Философияның мәні мен мақсаты



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Философия, оның пәні, обьектісі мен қызметі.
2. Философияның мәні мен мақсаты.



Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия болса табиғат, қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптерін жариялап, оларды адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.
Демек, философия дүниеге ғылыми көзқарастың, ойлаудың, диалектикалық жүйесін жасап, болашаққа сеніммен қарауды қалып-тастырады. Бұл іліммен қарулану, әсіресе, қазіргі өмірді револю-циялық қайта құру процесіне бірден-бір сәйкес және қажет ілім. Философияның методикалық принциптерін негізге алу өмір талабы. Сонымен қатар, қазіргі демократия, жариялыққа сәйкес, ол бұрынғы өмірден алшақтықтан, догматизмнен тазарып, шыңдала түсуде.
Ертең халық шаруашылығының тұтқасын ұстап, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып үйрену қажет. Онсыз мынау күрделі, сан-салалы, қатпар-қатпар дүниенің, бүкіл әлемнің ішкі сырын, табиғатын, дамуының мән-мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқып үйрену іске творчестволықпен қараудың ойлана-толғана білудің түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің, ой-өрісі кеңейтудің, жан-жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі.
Философия дегеніміз табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Философия - бұл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл иленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде мифологиялық діни түсініктермен күрес барысында қалыптасып, сол кездегі пайда болған барлық білімнің басын құрады. Көне грек тілінен аударғанда философия ұғымы данышпандыққа құш-тарлық деген мағына береді. Жалпы философия өте ертедегі көне дүние Үндістанда, Қытайда, Орта Азияда туды, ал Грецияда тұңғыш рет біркелкі жүйеге түсірілді. Философияның одан әрі дамуы, философиялық түсініктер мен ұғымдардың көбейе түсуі, тереңдеуі, баюы әртүрлі философиялық теориялар мен бағыттардың пайда болуына негіз қалады.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология - болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология - таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғат тану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты. Философия дүниетанымдық, методологикалық жүйе болып қалды. Өйткені, ол дүниенің, бізді қоршаған орта: табиғат пен қоғамның және адам дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан, философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниеге көзқарас ұғымымен байланысын, арақатынасын өзара байланысын білген жөн.

Философияның мәні мен мақсаты.
Философия табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Философия - бұл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл иленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде, яғни, мифологиялық діни түсініктермен күрес барысында қалыптасып, сол кезде пайда болған барлық білімнің басын құрады. Көне грек тілінен аударғанда философия ұғымы данышпандыққа құштарлық деген мағына береді. Жалпы, философия өте ертедегі көне Үндістанда, қытайда, Орта Азияда пайда болды, ал Грецияда тұңғыш рет біркелкі жүйеге түсірілді. Философияның одан әрі дамуы, философиялық түсініктер мен ұғымдардың көбейе түсуі, тереңдеуі, баюы әртүрлі философиялық теориялар мен бағыттардың пайда болуына негіз болды.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология - болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология - таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы, этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғаттану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты.
3. Дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Философиялық білімнің ерекшелігі
Философиялық дүниетаным және дүниетанымның тарихи түрлері
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Әлеуметтік философияның функциялары
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Қазіргі заманғы әлеуметтiк философия пәнi
Әлеуметтік философия түсінігі
Антика мәдениетіндегі философия
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Пәндер