Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейіні


Кіріспе
“Бүгінгі таңда ұрпақ алдында “Қазақстан 2030” бағдарламасындағы: “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы” деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мың жылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: “Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады” деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: “Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілеттері жеке тұлғаны қалыптастыру” деп көрсетілген. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамының түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты бүгінгі балабақшада берілген тәрбие мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуы керек. Балабақшада берілген тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінін түпкі негізін қалайтын орын. Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекеттің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.
Актуалдығы. Осы курстық жұмыста «Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейіні» тақырыбы қаралады. Есте сақтау қабілеті - бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістен тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Есте сақтау қабілеті адамға қажет. Ол оған өмірлік тәжірибені жинақтауға, сақтауға және кейін де пайдалану мүмкіндігін береді. Білім мен дағдыларды бекітудің бәрі есте сақтау қабілетінің жұмысына жатады. Осыған сәйкес психологиялық ғылым алдында есте сақтау қабілеті үрдісін зерттеу бөліміне енетін бірқатар күрделі мәселелер тұр.
Бүгінгі күнде есте сақтау қабілетін зерттеумен түрлі: психология, биология, медицина, генетика және тағы басқа да ғылым өкілдері айналысады. Осы ғылымдардың әр қайсысында есте сақтау қабілетінің теориялары бар: психологиялық (Г. Эббингауз, К. Левин, П. Жане), биогенетикалық (И. П. Павлов, И. М. Сеченов), физиологиялық (Л. С. Выготский) . А. А. Смирнов пен П. И. Зинчеконың зерттеулері есте сақтау қабілетін үрдіс ретінде қарастырып, есте сақтау қабілеті баланың мағыналы қызметі ретіндегі жаңа және маңызды заңдарды ашты. Есте сақтау қабілеті қандай да бір жеке функциямен емес, ол тұлғамен, оның ішкі дүниесі, қызығушылықтары, ынтасымен тығыз байланысты. Сондықтан даму мен жетілу баланың дамуымен қатар жүреді.
Зейіннің адам өмірінде маңыздылығы өте жоғары екені белгілі. Зейін арқылы баланың ойы мен есін қалыптастырады. Зейінділікті балада дамыту мен қалыптастыру өте жас кезінен қадағалануы қажет. Болашақ ұрпағымыздың саналы да ақылды, білімді де білікті болуы үшін зейінділікті тәрбиелеуіміз қажет. Осы мезетте Ушинскийдің «Зейін адам санасында қорытылып, онда өтетін әр түрлі ойларды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі», деп айтқан өте ұтымды тұжырымдамасын айта кеткім келеді.
Бүгінде есте сақтау қабілеті және зейін үрдістерін зерделеудің көптеген әдіс-тәсілдері бар, негізінен оларды түрлі деңгейлі деп есептеуге болады, өйткені психологиялық қызметтің осы күрделі жүйесін психологиялық, физиологиялық және нейрондық, сондай-ақ биохимиялық деңгейде зерттейтін есте сақтау қабілетінің теориялары бар. Көптеген теория бүгінде болжам түрінде қала береді.
Мектеп жасына дейінгі баланың - есте сақтау қабілеті және зейінің барлық жағдайда дамыту қолайлы кезең болып табылады.
Қазіргі уақытта көптеген елдер, оның ішінде АҚШ, Жапония, Англия, Канада, Германия, Венесуэлла білім беру жүйесіне қомақты жаражат жұмсайды, тілдік теорияны үйрету үрдісінде есті дамыту деңгейін арттыруға арналған күрделі құрылғылар мен жүйелер ойлап табуда.
Есте сақтау қабілетін зерттеумен Г. Эббингауз, З. Фрейд, А. Бине, К. Бюлер, А. Н. Лентьев, А. Р. Лурия, С. Л. Рубинштейн, Б. В. Зейгарник, Л. С. Выготский және т. б. көптеген шетел және отандық ғалымдар айналысқан.
Біз зерттеу тақырыбын мәселенің актуалды болуына байланысты таңдадық.
Психологиялық әдебиетті зерттеуде біз мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінін дамыту қажеттілігі және тілдік теорияны үйрету үрдісіндегі мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінін дамыту бойынша әзірлемелер саны аз болуы арасында қарама-қайшылықты айқындадым.
Айқындалған қарама-қайшылық: ойындар, жаттығулар үрдісінде мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінін дамыту жағдайларын айқындау зерттеу мәселесін белгілеу мүмкіндігін берді.
Аталмыш мәселе негізінде «ойындар, жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінін дамыту» деген зерттеу тақырыбын тұжырымдау мүмкін болды.
Зерттеу объектісі : мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінін дамыту үрдісі.
Зерттеу мәні : ойындар, жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінін дамыту жағдайлары.
Зерттеу мақсаты : ойындар, жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінінің дамуы деңгейін теориялық айқындау және зерттеу тәсілдері арқылы тексеру.
Зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық әдебиетті зерделеу мынадай болжам жасау мүмкіндігін берді мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінін дамыту табысты өтеді, егер ойындар ойнату үрдісінде көрнекілік пайдалану; мағыналы жаттаудың оңтайлы тәсілдеріне үйрету, есте сақтау өнімділігін арттыруға бағытталған жаттығулар.
Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесі бойынша психологиялық әдебиетті теориялық талдау және жалпылау, психологиялық сабақтар, ойын, жаттығулар, француз психологы Б. Бурдонның әдістемесі, Ландольт сақиналары, Мюнстерберг әдістемесі, байқау және әңгімелесу әдістерін сараптауда іске асырылды.
І тарау. Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау қабілеті және зейінінің дамуының теориялық зерттеулері
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балада зейіннің дамуы және оны тәрбиелеудің маңызы
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Ол адамның сезіп, таныған, көріп, естіген, біліп, байқаған құбылыстарын, заттарын анық та ашық тануы, жан қуаттарының оларға бет алып, бағытталып, жинақталуы үшін қажет. Егер де адамның зейіні болмаса, ағзаның сыртқы ортамен байланысқа түсуі дәрменсіз болып қалады да, ойы мен дене еңбегінің іс-қимылы еш нәтижесіз аяқталады. Адамның таным, түйсік процесінде, білім, ғылымды меңгеруінде зейіннің мән - маңызы өте жоғары. Бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды -көпті тұрақтап отырғанын көруге болады. Тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы киын[1] .
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, Зейін түрлеріне сипаттама оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А. А. Ухтомскийдің (1875 - 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. "Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды".
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
1-сурет. Зейін түрлері
Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болм аушылық, т. б. жатады[1] .
3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді кейде аттенционалды әрекеттер деп те атайды. 3ейін (А. Р. Лурия) - субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозғалыстардың таңдамалы бағдарламасын сүйемелдеп, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесі. 3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С. Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объект іге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай -ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы - бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В. И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді.
Зейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:
1. Интенсивтілігі;
2. Жаңалығы;
3. Аффективтілігі.
П. Я. Гальпериннің тұжырымы бойынша: 3ейін - бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталған феноменнің мазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. Ал Л. C. Выготский бойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:
1. Процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т. б. ) ретінде;
2. Күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;
3. Тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.
Зейіннің функциялары:
1. Қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;
2. Ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;
3. Бір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.
2-сурет. Зейіннің жүйеленуі
Зейіннің түрлеріне тоқталайық. Шәкірттің сабақты түсіне алмауы, есінде дұрыс сақтамауы, қате жіберуі, адамның үйренген бір кәсібін меңгере алмай орашолақтық жасауы тәрізді іс-қылық, оған жөнді зейін қоймауынан. Осыған орай адам зейіні үшке бөлінеді. Олар:
1. Ырықты зейін. Оның әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы жүзеге асырылады.
2. Ырықсыз зейін. Бұл да адам өмірінде елеулі орынға ие. Оған әртүрлі жағдайлар мен себептер әсер етеді.
3. Үйреншікті зейін. Мұны адамның күнделікті әдетіне айналып кеткен зейін деп те атайды. Оған арнайы күш жұмсау қажет емес.
Адам зейініне мынандай қасиеттер тән: тұрақтылық, бір нысаннан екіншісіне оңай ауысушылық, бөліну, нысандарды қамту көлемі, алаңдамаушылық және т. б.
Зейіннің негізгі қасиеттері
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңнен түсініп, оның әр түрлің байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты бір белгісі болып табылады[2] .
3-сурет. Зейіннің қасиеттері
Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің өзгермелілігіне байланысты.
Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі -үш нәрсеге бөле алады.
Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр.
Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі.
Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады.
а) Зейіннің көлемі -адамның бір көргенде-ақ қабылдаған нәрселерінің саны. Зейін көлемін анықтау үшін тахистоскоп аспабы қолданылады.
Зейін көлемін анықтау үшін уақыттың 1/10 секунд ішінде 10-12 нәрседен тұратын сандар, әріптер не түрлі кескіндер жиынтығы көрсетіледі. Осы уақыт ішінде көріп қабылдау әбден жеткілікті, бірақ, көрінген барлық кескіндерді саналы түрде бейнелеуге уақыт аздау. Сыналушы адам тек бірнеше нәрсенің ғана атын анықтап, өзгелерін жөнді байқай алмайды. Ал көріп тұрған барлық нәрселерді саналы бейнелеу үшін әжептәуір уақыт керек. Ересек адам зейінінің көлемі өзара байланыссыз 4-6 нәрсеге тең. Егер әріптестерден мағаналы сөз құрастырсақ, онда көретін әріптердің саны едәуір көбейеді. Бірақ бұл жағдайда сөздің өзі тұтасқан бір объект болады да, сынаушы кісі сөз әріптерінің орны аусқанын, дұрыс жазылмағанын аңғара алмайды.
Нәрселерді топтастыру арқылы зейіннің көлемін ұлғайту топтың жеке қасиеттерін байқап, аңғара білуге кедергі болмауы керек. Нәрселерді топтастыру және оның бөлшектеріне назар аудару, таным процестерінің дамуымен тығыз байланысты болуы қабылдаудағы бөлік пен бүтіннің, ал ойлаудағы жалпы мен жекенің арақатысынан айқан көрінеді.
ә) Зейіннің бөлінуі деп адамның кез-келген іс-әрекеті үстінде зейіннің бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалына есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндайда бір әрекет екінші әрекетке кедергі болады. Іс-әрекет процесінде зейін бір-ақ нәрсеге ауады. Себебі, оның физиологиялық негізі-ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздыға. Күнделікті өмірдегі іс-әрекетінде адам өзінің зейінін бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеуі қажет. Мысалы, жас ұстаз өз зейінін бірнеше обиектіге бөле алмағандықтан, сыныптағы балаларды жекелеп көре алмайды. Сабақ айтып тұрып қате жіберуі де, балалар жауабындағы қателерді байқамай қалуы да мүмкін. Мұғалім назары негізінен өзі айтып тұрған материалға ғана ауады. Өзі алдында отырған кейбір балалардың тәртіп бұзып отырғанын байқамайды. Дегенмен, ұстаздық тәжірибесі біртіндеп жетіле түскендіктен, оның оқу материалын меңгеруі мен түсіндіруі жеңілдейді, зейіннің оған бөлінуі де ширап, сыныпты толық меңгеретін болды. Әрбір нәрсеге зейін аудару іс-әрекет үстінде дамып, бірте-бірте адамның маңызды сапасына айналады.
б) Зейіннің шоғырлануы -адам санасының белгілі бір объектіге айрықша бағытталуы. Зейіннің шоғырлануы, оның көлемімен, бөлінумен дн тығыз байланысты. Зейін бағытталған объектілер саны неғұрлым аз болса, шоғырлану соғұрлым күшті болады. Іс-әрекетті дәл және ойдағыдай орындау үшін зейінді күшті шоғырландыра білу керек. Мәселен, алгебрадан есеп шығарып отырған бала зейінін тек есептеуге, таңбаларға ғана аудармаса, онда есепті дұрыс шығара алмайды. Зейін шоғырлануының физиологиялық негізі-қозудың оптималдық ошағы туғызатын, бір уақытта пайда болатын теріс индукция. Индукция тудыратын тежелу себебінен ми қабының аз ғана бөлігінде күшті қозу пайда болады.
в) Зейіннің тұрақтылығы деп оның объектіге бағытталып, ұзақ уақыт бойы шоғырлануын айтады. Зейіннің бұл қасиеті жүйке процестерінің күшіне, әдеттерге т. б жағдайларға байланысты. Зейіннің алаңдауы-тұрақты зейінге қарама-қарсы сипат. Ол зейін толқуынан көрінеді. Зейіннің толқуын қосарланған кескін суреттерден байқауға болады. Егер квадрат салынған суретке бірнеше минут қарасаңыз, кіші квадрат үлкен квадраттың не алдына шығып, не артына кетіп, түбі сияқты болып көрінеді. Сонымен, осы аз ғана мерзім ішінде квадраттардың орналасуы құбылмалы болып көрінеді. Бұл тәжірибе-мысал зейіннің толқуына арналған.
Физиологиялық тұлғыдан алғанда, зейіннің тұрақтылығы мидағы жүйке клеткалары бір тобының ұзақ мерзім бойы қозуы деуге болады. Жүйке клеткаларының ұзақ уақыт бойы қозу жағдайында болуы оның күштілігін байқатады. Мұндай зейін тұрақтылығынан адамның жоғарғы жүйке қызметінің жалпы типтік ерекшеліктері байқалады.
Сурет 4. Зейіннің ауытқуы
г) Зейіннің ауысуы деп оның бір объектіден екінші объектіге әдейлеп көшуін айтамыз. Зейіннің ауысуының толқудан айырмашылығы-оның саналы түрде болатындығы. Алаңдау кезінде адам бір объектіден екінші объектіге көшеді, ал зейінді ауыстыру белгілі мақсатқа байланысты өзгереді. Іс-әрекет үстінде адам алдына жаңа міндеттер қойып, зейінін бір объектіден басқа объектіге не сол объектінің бір қырына екінші қырына ауысып отырады. Зейінің бұл қасиетінің физиологиялық негізі-қозудың оптималдық ошағының тежеліп, жаңадан жасалуы. Зейіннің ауысуы жүйке процестерінің қозғалғыштығына-қозу мен тежелудің тез ауысып отыруына байланысты. Жүйке процестерінің баяулыға зейіннің ауысуын қиындатады[4] .
Зейіннің ауысуы объект ерекшеліктеріне де байланысты. Алғашқы сабақта математикадан бақылыу жұмысын орындаған баланың келесі сабақты бірден бастап кетуі қиынға соғады. Өйткені, олардың санасында әлі дн «бақылау жұмысындағы есеп пен мысалдарды шығарудың жаңа жолдары мен амалдарын саптым ба»деген ойлау тұрады. Зейінді күшті тітіркендіргіштен әлсізге ауыстыру әрқашан да қиын болады. Зейіннің ауысуын оңайлату үшін әрбір нәрсенің қажеттілігі мен оған қызығуды жандандыру қажет.
Зейіннің қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты және олардың іс-әрекет кезінде өзара үйлесімді болуына тәуелді болып отырады.
Зейінділік дегеніміз не? Адам қолға алған ісіне көңіл бөліп, оны ыждағатты істеуге әдеттенсе, зейін ол кісінің тұрақты ерекшелігіне айналады да, зейінділікке ұласады. Мұндай адам байқағыш, жан-жағындағы жағдайларды жақсы қабылдауға қабілетті болып қалыптасады. Сөйтіп, ол болып жатқан оқиғаларды басқалардан терең түсініп, оған ерекше толғанатын болады, ықыласы жоқ жұмысқа да зейінін тез жұмылдырып, көндігіп кетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz