Үйсіндердің шығу тегі, орналасуы және қоғам-мәдениеті


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Үйсіндер

Шығу тегі мен ор­на­ласуы. Б. з. б. I ғ. аяғын­да Қазақстан да­лала­рын­да сақ тай­па­ларын ығыс­тырған жаңа тай­па­лық одақтар пай­да бол­ды. Бұлар - үйсіндер, қаңлы­лар, сар­маттар, алан­дар.

Жетісу­дағы сақ жер­лерін б. з. б. II ғ. Ор­та­лық Ази­ядан кел­ген үйсін тай­па­лары ме­кен­деді. Бұл тай­па­ның шыққан тегі әлі түгел­дей анықталған жоқ.

Үйсіндердің негізгі ор­на­ласқан жері Іле да­ласы. Ба­тыс ше­кара­сы Шу мен Та­лас өзен­дері арқылы өтіп, қаңлы­лар жерімен ас­та­сып жатқан. Шығыс­та үйсіндер ғұндар­мен ше­кара­лас бо­лып, оңтүстікте Ферғанаға дейін со­зылған.

Үйсіндер ас­та­насы - Қызыл аңғар қала­сы. Үйсіндер мем­ле­кеті 3 бөлікке: шығыс, ба­тыс, ор­та­лық бөліктер­ге бөлінді. Мем­ле­кет бас­шы­сының ла­уазы­мы жаз­ба де­рек­терде гунь­мо деп аталған. Олар жайылым, са­уда жо­лы үшін қаңлы, ғұндар­мен ұзақ соғыс­ты. Қытай­мен кең дип­ло­мати­ялық және ту­ыс­тық қаты­нас­та бол­ды.

Ша­ру­ашы­лығы. Үйсіндер мем­ле­кеті жар­ты­лай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңде­уді кәсіп ет­кен. Мал ша­ру­ашы­лығы үйсіндер өмірінде маңыз­ды рөл атқар­ды. Қыс­тау мен жазғы жайылым­ның ара қашықтығы - 30-100 шақырым ара­лығын­да бол­ды. Сон­дықтан да үйсіндер қыс­тау мен жай­ла­уда, со­нымен қатар тау бөктеріндегі жайылым­да­рын­да ұзақ уақыт оты­ра ала­тын. Ол жер­де тұрақты бас­па­на сал­ды, егін, бақша екті. Бірте-бірте жиі бо­лып тұра­тын жұт мал­дың жұқпа­лы ауруы, үздіксіз соғыс сал­да­рынан мал­дан айырылған ха­лықтың бір бөлігі тұрақты оты­рықшы­лыққа көшу­ге мәжбүр бол­ды.

Сол кездің өзінде-ақ күнделікті тұрмыс­та жер өңдейтін тас тыр­ма, қол­дан жа­салған қол орақ пай­да­ланылған. Тас­тан жа­салған қол диірменнің та­былуы - сол за­ман­дарда өмір сүрген тұрғын­дардың дәнді дақыл­дармен қорек­тенгендігінің бір дәлелі.

Үйсін мем­ле­кетінде малға же­ке меншік бол­ды. Ру, тай­па­лар­дың жайылым­да­ры иеліктер­ге бөлініп, қазы­на-бай­лық тай­па көсем­дерінің қолы­на жи­нақтал­ды.

Билік мұра­герлік жол­мен әке­ден ба­лаға ми­расқор­лық сал­ты бойын­ша ауысып оты­рады. Оған жоғары­да аталған ру, тай­па көсем­дері бағынған.

Үйсін мем­ле­кетінде басқару­дың он­дық жүйесі қол­да­нылған. Ел би­ле­уші өзіне қарас­ты ел-жұртын ба­лала­рына бөліп беріп, әрқай­сы­на он мың адам­нан жа­сақ, көшіп жүретін және қоныс­та оты­ратын жер­лерін еншіле­ген. Мал өсіру­мен қатар, үй кәсіпшілігі де кең өрістеп, же­дел өркен­де­ген. Әсіре­се, қыш­тан ыдыс-аяқ, құмы­ра жа­сау ісі қанат жай­ды, өңдеу кәсібі жолға қойыл­ды. Темір мен қол­дан еңбек құрал­да­ры, қару-жа­рақтар сәндік бұйым­дар соғыл­ды. Тоқыма кәсібі, тері илеу, тас қашау, сүйек өңдеу ісмерлігі да­мып алға бас­ты.

Үйсіндердің өнері мен діні. Ар­хе­оло­ги­ялық қаз­ба­лар нәти­жесінде та­былған әйелдің тәжі тәрізді әше­кейлі бас киімі Қарғалы ди­аде­масы - үйсіндердің өнері мен діни на­нымы­нан мәлімет бе­ретін құнды ес­керткіш. Ол 2300 м биіктіктегі тау шатқалы­нан та­былған.

Мәде­ни­еті. Үйсіндер мен қаңлы­лар­дың ма­тери­ал­дық мәде­ни­еті то­лық зерт­телді. Жетісу мен Сыр­да­рия қала­ларын­дағы тұрақтар­ды қазу нәти­жесі ер­те көшпелілердің мәде­ни­еті, ке­рами­каның негізгі тип­тері, еңбек құрал­да­ры мен қару-жа­рақта­ры жай­лы мағлұмат алуға мүмкіндік бе­реді. Ер­те көшпелілердің негізгі тұрақта­ры киіз үй бо­лып та­была­ды, басқа бір түрі - үлкен күй­мелі ар­ба. Оған түйе мен өгіздерді жек­кен.

Үйсіндер қорған­да­ры негізінен үйінді оба түрінде болған. Ер адам­дарды қылыш, же­бе, са­дағымен бірге жер­ле­се, әйел­дердің бейіттеріне әше­кей бұйым­дар - сырға, жүзік, мон­шақ, т. б қойылған.

Үйсіндер ме­кен­де­ген ай­мақта қолөнердің да­мыған­дығы байқала­ды. Үйсіндердің бей­не­леу өнері сақтар­дың көркемдік дәстүрімен (аң стилі) бай­ла­ныс­ты. Үйсіндер­де құмы­ра жа­сау кәсібі ба­рын­ша да­мыды. Үйсін ыдыс­та­рының негізгі түрлері - те­гене­лер мен ке­селер, тос­таған­дар, түрлі құмы­ралар мен қазан­дар. Ежелгі үйсіндер темір, мыс, қола­дан еңбек құрал­да­ры, қару-жа­рақтар, сәндік бұйым­дар жа­саған. Тоқыма, жіп иіру, тері илеу, асыл тас­тар, бағалы тас­тар мен бағалы ме­талл, сүйек өңдеу ісі де да­мыған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Б.з.д. III - б.з. V ғасырларындағы үйсіндер: шығу тегі, орналасуы және мәдени-экономикалық өмірі
Хундар: шығу тегі, мәдениеті мен экономикасы, мемлекеттігі және Еуропадағы империя
Қазақстандағы сақ тайпалары: шығу тегі, шаруашылығы және материалдық-рухани мәдениеті
Беғазы-Дәндібай мәдениеті: қазба материалдары, керамика және шығу тегі мәселелері
Қимақ мемлекеті (IX-XI ғғ.): шығу тегі, құрылуы және мәдениеті
Қайта жаңғыру мәдениеті: шығу тегі, гуманизм және өнердегі даму
Қазақ халқының шығу тегі: сақ тайпаларының тарихы, мәдениеті және тілдік ықпалы
Авар қағанаты: жазба және археологиялық деректер негізінде шығу тегі мен мәдениеті
Адамның шығу тегі және приматтардың эволюциясы
Ғұндар, сақтар, қаңлылар және үйсіндердің этникалық-саяси тарихы мен археологиялық мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz