Ойындар, жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінінің дамуы деңгейін теориялық айқындау
Мазмұны
Кіріспе
1-бөлім. Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және
зейінінің дамуының теориялық
зерттеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Мектеп жасына дейінгі балада зейіннің дамуы және оны тәрбиелеудің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 6
1.2 Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті үдерісінің
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..17
ІІ тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті және
зейіннің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.1 Зейін және есте сақтау қабілетінің мәселелері бойынша шетел және
отандық зерттеуші ғылыми еңбектеріндегі
тұжырымдар ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...29
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .31
Кіріспе
“Бүгінгі таңда ұрпақ алдында “Қазақстан 2030” бағдарламасындағы:
“Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының
артуы” деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мың жылдықта іске асыру
жауапкершілігі тұр.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: “Ұлттық бәсекелестік
қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады” деп
айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту Тұжырымдамасында: “Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп
отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының
негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға
және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға
қабілеттері жеке тұлғаны қалыптастыру” деп көрсетілген. Тәуелсіз Қазақстан
мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамының түрлі сфераларының құрылуы
мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде.
Осыған байланысты бүгінгі балабақшада берілген тәрбие мақсаты мен мазмұны
қазіргі заман талабына сай анықталуы керек. Балабақшада берілген тәрбие —
барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінін түпкі
негізін қалайтын орын. Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекеттің ертеңгі
ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен
біліміне, іскерлігіне байланысты.
Актуалдығы. Осы курстық жұмыста Мектеп жасына дейінгі баланың есте
сақтау қабілеті және зейіні тақырыбы қаралады. Есте сақтау қабілеті – бір-
бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістен тұратын күрделі психологиялық
үрдіс. Есте сақтау қабілеті адамға қажет. Ол оған өмірлік тәжірибені
жинақтауға, сақтауға және кейін де пайдалану мүмкіндігін береді. Білім мен
дағдыларды бекітудің бәрі есте сақтау қабілетінің жұмысына жатады. Осыған
сәйкес психологиялық ғылым алдында есте сақтау қабілеті үрдісін зерттеу
бөліміне енетін бірқатар күрделі мәселелер тұр.
Бүгінгі күнде есте сақтау қабілетін зерттеумен түрлі: психология,
биология, медицина, генетика және тағы басқа да ғылым өкілдері айналысады.
Осы ғылымдардың әр қайсысында есте сақтау қабілетінің теориялары бар:
психологиялық (Г. Эббингауз, К. Левин, П. Жане), биогенетикалық (И.П.
Павлов, И.М. Сеченов), физиологиялық (Л.С. Выготский). А.А. Смирнов пен
П.И. Зинчеконың зерттеулері есте сақтау қабілетін үрдіс ретінде
қарастырып, есте сақтау қабілеті баланың мағыналы қызметі ретіндегі жаңа
және маңызды заңдарды ашты. Есте сақтау қабілеті қандай да бір жеке
функциямен емес, ол тұлғамен, оның ішкі дүниесі, қызығушылықтары, ынтасымен
тығыз байланысты. Сондықтан даму мен жетілу баланың дамуымен қатар жүреді.
Зейіннің адам өмірінде маңыздылығы өте жоғары екені белгілі. Зейін
арқылы баланың ойы мен есін қалыптастырады. Зейінділікті балада дамыту мен
қалыптастыру өте жас кезінен қадағалануы қажет. Болашақ ұрпағымыздың саналы
да ақылды, білімді де білікті болуы үшін зейінділікті тәрбиелеуіміз қажет.
Осы мезетте Ушинскийдің Зейін адам санасында қорытылып, онда өтетін әр
түрлі ойларды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі, деп айтқан өте
ұтымды тұжырымдамасын айта кеткім келеді.
Бүгінде есте сақтау қабілеті және зейін үрдістерін зерделеудің көптеген
әдіс-тәсілдері бар, негізінен оларды түрлі деңгейлі деп есептеуге болады,
өйткені психологиялық қызметтің осы күрделі жүйесін психологиялық,
физиологиялық және нейрондық, сондай-ақ биохимиялық деңгейде зерттейтін
есте сақтау қабілетінің теориялары бар. Көптеген теория бүгінде болжам
түрінде қала береді.
Мектеп жасына дейінгі баланың – есте сақтау қабілеті және зейінің
барлық жағдайда дамыту қолайлы кезең болып табылады.
Қазіргі уақытта көптеген елдер, оның ішінде АҚШ, Жапония, Англия,
Канада, Германия, Венесуэлла білім беру жүйесіне қомақты жаражат жұмсайды,
тілдік теорияны үйрету үрдісінде есті дамыту деңгейін арттыруға арналған
күрделі құрылғылар мен жүйелер ойлап табуда.
Есте сақтау қабілетін зерттеумен Г. Эббингауз, З. Фрейд, А. Бине, К.
Бюлер, А.Н. Лентьев, А.Р. Лурия, С.Л. Рубинштейн, Б.В. Зейгарник, Л.С.
Выготский және т.б. көптеген шетел және отандық ғалымдар айналысқан.
Біз зерттеу тақырыбын мәселенің актуалды болуына байланысты таңдадық.
Психологиялық әдебиетті зерттеуде біз мектеп жасына дейінгі баланың
есте сақтау қабілеті және зейінін дамыту қажеттілігі және тілдік теорияны
үйрету үрдісіндегі мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және
зейінін дамыту бойынша әзірлемелер саны аз болуы арасында қарама-қайшылықты
айқындадым.
Айқындалған қарама-қайшылық: ойындар, жаттығулар үрдісінде мектеп
жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінін дамыту жағдайларын
айқындау зерттеу мәселесін белгілеу мүмкіндігін берді.
Аталмыш мәселе негізінде ойындар, жаттығулар арқылы мектеп жасына
дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінін дамыту деген зерттеу
тақырыбын тұжырымдау мүмкін болды.
Зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті
және зейінін дамыту үрдісі.
Зерттеу мәні: ойындар, жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың
есте сақтау қабілеті және зейінін дамыту жағдайлары.
Зерттеу мақсаты: ойындар, жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі
баланың есте сақтау қабілеті және зейінінің дамуы деңгейін теориялық
айқындау және зерттеу тәсілдері арқылы тексеру.
Зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық әдебиетті зерделеу мынадай
болжам жасау мүмкіндігін берді мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау
қабілеті және зейінін дамыту табысты өтеді, егер ойындар ойнату үрдісінде
көрнекілік пайдалану; мағыналы жаттаудың оңтайлы тәсілдеріне үйрету, есте
сақтау өнімділігін арттыруға бағытталған жаттығулар.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психологиялық әдебиетті
теориялық талдау және жалпылау, психологиялық сабақтар, ойын, жаттығулар,
француз психологы Б. Бурдонның әдістемесі, Ландольт сақиналары, Мюнстерберг
әдістемесі, байқау және әңгімелесу әдістерін сараптауда іске асырылды.
І тарау. Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінінің
дамуының теориялық зерттеулері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балада зейіннің дамуы және оны тәрбиелеудің
маңызы
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып
шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным
процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне
қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған
дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын
көрсететін құбылыс. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы
объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді
тұрақтата алу. Ол адамның сезіп, таныған, көріп, естіген, біліп, байқаған
құбылыстарын, заттарын анық та ашық тануы, жан қуаттарының оларға бет алып,
бағытталып, жинақталуы үшін қажет. Егер де адамның зейіні болмаса, ағзаның
сыртқы ортамен байланысқа түсуі дәрменсіз болып қалады да, ойы мен дене
еңбегінің іс-қимылы еш нәтижесіз аяқталады. Адамның таным, түйсік
процесінде, білім, ғылымды меңгеруінде зейіннің мән – маңызы өте жоғары.
Бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды -көпті
тұрақтап отырғанын көруге болады. Тән әрекеттің кез келген түрінде зейін
орын алмаса, оның нәтижелі болуы киын[1].
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен
маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне,
Зейін түрлеріне сипаттама оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына,
ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады.
Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің
(1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория
бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі
миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті
қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады.
Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам
зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.
Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын
былайша көрсеткен еді. "Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды
аңғартатын, адам жанының жалғыз есігі болып табылады, демек, бұл есікке
ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда
баланың санасында ештеңе де қалмайды".
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
1-сурет. Зейін түрлері
Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін
әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады.
Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш
жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне
тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі,
нысандарды қамту көлемі, алаң болм аушылық, т.б. жатады[1].
3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді
кейде аттенционалды әрекеттер деп те атайды. 3ейін (А.Р.Лурия)-
субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозғалыстардың таңдамалы
бағдарламасын сүйемелдеп, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын
қадағалау процесі. 3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен
қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С.Л.Рубинштейннің
пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен
объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге
бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты
бір объект іге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай
-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты.
3ейіннің оянуы - бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В.И.Страховтың
тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді
болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны
ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен
түсіндіреді.
Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:
1. Интенсивтілігі;
2. Жаңалығы;
3. Аффективтілігі.
П.Я.Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін - бағдарлық-зерттеулік іс-
әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған
феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір
белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л.C.Выготский бойынша, ырықты
зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта
қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге
байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып,
зейінді:
1. Процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т.б.)
ретінде;
2. Күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;
3. Тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.
Зейіннің функциялары:
1. Қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді
белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;
2. Ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын
қамтамасыз етеді;
3. Бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.
2-сурет. Зейіннің жүйеленуі
Зейіннің түрлеріне тоқталайық. Шәкірттің сабақты түсіне алмауы, есінде
дұрыс сақтамауы, қате жіберуі, адамның үйренген бір кәсібін меңгере алмай
орашолақтық жасауы тәрізді іс-қылық, оған жөнді зейін қоймауынан. Осыған
орай адам зейіні үшке бөлінеді.Олар:
1. Ырықты зейін. Оның әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау
арқылы жүзеге асырылады.
2. Ырықсыз зейін. Бұл да адам өмірінде елеулі орынға ие. Оған әртүрлі
жағдайлар мен себептер әсер етеді.
3. Үйреншікті зейін. Мұны адамның күнделікті әдетіне айналып кеткен
зейін деп те атайды. Оған арнайы күш жұмсау қажет емес.
Адам зейініне мынандай қасиеттер тән: тұрақтылық, бір нысаннан
екіншісіне оңай ауысушылық, бөліну, нысандарды қамту көлемі, алаңдамаушылық
және т.б.
Зейіннің негізгі қасиеттері
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса,
оны зейіннің тұрақтылығы дейді.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған
ісін тереңнен түсініп, оның әр түрлің байланыстарын анықтайды. Зейінді
тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты бір белгісі
болып табылады[2].
3-сурет. Зейіннің қасиеттері
Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды
көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы.
Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің
өзгермелілігіне байланысты.
Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін
зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі -үш нәрсеге бөле алады.
Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы
зерттеулер көрсетіп отыр.
Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын объектілерінің
санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер
тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі.
Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді
ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ
адамдардың зейіні көбінесе осындай болады.
а)Зейіннің көлемі-адамның бір көргенде-ақ қабылдаған нәрселерінің
саны.Зейін көлемін анықтау үшін тахистоскоп аспабы қолданылады.
Зейін көлемін анықтау үшін уақыттың 110 секунд ішінде 10-12 нәрседен
тұратын сандар,әріптер не түрлі кескіндер жиынтығы көрсетіледі.Осы уақыт
ішінде көріп қабылдау әбден жеткілікті, бірақ, көрінген барлық кескіндерді
саналы түрде бейнелеуге уақыт аздау. Сыналушы адам тек бірнеше нәрсенің
ғана атын анықтап, өзгелерін жөнді байқай алмайды. Ал көріп тұрған барлық
нәрселерді саналы бейнелеу үшін әжептәуір уақыт керек. Ересек адам
зейінінің көлемі өзара байланыссыз 4-6 нәрсеге тең. Егер әріптестерден
мағаналы сөз құрастырсақ,онда көретін әріптердің саны едәуір көбейеді.Бірақ
бұл жағдайда сөздің өзі тұтасқан бір объект болады да,сынаушы кісі сөз
әріптерінің орны аусқанын,дұрыс жазылмағанын аңғара алмайды.
Нәрселерді топтастыру арқылы зейіннің көлемін ұлғайту топтың жеке
қасиеттерін байқап, аңғара білуге кедергі болмауы керек.Нәрселерді
топтастыру және оның бөлшектеріне назар аудару, таным процестерінің
дамуымен тығыз байланысты болуы қабылдаудағы бөлік пен бүтіннің, ал
ойлаудағы жалпы мен жекенің арақатысынан айқан көрінеді.
ә)Зейіннің бөлінуі деп адамның кез-келген іс-әрекеті үстінде зейіннің
бір мезгілде өлең жаттап,әрі қарапайым қосу мен азайту амалына есеп шығарып
көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз.Мұндайда бір әрекет екінші
әрекетке кедергі болады.Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге
ауады.Себебі, оның физиологиялық негізі-ми қабығындағы оптималдық қозу
ошағының жалғыздыға. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін
бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеуі қажет.Мысалы,жас ұстаз өз зейінін
бірнеше обиектіге бөле алмағандықтан,сыныптағы балаларды жекелеп көре
алмайды. Сабақ айтып тұрып қате жіберуі де, балалар жауабындағы қателерді
байқамай қалуы да мүмкін.Мұғалім назары негізінен өзі айтып тұрған
материалға ғана ауады.Өзі алдында отырған кейбір балалардың тәртіп бұзып
отырғанын байқамайды. Дегенмен, ұстаздық тәжірибесі біртіндеп жетіле
түскендіктен, оның оқу материалын меңгеруі мен түсіндіруі жеңілдейді,
зейіннің оған бөлінуі де ширап,сыныпты толық меңгеретін болды. Әрбір
нәрсеге зейін аудару іс-әрекет үстінде дамып, бірте-бірте адамның маңызды
сапасына айналады.
б)Зейіннің шоғырлануы-адам санасының белгілі бір объектіге айрықша
бағытталуы. Зейіннің шоғырлануы,оның көлемімен, бөлінумен дн тығыз
байланысты. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса, шоғырлану
соғұрлым күшті болады.Іс-әрекетті дәл және ойдағыдай орындау үшін зейінді
күшті шоғырландыра білу керек. Мәселен, алгебрадан есеп шығарып отырған
бала зейінін тек есептеуге,таңбаларға ғана аудармаса,онда есепті дұрыс
шығара алмайды. Зейін шоғырлануының физиологиялық негізі-қозудың оптималдық
ошағы туғызатын, бір уақытта пайда болатын теріс индукция. Индукция
тудыратын тежелу себебінен ми қабының аз ғана бөлігінде күшті қозу пайда
болады.
в)Зейіннің тұрақтылығы деп оның объектіге бағытталып, ұзақ уақыт бойы
шоғырлануын айтады.Зейіннің бұл қасиеті жүйке процестерінің күшіне,
әдеттерге т.б жағдайларға байланысты.Зейіннің алаңдауы-тұрақты зейінге
қарама-қарсы сипат. Ол зейін толқуынан көрінеді.Зейіннің толқуын
қосарланған кескін суреттерден байқауға болады.Егер квадрат салынған
суретке бірнеше минут қарасаңыз, кіші квадрат үлкен квадраттың не алдына
шығып, не артына кетіп, түбі сияқты болып көрінеді. Сонымен, осы аз ғана
мерзім ішінде квадраттардың орналасуы құбылмалы болып көрінеді. Бұл
тәжірибе-мысал зейіннің толқуына арналған.
Физиологиялық тұлғыдан алғанда, зейіннің тұрақтылығы мидағы жүйке
клеткалары бір тобының ұзақ мерзім бойы қозуы деуге болады. Жүйке
клеткаларының ұзақ уақыт бойы қозу жағдайында болуы оның күштілігін
байқатады. Мұндай зейін тұрақтылығынан адамның жоғарғы жүйке қызметінің
жалпы типтік ерекшеліктері байқалады.
Сурет 4. Зейіннің ауытқуы
г)Зейіннің ауысуы деп оның бір объектіден екінші объектіге әдейлеп
көшуін айтамыз. Зейіннің ауысуының толқудан айырмашылығы-оның саналы түрде
болатындығы. Алаңдау кезінде адам бір объектіден екінші объектіге көшеді,ал
зейінді ауыстыру белгілі мақсатқа байланысты өзгереді.Іс-әрекет үстінде
адам алдына жаңа міндеттер қойып,зейінін бір объектіден басқа объектіге не
сол объектінің бір қырына екінші қырына ауысып отырады. Зейінің бұл
қасиетінің физиологиялық негізі-қозудың оптималдық ошағының тежеліп,жаңадан
жасалуы. Зейіннің ауысуы жүйке процестерінің қозғалғыштығына-қозу мен
тежелудің тез ауысып отыруына байланысты. Жүйке процестерінің баяулыға
зейіннің ауысуын қиындатады[4].
Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне де байланысты. Алғашқы сабақта
математикадан бақылыу жұмысын орындаған баланың келесі сабақты бірден
бастап кетуі қиынға соғады. Өйткені, олардың санасында әлі дн бақылау
жұмысындағы есеп пен мысалдарды шығарудың жаңа жолдары мен амалдарын саптым
бадеген ойлау тұрады. Зейінді күшті тітіркендіргіштен әлсізге ауыстыру
әрқашан да қиын болады. Зейіннің ауысуын оңайлату үшін әрбір нәрсенің
қажеттілігі мен оған қызығуды жандандыру қажет.
Зейіннің қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты және олардың іс-әрекет
кезінде өзара үйлесімді болуына тәуелді болып отырады.
Зейінділік дегеніміз не? Адам қолға алған ісіне көңіл бөліп, оны
ыждағатты істеуге әдеттенсе, зейін ол кісінің тұрақты ерекшелігіне айналады
да, зейінділікке ұласады. Мұндай адам байқағыш, жан-жағындағы жағдайларды
жақсы қабылдауға қабілетті болып қалыптасады. Сөйтіп, ол болып жатқан
оқиғаларды басқалардан терең түсініп, оған ерекше толғанатын болады,
ықыласы жоқ жұмысқа да зейінін тез жұмылдырып, көндігіп кетеді.
Қарапайым адамдарға қарағанда, жазушылардың, ғалымдардың, өнертапқыш-
тардың, ұстаздардың зейіндері жоғарылығымен ерекшелінеді. Психолог
Ф.Н.Гоноболиннің жазуынша: Зейінділік – жан қуаттарына белгілі өң бере
отырып, адамды жеке тұлға ретінде сипаттайды. Егер біз біреудің әрнәрсені
білуге құмарлығын, тез түсінетінін, тапқырлығын, екінші бір адамның белгілі
бір нәрсеге ғана көңіл бөлетінін... әуестенетінін көрсек, біз олардың мінез-
құлқы мен темперамент ерекшеліктері зейінділік деңгейіне байланысты деген
қорытындыға келеміз. Зейінділік – адамның адамгершілік қасиеті болып
табылады. Бұл оның басқа адамдарға ілтипатты қарым -қатынасында,
кішіпейілділігінде, өзгелерге қамқорлығында, қайырымдылығында, яғни әр
кісінің өзіндік ерекшеліктерін, мұқтаждарын, мүдделерін, қажеттерін түсіне
білуден көрінеді. Керісінше, кейде адамның басқаларға салқын қарауының,
оларға назар салмауының себебі – олардың хал-жағдайын, көңіл күйін
байқамауынан, оларға көңіл аудармауынан болады.
Зейінді тәрбиелеу түрлі жолдармен жүзеге асады.
Өмір заңы: адам зейіні жақсы болса, ісі де табысты болады.
Зейінділік–жоғары жетістікке жетудің басты шарты. Психолог мамандар жақсы
зейінді болуды адамның қай нәрсеге де жан-жақты қызығуынан, тұрақты түрде
назар аударуынан қалыптасатындығын айтады. Психолог Б.М.Тепловтың айтуынша,
Ырықсыз зейін іске тікелей қызығудан болады, ал ырықты зейін әрекет
нәтижесіне дәнекерлі жанама қызығуға байланысты, ал ештеңеге әуестеніп
қызықпайтын адам Хлестаков (Ревизор) зейінінің дәрежесінен аса алмақ
емес.
Екінші, зейін дамыту үшін адам әруақытта қандай нәрсеге болса да зейін
тұрақтата алуға өзін дағдыландыра білу қажет. Зейін өзінің дегеніне көнетін
құралың болсын. Адамның иесі зейін емес. Зейіннің иесі адам болу керек.
Зейінді тәрбиелеудің үшінші жолы - өзіңді жағымсыз жағдайда да жұмыс
істеуге дағдыландыру. Көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштермен
күресуге әдеттенудің арқасында адам өзінің зейінін шынықтырып, оны мықты
және шыдамды етеді.
Төртінші шарт, ешуақытта зейін салмай жұмыс істеу керек емес. Абайсыз,
байқаусыз істейтін адам алаңғасар болып кетеді.
Ең ақырында, соңғы шарт – адам өз зейінінің өзгешелік-терін, оның
мықты және нашар жақтарын мүмкіндігінше жақсы білсін. Зейіннің
кемістіктерін толық жою үшін адам өзімен-өзі көп жұмыс істеуі керек.
Бірақ, әуелі ол кемістіктерді тауып алмай, бұл жұмысқа кірісуге болмайды
Зерде дегеніміз не?
Ойлау қызметінің жоғарғы түрін білдіретін, пайымнан өзгеше философиялық
категорияны зерде деп атайды. Ежелгі философияда зерде мен пайым жанның
екі қабілеті ретінде бөлек қарастырылғаны мәлім. Ол заманда пайым ойлаудың
төменгі сатысы ретінде салыстырмалы қатыстылық, осы дүниелік пен шектілікті
түйсіндіріп, зерде абсолютті құдірет пен шектілікті танып білуге бағыттайды
деп есептелді. Әйгілі философ И.Канттың айт уынша, зерде бүкіл әлемді,
дүниені қалайда толық білемін, оның мәнін ашамын деп өнбейтін іспен
айналысады. Ал оны басқа ғалымдар Кант зердеден бас тартты, ендігі жерде
ол ғылымды мойындамайды, діни сенімге ғана есік ашық деп жариялайды, деп
айыптады, осылайша зерде туралы пікір бұрыннан-ақ сан қилы.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор Х.Сәт-паеваның түсіндіруінше,
Ми іс-әрекетінің ең тартымды құбылыстарының бірі – оның қабылданған
ақпаратты сақтау және еске түсіру, яғни зерделілік қабілеті. Зерде
дегеніміз – жүйкенің ақпаратты код түрінде сақтап, нақтылы бір жағдайда
оның қасиеттері мен көшірмесін өзгертпестен қайта жаңғыртуы. Зерде есте
қалдыру, сақтау және еске түсіру үдерістерінен тұрады.
Зерденің түрлері
Психолог ғалымдар зерденің екі түрі болатынын айтады. Олар:
1. Генотиптік зерде. Ол шартсыз рефлексті, ырық -сыз сезімді және
импритингті қалыптастырушы.
2. Фенотиптік зерде. Ол тірі ағзаның жеке дамуы кезінде иемденген
мәліметтерін өңдеу мен сақтау механизмін жүзеге асырады. Зерде ақпаратты
сақтау ұзақтығына қарай: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді. Және де адам
зерде-сінің барлық түрі екіге бөлінеді.
Олар: 1 Қисынды - мағыналық, 2. Сезімді – бейнелік. Бұлардың
біріншісі ұғымдарға, екіншісі елестеуге сүйеніп іс жүргізеді, дейді
мамандар. Ес те сақтау сипатына қарай фенотиптік зерденің түрлері:
бейнелік, эмоциялық, шартты рефлекстік зерде.
1. Бейнелік зерде. Бұл жүйке жүйесінде адамның, жануардың ұнамды немесе
зиянды тітіркендіргіштің бейнесін есте сақтауы.
2. Эмоциялық зерде. Бұл ағзаның ерте бастан кешкен эмоциялық (сезініс)
күйін, оны тудыратын жағдайларды өз тұрғысынан бағалауы.
3. Шартты рефлексті зерде. Бұл жануарлардың мәлімет сақтауындағы ең
негізгі түрі.
Зерде есте қалдыру, сақтау және еске түсіру үдерістерінен
тұратындықтан, біз енді ес туралы жалпы түсінікке, адамдардың есте сақтау
қабілетінің, яғни, зеректігінің құдіреттілігіне тоқталсақ[5].
Ұжымдық, топтық, даралық зейін түрлері. Ұжымдық зейін - бір сыныптағы
барлық баланың зейінін белгілі бір іс-әрекет түріне жұмылдыру. Мұндай
әрекетке мұғалімнің сабақ өтуі жатады.Бұл сыныптың зейінін ұзақ мерзім бойы
бірқалыпты ұстау мүмкін емес.Бірен-саран баланың зейіні басқа нәрсеге
ауысып кетуі де мүмкін.Мақсатты іске ұмтылған ұжым ішінде зейіні
ауытқитындар да кездеседі.Мұндай жағдайда жетекшінің не ұстаз-
тәрбиешілердің іс-тәжірибелері ерекше роль атқарады.
Топтық зейін - бір ұжым ішіндегі жеке топтар зейінінің шоғырлануы.
Топтық зейін сыныпта, лобораториялық тәжірибелер мен өзара тексеру
жүргізгенде қажет. Бұл- зейінді ұйымдастырудың бала үшін де, мұғалім үшін
де қиын түрі. Өйткені,топтар жұмыс үстінде бірін-бірі алаңдатады. Осындай
кедергіні жеңу үшін олардың тапсырманы мұқият орындап шығаруларына жете
көңіл аударып, оны әрбір кезеңге бөліп жоспарлау керек болады.
Даралық зейін өз міндетін орындауға әр адамның санасын бағдарлап,
зейінін шоғырландырады. Бұл-зейінің кісі өзі оқығанда,есеп шығарғанда
қолдануға тиісті аса қажетті түрі.
Зейін және есте сақтау. Зерттеу тәжірибелерінде зейінді шоғырландырған
жағдайда есте сақтау қабілеттің жоғарлағаны байқалады. Зейіннің жағдайы
нәтижелі есте сақтауға өте маңызды әсері бар. Зейін арқылы есте сақтаудың
нәтижелілігін зерттеді. Зерттелушіге сөздер мен әр түрлі түстермен салынған
суреттер ұсынды. Ереже бойынша барлығын есте сақтау қажет болды. Есте
сақтауға арналған ереже бойынша зерттелуші тек зейін қойған суреттерді
есіне түсіре алады. Есте сақтау үшін суреттердің түсі, түрі немесе сөз
ешқандай әсер берген жоқ.
Баланың кез келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асады. Барлық іс-
әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.
Зейін деп адам санасының қоршаған ортадағы белгілі бір заттар мен
құбылыстарға белсенді бағытталуын айтамыз.
Бала зейіні өте ерте байқала бастайды, өмірінің алғашқы айларында-ақ
аңғарылады. Алғашқы кезде еріксіз зейін байқалады. Жас ерекшелігіне
байланысты балалардың ойын әрекетінде, тәрбиенің ықпалымен еріксіз зейін
дами бастайды. Оның дамуы сезімдерінің қажеттіліктердің және қызығуларының
дамуымен байланысты.
Еріксіз зейін адам іс-әрекетінің барлық түрлерінде ерекше орын алады.
Баланың көп автоматталған зейіні іс-әрекет кезінді бөлінеді. Бала жұмысты
егер таңқалдыратын жағдай пайда болса аяғына дейін орындау керектігін
түсініп, қызығып орындайды. 4-7 жаста бала шулы ойынға қызығады, тіпті
сабаққа дейін жалғастырады. Мектеп жасына дейінгі балада зейіннің дамуы
оның жаңа іс-әрекетінің түрлерін өзгертеді. 4-5 жастағы бала өзін
үлкендердің әсерімен басқарады. Тәрбиеші мектеп жасына дйінгі балаға үнемі:
ықыласты бол, назар аударып тыңда, назар аудаып көр деп айтады. Бала
үлкендердің қойған талабын орындау үшін өзінің зейінін басқару қажет.
Басқарылған қасиет басқарылған зейіннің дамуыме тығыз байланысты.
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін,
үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында
бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау
және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше
міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу
үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады.
Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса
бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және
осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады.
Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа
бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан
балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-
әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін
күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі
кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа
жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында
адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен
және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге
болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін
тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті
көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты
жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-
тегжейлерін бөліп алады.Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі
өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде
белгілі заттарға құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді
пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде[6].
Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін ұйымдастыру үшін сөзді
пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке дейінгі ересектер
үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі
кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен, баланың
мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке
дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.
В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере
бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым
болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс-
әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге ойын процесінде немесе
әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт
бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі
мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін
тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады.
Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері,
іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары
деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты
(ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар
бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді.
Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне
қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет.
Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға
біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын.
Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-
әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.
К.Д. Ушинский Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар,
оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету
керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын
теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді
зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек, - деп
көрсетеді. Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының
үлгі-өнегесінің маңызы да зор[7].
Жас ерекшелігіне байланысты зейіннің даму сипаттамасы мынадай:
1) Балалардың жеке дамуымен, олардың қажеттіліктері және
қызығушылықтары дүниетанымдарының өрісі кеңейіп, түсінетін ақиқат заттар
мен құбылыстарға зейіндерін аударады. Қоршаған шындықтарға зейіннің артуына
байланысты, бала зейінінің пәні, ойлары және сезімдері болады. Зейіннің
сыртқа бағыттылығымен бірге, ішкі шоғырлануының дамуына байланысты, ол
өзінің ішкі дүниесін және қоршаған ортадағы адамдармен қатынасын түсінгісі
келеді. Өзіне деген зейінінің негізінде өзін байқауының дамуы, өзін-өзі
тәрбиелеуге психологиялық көмек болады.
2) 3ейінінің жас ерекшелігіне байланысты дамуы, оның барлық
қасиеттерінің дамуына және көрінуіне ықпал етеді. Барлау іс-әрекетінің
өрісі күрделеніп, оның қызығушылығы белсенділігі және таңдамалылығы артады.
Шоғырлануының интенсивті дамуына байланысты, таным мүмкіндіктері де жаңа
сипатқа ие болады. Зейіннің көлемі және бөлінуі өрістерінің ұлғаюына қарай
- іс-әрекеттің бір бөлімінде бірнеше зат пен құбылыстарды қабылдап, ойлануы
да кең өріске артады. Жоғары тұрақтылығы және ауысуы, объектілерді барлық
жағынан, тіркеуді дамытады. Мұндай қасиеттерінің дамуы тұрақсыздықты жеңуге
көмектеседі.
3) Жастарының дамуына қарай ырықсыз зейіннен гөрі, ырықты зейін көріне
бастайды. Мектеп жасында бұл зейіннің барлық түрлері дамиды бірақ,
біртіндеп ерікті зейін жетекші орын ала бастайды, әсіресе балалардың
өзіндік іс-әрекетінде.
4) Зейіннің дамуы шоғырлану мотивтерінің өзгеруіне әсері бар.
Алғашында баланың зейіні эмоциялы қызығушылығымен көрінсе, балалардың даму
үрдісінде жас ерекшелігіндегі негізгі жетекші іс-әрекеттің объектілері
арқылы зейіндері дами бастайды. Өз зейіндерін ұйымдастыру қабілеті оқу
жұмысының мөлшеріне, сапасына бағытталады.
5) Әр жас сатысында жекелік айырмашылықтары, даму үрдісінде жан-жақты
және айрықша көрнеді. Зейіннің жекелік және жасына байланысты
ерекшеліктерін, бірлікте және арақатынаста түсіну қажет.
Балалардың зейінін дұрыс қалыптастыруға тәрбиеші-педагогтың жеке
басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор. Егер тәрбиешінің өз зейіні дұрыс
ұйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып тұрған сабағына, біресе топтағы
балаларға алаңдап, нені бастап, нені қойғаны несінен шығарса, ондай мұғалім
балалардың зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды.
Ы.Алтынсарин: "Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы
оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға
тиіс" —деп өте дұрыс айтқан[8].
1.2 Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті үдерісінің
ерекшелігі
Ол – күрделі психикалық әрекет. Ес айналамыздағы бізге әсер ететін
дүниені, ондағы заттар мен құбылыстарды жүйкемізде сәулелендірудің бір
түрі.
Қоршаған ортаның әсерімен мида пайда болған бейнелер із-түссіз жоғалып
кетпейді, көпке дейін сақталып тұрады. Негізінен, талантты адамдардың
бейнелі есі мен эмоциялық есі күшті дамыған болып келеді. Әсіресе,
суретшілердің, композитор-лардың бейнелі есі өте жоғары. Ал, эмоциялық ес
адамның рухани өсуінің өте қажетті шарты.
Адамның есін жақсы, жаман деп бөлмейді. Өйткені, адамдардың әр нәрсені
есте сақтауы әркелкі болады.
Адамның есі мынандай сапалық белгілері бойынша сипатталады.
1. Есте қалдырудың тездігі. Біреу бір ақпаратты, материалды есінде
сақтау үшін ұзақ еңбектенсе, екінші біреу оны оп -оңай есінде қалдыра
алатын қасиетке ие.
2. Есте сақтаудың беріктігі. Біреу бір нәрсені жатқа біліп, ұзақ уақыт
ұмытпайды, басқа біреу тез ұмытып кетеді (қысқа ес).
3. Естің дәлдігі. Бұл ақпаратты, материалды, көріністі сол қалпында,
ешқандай қоспасыз есте сақтау.
4. Естің даярлығы. Адамның өз есінің қорынан керегін қажет кезінде
тауып ала білуі [10].
5-сурет. Есте сақтаудың түрлері.
Зерделі жандар
Адам зердесі (бір нәрсені оқып, ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz