Дағдылардың қалыптасуы мен танымдық үрдістер



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Үйрену

Инстинкт пен үйренуді салыстыру жануарлардың осы түрінің психикалық даму деңгейі туралы пайымдауға мүмкіндік береді. Инстинктті құрайтын бөліктер неғұрлым көп және үйрену неғұрлым аз болса, жануарлардың психикалық, даму деңгейі соғұрлым төмен болады және керісінше. Бірақ инстинкттер ешқашанда үйренумен алмастырыла алмайды, өйткені үйрену кейбір шұғыл жағдайларда болмауы да мүмкін уақыттың белгілі-бір көлемін шығындауды талап етеді. Сондықтан эволюция үрдісі барысында инстинкттер, үйренудің біршама жоғарғы деңгейлері пайда болуы мүмкін екендігіне қарамастан, сақталып қалады. Торп бойынша жануарлардың үйрену түрлерінің классификациясы мынадай:
- әдеттену -- бейімделуге қарағанда реакцияларды шығындау- жаңа реакциялардың пайда болуы;
- бірінші реттегі шартты рефлекстер (И.П. Павлов ашқан шартты рефлекстер); - екінші реттегі шартты рефлекстер немесе құралдық үйрену (Торндайк бойынша); - латентті (бекітусіз); - инсайт-оқыту.
Оқыту тек жануар бекітуді алған кезде ғана өтеді деген Халлдың теориясына қарағанда, Э. Толменнің теориясы бойынша жануарлардың үйренуі бекітусіз де өте алады. Осы жағдайда қоршаған орта туралы ақпараттар кейіндеу тамақ табуда немесе жыныстық жұпты іздеуде қолданылуы мүмкін. Мысалы, кейбір құстар мен сүтқоректілер аймақты зерттеуге қабілетті, бұл оларға болашаққа ақпараттар береді.
Инсайт - оқыту - оқытудың жоғарғы формасы. Ол бірнеше минут үзбей ойланудың кульминациясы ретінде өтеді. "Инсайт", байқап көру және қателесу жолымен үйренуге қарағанда, жануарлардың тапсырманы өте тез арада шешкен жағдайларын белгілеу үшін қолданылады. Жануарлар осы байқап көрулерді ақылында (пайымдайды) жасайды деп айтуға болады. Майер пайымдау іс-әрекетін жаңа, қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін тиімділердің құрылуында бір немесе бірнеше реакцияларды спонтанды біріктіруге қабілеттілік ретінде анықтайды.
Бір қатар ғалымдар есте қалдыру құбылысын да үйренуге жатқызады.
Г. Темброктың классификациясы бойынша үйренудің мынадай келесі формалары ажыратылады:
1 .Жабысқан үйрену - сол түрдің барлық өкілдеріне тіршілік ету үшін қажетті индивидуалды тәжірибе;
2.Факультативті үйрену - тіршілік етудің нақты жағдайларына терең индивидуалды бейімделу. Ағылшын этологы Р.А. Хайнд инстинктивті жүріс-тұрысты факультативті үйренудің көмегімен модификациялау мүмкіндігіне нұсқайды. Модификация эффекторлы сфераға қатысты бола алады, ол -туа берілген қозғалыс элементтерінің қайта комбинациялануы түрінде және жаңа қозғалыс элементтері (құстардың еліктеп ән салуы) пайда болуы мүмкін, Сенсорлық сферадағы өзгерістер жануарлар кейін негізгі болатын жаңа сигналдарды меңгере алатындығымен айқындалады.
Сонымен, жануар ортаның әсерлеріне пассивті реакция көрсетуге байланбаған, ал өзі ортамен өз қатынастарын белсенді құрады, бұл үйренудің негізін құрайды. Нақты жағдайдың бірдей, кездейсоқ белгілері эволюция үрдісінде бағдарламалануы мүмкін емес. Тіршілік ету барысында жинақталған тәжірибені инстинктивті жүріс-тұрысқа енгізу үрдісінің өзі тұқым қуалаушылық арқылы бекітілген. Басқаша айтқанда, үйренудің диапазоны бір түрге тән болады. Үйренуге деген қабілеттіліктердің диапазондарының кеңдігі жануарлардың психикалық даму деңгейінің жоғары екендігінің көрсеткіштері болып табылады. Үйренудің негізгі, сапалық жаңа бөлігі дағды болып табылады.
Дағды. Дағды филогенездің тек белгілі-бір кезеңінде ғана пайда болады және туа берілген қозғалыстық координацияларды жаңа жағдайда немесе жаңа қозғалыстық координацияның пайда болуында, қолдануда көрінеді. Дағдыны жетілдіру үшін жаттығулар талап етіледі, әйтпесе олар өше бастайды.
Классикалық шартты рефлексті қалыптастыруда жануар, ең алдымен сәйкес қозғалыстың алдында болатын шартты сигналды тануды үйренуі қажет. Ал "скиннерлік" үйренуде жануардың алғашқы бейімделуі сыртқы стимулдар бойынша есепке алынбайды.
Жануарларда түрлі дағдыларды қалыптастыруға жаттықтырулар да жатады. Егер құралдық үйренуде жануарға инициатива көрсетудің, әрекет ету тәсілін өз бетінше қалыптастырудың максималды мүмкіндігі берілсе, онда жаттықтыруда дағдылар адамның мақсатқа бағытталған әсерінен қалыптасады. Жануарлардың кездейсоқ, жасаған қозғалыстарының ішінен үйретушіге қажетті қозғалыстары ғана бекітіледі. Қозғалыстар үнемі тек шартты рефлекстің қалыптасуындағы сияқты үйретуші басып отыратын сигналдары өзінің күрделілігімен ажыратылады, бұл шартты рефлекстердің шынжыры болып табылады.
М.А. Герд бойынша жаттықтыру үрдісі үш кезеңге бөлінеді:
1) итеру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инстинкт және қарым-қатынас
Коммуникативтік дағдылар түсінігін анықтау
Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі - ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында
Педагогикалық шеберлік түсінігі туралы
Танымдық қызығу үрдістерін дамыту жолдары
Танымдық қызығушылық
Тұлғаның танымдық қызығушылығы мен белсенділігі
Жетім балалар мен ата - аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында баланы ортаға қалыптастыру
Оқыту құралдарының дамыту қызметі
Жеке тұлға психологиясы
Пәндер