Қазақстанды мекендеген үйсін мемлекеті



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Үйсін мемлекеті - Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір қайнар көзі'''үйсіндер''' мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарыңа деген жеке меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. Қоғам -- ру ақсүйектері мен тәуелді ұсақ өндірушілер, жартылай тәуелдіқұлдарға бөлінді. Жерді жеке иеленумен қатар иерархиялық иелену түрі де дамыды (рулық, тайпалық, қауымдық). Ежелгі үйсіндерде әлеуметтік-экономикалық қатынастар өтпелі кезеңге тән сипатта болды. Дамудың мұндай ерекше түрінің болу себебі экономикалық кұрылысқа байланысты. Жартылай көшпелі және жартылай отырықшы үйсін коғамында өндірістің екі негізгі түрі болды: мал және жер. Мал түріндегі байлықтың жиналуы, мал-мүлік, жиһазға жеке меншіктің, тауар алмасудың дамуына әкелді. Әйтсе де көшпелі қоғам ерекшелігіне сай -- әлеуметтік қатынастар аса ірі және шағын дәулетті мал иелерінің жеке меншік қатынастары түрінде дамыды. Рулық құрылыстың ыдырауы барысында туындаған таптық қатынастар құлиеленушілік сипатқа ие болды. Дегенмен ежелгі үйсін қоғамында құлдың еңбегін пайдалану өзіндік ерекше түрде дамыды; яғни, құл еңбегі өндірістің негізгі тірегіне айналған жоқ, ал құл иелену классикалық түрге жете алмады. Жазбаша және археологиялық деректерден ежелгі үйсін қоғамында б.з.д. II -- I ғасырлардың өзінде-ақ жекелеген адамдардың қолында байлықтың шоғырланғандығы байқалды. Қытай деректерінде: "Үйсіндерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады", -- деп көрсетілген. Демек, малы көп дәулеттілер болса, малы аз немесе жоқ кедейлер тобының да болғандығы даусыз. Сонымен қатар үй малдарына салынған таңбалар, металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлер де жеке меншіктің пайда болғандығын көрсетеді. Ертедегі жылнамашылардың мәліметіне қарағанда, үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуніктерінде, күнби сарайы жанындағы тағы да басқа лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Үйсін мемлекетінің басында үлкен күнби тұрды. Кей зерттеушілер үйсін мемлекетінің ел-басын күнби деп те атап жүр. Қытай тілінде үйсін патшасын гуньмо деп атаған. Үлкен күнбиден кейінгі мемлекеттік лауазым күнби болды. Бұл -- бас уәзір. Одан кейіңгі лауазым -- тулы(дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Әскер оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасы басқарды. Елдің жоғарғы сотының қызметін билер деп аталатын екі орынбасары атқарды, олардыдаруға (дарту) деп атады. Абыз атанған лауазым діни басшылықты іске асырды. Бұдан кейінгі мемлекеттік лауазым -- бүкіл ұлыстың шыбегі (биі) болды. Оның екі орынбасары болған. Ел билейтін лауазым иелерінің тапсырмаларын орындатып отыратын атқосшы мансаптары болды. Үйсін мемлекетінің астанасы Ыстықкөл жағалауындағы Чигучэн қаласы болды.[1]
Мазмұны
[жасыру]
* 1 Жағрапиясы
* 2 Тарихы
* 3 Археологиялық ескерткіштері
* 4 Шаруашылығы
* 5 Қоғамы
* 6 Дереккөздер
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
[өңдеу]Жағрапиясы
Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
[өңдеу]Тарихы
Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) уйсін мемлекеті деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 мың әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған.
Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болды.
Қытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
[өңдеу]Археологиялық ескерткіштері
Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді.
Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған.
Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.
Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1, 2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
[өңдеу]Шаруашылығы
Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
[өңдеу]Қоғамы
Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
[өңдеу]Дереккөздер
1. ↑ Қ19 Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. -- Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. -- 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4
Үйсін Дәуірінің Ескерткіштері[1] -- ерте темір дәуірінің соңғы кезеңінде Жетісу мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалардан қалған мұра (б.з.б. 3 -- б.з. 5 ғасырлар). Қытай жазба деректері бойынша Үйсін мемлекетінің астанасы Шығу (Чигу) қаласы болғаны белгілі, бірақ бұл археологиялық тұрғыдан анықталмаған.
Үйсін дәуіріне қарасты алғашқы бірнеше обаны 19 ғасырдың ортасында В.В. Радлов қазіргі Алматы облысыаумағынан зерттеген.
1920 жылы М.В. Воеводский мен М.П. Грязнов Қырғызстанның солтүстігінде зерттеулер жүргізіп, обалардың сипатын іс жүзінде нақтылады.
1930 жылы А.Н. Бернштамның, 1950 жылы Г.А. Кушаевтың зерттеулері барысында көне үйсіндер мәдениетіне жататын обалардың үлкен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйсін, қаңлы мемлекеттері
Үйсіндер, қоныстану аймағы, әскери-саяси құрылымы, шаруашылығы, археологиялық ескерткіштері
Қаңлы атауы және Қаңлы мемлекетінің территориясы туралы деректер
Ұлы даладағы ғұн империясы мен үйсін-қаңлы мемлекеті дәуіріндегі тәлім-тәрбие
Қаңлылар жайында
ҰЛЫ ЖҮЗ
Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы
Ғұндар Саяси тарихы
Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде пайда болған ерекше басқару органдары
Пәндер