ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 142 бет
Таңдаулыға:   
Философияның пайда болуы және оның зерттеу объектісі

Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты. Философиялық білімдердің бастауы біздің заманымызға дейінгі VІ -- V ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттерде -- Қытайда, Үндістанда, Грекияда болғаны айқын көрінеді. "Философия" сөзін алғаш қолданған Грекиядан шыққан ұлы математик, философ Пифагор болды. Аңыз бойынша, ежелгі грек қалаларының бірінің билеушісі базарға келіп, сырттай босқа қарап тұрған Пифагордан: "Сен кімсің?" -- деп сұраған. Пифагор: "Мен философпын", -- деп жауап беріпті. Бұл сөз билеушіге таныс болмағандықтан, Пифагор былай түсіндіріпті: "Өмір дегеніміз -- Олимпиадалық ойындар сияқты: біреулер оған жарысқа түсуге, екіншілері сауда жасауға, ал ең бақыттылары көруге келеді. Кәдімгі өмірдегідей, біреулер -- даңққұмар, енді біреулер -- жемқор, ашкөз. Бұлардың арасында тек философтар ақиқат үшін өмір сүреді". "Философия" сөзі ежелгі грек тілінен алынған, яғни "даналықты сүю" (рһuео -- сүю, sophia -- даналық) деген ұғымды білдіреді. Ал "даналық" ұғымы білімге және ақиқатқа риясыз қызмет ете отырып, дүниені ерекше ақылмен тануға қол жеткізу. Бұл -- дүниені тұтастай және бірлікте тануға тырысу. Философия дүниеге жалпылама көзқарастар ретінде көрініс береді. Өзі пайда болғанынан бастап, философия дүниені тұтастай және бірлікте ала отырып зерделеуде. Оның зерттеу объектісі -- бүкіл әлем, тұтас универсуж Былайша айтқанда, "философия" дегеніміз -- ойлау, жалпыламаға жету жолы. Сондықтан ол жалпылама нәрселер туралы ой кешу болып табылады. Ол қандай нәрселер? Мен деген не, болмыс деген не? Олар қандай формада өмір сүреді? Мен ретіндегі дүние түзілім, шынайылық, қайдан пайда болған? Мәңгі өмір сүре ме? Өмір деген не? Адам өмірінің ерекшелігі неде? Дүниедегі адам кім? Оның дүниеге қатынасы қандай? Жеке ғылымдар (физика, химия, психология, социология және басқалар) сияқты философия дүниедегі түрлі заттар мен құбылыстарға төн оның жеке жақтары мен қасиеттерін ғана емес, сонымен қатар олардың жалпылама қасиеттерін, қатынастарын және байланыстарын зерттейді. Философия -- дүниенің мәні мен адам туралы ғылым. Философтар үшін оларды жекелеп қарау емес, тұрақты арақатынастарын зерттеу маңызды. "Дүние -- адам" мәселесінде бөрі қамтылады және бәрі қарастырылады. Ол барлық өзге мәселелердің арқауы іспеттес. Философия үшін бірлікте алынған дүние -- адаммен бірге дүние. Философиядағы "дүние" ұғымының кеңеюі адамның дүниедегі, табиғат әлеміндегі және қоғамдық өмірдегі орнын анықтаудан немесе адам мен дүние арасындағы қатынастардан көрініс табады.

Философияның зерттейтін нәрсесі

Философияның зерттейтін нәрсесі -- жалпылама әлем және оған адамның қатынасы. Таратып айтқанда, оларға барлың мәнділіктердің -- қандай да болсын, болмыстың (өмір сүріп жатқан бардың), танымның және әрекеттің жалпылама және қажетті заңдылықтары мен формалары, түпкілікті жағдайлары және себептері жатады. Философия ғылымының зерттейтін нәрсесінен туындайтын айырмашылығы -- жалпылама сипатта болуы. Оның негізгі заңдары мен ұғымдары табиғатқа, қоғамға, адамға және ойлауға қатысты жүреді. Философияның ерекше белгісі -- дүниенің тұтастығын, қоршаған дүниенің бірлігін пайымдау. Бұлар кез келген саланың маманы үшін өте маңызды. Өйткені жеке әрқашанда жалпымен және тұтаспен байланыста ғана дұрыс түсіндіріледі. Өйтпегенде, халық айтқандай, адам ағаштың қалқасында тұрып, орманды көрмей қалуы мүмкін. Барлық философиялық мәселелердің орталығында дүниетаным, адамның қоршаған ортаға қатынасы, дүниені дұрыс түсінуі, мақсатты және қонымды әрекет ету мәселесі тұрады. Философияның үш басты тақырыбы бар: дүние, адам және дүниеге қатынас. Олар бір-бірімен өзара байланысты.

Философияның негізгі мәселелері

Философияны шешетін бір қатар маңызды мәселелері бар. "Философияның негізгі мәселелері" деп аталатын олардың кейбіреулері мыналар:

-- Дүниенің алғашқы, іргетастық негізі не?

-- Бізді қоршаған дүние таныла ма?

-- Адам өмірінің шынайы мағынасы неде?

-- Тұтастай дүние мен оның кейбір тұстарының ғылыми зерттелуінің негізгі қатынасы қандай?

Философияның бұл мәселелері өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан негізгі мәселе ретінде олардың біреуін алдыңғы орынға шығаруға болмайды. Философияның негізгі мәселесін тұжырымдаудың бұлардан өзге де жақтары болған және қазір де бар. Мысалы, ізгілік пен жауыздық, зорлық және келісім, өмірдің мәні және басқа мәселелер.

Философиядағы сара бағыттар

Философияда, сонымен қоса сара бағыттар бар: мысалы, материализм және идеализм. Неміс философы Ф.Шлегель алғаш рет оларға классикалық баға берді. "Материализм, -- деп жазды ол, -- бәрін материямен түсіндіреді. Ал материяны алғашқы бастама ретінде, барлық нәрсенің қайнар кезі деп қабылдайды. "Идеализм" бәрін бір рухтан шығарады. "Материяны рухтан пайда болған" деп түсіндіреді немесе оған материяны бағындырады". "Материя" дегеніміз -- адамның санасынан тыс және тәуелсіз емір сүретін, объективті шынайылық. Егер идеализм материяға қарағанда рухтың алғашқылығын дәріптесе, материализм материяны, табиғатты, физикалық болмысты санаға қарағанда бірінші деп түсіндіреді. "Материалист" және "идеалист" терминдерінің философиялық мағынасын жұтаң санада келтірілетіндермен шатастыруға болмайды. Онда "материалист" деп материалдық игілікке қол жеткізуге тырысатын адамды, ал "идеалист" деп көтеріңкі рухани идеалдарымен сипатталатын индивидті айтады.

Ғылым анықтамасының мәселелері
Ғылымның, философияның және діннің арацатынасы
Ғылым қурылымы, атқаратын функциялары
Ғылымға қойылатын критерийлер
ҒЫЛЫМ АНЫҚТАМАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым -- қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.
Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған ғылымтану атты жаңа пән пайда болды.
Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі -- латынша Sсіеnііа сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы білім дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім -- адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым -- тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар). Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.

ҒЫЛЫМНЫҢ, ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЖӘНЕ ДІННІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Тарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе оты-рып ерекше бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бул орта ғасыр мен Жаңа уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты. Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның жетістіктері ұмытылуға айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі. Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, мәдениетіндебасымдылыққа ие болды.
Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау-дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету қүқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сүрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін. XX ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мундай көзқарас бұқара халық тұрмақ саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да (философтар, жазушылар, суретшілер) түсініксіз боп қала берді. XX ғасырдың басында фило-софтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бүл жолдың апатқа бас-тайтынын ашық айтты. Бұл XX ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды.
Соған қарамастан, сциентизм идеологиясының қалдықтары -- ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену -- осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған бундай көзқарас XX ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы -- мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды.
Сөз жоқ, ғылым -- адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады.
Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерек-шеліктері мен мақсаттары бар, бүларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол -- тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады.
Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз ғылымға нақты анықтама бере аламыз.
Ғылым -- жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бул түсініктің мазмунына сонымен қатар білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының түрлері мен механизмдері кіреді.

ҒЫЛЫМНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ
Объективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамзатты қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады.
Жаратылыс сферасына және зерттелетін ақиқат дүниенің түріне байланысты ғылыми білімнің үш бағытын анықтауға болады: жаратылыстану- табиғат туралы білім жүйесі, қоғамтану -- қоғамдық емірдің түрлері мен формалары туралы білім жиынтығы, сонымен қатар адам-затты ойлау қабілеті бар жанды зат ретінде қарастыратын ойлау білімдерінің жүйесі.
Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның қүрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан.
Мұнда заттар мен олардың қүрылысы, заттардың қозғалысы мен әрекеттесуі, химиялық элементтер мен қосылыстар, тірі материя мен тіршілік, Жер және Космос туралы білім жүйесі енеді. Жаратылыстанудың осы объектілерінен іргелі ғылыми жаратылыстану бағыттары бастау алады
Денелер, олардың қозғалысы, олардың әр түрлі деңгейлердегі пайда болу формалары мен айналымдары физикалық ғылыми білімнің зерттеу объектілері болып табылады. Іргелі сипаты бойынша олар жаратылыстанудың негізіне жатады және басқа да білім салала-рын қамтиды.
Химиялық элементтер, олардың қасиеттері, айналымдары мен қосылыстары химиялық білім жүйесінде көрініс табады. Физикалық білім жүйесімен көбірек байланысты болғандықтан, аралық пәндердің тобы -- физикалық химия, химиялык, физика т.б. пайда болды.
Биологиялық білімдер тіршілік туралы білім тобын қамтиды, олардың зерттеу объектілері клетка мен клеткадан пайда болған бар-лық ағзалар. Биологиялық білімнің негізіне зат, химиялық элементтер туралы білім жатады. Жоғарыда айтылғандай мунда да аралық пәндер, атап айтқанда, биофизика, биохимия т.б. дамиды.
Жер Күн жүйесіне енетін бір планета есебінде геологиялық білімдердің зерттеу пәні болып табылады. Олар біздің планетамыздың қурылысы мен дамуын зерттейді. Басқа ғылымдар тобымен бірлесу арқылы геохимия, геофизика, палеонтология сияқты жаңа салалар пайда болды.
Өте ертеден бері дамыған, сонымен қатар ғылымдағы жаңа бағыттардың да қатарына жататын білім жүйелелерінің бір тобы-космологиялық білімдер, олардың зерттеу пэні -- Бүкіл әлем. Космоло-гия -- космостық объектілердегі жағдайлар мен өзгерістерді зерттейді.
Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты -- қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен цатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім бе-реді.
Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми білімдер сан түрлі, олар жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні қоғам болып табылатын әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты, қоғамдық өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-құқықтық құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде қарастыратын мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты.
Ғылыми білімнің үшінші іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы туралы ғылыми жүйе құрайды. Адамзат жан-жақты аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына -- гуманитарлық ғылымдар (психология, логика тағы басқа) және математика жатады.
Аталған негізгі ғылыми бағыттармен қатар, ғылымның өзін зер-ттейтін ғылыми салаларды жеке топқа жатқызуға болады. Ғылымның бұл салалары XX ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат өміріндегі рөлі мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді. Ғылымтану қазіргі кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып саналады.
Ғылым, білімнің қурылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз -- арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.
Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу:
1) түсіндіру -- табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру;
2) жүйелеу -- жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу;
3) суреттеу -- қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету;
4) болжам жасау -- дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;
5) қорытынды жасау -- табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау;
6) жаңалық ашу -- табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару;
7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру -- алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;
8) дүниетанымдық -- алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру.
Адамзат өз тарихында сипаты бойынша сан алуан білімдерді жи-нақтады, ғылыми білім -- сол білімдердің тек бір түрлі ғана болып са-налады. Сондықтан ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет.

ҒЫЛЫМҒА ҚОЙЫЛАТЫН КРИТЕРИЙЛЕР
Ғылымилықтың ең басты критерийі -- жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бул жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, экспери-менттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.
Ғылымға қойылатын тағы бір критерий -- онымен айналысатын (қоғамда) бір дарынды адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.
Ғылымилықтың үшінші критерийі -- ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адам-зат игілігіне айналуы шарт.
Тағы бір төртінші критерий -- рационалдылық (тиімділік). Зерттеудің әр түрлі (әдістемелерін) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу.
Ғылымға қойылатын бесінші критерий -- зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа сипаттар әкелді.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Философияның зерттеу объектісі және негізгі мәселелері[өңдеу]
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мазмұны
[жасыру]
* 1 Философияның пайда болуы және оның зерттеу объектісі
* 2 Философияның зерттейтін нәрсесі
* 3 Философияның негізгі мәселелері
* 4 Философиядағы сара бағыттар
* 5 Философиямен айналысудың қажеттігі
* 6 Дереккөздер
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Философияның пайда болуы және оның зерттеу объектісі[өңдеу]
Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты. Философиялық білімдердің бастауы біздің заманымызға дейінгі VІ -- V ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттерде -- Қытайда, Үндістанда, Грекияда болғаны айқын көрінеді. "Философия" сөзін алғаш қолданған Грекиядан шыққан ұлы математик, философ Пифагор болды. Аңыз бойынша, ежелгі грек қалаларының бірінің билеушісі базарға келіп, сырттай босқа қарап тұрған Пифагордан: "Сен кімсің?" -- деп сұраған. Пифагор: "Мен философпын", -- деп жауап беріпті. Бұл сөз билеушіге таныс болмағандықтан, Пифагор былай түсіндіріпті: "Өмір дегеніміз -- Олимпиадалық ойындар сияқты: біреулер оған жарысқа түсуге, екіншілері сауда жасауға, ал ең бақыттылары көруге келеді. Кәдімгі өмірдегідей, біреулер -- даңққұмар, енді біреулер -- жемқор, ашкөз. Бұлардың арасында тек философтар ақиқат үшін өмір сүреді". "Философия" сөзі ежелгі грек тілінен алынған, яғни "даналықты сүю" (рһuео -- сүю, sophia -- даналық) деген ұғымды білдіреді. Ал "даналық" ұғымы білімге және ақиқатқа риясыз қызмет ете отырып, дүниені ерекше ақылмен тануға қол жеткізу. Бұл -- дүниені тұтастай және бірлікте тануға тырысу. Философия дүниеге жалпылама көзқарастар ретінде көрініс береді. Өзі пайда болғанынан бастап, философия дүниені тұтастай және бірлікте ала отырып зерделеуде. Оның зерттеу объектісі -- бүкіл әлем, тұтас универсуж Былайша айтқанда, "философия" дегеніміз -- ойлау, жалпыламаға жету жолы. Сондықтан ол жалпылама нәрселер туралы ой кешу болып табылады. Ол қандай нәрселер? Мен деген не, болмыс деген не? Олар қандай формада өмір сүреді? Мен ретіндегі дүние түзілім, шынайылық, қайдан пайда болған? Мәңгі өмір сүре ме? Өмір деген не? Адам өмірінің ерекшелігі неде? Дүниедегі адам кім? Оның дүниеге қатынасы қандай? Жеке ғылымдар (физика, химия, психология, социология және басқалар) сияқты философия дүниедегі түрлі заттар мен құбылыстарға тән оның жеке жақтары мен қасиеттерін ғана емес, сонымен қатар олардың жалпылама қасиеттерін, қатынастарын және байланыстарын зерттейді. Философия -- дүниенің мәні мен адам туралы ғылым. Философтар үшін оларды жекелеп қарау емес, тұрақты арақатынастарын зерттеу маңызды. "Дүние -- адам" мәселесінде бөрі қамтылады және бәрі қарастырылады. Ол барлық өзге мәселелердің арқауы іспеттес. Философия үшін бірлікте алынған дүние -- адаммен бірге дүние. Философиядағы "дүние" ұғымының кеңеюі адамның дүниедегі, табиғат әлеміндегі және қоғамдық өмірдегі орнын анықтаудан немесе адам мен дүние арасындағы қатынастардан көрініс табады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Философияның зерттейтін нәрсесі[өңдеу]
Философияның зерттейтін нәрсесі -- жалпылама әлем және оған адамның қатынасы. Таратып айтқанда, оларға барлың мәнділіктердің -- қандай да болсын, болмыстың (өмір сүріп жатқан бардың), танымның және әрекеттің жалпылама және қажетті заңдылықтары мен формалары, түпкілікті жағдайлары және себептері жатады. Философия ғылымының зерттейтін нәрсесінен туындайтын айырмашылығы -- жалпылама сипатта болуы. Оның негізгі заңдары мен ұғымдары табиғатқа, қоғамға, адамға және ойлауға қатысты жүреді. Философияның ерекше белгісі -- дүниенің тұтастығын, қоршаған дүниенің бірлігін пайымдау. Бұлар кез келген саланың маманы үшін өте маңызды. Өйткені жеке әрқашанда жалпымен және тұтаспен байланыста ғана дұрыс түсіндіріледі. Өйтпегенде, халық айтқандай, адам ағаштың қалқасында тұрып, орманды көрмей қалуы мүмкін. Барлық философиялық мәселелердің орталығында дүниетаным, адамның қоршаған ортаға қатынасы, дүниені дұрыс түсінуі, мақсатты және қонымды әрекет ету мәселесі тұрады. Философияның үш басты тақырыбы бар: дүние, адам және дүниеге қатынас. Олар бір-бірімен өзара байланысты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Философияның негізгі мәселелері[өңдеу]
Философияны шешетін бір қатар маңызды мәселелері бар. "Философияның негізгі мәселелері" деп аталатын олардың кейбіреулері мыналар:
-- Дүниенің алғашқы, іргетастық негізі не?
-- Бізді қоршаған дүние таныла ма?
-- Адам өмірінің шынайы мағынасы неде?
-- Тұтастай дүние мен оның кейбір тұстарының ғылыми зерттелуінің негізгі қатынасы қандай?
Философияның бұл мәселелері өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан негізгі мәселе ретінде олардың біреуін алдыңғы орынға шығаруға болмайды. Философияның негізгі мәселесін тұжырымдаудың бұлардан өзге де жақтары болған және қазір де бар. Мысалы, ізгілік пен жауыздық, зорлық және келісім, өмірдің мәні және басқа мәселелер.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Философиядағы сара бағыттар[өңдеу]
Философияда, сонымен қоса сара бағыттар бар: мысалы, материализм және идеализм. Неміс философы Ф.Шлегельалғаш рет оларға классикалық баға берді. "Материализм, -- деп жазды ол, -- бәрін материямен түсіндіреді. Ал материяны алғашқы бастама ретінде, барлық нәрсенің қайнар кезі деп қабылдайды. "Идеализм" бәрін бір рухтан шығарады. "Материяны рухтан пайда болған" деп түсіндіреді немесе оған материяны бағындырады". "Материя" дегеніміз -- адамның санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүретін, объективті шынайылық. Егер идеализм материяға қарағанда рухтың алғашқылығын дәріптесе, материализм материяны, табиғатты, физикалық болмысты санаға қарағанда бірінші деп түсіндіреді. "Материалист" және "идеалист" терминдерінің философиялық мағынасын жұтаң санада келтірілетіндермен шатастыруға болмайды. Онда "материалист" деп материалдық игілікке қол жеткізуге тырысатын адамды, ал "идеалист" деп көтеріңкі рухани идеалдарымен сипатталатын индивидті айтады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Философиямен айналысудың қажеттігі[өңдеу]
Философия жастарға не береді? Ол практикалы ма? Келешек менеджерге, банкирге, бағдарламашыға, дәрігерге,заңгерге, инженерге, мұғалімге, философияны оқу қажет пе? Олар оны өмірлік қызметіне пайдалана ма? Бұл сұрақтарға жауап ретінде ежелгі грек философы Эпикурдің (біздің заманымызға дейінгі 341 -- 270 жастарға айтқан ғасырлар қойнауынан келе жатқан үндеуін еске түсіруге әбден болады. Ол былай деген екен: "Кім болса да, әзірге жас кезінде, философиямен айналысуды кейінге қалдырмасын". Философия адамға:
-- өзінің дүниедегі орнын түсінуге, өз емірінің мақсатын ажыратуға;
-- дүние түзілімнің жалпылама заңдары мен ұстанымдарын тануға;
-- шынайы құндылықтар мен бағдарларды таңдап алуға, қалай болғанда да дұрыс (адаспай, елеске ермей, азапсыз) өмір сүруге;
-- кез келген мәселені терең зерделеп, дұрыс шешу үшін оны тұтастай, жан-жақты көре білуге;
-- философиялық даналықты өзін-өзі жетілдіру үшін пайдалануға;
-- өзінің ішкі рухани арқауын шыңдау және өмірде кездесетін қиындықтарды мойымай жеңе білуге үйретеді.[1]

Ғылым философиясы. 1.1 Ғылым шындықты танудың ерекше нысаны ретінде
Ғылым философиясы
1.1 Ғылым шындықты танудың ерекше нысаны ретінде
Ғылым қоғамдық сана нысандарының бірі ретінде философия, дін және т.б. қатар объективті шындық туралы білімді алуға және жүйелендіруге бағыттал-ған, өзіне жаңа білімді өңдеу бойынша және анықталған нәтижелерді алудың іс-әрекетін енгізеді. Ғылым табиғат пен адам және оның тіршілік ететін әлеуметтік мәдени ортасының зерттелетін объектілерінің қасиеттері мен қарым-қатынастары туралы білімді тарихи жағынан дамытатын жүйесі болып табылады.
Ғылым - мәдениеттің анықтаушы қосалқы жүйелерінің бірі. XXI ғасыр басында оның 800-ден астам анықтамасы болды, сондықтан "ғылым" ұғымын қайта тұжырымдау процесінде туындаған қиыншылықтар заңды, немесе әрбір ғалым ғылым феноменінің меншікті түсіндіруін береді. Альберт Эйнштейн, ғылым - бұл сезімтал әлемнің "ретсіздік көп түрлілігін" ойлаудың бірыңғай жүйесіне сәйкестендіруге ұмтылыс, - деп бейнелеп суреттеген.
Жалпы оның анықтамасы шеңберінде ғылым - бұл рухани және материалдық шындық туралы объективті, жүйелі және дәлелденген білімдерді қалыптасты-румен байланысты теориялық та және практикалық та саладағы іс-әрекеттің ерекше нысаны. Егер неғұрлым дәлірек айтқанда, бұл анықтаманы нақтылайтын ғылыми қызметтің бірнеше бағыттарын атау керек:
- шындықтың сыртқы емес, мағыналық сипаттамаларын анықтау;
- әлемнің объективті бейнесі туралы білімнің логикалық тұрғыдан қарам-қайшылықты жүйесін қалыптастыру;
- анықталған табиғи және әлеуметтік заңдар негізінде нақты объектілер және процестер жағдайын жобалау;
- танымдық әрекеттің арнайы құралдарын жасау және әзірлеу, мысалы, математикалық әдістер, зерттеу жабдықтары және т.б.;
- еңбекті қоғамдық бөлу саласында кәсіби қызметтің ерекше түрлерін тарату (ғалымдар, инженерлер және т.б.);
- кітапханалардан, ақпараттық орталықтардан және т.б. алынған білімді алу, сақтау, тарату және енгізумен айналысатын ұйымдар және мекемелердің арнайы жүйесінің қызмет етуі.
- "Science" (ғылым) және "scientist" (ғалым) терминдері ХХ ғасырдың бірінші жартысында еуропалық университеттік практикада тұжырымдалды, олармен математика, физика және химия және басқа жаратылыстану ғылымдар саласындағы қызмет белгіленді. Әлеуметтік ғылымдар саласындағы қызмет үшін кейінірек "social science" термині пайдаланыла бастады.
Генезис процесінде және ғылыми білімді дамытуда оның жіктелуіне көңіл аудару күшейді.
Ғылымның бірінші жіктелуі антикалық дәуірде пайда болды. Аристотель философияны бірыңғай ғылым ретінде "теориялық философия" және "практикалық философия" мен "шығармашылық философия" деп бөлді. Бәрінен бұрын, "теориялық философияны" ол физикалық, математикалық және теологиялық философияға, поэтика мен риторикаға бөлінеді. Логика ғылымның барлық жүйесінде пропедевтика (кіріспе) ретінде баяндалады.
Ағылшын ойшылы Ф. Бэкон Жаңа уақытта ғылымды оған қазіргі замандағы материалды жіктеуді әзірледі: адам білімі үш тармаққа немесе салаға бөлінді, атап айтқанда тарих (жады), поэзия (қиял) және философия (пайым), бұл ретте, білімнің белгіленген салалары олардың соңғы жан-жақты нақтылануына ұшырады.
Француздық Ағарту ісінің өкілдері Дидро және басқалар "Ғылым, өнер жә-не қолөнер энциклопедиясы немесе Түсіндірме сөздігі" шеңберінде механика-ны, физиканы, химияны, физиологияны және басқа ғылымдарды атап көрсетті.
Сен-Симон қоғамның таптық құрылымының ұқсастығы бойынша ғылымды жіктеуді, яғни теология - құл иеленушілік және феодалдық қоғам, ал капитализм - позитивизм және т.б. ұсынды.
Позитивизм өкілі О. Конт, ғылымды дамытудың үш сатысы доктрина-сын, атап айтқанда теологиялық, метафизикалық және позитивті доктринасын ұсынды, бұл ретте оның пікірі бойынша белгілі ғылымдардың әрқайсысы белгіленген сатылармен біртіндеп өтеді. Сәйкес сатылардан тек қана жаратылыстану ғылымдары, астрономия, физика, биология және т.б. ғана емес, сонымен бірге гуманитарлық ғылым - социология да өтеді.
Гегель ғылымды (философияны) терең жіктеуді ұсынды. "Нақты философия" оларды "табиғат философиясы" және "рух философиясына" бөледі. "Табиғат философиясына" механика, физика, органикалық физика енгізіледі. "Рух философиясы" "субъективті рух" - антропология, феноменология, психо-логия; "объективті рух" - құқық, мораль, адамгершілік және "абсолюттік рух" - өнер, дін, философия деп бөлінеді.
Ф. Энгельс ғылыми білімді жіктеуге маңызды көңіл аударған, ол салыстырмалы жай механикалық нысандардан неғұрлым күрделі әлеуметтік нысандарға айналатын материя қозғалысының нысандарының ұғымын басшылыққа алған. Ф. Энгельс бойынша ғылыми білім құрылымы мынадай түрде болады: механика, физика, химия, биология; еңбек теориясы арқылы (антропогенез) әлеуметтік ғылымдарға және ойлау туралы ғылымдарға өту байқалды. Олар әзірлеген жіктеуде техникалық ғылымдарға да орын табылды.
Кеңестік философ Б.М. Кедров ғылымды қазіргі замандағы жіктеуді әзірледі, ол материя қозғалысының нысандары туралы ұғымдарға сүйене отырып, ғылыми білімнің үш шамалы объективті жүйесін ұсынды, атап айтқанда органикалық және органикалық емес табиғат туралы ғылымдар, сондай-ақ адам туралы ғылымды ұсынды. Техникалық ғылымдар ғылыми жаратылыстану сипатты пәндермен тығыз байланысты болды. Ғылыми білімнің барлық жүйесі философиялық ғылымдармен - диалектика және логикамен, сонымен қатар математикалық пәндермен де ұштастыра қарайды.
Сондықтан, ХХ жүзжылдық кезеңі басында төмендегі ғылымның анықталған жүйесі түзілді:
- жаратылыстану ғылымдары - табиғат туралы ғылыми білім жүйесі;
- техникалық ғылымдар - ғылыми жаратылыстану білімді іске асыруға бағытталған ғылымдардың техникалық жүйесі туралы ғылыми білім жүйесі;
- әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар - адам және қоғам, оның әлеуметтік мәдени ортасы мен тіршілік ету ортасы туралы ғылыми білім жүйесі.
Бұдан басқа, ғылым феноменін өлшеудің аспектілері шеңберінде іргелі және қолданбалы ғылымдар ерекше атап көрсетіледі.
Іргелі ғылымдар - негізінен, практикалық бағыты болмайтын әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырумен байланысты объективті шындықтың барынша терең қасиеттері туралы білім жүйесі. Қолданбалы ғылымдар, керісінше, заттық-практикалық бағдарды білдіретін білім жүйесі ретінде қарастырылады.
Іргелі ғылымдар табиғат дамуының негізгі заңдылықтары және принциптерінің пайда болуымен тығыз байланысты болады. Бұл деңгейдің дәстүрлі зерттеулері сыртқы әлеуметтік қажеттіліктер күшінде ғана емес, ал ішкі иманентті ынталар ретінде де жүргізіледі. Сондықтан іргелі ғылымдар өзінің негізінде жауапты түрде белгіленген практикалық бағыты болмайды, бұл мағынада олармен аксиологиялық (құндылықты) бейтараптылық байланысады (ойға байланыстыру). Сонымен қатар, іргелі ғылымдардағы жаңалықтар әлемнің ғылыми жаратылыстану бейнесін қалыптастыруға, парадигмалар өзгерісіне принципті әсерлерін тигізеді, яғни ғылыми ойлаудың негізгі сипаттамалары, соның ішінде іргелі ғылымдарда танымның базалық модельдері өңделеді, қолданбалы ғылымның негізін құрайтын ұғымдар, принциптер және заңдар пайда болады.
Қолданбалы ғылымдар іргелі зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып, әлеумет мүддесімен байланысты нақты техника-технологиялық проблемаларды шешуге ерекше назар аударады. Бұл деңгейдегі ғылымдар амбивалентті, яғни қосымша саласына байланысты адам игілігі ретінде пайдалануы мүмкін, оған және оның тіршілік ету ортасына келеңсіз әсерлерін тигізуі мүмкін. Басқаша айтқанда, қолданбалы ғылымдарға құнды мазмұны да енгізілген.
Алайда, іргелі және қолданбалы ғылымдар арасындағы дихотомияның (қарама-қайшылық) тарихи сипаты болады. Сірә, іргелі зерттеулер жүргізу процесінде қолданбалы міндеттерді қою және шешу мүмкін, сонымен қатар қолданбалы зерттеулер жиі және маңызды сипаттаманы әзірлеуді талап етті.
Мысалы, электр магниттік өрістің классикалық теориясын әзірлеу радиофизика, радиотехника, электроника және т.б. сияқты ғылыми-техникалық білімдердің циклдері үшін негіз болып табылды.
Кванттық механиканың дамуы қолданбалы зерттеулердің перспективалық бағыттарының мысалы, физикада жартылай өткізігіштердің және т.б. мақсатты қатарларының пайда болуы үшін мүмкіндіктер ашты. Атомдық ядроның іргелі зерттеулері және тізбекті реакцияның ашылуы ядролық энергетиканың дамуын қамтамасыз ететін қолданбалы ғылымдарды қалыптастыру үшін бастапқы пункт болды. Демек, ядролық энергетикада қолданбалы зерттеулерді жүргізу ғылымның салалары: физика және биологиядан бастап әлеуметтік мәдени зерттеулерге дейін қозғайтын іргелі әзірлемелердің кең спектрінің қажеттілігіне бұрды.
Сондықтан, бір жағынан, қолданбалы зерттеулер саласына іргелі ғылымдар саласынан келіп түсетін идеялар, теориялар және тұжырымдамалар спектрі қолданбалы типті ғылымдардың қайта түрленуіне әкеледі. Екінші жағынан, қолданбалы ғылымдар іргелі типті ғылымдарға олардың практикалық мәнінің дәрежесін арттыра отырып, әсер етеді.
Біріншіден, табиғатты аспаптық танудың құралдары және әдістерді жетілдіреді; екіншіден, көбінесе қолданбалы міндеттерді әзірлеу кезінде жаңа идеялар және әдістер туындайды.
Элементар бөлшектерді жеделдету техникасын дамыту микроәлемнің іргелі заңдылықтары туралы теориялық білімдерінің көріністерін дәлелдеуге және тексеруге мүмкіндік берді. Бәрінен бұрын, тиісті зерттеулер жаңа элементар бөлшектердің ашылуына, олардың пайда болу заңдылығын анықтауға әкелді және ол Әлемнің эволюциясын анықтайтын микроәлемнің терең процестерін түсінуге жетеледі.
Ғылымның қарастырылған "құрылымдығы" жеткілікті шартты сипатта болады. Шындығында, бір жағынан, табиғи, техникалық және әлеуметтік ғылымдар, сонымен қатар іргелі және қолданбалы ғылымдар да белгілі бір өзгешелікте болады. Жаратылыстану, техникалық ғылымдар және адам туралы ғылымдарды қолдану саласы - бұл олар үшін әдістерді пайдалану тән болып табылатын объективті шындықтың салалары. Іргелі және қолданбалы ғылымдар болмыстың деңгейін зерттеуге бағытталады.
Басқаша айтқанда, ғылым табиғи заңдылықтарды анықтай және зерттей отырып, объективті бірыңғай шындықпен ісі болады және танымның жалпы ғылыми әдістерін пайдаланады. Бәрінен бұрын, ғылыми жаратылыстану және техникалық пен технологиялық пәндер барлық үлкен шамада әлеуметтік мәдени білім жүйесімен өзара байланысты анықтайды. Іргелі және қолданбалы ғылымдар арасындағы өзара байланыстылық бір-бірінің қолдану саласын толықтыра отырып анық көрінеді.
Ғылымды дамыту ішкі және имманентті жағдайларға бағдарлау тән болып табылатын объективті процесс болып табылады (латын тілінен immanentis - тән, тиесілі). Ғылыми білім жүйесін қалыптастыру барлық ең үлкен дәрежеде сыртқы әлеуметтік, мәдени, экономикалық, мәдени және басқа жағдайлардан болатын өзінің тарихи тәуелділігін анықтайды.
Басқаша айтқанда, ғылымның өзара байланысы және өзара әрекет процесі күшейеді. ғылыми пәндер арасындағы өзара байланыс және өзара әрекеттің бірнеше нысандары тарихи жағынан атап көрсетіледі:
- ғылыми пәндердің өзара байланысы, физикалық химия, биофизика, экономикалық математика және т.б. арасында генетикалық және тарихи жағынан өзара әрекет жасайды;
- бір цикл ретінде ғылыми пәндердің өзара байланысындай, мысалы, (ғылыми жаратылыстану), өзара байланысқандар, мысалы, бионика тек биология және физикаға ғана емес, сондай-ақ техникалық ғылымдарға да негізделеді;
- циклді және бейінді ғылыми пәндердің өзара әрекеті тиісті белгілі бір ғылымға мақсатты орындауды іске асыру үшін жүзеге асырылады, мысалы, кибернетика тек математика және биологияны ғана емес, алайда жүйе теориясын, басқару әдістемесін, әлеуметтану және т.б. да біріктіреді;
- ғылыми білімнің бағыттарының өзара байланысы нақты проблеманы шешу процесі жүреді, интеграция дәрежесі оның жергіліктіден ғаламдыққа дейінгі деңгейінің функциясы болып табылады, мысалы, ғаламдық экологиялық проблеманы шешу жаратылыстану, техникалық білімдер және адам туралы ғылымдардың барлық салаларына өзара әрекетті талап етеді.
Б.Г. Ананьев, Ж. Пиаж, И.Т. Фролов және басқа ғалымдардың ХХ ғасырдың аяғынан бастап қазіргі замандағы көзқарасы қалыптасты, ал оның ерекшелігі - ғылымның проблемалық шоғырлануы жақын арадағы перспективада неғұрлым адам феноменімен анық байланыстырады.
Олардың пікірінше адамды зерттеу жаратылыстану ғылымдарының - физика, химия, биология, техникалық білім - эргономика, техникалық кибернетика және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесі - философия, психология, социология, мәдениеттану, саясаттану және т.б., сонымен қатар медицинаны қоса отырып, арнайы пәндер қатарының өзара байланысын және өзара әрекетін ұсынады.
Ғылымдағы бұл үрдістер оның функцияларымен байланысады, ғылымның мынадай бірнеше функциялары байқалады: зерттеу, оқыту, коммуникативтік, әлеуметтік мәдени және дүние танымды.
Зерттеу функциясы. Ғылым нақты шынайылықты зерттей отырып, оның жаңа жақтары мен сапасын ашады, танымның неғұрлым тиімді әдістерін және т.б. анықтайды. Ғылыми зерттеудің мақсаты объективті шындық заңдылық-тарын талдау болып табылады.
Оқыту функциясы. Оның шеңберінде ғылыми білімді ұдайы өндіру, бір зерттеу жүйесінен басқасына ғылыми көріністерді беру жүзеге асады. Мұның барлығы өз кезегінде ғылым дамуының артықшылығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ жаңа ғылыми дәстүрлерді қалыптастыратын білім жүйесі, ғылыми мектептер арқылы ғылым кадрларын дайындау процесінде жүзеге асады.
Коммуникативтік функция. Ғылыми қоғамдастық мүшелерінің арасын-дағы ақпаратпен алмасу процесі өзіне, оған нәтижесінде ғылыми қоғамдас-тықтың өзара байланысы нығаятын және ғылыми-зерттеу қызметінің тиімділігі мен ақпараттылығын арттыратын жарияланымдар, конференциялар мен пікірталастарды және т.б. өткізу кіреді.
Әлеуметтік мәдени функция. Ғылым - өркениет негізін құрайтын мәдениеттің базалық элементтерінің бірі болып табылады, ғылымды дамыту деңгейі және сипаты тарихи процесс динамикасында әлеумет мәртебесін көрсететін, маңызды фактор болып табылады. Ғылымды дамыту - өркениеттің позитивті динамизмінің критерийі.
Дүинетанымдық функция. Ғылымның жиынтықты дамуы объективті шындыққа мақсатқа сай келуін анықтайтын принциптер, сенімдер және түсініктер жүйесі ғылыми дүниетаным негіздеулерін қалыптастырады. Ғылыми көзқарас жалпыланған түр шегінде адамның (субъектінің) табиғатқа (объектіге) деген ұтымды қатынасымен байланыстырады.
Әлеумет дамуының кезеңдерінде ғылымның сол немесе өзге функциялары басымдылық береді. Акцент антикалық кезеңде оның дүниетаным функция-ларына - дүниетанымның стихиялық диалектикалық нысандарына; орта ғасыр кезеңде оқыту функцияларына жасалды, бұл кезеңде ғылым негізінен универси-теттерде шоғырланды; Жаңа уақыт жағдайында - ғылымның зерттеушілік функциясы дамыды, қазіргі замандағы ғылыми білімнің қалыптасуы жүрді.
Ғылымның дамуы XIX ғасырға дейін нақтылықтың әлеуметтік мәдени процестеріне елеулі әсер тигізетіндей негізінен тек имманентті сипатта болды деп айтуға болады. Тек XX ғасырдың ортасына қарай ғана ғылым функциялары танымдық процесінің динамизмін қамтамасыз ететін жүйелік тұтастықты құрастыра отырып, бірлікте болады. Соған қарамастан, XXI ғасырдың басына қарай ғылымның дүниетанымдық функциясы, оның тарихи қалыптасқан функционалдық ерекшеліктерімен біріге отырып, қазіргі замандағы өркениет-тің әлеуметтік мәдени процестерінде айқын басым орын алады.

Тақырыбы: ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
Жоспар
* Кіріспе: Философия ғылымның қайнар көзі.
* Негізгі бөлім
Ғылым философиясы
Ғылымдардың топқа жіктелу
Ғылыми таным өзгешелегі
* Қортынды Ғылыми таным логикасы
Біздің заманда физиктер философия проблемаларын бұрынғы физиктерден қарағанда аса үлкен дәрежеде қарастырады. Бұған оларды өз мамандықтарының қиындықтары мәжбүрлейді
А. Эйнштейн.
Кіріспе
Ғылым да сарқырап ағып жатқан өзен тәрізді,өзен өз сағасын кеңіне жайып, күш жинаған кезінде жақсы көрінеді, бірақ оған бірнеше кіші өзен салалары келіп құйады, және ең басты саласын бірден ажырату мүмкін емес. Біреулер ғылымның дамуын ата-бабамыздың тұрмыс- тіршілігін дамуынан пайда болды десе, келесілері сонау тас дәуіріндегі адам әлем туралы білімін жинап, таратуынан деседі. Енді біреулер бірінші орынға ежелгі Грециядағы біздің дәуірімізге дейінгі ғасардың бірінші жартысында философиядғы дәлелденген білімнің пайда болуымен ұштастырады.
Ғылым сағасының көзге көрінер анық кезін ХІХ -- ХХІ ғасырыда десек , алғашқы өзекшелерін бастауын Ежелгі Грекциядан ақ көреміз: Платонның сезімге тәуелсіз тәжірбиелік білім эпистемасы, Аристотоельдің танымдық және логикалық теориясы және т.т. жатқызамыз.Одан әрі дамыған философиядан онтологи және гнесиология ретінде қарстырылып, метофизика саласын бөліп шығарды . Метафизиканы Аристотель ең бағалы ғылым ретінде және адам жетістігінің мақсаты деп көрсетеді. Даму барысында ғылымдар әр түрлі салалаға бөлініп кетті. Біздің заманымыздағы ғылымның әр түрлі салары өз бетінше дамығанымен олар бір бірінсіз маңызы жоқ және ажырамас заңдылықтарме байланысқан. Бұл салалардың барлығы көзге көрінбегенме олар ажырамаған, олардың барлығының мақсат мүдделері бір заман ағымында, бір ізденіс бағытында даму үстінде. Ғылымдардың барлығы философиялық көзқарастың, ізденістің жемісі оның салдары. Біз оларды ажыратып қарастырсақ та оның маңыздылығы тұтастығында, яғни ғылымдар философиядан бастау алады және оны дамытады.
Негізгі бөлім
Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі болып табылады.Біз мұны мойындасақ та, теріске шығарсақ та философиялық ой-толғаулар біздің күнделікті өмірімізді толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолы ілесіп келеді. Философия б.з.д. VІ-V ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адазат әлемі туралы, ондағы өзнің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас қалыптастыра бастады. Философиялық рефлексияның пайда болуы күрделі үдеріс болыптабылды.адазат ойының дамуы архайкалық, фантастикалық, илюзиялық көзқарас қалыптастан оның рационалдық-танымдық формаларына дейін ұзақ жолдан өтті. Әлемнің рационалды түсіндірулеріне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрылымы туралы ерекше ілімдерді тудырған мысырлық, вавилондық, үнді және қытай ойшылдары болды. Мысалы, ертедегі вавилондық матеметиктер мен астрономдар әлемнің глеоцентристік картинасын қалыптастырып, алгебра, геометрияның негізін қаладығквадраттық және кубтық түбірден шығару тәсілдерін меңгерді. Ежелгі үнді астрономдары
Жердің шар тәрізді екендігін, оның өз өсінен айналу туралы ойларын айтты, матиматиктері он мәнді жүйесін, цифрларды белгілеуді ойлап тауып , тригонометрия негіздерін қалыптастырды.
Ғылым философиясы -- ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді философияның гносеологиялық және методологиялық тұрғыдан зертеудің аздаған тарихы болғанымен, Ғылым философиясы - соңғы кезде 20 ғасыр кеңінен тарй бастады. Ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылым түсінігі
Философия ұғымы, мақсаты және міндеті
Тарихи - философиялық таным табиғаты
Әлем туралы философиялық түсінік, оның негізгі түрлері мен әдістері
«Философия көзқарас ретінде»
Философияның негізгі даму кезеңдері мен бағыттары
Философия - адамзаттың рухани табысы
Философия нені зерттейді
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Философияның ерекшелігі және негізгі анықтамалары. Философия – даналық
Пәндер