Философия мен жеке ғылымдардың қарым қатынасы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Философия мен жеке ғылымдардың қарым қатынасы.

Гуссерльдің иррационализмге жуық феноменология деген ілімі адамның сана-сезіміндегі қалыптасқан құрылымдарды зерттеген. Алдымен феноменологияны «таза ғылым» есебінде көруге әрекеттенген Гуссерль құрылымдардың тәжірибе мен сынаққа жатпайтынын жоспарлап, оларды логика және математиканың ұғымдарына жақындатқысы келді. Кейіннен Гуссерль ғылым жолынан иррационализмге бүтіндей ауып, құбылыстарды «өмір әлеміне» көшіріп, оларды теориялық және практикалық қызметттің негізі деп санады.

Идеализмнің біздің заманымыздағы етек жайған бөлігі - дін философиясы. Батыс елдерінде ол алдымен неотомизм, яғни Ватиканның философиясында кеңінен қолданылып отыр. Өкілдері Францияда тұратын Э. Жильсон мен Ж. Маритен т. б. Ал неотомистер болса, олар Батыс Европа мемлекеттерінде жиі кездеседі. әулие Фома академиясының философия институтында, католиктік институттар мен университеттерде неотомизм философиясы үнемі насихатталып отырады. Сондай-ақ оның идеологиялық ықпалын кітап, газет-журналдардан да айқын аңғаруға болады.

Өзінің концепциясы жағынан неотомизм материализмге де, субъективтік идеализмге де қарсы шыққан объективтік идеалистік ағым. Ол қарама-қарсы ғылым мен діни нанымды, сенім мен парасатты біріктіргісі келеді. Сонымен бірге ол нұрлану мен тәжірибенің, сынақтың аңдаушылық пен нақты істің, жекелік пен жалпылықтың қосылуын көздейді. Ол үшін құдайға сенушілікті толық мойындап, теология негіздерін ғылыми тілге аударуды ұсынып, сол салада көп әрекеттенуде. Біздің әлем ол түсінік бойынша құдай жаратқан көптеген бөлшектер мен қабаттардан тұрған секілді. Неотомизмнің философиялық негізінде Фома Аквинский өзгерткен Аристотельдің әлем бейнесі жатыр.

Бұл философияның таным теориясының астарында метафизикалық әдіс (яғни «бірінші философия») жатыр. Оның бастамасы - таза болмыс, оның ажырамайтын қасиеттері бірлік, ақиқат, игілік және әсемдік. Осы қасиеттердің арқасында құдайдың таза болмысын тануға болады. Неотомизм, аналогия бойынша, жергілікті нәрселер мен заттарды, құбылыстарды салыстыра отырып, құдайдың нұрлануын көруге болады деп үйретеді.

Неотмизмнің болмыс туралы ілімі онтологиясында құдайдың атқаратын қызметі зор. Табиғат концепциясында накты іске асқанмен келешекте іске асу ұғымдары да жатывр. Әр нәрсе, зат, құбылыс мүмкүндік күйінде болса, жаратқан тәңірі сол мүмкіндіктерді шындыққа айналдырып, заттар мен құбылыстардың пайда болуына жол ашады.

Қазіргі кезде Шығыста неотомизмнің орнына ислам дінінің, оның философиясының орны ерекше. Мұсылман философиясының ХХ ғасырға дейін сақталған иррационализмді қолдайтын бағыты - суфизм. Ол алдымен бір жағынан исламға қарсы шыққанда, екінші жағынан шығыс аристотелизмімен де келіспеген. Суфизм мистикалық, сана - сезімге сенбейтін бағыт. Ертеден келе жатқан хал ілімінде адам бірден нұрлану нәтижесінде құдайға жол ашуы мүмкін. Ғазалидің күшімен суфизм ислам өкілдерінен бата алған, бірақ осы уақытқа дейін көптеген дін әуесқойлары мұны таза мұсылмандық емес деп ол ілімге қарсы шығып отырған. Хал жүйесі сияқты біздің кезімізге дейін Сухравардидің ишрақ (мистикалық нұрлану), Хамаданидің вахдат аль вуджвуд (болмыс бірлігі) деген ілімдері сақталды.

Неопозитивизм басынан-ақ философияға қарсы шығып, оны ғылым ретінде қажетсіз деп дәлелдеуге тырысты. Сондай-ақ ол «метафизика» ережелеріне де қарсы шығып, философия қағидаларының, әсіресе оның негізгі мәселесінің мағынасыз екендігін дәлелдеген болатын. Ал философияның негізгі мәселесін - адам ойлауының болмысқа қатынасын - ол дөрекі, жалған мәселе деп қарайды. Ілгеріден келе жатқан Дж. Беркли мен Д. Юмнан шыққан субъективизм мен феноменализм бағыттарын жалғастыра отырып, неопозитивизм, дегенмен жаңа күрделі мәселелерді қойды.

Вена үйірмесінен тараған логикалық позитивизм (Р. Карнап, О. Нейрат, т. б. ) конвенционализм ілімін алға шығарды. Олар ғылыми философия тек ғылыми тілдің құрылымы мен құрылысын ғана зерттеуі тиіс деді. Логикалық позитивистер «тұтас (бөлінбейтін) ғылымды» іздестіру жолында оның іргетасы етіп «тікелей берілгендік» деген ұғымды алды. Ал бұл ұғымды эмпиризм болып аталды. Оның негізін қалаушылар АҚШ - қа көшіп кетті де, ол жерде позитивизм концепциясына кейбір өзгерістер енгізді. Мысалы, бұрынғы «базис тілі» орнына енді «нәрсе тілі» деген пайда болды, яғни адамның іштей сезіну тілінің орнына сырттай физикалық құбылыстарды зерттейтін тіл орнықты. Верификация ( әрбір ғылыми сөйлемді эмпириялық жолмен тексеру кішірейтілді. Логикалық эмпиризм теориялық түсініктердің мағынасын жете түсіндіре алмағандықтан, күшін жоғалта бастап, өз орнын ығысып позитивизмнің басқа түрлеріне беруге мәжбүр болды.

Логикалық позитивизмге қосылып, оның идеаларын әрі қарай дамытқандар қатарына америка философиясында Ч. Моррис, П. Бриджмен, Львов - Варшава логика мектебінде А. Тарский, К. Айдукевич т. б. жатады. Бірақ позитивизм ішіндегі логикалық позитивизм мен эмпиризм әлсіреп қалғаннан кейін олардың орнына лингвистикалық философия келді.

Эмпиризмнің орнына келген философияның шын аты - күнделікті тілдің философиясы, яғни лингвистикалық талдаудың философиясы. Ол да басқа позитивизм түрлері сияқты, философия тек қана ғылым ішінде болу керек, ал оның дүние-танымға қатынасы жоқ деп есептейді. Бірақ бұл бағыттың ерекшелігі ол тілді ғылым тіліне жақындатудың орнына адамның қарапайым, күнделікті табиғи тілін зерттеуіміздің керек болғандығын дәлелдейді. Сол жолмен ғылым көп қателіктерден арылып, ақиқат объектілерді қарастырып кетеді деп санайды. Жай, әдеттегі тілдің сөйлемдерін дұрыс пайдалана алмағандықтан жалған ойлар туады, сондықтан күнделікті тілді «тазартып», соның арқасында мағынасыз сөйлемнен арылуға болады дейді.

Неопозитивизмнің осы түрлеріне АҚШ - та пайда болып, өрістеген лингвистикалық философияға жақын логикалық прагматизм мектебі болды. (У. Куайн т. б. ) Олар да логикалық позитивизм мен эмпиризмді философияның қадірін түсіргені үшін сынап, өздері көбінесе әлеуметтік философияға жақындай түсті. Біртіндеп ғалымдар арасында неопозитивизмнің абыройы жоғала бастады. Оған себеп болған нәрсе - өмір үшін өте маңызды әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді қарамағаны, логика, математика және форма жақтарын асыра дәріптеп, зерттеген заттардың мәнді жақтарын ұмытқаны, философиядан дүниетану, көзқарас функциясын алыр тастап, одан шеттету, философияның әлеуметтік маңызын кеміту. Кейінгі позитивистік ағымдар бұл аттан жалпы қашып, айрылғысы келді. Неопозитивизмнің қазіргі кезде атының жоғалуына марксизм-ленинизм өкілдерінің де қосқан үлесі мол. Осылардың сынының арқасында неопозитивизмнің нашар, босаң жерлері байқалып қалды. Философия пәні - ғылым тілін логикалық талдау дей отырып, неопозитивистер таным процесіндегі формальдық логиканың ролін асыра дәріптеді.

Неопозитивизмнің кейінгі және көрнекті өкілі К. Поппер ғылыми - техникалық ойдың өрістеуін ің нәтижесінде зат пен сана-сезімнене басқа «үшінші» әлем пайда болады деген қорытынды жасады. Оған ойлаудың объективтік мазмұны, теориялық жүйелер, кітаптардың, журналдық мақалалардың танымдық мәні жатады дейді.

Поппер білімнің өрістеуін жануарлардың табиғи сұрыпталуымен салыстырады, себебі ол үшін биологиялық сұрыпталу мен білімнің өсуінің арасында айырмашылық жоқ. Оның айтуы бойынша, Эйнштейнге дейінгі білімнің өсуі бір жолмен келеді: ол жолдың мазмұны - проблемалар, байқау және болжау, қателерді түзеу, маңызды сынау жағының көбеюі, сонан кейін сөйлемдердің шындығының артуы. Биология мен философияны қатар қойғаннан кейін Поппердің таным теориясы дағдарысқа ұшырап, жалпы позитивизмнің күйреуіне әкеліп соқты. Поппер өз өмірінде неопозитивизмге қарсы болды. Сонымен бұл ағым өзінің эволюциясын аяқтады.

Неопозитивизм, бір жағынан қазіргі ғылыми білімнің дамуына барабар философиялық көзқарас бола алмады, екінші жағынан, ол жалпы матерализмге қарсы шыққанымен сана - сезімнің қатынасын дұрыс түсінбей, оны психикалық және физикалық өлшемдердің қосылуы деп, таза дуалимз позициясына көшті.

ХХ ғасырда неопозитивизмнің барлық түріне қарсы шыққан, зерттеудің басты объектісі етіп адам мәселесін қойған бағыт көп. Солардың ішінде осы проблеманы ең алғаш қозғаған - персонализм. Оның өкілдері (Н. Бердяев, Э. Мунье, Р. Флюэллинг) адамды ең жоғары рухани байлық деп есептеп, ал ең жоғарғы адам ретінде құдайды (жаратқан тәңіріні) қабылдаған.

Осы қағида бірден дін философиясына жақындап, оның идеалистік жағын күшейте түседі. Идеалистік пікір таластыру негізінде бұл ағым классикалық философиядағы субъектінің орнына жеке адамды қояды, сондықтан персонализм үшін әлем көптеген адамдардан, сана-сезімдерден, еріктерден тұрады.

Ресейдегі персоналистер (Бердяев, Шестов, Лосский) жеке адамды тарихтағы жалғыз субъект ретінде қарап, оның мәдениет иесі, оны сақтаушы деп есептеп, бұқараға, халыққа қарсы қойған. Осыдан «бұқара мәдениеті» мен «бұқара қоғамы» теориялары туады. Адам мен жеке адамның арасына айырмашылық жүргізіледі. Өйткені, адам не руға, тайпаға, не қоғамға жатады, ал жеке адам ешқандай қоғамға кірмейді, өзінің «мен» деген жағдайын сақтайды. Сондықтан, персонализмнің негізінде жатқан ерік ілімі бойынша адамның бостандық принципі келіп шығады.

Америкада пайда болып, өріс алған, адамды ерекше зерттейтін философия - прагматизм. Негізін салған американдық филосософ, логик Пирс Чарлз Сандерс. Бұрыңғы философияның бәрі қате деп, Ч. Пирс, У. Джемс оны жаңарту керек екенін айтып, философия ойлаудан іске, әрекетке көшу қажет деді. Сондықтан философия бұрынғыдай, Аристотель заманынан келе жатқан болмыс пен танымның негіздерін зерттеу міндетін қойып, енді жаңа күшпен адам өміріне байланысты проблемаларды шешетін әдіске айналуы керек. Философияның жаңа түсінігі - оны өмірден алыстатпай, жер бетіндегі жағдайларды дұрыстап бейнелеп, ойдағыдай шешімге алып келуге тиіс.

ХХ ғасырдағы философияның ішінде адам туралы мәселелермен ең көп шұғылданған ағым - экзистенциализм. Негізін салған дат философы Серен Кьефкегор. Оны тіршілік философиясы деп те атайды. Бұл философиялық бағыт Россияда бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін пайда болды (Шестов пен Бердяев), екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Германияда (М. Хайдеггер мен К. Ясперс), Францияда (Ж. П. Сартр мен Г. Марсель және А. Камю) дамыған. 1940-1950 жылдары Еуропаның басқа елдеріне, 1960 ж. АҚШ-қа тараған (У. Баррет) . Рационалды ойлаудың кемшілігі обьекті мен субьектіні қарама-қарсы қою принципіне сүйенген, ал экзистенциализм бүкіл дүниен, тіпті адамның өзін тек зерттеу обьектісі түрінде ғана қарайды. Болмыс субьекті мен обьектінің тура бөлінбейтін, тұтас түрінде қабылданады. Сондықтан болмыс адамның тікелей өмір сүруі (экзистенция) ретінде түсініліп, оны не ғылыми, не райионалдық философиялық құралдарымен тануға болмайтынын айтады.

Экзистенцияны, өмір сүруді түсіндіру үші Хайдеггер, Сартр, Мерло-Понти сана-сезімінің құрылымында интенциялық (басқа затқа бағыттылық) болатынын ашып, неміс философы Гуссерльдің феноменологиялық әдісін пайдаланған. Сонда тіршіліктің өзін ашық деп, оның басқаға бағытталғаның көрсеткен. Ал басқаға бағытталғандық «ешбір» дегенге келіп саяды. Сол «ешбірге» бара жатқан интенция адам тіршілігінің модустарынан (қамқорлық, қорқыныш, батылдық, ұят т. б) өтеді. Бұл модустар «ешбірмен» жақындасу немесе одан қашу жолындағы белгілер осы жерде «шекаралық уақиға», немесе шекаралық щытырман жағдай туады, сонымен адам өзінің экзистенциясын негізгі ретінде түсінеді.

Индивидуалдық, яғни жеке бастылық өмір сүру уақытша болатын құбылыс, оның арты өлім. Оның уақыты тағдыр, тағдырдың ішіне кіретіндер: туу, өлім, махаббат, торығу, өкіну т. б Сонымен бірге өмір сүруге батылдық, жоспар, үміт, дәме кіреді. Экзистенцияализм уақыттың тарихпен және адаммен байланысын, оның өмірін сүруін, ізденушілігімен, қарекетімен, үмітімен астастыра қарайды. Өмір сүру барысында кісі өзін-өзіі іздену жолымен табады. Ол үшін «шекаралық жағдайға» түсіп, өзінің жоспары мен үмітін айқындап, қиналыс кешеді.

Бостандық - өмір сүрудің өзі, экзистенция дегеніміз бостандық. Болмыс дегенді жалпылама қарап білу мүмкін емес. Экзистенция тек жеке адамның, нақтылы өз басының болмысы ғана деп білінеді. Адамның еркі дегеніміз өмір сүру философиясына алып келеді, себебі жеке адам ешбір табиғи немесе әлеуметтік қажеттіліктен тәуелсіз болып, әркім өзін-өзі қалыптастыруға тиіс деп түсіндіреді.

Сонымен осы ағым кейінгі кезде буржуазия қоғамының қайшылықтары мен кемшіліктерін ашып берсе де, ол ауыр жағдайданқалай шығатының көрсете алмады. ХХ ғасырдың күрделі өзгерістеріне бұл ағым төтеп бере алмай, өзінің дағдарысқа ұшырағанын пайқын көрсетті.

Өзінің позициясына «монизм» деген атақ беріп, Тейяр материализмге, дуализмге, спиритуализмге қарсы шықты, материя мен сананы біріктіруге ұмтылды. Материяны сана-сезімнің «матрицасы» деп жариялап, азайып бар жатқан физикалық «тангенциалдың» қуаттың орнына көбейіп бара жатқан саналық («радиалдық») қуаттың тұрғанын көрсетті. Сана - сезім басы әлемде бар екенін, ол молекула мен атомның өзінде екенін, тірі материяда ол психика түрінде, адамда сан-сезім ретінде болғанын дәлелдеді. Сондықтан өрістеудің қозғаушы күші - ортогенез (мақсаттылық сана), ортогенез адамзатты «омега» жеріне (яғни құдайға) алып келу керек, сонымен космогенезге, христогенезге айналады.

Адамның жаратылуы өрістеудің бітуі емес, ол дүниенің әрі қарай дамуна жол ашатын жағдай. өмір сүріп жатқан дүниеміз өте тар, кемелсіз. Оны жақсатру үшін адамдар өздерінің азаптарынан, қайғы - қасіреттерінен арылып, Христосқа ұқсап жапа шегу керек. Тек қана осы жолмен адамзат кемелдікке жетеді, сана -сезімі өсуі арқасында адам жеке болуға тырысады, ал ол жеке адамдардың ауыз бірлігі болса, сонда ғана олар «жекеліктен» әлеуметтікке көшіп, қоғамдық болып шығады.

Тейярдың әлеуметтік көзқарасы кертартпа ілім. Жалпы махабббаттың керектігін мойындап, ол адамдардың таза ықыластарын діни құбылысқа алып келіп, «алға» дегенді «жоғарымен» шатастырып, Христостың екінші келуімен сәйкес ілімнің бәрін христологияға аударып жіберген.

Қазіргі уақытта адамның әлемі туралы арнайы ілім - философиялық антропология. Ол Дильтейдің өмір философиясы мен Гуссерльдің феноменологиясы негізінде пайда болған. Оның іргесін қалаушы М. Шеллер адам туралы арнайы үлкен жан-жақты ғылым жүйесін жасау жолында философиялық көзқарастың ішіне органикалық, биоантропологиялық т. б. мәселелер кіру керектігін айтқан. Бұл программа орындалмады, адам туралы жалпы философиялық теория жасалмады, оның орнына ғылыми концепциялар келді. Олардың әрқайсысы адам бейнесінің бір қырын қарастырып соның нәтижесінде өзінше концепциялар жасады. Шеллердің түсінігі бойынша, адам - саналы кісі, таза биологиядан алыстау, ол «заттарды аңдау, пайымдау» арқылы таниды.

Ал шәкірттері оған басқаша қарайды. Г. Плесснердің, түсінігі бойынша, адам бұл дүниеде өзін-өзі жоғалтып, ізденісте жүр, А. Гелен адамда биологиялық жағынан кемшілік көп деді. Сондықтан мәдениеттің әр түрінде өзін көрсеткісі келеді. Ротхаккер мен Ландман да адам мәдениетінің «объективтік рухының» жемісі, өзінің өмірбаянының жемісі, нәтижесі деп шығарды. Адам туралы біртұтас философиялық теория жасалмады, оның орнына аспектілерді қуған оқушылар биологиялық, психологиялық, діни, мәдени бағыттағы концепциялар жасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
Философия пәні және оның қоғамдық міндеттері
Фихте философиясы
Философиядағы таным мәселесі
Философия пәні, қызметтері, міндеттері
Философиялық көзқарастың ерекшелігі
Дүниетанымның мәні және оның түрлері, Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология, Диалектика және онын әдістері
Неопозитивизм философиясы
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz