Бастауыш сыныптарында дүниетану үйірме жұмыстары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Ненізгі бөлім

1. Үйірме туралы түсінік

2. Бастауышта дүниетануда үйірме жұмыстары

3. Дүниетануды оқытуда қолданатын негізгі түсініктер, ұғымдар

4. Дүниетануды оқытудын материалдық базасы, оның ерекшелігімен таныстыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Үйірме туралы түсінік

Баланы секциялар мен үйірмелерге беру керек пе? Сабақпен қоса бұл оған ауыр бола ма? Жоқ әлде керісінше жақсы демалыс па? Онда қандай үйірмені таңдау керек? Бала рахаттанып баратын әрі өзіне пайдалы болатын үйірмені қалай таңдау керек?

Осындай сұрақтармен әр ата-ана кездесетін шығар. Бірден бұл сұраққа жауап бере алмайсың. Әкесі мен шешесіне әр нақты жағдайда «оң» мен «терісті» қарастыру керек.

Сонымен «оң»:

Секциялар мен үйірмелер дегеніміз:

- Айналысып жүрген істерінің алмасуы. Егер балаңыз спорт секциясына барса, онда ой әрекеті дене әрекетіне ауысады. Егер музыкалық немесе көркемөнер үйіріне қатысса онда шығармашылыққа ауысады. Қолөнер үйірмесінде қозғалыс белсенділігі, яғни қол еңбегі дамиды. Егер қызыңыз немесе ұлыңыз шахмат, тоғызқұмалаққа барғысы келсе бәрібір де өздеріне ұнағанды істейді;

- Қарым-қатынастың ауысуы. Әдеттегідей секциялар мен үйірмелер еркін қалыпта жүреді, бірақ еркіндік шектен шықпайды.

- Араласатын ортаның ауысуы. Сабақтар әдетте жеке кабинеттерде өтеді. Ал үйірмелерде балалар тек сыныптастарымен араласып қана қоймай, басқа жан-жақтан келген балалармен танысып, араласады.

- Жағдайдың ауысуы. Үйірмелерде балалардың қызығушылықтары бойынша барлық жағдай жасалады. Оларды барлық жабдықтармен қамтамасыз етеді. Жақсы үйірмелерде демалу зоналары болады. Шаршасаң ыңғайлы дивандарда жайғасуыңа болады.

Баланың өз ойымен бөлісіңіздер. Мүмкін оның өзі ойлап жүрген, барғысы келіп жүрген үйірмесі бар шығар. Сізге балаңызға үйірме неге керек екендігін түсіндіріп, бірнеше нұсқауларды көрсетуіңіз керек. Ең дұрысы үйірмеге сізбен ақылдасып бару керек. Балалар үнемі дұрыс таңдау жасай алмайды. Кейде олар мүлде ештеңе қаламайтын сияқты көрінеді. Кей кездері балалар шамаларынан тыс нәрсені қажет ететін үйірмелерге тек оның сыныптасы қатысатындықтан, соған ұқсаймын деп қатысып жатады. Дегенмен баланы қаламайтын үйірмеге күштеп апаруға болмайды: бұл не сізге, не балаңызға жақсылық әкелмейді.

Есіңізде сақтаңыз, сіз балаңыздың психикалық, шығармашылық, әлеуметтік дамуына қамқорлық жасайсыз. Бұл қиындықтар сіздің мақсаттарыңызбен салыстырғанда қиын емес шығар.

Бастауышта дүниетануда үйірме жұмыстары

Бастауыш мектепте дүниетануды оқып үйрену міндеттері Дүниетану - оқу жоспарындағы жаңа пән, «Адам», «Қоғам», «Табиғат» білім блоктарын біріктіреді. Интеративті пән болғандықтан, оны оқып - үйренудің негізгі мақсаты - адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және осы біртұтас дүниедегі адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесу Пәнді оқыту мынадай нақтылы міндеттерді шешеді:

- оқушыларда индивидтің қасиеттері, сапалары, мүмкіндіктері, қабілеттері және дамуы туралы ғылыми түсініктер қалыптастыру; өзінің көңіл-күй (сезім) ахуалына, денсаулығына деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу; іс-әрекетін дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуге үйрену;

- табиғат объектілері мен облыстарының алуан түрлілігі, олардың қасиеттері, сапалары, күйі туралы ғылымдарды меңгерту; табиғат объектілері мен облыстары арасындағы өзара байланысты, тәуелділікті, олардың уақыттың және кеңістіктің өзгерістерін түсінуін қамтамасыз ету; оқушылардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық ойлау стилін тәрбиелеу;

- оқушыны әлеуметтендіріп, оның жеке бас тұлғасының барлық жақтарын, ең алдымен, адамгершілігін, еңбекке құлшынысын және еңбек ете білуін, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.

Дүниетанудан сабақ беру әдістемесіне балалардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарына сәйкес дүниетану курсының мазмұнын әр сынып бойынша талдау кіреді, әдістеменің міндеті - балаларға курстың мазмұнын қайткенде де тәуір әдіспен жеткізу керек деген сұраққа жауап береді. дүниетану әдістемесі дидактика принциптеріне, балалардың жаңа білім игеруінің психологиялық заңдылықтарына, дүниетану курсының өткен сыныптардағы мазмұнына сүйенеді.

Дүниетануды оқыту әдістемесі педагогика ғылымдар цикліне жатады. Болашақ мқғалім бастауыш сыныптардағы дүниетану курсының мазмұнын, балаларды бұл пәнге оқытудың негізгі формаларын, әдістерін және тәсілдерін білуі керек.

Педагогикада оқытылатын жалпы дидактикалық принциптердің, пән мақсатына, оқытылатын материалдың көлеміне, оны оқушылардың ұғу ерекшеліктеріне байланысты тікелей дүниетану сабақтарында қалай пайдаланатынын білуі қажет.

Болашақ мұғалімдер бастауыш мектеп алдында ғылыми жаратылыстың білім беру саласында тұрған міндеттерді жүзеге асыра алатын болуы үшін дүниетану стандартын, оқулықтар мазмұнын, олардың идеялары мен құрылу принциптерін жақсы білуі тиіс.

Дүниетануды оқытуда қолданатын негізгі түсініктер, ұғымдар

  1. Табиғаттануды оқытуда қолданатын негізгі тұсініктер, ұғымдар.
  2. Оқушылардың табиғаттану тусініктері мен ұғымдарын қалыптастыру және дамыту

Адам. Адам ағзасы. Сыртқы түрі. Сезімдері, өсу және даму жағдайлары. Адамның әрекеті. Оқу біліктері. Өзін-өзі бақылау және бағалау. Оқу кітабымен жұмыс. Коммуникативті біліктері. Қоғам. Адам және басқа адамдар. Этика. Адамның өзін ұстау мәдениеті. Адам еңбегі. Өндіріс. Өнер. Табиғат. Табиғи және жасанды денелер, заттар. Табиғи құбылыстар. Әртүрлі заттар мен денелердің қасиеттері. Табиғатты зерттеу әдістері. Жер. Планета. Күн. Жұлдыз. Глобус. Карта. Өсімдік және жануар - тірі ағза. Қылқан жапырақты, жапырақты өсімдіктер. Шөл, дала, орман, тау өсімдіктері. Өсімдіктердің өсуі, көбеюі, дамуы.

Бунақденелілер. Балықтар. Қосмекенділер. Жорғалаушылар. Құстар. Сүтқоректілер. Олардың тіршілік ортасы, өсу және даму жағдайлары. Адам және табиғат. Табиғатты қорғау.

Дүниетануды оқытудын материалдық базасы, оның ерекшелігімен таныстыру

  1. Дүниетануды оқытудын материалдық базасы

Дүниетанудан оқыту-әдістемелік комплект. Дүниетану (оқулықтар) . 1, 2, 3, 4 сыныптар. Бақылау күнделегі (оқу құралдары) 1, 2, 3, 4 сыныптар. Хрестоматия (оқу құралдары) 1, 2, 3, 4 сыныптар, «Дүниетану» пәнін оқыту (әдістемелік нұсқау) . Дидактикалық материалдар. 1, 2, 3, 4 сыныптар. Оқу кестелері. 1, 2, 3, 4 сыныптар. Альбом (көрнекі құралдар) 1, 2, 3, 4 сыныптар. Аудиовизуальды құралдар (оқу кинофильмдері, слайдар, диафильмдер, жануарлардың дыбыстары жазылған үнтаспалар, т. б. ) 1, 2, 3, 4 сыныптар. Өсімдік кеппе шөптерінің жинақтамалары. 1, 2, 3, 4 сыныптар. Жануарлардың қатырылған жинақтамалары, ылғалды препараттар, тұлыптары. 1, 2, 3, 4 сыныптар. Тау жыныстары, қазба байлықтар үлгілерінің жинақтамалары. Киіз үй, ер-тұрман, қазақтың ою - өрнектері, үй жихаздарының кішкентай көлемді макеттері. Қазақстанның физикалық, экономикалық карталары. Глобустар. Қазақстанның түрлі жер бедерін (таулы аймақтар, жазық дала, сусымалы құм, орман, суқойма, т. б. ) үзінділер түрінде бейнелейтін сұлбалар. Қазақстанның көрнекті мемлекет, қоғам әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерінің портреттері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға баулу
Бастауыш сыныпта математиканы оқытудың жалпы мәселелері
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау
Бастауыш сынып оқушыларының біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліктерін қалыптастырудың жолдарын анықтау
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістері
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Экологиялық жұмыстарды ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz