Ұлыбританияның саяси жүйесі. Парламент және партиялар



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ұлыбританияның саяси жүйесі. Парламент және партиялар
Жоспар
1. Саяси жүйе
2. Королева
3. Парламент
4. Халық палатасы
5. Лордтар палатасы
Пайдаланылған әдебиеттер

Ұлыбритания - саяси (Солтүстік Ирландия, Шотландия) және әкімшілік (Уэльс) автономияларымен күрделі унитарлы мемлекет.
Британдық заң жалпыға ортақ заңдардан, бекітілген құқықтар мен конвенциялардан тұрады.Конвенция - бұл заңдық күші жоқ ережелер мен ғұрыптар,алайда үкімет қызметінде аса қажетті болып саналады. Көптеген конвенциялар қазіргі үкімет жүйесін қалыптастыруға әсер еткен тарихи оқиғалардан бастау алады.
Партиялық жүйе
Ұлыбританияда екі партиялық жүйе орнаған, яғни буржуаздық консервативтер партиясы мен солшыл лейбористер партиясы жоғары билікте алам-кезек бірін-бірі алмастырып отырады. Бірақ басқа партияларға тыйым салынбайды, алайда тек екеуі ғана билікке келуге қабілетті. Бипартизм тікелей дауыс беру арқылы сайланатын екі партияның біреуіне өзінен-өзі парламенттегі басым орынды иемденуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде парламенттік басқару тәртібінде үкіметтің тұрақтылығын кепілдендіріп, мемлекеттің "басқармалығын" арттырады. Жалпыұлттық деңгейде бұл екі партиядан басқа он шақты партия қызмет етеді. Қазіргі таңда Ұлыбритания партиялық жүйесін әрбір деңгейдегі партиялардың әркелкі статустары және функцияларына қарай 5 деңгейлі құрылым ретінде қарастыруға болады.
* І деңгейлі жетекші партиялары: 1997 жылы сайлауда тиісінше 165 және 418 парламенттік орынды иеленіп, жеңіске жеткен Консервативтержәне Лейбористер партиясы. Саяси жүйеде бұлар ресми құрылымдар болып жарияланды: парламенттік көпшілік фракциясы мен үкімет және парламенттік азшылық фракциясы.
* ІІ деңгейлі партиялар "үшінші" партиялар (Ұлыбританияда оларды "шағын партиялар" деп атайды): парламентте көрсетілген саяси ұйымдар, бірақ оның ресми құрылымына кірмейді және парламент шешімдерін қабылдауда ықпалы аз. Бұлар - Либерал-демократтар партиясы, Солтүстік Ирландия Социал-демократиялық жұмысшы партиясы, Шотланд ұлттық партиясы, Уэльс ұлттық партиясы, Шинн фейн(солтүстік ирландық ұлттық партия).
* ІІІ деңгейлі партиялар "төртінші" ретті партиялар: сайлауға қатысады, бірақ парламенттік орындарды жеңіп алу үшін жеткілікті дауыс жинай алмаған саяси ұйымдар. Олар - Ұлыбритания Коммунистік партиясы, Жұмысшы революциялық партия, Социал-демократиялық партия, Гуманистер партиясы
* IV деңгейлі партиялар: аймақтық партиялар тек аймақтық сайлауға қатысып, аймақтық партиялық жүйені қалыптастырады.
* V деңгейлі партиялар: сайлауға қатыспайтын микроскопиялық деңгейдегі партия-көрермендер. Ұлыбританияда қазіргі таңда олардың саны 200-ге жуық.
Саяси партиялар
Консерваторлар партиясы
Лейбористер партиясы
Консерваторлар партиясы

Консервативтік партия - ұйымдық жағынан ХІХ ғасырдың ортасында тори партиясы негізінде қалыптасты. Партияның ресми түстері - көк пен жасыл. Консервативтік партия - ұйымдық жағынан ХІХ ғасырдың ортасында тори партиясы негізінде қалыптасты. Партияның ресми түстері - көк пен жасыл. Консерваторлар бағдарламасының басты тармақтары: әлеуметтік бағдарламаларды артық қаржыландыру мен мемлекеттің экономикадағы рөлін қысқарту; мемлекеттік қаржыны барынша жауапкершілікпен жұмсау; жеке кәсіпкерлік пен дәстүрлік отбасылық құндылықтарды қорғау шараларын ынталандыру; Ұлыбританиядан Еуроодаққа өкілетті билікті беру туралы кез келген шешімді міндетті түрде референдумға шығару туралы заңды қабылдау. Кезекті сайлаудағы партияның басты ұраны "Өзгерістер уақыты" ("Time for Change") деп аталады.
Партия басшысы Дэвид Камерон
"Маргарет Тэтчер дәуірі"
Экономика мен әлеуметтік саладағы жаңа саясат тэтчеризм деген атақ алды. Себебі, қатаң монетарлық саясат, яғни айналымдағы ақща көлемін шектеу, шығындарды азайту саясаты басталды, бұл инфляцияны азайтты, бірақ жұмыссыздықты арттырды. Халықтың үштен бірі - жұмыссыздар, жеке басты аналар, науқастар, білімі төмен, мамандыққа үйретілмеген жастар т.б. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі
«Шет ел конституциялық құқығы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Саяси партия туралы
Саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстар туралы ақпарат
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
Саяси жүйе ұғымы туралы
Унитарлы мемлекеттердегі бақылау функциялары: шетел тәжірибесі және жаңа конституциялық аядағы қазақстандық ерекшелігі
Саяси партиялар мен қоғамдық - саяси қозғалыстар жайлы ақпарат
Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары
Саяси партия
Пәндер