Ұрпақ тәрбиесіндегі рухани -- адамгершілік мәселелері



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ұрпақ тәрбиесіндегі рухани -- адамгершілік мәселелері
Қай заманда, қай қоғамда болмасын адамзат баласы жас ұрпақтың тәрбиесіне зор мән берген. Қазіргі қарыштап дамыған елде, ең алдымен, ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріліп отырғаны белгілі. Себебі ұлттың бүгіні де, болашағы да өскелең ұрпаққа байланысты. Осы тұста мектептің алдына қоятын басты мәселелерінің бірі - өркениетті, азаматтық - адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық құндылығын жоғалтпаған, бәсекеге түсе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Тәрбие - қоғамдық үздіксіз үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның қарым - қатынасындағы басты жүйе. Оның негізі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жеке қасиеттерін қалыптастыру. Оқушы бойында саналы тәрбие мен байыпты мінез қалыптастыру, рухани дүниесі бай интеллекті тұлға тәрбиелеу ұстаздың мақсатқа бағытталған іс - әрекетіне байланысты.
Тәрбиенің негізгі міндеті- қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың бойында борыш, намыс, ар- ождан, қадір- қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени жаңалықтарға байланысты оқу үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру - заман талабы. Әр халықтың өзіне тән дәстүрі, оның білім беру мәдениеті осы оқу -- тәрбие үрдісіне тікелей байланысты.Қазақ халқы - өзінің бай тарихи мұрасын, өнері мен тілін, салт - дәстүрін, әдеп - ғұрпын, рухани - адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан оқу - тәрбие үрдісінде қолданылатын әдіс- тәсілдер, деректер ұлттық психология ерекшіліктерін ескеру қажет.
Халқымыздың ғасырлар бойы ұлан- байтақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда ерлігімен көріне білген батырлары мен қолбасшыларын, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын ойлаған шешен -- даналарын мақтан еткен. Отанымызды қорғау, шежіреге толы тарихын білу, тілі мен дәстүрін сақтау, зерттеу - азаматтық борышымыз. Сондықтан бар халық мақсаты өзінің өскелең ұрпағына тәрбие беруде күнделікті тұрмыс кәсібін ұлттық арнада ұйымдастырып, рухани- адамгершілік тағылымымен ұштастыра білген.
Адамгершілік -- адам бойындағы ізгілік, сыйластық, инабаттылық, кісілік сөздерімен мәндес. Халықтық педагогикада адамның жағымды мінез - құлықтарын осы ұғымдардан таратады. Мінез - құлық пен қарым- қатынастағы келесі әрекеттерді атап өтуге болады: адамды сыйлау, ар- ұятын сақтау, мейірімділік таныту, кішіпейілділік көрсету т.б.
Рухани - адамгершілік тәрбие - белгілі бір мақсатқа қол жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез- құлықтағы адами тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жалпы азамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан- жақты дамып жетілуіне бағытталған.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарына негізделеді.
-Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу - тәрбие үрдісінде адамның рухани мәдениетін қалыптастыру.
-- Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.
-- Салт - дәстүрлер негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани - адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу.
Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: ... жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады, -- деп атап көрсетті. [2]
Міне, осы тұста қоғамға жан- жақты білімді, жоғарғы мәдениетті, еңбекқор, іскер ізденімпаз, қабілетті, шығармашыл тұлға қажет. Ондай тұлғаны орта және жоғарғы оқу орындары тәрбиелейді.
Аламгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық шарттары - оқушылардың белсенді өміршіл,саналық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормаларынан ауытқуларына жол бермеуді қалыптастыру. Ол баланың жеке басының қалыптастырушы дамудың аса маңызды бір саласы. Бұл арқылы Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Тәрбиелі ұстаз шәкірттерге жан- жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиесінен бастайды. Себебі бұл оның адамгершілік сезімін, сенімін белгілі бір мақсатқа жетелеу іс - әрекетін ұйымдастыруды жетілдіреді.Сонда ғана ұстаз шәкірттерінің ізгілігін, адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады.
Ізгілік отбасынан бастау алады, оған ата- ананың берген тәрбиесі, тұрмысы ықпал етеді. Халықтық мақал Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің адамгершілік тәрбиенің негізгі отбасында қалыптасатынын көрсетуде. Халық, жанұя құндылықтарын ауызша халық шығармашылығы арқылы тапсырады, мысалы, аңыз ертегілерді, ырымдарды, салттарды қолданады, дін арқылы, әртүрлі қоғамдық ұйымдар арқылы т.б. Халық ауыз әдебиеті адамгершілік - эстетикалық тәрбие беруде баланың ой- өрісін дамытады. Олардың тіл байлығы және шексіз шешендік мүмкіндіктерін арттырады.
Оқушыларды кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халқының тәлімдік тиімді құралының бірі - ертегі . Оларда халықтың тыныс- тіршілігі, әдет- ғұрыптарының дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, баланың өзара қарым- қатынастары - өз халқына, Отанға, туған жеріне, оның табиғатына сүйіспеншілігін бейнелеген. Мәселен:
Жақсы сөз - жарым ырыс,- деп адам қасиетін білдірсе,
Ұлық болсаң - кішік бол, -- деп кішіпейілділікті,
Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала,- деп көрегендікті,
Шешеннің тілі ортақ,
Шебердің қолы ортақ, -- деп адам бойындағы өнер жалпы халықтың қазынасы екендігін уағыздайды. Мақал бойындағы тапқырлық пен өткірлік, дәлдік қазақтың тәлім- тәрбиелік құралы ғана емес - дауға да тоқтам салған қаруы болған. Балалардың мінез-құлқы, бойындағы шынайы қасиеттері туралы берілген жаңылтпаштар, жұмбақтар да баланың зерделеуге қабілетін жетілдіреді.
Оқушыларды рухани адамгершілік тәрбиелеу мәселесі әрбір ата- ананың, қоғамның және жалпы мемлекеттің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі, себебі қоғамда жас ұрпаққа рухани тәрбие беру мәселесіне қатысты күрделі проблемалар қалыптасты. Қазіргі таңда өскелең ұрпаққа арналған нақты өмірлік бағдарламаның болмауы, қоғамдағы рухани- адамгершілік ахуалдың төмендеуі, балалармен бос уақыттағы мәдени жұмыстарының әлсіздігі,балалардың физикалық дайындығының нашарлауы және тағы басқа мәселелер өзекті болып отыр. Білім беру жүйесі тұлғаның рухани дамуына жоғары деңгейде кепіл бола алмайды, өйткені тәрбие - бұл күнделікті өмірдегі адамның әрбір адамға деген құрметі мен сыйластығы негізіндегі басқа адамдарға деген қарым - қатынасын анықтайтын тұлғаның сапасы.
К.Д. Ушинский: Тәрбиелеудің басты міндетін адамгершілік әсер етуден құрайды,- десе, дана Абай: Ақпейіл және ықыласты жүрек адамды жетелеуі тиісті,сонда ғана оның еңбегі және табыстылығы ерекше мәнге ие болады. Адам болып дүниеге келу жеңіл, бірақ адам болу қиын,- деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады. [2]
загрузка...
Адамның адамгершілік негіздері болмаса, ол еркінен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлердің маңызы
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Қазақтың салт дәстүрлері негізінде оқушыларды тәрбиелеу
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Отбасындағы тәрбие дәстүрлері
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Отбасында бала тәрбиесін тиімді ұйымдастыру. Ата-аналармен жұмыстың түрлері мен әдістері
Оқушылар тәрбиесінде халық педагогикасын қолдану
Пәндер