Бастауыш мектепте бейнелеу өнері түрлері мен жанрлары арқылы оқушылардың сурет салу бейімділігін қалыптастыру


Бастауыш мектепте бейнелеу өнері түрлері мен жанрлары арқылы оқушылардың сурет салу бейімділігін қалыптастыру
Егеменді еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бетбұрыстарына қарай болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектеп ұйымынан басталатыны хақ. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуде бейнелеу өнерінің орны ерекше екені мәлім. Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы Заңында" жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген.
Бейнелеу өнері - көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. Дәстүрден тыс әдіспен сурет салуды үйренген бала, өз бетінше бастыру құралдарын іздеп тауып көрсетеді. Бұл баланың өмірге шығармашылықпен қарауының, кез келген затты әр түрлі мақсатта қолдана білу іскерлігін дамытудың алғы шарты болып табылады.
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерінің басты мақсаты оқушының көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиал сезімін дамыту. Ал, осы мәселелер мектеп қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей келеді. Соның салдарынан оқушылардың сабаққа ынтасы төмендеп, енжарлық етек алуда.
Мектеп мұғалімдері бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс.
Бейнелеу өнері - бұл адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы, ал сурет - бұл шежіре, ондаған ғасырлар бойы бүкіл адам тарихтарын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден-бір куәгер.
Бейнелеу өнеріне: живопись, графика, скульптура (мүсін), сәндік қолданбалы өнер жатады. Олар: тарихи, тұрмыстың, батылдық (соғыс), пейзаж және натюрморт секілді түрлі жанрларға бөлінеді. Әрбір жанр өзіндік ерекшеліктерімен белгілі. Бейнелеу өнерінің барлық түрлері мен жанрлары өмір шындығын реалды түрде бейнелейді. Себебі, «сурет салуы сүю - өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю.
«Абай жолымен» дүүниені дүр сілкіндірген қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезов: «Көркем өнердің міндеті табиғатқа еліктеу емес, оның сырын ашу. Көркем өнер біздің ішкі дүниеміз бен жан-жүйемізге әсер етіп, адамдық қалпымызды тәрбиелейді», - деген болатын.
Бейнелеу өнерінің ерекшелігі оның танымдық және тәрбиелік міндеттерін белгілейді. Сурет салу барысында бала салып жатқан обьектісіне іштей баға береді және оның сезімдері үлкен роль атқарады.
Бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлерін қамтуда туындайтын қажеттіліктер:
1. Оқушылардың ой - өрісіне, түсіну қабілетінің дәрежесіне қарай жоғары идеялы шығармаларды таңдап алу.
2. Картиналарды таныстыру барысында әңгімеге оқушыларды да қатыстыру.
3. Оқушылардың суреттердегі көркемдік ерекшеліктерді қабылдау, көру қабілеттерін дамытуда оларға эмоциялық әсер ететіндей барлық ойды сол обьектіге аударатындай көркем тілмен баяндау . . .
4. Өнер шығармаларын жеке - жеке талдау, ой - өрістерін арттыру. Көркемдік деңгейін толықтырып отыру . . .
5. Оқушының қызығушылығы мен шығармашылығын сабақ үстінде арттыру үшін оқушымен бірге жұмыс жасау болып табылады . . .
Мұғалім бейнелеу өнері туындысының мазмұнын, мағынасын оқушыларға талдап түсіндірумен қатар балалардың өз бетінше сол шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін таба білуге үйретуді мақсат етуі тиіс.
Бүгінгі таңда бейбітшілік пен татулықты ту еткен тәуелсіз Қазақстанда өскелең ұрпақты мәдениет пен өнерге баулу мәселесіне үлкен назар аударылуда. Болашақ жастар өз халқының бейнелеу өнері, қол өнері, тарих, әдебиет, музыка салаларының жетістіктері мен жақсы дәстүрлерін терең ізденіп, таным-түсігін кеңейту негізінде тәрбиеленуде.
В. А. Сухомлинский айтқандай: «Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан, шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды. Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады». Педагогтардың пайымдауы бойынша-барлық балалар дарынды. Сондықтан дарынын уақытында байқап, сезіп, тәжірибесінде, нақты өмірінде қолдануға мүмкіндік туғызу қажет.
Сурет салумен айналыса отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен бірге өзін талғампаздыққа тәрбиелейді. Мектеп кезеңіндегі оқушылардың бейнелеу әрекеті баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты азайтып, эмоционалдық көңіл-күй, оқуға қызығушылық туғызады.
Мысалы: Ж ивопись: сурет, мүсін және сәулет өнердің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры және живопись түрлерінің жанрлары руханилықтың қайнар көзі», - деп Микеланджело айтқандай, кез келген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындыларымен өз Отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, Әбілхан Қастеев сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің көрген жанды тәнті етпей қоймайтын ерекше қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел.
Архитектура: Архитектура әрқашан да пластикалық өнерлердің ішінде ең бастысы болып келді. Ол дәуір идеясын мейлінше күшті білдіріп қана қоймай, өз заманының басқа бейнелеу өнерлерінің - скульптура мен живописьтің стилін анықтап отырады. Мұның өзі ұзақ жасайтын өнер туындылары болып табылады. Мысалы: египеттік пирамидалар немесе американ үндістерінің ежелгі храмдары сан мыңдаған жылдар тұрып, бізге дейін сақталды. Сонымен бірге бізге архитектураны өнер ретінде қабылдай көбіне қиын. Біріншіден, оның скульптуралар мен картиналардан айырмашылығы өте көп - ол ештеңені бейнелемейді және ештеңені суреттемейді. Екіншіден, архитектурамен біз күн сайын және сағат сайын ұшырасамыз - архитектуралық ғимараттарда өмір сүреміз, оқимыз және жұмыс істейміз, барлық уақытта архитектура арасында жүреміз де оны біздің өміріміз өтетін үйреншікті, табиғи орта ретінде қабылдаймыз.
Скульптура: Мүсін өнері - бұл еш толқымастан бейнелеу өнері деп атауға болатын өнер: ол шынында да адамдарды, хайуандарды, түрлі заттарды бейнелейді. Оның архитектурамен ортақ жайты бар: оның басты әсерлілік құралы - аумақты форма және ол да қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан - ағаштан, тастан, металдан жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек, әсіресе скульптураны тастан шапқан кезе, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Оның есесіне ол, архитектура сияқты, ұзақ сақталады, сондықтан көптеген скульптуралық туындылар ғасырды емес, мыңдаған жылдарды басып өтіп, мысалға, ежелгі Мысырдың патша әйелі Неферититидің басы сияқты, күні бүгінге дейін біздерді толғандырып, тамсандырып келеді.
Пейзаж (француз сөзінен шыққан) : бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде (VII-VIII ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерлерінде пейзаждың гүлденуі XIX ғасырға тұспа-тұс келеді. (И. Левитан, К. Коровин, Н. Рерих және басқа да көптеген суретшілер) . Пейзаж - әсем жерлерді жай айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр.
График, живописьші сияқты, перспективаны меңгеруге, анатомияны білуге, сурет сала білуге тиіс. Бірақ егер живописьте түс және ол жасаған колорит бірінші орында тұрса, ал сурет қажетті, бірақ әйтсе де көмекші роль атқарса, графикада суреттің рөлі шешуші, мұнда ол өнердің дербес түріне айналады. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қара қоңыр дақтардың ара қатынасы жетекші маңызға ие болады. Рас, графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады, бірақ оның рөлі, әдетте, шектеулі, қызметтік дәрежеде ғана болып қалады. Ең сараң графика - заттардың тек нобайы ғана беретін сызықтық сурет бірақ мұндай сараң сурет те көп нәрсені - адамның типін, характерін, қимылын бере алады. Суретшінің көзбен дәл өлшеуі, мінсіз талғамы және сенімді қолдары сызықтарға болмашы ауытқулар бере отырып, оны аздап жіңішкерте немесе жуандата отырып, оған түрлі характер береді.
Қазіргі заманғы самолеттің немесе автомобильдің тамаша формасын жасау үшін оның техникалық құрылысын ғана емес, сонымен бірге осы машина дамуының тарихи жолдарында да терең зерттеу қажет. Сырт келбетімен жайлылықты, қуаттылықты және жүріс жылдамдығын білдіретін қазіргі заманғы автомобильдердің формалары да осылай жасалған.
Кемелделген тұлға тәрбиелеу үшін алдымен оған қажетті ақпарат пен жан-жақты тәрбиелеу құралдарына тікелей байланысты болуын қадағалау қажет. Осындай парасаттылыққа, ізгілікке және әсем талғамға тәрбиелеу құралдарының бірі - өнер болып табылады. Соның ішіндегі бейнелеу өнерінің жас ұрпақтың қалыптасуына, тәрбиесі мен білімін жетілдіруде әсері ұшан-теңіз.
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері пәнінің оқу материалдарын игеру оқушыларға зор талап қоятыны белгілі. Өйткені, шындықтағы құбылыстардың сыр-сипатын, мән-жайын ұғыну - өте күрделі танымдық әрекет. Мұның өзі бірнеше кезеңдерден тұратыны қазіргі ғылымға белгілі. Мәселен, сабақта материалды ұғынып, түсінудің алғашқы таныстыру кезеңінде оқушы нені, қалай оқу керектігі жайлы жалпы мағлұмат алады. Бұдан кейінгі кезеңде, ол мұны тәжірибеде байқап көреді. Үшінші кезеңде түсінгенін, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды. Төртінші кезеңде олар ойына ұстап тұрады да, бесінші кезеңде оқушыда зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы оқушы шындықтағы заттардың байланыс-қатынастарын меңгереді, бір затты екіншісімен салыстырып, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын айыра білуге, соларды дәлелдей алуға үйренеді. Ұғыну, түсіну дегеніміздің өзі де - себеппен қатар нәтиже болатындығына оқушы көзінің жетуі. Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқытуда да осындай күрделі кезеңдердің барлығын тұтас ұстап тұратын өте маңызды және ауқымды күш - оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары мен ынта-ықыластары болып табылады.
Оқушы ойлау операциясына сүйеніп өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету болып табылады. Оқушылардың білімі - оқыту процесін, ең бірінші кезекте оқу материалдарын меңгерудің нәтижесі. Білім - қандай да бір танымдық іс-әрекетті жасау негізі, ал танымдық іс-әрекет жеке тұлғаны қалыптастырады. Сөйтіп, білім - қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, меңгерілген сапалы білімнің көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады, қоғамдық-материалдық байланыстың артуына, рухани мәдениетінің дамуына өз үлесін қосады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz