Гемоглобин және миоглобин, гемоглобинопатиялар. Иммуноглобулиндер


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті»
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Кафедра: Химиялық пәндер кафедрасы
Факультет: Стоматология
Курс : 2
Группа: 202
Тақырыбы : Гемоглобин және миоглобин, гемоглобинопатиялар. Иммуноглобулиндер.
Орындаған: Кушмагамбетов Т. Д
Тексерген: Бесімбаева. Ж. Б
Ақтөбе 2018
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Гемоглобин .
2) Миоглобин .
3) Иммуноглобулин дегеніміз.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кірісп
Гемоглобин (грекше - haima, haimatos - қан және латынша globus -шар) - адамның, омыртқалы және кейбір омыртқасыз жануарлырдың қанының қызыл пигменті. Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға, ал көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне тасымалдайды. Гемоглобин жетіспесе анемия ауруы пайда болады. Гемоглобиннің қалыпты жағдайдағы нормасы әйелдерде 120-150г/л, ер адамдарда 130-160 г/л. Егер гемоглобин мөлшері шектен тыс көп болса, қан қоюланып жүрек қан тамыр ауруына шалдығады. Құрамында гемоглобин бар азық-түліктер:бауыр, ет т. б. Гемоглобин қанның қызыл жасушалары эритроциттердің құрамында болады. Эритроцит оттегіні өкпеден бұлшықет тарамдарынан көмірқышқыл газын алып, өкпеге апарады. Бұл "гем" деп аталатын ерекше ақуыз көмегімен жүзеге асырылады. Гемге оттегі молекуласы қосылады, ол -гемоглобин бөлігі. Жалпы гемоглобин 96%-ы нәруыз -глобиннен, 4%-ы темір атомы бар гемнен тұрады.
Миоглобин
(мио және глобин - гемоглобиннің ақуызды бөлігі)
- күрделі ақуыз; омыртқалы жануарлар мен адамның бұлшық еттерінде оттекті тасымалдайтын глобулярлы ақуыз. Ет тінінде молекулалық оттекті жасушалардың тотықтыру жүйесіне тасымалдайды. Миоглобинның молекуласы бір полипептидтік тізбектен (153 амин қышқылдары қалдықтары бар) және гемнен (2 валентті темірі бар порфириннің кешенді қосылысы) тұрады. Оның молекулалық массасы 17000. Ет тіні жиырылғанда капилляр қан тамырларының жиырылуы нәтижесінде оттектің парциалды қысымы кенет төмендеген кезде Миоглобиннен жұмыс істеп тұрған бұлшық етке қажетті оттек бөлініп шығады. Миоглобин, әсіресе, теңіз сүтқоректілерінің (әсіресе, су астында ұзақ уақыт тіршілік ететін) - дельфиндер (3, 5%) мен итбалықтардың (7, 7%) бұлшық еттері Миоглобинге бай болады. Миоглобиннің үш өлшемді құрылымы рентгендік құрылымдық талдау әдісімен анықталған бірінші ақуыз (1957 - 60 жылдары) .
Иммуноглобулин
Иммундық жауап ек түрінің біреуі болуы мүмкін.
1. гуморалды жауап (жасуша аралық В - жасуша) антидене, қан айналымында және басқада сұйықтық организмінде болады, сонымен антидене жасушамен байланыспайды және IgG, IgM, IgA, IgD, IgE тұрады. Антидене жасушамен байланыспаса да олар жасушаны жою алады, яғни цитотоксикалық әсеріне тән қабілеті бар, антиген және антиденеден басқа үшінші заттың қатысуы қажет. Бұл - комплемент, қалыпты қан сарысуында қатысады. Комплементсіз бос антидене жасушаның беткейіндегі антигенді детерминанттарымен байланысуы мүмкін, бірақта жасушаны өлтіруі мүмкін емес. Комплемент ферментті белсенуімен қабілетті, көптеген компоненттер жиынтығынан тұрады.
2. Жасуша аралық жауап (Т - жасушалық) сенсибилизацияланған лимфоциттермен жүзеге асады. Иммундық жауап кезінде антидене жасушаның бөлігінен үзілмейтін, оны өндірген және жасушамен байланысқан болып табылады. Антидене таныстырушы лимфоциттер, ісіктік жасушалардың беткейінде антигенді детерминантымен антидене байланысқанда ғана ісіктік жасушаларға дейін жетіледі. Сосын жасушамен байланысқан бұл антидене, ісіктік жасушаны жоюды және жаруы мүмкін.
В-лимфоциттер (В-лимфоциты) ; (грек, bursa - қапшық, яғни қапшық лимфоциттері) - тимусқа (айырша безге) тәуелсіз лимфоциттер.
В-лимфоциттер - сүйектің қызыл кемігі майынан тимусқа соқпай, оның ықпалына түспей қан арқылы тікелей шеткі қан жасау мүшелеріне (лимфа түйіндеріне, көкбауырға, лимфа түйіншелеріне) барып көбейіп, пісіп - жетіліп, белгілі бір маманданып, әсерлі (эффекторлы) плазмоциттерге айналады.
Плазмоциттер организмнің ішкі сүйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сүйығына) антиденелер бөліп, адам мен жануарлар денелеріндегі сұйықтық (гуморальдық) иммунитетті қалыптастырады.
В-лимфоциттер - құстардағы клоака (Фабриций) қапшығы лимфоциттері іспеттес. Адам мен жануарлар денелерінде аталған қапшықтын болмауына байланысты, клоака қапшығының сүйек кемігі майынан келген лимфоциттердің мамандануына ықпал ету қызметін ащы ішектің, оның ішінде мықын ішектің кілегейлі қабығындағы лимфа түйіншелері атқарады деген болжам бар.
В-лимфоциттер организмдегі гуморальдық иммунитетке жауапты
Егу арқылы қалыптастырады. Жұқпалы ауруға қарсы ауру туғызатын бактрияриялардың немесе вирустардың, әлсіретілген немесе ультракүлгін сәулемен өлтірілген екпе түрін егеді. Мұндай жағдайда ауру жеңіл түрде өтеді. Организмде қарсы дене пайда болып, жасанды иммунитет тұрақты түрде көмектесу үшін құрамында дайын қарсы денесі бар малдың қан сарысуын егеді. Малдарға мөлшерін бірте көбейтіп, микробтарды жұқтырады. Ауық-ауық малдан қан алып, құрамындағы жасушалармен фибриноген нәруызын бөліп, емдік сарысу алады. бұл кезде иммунитет уақытша ғана қалыптасады.
Кейбір жануарлар мен адамның қанында организмді жұқпалы аурудан қорғайтын заттар іштен туа пайда болады, ондай иммунитетті туа пайда болған иммунитет деп атайды. Бұл қасиет тұқым қуалайды. Туған күнінен бастап, өзінің барлық тіршілік ету кезеңдерінде түзілетін организмнің қарсы тұру қабілеттілігін жүре пайда болатын иммунитет деп атайды. Ол табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді (екеуі де белсенді және енжар болып ажыратылады) . Бұл иммунитеттің табиғи жолмен түзілген белсенді түрі жұқпалы аурулармен науқастанып тұрғаннан кейін пайда болады. Әдетте, ол ұзақ мерзімге созылады, кейбір жағдайда өмір бойына сақталады. Мысалы, адамдар шешек, қызылша, т. б. жұқпалы аурулармен бір рет ауырып тұрса, екінші рет қайталап ауырмайды. Ал табиғи иммунитеттің енжар түрі нәрестеге құрсақта жатқанда бала жолдасы (плацента) арқылы, ал туғаннан кейін анасының сүтімен беріледі. Мұндай иммунитет ұзаққа созылмайды, сәби 1 жасқа келгенше сақталуы мүмкін.
Ауруды болдырмау үшін алдын ала егудің немесе биологиялық препараттар енгізудің нәтижесінде түзілген иммунитет жасанды иммунитет деп аталады. Егер де ондай иммунитет вакцина егуден кейін пайда болса - белсенді, ал дайын иммунды қан сарысуын құйғанда пайда болса - енжар иммунитет дейді. Жасанды жолмен, яғни егудің нәтижесінде құралған белсенді иммунитет енжар түріне қарағанда, ұзағырақ (6 айдан бірнеше жылға дейін) сақталады. Мысалы, шешек ауруына, қызылша, туберкулез, сіреспе, күл, т. б. ауруларға қарсы егу. Ал сарысу енгізгеннен кейін пайда болатын енжар иммунитеттің 2 - 3 аптадан 1 айға дейін ғана тиімділігі бар. Мысалы, сіреспе, күл ауруларына, ботулизмге қарсы иммунды қан сарысуларын егу. Иммунитеттің түзілуіне бүкіл организм қатысады. Басқарушы және бағыттаушы орган - орталық жүйке жүйесі болып табылады. Адам мен жануарлар организмінде жасанды иммунитет туғызуға болады. Оны - иммунитеттеу деп атайды. Ол да белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді иммунитеттеу антигендерде - вакцина препараттарын (тірі микроорганизмдерден алынған) егу (теріге жағу, тері астына, ет арасына, мұрынға, ауызға тамызу) арқылы туғызылады. Иммунитет күші, қасиеті иммунитет туғызған вакциналық препараттың мөлшеріне, сапасына, дайындық мерзіміне байланысты болады. Белсенді иммунитеттеуді 1 - 2 жетіде қайталап егеді. Әсіресе, күшті әсер ететіні - бірнеше айдан не жылдан кейін егілген иммунитет. Енжар иммунитеттеуде қан не қан сары суына қосылған арнайы препараттарды тері астына, ет арасына егеді. Бұлар дайын антиденелер болады. Енжар иммунитеттеу бір айға ғана созылады. Сондықтан қызылша, күл, сіреспе, гангрена, тұмау, т. б. ауруларға арналған иммунитеттеуді қайталап егеді. Иммунитеттеу ветеринарияда да жиі қолданылады. Әсіресе, аусыл, жамандат, қарасан, кебенек, сарып, т. б. ауруларға қарсы жүргізіледі. Адам иммунитеті сыртқы орта және әлеуметтік жағдайларға, адамның жасына және жынысына байланысты болады. Адамның дене қызуы көтерілуі, салқынға шалдығуы, шамадан тыс қатты шаршауы, қайғы-қасіретке ұшырауы, ауыр жарақат алуы, әртүрлі ауруларға (әсіресе, эндокринді) шалдығуы, дұрыс тамақтанбауы, витаминдер және кейбір химиялық микроэлементтердің, фосфор, кальций тұздарының жетіспеушілігі - организмде иммунитеттің жақсы түзілуін тежейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz