Фиилипс қисығы қасиеті


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар :

Кіріспе

  1. Филлипс қисығы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Филлипс қисығын құрушы Жаңа Зеландиялық экономист Олбан Уильям Филлипс. Ол біраз тәжірибесі бар адам, тіпті кезінде қолтырауындарды да ұстаумен айналысқан. Филлипстың бақылауынша, егер де жұмыспен қамтамасыз ету төмен болса, жалақы жоғарылайды, сонымен қатар, өзіңізді артық балмұздақпен қуантып қоюыңызға да болады екен. Өйткені сұраныс көбейген сайын балмұздақ қымбаттайды және инфляция жоғарылайды. Ал егер барлық қызметкерлерді жұмыстан шығарып жіберсе, балмұздақты сатып алатын адам болмайды, сәйкесінше инфляция да жоғарыламайды. 70-ші жылдары инфляция жоғарылап, жұмыссыздық та көбейген сәтте Филлипстің теориясы дұрыс емес деп, өкімет наразылығын танытады. Сөйтіп бейшара оқымысты да, оның қисығы да, қолтырауыны да жұмыссыз қалады. Бірақ соңында жаңа зеландиялықтың гепотизасы дұрыс болып шығады.

Филлипс қисығы

Ағылшын экономисі А. Ф. Филлипс 1958 жылы өзінің « 1862-1957 жылдардағы Ұлыбританиядағы жұмыссыздық пен жалақы деңгейінің өзгерісі арасындағы арақатынас» деген мақаласында 100 жылдық статистикалық мәліметтерді өңдеу нәтижесінде аталған екі көрсеткіш арасында белгілі тәуелділіктің бар екенін жазды. Филлипстың айтуынша, жұмыссыздықтың 2, 5-3, 0 %-ға өсуі баға мен жалақының өсуін бірден баяулатады. Кейін американдық ғалымдар П. Самуэльсон мен Р. Солоу Филлипстің қисық сызығына өзгерістер енгізіп, жалақы ставкасын тауар бағалары өсуі қарқынымен ауыстырды.

Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы кері тәуелділікті “Фиилипс қисығы” көрсетеді (1-сурет) .

Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленді. Қисық сызық өсі параметрлердің көрінісі. Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі U1 (оған баға өсу қарқыны сай Р1 келеді) өте жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін ынталандыратын бюджеттік және ақша-несие шараларын қолданады, олар өз кезегінде сұранысты көбейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшеріне дейін төмендейді, бірақ дәл сол мезгілде инфляция қарқыны Р2-ге дейін жоғарылайды

http://portal.agun.kz/e-books/content/CFTl34aem1pMA8kl9u9N/pages/10.5.files/image002.jpg

1- сурет

Мұндай жағдайлар экономиканың дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарын кеміту және т. б. шаралар жүргізеді. Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны Р3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның деңгейі U3 болады

ХХ ғасырдың 70 жылдары көптеген елдерде Филлипс қисығын теріске шығаратын, яғни бір мезгілде жұмыссыздық пен инфляцияның болу жағдайлары байқалды. Экономикалық теорияда бұл құбылысты стагфляция деп атады. Сөйтіп жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс кері емес, тура тәуелділікке ауысты.

2-сурет. Стагфляция

Стагфляциялық дағдарыс 1974-1975 жылдардағы ұсыныстың кенеттен өзгерісінен пайда болды. ОПЕК елдерінің мұнай бағасын көтеруі инфляция деңгейін 10 %-ға өсірді. Жанар-жағар майға, энергия қуатына бағаның көтерілуі басқа салалардағы өндіріс шығындарының өсуіне әкелді. Нәтижесінде энергоқуатын көп пайдаланатын саладағы кәсіпорындар күйзеліске ұшырап, монополистердің бағаны одан да жоғары көтерулеріне қолайлы жағдайлар туды. Сөйтіп өндірістің құлдырауы бағаның өсуімен қатар жүрді.

Қысқа мерзімді кезеңде фирмаларға әлде қайда көп жұмысшылар жалдау тиімді болатындай етіп, нақты жалақыны инфляция көмегімен төмендету арқылы жұмыссыздық деңгейін жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен төмен түсіруге болады. Қысқа мерзімде уақыт аралығында жұмысшылардың бағалық күтілісі инфляцияға нақты еңбек ақыны төмендетуге мүмкіндік бере отырып, инфляцияның нақты қарқыннан қалыс қалып отыруы әбден мүмкін. Алайда, ҰМК-де бұлай болмайды. Өйткені, белгілі бір сәттен бастап жұмысшылар бағалардың олар күткеннен әлде қайда жылдам қарқынмен өскенін түсінеді. Бұл кезде жұмысшылардың талап ету нәтижесінде жалақы өседі. Тұрақты өндіріс көлеміне шығындары өскен фирмалар жұмысшыларының санын қысқартады. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі өзінің табиғи деңгейіне жоғары инфляциялық қарқынмен қайтып оралады (Сурет-3) .

Сурет-3 - Ұзақ мерзімді кезеңдегі Филлипс қисығы

Бұдан байқағанымыздай, ұзақ мерзімді кезеңдегі инфляцияның өсу қарқыны жұмыссыздық деңгейіне тәуелді емес, яғни ҰМК-дегі Филлипс қисығы (LrPh) жұмыссыздықтың табиғи деңгейіндегі (U n ) тік сызық болады.

Қорыта айтқанда, ҚМК-де инфляция мен жұмыссыздық қарсы бағытта өрбісе, ҰМК-де инфляцияның өсуінен жұмыссыздықтың азаюы әркез өзінің табиғи деңгейіне қайтып орала береді.

Сонымен экономикалық реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлипстің қисық сызығы тек қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда қолдануға келеді, өйткені ұзақ мерзімді жоспарда (5-10 жыл) жұмыссыздықтың жоғары болуына қарамастан инфляция үдей береді.

Яғни Филлипс қисығы жұмыссыздық мөлшері мен ақшалай жалақы мөлшерінің аралығындағы қарама-қарсылықты көрсетеді. Жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендейді. Басқаша айтқанда, жалақы инфляциясы мен жалақы аралығындағы өзара байланыс.

Филлипс қисығы жалақы инфляциясының мөлшері жұмыссыздық мөлшері бойынша көбейтіндісін көрсетеді. Осы кезеңде жалақыны - W, өткен кезеңдегі жалақыны - W -1 , жалақы инфляциясының мөлшерін - g w деп белгілеп, мына теңдеуді жазамыз:

g w = W W 1 W 1 g_{w} = \frac{W\ - W_{- 1}}{W_{- 1}} (1)

Жұмыссыздықтың натуралды мөлшеріне \in деп алып, Филлипс қисығын былай жазамыз:

g w = ( u u * ) ( 2 ) g_{w\ } = - \in \left( u - u^{*} \right) \ \ \ \ (2)

Мұндағы \in жалақының жұмыссыздыққа қатысын өлшейді. Бұл теңдеу бойынша жұмыссыздықтың мөлшері натуралды мөлшерден асқан кезде жалақы азаяды, яғни u > u * u > u^{*} ; жұмыссыздықтың натуралды мөлшерден төмен болғанда, жалақы артады.

Филлипс қисығында жалақы мен баға жиынтық сұранымдағы өзгерістерге қарай біртіндеп реттеледі. Неліктен? Экономика тұрақты бағамен тепе-теңдікте және жұмыссыздық натуралды мөлшерде, ал ақша қоры 10%-ке өсті дейік. Экономика қайтадан тепе-теңдікте болуы үшін баға да, жалақы да 10%-ке өсуі керек. Алайда Филлипс қисығы көрсетіп тұрғандай, жалақы 10%-ке артуы үшін жұмыссыздық мөлшері төмендеуі керек. Бұдан жалақы мөлшері артады. Жалақы өсе бастаса, баға да көтеріледі. Осылайша экономика жұмыспен толық қамтамасыз етілген жағдайдағы өнім деңгейі мен жұмыссыздыққа қайта оралады.

Сол тұста ақша қолрының артуынан жұмыссыздық қысқарады. Мұны (2) теңдеуді жалақының бүгінгі деңгейі мен бұрынғы деңгейін ескере отырып қайта жазамыз.

W = W 1 W = \ W_{- 1} [1 ( u u * ) ] - \in (u - u^{*}) \rbrack (2a)

Жалақының бұрынғы деңгейінен жоғары болуы үшін жұмыссыздық натуралды деңгейден төмен болуы қажет.

(2) теңдеуде көрсетілгендей, Филлипс қисық сызығы деген ұғым өзіндік Филлипс қисығын немесе бағалардың өсу мөлшерінің инфляция деңгейінің жұмыссыздық деңгейіне қатысын көрсету үшін қолданылады.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Полимерлі және төменмолекулалы лигандтармен Cr, Mo, W және Re иондарының комплекстүзу ерекшеліктері
Монополиялық бәсеке
Сұраныс қисығы
Mn2+,fe3+,co2+,ni2+ иондарының кейбір полимерлі және төмен молекулалы лигандтармен комплекстүзілуі
Аморфты кремний қабықшасын алу
Ферромагнетиктердің қасиеттері
Пайдалылықтың сандық теориясы және реттік теориясы
Қозғыш ұлпалардың физиологиясы. Қозғыштықтың параматрлері
Циклофосфаттардың құрылысы, құрылымы, кұрамы және касиеттері
Магнетиктердің түрлері және қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz