, ойын кезінде өзі қалаған адам (ұшқыш, аспаз, жүргізуші) болуы үшін, оқудың қажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейін-ақ бойы үйрене бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердің нақтылы құрамын, әрине, сезбейді.
Мектептегі оқуға баланың даярлығы мәселесі алты және жеті жастағы баланың мектепке үйренуіне және үйренбеуіне теориялық талдау жасау арқылы ашылады.
Мектепке үйрену-баланың жүйелі мектептегі ұйымдасқан оқу іс-әрекетіне өту кезіндегі танымдық, мотивациялық және эмоциялық еріктік сферасындағы қайта құрылымдық өзгерістерге бейімділігімен сипатталынады.
Әлеуметтік сыртқы жағдайлардың жағымды сәйкестіктері үйренуге, жағымсыздары үйренбеуге әкеп соғады. Мектептегі жүйелі оқудың негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады:
- Баланың мектепке келуі-қоғамдық мәнді және қоғам бағалайтын іс-әрекетін жүзеге асыру басталады.
- Жүйелі мектептегі оқудың бір ерекшелігі-барлықтарына ортақ бірнеше ережелерді мiндеттi түрде орындауды талап етеді, ал бұған мектепке келген балалардың барлығы тәуелді болады.
Асылбеков Әбдірахман зерттеулері көрсеткендей мектепке келу баладан ойлаудың дамуының қандайда бір деңгейін, қарым-қатынас дағдыларын, мінез-құлқын ерікті реттей алуын талап етеді. Мектепте оқуға даярлық деңгейін бағалау төмендегідей блоктардан тұрады (сурет 1) :
1. Интеллектуалдық дамуы- жоғары психикалық функциялардың даму деңгейінен тұрады: мәлімет, оқуға қабілет баланың ақыл-ой іс-әрекетінің өзіндік реттеу қабілеті;
2. Эмоциялық дамуы- баланың эмоционалдық-экспрессивтік даму деңгейін, олардың жеке тұлғалық өсуін көрсету;
- Коммуникациялық дағдыларының дамуы-(6 жастағы дағдарыстардағы психологиялық қайта құрылуын ескере отырып, өзін-өзі бағалау және тартымдық деңгейін анықтау) ;
- Мектеп жасындағы даму кезеңдегібаланың мектептік сауаттылық деңгейі;
Г. М. Чуткинаның зерттеу нәтижелерінен-жоғарыдағы әрбір көрсеткіштерінің даму деңгейлерінде болатын мектепке әлеуметтік-психологиялық даярлықтың 3 деңгейін көрсетуге болады.
- Адаптацияланудың жоғарғы деңгейі.
Сурет 1 - Баланың мектепте оқуға даярлық деңгейлері
1-сынып оқушысы мектепке жағымды қатынас құрады, қойылған талаптарды адекватты қабылдайды, оқу материалдарын жеңіл меңгереді, бағдарлама материалдарын игере алады және толық меңгереді, күрделі тапсырмаларды шеше алады, бұйрықтарды, мұғалімның айтқанын зейін қойып тыңдайды, берілген тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз орындайды, оқу жұмыстарын өз бетінше орындауға үлкен қызығушылық көрсетеді, (үнемі барлық сабақтарды орындайды) ; қоғамдық жұмыстарды еркімен, ұқыпты орындайды, сыныпта жағымды, статусты орынға ие. Жоғарыда көрсетілген барлық көрсеткіштердің даму деңгейі жоғарыға сәйкес келеді.
Адаптациялануы жоғарғы деңгейдегі балаға сипаттама беретін болсақ, балалар мектепке даяр, 6 жастағы дағдарысты басынан өткізген бала сипаттамасымен сәйкес келеді, себебі, еріктің, оқу мотивациясының, мектепке жағымды қатынасының, коммуникативті дағдының дамығандығы көрінеді.
- Адаптацияланудың орта деңгейі.
1-сынып оқушысы мектепке жағымды қатынас құрады, мектеп балаларға жағымсыз әсер тудырмайды, оқу материалын түсінеді, егер мұғалім оқу материалын тиянақты және көркем түсіндірсе, оқу бағдарламасының негізгі мазмұнын меңгереді, типтік міндеттерді өз бетінше шешеді; тапсырмаларды, ересектердің бұйрықтарын орындау кезінде зейіні тұрақты, дегенмен оны бақылап отыру қажет. Қоғамдық жұмыстарды өз еркімен орындайды, көптеген сыныптастарымен достас болады.
- Адаптацияланудың төмен деңгейі.
1-сынып оқушысы мектепте теріс және индифферентті қатынас құрады, сырқаттанып қалу арызы жиірек болып тұрады, көңіл-күйінің жоқтығы басым келеді, тәртіп бұзушылық байқалады, мұғалімнің түсіндірген материалдарының кейбір бөліктерін ғана менгереді. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге қиналады, өз бетінше тапсырмаларды орындау барысында қызығушылық пен белсенділік танытпайды, сабаққа үнемі дайындалмайды, тек жүйелі ескертіп, ересектер мен мұғалімдер үнемі бақылау жасап отыруы қажет. Ұзақ демалыстан кейін жұмысқа қабілеттілік пен зейінділік сақталғанда үлгі бойынша жаңа тапсырманы түсіну және орындау үшін мұғалім және ата-аналардың едәуір көмегін қажет етеді.
Қоғамдық жұмыстарды бақылау негізінде айрықша қалауды орындайды, енжар, жақсы достары жоқ, сыныптастарының кейбірінің ғана аты-жөнін біледі. Ал бұл, яғни мектепке адаптацияланудың төменгі деңгейіндегі көрсеткіш-мектеп дезадаптациясының көрсеткіші болып табылады. Мұндай жағдайда жас ерекшелігін көрсету қиын. Себебі, баланың психикалық және соматикалық саулығының бұзылғандығы туралы сөз болып тұр. Бұл жалпылау процесінің дамуының адаптация көрсеткіші-психикалық процестер мен қасиеттер, функциялар, төмен деңгейі-негізгі фактор болып табылады.
Осыған байланысты мұғалім 6 жасар 1-сынып оқушысының жас ерекшелігіне тек оқу процесін және психологиялық дайындығын арнайы ұйымдастырмаса да мектепке адаптацияланудың орта деңгейі жойылуы мүмкін.
Тағы бір аспект-адаптациялану процесінің жағымсыз нәтижесі дезадаптацияға әкеп соғуыдың бір себебі болып табылады. Олай болса, дезадаптация және дезадаптациялық стилдер туралы теориялық талдаулар жасап көрелік.
1. 2. Баланың мектепке бейімделу деңгейлері мен “мектептік дезадаптация“ “мектептік фобия”, “мектептік невроз”, “дидактогенді невроз” психогенді ауруларына сипаттама
В. В. Коганның берген анықтамасы бойынша “мектептік дезадаптация - психогенді ауру және баланың жеке басының психогенді қалыптасуы, бұл оның мектепте және жанұяда объективті және субъективті статусын бұзады, оқушының оқу және оқудан тыс белсенділігін төмендетеді. Бұл ұғымға мектеп іс-әрекетінің ауытқуын байланыстыруға болады. Мектеп оқушыларының негізгі іс-әрекетті меңгеруінде қиыншылықтар мен ауытқулардың байқалуы ықтимал. Ал мұндай ауытқулар психикасы сау болса да немесе әртүрлі психикалық бұзылуы бар болса да байқалуы мүмкін. Дегенмен, бұл жағдай олигофенияны, органикалық бұзылулар, тәндік дефектісі бар балаға қатысы жоқ.
Мектептік дезадаптация-бұл баланың оқуды меңгеруінің, оның мінез-құлқының бұзылуын, конфликтті қатынастарды, психогенді аурулар мен реакцияларды, қорқыныш деңгейінің жоғарылауын, жеке басының дамуындағы тежелулер формасындағы баланың мектепке бейімделу бейадекватті механизмдерін қалыптастыруы мүмкін.
Т. В. Дорожовец 6-7 жасар 1-сынып оқушыларының әрекетін зерттей келе, баланың мектепте оқуға даярлығының 3 стилін көрсетеді:
- Аккомадациялы
- Ассимиляциялы
- Сауаттанған.
Баланың мектепте оқуға даярлығының аккомадациялы стилі ортаның талаптарына өзінің әрекетін толық бағындыруға баланың тырысушылығы көрінеді.
Баланың мектепте оқуға даярлығының ассимиляциялы стилі әлеуметтік ортаны өзінің қажеттілігіне тәуелдеуге баланың тырысушылығымен сипатталынады.
