Фармацевтикалық тауарлар мен медициналық техника бұйымдарының жіктелуі



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Фармацевтикалық тауарлар мен медициналық техника бұйымдарының жіктелуі

Мақсаты: Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың жіктелуін қарастыру (мақсаты, міндеті және әдістері)

Дәріс тезисі:

1.
Медициналық және фармацевтикалық тауарларды жіктеудің мақсаты.
2.
Жіктеудің міндеттері.
3.
Жіктеу әдістері.

Дәріс тезисі:

Жіктеу - бұл көптеген объектілерді класстарға, топтарға өздеріне тән белгілі бір белгілері бойынша бөлу. Бірақ бұл бөлімдер бір-бірімен өзара байланысты бірыңғай жүйені құрайды, ал бұл жүйенің әрбір бөлігі қандай да бір жалпы белгісі бар ұқсас объектілердің жиынтығы болып табылады.

Тауарлар класы - қажеттіліктердің жалпылама топтарын қанағаттандыратын тауарлардың көпшілігі.

Классификатор - бұл жіктеу объектілерінің атаулары мен кодтарының жүйеленген жиынтығы болып табылатын ресми құжат.

Фармацевтикалық және медициналық тауарларды жіктеудің мақсаты тауарлардың ассортименті, сапасы және тұтынушылық қасиетін зерттеуден тұратын тауарлық операцияларды жүргізуді жеңілдетеді.

Жіктеу біртекті тауарлар топтарының тұтынушылық қасиеттерін зерттеуге, бұл қасиеттердің оптимальды деңгейін белгілеуге, зерттеудің топтық әдістерін және тауарлар сапасын бағалау әдістерін жасауға мүмкіндік береді.

Жіктеудің міндеттері болып табылады:

1.
белгілі бір тауарлар топтарының тұтынушылық қасиеттерін белгілеу, тауарлар қасиеттерінің оптимальды деңгейін анықтау, зерттеудің топтық әдістерін жасау, тауарлар сапасының деңгейін бағалау;
2.
нақты тауарлар топтарының ассортиментін және оның қажеттіліктерге сәйкестігін талдау, тауарлар ассортиментін бағытты дамыту;
3.
әрбір жіктеу тобының тауарларына сақтау, тасымалдау шарттарын жасау;
4.
тауарайналымын тауар топтары бойынша жоспарлау, сұранысты зерттеу; түскен және сатылған тауарлардың есебін жүргізу және есепті құрастыру;
5.
прейскуранттарды, каталогтарды, жедел тапсырыстарды құрастыру мүмкіндігі;
6.
қоймалар, базалар және сауда мекемелерінің типтерін анықтау;
7.
ЭЕМ, автоматтандырылған басқару жүйелерін қолдану.

Жіктеу әдісі деп объектілерді бөлуде қолданылатын тәсілдер жиынтығын айтады. Жіктеудің екі әдісі бар: иерархиялық және фасеттік.

Жіктеудің иерархиялық әдісінде бастапқы объектілер ұқсас белгілері бойынша рет-ретімен жіктеу топтарына бөлінеді, ол жіктеу топтары өз кезегінде негізгі ұқсас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында медициналық препараттарды сертификаттау ерекшеліктері
Медициналық мақтаны орамдау технологиялары
Қорларды жіктеу және бағалау туралы
Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру негіздері. Дәрістер курсы
Заманауи мемлекетіндегі инвестициялардың ролі
Фармацевтикалық химияның міндеттері
Дәрілік құралдарды дайындаудың тиісті тәжірибесі
ҚР-дағы денсаулық сақтау сферасында маркетингтің дамуы
ҚР дәрілік заттар саясатының және фармацевтикалық қызметтің құқықтық негізін регламенттейтін заңдылық-нормативті құжаттар
Қазақстанның инвестициялық саясатын талдау
Пәндер