Қаңлы атауы және Қаңлы мемлекетінің территориясы туралы деректер
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Қаңлы атауы және Қаңлы мемлекетінің территориясы туралы деректер ... ... ... .4
1.1.Қаңлы мемлекетінің саяси құрылысы және әскери қуаты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .7
2. Үйсін тайпалары туралы тарихи деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1. Үйсін елінің өкіметтік ұйымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Кіріспе
Қаңлы - қазақ халқының этникалық негізін құраушы көне де байырғы тайпаларының бірегейі.Бізге жеткен дәйекті жазба деректер үйсін,қаңлы тайпаларының біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырлардың өзінде-ақ атағы бүкіл Азия құрылығындағы түркі әлеміне әйгілі болғанын,қуатты мемлекет ретінде бой түзегенін дәлелдегені қашан.Алайда, "Қаңлытану" проблемасы зерттеулер ісінде толыққанды, кешенді шешімін таба алмай келеді.
Ата-баба мұраларын зерттеп тарих қойнауының тереңіндегі қасиетті сырларды шешу,жаңғырту бүгінгі ғалымдар үлесіне тиетін зор міндет.Бүгінгі Қазақстан Республикасының негізгі халқы-қазақтардың этникалық іргетасы саналған қаңлы,үйсін руларынан тұратыны белгілі.Олай болса,қаңлы тарихын зерттеу-республика тарихының іргетасын көтеретін өзекті де күрделі мәселе деп білу маңызды. Тарих-халықтардың қасиетті кітабы,олардың тұрмыс салты мен тіршілігінің айнасы, жан дүниесі мен әдет-ғұрпының көне естелігі,ата-бабаларының ұрпағына қалдырған өсиеті,-деп айтқан тарихшы Н.М.Карамзиннің ұлағатты сөздер біз қарастырғалы отырған проблеманың өзектілігін аша түскендей.
Қазақтың байырғы аңыз-шежірелері мен жазба әдебиетінде үйсін деген атау екі түрлі мағынада - тар мағынада және кең мағынада қолданылады. Tap мағынадағы үйсін - қазақтың ұлы жүзінің құрамындағы тайпаның аты. Ал кең мағынадағы үйсін - Іле алқабы мен Жетісу өңірін және оңтүстік Қазақстанды мекендеген ұлы жүз тайпаларының жалпы аты. Бұлар ежелгі заманнан бері осы өңірді мекендеген, Іле аймағындағы албан, суан, жалайыр тайпалары осы үйсін ұлысының тармақтары.
Байырғы қазақ шежірелерінің деректері мен тарихи жазба деректер, үйсін елінің тарихта тым ерте заманда әйгілі болғандығын және казақ қауымының негізгі тұлғасы мен ұйтқысы болғандығын дәлелдейді. Үйсіндер туралы деректер осыдан екі мың жыл бұрынғы ханзу тіліндегі жылнамаларда кездеседі. Қазақ шежіресі бойынша: қазақтың ұл баласының бірі Бекарыс (кейбірінде Ақарыс), одан үйсін туған делінеді. Қазақтың тегі туралы аңызда: Қотанбайдың үлкен ұлы Үйсін (ұлы жүз), ортаншы ұлы Болат (орта жүз), кіші ұлы Алшын (кіші жүз) делінеді.
19-ғасырдағы орыс ғалымы Н. Аристовтың (ұлы жүз ботбай руынан шыққан шежірөші Диқанбайдан жазып алған) шежірелік деректері бойынша: Ұлы жүз қазақтарының атасы Майқы би. Майқыдан: қаңлы, бақтияр, қырық жүз, мың жүз; бақтиярдан: үйсін мен ойсыл; үйсіннен: ақсақал, (абақ), жансақал (тарақ); абақтан қараша, қарашадан байдібек; байдібектен: албан, дулат, суан, шапырашты, сары үйсін, ошақты, ысты тайпалары тарайды.
Шоқан Уәлихановтың қазақ арасынан жинап зерттеген шежірелік деректерінде, үйсін ұлы жүз қазақтарының түп атасы болып келеді. Онда: Төбей, Төбейден үйсін, үйсіннен қойылдыр (қатаған шанышқылы), мекірейлі (жалайыр), майқы (абақ), қоғам (қаңлы) тайпалары өрбиді. Бұдан құлдағанда баққараша -- байдібек. Байдібектен: албан, дулат, суан, шапырашты, сары үйсін, ошақты, ысты рулары тарайды. Кейбір зерттеушілер: қазақ шежіресіндегі үйсіннің түп атасы Төбей (Туби яки Дуби) ерте замандағы ханзуша деректердегі үйсін елінің Нән Ду би болуы ықтимал, деп топшылайды.
1.Қаңлы атауы және Қаңлы мемлекетінің территориясы туралы деректер.
Түркітану саласында қаңлы этнонимнің, не этнопонимінің шығу тегін айқындау негізгі өзекті мәселе болып саналады.
Қаңлы деген кімдер,ру тайпа ма,ұлыс па,әлде жер-су атауы ма,ол қашан және қай жерде,қалай пайда болды? Бұл атаудың мағына-мәні не,ол қалай өте ежелгі тайпалардың атауы болып қалыптасты?Бұл жұмбақтың түйінін шешу көптеген жылдарға ізденістен кейін де ғалымдар үшін мүмкін болмай отыр.Өйткені оған жауап ретінде берілетін варианттарды сан-саналы болуы.Ал,бұл мәселені одан әрі күрделендіріп отыр.Сондықтан біз бұл тарауда қаңлы атауының екі түрі көзқарастағы бастамдарына тоқталайық.
Қаңлы атауының өзен-су идеясы көптеген ғалымдардың еңбектерінде 18 алға тартылған болатын. Қайдар Абдуали зерттеу еңбегіне үңілсек қаңлы ұғымына байланысты атаулардың жалпы саны 40-тан астам екен .Олар мынандай болып келеді:
Кәну-Кану
Кәңгерес-Кенгерес
Кенегес-Кенегес
Кеңгелер-...
Бұл аталған сөздердің бәрінің түбірі Кан сөзінен таралып отыр. Демек бұл түбір - қаңлы тайпасының атамекені саналатын бір заманда қаң, қаңға, қаңқа аталған тек Сырдарияның өзіне ғана тән атау емес,сонымен қатар бүкіл Азия құрлығының төрт бұрышына түгел таралған жүздеген географиялық (жер-су) және этнонимиялық (ру-тайпа) атаулардың дүниеге келуіне негіз болған.Әмбебап түбір сөз. Мәселен, Үндістанда Ганг, Оңтүстік Кореяда Канган, Солтүстік Кореяда Канге, Қытайда Цзянь (осылай жазылғанымен Қытайша оқылуы Кань) делініп келеді. Ал, Сырдың бір замандағы аты Қақ Қаңға болған,енді Алтай өңіріндегі өзен атауларына назар аударсақ,онда былайша болып келеді: Ақ-қан (Ақ өзені), Ара-қан (Ара өзені), Арын қан (Арын өзені), Асқар-қан (Асқар өзені), Бай-кан (Бай өзені),Берке-кан (Берке өзені), т.б Осы деректерді келтірген сөздіктің авторы О.Т.Молчанова: По данным картотеки топонимов Сибири при Томксом университете есть еще шесть как, правый приток М.Потом,Тихий Кан; р,Кан-правый приток Енисея, Кан на территории Сибири... деп жазды.
Басқаны қойғанда, тек Ш.Уәлиханов еңбектерінде ған кездесетін қақ түбіріне қатысты 6-7 туынды атау өзі нені көрсетеді:Қаңлы,Қанглы, кангюй (қақғұй),канезы (қақездер), канкалы (қаңқалдар), кенегес (кенегестер), кангары (қаңғарлар) т.б .
Осылардың бәрі сайып келгенде,қаңлы кангюй этнонимімен этнотопонимдерінің қалыптасуына негіз болған гидронимдік түбір екндігін дәлелдейтін деректер.
Ал,енді Кан - қаң түбірлі вариантты атауларға тоқталар болсақ онда ол мынандай болып келеді.
Кангюй - этнотопоним:Сырдария бойында б.д.д ІІ-ғасырда пайда болып,дәурендеген алғашқы түркі мемлекеттерінің бірі.Бұл тарихта белгілі,және қалыптасқан дерек. Кангюй (қаңлының Қытайша атауы).[1]
Н.Я.Бишуриннің пікірі бойынша, мемлекеттің, әрі сол мемлекеттің негізін құрушы және оны ұзақ ғұмырлар бойы (VІІІ ғасырға дейін) билеп төстеген негізгі тайпа қаңлылалрдың атауы . Ал Малявкин А.Г. өзінің
ұйғырлардың ІX-XІІғ.ғ.тарихына байланысты қытай деректері негізінде жүргізілген зерттеулерінде қаңлы этнониміне әртүрлі қатысы бар кан-цзюй кангы, канго атауларын келтіріп, кан-цзюй атауы қаңлы халқының өз атауы емес.,Тан патшалығы дәуіріндегі Шығыс Түркістандағы Соғды колониясындағы қаңлылардың атауы деп көрсетеді.Ал Н.Аристов қаңлы түріктердің дулаттардан да көне тайпалары деп айтты.
Енді қаңлы атауына байланысты қалыптасқан екінші көзқарас ол- арба идиясы. Жоғарыда қаңлы этнонимінің түп-төркіні гидроним түбірінен, оның өзен-судеген мағынасы бар екенін айттық.
Қаңлы-арба идиясының бұрынғы сарынымен жалғасып келе жатқанын біз көптеген қазақ авторларының еңбектерінен де көруге болады.Мәселен, академик Ә.Марғұлан өзінің О происхождении племени канглы атты еңбегінде былай деген : Термин канка встречается в древнейших источниках.Так канка упоминает в Зенд-Авесте. Канка генетические связан с названием племени канглы,древнейшим центром которого был город Канка. ...повозка канкбыла принадлежностью и средством передвижения исключительно представителей знати дей келіп,Абулғазы,Рабғузи т.б.еңбектеріне сілтеме жасайды.
Құдайберді Шәкәрімнің өзі де шежіре жәйлі еңбегінде: Қаңлы деген арбалы деген сөз,ұйғыр ішінен қаңлы аталған, бұлар бұрын бек көп ел болған,Стамбулдағы Осман түрікте қаңлы нәсілінен-деп жазады. Мұндай деректерді көптеп келтіруге болады.Тарихи әдебиеттерде былай қойғанда қаңлы этнонимін қаңға-арбадан шығаратын этимологиялық түсініктемелердің бар екенін айтпасқа болмайды.Соның бірі - түрік ғалымы Іспет Зәки Ейұбоғлұның Түркі тілінің этимологиясының сөздігі атты еңбегінде қаңлыэтнониміне берілген түсініктеме.
Көп ізденістерден қорытынды шығарған академик Ә.Қайдар былай деп түйін шығарды:қаңлы-қырықтан астам атауы, сан алуан елдің
қалыптасуына ұйытқы, құрамдас бөлшегі болсада, түп-төркіні біреу-ақ, ол:қан қаң түбірінен тараған түрік тайпаларының ең байырғы, ірі әрі ұзақ жасап келе жатқан көне этникалық топтардың бірегейі,қазақ жерінде дүниеге келген көне тайпа-қаңлының байырғы атауы.
Қаңлылардың территориясын анықтауға арналған жұмыстар да өте көп. Оның бес иелігі болғаны Сусе, Фуму, Юни, Ги және Юегань белгілі.Әйтсе де бұл мәселе әлі де зерттеуді қажет етеді.
Бүгінгі Қазақстандық және Орта Азиялық ғалымдар қаңлылар иелігіне Сырдариядан Іле өзеніне дейінгі аймақ жатады деп есептеген.А.Н.Бренштам және кейін оны қолдаған ғалымдар В.Вбартольд пікіріне сүйенеді.
А.Н.Бернштам Сырдариядағы қаңлылардың иелігін былайша белгілейді:
1.Сусе-Сырдарияның орта ағысы,Арыс өзені және Қаратау жоталары;
2.Фуму-Сырдария ауданы бойынша Жаңақорғаннан Қазалыға дейін;
3.Юни-шам (Ташкент)өңірі;
4.Ги-Сырдарияның төменгі ағысы;
5.Юегань-Амударияның төменгі ағысы,Хорезм өңірі;
Сусе жеріндегі Битянь қаласы яғни Қаратау таулы аймағы.
Енді төмендегі деректегі маңызды үзінді негізінен әр иеліктің аумағы, әкімшілік орталығы жөнінде кеңірек мәлімет аламыз.Онда былай делінген:В государстве Канцзюй было пять удельных князей (Сяо ван).Первого звали князь Сусе, его резиденция в городе Сусе.До (местопребывания) наместника 5776 ли,до заставы Янгуань 8025ли.Второй именовался князем Фумо резиденция его была в городе Фумо.До место пребывания наместника 5767ли.Находятся в городе Юйни.До (местопребывания ) наместника 5266 ли,до заставы Янгуань 7525 ли.Четвертый именуется цзи,его резиденция находятся в городе Цзи.До местопребывания наместника 6926 ли,до заставы Янгуань 8555 ли.Имя пятого князя Аоцзянь,резиденция его находятся в городе Аоцзянь.До местопребывания наместника 6906ли,до заставы Янгуань 8355 ли.(Хань-Шу, Повествование о государстве Канцзюй-Н.Я.Бичурин аудармасы.ІІ-том.186б.)
Бұл мәліметтерді Чжан Цянның дәлдікпен жеткізуіне қарағанда ол Чжан Цянь прошел ...концзюй, ...побывал лично ...у концзюй30дегендей ол тек қана канцзюй орталығы Битяньда ғана емес оның бес иелігінде де болған деп сенімді түрде айтуға болады.
Б.з.д.104-102 ж.ж. Хань-да-юань соғысының аяқталғаннан кейін Канцзюйге Хань офицері Шань Гуань өз әскерімен ешқандай жол сілтеушісінсіз-ақ басып кірген болатын.Ол Ю қаласының билеушісін ұстап алып жазаға тартты.Ю Қытай әскери отрядын талқандауға қатысқан болатын.Тағы бір мысал.Б.з.д.36 жылы Чжи-чжи Шаньюйдің солтүстік суннуйлік ордасы және әскерінің қиратылуына байланысты үш әскер Оңтүстік жолмен Цунлин (Памир ) арқылы және Да-Юань (Ферғана), Думай (Талас) өзеніне дейін келді.
Қытай авторларының (саяхатшылары, дипломаттар, чиновниктер, әскерилері ) батыс өлке туралы мәліметтері мынандай тенденцияны анық көрсетеді дейді Н.Я.Бичурин: Проникновение и освоение Ханьцами Заподного края (Сиюй) шло в рамках долговременной великодержавной политики Поднебесной по сдерживанию и нейтрализаций сюнну.[2]
Бұл саясат Нань-Шань,Куэнь-Лун,Тянь-Шан таулы аймақтармен жоспарлы түрде Батысқа жылжыды.Уақыт барысында аталған бағыт Ұлы Жібек жолының оңтүстік және солтүстік тармағына бөлініп кетті. Ұлы жібек жолының бойында орналасқан көптеген мемлекеттерді (қалалар, иеліктер, хандықтар картаға түсіріп отырды).
Тарау соңын қорытындылай отырып Қаңлы туралы мәліметтердің басым көпшілігін Қытай деректерінен тұратынын байқадық.Бұл деректердің негізінен Қаңлы мемлекетінің ұлан-ғайыр жерді алып жатқанын көреміз.Сондай-ақ, бұл мемлекеттің түркі тайпаларының ішіндегі ең қуатты мемлекет болғандығы да көп хабарламаларда анық айтылған.Ал этимологиялық талдау барысында бүгінде 40-тан астам варианттардың бар екендігін академик Ә.Қайдар еңбегінен алынған мәліметтерден кездестірдік.
1.1 Қаңлы мемлекетінің саяси құрылысы және әскери қуаты
Үлкенді-кішілі кез келген мемлекеттің өз дәуіріне,заман талабына,саяси экономикалық,табиғи-географиялық жағдайларына байланысты қалыптасқан құрылымы, құрамы, сондай-ақ оны басқару жүйесі және ол үшін аса қажетті мемлекеттік атрибуттары,атап айтқанда: саяси,тарихи, экономикалық негізі,табиғи географиялық ортасы өзіндік рәміздер, ортақ тілі, жазуы, ақшасы заңы, этникалық тұтастығы, әскери күші, өмір тіршілік көздері мен тәсілдері болуы шарт.Біз қарастырған еңбектер,онда келтірілген дерек мағлұматтар шамамен ХV ғасырдай дәуірлеген Кангюй мемлекетінің бойынан түгел табылады деп айтуға толық негіз болады.
Қаңлы мемлекетінің жалпы қоғамдық бейнесі туралы төмендегіше қорытынды түйін жасаймыз.
1.Қаңлы мемлекетінің алғашқы қалыптасқан тарихи кезеңі бізге белгісіз.Қытай елшісі Чжан-Цзянның түркі әлеміне берген ресми хабары бұл мемлекеттің құрылған,не құрыла бастаған нақтылы кезеңін емес дүниеге келіп, дәуірлеп тұрған дәуірін баяндайды.Демек, Қаңлы мемлекеті өз бастауын айтып жүрген б.д.д ІІІ-ғасырын емес,ІІ-ІІІ ғасыр одан бұрынырақ алатынын ескерген жөн.
2.Қаңлы мемлекеті- түркі әлеміне көптен белгілі тарихи шындық. Сонау көне дәуірден-ақ қаңлы мемлекетінің қалыптасуына этникалық негіз болып, іргетасын қалаған әр тектес көп тілді қауым емес, бір текті, Сыр бойында тым ерте пайда болған ірі де біртұтас қаңлы тайпасы.
3.Көне қаңлы мемлекеті өзінің статусы жағынан көне дәуірдің талабына лайықты құл иеленушілік қоғамынан кейін әскери ақсүйектер билік жүргізу негізінде қалыптасқан феодалдық-патриархалдық мемлекет болған.
4.Өз алдына өз билігі өзінде,өз жері бар,көрші елдермен терезесі тең қарым-қатынасы тығыз ел болған.Қаңлы мемлекеті де өзінің ішкі сыртқы саясатын осы бейбітшілік принципінде қалыптастырғанын көреміз.Мәселен қаңлы патшасының өз ұлын Қытай патшасының қолына жіберіп аманат ретінде беруі,еліне келген Қытай елшілеріне өз деңгейіне сай сый-сияпат көрсетпей,өзінің тәкаппарлығын танытуы-осының бәрі мемлекет деңгейіндегі сыртқы саясат болса керек.
5.Қаңлы мемлекетінде ел-жұртты заң жүйесімен басқару да жазбаларда сөз болады. Заң жинағы (кодексі) патша сарайында тұрады, қажет адамдар онымен сонда барып танысады деген дерек бір ортадан басқаруға қажет өзіндік жарғысы болғанын аңғартып тұр.Аса қылмыс жасаған адамдардың өзін ғана емес сол қылмыс жасау әрекетін дер кезінде тия алмаған ата- анасымен жақын туыстарының бәрін де қатал жазаға тарту да осы заңда көрсетілген.
6.Патша сарайының дәстүрі, патшаның өзі мен отбасының,үй ішінің қалыптасқан тәртібіде жазба деректерде біршама сөз болады. Мәселен,қаңлы патшалары бірінен-кейін бірі нәсілдік жолмен тағайындалып отырған.Бес деңгейдегі бейлік жүйесі сатылы принциппен жүргізілген.Қаңлы патшалығында көп әйел алу салты да болған.Патша сарайындағы мәртебелі қонақтармен, шетелдік елшілермен кездесу салтанатында әрбір адамның отыратын өз орны болған.Патшаның нақсүйер патшасы бұл кеңес кездесулерде оның оң тізесіне сүйеніп отыратын болған.
Қаңлы патшасының жаз жайлауы, қыс қыстауы, сондай-ақ бірнеше жерде жазғы және қысқы сарайлары болған.
7.Қаңлы мемлекетінің билік жүйесіндегі өзіндік бір ерекшелігіне оның мемлекетке бағынышты қосымша бес иелікке басшылық етуі және тәуелді болған (мысалы: аландар елі) елдер мен қарым-қатынас жасау тәртібі жатады.
Қаңлы мемлекетіне байланысты Қытай дерек көздерінде айтылмаған бұрын соңды көп сөз болмаған күрделі проблеманың бірі - көне Кангюй мемлекетіне көне Хорезм жеріндегі Кан-Хорезм мемлекетінің қатыстылығы.Бұл акад. С.П.Толстов зерттеулерінен кейін жария болған.Бірақ кейбір тарихшылар көп мойындай қоймаған жаңа идея.Ол ұлан ғайыр Хорезм жеріндегі Канха-Хорезм мемлекеті VІІІ-ғасырдан бұрында,кейінде көне Кангюй мемлекетінің құзырында болған және оны жалғастырған мемлекет деп қарайды.
Мемлекет құрамы мен құрылымы Қаңлы мемлекетіне қатысты өзекті мәселелердің ең бастысы-оның құрамы мен құрылымын айқындау.Ол үшін мемлекетті үш шеңберде қарастырайық.
Бірінші шеңберге Қаңлы мемлекетінің өз басына тән негізгі мемлекеттік жер көлемі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz