Үндістандағы мектептегі білім


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Үндістандағы мектептегі білім

Оқушылар мемлекеттік мектептерде тегін білім алады. Бірақ, ауқатты ата-аналар балаларын жекеменшік мектепте оқытуды жөн көреді. Балаларын жекеменшік мектепке оқытқан жағдайда айына 100 АҚШ долларын төлейді.

Сапалы білім беретін мектепті табу өте қиын. Әдетте жекеменшік мектептерде ғана сапалы білім береді. Бірақ ол жерде екінің бірі оқи алмайды.

Оқушы жекеменшік мектепті бітірген соң хинди мен ағылшын тілдерін толық меңгеріп шығады.

Үндістан мектептерінің өзге мектептерден айырмашылығы оқушыларға тегін тамақ беретіндігінде. Қазы-қарта ұсынбаса да, нанға май жағылға бутерброд ұсынады.

Бастауыш орта мектеп білім жүйесі:

2009 жылғы жағдаймен 3467 жуық бастауыш мектеп саны үкіметтің қолдауымен 4058 ге жеткен. Оқу жылы 3 мезгіл жүріледі. Район, жергілікті жерлерде бастауыш сынып оқулары ана тілінде жүрілетін болса Хинди және Ағылшын тілдері міндетті түрде кіреді.

Үндістанда мемлекеттік және жеке меншік мектептер қатар жұмыстайды және жеке меншік мектептер сабақтарын 100% ағылшын тілінде жүргізеді және төменгі басшылық мекемелер, бақылауында қызмет жасайды. Мұнда:

  • Орта мектептер жауаптанған ұйым
  • Үндістан мемлекетінің орта мектеп күәлігін беретін орталық
  • Район және мемлекеттік әкімшіліктер
  • Халықаралық мектептер

Бұл жеке меншік метептер саны 8300 ге жеткен және төлем ақылары недәуір қымбат. Орташа тіршілік жағдайындағы отбасылар балаларын осы мектептерде оқытуға тырысады. Бірақ кедей, төменгі жағдайдағы отбасылар балаларын төлем ақысы арзан мемлекеттік мектептерде оқытады.

Оқу төлемі, мектептің ішкі құрылымын Ағылшын тілінде сабақ жүргізетін бір мектепті өрнек ала отырып толық түсінік берсек:

1-4- ші сыныптарда: Ағылшын тілі, хинди тілі, математика, табиғат тану, негізгі мағұлмат деген негізгі 5 пәнмен қатар сурет, еңбек, ән, би, денешынықтыру сияқты пәндер кіреді.

5-8-ші сыныптарға: ағылшын тілі, хинди тілі, математика, тарих және азаматтық заң, география, жалпы ғылым саласы /физика, химия, биология/ пәндерімен бірге негізгі мағұлмат, еңбек, сурет, шет тілдер/ Франц, Санскрит/, шығарма жазу қабілетін дамыту, еңбек, пікір талас, денешынықтыру, сияқты пәндерді таңдап оқиды.

9-10- шы сыныптарға: Ағылшын тілі, хинди тілі немесе санскрит тілі, математика, тарих және азаматтық заң, география, экономика, жалпы ғылым саласы / физика, химия, биология/, денсаулық және денешынықтыру пәндерімен қатар сауда саласы, тамақ дайындау, фото сурет, үнді әні, би, аспан әлемін зерттеу, бала-бақшаландыру, электр энергетика, батыс музыкасы, сурет сияқты пәндерді таңдап оқиды.

11-12- ші сыныптарда: Оқушылар төрт түрлі мамандық таңдап оқиды. Мұнда:

1. Ғылыми бағытта: ағылшын тілі, математика, физика, химия, пәндерін шартты түрде көреді және компьютер, сызу, экономика, биология, биотекхнология пәндерінің қай бірін таңдайды.

2. Сауда бизнес саласы: (Математикалы және математикасыз деген 2бағытты) ағылшын тіл, экономика, бизнес ғылымдары, есеп маманы пәндерін алу шарт және математика, информатика, саясат тану пәндерінің қай бірін таңдайды.

3. Қоғам тану: Ағылшын тілі, фсихология, саясат тану, тарих немесе информатика бұл пәндерді шартты түрде оқиды және өнер, еңбек, экономика пәндерінің қай бірін таңдап оқиды.

4. Медицина ғылымы: Ағылшын тіл химия, биология, пәндері шартты түрде кіреді және компьютер, денешынықтыру, математика пәндерін таңдап көреді. Барлық оқу құралдарын басқарма орталығынан жыл сайын басып шығарып, мектеп жанындағы және арнайулы дүкендерде сатылады.

10- шы сынып бітіру емтихан ұпай саны 75% болады және бұл ұпайды алған оқушы 11-ші сыныпқа кіреді. 10, 12-шi cыныптарда мемлекеттік емтихан тапсарады және мұны «Орта мектептерді басқару кеңесі» ұымдастырып емтиханды алады және басқа сынытар емтиханын мектеп басқармасы алады. Және мезгіл соңында барлық пәндерден біріккен сынақ жүргізеді. 6-дан жоғарғы сыныптарға /project/ жоба немесе белгілі бір тақырып бойынша зерттеу жасап баяндама қойады. Және сабаққа қатысу шарт және 85% cабаққа қатысқан болу керек. Оқушылардың сыныпқа көшкенде сабаққа қатысқаны, оқу үлгерімі, емтихан бағалары, тоқсан қортындылары, жыл соңындағы емитхан қортындыларымен қатар оқушы көпшілік жұмыстары, өнер, спорт шараларына қатысу шарт және сынып жетекшісі осы шараларға қатысқанын да бағалайды. Сыныпқа көшкенде ең төмен ұпай 45 болады.

Оқушылардың бағалары: барлығы 100 ұпай 85%-тен жоғары болса -өте жақсы немесеА+

80-84% - өте жақсы немесеА
70-79% - жақсы немесе В+
60-69% - жақсы немесе В
50-59% - орта немесе С+
50-54% - орта немесе С
40-49% - нашар немесе D
39% және одан төмен болса -өте нашар E

http://massaget. kz/okushyilarga/mektep_omiri/24639/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық технологиямен оқытудың ерекшеліктері
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Гандидің махатма ретінде қалыптасуы
Үндістандағы Сипайлар көтерісі
Үнді интеллигенциясының қалыптасуы
Сипайлар әскері
Үндістанның сыртқы және ішкі саясаты
Англияның үндістандағы отарлық саясаты
Педагогика тарихы курсының теориялық әдіснамалық негізі және пәні және міндеті
Шет елдердегі инклюзивті білім беру тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz