Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы әдіскердің рөлі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Курс жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында Мектепке дейінгі тәрбие - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшілігін ескере отырып дамытатын орталық[1] делінген.
Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан тәрбиешілерге мәдениетті, білімді, белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогикалық мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Сондықтан да қазіргі кезде болып жатқан тарихи - әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде, мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына, тәрбиелеуіне жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді.
Демек, біздің қоғамда, бүгінгі таңда жас сәбидің өмірін толыққанды ұйымдастыру үшін балабақшаның орны ерекше. Міне, осындай жеке тұлғаны қалыптастыруда мақсатқа жеткізетін сара жолдың бірі жаңаша балабақшада оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырып жүргізу. Ол кейінгі жылдары педагогика ғылымында жиі пайдалана бастаған жаңа ұйымдардың бірі- инновациямен байланысты.
Біз, бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзіміздің елімізде іске асыра отырып, біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жеткен бағыттарды жаңырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет, екіншіден, жаңғырта жаңғыртуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек деп ҚР Президенті Қазақстан халқына Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан Жолдауында көрсетілгендей қоғамдағы өзгерістер мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де елеулі жаңалықтар әкелді. [2]
Осы орайда қазіргі таңда балабақшалардың алдына қойған міндеті де жоғары. Себебі, ұрпақ бойындағы алғашқы білім мен тәрбие дағдылары дәл осы мектепке дейінгі мекеме табалдырығында қаланатыны ақиқат. Соңғы уақыттағы демократиялық жаңарулар тәрбиешілердің, әдіскерлердің шығармашылық қызметіне заңды түрде еркіндік берді. Еркіндік бере отырып, баланың жан-жақты дамуына жоғары деңгейде әсер ететін технологияны таңдау міндеті жүктелді. Ал ол міндетті шешетін де, жүзеге асырушы да шебер тәрбиеші екені баршамызға белгілі. Осы ретте тәрбиешілердің жаңа бағдарламаны тиімді пайдалану үшін олардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, шығармашылықпен еңбек етуіне бағыт беріп, қазіргі заман талаптарына сай инновациялық бағытта дұрыс ұйымдастыра білу- әдіскер ретіндегі үлкен ізденіс пен жауапкершілікті талап етеді. Балабақша әдіскерінің негізгі міндеттері білімділік, зерттелушілік, ендірушілік, ақпараттық, кеңес берушілік, сараптамалық, бағалаушылық бағытта анықталады. [3]
Курс жұмысының мақсаты: Мектепке дейінгі мекемелердегі әдіскер қызметінің негізгі бағыттарымен таныса отырып, әдістемелік кабинеттің жабдықталуын қарастыру.
Курс жұмысының міндеттері:
oo Әдіскердің лауазымдық міндеттерімен танысу;
oo Әдіскердің негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталу;
oo Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы әдіскердің маңызы мен рөлін анықтау.
Курс жұмысының болжамы: Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда әдістемелік жұмысты тиімді әрі қазіргі білім беру кеңістігіндегі талаптарға сай ұйымдастыра білсе, сонымен қатар әдістемелік жұмыстарға жауапты тұлға - әдіскердің жұмысында жаңартылған идеялар мен шығармашылық бағыттағы педагогикалық прцесс ұйымдастырылса, білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы - балабақшаның жұмысы жандана түседі.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі педагогика
Зерттеудің әдістері:
oo озат тәжірибені қолдану;
oo жинақтау, топтау;
oo Зерттеу.
Зерттеудің құрлымы: Курс жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу объектiсi: балабақшадағы оқу-тәрбие процесіндегі әдіскердің рөлі

I ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТТІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСКЕР ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Әдіскер жұмысының негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыты білім сапасын жаңа деңгейге көтеру болып табылады.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсатына жетуі мектепке дейінгі білім деңгейі мазмұнын ұйымдастыра алатын педагогикалық корпустың басым шоғыры болуына байланысты.
Тәриеленушінің жолы мектепке дейінгі білім беру ұйымынан басталады. Дәл осы кезде баланы қалай тәрбиелесең, қандай білім берсең, ертеңгі жас Қазақстандық сондай болады. Владимир Иванович Даль айтқандай: Тәрбиеленуші қандай болсын десе, тәрбиеші де сондай болуы тиіс. Сондықтан, ең алдымен, тәрбиеші өз жұмысын дұрыс ұйымдастырып, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды, қызықты сценарийлерді, ойындарды, мағыналы тәрбие сағаттарын және т. с. с. қолданса, қазіргі заманға сай, өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денсаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіре алатыны сөзсіз. Осы тұста әдістемелік кабинеттің әдіскері - тәрбиешілер үшін жол көрсететін шамшырақ деуге де болады. [4]
Әдіскер өз жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырса, жұмысы да, тәрбиешілер жұмысы да нәтижелі болады. Ю. А. Конаржевский айтқандай: Талдаусыз ақпарат өлі, ал мақсаты жоқ болса бақылаудың да қажеті жоқ. Әдіскер алдымен алдына мақсаттар мен міндеттер қою керек. Мысалға, келесідей мақсаттар қоюға болады:
oo Педагогикалық үрдістің үздіксіз жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау;
oo Инновациялық білім беру ортасын, педагогикалық және басқару кадрларының потенциалын дамыту арқылы мектепке дейінгі білім бру ұйымының (МДБҰ-ның) кешендік жетілуіне көмектесу.
Міндеттері:
oo МДБҰ педагогикалық тәжірибелерінің нәтижесін айқындау, талдау, бағалау.
oo Ғылыми-әдістемелік әрекеттің түрлі формалары арқылы (әдістемелік бірлестіктер, мастер-класстар, мәселелік тәжірибелік семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ж. т. б.) педагогикалық шеберліктің дамуына бағытталған жұмысты жүргізу.
oo Жаңа педагогикалық технологиялардың, ғылыми жетістіктердің, педагогикалық тәжірибе мен ақпаратты-коммуникациялық технологияларының енгізілуіне қолдау жасау.
oo Шығармашылық тұрғыдан белсене жұмыс атқаратын педагогтардың тәжірибелерін жалпылауға және таратуға көмектесу: кәсіби сайыстарға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатыстыру арқылы.
oo Оқыту-тәрбиелік үрдісте қазіргі заманғы құралдарды қолдануды жетелеу. [35]
Әдістемелік кабинет әдіскер жұмысының құрылымы
oo үздік тәжірибе тарату шараларын ұйымдастыру
oo педагогикалық шеберлік дамуына бағытталған шараларын ұйымдастыру
oo бақылау, бағалау, қолдау, ынталандыру, бағыттау
oo сайыстарға, конференцияларға,жобаларға қатыстыру
oo оқу үрдісінде заманауи құралдарды қолдануға жетелеу
oo тәрбиешілер біліктіліктерінің арттырылуын қадағалау
oo Жаңа дәуір оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендермен оқу-тәрбие үрдісін қамтамасыз ету.
Еліміздегі әр шағын орталық, әр балабақша сапалы білім мен сәйкесінше тәрбие беруі қажет. Ол үшін әр тәрбиеші күнделікті сабақ жоспарларын жазумен шектеліп қоймай өз-өін дамытып, өз жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарап, шығармашыл болуы тиіс. Осы орайда әдіскердің міндеті - тәрбиешілерді ынталандыру, шығармашылық дамуына жағдай жасау. [5]
Біріншіден, педагогтар жұмысында себі тиетіндей, көмек болатындай материалдары бар аудандық семинарлар өткізілуі тиіс. Тақырытары төмендегідей болуы мүмкін: Жаңа педтехнологиялар, Жас маман - ертеңгі білікті ұстаз, Дені сау бала - дені сау Республика, Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қабілеттерін ойын-жаттығулар арқылы дамыту, Балалардың шығармашылық әрекеттерін дамытудағы дәстүрлі емес бейнелеу технологиясы, Балабақша-Бала-Ата-ана бірлестігі, Инклюзивті тәрбиені дамыту және Монтессори әдісін енгізу-заман талабы және т. с. с. Әдіскер семинардың ұйымдастырылуын қадағалайды: мақсаттарын, міндеттерін айқындап, жоспарын құрады немесе құруға көмектеседі. Үздік тәжірибе таратылуын қамтамасыз ете отыра, тәрбиешілердің зейінін арттыруға бағытталған, семинар мазмұнына байланысты болатындай ойындар, викториналар, сергіту сәттерін өткізілуін ұсынады. Сондай-ақ, семинарға қатысуға ауданның немесе қаланың жан-жағынан келген тәрбиешілердің бір жерде жиналуына байланысты семинар тақырыбынан бөлек, сол кезде өзекті мәселелер бірінің басын ашуы міндетті. Мысалға, педагог кадрларының аттестациядан өту ережелері мен ерекшеліктері, мониторинг мәселелері, ата-аналар жиналыстарын өткізу ерекшеліктері және т. с. с. өзекті мәселелерге әдіскер тоқталуы тиіс.
Семинарға жиналған тәрбиешілер ешқашан құр қол кетпеуі керек. Оларға семинар ұйымдастырушы мекеме ұжымы семинар материалдарын, ал әдіскер ғаламтордан, біліктілікті арттыру институтынан жинақтаған әдістемелік материалдарды ұсынуы орынды. [6]
Әдіскер жұмысының тағы бір міндеті - шығармашылық топ жұмысын ұйымдастыру, нәтижелілігін қадағалау. Топ жиналысында аудан бойынша өткізілетін шаралардың жылдық жоспарын талқылап, әр мүшеге міндет қойылды. Жалпы шығармашылық топ жұмысы әр әдіскерге үлкен көмек тигізеді. Бір адамның ойы - бұлақ, көзі ашық адамдар ойлары - су тасқыны дер едім. Сан алуан қызықты ойлар, стандартты емес шешімдер табуға болады. [34]
Шебер педагог - не ойды, не технологияны дайын күйінде қабылдамайтын - оларға қатыстыны өздігінен анықтайтын және жеке шеберлігін қалыптастыра алатын маман. Тәжірибелі маман сабақты өз қабілетіне қарай тәжірибесіне сүйеніп өткізеді және өзінің білім жиынтығын қалыптастырады, оны кәсіби мәселелерді шешуге жұмсайды. Отандық мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қойылған мәселені шешу құралдарының бірі - әдістемелік жұмыс. Тәрбиешілердің жыл бойында өткізген ашық сабақтарының, ертеңгіліктерінің сценарийлерін, ойындарды, санамақтарды, сергітулерді жинап Тәрбиешілердің әдістемелік қоржыны атты әдістемелік жинақ шығаруға болады. Бұл, біріншіден, тәрбиешілер мен әдіскерлерді шығармашылық талпынуға ынталандырады, екіншіден ұйымдастырылатын сайыстарға материалдары дайын тұрады, үшіншіден үздік материалдар бір жерде жинақталып оны әр жас маман, әр тәрбиеші өз жұмысында пайдалана алады. Үлгісіне қарап өздері де сондай сапалы жоспарларды жазуға талпынады деген ойдамын. [7]
Сондай-ақ сырттай оқып жүрген тәрбиешілерді жыл сайынғы өткізілетін студенттер арасындағы ғылыми жұмыстар сайысына қатыстыруға болады. Жоғарыда аталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру арқылы келесідей нәтижеге жетуге болады:
oo Тәрбиешілер мен мұғалімдер біліктіліктерінің үздіксіз артуын қамтамасыз етілуі.
oo Жоғары біліктілігі бар педагогикалық мамандар үлесінің артуы.
oo Тәрбие мен білім беру үрдісінің ұйымдастырылуы нәтижелілігінің өсуі.
Білім беру бөлімдерінде қызмет атқаратын әдіскер жоспар бойынша жүргізілетін есептер мен ағымдық сұрақтар бойынша жоғары тұрған органдарға жауаптар жазумен шектелмей өзіне тиесілі жұмыстың ұйымдастыру-әдістемелік саласын жетілдіруі тиіс. Сонда ғана тапсырылатын есептерде сапалық көрсеткіштер де артады.

1.2. Мектепке дейінгі әдіскер және әдістемелік қызмет
Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі-білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласында да өз әсерін тигізуде.
Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуында қалыптасып отырған жаңа жағдаяттар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттілігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бірі - Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жариялануы болса, Президентіміз Н. Назарбаевтың Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты Қазақстан халқына жолдауында да білім беруге үлкен мән беріліп отыр.
Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесінде де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор - адам және жеке тұлға болып қала бермек. [8]
Ғылым мен техника аршындап алға басқан, қарыштап қадам басқан ХХІ ғасырда бүкіл әлемді шарпып келе жатқан жаһандану процесі, ғылым мен білімді игерудегі бәсекелестіктер т.б. дүние өзгерістері бізді де толғандырады. Болашақта тек білімді ел ғана қандайда болмасын бәсекелестікке төтеп бере алып, өзін-өзі сақтап қалатыны сөзсіз. Ел болашағы - білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру білім беру мекемелеріне ортақ іс.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында Мектепке дейінгі тәрбие - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық делінген .
Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс - тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгіні де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр.
Мектепке дейінгі білім мекемелері басшылары алдында тәрбие мен білім беру ісінің мазмұнын серпінді түрде дамыта отырып, тиімділігі мен сапасын арттыру міндеті тұр. Осы заманғы басшы мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері, сонымен қатар әдістемелік қызметті басқару мәселелерінде білікті болуы тиіс. Мектепке дейінгі мекемедегі әдістемелік қызмет педагогикалық ұжымның жұмысын білім беру бағдарламалары міндеттерін шешуге бағыттайтын болғандықтан басқару ісіне жатады. [9]
Басқарудың тиімді тәсілі-менеджменттік басқару. Ю.Конаржевский Менеджмент және мектепішілік басқару кітабында Ұстанымдар жүйесі ашық және оны өмірде игеру, теориялық одан әрі ұғыну барысында басқа ұстанымдармен толығып отырады дей келе, ұстанымның бірнеше түрін ажыратып көрсетеді.
Адамға құрмет және сенім ұстанымы. Бұл ұстаным оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушыға бірнеше талаптар қояды. Олардың ішінде мыналарға назар аударған жөн.
oo адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқы мен мүмкіндіктерін мойындау;
oo өзара құрмет егізінде сенімділік ахуалдықалыптастыру;
oo адамға өзін-өзі таныту, өз мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау;
oo бастамашылдықты, шығармашылық биімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді барынша дамыту.
Ынтымақтастық ұстанымы. Талаптар:
oo адаммен педагогикалық жүйенің пассивті элементі емес, белсенді факторы ретіндесанасу;
oo педагогтардың жеке қасиетін білу және ескеру;
oo білім мекемесінде жоғары өнімділікті жұмыстық ахуалды қалыптастыру;
oo педагогтың бойындағы балаларға деген ізгіліктік қатынастарды, құзіреттілікті, басшылықты, жауапкершілікті бағалау;
oo мамандар тарапынан болатын кез-келген педагогикалық мақсатқа лайықты бастамаларға қолдау көресту, мұқияттылық, көзқарас таныту.
Тұрақты жаңғырту ұстанымы. Бұл ұстаным жаңа технологияларды және оқыту мен тәрбиелеәдістемелерін игеру, ұйымдастыру және психологиялық құралдарды өзгерту, үрдістерді ұйымдастырудың негізгі басшылық ұстанымы болып табылады. Осы ұстаным негізінде жаңашылдық қалыптасады. Жаңашылдықты енгізуді үйретуден бастау керек. Әрбір жаңаша құрылатын тиімді жұмыс бағдарламасының 5 сатысы болады. [33]
oo Әр жұмысты тапсырмаларға бөліп, әр бөлімді жан-жақты түсіндіріп шығу керек.
oo Түсіндіріп қоймай, өзіңіз соны істеп көрсетуіңіз керек.
oo Енді өзі жасап көруіне мүмкіндік беріңіз.
oo Атқарылған іске ағымдық бақылау жасау, міндетті түрде мадақтау.
oo Жетістікті айтып мақтауын жеткізу, ал кеткен кемшілікті өз мойыныңызға алып, оны өзіңізден іздеңіз.

Осы аталған ұстанымдарды ескерген жағдайда ғана әдістемелік жұмыс нәтижесі болары белгілі. [10]

1.3. Мектепке дейінгі мекемлердегі әдістемелік кабинет
Әдістемелік жұмыс - мектепке дейінгі мекемедегі барлық педагог қызметкерлердің өз мамандығын жетілдіретін, шеберлікті арттыратын, озат тәжірибе мен ғылым жаңалықтарын өз жұмысына шығармашылықпен енгізетін бірден-бір жұмыс түрі.
Балабақшадағы әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін бірден-бір адам, ол -- әдіскер. Басқару қызметінің негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын білместен әдістемелік жұмысты сауатты ұйымдастыру мүмкін емес. Педагогикалық үрдістің тиімділігі әдіскердің барлық басқару қызметтерін бірдей дәрежеде сапалы орындауымен анықталады. Сондықтанда әдіскер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері және жүйелі бассқару мәселелерінде білікті болуы керек. Әдіскер өз жұмысын ғылыми негізде теориялық тұрғыда сауатты жүргізе білсе, онда практикада жүйелілік, бірізділік қалыптасып нәтижесі табысты болмақ.
Әрқашан даму үстіндегі кәсіби білім көтеру жүйесінің басты тұлғасы - кәсіби дайындығы жоғары, жеке басының емес, педагогтың жағдайын ойлайтын, жаңа талапқа сай технологияны тез меңгере алатын және оны оқу-тәрбие үрдісінде шебер қолдана білуге үйрететін -- әдіскер.
Кәсіби білім көтеру гуманизмі бұрынғы Маған тәуелді адамдарға әмір жүргіземін деген көзқарасты жойып, Менің мамандығыма мұқтаж адамдарға көмектесемін деген бағытты ұстанады.
Әдіскер маман иелерінің есінде болатын жайт: ең алдымен әдіскер жоғары мәдениетті, өз ісіне жауапты, тыңдаушыларға немқұрайлы қарамайтын, олардың көңілінен шыға білетін маман болуы тиіс. Білім беру жүйесінің қазіргі заман талабы қатардағы әдіскерден жаңашыл болуды, кәсіби шебер, өмірге бейімділікті, қызметте жақсы нәтиже көрсете білуді талап етеді. Білім жетілдіру жүйесінің басты міндеті - маманға көмек көресту.
Білім беру жүйесіндегі бұл категория -- өз қызмет талабына байланысты әдістеме ілімімен кәсіби шұғылданатын педогогикалық қызметкер.
Әдіскер белгілі бір педагогикалық жүйені әдістеме жағынан қамтамасыз етеді, педогогикалық кадрлардың кәсіби білімін жетілдіруге қатысады.
Әдіскердің өмірден алған тәжірибесі, қабілеті, адамгершілігі, қарапайымдылығы, мінез-құлқы әлдеқайда жоғары деңгейде болуы тиіс. Ол қандай қиын жағдай болсын, кедергілерге қарамастан педагогтармен тікелей тынымсыз жұмыс жасайды. [11]
Мектепке дейінгі мекемедегі методикалық кабинет педагогикалық ұжымның Балабақшадағы тәрбие программасын жүзеге асыруы, жұмыс күніне, педагогикалық советке немесе ата-аналар жиналысына, өз бетімен білім алу сабақтарына және т.б. даярлық істеуіне күнделікті және мақсатты методикалық көмек көрсету үшін жасалады.
Методикалық кабинеттің материалдары Балабақшадағы тәрбие программасының талаптарына сай іріктеп алынады, сонымен бірге әрбір мекеменің өз жұмысына тән ерекшеліктері, жылдық жоспардың нақты міндеттері және балалармен жүргізілетін жұмыстың жағдайы ескеріледі. [32]
Методикалық кабинетте бұйрықтар, БҒ министрлігінің циркулярлық және методикалық хаттары, нұсқаулары, коллегиялардың шешімдері, сондай-ақ тәрбиешілердің, музыка жетекшілерінің, педагог-дефектологтардың жұмыс тәжірибесінен алынған материалдар - озық тәжірибе, календарьлық жоспарлар, ашық өткізілген сабақтың, ойынның, еңбек қызметінің, серуеннің және тағы басқаның конспектілері пен протоколдары, талқылаулары; мерекелік ертеңгіліктердің программалары, ата-аналарға арналған консультациялар мен тақырыптық көрмелердің және т.б. материалдары болуы тиіс. [36]
Методикалық кабинетте сонымен қатар қаланың, ауданның, еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінің жұмыс тәжірибесі болуы керек. Осы материалдардың бәріне аннотация беріледі. Аннотацияда (оны меңгеруші немесе тәрбиеші-методист жасайды) тәжірибенің мазмұны қысқаша баяндалады және оны пайдалану жөнінде нұсқаулар беріледі.
Материалдарды іріктеуде белгілі бір жүйе сақталуы тиіс. Мысалы, жан-жақты тәрбие міндеттерін іске асыру жөніндегі материалдар қызмет түріне қарай, ал содан кейін баланың жасына қарайғы принцип бойынша топталуы тиіс. Немесе, керісінше, жүйелендірудің негізіне баланың жасына қарайғы принципті алуға, ал әрбір топты материалдарды бала қызметінің түр-түріне қарай орналастыруға болады. [12]
Методикалық кабинетте көрнекі оқу құралдары сақталады. Бұл белгілі бір көмекші құралды түрлі сабақтарда, түрлі жастағы топтарда пайдалануға мүмкіндік береді. Күнделікті қажет бола қоймайтын және әр топтың кезекпен пайдалануына алынатын, таратып беруге арналған құралдар да методикалық кабинетте сақталады.
Оқу құралдары мен техникалық жабдықтар Балабақшадағы тәрбие программасының барлық бөлімдері бойынша іріктеледі.
Заңдар мен ережелер документтері, жұмыс тәжірибесінің материалдары, нұсқаулар машинкаға бастырылуы және папкаларда сақталуы тиіс.
Картоннан, ағаштан, органикалық әйнектен жасалынған көрнекі құралдар олардың саны мен көлеміне байланысты қораптар мен жәшіктерде сақталады. Картиналар мен иллюстрациялық материалдар матаға, содан соң картонға желімденеді. Оларды жазылған күйінде жабық шкафтарда сақтаған жақсы. Құралдар мен материалдардың дұрыс сақталуы олардың пайдалану мерзімін ұзартады.
Методикалық кабинетте методикалық және балаларға арналған көркем әдебиет қоры жасалады. Кітпаханада мынадай бөлімдер болуы тиіс: қоғамдық-саяси әдебиет, педагогика және психология, баланы оқыту мен тәрбиелеу методикасы, семьяда тәрбиелеу, мектеппен бірігіп атқарылатын жұмыс, анықтама әдебиет (Отанымыз жөнінде, музыка, живопись, сөздіктер жөнінде және басқа), сондай-ақ журналдар: Дошкольное воспитание, Отбасы және балабақша, Бастауыш мектеп, Білім беру, Педагогика. Методикалық әдебиетті тәрбиенің жеке мәселелері бойынша жүйеге келтірген пайдалы.
Балалардың көркем әдебиет кітапханасында Балабақшадағы тәрбие программасында көрсетілген мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған кітаптар, сонымен қатар қайта басылып шығарылған кітаптар болуы керек. Балабақшадағы тәрбие программасында көрсетілген кітаптарды 10-15 данадан алған дұрыс.
Балалар әдебиетін алфавит ретімен (авторлар фамилиялары бойынша) қойған дұрыс, бұл көркем фондыны пайдалануды жеңілдетеді. Тәрбиешілер қажет болған кітаптарын тауып алуларына көп уақыттарын жібермеуі үшін мына тақырыптар бойынша библиографиялық тізім жасаған жақсы.
Барлық материалдар мен оқу құралдарына, журналдардан алынған мақалалар мен кітаптарға картотека жасалады. Алфавиттік және тақырыптық каталогтардың болуы ыңғайлы.
Меңгеруші тәрбиеші-методистің тәрбие-білім берудің неғұрлым көкейкесті проблемалары, педагогикалық коллективтің оқу жылы ішінде шешетін проблемалары бойынша мерзімді көрмелерді безендіруіне көмектеседі. Көрмелер педагогикалық, методикалық және балалар әдебиеттерінің жаңа туындыларымен, жаңа оқу құралдарымен және ойыншықтармен таныстырады. [13]
Мереке күндеріндегі тәрбие-білім беру жұмысының мазмұны тұрғысындағы нұсқаулар әрдайым жасалып отырады. Бұл көрмелерді алдын ала (1,5 - 2 ай бұрын) жасау керек. Олардың мазмұны тәрбиешілерге сабақтарда және күнделікті өмірде тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуге, балаларға арналған әдебиет пен илюстрациялық материалдарды пайдалануды ретке келтіруге көмектесуі керек. Көрмеде тәрбиешілерге арналған әдебиет, семьямен жұмыс істеу жөніндегі кеңестер, сондай-ақ топтар мен учаскелерді безендіру жөніндегі кеңестер, шақыруларды, сувенирлер мен ойыншықтарды даярлау жөніндегі нұсқаулар беріледі.
Жылдың түрлі мезгілдеріндегі тәрбие-білім жұмысын көрсететін көрмелер ұйымдастырылады. Оларда табиғаттың мезгілдік календарьлары, серуендер мен экскурсияларды өткізудің үлгі жоспарлары, учаскеде және табиғат мүйісінде түрлі жастағы балалармен жүргізілетін жұмыстар жөніндегі нұсқаулар, иллюстрациялық-көрнекі материалдар, балалар оқу үшін көркем әдебиет қойылуы мүмкін. [14]
Көрмелер тәрбиешілердің назарын аударарлықтай, ынта-ықыласын туғызарлықтай етіліп, көркем безендірілуі керек. Методикалық кабинетті безендіргенде материалдарды пайдаланудың мақсаттылығына, қарапайымдылығына, ыңғайлылығына қол жеткізу керек.
Методикалық кабинетттегі барлық материалдардың есебін алу үшін тізім кітабын жүргізу керек, оған материалдың аты (кітап немесе оқу құралы), түскен уақыты, жаңа материалдың қойылатын бөлімі жазылады. Методикалық кабинетті толықтыру белгілі бағытта және жүйелі жүргізілуі үшін оқу құралдарын алудың бес жылға арналған перспективалық жоспары болуы қажет. Сонымен бірге берілген материалдардың, кітаптар мен оқу құралдарының есебін жүргізіп отыру да нұсқалады.
Меңгеруші тәрбиеші-методистпен бірігіп отырып, тәрбиешілердің кабинеттегі материалдарды пайдалануын анықтауы, педагогикалық процесті жақсарту ісінде оларға ненің нақты көмек етіп отырғанын, нені өзгерту, толықтыру керектігін және т.б. талқылауы керек. Сондай-ақ басқа да мектепке дейінгі мекемелердің озық тәжірибесін қолдану маңызды, методикалық кабинеттің тәрбиелеу және методикалық жұмыстың сапасына тиімді ықпал тигізуіне қол жеткізу керек. [15]

II БАЛАБАҚШАДА ОҚУ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӘДІСКЕРДІҢ РӨЛІ
2.1. Мектепке дейінгі мекеме әдіскерінің моделі
Кәсіби шеберлігі
1.Ғылыми-педагогикалық ойлауда жаңаша стиль қалыптасқан, шығармашылық шешімдер қабылдай алатын.
2. Адамдардың психологиясын зерттей алатын.
3. Өз жұмысына нақты талдау жасайтын
4. Қатал талап ете алатын және демократиялық тұрғыда басқара алатын.
Жеке қасиеттері
oo Рухани мәдениетті, сендіре білетін, адамдарды белсенділікке тәрбиелеуші;
oo Шынайы зиялы;
oo Сыншыл және өзіне сыни қарайтын;
oo Педагогикалық сезімтал, жаңашыл еңбек сүйгіш;
oo Лидерлік қабілеті бар, әдістемелік жұмысқа шығармашылық пен жетекшілік ететін жеке тұлға. [31]
Нәтижелілігі
1.Мемлекеттік стандарт талаптарына сай жоспарланған нәтижеге жету.
2. Педагог мамандар тұрақтылығы мен шығармашылық жетістіктер
3.Ұжымдағы адамгершілікті- психологиялық ахуал.
4. Қабылданған шешімді уақытында орындау.
Кәсіби біліктілігі:
oo Еліміздің білім беру сясатының стратегияларына түсінген.
oo Басқару жұмысы туралы теориялық және әдістемелік білімі бар.
oo Оқу-тәрбие жұмысының құрылымына талдау жасай білетін, нәтижелі болжай алатын.
oo Қазіргі технологиялардың деңгейінде кәсіби ойлауға қабілетті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жыл 12 ақпан №61 Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту бұйрығында Мектепке дейінгі ұйымның әдіскері (аға тәрбиешісі) лауазымдық міндеттері атап көрсетілген. Осы лауазымдық міндеттерді орындауда әдіскер әдістемелік жұмысқа белгілі бір мақсат қоя білуі керек. Осы мақсатқа байланысты әдістемелік қызметтің жоспары жасақталады. Оның мазмұны мамандардың көкейкесті мәселелерін қамтып, педагогиканың озық тәсіліне, жаңа технологияларға негізделе жасалуы тиіс. Жоспар мынадай принциптерге негізделіп құрылады:
oo педагогикалық ұжым алдындағы міндеттердің айқын болуы, нақты мәселелерге арналып құрылуы;
oo жоспарланған жұмыстың алдыңғы және соңғы жоспарланатын шаралармен өзара байланысы;
oo жоспарланған жұмыс мазмұнының жүйелілігі, оның орындалу міндеттілігі;
oo берілетін тапсырмаларды жоспарлауда педагогтардың білім дәрежесін, кәсіптік дайындығын, мүмкіншілігін ескеру. [16]
Әдіскер қызметінің моделі.
Оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыру
1.Балабақшаның жылдық міндеттерін орындау.
2.Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай оқу жоспарын енгізу.
3.Оқу бағдарламалары бойынша үлгі жоспарлар мен оқу материалдарын жасақтау.
4. Тәрбиешілердің іс-қағаздарының сауатты жүргізілуі
5. Айлық, апталық тәрбие жоспарлары
6.Балалардың дербес көркемөнер қабілетін дамытуда үйірмелер ұйымдастыру.
7. Біліктілік деңгейді, шығармашылықты дамыту.
8. Жас мамандармен жұмыс.
9. Қазіргі қойылып отырған талаптарды оқу-тәрбие жұмысында әрбір тәрбиешінің өз тәжірибесіне негізге алып қолдану.
10. Білім жетілдіру курсынан өткен тәрбиешілер есебі
11.Жаңа әдістемелік оқулықтармен, психологиялық әдебиеттермен таныстырып отыру.
12.Шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәрбиешілер іс-тәжірибесін жасақтау.
13.Ашық сабақтар, семинар-практикум, тәрбие жұмыстарын өткізу.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарына сай, оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруда: [30]
oo жас мамандарды қалыптастыру,
oo педагог шығармашылығын дамыту,
oo жоғары шеберлікке жету.
Бақылау, тексеру, талдау, зерттеу
1.Оқу-тәрбие жұмысының күн тәртібіне сай ұйымдастырылуын бақылау.
2. Бағдарламадағы қиын тақырыптарды талдау, талқылу
3. Күнделікті сабақтарға қатысу, өтілу сапасын тексеру.
4. Оқу-тәрбие процесінде балалардың білім-дағдыларын, жеке психологиялық қасиеттерін бақылау, зерттеу.
5. Топтарда (тақырыптық, салыстырмалы, ескертпелі, жан-жақты) тексерулер жүргізу.
6. Озат іс-тәжірибелерді зерттеу, жинақтау
Әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастыру.
1.Жаңа әдістемелік оқулықтармен, психологиялық ғылыми әдебиеттермен толықтырып отыру.
2. Іс-қағаздарды жүргізу.
3. Үлестірмелі және дидактикалық материалдар дайындау.
4. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәрбиешілер жұмысын жинақтау.
5. Аудандық, облыстық байқау-сайыстардың материалдарын жинақтау.
6. Баспасөз, журналдармен толықтырып отыру. [37]
7.Көрме, фотостенд ұйымдастыру.
Инноватор тәрбиешілер дайындау үшін әдіскер жұмысы үнемі жаңарып, инновациялық бағытта дамып отыруды талап етеді. Ол мынадай бағыттарда қамтылуы тиіс.
1.Тәжірибеде бұрыннан қолданып келген жүйені өзгертіп, педагог мамандармен жүргізілетін жұмыстарға жаңалықтар енгізу;
2.Жинақталған іс-тәжірибені шығармашылық іс әрекетпен жаңарту;
3.Әдістемелік көмек бетшілерін дайындап, тәрбиешілерге ұсыну;
4.Тәрбиешілердің тәжірибелік іс- әрекеттеріндегі кейбір мәселелерді шешу жолында әдістемелік көмек беру.
Тәрбиешілерге диагностикалық және жекелеу негізінде әдістемелік тұрғыдан нақты бір көмек көрсету, шеберлігін шындау мақсатында білім беру үрдісінің сапасын жоғарлату үшін балабақшада мынадай жоспарлы жұмыс түрінің моделі құрылды. Модель төрт сатыдан тұрады:
1-саты - аналитикалық талдау;
2-саты - жоспарлау - прогностикалық;
3-саты - ұйымдастыру және үйлестіру;
4-саты - бақылау диагностикалық.
Аналитикалық талдау сатысы- тәрбиешілерге мониторниг, диагностика жүргізу нәтижелері арқылы белгілі бір проблеманы анықтау, яғни, тәрбиешілердің білім деңгейін, тәрбиеші қызметіндегі қиыншылықтарды анықтау және зерттеу, мәселеге бағытталған талдау жүргізу .
Осындай мониторинг, диагностика нәтижелері арқылы проблема анықталғаннан кейін жұмыс түрлері жоспарланады. Жұмыс жоспары жасалған кезде, оның:
:: Ғылымилығы ( жоспардың нақтылығы мен шынайлығы)
:: Оптималды (нақты есепке алу мүмкіндігі)
:: Белгілі бір мақсатқа бағытталуы
:: Перспективалық (болашақтағы мақсат пен міндеттердің қойылысы)
:: Мектепке дейінгі ұйым мен педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшілігін есепке алу ескеріліп отырылады. [17]
Бұдан кейін жоспарланған жұмыс ұйымдастыру және үйлестіру саты бойынша жүргізіледі. Ұйымдастыру және үйлестіру сатысы- тәрбиешілердің мамандық деңгейін жоғарлатуына бағытталған әртүрлі әдістемелік жұмыс түрлерін дайындау арқылы жүзеге асады.
4саты- бақылау диагностикалық. Жасалған жұмысты оқып түсіну,өткізілген шараларға талдау жасап, әрекеттерді түзету.
Яғни, жеке тұлға қалыптастыруда жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру арқылы білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Тәрбиешілердің қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.
Балабақшада жүргізілетін сан - салалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МДҰ әдістемелік кабинет
Педагогтың өздік жұмысы
Сюжеттік-рөлдік ойынның мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Сюжеттік-рөлдік ойын арқылы мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Білім берудегі инновациялар
Серуен және оны ұйымдастыру жолдары
Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету
Мектепке дейінгі мекемедегі ұйымдастырылған іс-әрекетінен жұмыс жоспарын құру және ұйымдастыру әдістері
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының дамуы
Баланың психикалық танымдық процесін дамытуға арналған ойындар
Пәндер