Эфир майларының құрамы жəне олардың түрлеріне химиялық сипаттама



Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1Эфир майларының құрамы жəне олардың түрлеріне химиялық сипаттама
2.2 Эфир майларының алу технологиясы
2.3 Мысал келтіру (алу жолына байланысты)
3. Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

1.Кіріспе
Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы, косметика, азық-түлік өндірусалаларын өз өнімдерінің негізгі компоненттері - эфир майларымен қамтамасыз ету де басты мәселе. Мұндай салаларды құру және дамыту қазіргі нарық экономикасының жағдайларының талаптарына сәйкес келеді. Эфир майлары - бұл өсімдіктер құрамында болатын жəне оларға тиісті хош иіс беріп тұратын ұшқыш заттардың жалпы атауы. Көптеген авторлар эфир май- ларына бумен айдалған заттарды ғана жатқызуға болады десе (мысалы, Земм- лер), ал басқалары бұған басқа да əдістермен өсімдіктерден бөлініп алынған зат- тарды жатқызуға болады деп бұл түсінікті кеңейте түседі. Өсімдіктің кез келген бөлігінде (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс) эфир майлары болады, бірақ кейбір жағдайда анық белгілі мүшелерінде ғана болады, мысалы, кейбір Pelargoniom жапырақтары мен сабақтарында эфир майы болады, ал бірақ гүлдерінде ол мүлде болмайды. Əдетте майды барлық мүшелерден табуға болады, бірақ оның сандық мөлшері біркелкі емес: жеміс беру мүшеле- рінің - гүлдерінде, жемістерінде, ұсақ жапырақтарында, сабақтарында май көп болса, ал тамырында əдетте аз ғана сандық мөлшердегі май болады. Кейбір өсім- діктерде иісті заттар бос күйінде болмай глюкозамен немесе басқа да заттармен байланысқан түрде болады, сонда олар өздерінің бөлінуіне алдын ала ажырауды талап етеді.
Ежелгі Римде шығыстан арнайы əкелінген татымдылар мен хош иісті заттар кеңінен қолданылды. ІХ ғасырдан бастап алдымен арабтар, кейін еуропалықтар хош иістер туралы трактаттарды пайдалана бастады. Алынған майлар медицианада қолданылды. Дегенмен олардың құрамы туралы мəліметтер əлі де жеткіліксіз еді.
Тек XIX ғасырда ғана Валлах, Вагнер, Бейер, Земмлер, Перкин, Шарабо жəне т.б. көптеген ғалымдардың жұмыстарының арқасында эфир майларының құрамы, құрылысы мен оларды құрайтын компоненттер қасиеттері толықтай белгілі бола бастады. Аталған ғалымдардың тамаша жұмыстарына қарамастан қазіргі уақытта эфир майларын зерттеу, кең ауқымға ие, өйткені əлі де зерттел- меген өсімдіктер мөлшері зор. Сондықтан олардың құрамынан құрылымы əлі күнге дейін анықталмаған майлар алынады. Құрамында эфир майы бар өсімдіктердің үш мыңдай түрі белгілі, соның ішіндегі мың шақтысы біздің еліміздің флорасынан табылған. Əсіресе ерінгүл- ділер тұқымдасы (жалбыз, лаванда, сəлбен, шатыраш (шалфей), розмарин, пачули, базилик (насыбайгүл) жəне т.б) жəне шатырлы тұқымдас (анис, ажгон, базилик, зере, кориандр) эфир майына бай.
Эфир майлары халық шаруашылық өндірісінде кең қолданылады. Олардың көп бөлігі əтірлер, иіс сабындар, кремдер жəне т.б. өнімдер алынатын парфюме- рия - косметикалық өнеркəсібінің қажеттіліктеріне жұмсалады. Тамақ өнеркəсібінде аскөк (укроп), анис, зере, кориандр, бұрыш, қалампыр (гвоздика) жəне т.б. қолданылады. Медицинада эфир майы май ретінде жəне жеке компоненттер ретінде де қолданылады. Қазақстандық Марева тұқымдас кейбір өсімдіктердегі эфир майларының құрамы зерттелген. Мысалы: А. Д. Дембицкий, Г. Б. Рустенбекова Chenopodium botrys L. (Марь душистая) өсімдігінің эфир майларын терең зерттеген.

3.Негізгі бөлім
2.1 Эфир майларының құрамы жəне олардың түрлеріне химиялық сипаттама

Эфир майларының құрамы əркелкі: олардың құрамында қаныққан, алифат- ты, терпенді, сесквитерпенді көмірсутектер жəне олардың оттекті туындылары - спирттер, альдегидтер, кетондар, жəй жəне күрделі эфирлер, қышқылдар, лак- тондар жəне т.б. кластар болады.
1) Алифатты қосылыстарына: алкандар, спирттер, альдегидтер, кетондар жəне т.б. қатарлары жатады, өсімдіктерде кеңінен таралған көбінесе жемістерде кездеседі.

2) Терпенді қосылыстар: эфир майларындағы терпендер негізін моно-, сесквитерпендер құрайды. Эфир майларындағы терпендердің құрамында оттегі болады, ал кейбіреулерінде оттегі болмайды. Көптеген эфир майлары үшін құрамында оттегі бар алкандар мөлшері жоғары болғанымен олардың көбісі иіссіз болып маңызды құрамы деп саналмайды. Мысалы, -пинен (1), -пинен (2), камфен (3), мирцен (4). Құрамында оттек бар туындылары спирт, альдегид, қышқыл, эфир, фенол қатарлары мөлшері аз болғанымен олардағы хош иістер эфир майларының маңызды құрамдары деп саналады. Мысалы, линалол, ментол, эвкалиптол, родинал, нерал олардың күшті ароматты иісті болып, эфир майла- рының маңызды құрамдары деп саналады.

3) Ароматты қосылыстар Эфир майларының аромат қосылыстарына құрамында оттек бар туындылар (бензил спирті, оксибензой қышқылы, т.б.), терпенді туындылар ( п-цимен, тимол т.б.) жəне фенил пропион туындылар жатады, яғни пропил радикалды
фенолдар жəне олардың эфирлері. Мысалы, анезол (5), эвгенол (6), -асароне (7), -асароне (8).

Көпшілік эфир майларында басты компоненттердің аз мөлшерінің болуға олардың құрамының ерекшелігі болып табылады. Мысалы, анис майында 90 %- ға дейін анетол болады. Жалбыздың бұрышты түрінде эфир майындағы ментолдың мөлшері көп. Алқызыл ирани эфир майы екі заттан тұрады - бірдей көміртекті қаңқалы цитронеллол (55 %) жəне гераниол (25 %). Түктіжапырақты гименолима құрамында 70 % терпинолен болады. Бұл жағдай көптеген терпенді жəне сесквитерпенді қосылыстарды бөлу, олардың құрылысын құруда маңызды рөл атқарады, сондықтан көптеген эфир майлардың көпшілігі өздері алынған өсімдіктің тривиалды атауымен аталды.

Берілген өсімдік түрінің немесе туыстың өзіне тəн өсімдіктерде олардың биогенетикалық байланыстарына негізделген белгілі бір биохимиялық заттар- дың синтезделу жолы жүзеге асады. Эфир майларының компоненттік құрамы- ның ерекше əркелкілігі олардың табиғаттағы рөлін анықтауда үлкен қызығушы- лық тудыруда.
Зерттеулердің көрсетуі бойынша, эфир майларының компоненттері ыдырау процесі кезінде емес, тірі заттың синтезі кезінде түзіледі, жасуша ішіндегі биологиялық процестерге қатысады, ферменттік жүйелердің əсерінен болатын əртүрлі химиялық өзгерістерге төзеді. Сондықтан майлы-қышқыл құрамы - мақта, күнбағыс, шырғанақ, зығыр, ал көмірсулы-қамыс, қант қызылшасы жəне т.б. белгілі бір түрге жатқызу үшін өсімдіктер систематикасында қолданылуы мүмкін.

2.2.Эфир майларының алу технологиясы
Эфир майларын алу технологиялық жолдары:
1. Дистилдеу.
2. Экстрактілеу.
3. Анфлераж əдісімен.
4. Механикалық жолмен.
5. Қысымды сығу.
Бұл əдістердің қолданылуы анатомиялық жəне морфологиялық ерекшелікте- ріне, эфир майларының сандық мөлшеріне жəне құрамына байланысты болады. Өсімдік шикізаттарында эфир майларының мөлшері құбылмалы болады. Мыса- лы, қалампыр гүл бүршігінде эфир майының мөлшері 23%-ға жетсе, шегіргүл (фиалка) гүлінде ол 0.004%-ға жетеді.
1. Дистилдеу əдісінің технологиясы
Эфир майлары мен су бір-бірінде ерімейді, қыздырғаннан кейін екеуінің бу қысымының қосындысы жəне атмосфера қысымы теңеседі, ерітінді қайнайды, эфир майлары су буымен бірге дистелденіп шығады. Дистелдеу əдісі өсімдіктерден эфир майларын алуда үнемі қолданылады. Шикізатты ұнтақтағаннан кейін суға салынып шыланады, сосын тікелей немесе су буы арқылы эфир майлары дистилденеді. Бұл əдіс қарапайым құрылғыда жүреді, алайда процестің температурасы жоғары болғандықтан, кейбір эфирмайлары ыдырауы немесе су буымен бірге ұшып кетуі мүмкін.

2. Экстрактілеу əдісінің технологиясы
Бұл əдіспен эфир майларын алуда петролей эфирі немесе диметил эфирі тектес төмен қайнау температурасындағы органикалық еріткіштермен бөлме температурасында экстрактіленеді де, тұндырындысы алынады, еріткіш айдал- ғаннан кейін эфир майлары қалады. Бұл əдістің ерекшелігі - өнім шығымы жоғары, эфир майларының ыдырап зиян шекпейді. Соңғы жылдардан бері СО2 ерітіндісін экстракті еріткіш ретінде қолдану адамдардың қызығушылығын күн сайын арттыруда. Бұндай эфир майларын алу процесі жоғары критикалық СО2 экстрактілеу əдісі (super-critical carbon dioxide extraction) деп аталады. Бұл əдістің тиімділігі өнім жоғары, процестің темпера- турасы төмен болғандықтан, ыдырау болмайды, сонымен бірге СО2 эфир майла- рынан оңай, қалдықсыз бөлінеді. Бұл процестің кемшілігі жалпы процесс крити- калық қысымда жүретіндіктен себепті жабдыққа қойылатын талап жоғары, сонымен экстракт құны қымбатқа түседі.
3. Анфлераж əдісінің технологиясы
Гүлдердін эфир майларын активтелген көмірмен, тоң майлармен жəне т.б. заттармен өз бойларына сіңіріп алу арқылы жүргізіледі, бұл процесті анфлераж əдісі дейді. Анфлераж процесі арнайы қалың шыны рамаларында жүргізеді.
Рамалардың көлемі 50 50 5см болады. Рамалардың шынысы екі жағынан жоғарғы сортты тоң майлармен (шошқа майының 3 бөлігінен, сиыр майының 2 бөлігінен тұратын қоспа) жағылады (қалындығы 3-5 мм). Шынының үстінен қалындығын 3см етіп, гүл күлтелерін жайып салады. Осылай дайындалған 30-40 рамаларды бірінің үстіне бірін саңылаусыз жауып қояды. Эфир майлары буланып, жағылған майларға сіңіріледі. 2-3 тəуліктен кейін рамадағы ескі гүлдерді жаңа гүлдермен ауыстырады. Бұл процесс екі аптаға дейін жүреді. Осы уақыттың ішінде шыныға жағылған майлар эфир майына қанығып, хош иісті помадаға айналады. Ол парфюмерияда қолданылады. Егер таза эфир майы керек болса, оны помададан спиртпен экстракциялап алады. Сухуми тəжірибе стансасында гүлдердің эфир майларын қайыңның актив- телген көміріне сіңірген, көмірге сіңірілген эфир майын эфирмен экстракция жүргізген, экстрактіні концентрлеп, таза эфир майын алған.
4. Механикалық əдісінің технологиясы
Бұл əдіс цитрус жемістерінен (лимон, мандарин, апельсин, померанец жəне т.б.) эфир майын дайындағанда қолданылады. Цитрус жемістерінің қабықта- рында көп мөлшерде эфир майлы қуыстары болғандықтан, оларды преске салғанда эфир майлары шығады. Бұл тəсілмен эфир майын алу үшін цитрус қабықтары əуелі ұнтақтап кесіледі немесе оларды тісті барабандардан өткізеді. Содан кейін барып, олар престеледі. Престен өткен қалдықта тағы да 30%-ға дейін эфир майы қалады. Оны алу үшін су буымен айдау тəсілін қолданады.

Механикалық тəсілмен алған эфир майларының иісі, су буымен алған эфир майларына қарағанда, өте нəзік жəне хош иісті болады. Африка елдерінде жергілікті халықтардың арасында эфир майды алудың кең таралған əдісі - жемістердің қабықтарын арнайы тістері бар қасықпен қыру немесе үйкелеу арқылы алынатын тəсіл.
5. Қысымды сығу əдісінің технологиясы
Бұл əдіс процесі эфир майларының мөлшері жоғары өсімдіктерді физикалық сығу арқылы орындалады. Тиімділігі - процесс бөлме температурасында жүреді, эфир майлары құрамында өзгеріс болмайды. Кемшілігі: өнімі төмен, қоспалар мөлшері жоғары. Өндірісте эфир майларын алудың басқа да көптеген жолдары бар.

2.3 Мысал келтіру (алу жолына байланысты)
Клевенджер аппаратында 3 сағат бойы гидродистилляция жүргізу арқылы өсімдіктердің жерүсті бөлігі құрамынан эфир майлары үлгілері алынды. Эфир майларының шығымы 1 кестеде келтірілген. Бұл әдіс лабораториялық жағдайларда кеңінен қолданысқа ие. Барлық шығымдылық құрғақ өсімдік массасына есептелген. Құрамындағы судан арылу үшін натрий сульфатымен кептірілді. Эфир майлары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эфир майлары туралы жалпы түсінік
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Ботаникалық ресурстанудың биология жүйесіндегі орны
Өсімдіктердегі биологиялық белсенді заттар
Ақ алабұта өсімдігі тамырының химиялық құрамы
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары
Тағамдық хош иістендіргіштер өндірісі
Арша эфир майының химиялық құрамы
Өсімдіктердің эфир майлары
Шатыршагүлділер тұқымдасының классификациясы
Пәндер