Баланың мектепте оқуға даярлығының сауаттанған стилі жағдайында осы жастағы баланың психологиялық жетілмеуімен байланысты дамудың әлеуметтік жаңа жағдайларын қабылдауға оқушының қабілетсіздіктерімен сипатталады.
Баланың мектепте оқуға даярлығының бұл әрбір стилінің көрінуінің жоғарғы деңгейі мектептегі дезадаптацияға әкеп соқтырады. Бұл баланың мектептегі әрекеті әрдайым бейімделудің аккомадациялы стиліндегі 1-сынып оқушылары “жақсы оқушы” типіндегі бейнеге сәйкес, мектеп өміріндегі барлық ережелер мен нормаларға бағынуға дайын келеді, оған қоса, оқу іс-әрекеті мен мектеп өмір нормасына біршама бейімді болып келеді.
Мұғалім тарапынан берілген жақсы баға оқушыларды жоғары авторитеті мен баланың әлеуметтік статусының жоғарылығын қамтамасыз етеді.
Адаптацияның ассимиляциялы типіндегі балалар өз бетінше жаңа мектеп ережелерімен келіспейді және оны тек мұғалім бар кезде ғана орындайды, оқу іс-әрекетін, мектеп талаптарын орындауға дезадаптацияланған болады. Мұндай жағдайларда басқа сынып оқушыларының алдында мұғалімнің берген негативті бағасы сыныптағы статусын, беделін түсіреді, олар әлеуметтік адаптациялануы күрделі жағдайда өтеді.
Дегенмен, мұғалімнің беделіне нашар бағдары - өзіндік бағалаудың өте төмендеуінен сақтандырады. Біршама қиын адаптацияланатын сауаттанбаған стилдегі балаларда ерік-жігері жеткілікті деңгейде дамымайды. Мұндай балалар мектеп өмірінің ережелері мен нормаларына сәйкес өз әрекеттерін бағдарлай алмайды.
Кіші сыныптарда мектепке дезадаптацияланудың негізгі себептерін Г. М. Чуткина жанұя тәрбие сипатымен байланыстылығын дәлеледейді. Егер бала “біз” деген күйді сезінбеген отбасынан келсе, ол жаңа әлеуметтік қоғамға, мектепке қиыншылықпен енеді.
“Мектептік дезадаптация” терминіне қоса, әдебиеттерде “мектептік фобия”, “мектептік невроз”, “дидактогенді невроз” терминдері де кездеседі. Әдетте мектептік дезадаптация невроздар себеп-салдарының агрессивтіліктік негізінде пайда болады. Мектепке келуге қорқыныш, сабаққа қатысудан бас тарту т. б. көрінеді. Көбіне мектептік қорқыныш күйі байқалады, ал бұл толқу күйінде, оқу ситуацияларына уайымшылдықтың жоғары деңгейі күйінде, өзіне жаман қатынас құру күйінде, педагогтар, құрбылары тарапынан теріс баға күту күйінде байқалады.
Дидактогенді невроздық жағдайда-бірінші кезекте оқыту жүйесінің өзі бұзушы фактор болып табылады. Әдетте, мұғалім іс-әрекеті оқушының іс-әрекетіне өте аз мөлшерде қатынасады. Дегенмен, педагог пен оқушының бірлескен іс-әрекеті білім мен тәжірибе меңгерудің эффективті тәсілі болып табылады. Бастапқыда мұғалім және оқушының мақсаттары әр жақты болады: мұғалім-оқыту, ал оқушы оқу керек, яғни тыңдау, қабылдау, есте сақтау қажет. Мұғалім оқудың “жоғары” позициясында оны ұғынбастан оқудың инициативасын басады, оның танымдық белсенділігін, оқу іс-әрекетін жаныштайды.
Дидактогенді невроз 6 жастан балаларды оқыту жағдайында мұғалімнің оларға жас ерекшеліктеріне көңіл бөлмеуінен пайда болуы мүмкін. Көптеген авторлардың пікірінше (Д. Б. Эльконин, Ш. А. Амонашвили, В. С. Мухина т. б. ) мұғалім мен 6 жастағы баланың педагогикалық өзара әрекеттесудің стилі мен сипаты, көбінесе, 7 жастағы баланы оқытудағы классикалық стильден едәуір өзгешеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz