Салық және салық салу пәнінен тәжірбие



Мазмұны:

І КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Қазақстан Ресбуликасы Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасы туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

2. «Салық төлеушілерді тіркеу» бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

2.1. Салық төлеушілерді есепке тұрғызу туралы ереже ... ... ... ...8
2.2. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Бөлім қызметінің экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

3. «Салық төлеушілерді тіркеу» бөлімінің қызметін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

3.1. Бөлімнің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

жеке, резидент емес тұлғаларды тіркеу

жеке кәсіпкерлерді тіркеу

заңды тұлғаларды тіркеу

ҚҚС бойынша есепке тұрғызу

ФЖ(б)БКМ есепке қою

3.2. Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

4. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыруды автоматтандыру ... ... ...30

4.1. ИСАЖ (ИНИС) бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
4.2. СКУНС және СЕӨЖ (СОНО) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
І КІРІСПЕ

Тәжірибе – теориялық негізде алынған білімді іс жүзіндегі нақты қимылдармен салыстыру болып табылады. Сол мақсатта мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласының Салық департаменті Алматы ауданы бойынша салық басқармасының «Салық төлеушілерді тіркеу» бөліміне өндірістік тәжірибеге жіберілдім. Тәжірибеде зерттеу обьектісі болып – бөлімнің нақты жасайтын жұмысы, бөлімнің мемлекеттік бюджетті қалыптастыруда нақты рөлі және басқа да бөлімдермен, органдармен, субьекттермен қатынасы болды. Тәжірибе өту барысында мен оқу орнының қатаң тәртіпте ескерткен этикалық ережелерін сақтадым:
 корын қызметкерлерінің, мекеменің ішкі тәртіп ережелріне бағыну, мәдениетті болу;
 өндірістік тазалықты, техникалық қауіпсіздікті, еңбек қорғау ережелерін қатаң сақтау және білу;
 орындалатын жұмысқа және оның қорытындыларына жауапты болу;
 тәжірибе бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толық орындау;
 мекеменің мәдени-шаралық, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысу.
Өз кезегінде тәжірибе уақытында тәжірибеге жіберіу туралы үшжақты келісімшартта көрсетілгендей келесідей міндеттерді орындауға тырыстым:
 салық комитетінің жұмыс істеу уақытын бұзбауға
 жұмыс орнында өзіме тапсырылған жұмысты орындауға, оның нәтижесі мен орындалу сапасына жауап беруге;
 бекітілген қалып бойынша күнделік жүргізуге және оны күн сайын тәжірибе жетекшісіне тексеріске және қол қоюға тапсыруға;
 колледжге сәйкес келетін қосымшалары мен тәжірибе нәтижесі туралы жазбаша есеп беруге.
Бұл тәжірибе есебінде ең алдымен бөлімнің экономикалық мәні, басқарылу құрылымы, салық басқармасы ішінде алатын орны, мемлекеттің салық саясатын жүзеге асыруда маңыздылығы, бөлімаралық қатынастары, жасалатын жұмыстарына сай жіктелуі, жұмысын ұйымдастыруды автоматтандыру мәселелері қарастырылған. Мақсатым – жинақтаған мәліметтерді теориялық негізде жинаған мағлұматтармен салыстырып, түйсігімде қалыптасқан қателіктерді түзете отырып, бөлімнің жұмысын толық атқаруды үйрену.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті.
мәдениет және спорт факултеті алғашқы әскери дайндық мамандығы

Тақырыбы: Салық және салық салу пәнінен
тәжірбие

Орындаған:
Тексерген:

Өскемен 2012 ж

Мазмұны:

І
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...4

1. Қазақстан Ресбуликасы Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық
департаментінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасы
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..4

2. Салық төлеушілерді тіркеу
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 8

1. Салық төлеушілерді есепке тұрғызу туралы ереже ... ... ... ...8
2. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Бөлім қызметінің экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

3. Салық төлеушілерді тіркеу бөлімінің қызметін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

1. Бөлімнің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...23

– жеке, резидент емес тұлғаларды тіркеу

– жеке кәсіпкерлерді тіркеу

– заңды тұлғаларды тіркеу

– ҚҚС бойынша есепке тұрғызу

– ФЖ(б)БКМ есепке қою

2. Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен
құқықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

4. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыруды автоматтандыру ... ... ...30

1. ИСАЖ (ИНИС)
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
4.2. СКУНС және СЕӨЖ
(СОНО) ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...32

ІІІ
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .34

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .35
І КІРІСПЕ

Тәжірибе – теориялық негізде алынған білімді іс жүзіндегі нақты
қимылдармен салыстыру болып табылады. Сол мақсатта мен Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласының Салық
департаменті Алматы ауданы бойынша салық басқармасының Салық төлеушілерді
тіркеу бөліміне өндірістік тәжірибеге жіберілдім. Тәжірибеде зерттеу
обьектісі болып – бөлімнің нақты жасайтын жұмысы, бөлімнің мемлекеттік
бюджетті қалыптастыруда нақты рөлі және басқа да бөлімдермен, органдармен,
субьекттермен қатынасы болды. Тәжірибе өту барысында мен оқу орнының қатаң
тәртіпте ескерткен этикалық ережелерін сақтадым:
– корын қызметкерлерінің, мекеменің ішкі тәртіп ережелріне бағыну,
мәдениетті болу;
– өндірістік тазалықты, техникалық қауіпсіздікті, еңбек қорғау
ережелерін қатаң сақтау және білу;
– орындалатын жұмысқа және оның қорытындыларына жауапты болу;
– тәжірибе бағдарламасында қарастырылған тапсырмаларды толық орындау;
– мекеменің мәдени-шаралық, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысу.
Өз кезегінде тәжірибе уақытында тәжірибеге жіберіу туралы үшжақты
келісімшартта көрсетілгендей келесідей міндеттерді орындауға тырыстым:
– салық комитетінің жұмыс істеу уақытын бұзбауға
– жұмыс орнында өзіме тапсырылған жұмысты орындауға, оның нәтижесі мен
орындалу сапасына жауап беруге;
– бекітілген қалып бойынша күнделік жүргізуге және оны күн сайын
тәжірибе жетекшісіне тексеріске және қол қоюға тапсыруға;
– колледжге сәйкес келетін қосымшалары мен тәжірибе нәтижесі туралы
жазбаша есеп беруге.
Бұл тәжірибе есебінде ең алдымен бөлімнің экономикалық мәні, басқарылу
құрылымы, салық басқармасы ішінде алатын орны, мемлекеттің салық саясатын
жүзеге асыруда маңыздылығы, бөлімаралық қатынастары, жасалатын жұмыстарына
сай жіктелуі, жұмысын ұйымдастыруды автоматтандыру мәселелері
қарастырылған. Мақсатым – жинақтаған мәліметтерді теориялық негізде жинаған
мағлұматтармен салыстырып, түйсігімде қалыптасқан қателіктерді түзете
отырып, бөлімнің жұмысын толық атқаруды үйрену.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Қазақстан Ресбуликасы Салық комитеті Астана қаласы бойынша Салық
департаментінің Алматы ауданы бойынша Салық басқармасы туралы.

Салық қызыметі органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдердің толық түсуін міндетті зейнетақы жарналарының және
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік сақтандыру қорына
әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамассыз ету
жөніндегі сондай ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына
салық бақылауына жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі.
Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық
органдарынан тұрады.
Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана
және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық
комитеттері, аудандар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері
жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың
аумағында салық комиттері құрылуы мүмкін.
Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен
жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.
Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге
асырады.
Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік
органның бірінші басшысы тағайындайды.
Салық қызыметі органдары;
1. Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және
бекітуге;
2. Өз құзіреті шегінде салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы мен
тоқталуы жөнінде түсіндіруде жүзеге асыруға және түсініктеме беруге;
3. Кодексте белгіленген тәртіппен салық бақылауын жүзеге асыруға;
4. Салық төлеушінің ақша құжаттарына бухалтерлік кітаптарына есептеріне
сметаларына ақшасының бар жоғына бағалы қағаздарына есеп
айырысуларына, декларацияларына және салық міндеттемелерін орындауға
байланысты өзге де құжаттарына Қазақстан Республикасының заң
актілерімен белгіленген талаптарды сақтай отырып, тексеру жүргізуге;
5. Салық төлеушіден уәкәлетті мемлекеттік орган белгілеген нысандар
бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді
есептеу мен төлеу жөнінде құжаттар, оларды жөнінде түсіндірмелер,
сондай -ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорлары және мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың дұрыс есептелгендігін және
дер кезінде төленгендігін растайтын құжаттар беру;
6. Қазақстан Республикасының заң актілеріне белгіленген тәртіппен салық
тексеруін жүзеге асыру барысында салықтық құқық бузушылықтар
жасалғанын айғақтайтын құжаттарды салық төлеушілерден алып қоюға;
7. Орналасқан жеріне қарамастан табыс табу үшін пайдаланылатын кез-
келген салық салу обьектілерімен салық салуға байланысты обьектілерді
тексеруге, салық төлеушінің мүліктеріне түгендеу жүргізуге;
8. Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен тізбе бойынша уәкілетті
мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен салық төлекшіден электрондық
құжаттар түріндегі ақпарат алуға;
9. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттарға талаптар қоюға
құқылы.
Астана қаласы Алматы ауданы бойынша салық комитетінің бөлімдері
мынадай:
1. Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі
2. Салық есептілігін қабылдау және өндеу бөлімі
3. Жеке тұлғалармен жұмыс бөлімі
4. Жеке кәсіпкерлермен жұмыс жасау бөлімі
5. Заңды тұлғалармен жұмыс жасау бөлімі
6. Терминал бөлімі
7. Акциздер бөлімі
8. Есептеу бөлімі
9. Өндіріп алу бөлімі
10. Өндірістік емес төлемдер
11. Камералдық бақылау бөлімі
12. Жанама салықтардың аудиті бөлімі
13. Жеке тұлғалардың аудиті бөлімі
14. Заңды тұлғалардың аудиті бөлімі
15. Ақпараттандыру және автоматтандыру бөлімі
16. Құқықтық бөлім
17. Салық төлеушілермен жұмыс жасау бөлімі

2. Салық төлеушілерді тіркеу бөлімі

1. Салық төлеушілерді есепке тұрғызу туралы ереже

Қазақстан Республиксында әрбір жұмысты ұйымдастыру үшін арнайы
нормативтік актілер қарастырылған. Сол себепті мемлекеттің салық саясатын
дұрыс жүзеге асырылуын қадағалау үшін және салық төлеушілерді Қазақстан
Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа төлемдері туралы
кодексінде көрсетілген тәртіпке сай тіркеу үшін арнайы Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Салық төлеушілерді
тіркеу бөлімі туралы ереже қарастырылған. Ол жыл сайын Салық кодексінде
жасалған өзгертулер мен толықтырулар негізінде жаңарып 1 қаңтарды әрбір
аудандық салық басқармаларына таратылып күшіне енеді.
Жеке тұлғалар ақпараттарын. қабылдау және өндеу бөлімі Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласының Алматы
ауданы бойынша Салық Басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерін,
Қазақстан. Республикасы Қаржы министрлігінің, басқа актілеріне,
бұйрықтарына, жарлықтарына өкімденеді. Бөлім құрылымдық бөлімшелермен және
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствалармен, Астана
қаласының Салық департаментінің бөлімдермен, Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласының Алматы ауданы бойынша
Салық департаментінің бөлімдерімен және басқа мемлекеттік органдармен
әрекеттесіп өз міндетін іске асырады. Орындау шешімін, бөліммен дайындалған
және бастықпен немесе оның орынбасрымен бекітілген.

2.2. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, құқықтары мен міндеттері

Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру кезінде бөлім қызметкері мен салық
төлеушілер арасында компитенциялық құзыреттілікті және субординацияны
сақтау үшін бөлім міндеттері мен құқықтары қарастырылған:
– салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындауға салықтық
бақылау жүргізу;
– салық заңнамасының тиімділігін оқып білу;
– Қазақстан Республикасының фискалды саясатын құру жөніндегі
жұмысқа қатысу және осы саясатты бөлімге бекітілген міндеттер
шегінде жүхеге асыру;
– өз құхзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
– заңғды тұлғаларды, филиалдарды және өкілеттіктерді тіркеу
есебіне тұрғызу және алу;
– жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу есебіне тұрғызу және алып
тастау;
– ҚҚС төлеушілерді тіркеу есебіне тұрғызу және алып тастау;
– ОВД төлеушілерді тіркеу есебіне тұрғызу және алып тастау;
– арнаулы салық жүйесін қолданатын төлеушілерді тіркеу есебіне
тұрғызу және алып тастау;
– адвокаттарды және нотариустарды тіркеу есебіне тұрғызу және
алып тастау;
– жеке тұлғакларды тіркеу есебіне тұрғызу және алып тастау;
– Фискалды жады бар бақылау касса машиналарын фискализация
бойынша тіркеу есебіне тұрғызу және алып тастау;
– мемлекеттік тізілімнен шарт бойынша шығарылып тастау;
– салық салынатын обьектілерді мекен-жайы бойынша тіркеу есебіне
тұрғызу және алып тастау;
– мемлекеттік органдар сұранысына және салық төлеушілер хаттарына
жауаптарды бағыттайды;
– салық төлеушілердің банктік шоттарының ашылуы және жабылуы
туралы ақпараттарды ИСАЖ Республикалық салық базасына енгізу;
– жоғары тұрған салық органдарына ақпараттарды ұсыну;
– халыққа мемлекеттік қызметті көрсету;
– салық төлеушінің құқығын сақтау;
– мемлекеттің мүддесін қорғау;
– салық салымы бойынша салық төлеушілерді, салық салынатын
обьектілерді орнтылған негізінде есебін жүргізеді;
– есептеуіш жүйелер бойыншақолдануды қамтамасыз етеді және
қамтамасыз ететін бағдарламалармен қолдануын қамтамасыз етеді;
– салық төлеушілердің хаттарын, ақпараттарын мерзімінде және
сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
– басшылық тапсырмаларын мерзімінде орындау;
– Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сәйкес бөлім өзге де
міндеттерді орындайды.
Құқықтары:
– Салық кодексінің талаптарына сай нормативті актілерді
қарастырады және мақұлдайды;
– салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы
жөнінде өз құзыреті шегінде түсіндірулер жүргізуге және
түсініктемелер беруге;
– салық заңдарында белгіленген тәртіпте салық бақылауын жүргізу;
– салық төлеушіден Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізім
бойынша өкілетті мемлкеттік орган белгіленген тәртіпте
электронды түрде ақпарат алу;
– салық төлеушілерден құжаттарды өкілетті органдармен белгілеген
түрде табыс етуін, олардың толтырылуы туралы түсініктерді талап
ету.
Бөлім бастығын Астана қаласының Салық департаментінің бастығы қызметке
тағайындайды және қызметтен босатады. Бастық бөлім жұмысын ұқйымдастырады
және басшылық етеді, бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуына және
бөлімнің өз қызметін жүзеге асыруына жеке жауапкершілік алады. Бөлім атынан
бағытталған құжаттарды бастықтың және басқарма бастығы міндетін атқарушының
қолымен мақұлданады. Осы мақсатта бөлім бастығы:
– бөлім жұмысын басқару;
– бөлім қызметкерлердің міндеттерн және өкілеттілігін анықтайды;
– басшылық тапсырмаларын сапаалы эжәне берілген мерзімде
орындалуын ұйымдастыру;
– бөлім қызметіне байланысты барлық жедел сұрақтарды шешеді;
– бөліммен дайындалған құжаттарды қарап, қол қою;
– дер кезінде салық төлеушілердің арыз-шағымдарын қарап керек
шараларды қабылдау;
– бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша басқарма басшылығына
ұсыныстарды ұсыну;
– басқарма басшылығыен өткізілген жедел жиналыстарға қатысу;
– кадр қорын құру туралы ұсыныстарды қарастыру үшін басшылыққа
ұсыну;
– басқарма қызметкерлерді мадақтаунемесе тәртіптік бұзушылық
бойынша жазаға тарту туралы ұсыныстарды құрастыру және
басшылыққа қарастыру үшін ұсыну;
– бөлім қызметіне жүктелген міндеттерің орындалуын жеке басымен
жауапкершілікке алады;
Бөлім қызметкерлері Астана қаласының Салық департаментінің бастығымен
қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. Мамандық талаптарына
сәйкес қызметтік міндеттерін орындайды және белгіленген тәртіп бойынша
тағайындалған лауазымды нұсқамаларына сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлім қызметінің экономикалық мәні

Бөлім жұмысын талдауға алсақ мемлекеттік салық саясатының бастауы ең
алдымен салық төлеушілерді тіркеу болып табылады. Бюджетке салық сомасын
аудару үшін ең алдымен салық обьектісін немесе салық төлеушіні есепке
тұрғызу қажет. Осы жерде келесі алгоритм құрылады:

(схема №1)

Түсіндіре кетсек, салық төлеуші Салық төлеушілерді тіркеу бөліміне
салық салынуға жататын обьектілерін тіркейді. Сол тіркелген обьекттер үшін
ол бюджетке салық сомасын аударады. Бұл жерде маңызды рөлді Салық
төлеушілерді тіркеу бөлімі атқарып тұр. Себебі, салық бсқармасының барлық
бөлімдерінің жұмысы ең алдымен салық төлеушінің тіркелуінен басталады.
Содан кейін ғана ол әр түрлі салықтық операцияларға қатысады.
Сондықтан бұл бөлімнің маңыздылығы өте зор. Ол Салық басқармасының
барлық бөлімдерімен қарым-қатынасқа түседі. Мысалға, егер салық төлеушілер
тіркеу есебіне тұрса, сол мәліметтер бойынша аудит бөлімдері, салық
төлеушілермен жұмыс істеу бөлімдері қажетті ақпараттар жинап өздерінің
жұмыстарын ұйымдастырады. Республикалық базаның негізі салық төлеушілерді
тіркеу есебіне қою үшін арналғандықтан салық базасын толтырушы бірден бір
бөлім болып саналады.
Тәжірибе кезінде келесідей жағдай туындады: Үлкен сомадағы салықты
кәсіпорын төлемей жүрген. Сол себепті оның банктік шоттарындағы ақша
қаражжаттарын арестке алу қажеттігі туды. Ол әрине жоғарғы соттың шешімімен
мақұлданды. Осы жерде субьектінің банктік шотын білу үшін Салық
төлеушілерді тіркеу бөліміне кәсіпорынның банктік шоттарын жіберу туралы
сұраныс жіберілді. Бөлім әрбір салық төлеушінің банктік шоттарын тіркеу
есебіне алып отыратындықтан және жоғарғы соттың қаулысымен бекітілгеннен
соң сұранысқа жауап қайтарды. Осы жерде төленуге тиіс салық сомасының 25
пайызы бюджетке аударылған мәлім болды. Осы жерде бюджетке салық сомасын
аударуда бөлімнің қызметі зор екендігін анықтаймыз.
Басқару құрылымының сызбасы:

3. Салық төлеушілерді тіркеу бөлімінің жұмысын ұйымдастыру

Уәкiлеттi орган салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасын
қалыптастыру жолымен салық төлеушiлердi есепке алуды жүргiзедi.
Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасы – салық төлеушiлердi
есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.
Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасын қалыптастыру:
1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық
бөлiмшесiн салық органдарында салық төлеушi ретiнде тiркеу;
2) салық төлеушiнi:
дара кәсiпкер, жекеше нотариус, адвокат ретiнде;
қосылған құн салығы бойынша;
электрондық салық төлеушi ретiнде;
қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы салық төлеушi
ретiнде;
салық салу объектiсiн және (немесе) салық салуға байланысты
объектiнi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне алу болып табылады.
Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн
салық төлеушi ретiнде тiркеу:
1) аталған тұлғалар туралы мәлiметтердi салық төлеушiлердiң
мемлекеттiк деректер базасына енгiзудi;
2) салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасындағы тiркеу
деректерiн өзгертудi және (немесе) толықтыруды;
3) салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасынан салық
төлеушi туралы мәлiметтердi алып тастауды қамтиды.
Салық төлеушiнi тiркеу есебi салық төлеушiнi осы баптың 3-тармағы 2)
тармақшасында көрсетiлген тiркеу есебiне қоюды, салық төлеушiнiң тiркеу
деректерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзудi, салық төлеушiнi
тиiстi тiркеу есебiнен шығаруды қамтиды.
Салық қызметi органдарына салық төлеушi туралы:
1) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар;
2) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдар;
3) салық төлеушiлер берген немесе мәлiмдеген мәлiметтер салық
төлеушiнiң тiркеу деректерi болып табылады.
Салық органы мәлiметтердi салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер
базасына енгiзудi сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң
мәлiметтерi негiзiнде жеке, заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық
бөлiмшесiне сәйкестендiру нөмiрi берiлгеннен кейiн жүзеге асырады.
Салық органдары салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер базасына
мыналар туралы:
1) жеке тұлға, оның iшiнде шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам –
тұрғылықты немесе болатын жерi бойынша;
2) резидент заңды тұлға және оның құрылымдық бөлiмшесi, резидент
емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi – орналасқан жерi бойынша;
3) Қазақстан Республикасында филиал, өкiлдiк ашпай, қызметiн
тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға – тұрақты
мекемесiнiң орналасқан жерi бойынша;
4) Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен
байланысты бағалы қағаздарды, қатысу үлестерiн сатып алушы, Қазақстан
Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие резиденттiң немесе
консорциумның орналасқан жерi бойынша;
5) Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлiк сатып алушы,
салық агентi болып табылатын резидент емес – жылжымайтын мүлiктiң
орналасқан жерi бойынша;
6) Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекетiнiң
дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiгi – дипломатиялық және
оларға теңестiрiлген өкiлдiктiң орналасқан жерi бойынша;
7) резидент еместiң тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылатын
тәуелдi агентi арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес – тәуелдi
агенттiң тiркеу орны бойынша;
8) резидент банктерде ағымдағы шоттар ашатын резидент еместер –
резидент банктiң орналасқан жерi бойынша мәлiметтердi енгiзудi жүзеге
асырады.
Салық қызметi органдары салық төлеушiлердiң мемлекеттiк деректер
базасына мәлiметтер енгiзудi сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық
тiзiлiмдерiнiң мәлiметтерiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүзеге
асырады.
Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiндегi жеке тұлғалар
туралы мәлiметтердi уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық қызметi органдарына
жеке тұлға он алты жасқа толғаннан кейiн бередi. Он алты жасқа толмаған
тұлғаларда салық мiндеттемесi туындаған жағдайда мұндай тұлғалар бойынша
мәлiметтер салық қызметi органдарына салық органының сұрау салуы бойынша
берiледi.
Салық органы жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды
Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы
заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде дара кәсiпкердi
мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бере отырып жүргiзедi.
Салық органдары қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасында дара
кәсiпкер ретiнде жол берiлмейтiн жеке тұлғаны дара
кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргiзбейдi.
Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу
есебiне қоюды жеке тұлғаның дара кәсiпкердi, жекеше нотариусты, адвокатты
тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде орналасқан жерi
бойынша жүргiзедi.
Жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою үшiн
ұсынылған салықтық өтiнiшке түпнұсқаларын ұсына отырып, мынадай
құжаттардың:
жеке басын куәландыратын құжаттың
жеке нотариаттық, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына
лицензияның
жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жерiн растайтын
құжаттың көшiрмелерi қоса берiледi.
Азаматтарды тiркеу кiтабы немесе жылжымайтын мүлiкке меншiк
немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат жекеше нотариустың, адвокаттың
орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.
Салық органдары жеке тұлғаны дара кәсiпкер, жекеше нотариус, адвокат
ретiнде тiркеу есебiне қоюды жеке тұлғаның салықтық өтiнiшiн алған күннен
бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi.
Салық органы дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустiң,
адвокаттың тiркеу деректерiн өзгертудi дара кәсiпкердiң, жекеше
нотариустың, адвокаттың тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде
жүргiзедi.
Дара кәсiпкер, жекеше нотариус, адвокат салықтық өтiнiштi:
1) дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте
көрсетiлген тiркеу деректерi;
2) жеке нотариустың, адвокаттың орналасқан жерi өзгерген
күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей орналасқан жерi бойынша
салық органына тапсыруға мiндеттi.
Дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, адвокаттың тiркеу деректерiн
өзгерту үшiн салықтық өтiнiшке:
1) дара кәсiпкер - дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы
куәлiктiң түпнұсқасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке
кәсiпкерлiк туралы заңнамасына сәйкес дара кәсiпкердi мемлекеттiк
тiркеу кезiнде табыс етiлетiн құжаттарды;
2) жекеше нотариус, адвокат – белгiленген құжаттарды қоса
бередi.
Салық органы дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы
куәлiкте көрсетiлген дара кәсiпкердiң тiркеу деректерiне өзгерiстер
енгiзудi дара кәсiпкердiң тiркеу деректерiн өзгерту үшiн ұсынылған салықтық
өтiнiштi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде дара
кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiн ауыстыра отырып
жүргiзедi.
Салық органы жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жерi туралы
мәлiметтердi өзгертудi тiркеу деректерiн өзгерту үшiн
ұсынылған салықтық өтiнiштi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде
жүргiзедi.
Салық органы жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен
шығаруды Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасында
белгiленген тәртiппен дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, адвокаттың
тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi.
Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, адвокат ретiнде тiркеу
есебiнен шығаруды жеке тұлғаның дара кәсiпкердiң, жекеше нотариустың,
адвокаттың тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi.
Салық органы жеке тұлғаны дара кәсiпкер, жекеше нотариус, адвокат
ретiнде тiркеу есебiнен шығаруды орындалмаған салық мiндеттемелерi болмаған
кезде жүргiзедi.
Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметiн филиал,
өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, дара кәсiпкерлер
белгiленген тәртiппен қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне мiндеттi
түрде қойылуы тиiс.
Мыналар:
мемлекеттiк мекемелер;
ойын бизнесi салығы, тiркелген салық және бiрыңғай жер салығы
салынатын қызмет бойынша қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне
мiндеттi түрде қоюға жатпайды.
Егер айналымның мөлшерi күнтiзбелiк жыл iшiнде осы тармаққа сәйкес
айқындалған ең төменгi айналым мөлшерiнен асып түскен жағдайда тұлғалар ең
төменгi айналымнан асып кетуi туындаған айдың аяқталған күнiнен бастап он
жұмыс күнiнен кешiктiрмей орналасқан жерi бойынша салық органына келу
тәртiбiмен қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебi туралы салықтық
өтiнiштi беруге мiндеттi.
Айналым мөлшерi өсу қорытындысы бойынша:
резидент емес солар арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметiн
жүзеге асыратын жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, филиалдар,
өкiлдiктер, - әдiлет органдарында мемлекеттiк (есептiк) тiркелген күнiнен
бастап;
салық органдарында дара кәсiпкер ретiнде жаңадан тiркеу есебiне
тұрған жеке тұлғалар, - салық органдарында тiркеу есебiне қойылған күнiнен
бастап;
басқа салық төлеушiлер – ағымдағы күнтiзбелiк жылдың бiрiншi
қаңтарынан бастап айқындалады.
Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн
салық төлеушiнiң айналымына осы Кодекстiң 232-бабында көрсетiлген салық
салынбайтын айналымды қоспағанда, мынадай:
1) Қазақстан Республикасында тауарлар өткiзу, жұмыстар орындау,
қызметтер көрсету бойынша;
2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып
табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын резидент
еместен өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын жұмыстарды,
көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу бойынша айналым кiредi.
Жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу орны айқындалады.
Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою мақсаттары үшiн шаруа
немесе фермер қожалығы үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп
айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушi айналымның мөлшерiн анықтау кезiнде
осы арнаулы салық режимiне жататын қызметтi жүзеге асырудан түскен өткiзу
бойынша айналымды есепке алмайды.
Сенiмгерлiк басқарушы орналасқан жерi бойынша салық органына
сенiмгерлiк басқару шартын жасасқан күннен не егер құрылтайшы сенiмгерлiк
шарты бойынша не пайда алушы сенiмгерлiк басқару туындаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер салығы
Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні туралы ақпарат
Жер кадастырлық бөлімінде өткен іс-тәжірибе есебі
Басқарудың ұйымдық құрылымы
Міндеттемелерді есептен шығарудан түскен табыс
Жердің экономикалық бағалануы
Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі
Шетелдік инвестицияларды тартудың Қазақстан экономикасы үшін маңызы
БIЛIМНIҢ ЖАҢАМАЗМҰНЫ НЕГIЗIНДЕ ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ ӨТУ ЕРЕКШIЛIКТЕРI
Мелекеттік кірістер комитеті бойынша жалпы түсінік
Пәндер