Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар берудің жолдары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Курс жұмысының өзектілігі: Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырады.Адам еңбексіз дамымайды, кері кетеді, азады. Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып, жетіледі, еңбектің мәні және қүндылығы артады. Балалар мен жастардың еңбек тәрбиесі ежелден-ақ ата-ана парызы, бүкіл халық міндеті болды. Халық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарады. Адам өзінің жан және тән сұлулығын еңбекте ғана көрсете алатындығына назар аударады. Сондықтан да баланы еңбекке тәрбиелеу үйелменнің қасиетті борышы. Жас ұрпақтың еңбекке қатынасы халық ауыз әдебиетінің өзекті мәселесі ретінде жырланды.
Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, "он саусағынан өнері тамған" нақты кәсіп иесі болуын көздеді. Бұл жерде еңбек дағдыларын меңгеруде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді.
Қоғамның ең басты талаптарының бірі - әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу қоғамның өмір салтының алғы шарты болып табылады.
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.
Жасөспірімді, еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау: оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру; еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту, оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту.
Балаларды енбекке психологиялық және практикалық тұрғы-дан дайындау - бұл қоғам үшін оқушылардың пайдалы еңбекке даярлығын және талаптануын тәрбиелеу, еңбекті өз бетімен, өз еркімен ынталанып орындауға үйрету.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар берудің жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Мектептегі еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттерін қарастыру.
- Еңбекке үйрету және оған байланысты оқуды ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерттеу.
- Оқушыларға еңбек процесінің барысында азаматтық, құлықтылық, эстетикалық аспектілер мен құрылымдар бойынша кәсіптік бағдар берудегі оқытушының рөлі.
Зерттеу объектісі: Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар беру.
Базасы: № мектеп
Зерттеу пәні: психология
Зерттеу болжамы: Мектеп оқушыларының жеке басы мен азаматтығын қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің маңызы мен қоғамдық еңбектің рөлін анықтаса, оқушыларға кәсіптік бағдар беруде, сонымен қатар технология сабақтарында жаңа ииновациялық әдістерді тиімді қолданса, оқушылардың құқықтық, азаматтық, эстетикалық тәрбиелері оң нәтиже берер еді.
Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат тәжірибеден.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеден, негізгі, іс-тәжірибелік бөлімдерден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.





I. БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ БАСЫ МЕН АЗАМАТТЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Еңбек тәрбиесі ертеден қалыптасқан тәрбие салаларының бірі ретінде

Еңбек тәрбиесі- өмір кілті, бақыттың тұтқасы. Еңбексіз адам өзінің бар адамдық қасиеті.1нен және барлық құнынан айырылады. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адымда алға ілгерілей алмайды; бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиісті емес; ол адам қайта кері кетеді, - дейді К.Д.Ушинский.
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің, жеке адамның адамгершілікке және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер барысында еңбек тәрбиесі мәселесі ең негізгі көкейкесті проблемаға айналып отыр. Оған себеп-адам, қоғам, табиғат заңдылығымен санаспау салдарынан туған келіспеушілік. [1, 5-бет]
Еңбек тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланыста, біртұтастықта құралуы тиіс. Еңбек адамның өзін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Еңбек тәрбиесі туралы қазақ және орыс тілінде шыққан оқулықтардың бәрінде жазылған. Біз оларды жоққа шығара алмаймыз.
Тәрбие- халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттердің жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсаты төңірегіндегі пікірталас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Сократтың түсінігінше, тәрбие заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірген. [2, 15-бет]
Мәшһүр - Жүсіптің көркем шығармаларының негізінде адамгершілік, рухани, еңбек тәрбиесі жөнінде педагогикалық идеялар қойылған. Ол еңбектерінде еңбексүйгіштікке маңызды орын береді. Ойшылдың педагогикалық тұжырымдарында еңбек деп аталатын ұғым ерекше орын алады. Оның ойынша еңбек тек адамды өмірге дайындап қоймай, оның ақыл-ой күшімен адамгершілігін дамытуға ықпал етеді. Адал еңбек мал таппақ, жұртқа жақпақ,-деп қандай еңбекті дәріптеу керектігін байқатады. Тіптен ақынның адал, шынайы еңбектің адам өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын шығармасы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені, ол еңбек адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани тұрғыдан да, парасаттылық тұрғысынан да басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай-ақ ақын еңбек кісінің жан дүниесін мейірімділікке бөлейді ал, оның қадірін білмейтін жалқаулар көбіне теріс қылықты болып келеді деген тоқтамға келеді. Ақын еңбек адамдарды еркіндікке, бақытқа қолын жеткізеді деп біледі, ал игіліктерге қол жеткізер еңбек, бейбіт өмір, қайырымдылықпен әділет, білім салтанат құрған қоғам оның әлеуметтік арман-мүддесі болды.
Еңбек оның ойынша адамгершілік тәрбиесінің әрекетті құралы болып табылады, өйткені еңбек іс-әрекеті процесінде жастардың бойында жалпы адамзаттық маңызы бар еңбексүйгіштік қалыптасады. Оның пікірінше еңбексүйгіштік адамның еңбек еткісі келумен, оң нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылысымен, берілген іске жауапкершілігінің болуымен, тиянақтылығымен, істеген ісіне қанағаттанумен сезім алуымен сипатталады. Ең соңында еңбексүйгіштік еңбек дағдысының бар екендігін білдіреді. Ағартушы жастардың бойында еңбексүйгіштікті, жатып-ішерлік пен бекер уақыт өткізуге жиреніш сезімін тәрбиелеуге ұмтылды. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеуді адамгершілікке қажеттілік деп қарастырады. Мәшһүр-Жүсіп Көпееев ғылымды, еңбекті, ағартуды қандай болмасын жақсылықтың, сәттіліктің қайнар көзі деп есептеді. [3, 7,8-бет]
Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдері еңбек тәрбиесінің құралы болып табылады.
Еңбек - жеке адамның өркендеуіне, санасы мен қайратының қалыптасуына әсер етеді, адам баласын рухани байытып, оның өмірінің мол қазынасын жасайды. Еңбек етпеген ішіп-жемейді, Еңбек түбі береке деп халқымыз еңбек ету арқылы мәнді де сәнді өмір сүруге болатынын ескертеді. Сондықтан еңбекке деген қажеттілікті, дағды мен іскерлікті, еңбекқорлықты, өзгенің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеуді бастауыш сыныпта үйретіп бастауы керек.
Тәрбие бағыты жөніндегі Руссоның негізгі педагогикалық талаптары-баланы қадірлей отыра, оның қызығушылықтары мен тікелей талаптарын зерттеу. Еріктілік, баланың табиғатын білу, баланың өзіндік әрекетін дамыту тәрбиенің негізіне айналуға тиіс. Джон Локтың ұсынған тәрбиесінің мақсаты-өз ісін ойластыра отырып сақтықпен жүргізе алатын, өз мүдделерінің реттілігін қамтамасыз ете алатындай етіп жасөспірімді тәрбиелеу.
Адам баласы қоғам дамуның қандай кезеңінде де өмір сүрмесін азық-түліксіз, киім кешексіз, т.б. материалдық игіліксіз күн кеше алмайды. Сол себептен адамдар ерте кезден-ақ өмір сүру қажеттігі үшін керекті заттарды тек еңбек ету арқылы ғана тгілікке асыратындығын түсінген. [4,15-бет]
Еңбек тәрбиесі мазмұнына баланың Отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін балалардың ата-анасына, үйіне, туған-туысқандарына, дос-құрбыларына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу қажет. Сонымен, бұл тәрбиеге достық рухта тәрбиелеу де жатады. Бастауыш мектепте көптеген ұлттың балалары бірдей тәрбиеленіп, бірдей қамқорлыққа бөленеді. Осының өзі балалардың бір-біріне жолдастық, достық сезімін тәрбиелеудің ең қолайлы жағдайы.
Сондай-ақ еңбек тәрбиесінің мазмұнына баланың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу де жатады, әсіресе олардың үлкенді сыйлау сезімін тәрбиелеу сәбилік шақтан басталады. Үлкенді сыйлау- асыл сезім. Үлкендердің беделін мойындау, тыңдау, көңіл бөлу, құрметтеу, қамқорлық жасау сияқты балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру, бұл сезімнің көрініс табуы-жақсы тәрбиенің белгісі.
Жас ұрпақ бойында өнерге деген қызығушылықты қалыптастыруда көркемдік білім беру жүйесінің заман талабына сай педагогикалық, әдістемелік бағыттарын жасау, оқу-тәрбие мазмұнын жаңарту қазіргі кездегі бастауыш мектептің аясында атқарылатын өзекті істердің бірі.
Бастауыш сыныптардағы көркем еңбек жүйесі өзінің ерекшеліктерімен оқушы қиялына әсер ете отырып, олардың шығармашылық қабілеттерінің артуына ықпал жасайды. Сондықтан көркем еңбек - оқушының еңбек қабілетін дамытудың негізгі факторы болып табылады. [5,19-20 бет]
Еңбек тәрбиесі қоғамдағыбарлық әлеуметтік тәрбие институттарының мақсатқа бағытты іс-әрекетін біріктіру негізінде жұргізілуі керек. оқыту және тәрбие барлық адамға берілуі керек дей отырып, Песталоции қоғамды қайта құрудың негізгі құралдарының бірі - мектеп деп есептеледі. Адамды дамытудың, тәрбиелеудің басты құралы еңбек деп санады. Еңбек адамның күшін ғана дамытып қоймайды, оның ойын дамытып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек тәрбиесі-қоғам мүшесі болып табылатын оқушының жалпы тәрбиесі барысының саласы. Мұның мақсаты еңбекке орынды қатынасты дамыту, қоғам байлығына үнемі қамқорлық сезіміне тәрбиелеу, еңбек тәртібін бекіту. Еңбек тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен біртұтас жүзеге асырылады. Еңбек барысында қоғамдық борышты саналы, тапсырылған іске жоғары жауапкершілікпен қарау, ұжымшылдық және тәртіптілік сияқты құлықтық қасиеттер дамиды. Еңбек тәрбиесі қоғамдағы барлық әлеуметтік тәрбие институттарының мақсатқа бағытты іс-әрекетті біріктіру негізінде жүргізілуі керек.
Жасөспірімдерді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау;оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру; еңбек мәдениеті дағдыларын дамыту, оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту.
Еңбек етуге әдеттену-бұл жәй ғана еңбекке үйрену емес, бұл адамгершілікті тәрбиенің жоғары деңгейі, еңбек процесіне құштарлық, еңбек етуге әзірлік, жұмысты істей білу,-дейді Н.К.Крупская, демек өз күшіңді және басқалардың күшін және жұмыстың жағдайын есептей білу.
Чернышевскийдің көрсетуінше, адамның рухани бейнесін сипаттайтын мінез-құлықтың, адамгершілігінің, басқа да қасиеттерінің өзгешелігі оның тұқымынан емес, адамның еңбегі мен өмір жағдайлары және тәрбиенің әсерінен болады. [6,122-бет]
Жеке адамның дамуында еңбектің рөлі өте күшті, адам еңбексіз дамымайды, азғындайды, кері кетеді. Еңбек туралы қазақтың тамаша мақалдары бар: Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей, Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, кісінікі дегенде, анау-мынау ісім бар.
Білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру үшін, әрине адамның еңбекке деген қызығушылығын, құштарлығын, өзіне пайдалы жағын дамытып, содан қоғамға қажетті жағы бар екенін түсіндіріп, еңбектің өнімділігін, еңбектің нәтижесі бар екеніне көз жеткізу керек.
Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздерін зерттей келе, алғашқы қауымдық құрылыстағы қарапайым еңбек құралдарынан бастап қазіргі кездегі жетілген өндіріс құралдары мен технология жабдықтарының жасалуы және қолданыста болуы дәлелденеді. Сондықтанда, ең алдымен, адамның еңбек тәрбиесін, адамгершілік парызын қалыптастыру келелі мәселелердің бірі болып саналады. [7, 89-90 бет]

1.2 Мектептегі еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері

Еңбек тәрбиесі дегеніміз еңбек етуте психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру.
Еңбек-тәрбиесінін мақсаты -- балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуте даярлыктарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру.
Еңбек тәрбиесінің міндеттері:
-- оқушыларды еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;
-- белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;
-- тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;
-- жастарға кәсіптік бағдар беру, оқушыларды еңбек іс-әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру;
-- оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Оқушылар бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге болады. Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек...Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек... Тәрбие адамның ақылын ғана дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет. [8,74-76 бет]
Оқу-өндіріс комбинаттарында, бригадаларда, цехтарда еңбек ету барысында оқушылар техникалық және технологиялық білімдер, еңбек тәжірибесін алады. Балалардың үй шаруашылығы, көркем өнер, қол өнер үйірмелеріне катысулары, олардың еңбектің өр түріне бейімділіктерін, икемділіктерін айқындайды.
Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашьшығында көптеген міңдеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.
Егеменді еліміздің бүгінгі таңда білім беру саласында қол жеткізген жектістіктері аз емес. Соның бір айғағы елімізде болып жатқан қоғамдық реформаларға орай әлеуметтік, экономикалық, рухани жағынан толысқан жан-жақты азаматтарды даярлау мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін, бүгінгі таңда еліміздегі білім беру жүйесі, әлемдік білім беру стандартына сай оқушылардың жас ерекшелігіне сай бағытталып, қоғамдық ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен тығыз байланысты шешілуі керек екені айғақты. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында мемлекеттің күш-қуаты ең алдымен кез келген азаматтың өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылым мен техниканың, өнердің, мемлекеттік және жекеменшік тұрғыдағы өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың іс-әрекеті мен байланысты анықталады деп атап көрсеткен [1].
Демек, болашақ ұрпақтардың ертеңгі күнгі күш қайраты, білімді болуы, өзінің ісіне жауапкершілікпен қарауы бүгіннен басталмақ. Сондықтан да әрбір оқушының әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты дамыған ретінде еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі бүгінгі таңда өзекті де көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан, біз орындаған зерттеу жұмысымыздың тақырыбына орай, алдымен шығармашылық ұғымының мән мағынасына түсініктеме беріп кетуді жөн көрдік.
Шығармашылық - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі және еңбек етуге құлшынысы деп білеміз. Демек, әрбір адам өмірге дұрыс жол табу үшін өздігінше дұрыс ой түйіп, саналы да сапалы және дәлелді шешімдер қабыл дай білуге үйренуі керек. Демек, шығармашылық қабілет тек адамға ғана тән нәрсе деп білеміз. Адам бойындағы қабілетті үнемі дамытып отқанда ғана, олардың өшуіне жол бермеуге, адамның рухани күшін нығайтып отыруына және де өзін-өзі танып білуіне көмектеседі деп білеміз[2, 15-бет].
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда еңбекке баулу (технология) пәнінің алатын орны ерекше. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу (технология) пәнінде бастауыш мектеп оқушылары алғашқы рет еңбек әліппесімен танысып отырып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, олардың эстетикалық тұрғыдан көркем шығармашылық белгілері артып отырса, одан ары қарай жоғары сыныптарда олардың ақыл-ой жүйесі дами түсіп олардың шығармашылыққа деген ұмтылыстары дами түседі деп түсінідіреді [3, 58-60 бет].
Сондықтан еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда бүгінгі мектеп оқушыларына жан-жақты білім беруде бүгінге дейін өтіліп келе жатқан мектептегі еңбекке баулу сабағы, қатардағы өтіліп келе жатқан пәндердің бірі болып саналынады. Демек еңбек тәрбиесіне баулу технология пәні арқылы жүзеге асырылып отырылады.
Жалпы еңбек тәрбиесі - қоғамда жасөспірімдер мен жастардың еңбекке адамгершілік қатынастарын қалыптастырған, белгілі мақсатқа бағытталған процес. Сонымен еңбек тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің біртұтас бөлігі. Еңбек тәрбиесінің міндеті - жасөспірімдерді еңбексүйгіштікке, еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Еңбек -- материалдық және рухани байлықтардың көзі, сонымен бірге, ол адам өмірінің ең бірінші шарты. Бір жағынан ол адамның өмір құралдарын табудағы өзара әрекеттесу процесі. Адамдардың бірге жүргізетін еңбек процесінде олардың еңбекке көзқарасы қалыптасады.
Бүгінге дейін адамзат баласының еселі еңбегінің арқасында ғылым мен техника қарқынды даму үстінде. Білім мен ғылымға ұмтылған жас жеткіншектерді күн сайын жаңалыққа толы дүниелерге құштар етуге бағыттап олардың ғылыми шығармашылық қабілеттерін дамыта түсу керек.
Сондықтан қазіргі кезде елімізде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен баулудың мәні одан сайын арта түсуде. Шәкірттерді еңбекке тәрбиелеу мен баулу, олардың бүкіл еңбек әрекетінің, ең алдымен оқушылардың жетекші еңбегінің ғылыми негіздерін игерудің бірілігі ретінде қарастырылады[4].
Тәрбие процесінде еңбек тәрбиесінің өзіндік ерекшілігі бар. Адам баласы тарихында алғаш рет мектептегі еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері қоғамның обьективтік талаптарын көрсетеді. Сонымен бірге ол әрбір баланың жан-жақты даму мүддесімен сәйкес келеді. Жас өспірімдерді еңбекке әзірлеу мектептегі барлық оқу жылдарында жүргізіледі, ал мұнан кейін арнаулы орта дәрежелі және жоғарғы оқу орындарында жалғастырылуы қажет. [9,147-148 бет]
Мектептегі еңбек тәрбиесінің ерекшілігінің бірі өсіп келе жатқан баланың адамгершілік сапаларын, еңбекке көзқарасын тәрбиелеу көзделеді.
Адамгершіліктің бастамасы қоғамдық пайдалы еңбектің барлық саласында еңбек адамдарын құрметтеуден басталады. Еңбек әрекеттеріне психологиялық әзірлік балаларда коғамға пайдалы мүше болуға ұмытылуды, даярлықты қалыптастыру нышаны пайда болады.
Ал оқу еңбегінің барысында еңбекке әдеттену, еңбек дағдылары мен іскерліктері кейінгі еңбек әрекеттерінің басқа салаларының дамуына әсер етеді. Оқу еңбегінің ерекшілігі оңың нәтижелері оқушьшардың өздеріне бірден білінбейді. Оқу еңбегі негізінен интеллектуальды (ақыл-ой) еңбек.
Еңбек тәрбиесінде еңбек сабақтарының мәні ете зор, оларда оқушылар еңбек операцияларын меңгереді. Бұл сабақтарда оқушылар өздері үшін керекті және басқа нәрселерді даярлайды, еңбек дағдыларын меңгереді, техникалық және технологиялық білімдерімен қаруланады. Оқушылардың еңбеккерлік сезімдері әсіресе жоғарғы сыньштарда еңбек тәрбиесінің ғылыми білімдерімен беки түседі. Оқушылардың еңбек ету әрекеттері дами түсіп, олардың еңбекке деген қызығушылықтары артып, олар әрбір істі саналы орындауға ұмтылыс жасай білуге әрекет етеді. Еңбек сабағында орындайтын тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға талпына бастайды. Ондай кезде мектеп оқушыларының шығармашылыққа бет бұру ниетін сөндіріп алмау керек. [10, 22-23 бет]
Мектепте өтілетін пәндердің бірі ретінде технология пәнінде мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулуда кластан тыс жұмыстардың мүмкіншілігі мол. Атап айтқанда оқудан тыс уакыттағы Шебер қолдар үйірмелеріндегі жұмыстар, еңбек әрекетін қамтиды, оқушылардың творчестволық ойларын дамытады. Үйірмелерде әрбір оқушылар тек кана сабақтарда алған практикалық дағдыларын ғана дамытып жетілдірмейді, сонымен бірге өз істерінің-әрекеттерінің түрлері мен әдістерін тыңдауда инициатива көрсетеді, өз еңбегін тиімді етудің жолдарын іздестіреді, еңбекке творчествоны енгізеді.
Көптеген жоғарғы класс оқушылары техникамен әуестенеді, бұған еліміздегі техникалық прогресстің өрістеуі, мектептің өмірге, өндіріске жақындай түсуі, оның материалдық-техникалық базасының нығаюы себеп болады. Осыған байланысты кейінгі кезде мектептерде және мектептен тыс тәрбие орындарында техникалық үйірмелер жүйесі кеңейе түсті.
Кең түрде ұйымдастырылған пән үйірмелері де (химия, математика, физика т.б.) кеңінен дамыған. Бұндай үйірмелерде оқушылардың ақыл-ой жұмыстары дене, қол еңбектері мен ұштасып отырады. Оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін және творчествосын дамытады.
Үйірмелерге қатынасушылар оның жұмысына көптеген жаңалықтар мен зерттеулер енгізеді. Бірақ үйірмелер барлық балаларды қамти алмайды. Сондықтан олардың жұмыстары жалпы бұқаралық істермен толықтырылып отырылады. Мектептерде ғылым мен техникаға арналған арнайы кештерде өткізіледі, оқушылардың өндіріс озаттарымен кездесулерінде мектеп оқушыларының үйірме жұмыстарына қызығушылықтары арта отырып шығармашышыққа бет бұра бастайды. [11, 96-98 бет]
Барлық сыныптағы оқушылар іс-әрекетке құштар. Жалқаулық, жұмыссыздық, кертартпалық балалар табиғатына жат. Ал мұндай ерекшеліктердің кейбір оқушыларда кездесуі - бұл теріс тәрбиенің, еңбек әрекеттерінен алшақ ұстаудың, ақсаусақ етудің нәтижесі. Өз әдетіне сәйкес еңбек үстінде балалардың өзіндік іс-әрекеттері кеңейе түседі. Қоғамдық пайдалы еңбек процесінде оқушьшар өз жолдастарымен еңбек қарым-қатысына тартылады (сынып, мектеп, ересектер ұжымына), еңбек сабақтарында және кластан тыс жұмыстарда тәрбиеленетін қасиеттер, сапалары беки түседі; өз еңбегіне жеке басының жауапкершілігі, іске тврочестволық қатынасқа тәрбиелейд деп атап өтеді [5, 72-73 бет].
Жастар тартымды, қоғамдық мәнді іс-әрекеттерге құштар. Сондықтан күн сайын қайталап отыратын тек кана төзімділікті, ептілікті талап ететін бір сарынды күнделікті еңбек оларды әрдайым қызықтыра бермейді. Оқушылар орындайтын жұмыстарының мәніне түсінгеннен кейін ғана жемісті жұмыс істеуге үйренеді, олардың еңбекке көзқарасы өзгереді, жұмыста ұйымшылдық көрсетеді.
Мектеп оқушыларының еңбек процесін дұрыс ұйымдастырудың мәні зор. Еңбектің бір саласының өзі әр түрлі жағдайда ұйымдастырылуы мүмкін. Жұмыстың ұйымдастырылуының әдісіне қарай оқушылардың сол жұмысқа көзқарасы да, оны орындауы да әртүрлі болады.
Еңбек процесінің ретті кұрылуы үшін оқушьшардың бір тобының еңбегі басқалардың еңбегімен байланысты болғаны жөн.
Мұндай жағдайда әр ұжымдардың арасында еңбек байланыстары құрылады. Оқушылар өздерін үй және маңызды істі, қоғамдық мәнді істі орындаушылар деп санайды. Демек, еңбектің қоғамдық әсерлілігі, тиімділілігі сол еңбектің мазмұнына ғана емес оның ұйымдастырылуы тәсіліне де байланысты. Оқушылардың еңбек әрекеттерінің тиімділігі жарыс ұйымдастырылған жағдайда едәуір арта түседі. Класс активі жарыстың көрсеткіштерін алдын-ала ойластыра белгілейді, онымен барлық оқушыларды таныстырады [12, 63-64 бет].
Жарыс оқушыларды жұмыстың алғашқы басталу кезеңінде-ақ кызықтырады, әуестендіреді. Жарыстың бір түрі - конкурстар, бұлар класс ұжымын немесе бүкіл мектеп ұжымын қамтиды. Оқушыларда қуаныш ар-намыс сезімдерінің тууының мәні зор балаларды жолдастарына көмектесу, жалпы істің жемісті болуына тәрбиелеу керек.
Оқушылардың білім алуында шығармашылық әрекетін белсендіруге, олардың интеллектуалдық, рухани-адамгершілік дамуын арттыруға байланысты мәселені шешу дидактикалық тәсілдерді өзгертуді және мұғалім ақпаратына берілетін уақыт бөлігін азайтып, оқушының өзіндік танымдық, шығармашылық іс-әрекет уақытын көбейтуге әкелетін, оқу уақытын қайта бөлуге орай қажетті жаңартулар жүргізуді талап етеді
Мұғалім тарапынан берілетін ақпарат оқушылардың қызығушылықтарын, жаңа мазмұнды зерттеуге деген құлшыныстарын арттыру мақсатында, өзекті мәселе туындату үшін қолданылады.
Қорыта келгенде әлемдік бәсекелестік заманда әр адамның білім санасы, қабілет деңгейін іскерлік деңгейін, іскерлік мүмкіндіктерін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіндегі өткір қойылып отырған мәселелерінің бірі. Демек, бәсекеге қабілетті интелектуалдық күші жеткілікті маман кадрлар әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономикасы дамымайтыны белгілі. [13, 126-127 бет]
Сондықтан адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік қабілеттілігі оның үстіне қазіргі кездегі бизнеспен айналыса білетін кәсіптілікті дамыта білетін жаңашыл тұлғалық шығармашылық ойлауына қатысты анықталатыны белгілі. Жалпы мектеп оқушыларын еңбекке баулу негізінде оқушыларды шығармашылыққа баули білу мектептерде өтілетін еңбек пәнінің негізгі міндеттері толып саналады. Өйткені оқушыларға өндірістік білім негізін қалыптастыратын негізгі пәннің бірі еңбек пәні арқылы мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділіктерін дамытуда көптеген мүмкіндіктер бар деп толық айта аламыз. Ал, тұлға тәрбиелеудің ең негізгі алғы шарттары - шығармашылыққа ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. [14, 56-58 бет]

1.3. Еңбекке үйрету және оған байланысты оқуды ұйымдастырудың формалары

Еңбек тәрбиесінің анықтамасы мен еңбек тәрбиесінің жүйесі әр түрлі әдебиеттерде өзінше берілген. Жалпы еңбек тәрбиесі дегеніміз -- оқушыларды педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әр түрлі қоғамдың пайдалы, өзіне де пайдалы еңбекке үйретіп, өндірістік тәжірибе жинақтап, еңбектен білім беріп, дағдыны қалыптастырып, іскерлікте, ілкімділікте ңызмет жасауға сауатты араласуға мүмкіндік жасау. Бұл жерде оқушылардың тәжірибелік ой-өрісі кеңейеді, еңбекқорлығы қалыптасады, жүмысшы адамның санасы нығаяды. Еңбек тәрбиесіне -- оқушыларымызға бастапқы кәсіптік білім (мамандықтың алғашқы ңадамы) де жатады. Мұнда кәсіптік бағдарды, еңбекқорлыңты, еңбексүйгіштікті қалыптастыруды басқа да еңбекке деген өнегелі, сауат-ты ңатынастар жатады.
Бүгінгі Қазаңстан мектептері негізінен жалпы орта білім беретін, еңбекке тәрбиелейтін политехникалық оқу орны болып келеді. Кешегі кеңес дәуірінде де солай аталған. Бірақ мазмұны бөлек болуға тиіс. Болуға тиіс деп айтып отырғанымыз тегін емес. Себебі бүл салада өзгеріс шамалы, керісінше материалдық базаның нашарлығына байланысты шеберхана, еңбек біліміне, төрбиесіне арна-лған түрлі өндірістік бригадалар, кәсіптік өндірістік ком-бинаттар жөнді жүмыс істемейді немесе кей жерде тоқтап та тұр. Бірақ біздің ойымыз болашаңқа бағытталған. Кейінгі жылдары жалпы орта мектепке деген көзқарас өзгере бастады. Кейбір мектептерде 12 жылдыққа көшуге әксперимент жүргізілуде. Осыған орай еңбек тәрбиесіне байланысты өзгерістер болатын шығар деп үміттенуд еміз. Сонымен мектебіміз -- жалпы орта білім беретін, еңбекке тәрбиелейтін политехникалың мектеп. Бұл дегеніміз -- оқушыларға жалпы орта білім беріп, еңбекке тәрбиелеп, техникадан мәлімет беру. Осы үшеуінің ең негізгісі -- жалпы орта білім. Сол жалпы орта білім беру барысында 1-сыныптан бастап оқушыны мектеп бітіргенше еңбек сабағында еңбекке тәрбиелейміз, сабақтан тыс уақытта түрлі еңбекке тартамыз және соңғы техникалық жаңалықтар тіліне үйретеміз. [15, 19-25 бет]
Еңбек тәрбиесі нәтижелерінің ұтымдылығы көп жағдайларға байланысты:
-- Еңбектің ңүндылығы, пайдасы. Ол қоғамға немесе оқушының өзіне ңандай пайда келтіреді;
-- Еңбектің ңазіргі өмір талабына сөйкестігі, жаңа техника, технологияны қолдану. Бүгінгі күні компьютерді пайдалану, кішігірім нан, сыра зауыттарын, шүжың цехтарын іске қосу, т.б.
-- Еңбектің дәл ұйымдастырылуы, оның өнімділігі және тиімділігі.
Бала еңбегінің ерекшелігін, оның психологиялық өзгешелігін естен шығармағанымыз жөн. Олар:
-- Еңбек әр уақытта нәтижелі болуға тиіс. Нәтижесіз жүмысңа бала салғырт қарайды, құлшынбайды.
-- Нөтиже баланы жаңа іске құлшындырады. Мүны балаларды жұмысқа жұмылдырғанда үстаздардың есінде болғаны жөн.
-- Нәтиже баланың жүмыстағы төуелсіздігін қалыптастырып, өздігінше іс тындыра алатындығына сенеді, іс-керлік пен дағды ңалыптасады, еңбекке деген ңүштар-лығы артады, еңбектену қажеттігі туындайды. Нөтиже-сіз еңбек баланың психикасын бүзады, жігері, еркі қүм болады, еңбекке деген зауқы соқпайды. Мүндай жағдай-да үстаз шәкіртті қуаттап, балаға не себепті еңбегінің еш болғанын, үлкен еңбекке үлкен талпыныс, жігер, қайрат, білім, ңайсарлық керек екенін түсіндіру қажет.
Еңбек тәрбиесіндегі педагогикалың басты заң -- еңбектің шәкірттерге, қоғамға қажеттігін балаларға түсіндіру, бүгінгі шәкірт ертең сол қайнаған еңбектің ортасында болатынына, еңбек үжымының бірауыздылы-ғына байланысты екеніне көзін жеткізу. Еңбек төрбиесіндегі педагогикалың келесі заң -- бала еңбегін әрдайым қуаттау. Бала еңбегі ересектер тарапынан ңолдау тауып тұрғаны жөн. Еңбектің нәтижесі көрінсе бала қуаттанады, жауапкершілік сезімі оянады, ұжым алдында марқаяды, қызығушылық танытады. [16, 24 бет]

II. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫ МЕН АЗАМАТТЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ

2.1. Еңбек тәрбиесі жүйесінің ерекшеліктері

Еңбек тәрбиесі-өмір кілті, бақыттың тұтқасы. Мектепте еңбекке тәрбиелеу-тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Адамды дамытудың, тәрбиелеудің басты құралы еңбек деп саналады. Еңбек адамның күшін ғана дамытып қоймайды,оның ойын дамытып, мінез құлқын қалыптастырады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдері еңбек тәрбиесінің құралы болып табылады. Еңбек-жеке адамның өркендеуіне, санасы мен қайратының қалыптасуына әсер етеді.
Еңбек тәрбиесі-қоғам мүшесі болып табылатын оқушының жалпы тәрбиесі барысының саласы. Мұның мақсаты - еңбекке орынды қатынасты дамыту, қоғам байлығына үнемі қамқорлық сезіміне тәрбиелеу,еңбек тәртібін бекіту. Еңбек тәрбиесі тәрбиенің басқа салаларымен біртұтас жүзеге асырылады. Еңбек барысында қоғамдық борышты саналы тапсырылған іске жоғары жауапкершілікпен қарау, ұжымшылдық және тәртіптілік сияқты құлықтық қасиеттер дамиды. Жасөспірімді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар: балаларды еңбекке психологиялық және практикалық тұрғыдан даярлау, оқушылардың еңбек дағдыларын қалыптастыру, еңбек мәдениеті дағдыларын дамыту, оқушылардың ынтасын және қабілетін дамыту. Бастауыш сыныптардағы көркем еңбек жүйесі өзінің ерекшеліктерімен оқушы қиялына әсер ете отырып,олардың шығармашылық қабілеттерінің артуына ықпал жасайды. Сондықтан көркем еңбек - оқушының еңбек қабілетін дамытудың негізгі факторы болып табылады. Оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаттары: [17, 69 бет]
- баланың еңбекке қабілеттілігін дамытып,жетілдіру,еңбекті сүюге баулу;
- баланы еңбекке машықтандыру арқылы іске икемділігін,іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру;
- еңбекті табысты шығармашылықпен орындауға, ерікті түрде еңбек етуге үйрету,еңбекке қызығуын арттыру;
- баланың бойындағы талант пен дарынын зерттеу және дамыту;
- білім мен тәжірибе негізінде еңбекті өнімді,жемісті етіп жасауға және кәсіби нңбек түрі мен өнертануға баулу;
- оқытудың негізгі ұстанымдарын анықтау және басшылыққа алу;
- балаға білім алуы үшін әртүрлі жағдай туғызу;
- баланы жалқаулықтан сақтау;
- бала еңбегін ынталандыру және насихаттау;
- еңбектің нәтижелілігін арттыру;
- балаға бақылау жасау;
- жұмыс орнында гигиеналық тазалықты сақтау;
- әр оқушыға жеке әдіс пен тәсілді қолдану;
- мұғалім мен оқушының арақатынасын неғұрлым жақсы жолға қойып,өзара сенім туғызу;
Еңбек тәрбиесі барлық тәрбиенің қайнар көзі:тамақты пісіру,киімді пішу,тігу,тоқу,қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз.
Еңбек тәрбиесін нәтижелі ұйымдастыру үшін педагогикалық жағдайлар қарастырылуы керек. [18, 49 бет]
Оқушылардың еңбегін оқу, қоғамдық-пайдалы және өнімді еңбек мақсатын көздейтін оқу-тәрбие міндеттеріне үйлестіру керек. Осындай еңбек түрлерінде оқушы білік пен еңбек дағдыларын тәжірибеде қолдануды үйренеді. Еңбек тәрбиесінің міндеттері отбасында, үйірме жұмыстарында қосымша білім мекемелерінде жүргізіледі.
Қоғамдық мәні бар еңбекті, оқушы қызығушылығын ескере отырып, бірге қарастыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері
Мамандық таңдауға дайындығы және кәсіби ниеті
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Бала психикасының дамуын стратегиялық зерттеу
Патриотизм ұғымы және оның негізгі қағидалары
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері туралы
Қазіргі тәрбие құндылықтары бейнесінде оқушыларды еңбекпен тәрбиелеу
Отбасы - рухани тәрбиесі
“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама
Пәндер