Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары. Негізгі философиялық доктриналар



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1. Философия
I Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары
II. Негізгі философиялық доктриналар. Қытай философиясының жалпы түсініктері мен ерекше белгілері
ІІІ. Қытай философиясы мен мифындағы адам мәселесі мен қоршаған дүниенің пайда болуы
IV. Даосизм Қытайдың ежелгі философиялық ілімі
V. Ежелгі Қытайдың әлеуметтік философиялық мектептері конфуция мен легизм
VI. Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері
VII. Софистер мен Сократтың философиясы
VIII. Клиниктер мен Стоиктер философиясы
IX. Платон философиясы
X. Орта ғасырдағы теологиялық философияның мәнәнәі бөлінуі
XI. Әдебиеттер
XII. Рефераттар тақырыптары
XIII. Коллоквиум сұрақтары
XIV. Емтихан сұрақтары

Философия
Философия (грек philosophia-даналықты сүйемін, philo-сүйемін, sophia-даналық )- қоғамдық сананың формасы, ойлаудың жалпы заңдары жөнінде дүниеге бір тұтас көзқарасты қалыптастыруға бағытталған ғылым жүйесі. Философия адамзаттық дүниедегі алып отырған орнын анықтап, соның негізінде адамның дүниеде деген танымдық, құндылық , эстетикалық және эстетикалық қатынастарын зерттейді. Философия адамның дүние мәнін түсінуді қажетсінуінен туған. Әрине, дүние туралы білімді ғылымның бәрі де береді. Алайда әрбір нақты ғылым, мейлі ол физика, биология немесе тарих, болсын табиғат және қоғам құбылысының белгілі бір саласын зерттейді. Бірақ айналадағы өмір шындығына тұтастай түсінік беретін ғылымға деген қажеттілік бар. Философия осындай ғылым болып табылады, ол табиғаттың қоғамның және сананың неғұрлым жалпы заңдары туралы білім береді. Философия дүниеге көзқарастық, яғни оның мұраттары мен сенімдеріне негізделген дүние туралы көзқарастар мен түсініктеріне негізделген дүние туралы көзқарастар мен түсініктердің біртұтас жүйесінің негізін құрайды.
Философия бүкіл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл иеленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде, мифологиялық діни түсініктермен күрес баысында қалыптасты, сол кездегі пайда болған барлық білімнің басын құрады. Философияның басты ерекшелігі әлемді бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол дүние танымдық ғылыми жүйе болып табылады. Философияның өзіне тән табиғи ерекшелігі - оның дүниеге жалпы көзқарас болып методологиялық қызмет атқаруында. Бқл міндетті бірде-бір нақтылы ғылым салалары немесе нақтылы ғылыми білімнің жалпы жиыны атқара алмайды. Философияның бұл ерекшелігі адамның дүниеге, дүниенің адамға деген қатынасын анықтайтын және адамның әлеуметтік жағдайынан туатын идеялар жүйесінің негізінде қалыптасады. Дүниеге философиялық көзқарастың қоғамдық сананың басқа түрлері мифология, дін т.б өзгешелігі мынада : Философия дүниеге теориялық тұрғыдан көз жіберіп, ерекше логикалық, танымдық критерийлерге сүене отырып, адамның дүниеге деген көзқарасын тқжырымдайды. Дүниеге ғылыми - теориялық, философиялық тұрғыдан қарау ең алдымен субъект пен объектіні бір бірінекомунистік қоғам құрудың сара жолын ашып көрсетуінде.
Философия дегеніміз - өз принциптері мен қортындыларын теориялық тұрғыдан дәлелдейтін, әзіне тән мазмұны мен формасы бар дүниеге көзқарас . Жаратылыстан тыс күшке сеніп, шындықты әсерлі фантастикалық және образды формада бейнелеуге негізделген ғылыми емес діни көзқарастан философиялық айырмашылығы да осында.
Дүниеге философиялық көзқарас дегеніміз- дүниеге, табиғатқа, қоғамға, адамға деген неғұрлым қорытылған теориялық көзқарастар системасы. Философия адамдар өмірінің әлеуметтік, саяси, ғылыми, адамгершілік, эстетикалық және басқа салаларындағы белгілі бір бағдарын негіздеуді мақсат етеді. Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген түрлі қарама қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал философия - табиғат, қоғам, адам, және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жай ғана жиынтығы емес, олардың системасы. Қорыта келгенде, білікті маман, зерделі азамат болып өсіп шығуға, ертең халық шаруашылығының тұтқасын ұстап, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнән оқып үйрену өте қажет. Онсыз мынау күрделі, сан салалы, қатпар қатпар дүниенің, бүкіл әлемнің ішкі сырын табиғатын, дамуының мән мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқып үйрену - іске творчестволықпен қараудың, ойлана толғана білудің, түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің, ой өрісті кеңейтудің, жан жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі. Бұған бүкіл адамзаттық жүріп өткен тарихи жолы куә.
Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары
1. Философиялық негізгі сұрағының жалпы түсінігі, оның жақтары
Философияда дәстүрлі, негізгі сұрақ - бұл ойлаудың болмысқа қатынасы, ол болымыстық ойлауға қатынастық ерекшеліктері : Бұл мәселенің маңыздылығы - оның дұрыс шешілуінен қоршаған әлем, дүние, орта , адам туралы тұтас білімнің қалыптасуы тәуелді, ал бұл философияның ең басты міндеті болып табылады.
Материя мен сана - болмыстың екі бөлінбейтін жөне соған қарамастан қарама қайшы сипаты. Осыған байланысты философиянфң негізгі сұрағының екі жағы антологиялық және гносеологиялық сәйкес, материализм, идеализм, эмпириззм, рационолизм деген негізгі бағыттар болады. Философияда дәстүрлі, негізгі сұрақ - бұл ойлаудың болмысқа қатынасы, ол болымыстық ойлауға қатынастық негізгі сұрағының екі жағы : Онтологиялық жақ мәселені қою және шешу ; материя ма әлде сана бірінші пайда болды ма ?
Онтологиялық жақты қарастырғанда шығатын философиялық бағыттар.
Объективті идеализм, субъективті идеализм, материализм, аналты материализм ,дуализм, деизм
Гнесеологиялық жақ дүние танымға жата ма, жоқ танымсыз ба ? , таным процесінде не бірінші турады ?
Гнесеологиялық жақты қарастырғанда шығатын философиялық бағыттар;
Гностицизм
Агноцтстизм
Эмпиризм инсуализм
Рационализм
2. Философияның негізгі сұрағының онтологиялық жағы .
Философияның негізгі сұрағының онтологиялық жағын көрсететін философиялық бағыттар:
Материализм Демокрит сызығы материя мен сана қатынасында материя бірінші болып табылатындығын көрсеткен философия бағыты
Негізгі жағдайлары :
Материя нақты бар. Материя санаға тәуелсіз өмір сүреді. Материя өз бетінше субстанция болып табылады.
Материя өзінің ішкі заңдылығымен дамиды, өмір сүреді. Сана рух материяның өзін өзі көрсетуінің жоғары деңгейде ұйымдасқан құрамы .Сана тәуелсіз субстанция емес. Сана материямен болымыспен анықталады.
Ерекшеліктері:
Материалистік бағыттарға Демокрит, Фалес, Анаксимандр Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро және басқа да француздық материалистері Герцек, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин .
Материяның күшті жақтары ғылымға жүгіну, әсіресе нақты ғылымдарға (физика, математика, химия)
Материализмнің әлсіз жағы материалық көз қарасы жағынан түсіндіруге қиын қоршаған ортаның құбылыстарының болуы, сананың мәнін жеткілікті түсіндірмеу.Материализмде ерекше бағыт анаиы материализм айрықшаланады. Оның қайраткерлері (Фохт, Молешотт) материяны физика математика, химия механика жағынан зерттейді.Материализм демократтық Грецияда, XYII Англияда XYII , ХХ СССР да тараған .Философияның негізгі сұрағының онтологиялық жағын көрсететін философиялық бағыттар. Идеализм (Плотон сызығы ) жақтастары материямен сананың қатынасында, бірінші сана (ой, рух) тұрады деген, философиядағы бағыты.Идиализмдегі жекеше бағыттар.
Объективті идеализм (Плотон, Лейбниц, Гегель )
Негізгі жағдайлар :
Ой ғана нақты өмір сүреді.Ой бірінші Барлық қоршаған шындық ой әлемі мен заттар әлеміне бөлінеді.
Ой әлемі алғашында әлемдік ақылда болады.Заттар әлемі материалды әлем өз бетінше өмір сүрмейді және заттар әлемінің нәтижесі болып табылады. Әрбір бірлік зат сол заттың ойының іске асуы.Таза ойдың нақты затқа айналуында үлкен рольді кереметтер жасаушы құдай ойнайды Жеке ойлар (ойлар әлемі ) біздің санамыздан бөлек объективті өмір сүреді.
Субъективті идеализм ( Беркли, Юм)
Негізгі жағдайлар барлығымен танушы субъектінің (адамның) санасында
Ойлар адамның ақыл есінде өмір сүреді. Материалды заттық образы да сезім арқылы адам есінде тұрады.
Адам санасынан бөлек материя да рухта тіршілік етпейді.
Ерекшеліктер
Идеализмнің әлсіз сипаты таза ойлардың бар екендігін дұрыс түсіндірмеу мен таза ойдың нақты затқа ойнамауын түсіндіре алмауы.Идеализм философиялық бағыт ретінде орта ғасырларда Плотондық Грецияда әрекет етті, қазіргі уақытта АҚШ, Германияда басқа да Батыс Еуропада кең тараған.Дуализм дейзммен қатар философияның компромистік ағымына жатса, материализммен идеализм полярлы бәсекелі басты бағыттар болып табылады. Бұның негізін Декарт қалаған.
Негізгі жағдайлар
Екі тәуелсіз субстанция бар - материалды (тарту қасиетіне ие ) және рухани (ойлау қасиетіне ие)
Дүниедегінің барлығы туынды болып табылады, яғни материалды заттар материамдыдан , ой руханидан туады.Адамда біруақытта екі субстанция материалды да және руханиды да ұштасады. Материя мен сана тұтас болымыстың қарама қарсы және қзара байланысты жақтары Философияның негізгі сұрағы расында жоқ, себебі материя мен сана һзара бірін бірі толықтырып, әрқашан бірге өмір сүреді.Деизм - жақтастары құдайдың бар екенін матындаған, философыиядағы бағыт. Олардың пікірі бойынша құдай дүниені жасап, оныі ары қарай дамуына, адамдардың әрекетіне араласпайды, қатыспайды деген.
3. Философияның негізгі сұрағын гнесеологиялық жағы.
Философияның негізгі сұрағының гнесеологиялық жағы көрсетілген, философиялық бағыт.
Эмпиризм.
Ерекшеліктері:
Эмпиризмнің негізін қалаушы Ф.Бэкон, эмпиристердің ойынша танымныі негізінде тек тәжірибемен сезім жатыр дейді.
Рационализм.
Ерекшеліктері:
Рационализмнің негізін қалаған Декарт Рационализмнің негізгі тұжырымы таза білім тек ақыл арқылы алынады және сезімдік тәжірибеге тәуелсіз.Ирационализм (Ницще, Шопенгауер) ерекше бағыт ретінде көрсетіледі. Ирационализм жақтастарының айтуларына сәйкес, әлем хаосты болып табылады, ішкі логикасы жоқ, сәйкесінше ақылмен табылмайды. Гностоцизм, олардың қайраткерлері материалистер .Негізгі жағдайлар.
Әлем танымды , танымның мүмкіндіктері шексіз.Агностоцизм , ұлы теоретиктер қатарына Имануель Кант жатады. (1724-1804) Кантқа сүйенсек, адам ақылының мүкіндіктері үлкен, бірақта бұл мүмкіндікрердің де өз шегі бар . Адам ақыл есінің танымждық мүмкіндіктерінің шекті, шексіздігіне байланысты, адаммен ешқашан ашылмайтын жұмбақтарда бар, мысалы; құдай бар, құдай жоқ.
Негізгі жағдайлар.Дүние танымсыз Танымдық мүмкіндіктері адам ақылының танымдық мүмкіндіктерімен шектеулі.
4. Философияның негізгі сұрағының қазіргі жағдайы мен оның болашағы.
Ерекшелігі:Қазіргі таңда философтардыі мылжыңдап бергі зерттеулеріне қарамастан, философияның негізгі сұрағы нақты дұрыс, не онтологиялық, не гносиологиялық жақтарынан да шешілмеген және мәңгілік философиялық мәселе болып қала бермек.ХХ ғ батыс философиясында философиялық дәстүрлі негізгі сұрағына аз көніл бөлу тенденциясы дамыды, себебі ол ауыр шешілетіндіктен және біртіндеп өзектілігін жоғалтып бара жатқандықтан.Ясперс, Хайдеггер, Камю философиялық болашақта пайда болуы мүмкін негізгі сұрағының экзистенциализм мәселесінің негізін қалады. Яғни, адам мәселесі , оның өмір сүрүі, өзінің рухани өмірін басқаруы, қоғам ішіндегі өзарақатынасы, еркін таңдауы, өмір мәнін іздеуі, өмірдегі өз орны мен бақытын табуы.

Негізгі философиялық доктриналар
Қытай философиясының жалпы түсініктері мен ерекше белгілері
1. Қытай философиясының негізгі кезеңдерімен ерекше белгілері.
Қытай философиясы. Қытай философиясының дамуынының негізгі кезеңдері.
VII б.э.д - III б.э Ежелгі ұлттық философиялық мектептердің қалыптасуы мен тууы.
III-XIXб.э - Индиадан Қытайға буддизмнің кіруі және оның ұлттық философиялық мектептердің әсері.
XXб.э - қазіргі таңғы кезең Қытай қоғымының үнсіздігінен өту, Қытай философиясының Еуропамен әлем философиясының жетістіктерімен толуы.Қытай философиясында көрсетілген әлем мен қоршаған ортаны қытайша көрудің ерекше белгілері .Өз мемлекеті Өытайды әлемнің орталығы деп қабылдау.
Әрбір жеке оқиға,итарихты тұтас циклдық процесс ретінде түсіну.Жерде космостық циклдардың дұрыс іске асуына жер мен көктің алдындағы өз жауапкершілігін түсіну.Адам табиғат пен космосты бір тұтас деп қабылдау.Жеке адамның ұжымнан бөлінбеуі.Табиғи апаттармен күресте және адамның күшсіз екендігін түсіну, еңбектің ұжымдық формаларына көп көніл бөлу , осыдан ұйымдастырушы күш мемлекеттің алдындағы құрмет .Адам тұлғасының, ұжымдық қоғамның , мемлекеттің бір тұтастығын қабылдау, қоғамда өкіметті байланыстардың болуы, субординация, басшылыққа бағыну , мемлекет басшысын, оның билігінің тарауы.
Өзара қатынақа конфоризм, тыныштықты қалау.
2. Қытайдың негізгі ұлттық философиялық ілімдері .
Ежелгі ұлттық философиялық ілімдер.
Доасизм
Конфуция
Легизм
Аз тараған ілімдер.
Моизм
Натур философия
Номинализм Буддизімнің кіруінен кейінгі Қытай философиясының негізгі бағыттары (ІІІ ғ ) және ХІХ ғ аяғына дейін. Чань буддизм (Қытай мәдениетінің Индия буддиіміне әсер етуінің нәтижесінде қалыптасқан ұлттық Қытай буддизімі)Недаосизм, Неоконфуция
ХХ ғ ұлттық Қытай философиясын байуынан әлемдік философияның ойдың жетістіктері.
Христиан дінінің ойы, Марксизм ойы, алдыңғы қатарлы Еуропаның философтардың ойлары, американ философиясы прагматизмнің ойы.

Қытай философиясы мен мифындағы адам мәселесі мен қоршаған дүниенің пайда болуы
1. Қытай философиясындағы адам мәселесі : Қытайда адам табиғатпен, космоспен теңестірілетініне қарамастан , ол Қытай философиясында орталық орынға ие.
Қытай философиясының дәсүріне сәйкес қаймағы адам болып табылатын космостық энергиялардың үш түрі.
Цзин- барлық тіршіліктердің тууының энергиясы, тірі организмнің тұқымы , түбірі. Бұл психофизикалық энергияның Бұрынғы көктің тұқымы деген түрлері болады.Ци - барлық тіршіліктің құрылыс материалдары қызметін атқаратын материалды рухани күш. Ци энергиясы заттық ци (заттар, тірі организмдер материалды формаға айналады. ) және рухани ци деп бөлінеді. Шэнь- адамның тұлғалық стерженін құрайтын, таусылмайтын рухани энергия, ол адам дүниеден өткеннен кейін де жоғалмайды.
Ерекшеліктері:
Космостық күштердің үш түрінен басқа да Қытай философиясындасексуалды энергияның екі түрі бар, ян- ерлердің сексуалдық энергиясы, инь- әйелдердің сексуалдық энергиясы.Жоғарыдағы тұжырымнан барлық тіршілік атаулының ерлік және әйелдік бастаулары бар екендігі шығады. Бұл тірі, сондай ақ өлі табиғатқа да тиесілі.Тірі және табиғаттың өмір сүрүінің негізінде, барлық қоршаған әлемнің негізінде тай-цзи жатыр, яғни инь янның тұтастығы , күресі, өзара толықтыруы мен өзара сіңісуі.
2. Қытай философиясындағы адамды қабылдау ерекшеліктері.
Қытай философиялық батыстың дәстүрлі философиясы мен салыстырғанда адамды қабылдау ерекшеліктері.
Қытай философиясы адам түсінігіне нақты түсінік бермейді, адамның мәніне нақты түсініктерді қорытындылау арқылы емес, адамның образын жасап зерттеумен оны ұғуға тырысады.Адам өмірін туғаннан емес , ұрықтану кезеңнен бастап есептейді.Адамды өлгеннен кейін бір жолата адамзат қатынастарынан шегермейді, яғни дүниеден өткеннен соңда жаны адами қатынастарда болады, қорғауға тәуелді болады. Адамның рухани орталығы ретінде басты емес жүректі айтады.Адамды табиғат пен космостық бір бөлігі ретінде қабылдайды, адамның табиғатқа билігін, ықпалын жүргізеді дегенді мойындамайды.Өмірдің жерлік бөлігін бағалауға шақырады, жердегі өмірді максимальды ұзартуға шақырады.
Ұзақ өмір сүрүдің басты шарты
Рухани психо физикалық энергия цидің таза күйін сақтау, яғни қажетсіз уайымдаулардан, құтылу қоршаған ортаға дұрыс қарым қатынас, оптимизм , тұрғын үйдің ішіндегі жиһаздың дұрыс орнының болуы кір ци ие адамдармен араласпау, керісінше, мықты таза цилі адаммен араласу.Өз тәнімен жанымен жұмыс істеу син чун
Тағдырмен жұмыс істеу, қоғамға пайда әкелу мин чун қоғамдық тәртіптерді сақтау дұрыс тамақтану, емдік шөптерді, дәрілерді ішу. Қытайда тұру, қытай мәдениетімен жақындасу, қытайдың рухани энергиясынан дәм тату.
3. Қытай философиясы мен мифтық қоршаған орта мен адамның пайда болуын түсіндіру.
Ерекшеліктер
Ежелгі Қ ытай мәдениеті жердегі өмірдің қалыптасуына, тірі, өлі табиғатқа философиялық мифтік анықтама береді.Көне философиялық И цзин шығармасы дүниенің қалыптасуын 5 алғашқы элементтен тұрады деп түсіндіреді- жер, ағаш, метал, от, су. Олар үнемі айналыста болады дейді.
Қытай мәдениетінен шығатын, қоршаған әлем мен адамның пайда болуының этаптары
Үлкен жұмыртқаны елестететін ұлы Хаос Хаостан 18000 жыл аралығында барлық тіршіліктің алғашқы атасы алып Пань-Гудың туу.Пань Гу алыптың жұмыртқадан шығуы жұмыртқа пішінді Хаостың өлуіне әкелді.
Хаостан барлық жеңіл , құрғақ жоғарыда(көк), ал ауыр , ылғал төменде (жер) концентрациялану арқылыжер мен көктің қалыптасуы.Алып Пань Гудың 1800 жыл жер мен көктің арасында тұрғандығының нәтижесінде жер мен көк өз орындарында тұрып қалады.Пань Гудың өлімі оның жанынан барлық тіршіліктің, яғни күн мен айдың оның көзінен, барын дауысынан, өзендер қапынан , жол тамырларынан, тастардың тісінен жасалуы.Адамның Пань Гу денесінде жүрген паразиттерден пайда болуы, немесе фантастикалық ататек Фуси мен Нйвтің махабаттарының нәтижесі.
Даосизм Қытайдың ежелгі философиялық ілімі
Даосизм қоршаған дүниенің өмір сүруі мен пайда болуының негізін және адам, табиғат пен космостық ұстанатын жолдарын табуға тырысатын, Қытайдың ежелгі философиялық ілімі . Даосизмнің негізін қалаушы Лао Цзы . Ол VI - V б.ғ.д өмір сүрген . Басты бұлақ көздері Даоцизм мен Дэцзин философиялық трактаты.
Негізгі түсініктер Даоның екі мағынасы бар.
1. Дүниенің өмір сүруін қамтамасыз ететін, әмбебап әлемдік заң адам мен табиғаттың өз дамуындағы жолы.
2. Бұл алғашында энергетикалық бос кеңістікті көрсеткен, әлемнің шыққан субстанциясы Дэ - игілік, жоғарыдан келген даоның қоршаған ортада пайда болуына әсер еткен күш.
Даосизм философиялық негізгі ойлары.
Әлемдегі барлық заттар, құбылыстар басқа құбылыстармен байланыста.Материядан тұратын әлем бір тұтас , табиғатта материяның айналысы бар , яғни бүгінгі адам кеше басқа формада - тас, ағаш , жануар т.б болған.
Әлемдік тіртіп , табиғат заңдары, тарихтың жолы т.б адам еркінен тәуелсіз, сәйкесінше адам өмірінің басты принципі тыныштық пен түк істемеу, бос болу (у-вэй) император қасиетті, тек ол ғана құдаймен рухани байланысқа түсе алады , император тұлғасы арқылы бүкіл Ұытайға және адамзат атаулыға Дэ - келеді.
Даоны тану , Дэні тек даосизмнің заңдарын толық сақтағанда Даоның бастапқымен сіңісуінен ғана болады, императорды тыңдау, оған бағылудан кейін ғана. Бақытқа деген жол, шындықты білу тілектер мен құмарлықтан босау.Барлығында бір біріңе жол беру керек.
Ежелгі Қытайдың әлеуметтік философиялық мектептері - конфуция мен легизм
1. Конфуцияның сипаттамалары. Конфуция адамды біріншіден әлеуметтңк өмірдің қатысушысы ретінде қарастыратын , көне философиялық мектеп . Бұл мектептің негізін қалаушы - конфуций болған , ол б.э.д. 551-479 ғ өмір сүрген . Ілімнің басты көзі - Лунь Юй шығармасы .
Ерекшеліктері :
Конфуцияның негізгі сұрағы : адамдарды қалай басқаруға болады және қоғамда өзін қалай ұстау.
Бұл философиялық мектептің жақтастарына қоғамда бір біріне жұмсақ басқаруды жаөтайды , яғни бастық пен жұмысшы ара қатынасы әке мен баланыкіндей болу керек. Адамның қоғамдағы тәртібінің конфуциялық Алтын заңы өзіңе қаламағанды басқаға да қалама дейді. Конфуция ілімі Қытай қоғамының ұйымдасуына үлкен ықпал жасаған , әлі күйге дейін өз өзектілігін жойған жоқ.
Конфуция ілімінің негізгі принцптері
Қоғамда және қоғам үшін өмір сүру.Бір біріне жол беру.Жасы, шені бойынша үлкендерді тыңдау
Императорға бағыну .Өзіңді ұстау, барлық жерде шекті ұстау.Адами қасиеттерден айырылмау.
Конфуциядағы басшылар мен бағынушылар мәселесі. Басшының бойындағы болуы керек қасиеттер
Императорға бағыну және конфуция принцптерін ұстану.Жақсылық негізінде басқару .
Қажетті білімдердің болуы.Мемлекетке адам қызмет ету, патриот болу.Басты мақсаттар қою .
Мемлекет пен қоғамға жақсылық жасау.Өзінің бағынушыларының және мемлекеттің игілігін ғана ойлау.
Бағынушының бойында болуы керек қасиеттер
Басшымен қарым қатынаста лоялді болу. Жұмысқа деген тырысуды көрсету. Үнемі оқу , өзін өзі жетілдіру.
2. Легизмнің сипаттамалары.
Легизм (заңшылдар немесе Фацзия мектебі) Көне Қытайдың тағы да басқа әлеуметтік ілімі.
Ерекшеліктер
Легизмнің негізін қалаушы Шан Ян мен Хан Фэй болған .(390-338 б.э.д) (288-233б.э.д)ЦиньШи Хуа императорының кезінде (ІІІ ғ б.э.д) Легизм ресми идеология болды.Легизмнің негізгі сұрағы: Қоғамда қалай басқару? Легистер заңға сүйенетін мемлекеттік зорлау арқылы бақару керек дейді.Сонымен , легизм - нақты мемлекеттік биліктің философиясы болып табылады.
Легизмнің негізгі постулаттары .
Адам бастапқыдан қатал табиғатқа ие адами қылықтардың қозғаушы күші жеке эгоистік мүдделер болып табылады. Тәртіп бойынша,жеке инвалидтердің мүдделері өзара қайшы келеді.Тұтас қастықтан, дауласудан қашу керек, қоғамдық қатынастарға мемлекет араласуы қажет.Мемлекет (армия мен шен ) заңды тыңдаушы азаматтарды қорғап, заңға бағынбағандарды қатал жазалауы керек. Көптеген адамдардың заңдық тәртібінің негізгі стимулы - жазалаудан қорқу болып табылады.Заңды және заңсызтәртіптерді шектеудің негізі заң.
Заң барлығына бірдей болуы керек, ал жазалауды бастыққа да, қарапайым адамға да егер ол заңды бұзсса қолдану.Мемлекеттік аппарат пен кәсіби мамандардан қалыптасуы қажет.Мемлекет - қоғамды реттейтін басты механизм, сәйкесінше қоғамдық қатынастарға экономикаға азаматтардың жеке өміріне құқығы бар.
Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері (сократтыққа дейін)
1. Сократтыққа дейінгі философиялық мектептердің жалпы түсінігі.
Ежелгі Грецияның Сократтыққа дейінгі философиялық мектебі б.э.д. VII-V ғ пайда болды. Ерте ежелгі грециялық полистерде пайда болды.
Ежелгі Греция ең танымал философиялық мектеп
Мемлекеттік мектеп
Пифагорлар мектебі
Гераклит Эфесскийдің мектебі
Элейстер мектебі
Атомистер
Ерекшеліктері : Жарқын сипатталатын космоцентризм қоршаған табиғат құбылыстарын түсіндіру мәселелеріне деген өте жоғары көніл бөлу.Барлық алғашқы тіршілікті тудырған бастаманы іздеу.
Гилозоизм (өлі табиғаттың тірілуі) Философиялық ілімнің дискуссиялық емес сипаты
2. Милеттік мектеп (фмизиктер )- Фалес, Анаксимандр, Анаксимен.
Милетті мектеп Ежелгі Грецияда б.э.д 6 ғ әрекет етіп, өзі қалыптасқан өаладан өз атауын алды. Милетта орта азиядағы ірі сауда полисі .
Ерекшеліктері : Милет мектептің философтары материалистік көзқараспен жүрді. Тек философиямен ғана емес, басқа да нақты және естественный ғылымдар мен айналысады.Табиғат заңдарын түсіндіруге тырысады (физика атауын осыған байланысты алған) Қоршаған ортаның пайда болуын іздеді.

Қайраткерлер
Фалес (640-560 б.э.д.ғ) Милеттік мектептің негізін қалаушы, әйгілі грек ғалымы, философиялық мұралар қалдырған.
Негізгі көзқарастар
Барлық тіршіліктің негізі су дейді. Жерді тегіс диск ретінде көрсетіп, суда тыныш деп айтқан.
Барлық өлі табиғат пен заттардың жаны бар деп есептеген көптеген құдайлар болуы мүмкін деген.
Жер жүзінің орталығы жер деп білген жылдың нақты ұзақтығын анықтады 365 күн. Бірқатар математикалық жаңалықтар жасады (Фалес теоремасы)Анаксимандр (б.э.д 610-540 ғ) Фалестің ізбасары.
Негізгі көзқарастар.
Барлық тіршілікті бастауы Апейрон деп есептеген, яғни бәрі шексіз, мәңгілік, өлшенбейтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі философиялық доктриналар Қытай философиясының жалпы түсініктері мен ерекше белгілері
Әлем философиясы
Қазіргі философиядағы адам мәселесінің мәнін қалыптастыру
Эзотеризмнің мәдениет құндылықтарының балама жүйесін қалыптастырудағы орны
Ежелгі дүние философиясы
Ғылым білім ретінде және қоғамның, өркениеттің, мәдениеттің дамуына орай ғылыми білімнің күрделенуі
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Философияның негізгі сұрақтары мен негізгі бағыттары
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Шарль Луи Монтескьенің мемлекет және құқық туралы ілімдері
Пәндер