Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I. Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- -----------3
II. Негізгі бөлім------------------------------ ----------------------------------- --5
a) Қазақтың ұлттық аспаптарының түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
b) Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі...10
III. Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- -------12 Пайдаланған әдебиеттер------------------------- ---------------------------13

Кіріспе
Қай халықтың музыка аспаптары болсын өмірге жайдан-жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажеттілігінен, әр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дөстүр, әдет-ғұрыптарына орайласа туын-дап пайда болған. Адам болмысының сөзбен, ән-өлеңмен айтып жеткізуге болмайтын сырлы саз, әуен үнін, күрделі сезімдерін сыртқа шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған. Жалпы казақтың ұлттық музыка аспаптарының саны өте көп болған. Қазақтың музыка аспаптарын түбегейлі, жеріне жеткізе зерттеген ғалым Б. Сарыбаевтың айтуынша жер-жерлердегі мұражайлар қорлары мен экспозицияларда қазақтың 400-ден астам көне музыкалық аспаптары сақтаулы. Тек Санкт-Петербург этнографиялық мемлекеттік мұражайы қорында қазақтың 50-ден астам ұлттык, музыка аспаптары бар. Әрине бұл ретте мына бір жайды да ескеру керек. Музыка аспаптарын зерттеген көптеген ғалымдар тұжырымдары, түркі тілдес халықтардың музыкалық аспаптарының пайда болуы, шыққан тегі бір деген ойлары әр тұстан тоғысып жатады. Мәселен, белгілі этнограф ғалым С. Е. Малов: ...Осы ескерткіштердің бәрі немесе осы ескерткіштердің бәрінің, айтары түркі тілдес халықтар тарихы үшін ортақ арқау болып табылады... десе, тағы бір әйгілі орыс ғалымы В. Виноградов: Музыка аспаптарының өзара байланыстылығы тайға таңба басқандай болып, ап-айқын көрінетін белгілері Солтүстікке, Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Сібірге, Алтайға жетелейді, - деп жазады. Демек, В. Виноградовтың болжамынша, Орта Азия және басқа түркі тілдес елдерді айтпағанның өзінде, қазақтың музыка аспаптары мен сонау Сібір аймағындағы алтайлықтар, хакас, тува, якут халықтары музыка аспаптарының тегі бір дегенге меңзейді. Қазақтың музыка аспаптарының көбі сан ғасырлар бойына халқымыз басынан кешірген саяси, коғамдық-әлеуметтік өзгеріс, жағдайларға байланысты қолданылудан қалып, ұмыт болып келді, 1960 жылдарға дейін бізге белгілісі негізінен небәрі төрт қана аспап болатын. Олар домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнай еді, Соның өзінде көбінесе домбыра мен қобыз ғана қолданылып келді. Тіпті кейбір облыстарда қобыздың не екенін білмейтін кездері де болған. Соңғы кезді қойып, 1855-4856 жылдары Шоқан Уәлиханов өзінің Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы деген мақаласында домбырамен орындалатын әндер мен күйлердің етек алғанын, сол себепті қылқобыздың сүйемелдеуімен айтылатын ұзақ жырлардың қалып бара жатқанын ескеріп: ...Домбыра мен жаңа әндер енді жыр мен қобызды мүлде ығыстырып шығарды, - деп қынжыла жазды. Казақтың ұлттык, музыка аспаптары сонау ұлы ғалым бабамыз Әл-Фарабиден бастап, Шоқан Уөлиханов, Абай, Әлкей Марғұлан, Ахмет Жұбанов сынды, тағы басқа ғалымдар мен өнер адамдарының назарынан тыс қалып көрген жоқ. Музыка мен музыка аспаптарын зерттеу саласында ұлан-ғайыр еңбектер қалдырған Ш. Уәлихановты айтпағанның өзінде Абай Құнанбаев өзінің орыс досы Н. Долгополовпен бірге 1885-1893 жылдар аралығында бірнеше музыкалық аспаптарды тапқан. Абай әсіресе, ең сирек кездесетін музыкалық аспаптарды жинауға назар аударған. Семей қаласындағы Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық мұражайында үш ішекті екі домбыра, қияғы тым қарапайым екі қылқобыз, сыбызғы және асатаяқ сақталған. Суретшілер Г. Гуркин, Н. Белослюдовтердің Абай музыкалық аспаптарын бейнелеген суреттері бар. Бүгінде отыздан астам қазақтың ұлттық төл музыка аспаптары бар. Бұл аспаптар алпысыншы жылдардан бастап ұлттык көне музыка аспаптарымызды зерттеуге өлшеусіз үлес қосып, соларды жер-жерлерден, қаншама мұражайлардан, ғылыми еңбектерден қажымай-талмай іздестіріп тапқан және сол аспаптарды жасатып, сол аспаптар құрамымен ансамбль ұйымдастырып, кыруар еңбек сіңірген ғалым Болат Сарыбаевтың қажырлылығы арқасында өмірге қайта оралды. Қазіргі Нұрғиса Тілендиев атындағы фольклорлық-этнографиялық оркестрдің, негізін салған да Б. Сарыбаев еді. Б. Сарыбаев өмірге жолдама берген сол ұлттық музыка аспаптарымыздың көбі қазірде ұлттық оркестрлеріміз бен көптеген халық аспаптары ансамблдерінің құрамына енген. Б. Сарыбаев қазақтын ұлттық музыка аспаптарын бірнеше топқа бөліп, төмендегідей жіктейді.
I. Үрлеп тартылатындар, Тармақталуы:
1. Флейталық -- сыбызғы, үшпелек, сазсырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық.
2. Тростық -- қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай.
3. Мундштуктік -- мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.
II. Ішекті. Тармақталуы:
1. Шертіп ойналатын -- жетіген, шертер, домбыра.
2. Қияқпен ойналатын -- қыл қобыз.
III. Мембраналы. Ұрып ойналатын -- даңғыра. кепшік, дабыл, дудыға, дауылпаз, шыңдауыл.
IV. Сым тілшелі: шаңқобыз.
V. Сілкіп ойналатындар: асатаяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау.

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының түрлері.
Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата - бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді.
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті.Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл - сәл кем бұра, Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз.
Домбыра-аспабының қалай пайда болғанына байланысты қазақ халқының ортасында сақталған аңыз аса мол. Солардың біразын Б. Сарыбаев, Қ. Жұбанов, Ө. Жәнібеков, А. Сейдімбеков еңбектерінде жақсы көрсеткен.
Домбыра және домбыра күйі туралы сөз қозғағанда осы зерттеушілердің еңбектеріне сүйенеміз. Ақселеу Сейдімбек Күй шежіре еңбегінде осы аңыздардың екеуіне ерекше назар аударады. Соның бірі Шығыс Қазақстан обылысы Күршім ауданының тумасы Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың айтуымен хатқа түскен Қос ішек күйінің аңызы. Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы - маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек - қарынын алып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішек - қарынын қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жерде аңшы жігіт қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын - деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады.
Шертер - қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы. Шертер - қазақ халқының көне ішекті музыкалық аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі болып саналады. Сырт келбеті қобызға жақын, көлемі жағынан домбырадан кіші. Шертер аспабы ағаштан ойылып, шанағы ешкі терісінен қапталған. Ішегіне аттың қылы тағылады. Ойнау тәсілі домбыра тартуға ұқсайды. Дыбыс күші қапталған тері мен ішектердің қалыңдығына байланысты. Бастапқы кезде аспапта перне болмаған. Көп ұзамай перне орналастырып аспаптың беткі жағы біраз өзгеріске ұшыраған.
Қылқобыз - қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 - 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз - екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді, ысқышы да. Оның қылқобыз аталуы да сондықтан. Қылқобыздың ішіндегі ең үлкен түрі - нар қобыз. Қылқобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын - шайтан жоламайды деп ырымдайды.
Жетіген - (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс - тәсілі де өте күрделі. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі - берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған. Жетіген туралы аңыз. Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған ішек салып, тиек қойып, Қарағым күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші ішек тартып, Қанат сынар деген күй шығарады, үшінші ұлы Жанкелдіге ол Құмарым күйін, төртінші ұлы Бекенге От сөнер, бесінші ұлы Хауасқа Бақыт көшті, Жұлзарға Күн тұтылуы атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші ішекті тартып, Жеті баламнан айрылып құса болдым атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер одан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй - пьеса түрінде бізге Жетігеннің жетеуі деген жалпы атпен жеткен. Жетіген деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән жетіген деген ұғымды береді.
Адырна - қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б. з. б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48 - 50 см., қалыңдығы 8 - 10 см, 7 - ден 13 - ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің маңызы
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру
Оқушылардың сұлулық сезімдерін тәрбиелеу жолдары
Мектепке дейінгі білім беруде балаларға музыкалық шығармашылық құралдары арқылы эстетикалық тәрбие беру
Ұлттық өнердің нақты туындыларын және олардың оқушылардың эстетикалық қабылдауына әсерін талдау
Мектеп жасына дейінгі баланың эстетикалық тәрбиесі
Балаларға тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі
Табиғатқа саяхат жасаудағы эстетикалық тәрбиенің рөлі
Балалардың музыкалық әсерлерін қорытындылау
Эстетикалық тәрбие ұғымын түсіндіру
Пәндер