Ерте балалық шақ жасындағы балаға сипаттама жасап, психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан-алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Психологияның негізгі мақсаты - психиканы cубьективтік құрылымының, сыртқы ортаны пайымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу болса, мектепке дейінгі жасқа арналған психология-балдырғандардың психикалық даму факторлары мен заңдылықтарын: оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық процестерінің және сапалдарының дамуын, оның жеке басының қалыптасуын зерттейді. М. Жұмабаев: «Психология адамның жанын, жан тұрмысын, жан көрністерін, жан күштерін, ақыл, қайратын, көңілдің жайын баяндайтын пән» - деп атап көрсеткен болатын. Аталған жұмыста мектепке дейінгі жастағы баланың жан көрністері мен дене көрністерімен қатар, осы жастағы негізгі іс- әрекеттің түрі ойын барысындағы баланың психикалық дамуы барысына тоқталамыз. Жұмыста мектепке дейінгі жастағы балалар психологиясында қалыптасқан психолог ғалымдар: Л. Н. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, Ж. Пиаже, Д. Б. Элконин, Давыдов, В. С. Мухина, Г. А. Урунтаева т. б. және отандық психолог ғалымдар: Аймауытов Ж., Алдамұратов Ә., Жарықбаев Қ., Елеусізова С., Мұқанов М., Тәжібаев Т., Шериязданова Х. т. б еңбектерінің теориясы басшылыққа алынды.

Жұмыста балалар психологиясының жалпы мәселелері: мектепке дейінгі жастағы балалар психологиясы және баланың психикалық даму ерекшеліктері туралы, балалар психологиясының әдістері мен психикалық дамудың негізгі заңдылықтары қарастырылды. Ерте балалық шақтағы бала дамуының психологиялық ерешеліктері, баланың өмірге келген алғашқы жылдарындағы психикалық дамуы, ерте балалық шақтың сипаттамасы және жас ерекшелік сипаттамасы ұсынылды. Баланың психикалық процестерінің

дамуы: мектепке дейінгі жастағы баланың қабылдауы, түйсігі, зейіні, есте сақтауы, ойлауы және қиялының дамуы қамтылды. Баланың ақыл-ойын дамыту, мектепке дейінгі жастағы баланың тілін дамыту, сенсорлық дамуы мен баланың сезімдерін дамыту, баланың ерік жігерін тәрбиелеу және мінез-құлық мотивтерін қалыптастыру мәселесіне басты назар аударылды.

Зерттеудің мақсаты: Ерте балалық шақ жасындағы балаға сипаттама жасап, психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды
- Ерте балалық шақтағы дамудың теориялық негіздеріне шолу жасау;
- Ерте балалық шақтағы баланың психикалық мінез құлықтарының ерекшеліктерін зерттеу;

  • Баланың психологиялық даму түрлеріне анықтама беру;

Зерттеу объектісі - ерте балалық шақ жасындағы баланың тұлғалық ерекшеліктері. .
Зерттеу пәні - ерте балалық шақ жасындағы психологиялық құбылыстар.

1. Ерте балалық шақ жасындағы баланың дамуының ғылыми-теориялық негіздері

1. 1 Ерте жастағы баланың дамуының ғылыми-психологиялық негіздері

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:

  1. Зердесін дамыту .
  2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту.
  3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту.
  4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту .
  5. Танымдық үрдісін дамыту.
  6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту .

7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту .

А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
В. С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу

сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады.
Т. Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең - қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта) :
1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа бір затты көре бастауы) .

2. Екінші кезең - қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6-7 жасар балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Жас ерекшеліктері туралы педагогикалық ой-пікірлер
Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оны есепке алу
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
Балалық шақ кезеңіндегі балалардың психологиялық дағдарыс мәселелері
Балалардың жас ерекшеліктерінің сипаттамасы
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz