Физиканы оқытуды мектептегі еңбек тәрбисімен байланыстыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І-тарау Физика сабағын еңбск тәрбиссімсн байлаиыстыру арқылы оқушылардың понге дсгсн қызығушылығын арттырулың . гсориялық-псдагогикалық негіздері

1. 1. Физика сабағын сңбек пәнімен байланыс нсгпінде үйымдастырудың оқушылар қызығушылығын арттырудағы мүмкіндіктсрі . . . 5

1. 2. Фпзика сабагын сңбск понімсп байлапыс нсғізіпдс үпымдастырудың бүгіпгі күнгі күй-жайы жонс корсеткіштсрі . . . 14

1. 3. Сабақта пәнаралық байланыстарды жүзсгс асыружолдары . . . 24

II - тарау "Жүмыс және қуат. Энсргия. Қарапайым механизмдср" тақырыбын оқыту одісі.

2. 1. "Жүмыс жәнс энергия" үғымдарын талдау. Күш жүмысын оқыту одісі . . . 34

2. 2. "Қуат, пайдалы осср коэффициенті" тақырыбын оқыіу одісі . . . 38

2. 3. Эпсргия. Кипстикалық жоне потснциалдық лісрғмяны оқыту одісі . . . 43

2. 4. Мсханикалық энсрғияның айналу жонс сақталузацьі. . 46

2. 5. Қарапайым мсханизмдер, күштср моментін оқыту одісі . . . 48

III - тарау "Жүмыс жонс қуат. Энсргия. Қарапаііым мсхапизмдср" тақырыбым оқытуды сңбск торбпссімсн байлаиыстыру.

3. 1. Жүмыс жоне қуат тақырыбына арналған фроптальдік тапсырмалары . . . 53

3. 2. Қарапайым мсханизмдср тақырыбына арналған ліілактикалық м а і сриаллар . . . 54

3. 3. Күш моменті, блок тақырыбына арналған дидактикалық

м а тс р и а л д a p . . . 55

Қорьғгынды . . . 56

Әдсбисттер тізімі . . . 58

Қосымша . . . 60

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестігі. Бүгінгі күні мектептегі оқу пондерінің ішіндегі оң күрделісі, әрі қиындығы жоғары деп саналатын техникалық циклдағы оқу пәндерінің ішіндегі физика пәні болып жүр. Оны бүгінгі талапкер мен мектеп оқушыларының тапсырған орындарындағы талапкерлердің асым көпшілігі

техникалық циклдағы оку пәндеріне қарағанда гуманитарлық пәндерді таңдайды, онда да жалпы балды техникалық емес гуманитарлық пәндер есебінен жинақтайды.

Бұның бәрі жоғары оқу орындарына келетін талапкерлердің мектеп қабырғасында жеткілікті дәрежеде білім алмайтындығып көрсетеді.

Заман талабы бүгінгі жастардың жан-жақты білімді және тәрбиелі, рухани өсуін қажет етеді. Осы тұста Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында (1996ж. ) : «Біз жастарға жан-жақты білім берумен қатар, олардың бойында адамгершіліктің негізін қалауды бір сәт те естен шығармауымыз керек деп көрсеткен болатын. Ал Казақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбиенің негізгі міндетінің бірі ретінде рухани ойлау дәрежесі биік азаматты тәрбиелеу деп көрсетілген. Мұның бәрі жастарға мектеп қабырғасында санасы білім беру соның ішінде ақыл-ой мен ғылыми дүниетанымды қалыптастыратын физика пәнін тиімді оқыту арқылы жүзеге асырылмақ.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру мәселелері көптеген педагог-ғалымдар тарапынан зерттеліп келеді. Олар К. Д. Ушинский, И. П. Павлов, В. В. Богослонский, А. Ж. Едігенова, С. Мажиденова, А. Д. Қайдарова, Ф. Юзликаев, А. Б. Ковалев, С. Л. Рубинский.

Ал оқушыларға қызығушылық қалыптастыруда белгілі пәнді пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың тиімділігі Бейсенбаева А. А., Шолпанқұлова Г., Максимова В. Н., Кулагин П. Г., Кац Ц. Б., Минченко Е. Е., Усова А. В., Монахов А. Н. және басқалардың еңбектерінде қарастырылған.

Сонымен бірге С. Табылдина, Т. В. Кажерина және тағы басқа физика сабағын пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыруды, С. Ерметов, Ғ. Түржігітова, Х. Досмұхамедов, К. Н. Ешназаров, Ю. И. Дина, И. К. Тұрышева, Ю. К. Бабанский, Д. И. Бабанский,

2

Д. Ф. Поголеева, О. М. Рипина, П. А. Соколова, З. П. Соловьева және тағы басқа физика пәнінің еңбек пәнімен байланыста ұйымдастыру арқылы оқушыларды пәнге қызықтыруға болады деп дәлелдейді.

Дегенмен жоғарыдағы зерттеулер бүгінгі жағдайдағы физика пәні сабағын еңбек пәнімен пәнаралық байланыс негізінде үйымдастыру арқылы окушыларды пәнге қызықтыру жеткілікгі дәрежеде қарастырылып әдістемелік тұрғыда кеңінен жарияланып насихатталмай жүргендігін көрсетеді.

Сондықтан біз диплом жұмысының тақырыбын «физиканы оқытуды мектептегі еңбек тәрбиссімен байланыстыру деп алдық.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - оқушылардың оқуға қызығушылығын қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негізін жасау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Оқушыларда қызығушылық қасиеттерді қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау;

2. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен қарым-қатынастық, педагогикалық-ынтымақтастық жұмысының әдістемесін жасау;

3. Мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысын ғылыми-педагогикалық кәсіби бағытта жүргізуге тәрбиешілері әдістемелік нұсқаулар ұсыну.

Зерттеу әдістері - эксперимент, бақылау, анкета, тест, философиялық, педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге талдау жасау.

Зерттеу базасы - Шымкент қаласындағы Қ. Сыпатаси атындағы № 7 техникалық лицей мектебі. Зерттеудің әдіснамалық негізі болып қоғамдық орта мен және тұлғаның даму зандылықтары байланыстығының теориясы іс - әрекет пен тұтас педагогикалық процесс теориясы, жалпы адамзаттың адамгершілік пен ұлттық құндылықтардың диалектикалық бірлікте болуы туралы философиялық. қағидалары, пәнаралық байланыс теориясы және тағы басқа саналады.

Диплом жұмысының құрылымы - кіріспеден, 3 негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

3

I - тарау. Физика сабағын еңбек пәнімен байланыстыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың геориялық - педагогикалық негіздері.

1. 1. Физика сабағын еңбек пәнімен байланыс негізінде ұйымдастырудың оқушылар қызығушылығын арттырудағы мүмкіндіктері.

Физиканы оқытудағы еңбек тәрбиесі

Білім алу үшін да, дүние тану үшін де еңбек етіп, оқу оқып тынымсыз харекет жасау қажет. Оқушыларға еңбектің олеуметтік мазмұнын, қажеттілігін, іс жүзінде түсіндіру - олардың жалпы дамуы мен козқарастарының қалыптасуына ықпал етеді.

Еңбек адамның даму тарихында ғана емес, өзін қоршаған материялық дүниені танып білу де, табиғатты өз ырқына сай өзгертуде де шешуші ролъ атқарады, адам еңбек ету арқылы қоғамға қажетті игіліктер жасайды, әрі табиғат құбылыстарының жаратылымдық заңдылықтарын ашады.

Физика сабағында, физиканың лабораториялық сабақтарында, сабақтан тыс лабораториялық, немссе тәжірибелік жұмыстарда оқушылар тікелей практикалық еңбскпен таныстырылады. Мұндай сабақтарды үйымдастыру ісі мен методикасының өзіндік өзгешелігі бар. Ол оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен кәсіпке бейімдеу міндеттерін ойдағыдай орындау жолында едәуір мүмкіндіктер ашады.

Әдеттегі сабақатарда оқушының еңбегі негізінен жеке жүргізіледі. Оған, өз еңбегі өнімділігін білімінің - тұтынушысы өз еңбегінің нәтижесі - бағаны, кластың абырой - беделі алатын да, жанұяның қолпаштауы, немесе жазғыруын еститіп де тек өзі сияқты болып көрінеді. Оқушының оқудағы еңбегінің қоғамдық мәні, әдетте, оның өзіне байқалмай, жасырын қалады, оның жетістігімен көпшілігін ілуде біреу болмаса, кластағы басқа балалар өздерінің жетістігі немесе кемшілігі деп қабылдамайды. Тәрие мәселелерін ойдағыдай шешу үшін, класқа ортақ мақсат қою керек. Металл сынықтарын жинау, сенбіліктер, туристік жорықтар мен басқа да тәрбиелік шаралар қанша пайдалы болғанымен олардың тиімділігін, әрине, кластағы оқу еңбегімен салыстыруға есте болмайды.

Физика сабағында оқушыларды еңбекке тәрбиелеу, ол жастарды еңбекті сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу болып

4

табылады. Оқушыларды еңбек етуге психологиялық жағынан әзірлеу, оларды басқалардың еңбегін құрметтеуге дағдыландырады. Ал, оқушыларды кажетті білімдермен шеберліктерге дағдыландыру кез келген маңызды жұмысты орындау үшін қажетті еңбек сүйгіштікке, шыдамдылық пен табандылыққа тәрбиелеу деген сөз.

Оқытудың бірінші сатысында, нақты мысалдар арқылы қоғамның материалдық әрі рухани құнды қазыналарын жасаудағы физиканың ролін көрсетуге мүмкіндік бар. Физиканың алғашқы сабақтарынан бастап-ақ оқушыларға әрбір физикалық аспаптарда, әрбір ашылған жаңалықтар мен теорияларда көптеген ғалымдардың еңбегі барын көрсетіп отыру оқушыларға көп ол тастаиды.

Сол сияқты, оқушыларды әртүрлі жұмыстың іскерлік ырғағын оларға ең қарапайым көрінстін қолданыс тапқанға дейін қаншама шебер қолдардан отетінін мысалдардан көрсетуге болады.

Мұғалімнің жеке басының үлгісі, оның өз еңбегіне адалдықпен қарауының тәрбиелік маңызы өте үлкен. Ойткені, бұларды оқушылар үнемі сезініп отырады және жоғары бағалайды, көп жағдайларда мұғалімдерге еліктейді. Оқу оңай болмағандықтан, оған деген құнттылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеудің бірінші шарты-оқушыларға оқудың мақсатын түсіндіру үлкен міндет атқарады.

Оқушыларды өздерінің ілімдерін мектепте оқым жүрген кезінің өзінде-ақ, күнделікті өмірде, шеберханалар мен мектеп жанындағы еңбек орындарында жұмыс істеу кезінде тексерудің маңызы зор.

Оқу - оқушылар үшін қуаныш әкелетін белсенді ойлау процессі болуға тиіс.

Еңбекке тәрбиелеуде физика сабағында жүргізілетін әртүрлі лабораториялық жұмыстардың маңызын айырықша атап өткен жөн. Олар оқушыларды қажетті дағдылармен және шеберліктермен қаруландырады, қоғамдық меншікке ұқыпты қарауға тәрбелейді, еңбек мәдениетін бойларына сіңіреді. Отанның өз үйіңнен басталады дегендей еңбекке деген ынталықтың үлгісі физика кабинетендегі тазалық пен жинақтылық болуы қажет. Физика кабинетіндегі құрал-саймандар мен қондырғыларды, аспаптарды қалай болса солай ретсіз қоя

салу, жұмыс орнын, үстелді жинаусыз қалдырудың өзі ерсі көрінетіндей болып әсер етуі еңбекке тәрбиелеуде өз игілін береді.

5

Лабораториялық жұмыстарды мұқият жүргізуге дағдыландыру қажет. Лабораториялық жұмыс орындарында тәртіп сақтауға. Аспаптарды ұқыпты орналастыруға физикалық схемаларды, тізбектерді құрастырып жинауға, оларды сызуда және жазбаларға өтетіні назар аударып отырған жөн.

Ақырында, еңбекке деген саналы көзқарасты тәрбиелеуде кластан тыс, әсіресе, қоғамдық пайдалы жұмыс үлкен маңызы атқаратынын ескерген жөн.

Шынында, физика кабинетін жабдықтау, мектеп үшін оқу корнекі құралдар әзірлеу, мектеп үйін электрлендіру және радиоландыру сияқты кластан тыс жұмыстың қоғамыдық маңызын ескеріп, оны еңбек тәрбиесінің көзі ретінде пайдалануді болады.

Қазіргі кезде білімнің интегралдануын қамтамасыз етy. оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті негізгі мәселелердің біріне айналып отыр.

Осы арада мектептің оқу - тәрбие процссінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интелектуалдық өрісін байытумем бірге, бүкіл адамзаттық қундылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді.

Ал мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалімдер біршама қиындықтарға кездесіп отырғаны белгілі. Атап айтқанда, оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, және пәндер арасындағы ортақ ұйымдарды, заңдылықтарды бір - бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету тағы басқа мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.

Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми - техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс іс

қоғамдық дамудың жаңару процесіне тікелей ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқу процесіне пәнаралық байланыс ерекше көкейкесті орын алып отыр және жалпы педагогикалық маңызға ие болады.

6

Физика сабақтарында оқушылар еңбек жолында және басқа пәндерді оқып үйрену кезінде қажет болатын бірқыдыру практикалық дағдылар мен шеберліктерге ие болады. Пәнаралық байланыстар физиканы ойдағыдай оқып үйрену дәл сондай дәрежеде қажет.

Мектепте ғылым негіздерін оқып үйрену процесінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру тәсілдері алуан түрлі. Физиканы оқып үйренудің алғашқы кезеңінде төмендегі тәсілдерді ұсынуға болады:

- жаңа материалдарды оқып үйренуге байланысты оқушылардың бұрын басқа пәндер сабақтарында алған білімдерін пайдаланады (мысалы, 7 сыныптағы физика сабақтарында қысым ұғымын қалыптастыру кезінде тура және кері пропорционалдық тәуелділіктер туралы білімдерді пайдалану) ; оқушылардан басқа оқу пәндерін (мысалы, еңбектен) оқып уйренген кезде алған білімдерін қолдануга талап ететін есептер шығару;

- білімдерін комплексті қолдануды талап ететін эксперименттік жұмыстарды орындау;

- пәнаралық сипаттағы экскурсиялар өткізу (мысалы, физика мен еңбек бойынша заводтың электрондық цехына экскурсия жасау) ;

- қорытындылау сипатындағы қайталау, мұнда әр түрлі пәндерді оқып үйрену кезінде белгілі бір мәселелер жөнінде алған білім бір тұтас етіп біріктіріледі (мысалы. оқушылардың физиканы оқып үйрену процесінде туралы алған білімдерін қорытындылау, соның нәтижесінде оқушылар энергияның сақталу және айналу заңын неғұрлым толық терең түсінуге жетеді) .

Бүгінгі күн қоғамымызды қамтып отырған ізгілендіру мен демократияландыру процестері, адамға деген козқарастың өзғеруі, субъективті дара тұлғаның ролінің өсуі, осыларға сәйкес әлеуметтік өмірдегі және экономикадағы өзгерістер білім беру мен тәрбиелеу ісінің алдында жаңа міндеттер қойып отыр.

Бізді қоршаған ортадағы кез-келген құбылыс шексіз, көпжақты және көптеген ғылымдар тарапынан зерттеуді қажет ететіні белгілі. Сондықтан ғылымның жеке бөлімдері бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Осылайша, электр және магнетизм бөлімі бойынша Фарадейдің зерттеулері және Максвеллдің электромагниттік өріс теориясы өз кезеңінде векторлық және тензорлық талдаудың

7

дамуына жол ашты. Сондай-ақ астрономия. химия ғылымдарына қажеттілік тек қана физиканың дамуына ғана емес, сонымен қоса, оның жеке бөліктерінің дамуына да қажет. Мәселен, оптиканың дамуында астрономияға қажеттілігі жоғары болды: ғалым-астрономдар көру түтікшесі арқылы жұмысты бақылауды бастағаннан бастап-ақ олар оны дамыту туралы мақсат қойды.

Бір ғылымның заңдылықтары ғылымның басқа салаларындағы құбылыстарды ашуға көмектеседі.

Мәселен, дифференциалдық және интегралдық есептеулер физиктер мен инженерлерге көптеген етеде туындаған қиын проблемаларды шешуге көмектесті, ал электронның толқындық табиғаты мен кванттық механика ашылуы химиктерге табиғаттың химиялық байланыстарын анықтауға көмектесті.

Ғылымсыз және оның зерттеулерінсіз қазіргі өндірістің дамуы мүмкін емес. Мектеп оқушыларлы материалдық өндіріс аясында еңбекке баулудың негізі болып табылатындықтан бұл еңбек тәрбиесінің ғылым негіздерімен байланысының орындалуына мүмкіндік береді.

Понаралық байланыс мәселесі екі түрлі деңгейімен түсіндіріледі. Біріншісі, берілген бір заңның оқытылуының өңделуімен, әр түрлі оқу құралдарының түсіндірілуімен, сонымен бірге, мектептегі бағдарламаларының өңдеуімен іске асырылады. Екіншісі - оқушылардың оқу құралын мецгеруімен олардың білімі мен біліктілігін тереңдету мен кеңстілуіне бағытталады.

Ол мектеп оқушылардың оқу процесінде іске асырылады.

Еңбек тәрбиесімен байланыс келесі бағыттарда жүргізіледі:

1. Пәнішілік байланыс:

оқушылардың еңбек тәрбиесінен алған білімі мен біліктілігін алдағы жылдарға қолдану

еңбек және өндіріс туралы мағлұматтарды қолдану

олі білім мазмүнына енбеген қазіргі ғылым мен техниканың жстістіктері туралы материалдарды пайдалану;

оқушылардың техникалық шығармашылығы бойынша сыныптан тыс іс әрекеттерімен байланысы.

2. Басқа оқу пәндерімен байланысы:

математикалық қондырғыларды пайдалану ғылым негіздерімен байланысы.

8

Еңбек пәнінің ғылым негіздерімен байланысы оқу пәндерінің мазмұнына негізделген. Егер, жаратылыстану - математикалық циклдағы пәндердің еңбек пәнімен байланысының мазмұны оқушыларда еңбектің ғылыми-техникалық негізін қалыптастыруды тереңдетіп және кеңейтетін болса, ал гуманитарлық пәндермен байланысы адамның еңбекке деген ұйымдастырушылық -экономикалық негізін ашады.

Әр түрлі оқу пәндерінен алған білімдердің байланысы тек қана қазіргі өндірістің ғылыми негізін ғана емес, сонымен қатар оқушылардың еңбек тапсырмаларын, лабораториялық практикалық және өндірістік жұмыстарды өз бетімен орындауда үлкен рол атқарады.

Еңбек тәрбиесінің ғылым негіздерімен байланысының орындалу мүмкіндігі келесі жағдайлармен анықталады:

- жалпы білім беретін оқу пәндерімен еңбек пәнінің бағдарламаларында мағыналары бірдей тақырыптар бар(мосслен, физика және еңбек курсындағы электротехника элементтері) ;

- бір оқу пәнінің курсындағы түсінік, заңдар басқа бір пәннің бөлімдерін оқытуға негіз болып табылады атап айтқанда техника мен технологияның ғылыми негізін түсінуге мүмкіндік береді (мәселен, физика курсы мен еңбек пәніндегі қатты дененің құрылымын қарастыру) :

- еңбек пәнінің жеке тақырыптары басқа оқу пәндерін оқытуда көрнекілік ретінде қолдануға бай материал (мысалы, тігін станоктарын үйренудегі мәліметтерді. математика, химия, биология курстарында қолдану) ;

Қарастырып отырған байланыстың нақты мазмұны мектен пәнінің оқу материалына, оны оқу жылына және үйрету мерзіміне байланысты. Егер сабақтың мазмұны бірнеше пәндерден білімдерді қажет ететін болса, онда олардың барлығын үйлестіру қажет.

Қандай да бір проблеманың шешімі үшін әр түрлі оқу пәндерінен білімдерді қолдану оқушыларда ғылыми ойдың және өте кең іскерлігінің қалыптасуына септігін тигізеді. Осылайша ауыл шаруашылығын жеделдетудің тәсілдерін табуда күрделі биологиялық объектілерге әсер етуші әр түрлі факторлардың әсерін білу қажет:

9

- жануарлар мен өсімдіктерге ішкі ортаның әсер ету шартып оқып үйрену (жарықтың, жылудың, ылғалдың, электр және магнит өрістерінің әсерін) ;

- өсімдіктер мен жануарлардың өсуі және дамуындағы биологиялық процестердегі физикалық құбылыстардың ролі (булану, диффузия және т. б) ;

- өсімдіктер мен жануарлардың өміріне тікелей әсер ету (жарықтандыру, радиоактивті сәулелену, жылу және электр тогы арқылы әсер ету) ;

Еңбек пәнінің ғылым негіздерімен пәнаралық байланысы:

- еңбектің және еңбек операцияларының жаратылыстану ғылыми негіздерін ашады;

- қарастырылып отырған тақырыпты кеңейте және тереңдете түседі, оның көпжақтығын және басқа ғылыми білімдермен байланысын көрсетеді;

- ғылым пәндерінің әсерін нақтылайды;

- еңбектік тапсырмаларға шығармашылық карым-қатынасты қалыптастырады;

- мектеп оқушыларында ғылыми ойды қалыптастыруға негіз болады. Осылайша еңбек пәнінің ғылым негіздерімен байланысы әртүрлі функцияларды орындай отырып, үлкен педагогикалық мәнге ие.

Еңбек пәнінің басқа пәндермен байланысының кезінде еңбек

процесінің ғылыми негізі ретінде қолданылатын барлық

заңдылықтар мен түсініктерді қарастыру мүмкін емес. Бірақ та оқу пәндерін оқыған кезде оқушылардың алған ғылыми білімдері барынша өмірде және еңбекте қолданылуы қажет.

Мектеп тәжірибесі көрсеткендей, білімдерді қолдану мүмкіндігі көптеген факторларға тәуелді: мұғалімнің оқытылып отырғап түсініктің, заңның қолдану аймағын каншалықты көрнекті әрі түсіпікті етіп корсете алуы, сонымен қоса осы заңдарды қолдану жолдарын үйретуіне байланысты.

Мәселен, материалды өңдеу кезінде оқушылар дефформация құбылысына тап келеді. Бұл құбылысты түсіну үшін оқушыларға денелердің кристалдық құрылысы тақырыбынан алған білімдері қажет болады.

10

Мектеп оқушылары алатын оқу материалының көлемі. техника мен технологияның ғылыми негізін анықтамайды, тек

қана оған түсінік береді. Мәселен, формуласы дефформация құбылысының ішкі байланысын ашып көрсетеді, ол тек қана кернеу мен серпінді дененің салыстырмалы үзындығының арасындағы аналитикалық байланысты көрсетеді. Бірақ ол конструкцияларды есептеуде қолданылады, себебі ол серпімді денелер деффомациясының теориясының пегізін көрсетеді.

Осы ретте біз өз зерттеу жұмысымыздың екінші кезеңі бойынша дәстүрлі емес сабақ жоспарын ұсынуды жөн көрдік.

7-сыныпта «Жұмыс және қуат. Энергияң тақырыбын өткен кезде жұмыс және қуат, олардың өлшем бірліктері, механикалық (кинетикалық және потенциалдық) энергия, өзен мен желдің энергиялары туралы түсініктер қалыптасады. Осы түсініктерді өткен кезде оқушылардың (IV сынып), математика (IV сынып) еңбекке (техникалық еңбек V - IV сынып) пәндерінен алған білімдерін пайдалануға болады.

Физика мен еңбек пәнінің арасында пәнаралық байланысты калыптастыру мүмкіндіктері мектеп жағдайына және еңбекке баулудың бағдарламасын таңдауға байланысты, бұл мына таблицада № 3 көрсетілген.

11

Жұмыс және қуат. Энергияң тақырыбының енбек пәнімен

байланысы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мультимедиялық технологияларды интерактивтік оқытуда тиімді пайдалнудың негіздері
Оқыту әдістерінің классификациясы
Эксперименттік есептерді шығару жолдары
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
Физика сабағында компьютерді пайдалану
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда пәнаралық байланыстардың маңыздылығын түсіну
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУ
Физика пәнін оқыту әдістемелерінің негізі
Белсенді оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz