Жасөспірімдердің психикасы мен санасының дамуын анықтау


Мазмұны
Кіріспе . . .
І Бөлім Психика және сананың негізгі түрлері мен қасиеттерінің ерекшеліктері мен физиологиялық негіздері
1. 1 Психика және сана мәселелерін зерттеуші ғалымдардың теориялық сипаттамасы . . .
1. 2 Психика және сананың негізгі түрлері мен қасиеттері . . .
1. 3 Психика және сананың негізгі ерекшеліктері . . .
1. 4 Психика және сананың физиологиялық негіздері . . .
ІІ Бөлім Психика және сананың негізгі типтік айырмашылықтары
2. 1 Психика және сананың айырмашылықтары . . .
2. 2 Жануарлар және психиканың түрлері . . .
2. 3 Жануарлар және адам психикасындағы айырмашылықтар . . .
ІІІ Қорытынды . . .
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымшалар . . .
Кіріспе
Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында «Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген болатын. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық Адам санасының дамуы қоғамдық-тарихи заңдылықтарға сәйкес дамиды. Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы. Яғни бүгінгі адам психикасы және санансының дамуы аса жауапты басты мәселенің бірі.
Бұдан миллиондаған жыл бұрын біздің жерде тек өлі табиғат қана болған, ешқандай жанды ағза болмаған. Одан кейін тіршілік туды, өсімдіктер мен жануарлар пайда болды. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы - материя дамуының жаңа сатысы. Материя ерекше қасиеттерге ие болды.
Бұл қасиеттердің бірі - тітіркенушілік, яғни сыртқы тітіркенуден ағзаның әсер алуы. Мәселен, Мимоза өсімдігін алатын болсақ, оған қол тигізгенде, ол жапырақтарын жиырып алады. Бұдан тіршіліктің бар екенін білуге болады. Жер үстінде жануарлар пайда бола бастады. Бұл - сезімталдық жануарлардың жүйке жүйесінің психикалық қасиеті. Жануарлардың нерв жүйесі мен миы күштірек дамыған сайын, олардың психикасының дәрежесі де соғұрлым жоғары болады. Ол адамда неғұрлым күшті дамыған. Материяның бірте-бірте дамуы тірі организмнің өмір сүруіне қажет жоғары қасиеттің -психиканың тууына әкеліп жеткізді.
Тірі организмнің психикалық дамуының бүкіл ұзақ процесі үлкен екі кезеңнен түрады:
1. Жануарлардың психикасының дамуы (ол биология заңдарына, тұқым қуалаушылық, құбылмалылық, табиғи сұрыпталу заңдарына бағынады)
2. Адам санасының дамуы қоғамдық-тарихи заңдылықтарға сәйкес дамиды.
Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.
Адамзат жер бетінде пайда бола бастағаннан бастап өмір сүріп отырған табиғи ортаны өзінін сезім мүшелері арқылы қабылдап, одан әрі ақыл-ой арқылы талдап, сараптап, жүйелейтін жағдайға көтерілген де, болып жатқан құбылыстардағы белгілі бір қайталанушылық, тұрақтылықты жадында сақтап, логикалық ой қорытындылар жасауға дейін жетілген. Өмір сүріп отырған ортаны сезініп тану бар. Ол таным процесінің негізі болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Психика-тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрыкша түрі. Психиканың ең қарапайым түрі жәндіктерге тән. Психиканың ең жоғағы формасы-адамның санасы. Сана-сыртқы дүние заттарымен құбылыстардың мидағы бейнесі. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз кошірмесі емес, адам басында, нерв жүйесінде жасалып жататын күрделі бейнесі. Сана-адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады. Адам психиканың ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттармен құбылыстарды, әр алуан нәрселерді түсіну, қабылдау, елестету арқылы көрінеді. Оларды адамның сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге, ұстап білуге болмайтын қасиеттер мен белгілер, абстрактылы ойлау формалары-ұғым, пікір, ой қорытындылары танылып, жанама жолмен бейнеледі және өзара шартты байланыста болады. Соның нәтижесінде біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстардың заңдылықтары, олардың пайда болуы және өрістеп дамуы адамның дуниені танып білуі мен бейнелеуін көрсетеді.
Зерттеудің міндеттері:
- Психика және сананың функциларының дамуын теориялық тұрғыда қарастыру;
- Жасөспірімдердің психикасы мен санасының дамуын анықтау;
Зерттеудің теориялық маңызы: Психика және сананың дамуы мен мәнін ашу барысында жасөспірімдердің психикалық процестерінің қалай дамитындығы туралы көрсетілген. Жұмыс барысында Карл Бюлердің психологиясы мен психика дамуы, жан Пияженің кіші мектеп жасынан жасөспірім кезеңіне өтудегі логикалық ойлаудың дамуы қарастылған Сонымен қатар В. Штерн, Ф. Бергер, С. Шоспиро, Э. Герингтың, А. Н. Леонтьевтің әр түрлі жас жамаларындағы жанамаланған зейіннің дамуы, неміс ғалымы Э. Кречмердің дене құрылымы мен психикалық қасиеттерінің арақатынасын зерттеуі туралы көрсетілген.
І Бөлім Психика және сананың негізгі түрлері мен қасиеттерінің ерекшеліктері мен физиологиялық негіздері
1. 1 Психика және сана мәселелерін зерттеуші ғалымдардың теориялық сипаттамасы
Психика (гр. psychikos - ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, ерік және т. б. түрінде шынайы өмірді бейнелеу түрінде көрсететін мидың қызметі; адамның өзіне тән сапалы тәлім-жосығын анықтайды; қоғамдық еңбек үдерісі мен тілдің дамуы арқасында пайда болуымен байланысты психиканың жоғары нысаны - адам санасы. . Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Адамның рухани жетілушілігі, оның рухани сапасы, көңіл-күй иірімдерінің жиынтығы. . Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды[1] .
Психика жөніндегі алғашқы түсініктер анимистік сипатта болды. Анимизм - әр заттың жаны бар деп уағыздайды. Құбылыстар мен қозғалыстардың даму себебі олардың жаны болуында деп біледі. Мұндай көзқарас алғашқы қоғамдық қауымда, ғылым пайда болғанға дейін қалыптасты.
Психикаға деген ғылыми-философиялық көзқарас гилозоизм концепциясы болып қалыптасты, ол көзқарас бойынша психика барлық материяға тән. Психикаға деген көзқараста гилозоизм ежелгі шығыс және гректерде пайда болған, барлық материяның жанды екендігі туралы философиялық ілім ХІХ ғасырдың ортасына дейін орын алып келді.
Психологиялық білімнің одан кейінгі дамуы психиканы тар шеңберлі құбылыстармен шектеу жолымен жүрді. Бірақ ертедегі грек ғалымдарының ішіндегі ең ұлысы - Аристотельдің өзі психика ұғымын органикалық процестердің бәріне де теңеген. Ол жанды үшке: өсімдіктер, жануарлар және адамдар деп бөлді. Кейінірек, ертедегі гректер ғылымында, психика ұғымы біздің кезімізде осы терминмен аталып жүрген құбылыстар шеңберіне енді.
Ертедегі Греция философиясының өзінде-ақ психикаға деген бірі-біріне қарама-қарсы екі айқын көзқарас: материалистік және идеалистік - «Демокрит және Платон бағыттары» қалыптасқан-ды[1] .
Демокрит барлық қоршаған табиғат сияқты психика да материалдық негізінде деп есептеді. Жан атомдардан, тек физикалық денелерді құрайтын атомдардан әлдеқайда нәзік атомдардан тұрады. Дүниені танып, білу сезім мүшелері арқылы жүзеге асады. Өте нәзік, көзге көрінбейтін бедерлер заттардан бөлініп шығады да адам жанына енеді, сөйтіп, онда мөрдің ізіндей өз таңбасын қалдырады.
Платонның пікірі бойынша жанның материямен ортақ еш нәрсесі жоқ. Жанның материалдық дүниеден айырмашылығы, ол - идеалды. Таным - психиканың сыртқы дүниемен өзара әрекетте емес, жанның адам тәніне енгенге дейін идеалды дүниеден не көргені жөніндегі естеліктер іспеттес. Объективті дүние - танымдық қызметтің объектісі емес, соған себепші ғана.
Эксперименттік әдістің нашар дамығанына қарамастан, ертедегі грек философтары психиканың мимен байланыстылығы туралы ой айтты, темперамент пен мінездің арасындағы айырмашылықты көрсетті, аңғырттау негізделген болса да психиканың ортаға тәуелділігі туралы идея ұсынылды.
Сөйтіп, грек ғылымында психология зерттейтін құбылыстар ауқымы жөніндегі білімдер анықталды және психикалық құбылыстарды түсіндіруге екі түрлі методология мен қараудың негізі қаланды. Фактілік материалдарды жинау әдісі ғылыми жағынан мүлде әзірліксіз негізде, күнделікті өмірден көрген-білгенді, құрылған тұрмыстық байқауларды жүйелеу және ойша жүргізілген теориялық экспермент деңгейінде қала берді. Бірақ та, ертедегі грек ғалымдарының психика механизмдеріне соншалықты аңғырт түсінгендігіне емес, ал олардың өздерінің байқалулары мен ойша эксперименттері арқылы құнды жетістіктерге жеткеніне таңдану керек[2] .
Орта ғасырлық философия мен психологиялық түсініктерде жан туралы тәнге тәуелсіз материалдық емес мәндегі идеалистік ілім үстем болды.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялық алғы шарттарының іргетасын қалады, оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиді. Ол философтардың арасынан, ең алдымен Декарт, Локк, Лейбницетрді атауға болады.
Р. Декарт (1596-1650) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қарауды белгіледі. Оның теориясы бойынша жануралардың жаны жоқ, олардың мінез-құлқы, сыртқы әсерге рефлекс болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, жануарлар психикасы қатаң түрде сыртқы жағдайлармен ғана детерминделеді. Декарттың рефлекстердің механикалық детерминділігі, машина іспеттестігі туралы ойын Маркске дейінгі материалистер дамытты және адамға да қолданды. Декарт адам санаға ие және ойлау процесі кезінде өзіндік ішкі өмірі бар екеніне көзі жетеді деп есептеді. Сана оймен тығыз байланыста. Декарт сыртқы дүниенің білімнің пайда болуына тигізетін ықпалын жоққа шығармайды, бірақ оның пайымдауынша, жалпы идеялар туа бітетін қасиет болып табылады[3] .
Рефлекс және сана ұғымдарының мазмұнын белгілеп алып, Декарт оларды бір-бірінен бөліп тастады: біріншісін, психикалық әрекетке еш жанастырмай, жануарлардың мінез-құлқын детерминистік зерттеу мүмкіндігімен байланыстырады, екіншісін өзімен-өзі тұйықталған құбылыс деп қарады. Сана құбылыстарының сыртқы дүниеге тәуелсіздігі мен оларды өзін-өзі бақылау арқылы ғана зерттеу мүмкіндігі күні бүгінге дейін көптеген идеалист-психологтар үшін сананы ұғынудың негізі болып қалып отыр.
Д. Локк (1632-1704) сенсуализмнің - ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дегенді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі болды. Дүниеге жаңа келген жас сәбидің психикасы, Д. Локк ілімі бойынша - тәжірибе өз мазмұнын жазатын «таза тақта». Ғалым психикалық іс әрекет механизмін ассоцациялардан, яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көрді. Локк идеялардың туа бітетіндігі жөніндегі ілімге қарсы шығып, психикалық құбылыстардың ең бастапқы, одан әрі бөлінбейтін элементтерге дейін жетуі және солардың негізінде, ассоциациялау арқылы әлдеқайда күрделі құрылым қалыптасуы мүмкіндігін туғызатын сананы атомистикалық талдау принципін ұсынды.
Бұл тұжырым эксперименттік жолмен алынған фактілермен қарама-қарсы келгенге дейін психология теориясының негізі болып келді. Тәжірибені санада сақтаудың маңызды түрлері елес пен ұғым төтенше жұпыны жағдайда болып көрінеді. Адалдық, ерлік сияқты абстрактілі ұғымдар санадағы барлық адамдар үшін айқын және бірдей бейнелермен байланыста емес. Локк сананы өзімен өзі тұйықтап, сана туралы ілімде іс жүзінде декарттық тұрғыда қалып қойды[4] .
Психологияның дамуы мен психика механизмдерін түсінуге Г. Лейбниц (1646-1716) философиясы ықпалын тигізді. Ол психологияға «сана» ұғымымен қатар санасыздық ұғымын енгізді. Лейбництің дифференциялдық теңдеулер жөніндегі еңбектері оның психика механизмдері жайлы көзқарасына әсер етті. Лейбниц санасыз түрде пайда болатын шексіз шағын перцепциялар бар екенін жоққа шығармайды. Сана осыған дейін санасыз түрде өтіп келген елестерді бізді «мен» деп қабылдаған кезде ғана пайда болады.
Туа бітетін идея жөніндегі Декарт ілімін қолдай отырып, Лейбниц Локк сынын ескерді және дүниеге жаңа келген жас сәбидің психикасы «tabula rasa» деген тезиске қарсы шықты. Бұл мәселедегі оның ұстанған позициясы мына бейнелі теңеу арқылы берілген:
«Егер жан шынында да осындай «таза тақтаға» ұқсас болса, онда қандай формаға болса да ене алатын сом мраморға Геркулестің тұлғасы қалай қашалып соғылса, біздің ішкі дүниеміз де, өмір ақиқаттары да солай соғылар еді. Ал, егер осы мраморда басқа тұлғалардан гөрі Геркулестің тұлғасына лайық, теңбіл сызықтар болса, онда осы сызықтардың өңін ашу және жалтырату үшін олардың көзге түсуіне кедергі болып тұрған нәрселердің бәрінен арылту қажет болса да, сол мрамор о бастан-ақ осыған арналған, сөйтіп Геркулес белгілі бір дәрежеде соның бойында туған болып шығар еді»[5] .
Сөйтіп, ХІХ ғасырдың басына таман сананың идеалистік ұғымын анықтап берген методологиялық алғы шарттар жасалды. Оны зерттеуге сай бірден-бір әдіс - интроспекция болып табылды.
Психикаға деген материалистік көзқарастың дамуы ағылшын сенсуалистері:
Т. Гоббс (1588-1679), Д. Гартли (1705-1757) және француз энциклопедистері: Д. Дидро (1713-1784), П. Гольбах (1723-1789) еңбектерінен айқын аңғарылады. Ағылшын ғалымдары Т. Гоббс пен Д. Локк өз еңбектеріне негіз қаланған ассоциация жөніндегі детерменистік түсінікті дамытты. Француз философтары мен жаратылысты зерттеушілері адам психикасының әлеуметтік детерминділігі туралы төтенше маңызы бар идеяны жасап шықты. Психикалық қасиеттердің әлеуметтік ортаның әсерімен тәрбиеленушілігі қазіргі кезде де ғылыми психологияның маңызды қағидасы болып саналады[5] .
Англияда, Францияда, Германияда материалистік философияның дамуы К. Маркс пен Ф. Энгельстің дидактикалық және тарихи материализмнің қалыптасуына әсер етті. Бірақ, материалистік көзқарастар буржуазиялық психологияның қалыптасуына айтарлықтай ықпал ете алмады.
Ұлт немесе этнос тәрізді әлеуметтік бірлік сипаттамасының маңызды өлшемдерінің бірі - менталитет (mens - латынша ойлау тәртібі, ақылдың ерекше рухани қыртысы дегенді білдіреді) ұғымы. Бұл термин қазіргі мағынасында жеке адамның, әлеуметтік топтың немесе ұлттың өзіндік ойлау жүйесі, эмоционалдық және құндылықтық бағдары деген мәнде түсіндіріледі. Менталитет адамның рухани өміріндегі бүкіл құбылыстардың жиынтығы ретінде қарапайым әдеттен сенімге дейінгі, әлемді қабылдаудың психологиялық ерек- шеліктерінен моральдық нормаларға дейінгі өте үлкен ауқымды қамтиды. Менталитет ұғымын мәдени-антропологиялық бағыттағы зерттеушілер - Л. Леви-Брюль, Л. Февр, М. Блок және т. б. ғылыми айналымға енгізіп, бұл түсінік ХХ ғасырдың екінші жартысынан кең қолданысқа түсті. Қазақ халқының менталитетіне қатысты белгілі зерттеушілер Досмұхаммед Кішібеков [19] пен Төлеуғали Бурбаев [20] көлемді монографиялар жазды.
1. 2 Психика және сананың негізгі түрлері мен қасиеттері
Психика туралы матералистер мен идеялистер арасында ұзақ жолдар бойы бітпес айтыс жүріп келді.
Идеалистер - психика материядан бұрын - бірінші, яғни материяға қатыссыз дамиды деді. Көптеген идеалистер психикалық қасиеттер - қабілет, мінез - темперамент, жеке адамның адамгершілік сапасы - адамға дайын күйінде іштен туа беріледі деп есептейді. Яғни, құдайдың берген сыйы, ол адамның материалдық қасиетіне, ми қасиетіне тәуелсіз деп көрсетіледі. Сонымен бірге, олар адам психикасына орта мен тәрбие ықпалын жоққа шығарады.
Материалистік тұрғыда психиканы материадан кейінгі екінші құбылыс деп түсіндіріледі.
Біз тіршілік етіп отырған жер шары бұдан төрт жарым миллиард жыл бұрын шамасында пайда болды деп жорамалданды. Бұдан 2, 5 - 3, 0 миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай психикалық құбылыс болмаған. Тек ұзақ дәуірлерге созылған эволюциялық даму нәтижесінде жер бетінде тіршілік пайда болды. Соның арқасында организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Мұндай қасиет бертін келе тірі жәндіктерге тән күрделі құбылыс - психиканы тудырды.
Материалистік ілім - психика табиғаттан тыс ғажайып күш емес, жансыз зат емес, керісінше психика айрықша ұйымдасқан жоғары дәрежелі материя - мидың қасиеті деп үйретеді. Ал, психика ми қызметінің нәрі, оның ерекше қасиеті. Мұны жануарларға адамдарға жасалған көптеген тәжірибелерден байқауға болады.
Психика дегеніміз - үнемі болып отыратын қозу мен тежелу сияқты физиологиялық процесстердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттармен құбылыстардың мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, адамның алуан - алуан гойлау әрекеттері арқылы қорытылады. Адам өзінің мақсат - мүдделеріне орай тітіркеніп икемделеді. Осы жайыттар психика адамның өзін қоршаған сыртқы орта мен қарым - қатынасынан пайда болып отыратын күрделі бейнелеу процессі екенін көрсетеді. Адам психикасының пайда болуы, даму жетілуі - тарихи процесс[6] . Ол адамның қоғамдағы еңбегі, дыбысты тілі сөйлеуінің даму ерекшелігімен тығыз байланысты. Бұлар психиканың айрықша мәнді физиологоиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды.
Адам психикасының пайда болуы, дамып жетілуі - тарихи процесс. Ол адамның қоғамдағы еңбегі, дыбысты тілі, сөйлеуінің даму ерекшелігімен тығыз байланысты. Бұлар психиканың айрықша мәнді физиологиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды.
1. 3 Психика және сананың негізгі ерекшеліктері
Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметіне байланысты тұр, ал екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады, сөйтіп адамның жан дүниесінің сырына айналады.
Психика - адам миында бейнеленетін таңба, әсер. Адам күнделікті іс-әрекетінде мақсатты істерін жүзеге асыру үшін сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп, табиғатқа ықпал етеді, оны мақсат - мүдделеріне лайықтап қайта жасайды. Адамның мұндай белсенді әрекеттері, еңбенктенуі оның өз табиғатына, психикасын дамытуға қолайлы жағдай тудырады[7] .
Адам өзі өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланыста болып, белгілі заңдылықтар бойынша дамиды, сыртқы жағдайлардың әсеріне бейімделіп қана қоймай, оны саналы түрде өзгертеді. Сөйтіп, өз ықпалына бағындырады, сырттан алынатын сан алуан хабарларды қалыптасқан іс- тәжірибемен салыстырады. Ненің пайдалы екенін, ненің зиянды екенін, ой жүгіртіп сараптайды және саналы түрде ой қорытады. Адамның психикалық құбылыстарда бейнеленуі-адам миында қалай бейнеленгендігіне байланысты. Бұл әркімнің өмір тәжірбиесіне, білім дәрежесіне сәйкес бұл ерекшелік түрліше болып отырады.
Болмыс пен шындыктың қаншалықты дұрыс бейнелендігі адамның қоғамдық-тарихи тәжірбиесімен байланысты. Адам өзінің өмір тәжірибесіне сүйене отырып, бейнеленген ұғымды, ғылыми мағлұматтарды, мүддесін шындыққа жанастырады, олардың ақиқаттығын дәлелдеуге елеулі қадам жасайды. Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады. Бұл табиғи-заңдылық. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға сәйкес материяның ұзақ дәуірлер бойы эволюциялық дамуымен бірлікте қарастырылады[8] .
Материя табиғатты зерттеу әрқилы қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс - материяның өмір сүру тәсілі, оның негізгі қасиеті. Қозғалыс - материя ішінде даму процесстері жүріп жатады. Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл әлем заттары, әлемнің өзі де мәңгілік қозғалыста болады, үнемі өзгеріп, дамып отырады.
Жанды материяның белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі туады. Ал материяның биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуы мен байланысты. Эволюциялық даму нәтижесінде тірі организмдер сыртқы жағдайлардың әсеріне тітіркеніп, бейнелеудің көптеген түрлері келіп шығады[10] .
Тітіркену - барлық өсімдіктермен жәндіктер дүниесіне тән. Тітіркену - тірі организмдегі биологиялық мәні бар сыртқы әсерге жауап беретін биотоктық қасиет. Мұндай тітіркену қарапайым бір клеткалы организмдер - амебаларда болады.
Жәндіктер дүниесінде кездесетін тітіркенудің жаңа түрі - сезімталдық - тірі организмнің сыртқы әсерінен тітіркеніп, тіршілік етуге бейімделуі. Мұндай сезімталдық сигнал қызметін атқарады. Жануарлар психикасында инстинкт (соқыр сезім ) әрекеттер мен дағдылар қалыптасады. Жануарлар психикасы дамыған сайын, оларда интелектік мінез пайда болады. Интелектік мінез - жануарлардың сыртқы ортаға бейімделуі ғана емес, олардың сол орта әсерін қабылдап, әрқилы әрекет- қимыл көрсетеді. Ал адам өзінің саналы әрекеті арқылы өмір сүрген ортасына бейімдеп қана қоймай, оны өзгертеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz