Бейбіт өмірдегі химиялық жарылудың дәрігерлік әдістемелік сипаттамасы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
- Улағыш заттардың жіктелуі.
2. Өте күшті улы заттардың анықтамасы.
3. Бейбіт өмірдегі химиялық жарылудың дәрігерлік әдістемелік сипаттамасы.
Халық шаруашылығындағы жинақталған күшті әсері бар улаушы заттардың (КӘУЗ) немесе улағыш заттардың (УЗ) өндірістегі жарылысы салдарынан бейбіт өмірде химиялық жарылу ошағы орын алады.
Осы күнгі УЗ-ның жіктелуі:
Клиникалық, токсикологиялық әсері бойынша УЗ 6 топқа бөлінеді:
а) орталық жүйке жүйесіне әсер етіп оны салдандыратын УЗ(зарин, заман, Wi-газы)
б) теріге әсер ететін (иприт, люизит)
в) жалпы улаушы әсері бар заттар (синил қышқылы, хлорциан)
г) тұншықтырма әсері бар заттар (фосген, дифосген)
д) психогендік әсері бар заттар (BZ)
е) қоздырғыш әсері бар заттар(адамсит, хлорпикрин, хлорацетофенол және т. б. )
2. УЗ өзінің таралуы және гидролизге төзімділігі бойынша бөлінеді :
а) тұрақсыз (синил қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген)
б) тұрақты (иприт, заман, Vi-газы)
в) белгілі бір жерде жай таралатын және ұзақ уақыт бойы қауіптілігі сақталатын, (сағат, күн, апта, және айлар)
3. Соңғы әсері бойынша:
а) Өлімге әкеліп соғатын (зарин, заман, Vi-газы, синил қышқылы, иприт және т. б. )
б) адамдарды уақытша есінен тандыратын (психогендік УЗ)
4. Уақыты бойынша:
а) тез әсер ететін, аз уақыт аралығында әсрі байқалатын (Vi-газы)
б) жай әсер ететін (бір сағат және одан көп уақыт өткенде)
5. УЗ-ды қолданудың ықтималдығы бойынша олар 2 бөлінеді: бірінші топқа Vi-газы мен фосфорорганикалық УЗ (ФУЗ) және айдалған иприт.
Олар «табельдік УЗ» деп аталады.
Екінші топқа барлық УЗ жатады, олар «шектеулі табельдік және қордағы УЗ» деп аталады .
Орталық жүйке жүйесіне әсер етіп оны салдандыратынУЗ.
Улаушы әсері өте жоғары заттар.
Ағзаға қай жолмен түссе де адамды уландырады. Олар жеңіл, орташа, және ауыр түрінде көрінеді;
Улану дәрежесі ағзаға түскен удың мөлшеріне байланысты.
Жеңіл түрінде адамдарда көздің көру қасиетінің төмендеуі пайда болады, көздің маңайы ауырып ол жасаурайды, адам терлейді, аурудың
кеудесі қысылады, жөтеледі, жүрек айныйды, жүйкесі қозады, миоз пайда болады .
Ауырудың орташа түрінде ашық түрдегі бронхоспазм пайда болады. Ауру адамның тыныс алуы бронха-астмалық кездегі аурудың тыныс алуына ұқсас келеді. Осы кездерде тағы да такихардия, АҚ-ның көтерілуі, жүйкенің-қозу, қорқыныш, қатты бас ауруы орын алады.
Тәулік өткен соң УЗ улылық әсері өз күшін жоғалтып ауру адам ақырындап сауыға бастайды.
Ауыр түрімен зақымданған адамға УЗ улылық әсері ең алдымен орталық жүйке жүйесіне ісер етеді.
Осыдан кейін пайда болатын өте қауіпті құбылыстарға қалтырау, есінен тану, қан тамырларының қысылуы және тыныс алу жүйесінің зақымдануы жатады.
Фосфор улаушы заттармен мен уланғандағы ең ауыр клиникалық белгіге қалтырау (қалтырау стадиясы) және тыныс алу жүйесінің зақымдануы (зақымдану стадиясы) жатады.
УЗ үлкен концентрациясында орталық жүйке жүйесіне 2-3 мин уақыт аралығында әсер етеді. Олар талма ауруы түріндегі клиникалық токсиндік сипатта болады.
ФУЗ-тар тыныс алу жүйесі арқылы әсер ету кезінде қалтырау уақыты аз болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін . Сол үшін де адам 5-15 мин. кейін өліп кетуі де мүмкін.
ФУЗ-да қалтыраумен қатар көп мөлшерде тердің бөлінуі, көзден жас ағу, ауыздан көбік ағу, цианоз, уақыты келмей зәр шығару және дефекация, көп түрлі бұлшық еттердің фибрилляциясы көрінеді.
Химиялық зақымдану ошағында қайта қалыпқа келмейтін және санитарлық талапқа сай келмейтін шығындар пайда болады.
Зақымданғандарға міндетті түрде медициналық көмек көрсету қажет және де оларға антидот енгізіп, зақымданған аймақта жиі санитарлық өңдеулер жүргізіп, ошақтан алып шығу қажет.
Зақымданғандардың бәрін міндетті түрде ауруханаларға жеткіземіз, сол үшін де өте көп мөлшерде транспорт қажет болады.
Зақымданған аймақта жұмыс жүргізу өте қиынға түседі. Себебі медициналық көмекті олар арнайы қорғаныс киімдері мен газ қағарлармен жүргізеді.
Теріге әсер ететін УЗ заттар (иприт, люизит) .
Аурудың бұл түрі өзінің тұрақтылығы мен токсиндік жағымен ерекшеленеді; олар ағзаның мүшелері мен ұлпаларын зақымдайды, созылмалы ауруларды тудырады.
Ипритпен уланғанда оның I, II және III дәрежелерін көреміз.
Ипритпен уланудың 5 кезеңі бар:
жасырын кезеңі
эритема терінің қызару кезеңі
везикулезді-буллезді көпіршіктену кезеңі
неокритикалық жара кезеңі
жазылу кезеңі
Жалпы улылық әсері бар улаушы заттар.
Бұл топтағы негізгі улаушы зат синил қышқылы болып табылыды.
Бұл қышқылмен уланудың баяу немесе жылдам түрлері кездеседі.
УЗ-ң жылдам түрі ағзаға аз уақыт аралығында (2-5 мин) түседі.
Бұл форманың баяу түрі зақымданған жерде аз мөлшердегі синил қышқылының концентрациясымен байқалады.
Синил қышқылымен зақымдануды жеңіл, орташа, ауыр түрлерімен ажыратамыз.
Ауыр түрімен зақымданудың өзі бірнеше түрге бөлінеді: алғашқы клиникалық белгілердің көріну кезеңі, ентігу кезеңі, қалтырау және паралитикалық кезеңі.
Алғашқы клиникалық кезеңнің белгілері - ауру миндальдің ашты иісін сезеді, ауызда металл дәмі пайда болады, бас айналады, әлсіздік, жүрек айну, көздің көруінің нашарлауы, тамыр соғысының сиреуі, жүрек маңайындағы аурулар байқалады.
Ентігу кезеңінде өкпенің қысылуы байқалады, оттегінің қаннан ұлпаларға оттегін беруінің нашарлауы нәтижесінде ұлпаның гипоксиясын тудырады. Осы кезде жүрек аймағында шаншулар пайда болады, тамыр соғысы сиреп қатты соғады.
Тыныс алудың және жүрек - тамыр жүйесінің бұзылуына қарамастан тамырдағы оттегінің жетіспеуінен цианоз пайда болады.
Зақымданған адамдарда өлім қорқынышы, есінен тану, қозу байқалады.
Қалтырау кезеңінде зақымдаған адамда клонико-тоникалық қалтырау пайда болады, адамда приступ болуы мүмкін. Бұл кезеңде есепті түрде экзофтальм байқалады.
Паралитикалық кезеңде негізгі симптомдар орталық жүйке жүйесін зақымдайды, содан кейін тыныс алу және жүрек соғысының тоқталуына әкеп соғады.
Мұндай науқастарға медициналық көмекті өте аз уақыт аралығында көрсетіп, оларға антидот енгізу қажет.
Зақымданғандардың барлығын міндетті түрде зақымдану ошағынан көшіру қажет, сол себепті де көп мөлшерде оларға көлік қажет.
Медициналық көмек көрсететін қызыметкерлер өздерінің тыныс алу органдарын қорғап жүруі міндетті.
ап жүруі міндетті.
қоршаған ортаның зақымдануы
аяқ астынан жарылыстың орын алуы
көп мөлшерде адамдардың зақымдануы
жарылыстардың бірінен соң бірі болуы (КӘУЗ интоксикациясы + күю, КӘУЗ интоксикациясы + жарақат алу және т. б. )
КӘУЗ - ң жарылысы зақымдану уақытына және зақымдану қозғалысына байланысты 4-ке бөлінеді :
Жарылыс ошағы тез таралатын тұрақсыз заттармен уланған аймақ. Синил қышқылы, аммиак, көміртегі қышқылы және т. б. заттармен зақымданғанда болады.
Жарылыс ошағы баяу әсер ететін тұрақсыз заттармен улану аймағы. Фосген, хлорпикрином, азот қышқылы жатады.
Жарылыс ошағы тез әсер ететін тұрақты заттармен улану аймағы . Анилин, фурфурол жатады.
Жарылыс ошағы жай әсер ететін тұрақты заттармен улану аймағы. Оған күкірт қыщқылы, қорғасын - тетраэтил жатады.
Жарылыс ошағындағы тез әсер ететін заттардың сипаты:
бір уақытта (1мин) белгілі бір адамдарды зақымдау;
интоксикацияның тез ағыны ауыр жарылыс тудырады;
денсаулықсақтау органдарындағы уақыттың жеткіліксіздігі;
жарылыс ошағы болған жерлерде сапалы түрде медициналық көмек көрсету және оларды аз уақыт ішінде басқа жаққа көшіру;
зақымданғандардың барлығын бір рейспен көшіру;
Жарылыс ошағындағы баяу әсер ететін заттардың артықшылықтары:
санитарлық шығындар ұзақ уақыт бойы жүргізіледі;
денсаулықсақтау органдарына қосымша жұмыс атқару үшін уақыт бөлу;
зақымданғандар арасында түрлі іс-шаралар өткізу;
зақымданғандарды жарылыс ошағынан көшіру транспортқа байланысты;
Жарылыс болған жерде тұрақты заттар бір сағат бойы улылығын жоғалтпайды, сол себепті де олар қауіпті. Олар бір-біріне киім арқылы да, транспорт арқылы да, әртүрлі заттар арқылы да жұғуы мүмкін.
КӘУЗ-ң адам ағзасына ену жолдары:
1. ингаляциялық (тыныс алу жолдарымен) ;
2. тері арқылы (қорғалмаған тері аймақтары) ;
3. ауыз арқылы (зақымданған су мен тамақ арқылы) ;
Санитарлық шығындарының мөлшері жане халык құрылымы көптеген факторларға тәуелді болады: КӘУЗ қасиетіне, масштабына, халықтың тығыздығына, жалпы қорғаныш құралдарына байланысты болады . Тек арнайы ошақ адамдардың сенімділігін қамсыздандырады. Егер газ қағар болмайтын болса халықтың1 00% - дей ауырлықтары әр түрлі дәрежеде сырқаттар ала алады . 100% газ қағарламен камтымасыз етілгендердің арасында дер кезінде қолданбағандардың зақымдану каупі 10%. Баспаналарда және ғимараттарда адамдардың тығылуы өлім мөлшерін 4 -5 % дейін азайтады.
Шығындар :
- Жеңіл дәреже -25%
- Орта ауырлық және ауырлар -40%
- өлім -35%.
1. өзіне - өзі және басқаларға жәрдем көрсету :
- Тыныс алу органдарын қорғау( газ қағар, дәке таңғыш )
- КӘУЗ -дан теріні, шырышты қабықтарды, көзді қорғау, киімді ( жарым-жарты санитарлық өңдеу ) қашық арада зарарсыздандыру
- Зақымдану аймақтарынан тасымалдау
2. сандружиналармен көрсетілетін көмек :
- апат шеккендерді іздеу
- ауырлық дарежесіне байланысты көмек көрсету
- Органдардың қорғанышын бағалау .
• улануга карсы шара колдану
токсико - терапевтикалық көмект і н жалпы принциптары :
- Санитарлық өңдеу ( КӘУЗ қолданылғанда )
- Детоксикациалык шаралар
- Антидотты ( ерекше ) терапия
- Улы заттардын әсерінің ерекшеліктері және дәрігерлік көмек көрсетуінің жалпы принциптары .
Тұншықтырма әсері бар УЗ .
бул топқа тыныс алу жүйесіне әсері бар заттар жатады . Ол кезде өкпенің ісігі және бронхоспзм көрінеді. . Хлор жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтарын және көзді тітіркендіреді . Тітіркену құбылысы артынша кабыну - некротикалык сатыға ауысады . Жасырын кезеңсіз өтетіндіктен, бұл заттар жылдам әсер етушілерге жатады . Ал бұл топтың басқа заттарында ( фосфоген, күкірт хлориды ) жасырын кезеңі болғандыктан жане қабыну бірте -бірте өтетіндіктен бұларды баяау әсер ететін улаушы заттар деп атайды.
Алғашкы медициналык жардем.
1. зақымдану ошағында дәрігерлік көмек
- 2-3% соданың ерітіндісіне малынған газ қағарды кигізу
2. қауіпсіз аймақтағы дәрігерлік көмек
- дем қысатын киімдерден босату, жылыту
- Соданың 2%тік ерітіндісімен теріні және шырышты қабықтарды жуу
- Көздерге новокаин 2% ерітіндісін тамызу( ауру оршегеде )
- Жасанды дем беру ( дем бұзылганда )
- 1 мл 10% кофеин ( журек қызметіәлсірегенде)
- 1 мл 0, 1% атропин жане мойынға жылу басу
- Тітіркенуді жұмсартуыға арналған соданың 0, 5% ерітіндісімен инголяция қолданылады
- жақын арадағы емдік мекемеге жатқызып тасымалдау.
Хлор - тығыздыгы 2, 5; жақсы ериді ; буланғанда ауада хлор мен туз қышқылынан туратын тұман жасайтын газ. Ошақтағы агрегаттық күйі - газ тарізді жане сұйық бола алады. Жұқтырылған бұлт ойпат жерлерде таралады. Сипаттамасы: сары - жасыл тітіркеніш иісти газ; бояулардын басқа түске ауысуына және өсімдіктердің солуына алып келеді. өкпеде эмфизема дамиды. Бронхопневмониянын ауыр түрі көрініп 50%- өкпе ісігіне әкеләп соғады . Тыныс жолдарын қоргайтын газ қағарлар«В», «В8», «БКФ», «М», 2%содасы бар тангыш қолдануы қажет.
Күк і рт -түссіз майлы сұйықтық, жасыл өсімдіктерде қара дақ қалдырады;
- Жанады, суда жақсы ериді, көпшілікте металдардың коррозиясына алып келетін күшті тотықтыргыш газ ;
Қауіп-қатер және организмге әсер і :
• демді ішке тартқанда қауіпті, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуын шақырады
- Теріге тисе жаралар, күйіктер болуы мүмкін. Санитарлық өңдеу :
- Көзді соданың 2% ерітіндісімен жуу ;
- Терінің ашык жерлерін сумен шаю.
- Тыныс алу органдарын қорғау :
• өнеркәсіпті газ қағарлар,
соданын 2% тік ерітіндісіне малынған дәке таңғыш
Алгашқы дәрігерлік көмек
- Таза ауаға көтеріп шығару ;
- Жасанды әдіспен дем алдыру.
- Зонт арқылы асқазан жуу ;
- 2-3 тамшы 2%тік новокайн ерітіндісі немесе 5% дикаин ерітіндісін көзге тамшылата бастау ;
- Мойынға - жылу, атропин, папаверин, платифиллин, қажет болса трахеостомия жасау керек
- Оттек инголяциясы аялдама жанында болуы керек .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz