Философиядағы сана мәселесі
"Философия" термині үш мағынада қолданылады: біріншіден, философия - дүниеге көзқарастың бір түрі; екіншіден, философия - өзінің зерттеу пәні бар ерекше ғылым саласы; үшіншіден, философия адамзат өмірінде айрықша орын алатын адамның рухани қызметінің үлкен бір саласы, қоғамдық сананың ерекше формасы.
Дүниеге көзқарас - ол сананың жинақы формасы, ол адамзат тәжірибесінің әр түрлі қабаттарын қамтиды. Дүниеге көзқарас уақыттың, нақты орынның және күнделіктінің тар жиектерін өзгерте алады, бұрын өмір сүрген және болашақта өмір сүретін адамдармен нақты адамды жақындастырады.Дүниеге көзқараста адамзат өмірінің мағыналы негізін түсіну тәжірибесі жинақталады, жаңа ұрпақ адамдары арғы атаның, атаның, әкелердің, замандастардың рухани өмірінің кейбір жерлеріін сақтай отырып, кейбіріне қарсы шыға отырып араласады.
Мифология - ол қоғамдық сананың формасы, қоғамдық дамудың алғашқы сатыларындағы табиғатты және әлеуметтік шындықты түсіну тәсілі. Мифтер - ол құдайлар мен батырлардың жасаған істерінің архаикалық әңгімеленуі.
Мифологиялық сана сонымен бірге табиғат пен қоғамның, дүние мен адамның бірлігін іздеді, қарама - қарсылықтардың, үйлесімділіктің, адамзат өмірінің ішкі келісімін шешуді қамтыды.
Енді бір философиялық ойлаудың негізгі ерекшелігі болып күмандану табылады. Философия алғашқыда - ақ күнделікті сананы, дәстүрлі құндылықтарды және адамгершілік нормаларды сынай бастаған.
Философия - ол қоғамдық сана формасы; адамның дүниеге қатынасы туралы, болмыс пен танымның жалпы принциптері туралы ілім; табиғат, қоғам, ойлаудың дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Әрбір ғылым сияқты философияның зерттеу объектісі және пәні, өзіндік ұғымдары, өзінің негізгі сұрағы, құрылымы, функциялары, зерттеу әдістері бар.Ол басқа ғылымдармен тығыз байланыста - әлеуметтік, гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану. Философия басқа ғылымдардың методологиялық негізі ретінде шығады, ол барлық ғылымда қолданылатын ғылыми танымның жалпылы әдістері.
Материя мәселесінің қойылуы сана мәселесін тудырады, нақ осы екі ұғымдардың қатынасы философияның негізгі мәселесі болады.
Адамның философиялық концепциясы ғылымдардың жалпы философияның негізі ретінде көрініс бере отырып, еңбек, сана, ұжымдылық деген сияқты адамның тектік мәнінің негізгі формаларын талдайды. Мұнда антропосоциогенез процесінде сананы, сонымен бірге заттық-тәжірибелік қызметті қалыптастыратын негізгі факторлар болып табылатын тіл мен еңбектің рөліне көп көңіл бөлінеді. Адамның тіршілігін үйлестіруге, оның құндылығы мен мәнін анықтауға деген ұмтылыстар идеалды адам концепцияларында жүзеге асырылып, философияда гуманистік дәстүрді тудырды. Адамның индивидуалды тіршілігінің ақыры, өмірі, өлім және мәңгі өлмеу (бессмертие) мәселелері, "өлуге құқығы" (эвтаназия) мәселелері, адам өмірінің әлеуметтік және биологиялық және әлеуметтік жалғастығы сияқты философиялық гуманизмнің классикалық мәселелері қазіргі заманымызда да маңызды.
Дәстүрлі түсіндірілуде Ф.Энгельстың ұсынуымен философияның негізгі сұрағы болып ойлаудың болмысқа қатынасы сұрағы табылады. Оның екі жағы бар. Бірінші жағы мынадай сұрақта көрінеді - не бірінші, ал не екінші, өндірілген - рух немесе табиғат, сана не материя ?
Осы сұраққа жауап берілуден үш философиялық бағыт пайда болған: материализм, идеализм, дуализм. Материализм - ол философияның негізгі сұрағын материя, табиғат, болмыс бірінші деп, ал рух, ой, сана, психикалық, субъективтіні материяның қасиеті деп санайды.
Материя - дүниедегі барлық тіршілік ететін объектілер мен жүйелердің шексіз көпшілігі, қозғалыс формаларының, қатынасының, байланыстардың субстраты. Материализм ұғымына жақын натурализм ұғымы болып табылады - ол барлық мәнді түсіндіретін жалпылылық ретінде, бір бүтін ретінде табылатын табиғатқа, дүниеге деген көзқарастар.Идеализм - ол сананы, ойды, руханилықты бірінші деп, ал материя, табиғат, физикалық - екінші, тәуелді деп тұжырымдайтын философиялық ілім.
Идеалистер дүниенің негізін неден екендігін есептеуден, олар субъективті не объективті болып келеді. Біріншілер ондай негізді өзінің санасын, жеке субъект санасын санайды, екіншілері - небір объектінің санасы - яғни Әлемдік рух, Абсолюттік идея, Әлемдік жанды есептейді.
Жан ұғымы рух ұғымына жақын, адамның ішкі дүниесіне және психикасына тарихи өзгермелі көзқарасты білдіреді. Дінде және кейбір философиялық ілімдерде - ол денеден тәуелсіз материалды емес субстанция ұғымы. Абсолют - ол Барлық мәннің рухани бастамасын түсіндіретін философиялық ұғым, және де ол қатысты, маңыздандырылған болмысқа қарсы қойылатын шексіз, бастамасыз, жалпылы, бүтін ретінде ойланылады.
Материализм де, идеализм де монизмнің түрлері болып табылады. Монизм - ол дүние құбылыстарының көптүрлілігін барлық тіршілік етушінің жалғыз бастамасы ретінде қарастыратын тәсіл. Сол сияқты дуализм - ол рух пен материяның, материалдық пен идеалдылықтың бір біріне теңдігін мойындайтын философиялық ілім.
Философияның негізгі сұрағының екінші жағы мына сұрақта көрінеді: Қоршаған дүниені тануға бола ма ? Осы сұраққа жауап іздеуден философияда үш бағыт пайда болды: агностицизм, скептицизм, оптимизм.
Агностицизм - объективті дүниенің танылу мүмкіндігін терістейтін философиялық ілім. Скептицизм - дүниені танудың мүмкіндігін теріске шығармай, күмандануға әкелетін философиялық бағыт.Оптимизм - объективті дүниенің процестерін, барлық құбылыстар мен заттардың мәнін тану мүмкіндігін айтатын философиялық ілім.
Қазіргі кезде философиялық ілімдерде негізгі сұрақ болып қоршаған дүниедегі адамның ролі мен орны қарастырылады.
Философия тарихы және теориясы философиялық білім жүйесінің негізгі екі жағы болып табылады. Философияда теория мен тарих бір бірімен тығыз және мағыналы түрде байланысты. Философия үнемі өзіне қарауда, өзін еске алу процесінде ғана мүмкін. Екеуі де саналы түрде жүргізіледі. Қазіргі кездің философы қанша өзінше болса да, ол өткен ғасыр философтарының атынан ойлайды, бүтіндей философияның атынан сөйлейді. Сондықтан философия тарихы философияның өзіндік санасының негізгісі, мәні болып табылады.
Философия тарихын зерттегенде көптеген философиялық ілімдер, мектептер, ағымдар, бағыттар көзге түседі. Философияның дамуы философиялық тәсілдердің қақтығысынан, принциптер, идеялар, тұлғалар күресінен жүреді. Осы философиялық көзқарастардың көптүрлілігін, олардың шығуының, дамуының, бір біріне қатынасының зерттеуінен философия тарихының пәні қалыптасады.
Сократтың адам ойын тудыруға көмектесетін әдісі ретінде ирония табылады. Қоршаған ортаға ирониямен қарай отырып Сократ оларды жалпы қабылданған ақиқаттарға күман тудыруға шақырды және оларды ойлауға, өзіндік позиция жасауға шақырды. Осыдан Сократтың ойынша барлық білімдер адамда алдын ала бар. Адамның толық білімдері бар, сана барлық ақиқат түсініктерін өзінен алады. Философияның міндеті ол адамға жаңа өмірге келуге көмектеседі, дұрыс және ақиқи моральдық нормаларды табуға көмектеседі.
Адамға сана берілген, дүниені тани отырып адам өз өмірінің саналы өлшемін табуы керек.
Бірінші бағытты адам санасындағы зерделі бастамаға сүйенуге ұмтылу нақты көрсетілген, және интеллектуалдық тәжірибеге, таза мағынаға бағытталу қажет. Діни интеллектуализмнің мақсаты адамда діни ілімдерді саналы түрде қабылдауы жасау болды.
Бұқаралық қоғамдық қатынастардың ішінен Маркс пен Энгельс өндірістік қатынастарды анықтаушы сапа ретінде бөліп алып қарады. Әртүрлі елдерді ұқсас қоғамдық бір тәртіпке келтіруші және әртүрлі халықтардың тарихи дамуына біркелкі мүмкіндік беретін ол осы "қоғамдық-экономикалық формация" ұғымы болды. Ол өндірістік қатынастармен сипатталады. Өндірістік күштердің даму денгейі анықтаушы негізде пайда болған саяси және құқықтық сәйкестікте болатын тұрмыстағы, жанұядағы, қоғамдық сананың формаларының қалыптасуына мұрындық болады. Жоғарыда айтылғандар қоғамдық құбылыстарды қарапайым денгейден ғылыми талдауға және олардың зандылықтарының мүмкіндіктерін ашуға әсерін тигізеді. Маркс, адам мәні өзімен бірге барлық қоғамдық қатынастардың "ансамбльін" ұсынады деді.
Платон (427-347 б.э.д.) болмыс материалды және идеалды ғaнa болады деп таныды. Платон болмыс адам санасында белгiлi бiр өзiндiк түсініктердің қалыптасуы.
Идиолистер керiсiнше дуниенiң негiзiнде, сана, рух, ақыл-ой жатыр деп танитындар. Мысалы Платон мәңгi идея, орта ғасырда құдай, Гегельдiң абсолюттiк идеясы тағы басқа ойлары.
Таным поцесі танушы субъект пен танылушы объектінің бір бірімен өзара байланысы мен өзара әрекеттесуі формасында өтеді.
Таным субъектісі ол - адам, яғни өз санасында дүниенің құбылысын бейнелеуге қабілетті индивид. Бірақ адам дегеніміз тек белгілі бір биологиялық қасиеттерге ие қарапайым индивид ғана емес, ол ең алдымен қоғамдық жан, қоғам мүшесі болғандықтан адам ойлап, таниды яғни қоғамдық сананың формалары арқылы танымның мазмұнына әсер етеді. Адамның ойы ол дүниенің шындығын ұғымдарда, тұжырымдарда, ғылыми теорияларда бейнелеудің белсенді ироцесі болып табылады.
К.Маркс адамдардың санасы мен бостандығына байланыссыз құрылатын өндіріс тәсілі туралы тарихтың материалистік түсінік концепциясын жасаған. Маркстың пікірінше, адамдарды әлеуметтік организмге біріктіретін жалпы құдай немесе идея емес, өндіріс күштері - өндірістік қатынастар мен қоғамдық үрдісіндегі табиғат пен қоғам арасындағы айырбастауды жүзеге асыратын субъективті (адам) және заттық (техника) жүйе енетін өндіріс тәсілі. Бұлардың өзгеруін әлемдік тарихи кезеңдері ретінде қоғамдық-экономикалық формациядан көреміз. Бұл жүйе құрушы факторлар табиғи климаттық қатарларға, байланыс құралдарына, тілге, мәдениетке және басқа да факторларға тәуелді. Бірақ анықтаушы болып адамдардың қоғамдық болмысы, яғни адамдардың табиғатқа және бір-біріне деген материалдық қатынасы табылады. Қоғамдық сана ретінде әртүрлі деңгейлер (теориялық) мен формалардан (саяси, құқықтық, діни, эстетикалық, философиялық, ғылыми) тұратын белгілі бір ішкі құрылымдарды игеретін толық рухани құбылыс түсіндіріледі.
Рухани өндіріс үрдісі кезінде физикалық заттарда, бұл рухани байлықтардың тасымалдаушысы - кітаптарда, суреттерде, мүсіндерде бейнеленетін бейнелер, ғылыми және көркем-өнер құндылықтары өндіріледі. Рухани іс-әрекеті үрдісінің негізінде адам қоршаған ортаны таниды, ортаның әр түрлігімен мәнін, сананың құнды жүйесін жасайды,өз әлемімен өзін-өзі теренірек түсінеді. Алынған білімнің арқасында қызметтің барлық формалары жетіледі.
Саяси жүйенің басты элементтерінің бірі - саяси сана болып табылады. Ол азаматтардың билікке институттарымен байланысы және олардың мемлекет және қоғам басқарумен байланысты сезімдік, рационалды, нормативті, құндылықтық және іштен сезіну көзқарастарын қамтиды. Саяси санаға азаматтың бір топқа жату позициясын анықтау және осыдан шығатын билікке қатысты өз позициясы, қызығушылықтары, өзінің азаматтың статусын, құқықтарын, бостандығы мен міндеттің анықталуы жатады. Саяси сананың элементтері идеология және саяси психология болып табылады. Идеология әлеуметтік топтардың қызығушылықтарын білу және қоғамдық дамудағы орнын анықтауын сипаттайды. Саяси психология көпшіліктің саяси бағытын, көңіл күйін, әдетін, стереотипін сипаттайды.
Рухани жүйе астарының орталығы болып қоғам саласында бүкіл көп салалы білім, идеядағы қөзқарас, ойлар білінеді. Басты қоғам санасының элементі жекелік және қоғамдық сана болып табылады. Жекелік сана - ол әлем бейнесі, әр адамның өмірі, психикасы бойынша пайда болады. Қоғамдық сана идеалды әлем бейнесі, қоғам өміріндегі материалдық жағдай және оның рухани материалды мәдениеті болып табылады. Қоғамдық сана екі құрылымдық деңгейге бөлінеді - күнделікті және теориялық . Күнделікті сана еңбекке, тұрғылықты өмірдің шартымен адамдардың қарым - қатынасына ауысады. Ол үйлестірумен ерекшеленеді: мазмұнның кедейшілігі, түгелдей реттеу, эмоционалды түрде әдемілеу, стихиялық және практикалық бағытталу. Теориялық сана күнделіктіге сүйенеді ,бірақ оның шектеулігін ұзартады.
Қоғамдық санада сонымен қатар қоғамдық психология және идеология, қоғамдық сананы тасымалдаушылардың ерекше ықпалы болып табылады. Қоғамдық сананың құрылымдық элементі қоғамдық және әлеуметтік, психология қажеттілігін, ерекшеліктерін адамдардың жүріс - тұрысымен сипаттайды.
Қоғамдық ұғымы формасы және мазмұны бойынша біртекті емес. Қоғамдық түсініктің келесі түрлерін көрсетеміз: ғылыми, діни саяси, құқықтық, философиялық, әдет-ғұрыптық, эстетикалық.
Олар құбылыстардың мазмұны бойынша ажыратылады, егер де материалистік формамен, әлеуметтік функциямен ерекшеленсе. Қоғамдық сананың түрлері және формалары көп қабатты құрылым, ол күнделікті және теориялық деңгейден, қоғамдық психологиядан, идеологиядан тұрады.
Көптеген зерттеушілер глобальды мәселелердің пайда болуын мәдениеттің дамуымен, жаңа этикалық санамаен байланыстырады. Адамзат проблемаларының алғашқы қадамын сезіну, жаңа гуманизммен, жаңа көзқарастармен байланысты болмақ.
Бүгінгі жағдайда бұрынғы кеңестік моральдың кейбір түрлері өзгерді. Мораль барлық қоғамда өмірдің саласында - еңбекте, тұрмысты, саясатта, ғылымда, отбасында, әр түрлі қатынаста адамның мінезін, іс-әрекетін, қатынасын, санасын реттейді. Мораль этикамен байланысты.
Этика - бұл философиялық ғылым, қоғамдық сананың формасы, қоғамдық қатынастардың түрі.
Этикалық норма және мораль теориясы әрбір азаматты саналылыққа тәрбиелеуде, адамгершілік тәрбиесі теориясы мен тәжрибесін дамытуда елеулі орын алады. Этикалық норма ен мораль теориясының негізіндегі моральдың түрлері: ұжымдық, гуманистік, қарекетлил, белсенді мораль болып бөлінеді.
Мораль адамның мінез-құлқын, сана-сезімін реттейді, қарым-қатынас мәдениетін жасайды. Бірақ өмірде моральды бұзушылар жеткілікті. әсіресе мына заманда: нашақорлық, жезөкшелік, алдау, сөзде тұрмау, жауыздыққа бару т.б.
Мораль - қоғамдық сананың бір түрі. Ол адамдардың арақатынасынан туындайды: адамгершілікке жататын немесе адамгершілікке жатпайтын қылықтар арқылы белгіленеді. Немесе біз оны өнегелі, өнегесіз қылықтар дейміз.
Адамгершілік, өнегеліліктің өзі: өнегілілік сана, өнегілілік идеал деп бөлінеді.
Өнегелі немесе адамгершілікті сана-адамның қарым-қатынасынан, оның эмоционалдық іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрінеді. өнегелілік баланың жас күнінен бастап, ата-ананың үлгісінен басталып ағайын-туыстың, жора-жолдастың ықпалымен, мектептің тікелей басшылығымен қалыптасады. Өнеге - адамдардың бір-біріне, қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтағанда көрінетін, олардың тәлім-тәрбиелілігі, үлгілілігі, саналылығы, ережелерінің жиынтығы. өнегелік сезімнен, ұяттан, ардан басталады. Сезімі, ар-ұяты бара адам адамгершілігін жоғалтпайды, қашан да өнегелі болуға тырысады. Ондай адамның өнегелі идеалы (мұраты, мақсаты) болады. Сол идеалға жетуге тырысады, жақсы адамға еліктейді. Ол үшін сезім, ар-ұяттан басқа адамда жігер, ерік болуы керек. Сол ерікті, жігерді дұрыс басқара (сезім арқылы) білуі керек. Өнегесіздікке, жігерсіздік, еріксіздік, өзін-өзі ұстай алмайтын, басқара алмайтын адам барады. Өнегелі сананы, мінез-құлықты қалыптастыру үшін сезім, ар, ұят, ерік, жігерден басқа өнегелі дағды керек. Өнегелілікке дағдылану керек. Сонымен бірінше сұрақ бойынша қорытынды.
Адамгершілік тәрбиенің күретамыры-мораль, этика, өнеге. Осы қасиеттерді баланың жас кезінен бастап санасына құя беру керек. Бірақ мораль, этика, өнеге заман өзгерісіне ұшырап отырады. Сондықтан да ұстаздар, ата-аналар сол өзгерістерді балаға уақытысында түсіндіріп отрығаны жөн.
Адамгершілікті мемлекет қайраткерлері, ғалым ұстаздар, көсемдер, небір жақсылар уағыздаған. Олар өз заманына сай ізгілікті, парасаттылықты, сананы сезімді, саналылықты, инабаттылықты, адалдықты, шыншылдықты тағы басқалар насихаттаған. Адамгершілік тәрбие біртұтас оқу-тәрбие процесінің негізі болып табылады. Адамгершілік қасиет мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады. Адамгершілік, өнегеліліктің өзі: өнегелілік сана өнегелілік идеал деп бөлінеді.
Адамгершілік тәрбиенің күретамыры-мораль, этика, өнеге. Осы қасиеттерді ббаланың жас кезінен бастап санасына құя беру керек. Бірақ мораль, этика, өнеге заман өзгерісіне ұшырап отырады. Сондықтан да ұстаздар, ата-аналар сол өзгерістерді балаға уақытында түсіндіріп отырғаны жөн.
Адамгершілік тәрбиенің негізіг отбасынан басталып, балабақша, бастауыш сыныпта өзінің жалғасын тауып, жоғары сыныптарда күрделене береді. Адамгершілік тәрбиесі - тәлім - тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол жанұя, мектеп, ұстаз, қоғам тағы басқа жеке ықпал арқылы іске асырылады. Жас балалардың адамгершілігін қалыптастыруда мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз, әәсерлі өлең, өнегелі ойын, еңбек үстінде этикалы қатынас жағдайында әдепке адамгершілік әдеп - дағдылары қалыптасады. Мектеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz