Сыр өңірінің ертедегі қалаларының тарихын жазба, қазба деректері негізінде зерттеу


Аннотация.
Қазақ даласы қандай кең әрі көлемді болса, сол шетсіз де шексіз даланы көне дәуірлерден мекен тұтқан тайпалар тарихы да соншалықты ауқымды, терең, маңызды. Бүгінде өзінің жағырафиялық ерекшеліктері, этнографиялық тұрмыс-тіршілігі, тарихи және мәдени сипаты жағынан қазақ жері бірнеше аймақтарға бөлініп жүрсе, солардың бірі-Сыр өлкесі.
Ежелгі уақыттардан бері Сыр өңірі - Қазақстан жеріндегі қала мәдениеті дамыған аймақтың бірі болып келеді. Зерттеліп отырған тақырып негізіне Сыр бойының ертедегі Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда және ортағасырлық Сауран, Сығанақ, Баршынкент, Жент, Өзгент, Асанас, Жанкент, Құмқала, Аққорған қалалары алынып, зерттеу жұмысымда әрқайсына жеке тоқталмақпын.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Сыр өңірінің ертедегі қалаларының Қазақстан тарихында алатын орнын, дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін анықтап, осы қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін, қалдырған материалдық және рухани мәдениеті туралы мағлұматтарды жинақтап, бүгінгі ұрпаққа таныстыру.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, бүгінгі ұрпақ біле бермейтін Сыр өңірінің ертедегі қалалары мен ескерткіштері туралы құнды деректерді іріктеп, тарихи шындыққа лайық тәлімдік мүмкіндіктерін анықтай отырып, әдістемелік ұсыныстар жасалса, онда мектеп қабырғасында-ақ рухани құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптасады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: аннотация, кіріспе, зерттеу бөлімі, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімдерінен тұрады.
Жұмыстың орындалу әдістемесі: тарихи түпдеректермен және қазба деректерімен танысу, жинақтау, қорыту, жүйелеу және салыстырмалы талдау жасау.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі: Сыр өңірінің ежелгі табиғи, тарихи-географиялық ерекшеліктері мен археологиялық зерттеу тарихнамасы, ертедегі қалаларының мәдениеті, этникалық, демографиялық жағдайы, керуен жолдарындағы сауда қатынастары, қала шаруашылығы мен олардың аймақтағы және халықаралық жүйеде алатын орны сараланды.
Зерттеудің мәліметтері мен нәтижелерін өлкетану тарихының мәселелеріне байланысты пайдалануға, сонымен бірге, Ұлы Жібек жолы бойымен туристтік мұражай, туристтік орындар, туристтік турлар ұйымдастырылғанда қолдануға болады.
« . . . Қазақ тарихында 3 бірдей астана Сыр бойында жатыр. Оғыз дәуіріндегі Жанкент, Ақ Орда заманындағы Сығанақ, кеңестік кезеңдегі Қызылорда. Осылардың қай-қайсысы да қазақтың мемлекеттігін нығайтуда өзіндік із қалдырған»
Н. Ә. Назарбаев.
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. Біз, дүние жүзі мойындап, қадір тұтқан қос әулие Қожа Ахмет Йасауи мен Қорқыт баба, күллі қазақтардың басын, жерін қосып, Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек, ел бірлігі мен ынтымақтастығы үшін белін шешпей, ат үстінде елін қорғаған Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай батырлар, халықтың қайрат-жігерін үстеп дем берген орақ ауыз, от тілді шешендер Әйтеке, Төле, Қазыбек билер, ел мұқтажын жырлаған алдаспан ақындар Бұқар, Махамбет, Үмбетей, отаршылдыққа қарсы күрес бастаған қамал бұзар батырлар Есет, Кенесары, Жанқожа, ел тәуелсіздігі үшін күрескен алаш ардақтылары Әлихан, Ахмет, Мағжан, күллі қазақ мақтанышы, біртуар ұлы Мұстафа Шоқай сынды ата-бабаларымыздың ұрпақтары, күні кеше біреудің боданында жүріп ұлттық қадір-қасиетімізді жоғалтып, туған жеріміз бен еліміздің тарихын білмей немесе бұра тартқандарды көрмей көрсоқыр мәңгүрт болуға шақ қалыппыз. «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» деп, бізді шұқып көрсетіндей халге жетіппіз. Тіпті, сан мың жылдан астам тарихы бар халықтың және ата-бабаларымыздың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі, алатын орны туралы әңгіме қозғаудың өзі ұят нәрсе болып көрінетін. Соңғы кезге дейін қазаққа еш мәдениеті жоқ, көшіп-қонып күнелткен ел деп қарап келді . . .
Қазір еліміз тәуелсіздіктің көк туын желбіретіп, «қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы - тарихтың толқынында өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр . . . Бірақ бұл мүмкіндік қана; ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет» [1]
Ол үшін халқымыздың өткен өмір шындығы мен өзіне ғана тән болмыс - бітімін танытатын, тамыры тереңге кеткен төл мәдениетімізді өзімізге қайта келетін, ұлттық сезімімізді көтеріп дем беретін тарихымызды жаңаша өз мәнінде жазып зерделеу қажет.
Еліміздің өзіне лайық тарихы бар десек, соның кесек бір бөлігі Сыр өңірі - ежелден-ақ таңғажайып Сыр мен жырға толы өлке. Әйгілі Тұран ойпатының құйқалы топырағына нәр тасыған сұлу Сырдария - ғасырлар бойы осы жерді мекендеген халықтың қасиетті дариясы, жерінің күре тамыры болып келеді. Адамзаттың тіршілігі ең алғаш сулы, нулы, жайлы мекендерден басталуы табиғи заңдылық, тіршілік қағидасы. Сыр өңірін тас ғасырынан бастап ежелгі адамдар мекендеп, тіршілік еткенінің күәлары- Қосмола, Сексеуіл, Ақеспе тұрақтары неолит, энеолит дәуірлерінің ескерткіштері. Ал, Түгескен, Ұйғарақ ескерткіштері Сыр өңірінде қола дәуіріндегі діни құрылыстар архитектурасы мен құрылыс өнерінің барынша дамығандығын көрсетеді. Б. з. д. І мыңжылдықтың ІІ жартысында Сыр өңірін мекендеген сақ тайпаларының мәдениеті әбден кемелденіп, Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда сияқты бекіністі қалалары осы өңірде қала мәдениетінің негізі қаланғанының бұлтартпас айғағы болып саналады. Көне заманнан Шығыс пен Батысты жалғастырушы алтын көпір Сыр өңіріне сұқтарын салған Кир мен Дарий де, Ескендір Зұлқарнайын да жаужүрек ата тегіміз сақ тегеуріне шыдай алмай кері қайтқан. Бұл біздің халқымыздың жауынгерлік дәстүрі тым ертеден киелі Сыр өңірінен бастау алғанының көрінісі. Адам ақыл - ойының озық өкілі, бақсылардың қамқоршысы Қорқыт бабамыздан бастап талай талант иелерін дүниеге келтірген топырақ, сымға тартқан күмістей нұсқалы сөздің дүкені, Әйтеке би бабамыз сынды шайырлар мен шешендердің отаны, елі үшін дара туған, атағы алты алашқа жайылған Әбілқайыр хан сияқты батырлар мен баһадүрлердің елі, түбі бір туысқан барша Орта Азия халықтарының бір туар перзенті Ғани Мұратбаев сынды зерделі зиялылардың кіндік кескен жері- Сыр өңірі тарихының Қазақстан тарихынан алатын орны айрықша болмақ.
Ұлы жібек жолының сан торабы Сыр өңірінен өтіп, соның бойындағы мәдениет ошақтары болған, әртүрлі саяси, әлеуметтік, экономикалық маңыздарға ие ортағасырлық Сауран, Сығанақ, Өзгент, Баршынкент, Асанас, Жент, Жанкент, Құмқала, Аққорған қалаларын зерттеп, тарихтағы орнын анықтаудың маңыздылығы арта түсті.
Еліміздің тарихында Сыр өңірі әуел бастан тасада қалып, тарихтың ақтаңдық парағының қатарында болып отыр. Жоғарыда аталған қалалар көне тарихтың құнды кәуалары ретінде көмбеде жатыр.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты мен міндеттері:
- Сыр өңірінің ертедегі қалаларының тарихын жазба, қазба деректері негізінде зерттеу;
- Осы қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін, қалдырған материалдық және рухани мәдениеті туралы мағлұматтарды жинақтау;
- Жиналған мәліметтерді зерделей отырып, ертедегі қалалардың тарихтан алатын орнын, дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін анықтау.
І тарау. Сыр өңірінің физикалық-географиялық қысқаша тарихы.
Қазіргі кезде Қазақстан жері физикалық-географиялық ерекшеліктері, тұрмыс-тіршілігі, тарихи-мәдени сипаты жағынан бірнеше аймақтарға бөлініп, солардың бірі- Сыр өңірі болып табылады.
Әдебиеттерде Сыр бойы, Сыр өңірі, Сыр елі деп аталып жүрген бұл аймақ еліміздің оңтүстігінде, Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысы бойы, Қызылорда облысының аумағында орналасқан.
Қызылорда облысы шығысы мен оңтүстік-шығысында Шымкент, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеледі. Батысында Арал теңізі, оның солтүстік-шығыс бөлігі аралдарымен қоса 28, 5 шаршы шақырым болатын аумағы Қызылорда облысының құрамына енеді. Оңтүстігінде Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде Арал теңізінің жиегіндегі Қарақұм, Арысқұм және Орталық Қазақстанның шет аймақтарына кіретін шөлейт үстірті. Облыс Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр. Облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде Қаратау жотасының солтүстік-батыс Қаратау бөлігі еніп жатыр. [2]
Климаты континенттік, жазы өте қуаң, ыстық және ұзақ, қысы біршама жылы, қар жамылғысы жұқа келеді. Шілденің орташа температурасы солтүстік-батысы 25, 9 , оңтүстік-шығысы 28, 2 , қаңтардың орташа температурасы солтүстік-батысы 3, 5 , оңтүстік-шығысы 19 болады.
Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстік-батыстағы Арал теңізінің жағалауында-100 мм, оңтүстік-шығыстағы Қаратау жотасының етегінде 175 мм-ге дейін жетеді. Өсімдіктердің өсіп-өну мерзімі солтүстік-батысында- 168, оңтүстік-шығысында-198 күн. Облыс жерін оңтүстік-шығысынан солтүстік-батысқа қарай Сырдария өзені басып өтеді. [3]
Өлке тарихынан Сырдария өзені ерекше орын алады. Сыр өзені екі Нарын мен Гүлишан өзендерінен құралады. Қытайлардың Нарын-гол деген атаумен басты өзен санайтын Нарын Қырғыз Алатауы оңтүстік баурайынан екі Баянауыл және Көкен тармағымен басталып Гүлишанмен қосылған жерге дейін таулы жермен ағып өзіне көптеген тау бұлақтарын қосып алады. Гүлишан мен Нарын қосылғаннан кейін өзен Сырдария деп аталады. [4]
Ежелгі дәуірден бері Сырдария өзенінің атауы сан рет өзгерген. Жазба деректер бойынша, біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда ол скиф тілінде «Силис», А. Македонскийдің жауынгерлері «Танаид» деп те атаған. Бұл атау скифтердің «дон-өзен» деген сөзінің сөзбе-сөз атауы еді. [5] «Силис» атауы туралы С. Т. Кляшторный мынадай пікір айтады. «Плиний мен Солон деректеріне қарағанда ортаңғы ағысын мекендеген тайпалар «Яксарт» деп атады, ал оның төменгі ағысы мен Арал аймағындағы даланы жайлаған көшпелі скифтер «Силис» деп атайды». [6] Зерттеуші И. Маллицский болса, бұл атауды суы көп, молшылық деген ұғым беретіндігін айтқан. [7]
Б. д. VI-VIII ғасырларда Сырдария грекше Яксарт деп аталған. Бұл сөздің этимологиясын сөз еткен И. Маркварт оның VIII ғасырдағы көне түркі жазбаларында «Інжу өзен(Иенчу угуз) », қытай деректерінде «нағыз інжу өзені(Чжень-чжу-хэ) » деп аталғанын анықталған. Сол негізде «Яксарт- көне иран тіліндегі “нағыз інжу” » деген атаудан тұрған дейтін пікірін ұсынған. Бұл пікірмен Ә. Қоңыратбаев, С. Т. Кляшторный, т. б. ғалымдар келісе бермейді. С. Т. Кляшторный өзінің «Яксарт-Сырдария» деген мақаласында бұл атаумен Сырдың бір бөлігі аталған болуы тиіс. Себебі антикалық дәуірден жеткен бірқатар тарихи деректерге назар аударар болсақ, «Яксарт» атауының Ескендір жорығымен байланысты көреміз. Олай болса, Сырдария өзенінің Яксарт аталуы кейінгі әдеби дәстүр деген пікір ұсынады. [8] Дұрысы да осы болса керек.
И. Маркварт ұсынған Йахшарт пехлевий формасына қарсы пікір көптеген құрама аттар мен жағырафиялық атауларда «арта» сын есімі сөз басында тұру фактісі бола алады. Ал, түркі жылнамаларындағы «Інжу өзені» деген атауды Сырдарияның Ферғана мен Ташкент аралығындағы бөлігіне қатысты дейді. Өзеннің көне түркі атауын да осы аймақпен байланыстырады. [9]
Сырдария туралы мәліметтер әл-Масуди(ХІ ғ. ), әл-Бируни(ХІ ғ. ) жазбаларында да кездесіп отырады. Масуди оны Якшарт десе, Бируни Хашарт деп атаған. [10]
Сырдария туралы XV-XVI ғасырларда белгілі тарихшы Рузбиханның еңбегінде Ходжент атауымен аталып, баға берілген. Ол ешбір елде Сырдария сияқты көп пайдалы өзен жоқ екенін жазады. Оның жағалауында өскен қалың шөптің, жабайы құстардың көптігіне тең келері жоқ және ол әртүрлі жануар-аңдар үшін өте қолайлы. Тарихшының жазуы бойынша, Сырдарияның үлкен де бай қалалары дәл осы жолдың үстінде жатқан: «Ходжент өзені Түркістан бекіністері арасын қақ жарып ағады. Аса зәулім қамалдарға ұқсас биік бекіністердің қорғандары дариядан тармақталған арналардың жағаларында асқақ өрлеп тұратыны соншалықты, дәл бір осы өзендер аралай ағып жатқан жұмақ өмір рахатын паш етіп тұрғандай». [11]
Фирдоусидің «Шахнамесінде» Сиявуш туралы әңгімеде Сырдарияның ертедегі атының бірі Гүл зариюун деп аталса, ХІІІ ғасырдағы араб географы Якуттың географиялық сөздігінде «Сейхун» деп аталды. [12] Н. Я. Бичурин Сырдарияның ертедегі қытайша «Уху» деп жазса[13], келесі бір мәліметтерде Сырдария қытайша Е иероглифімен белгіленген. [14]
Сырдария атауы ХІІІ ғасыр басынан бастап аталады. Оның шығу тарихы туралы түрлі пайымдаулар бары белгілі. Алғаш рет пікір айтқан А. Левшин былай деп жазды: «Дария татар тілінде, барлық өзендердің атауы. Сыр - сары деген мағына береді, яғни «Сары өзен» деген атауға ие болып отыр»[15]
А. Әбдірахманов : «Бұл гидронимнің көне түрі Сил(Силис), жаңа түрі сыр- ескі иран тілінен аударылған «інжу» деген сөз». Қорыта келгенде, «көне Иран тіліндегі Яксарт, түркі тіліндегі Яксарт, түркі тіліндегі “jaxsarta” - сөзінен алынған» деп пайымдайды. [16] Осы жөніндегі Е. Қойшыбаевтың пікірі: «Сырдария атауын «Ұйытқыған дария» мәніндегі түрік, иран симбиозы деп те жорамалдауға да болады», дегенге саяды. [17]
С. Г. Кляшторный пікірінше, Сырдария атауы шамамен XV-XVI ғасырда қалыптасқан дейді. Ә. Қоңыратбаев та осы пікірді қолдайды. [8]
Арал теңізі тарихта өте ерте кезден белгілі болған. Әбілғазының жазбасында(1620 ж) Арал теңізі деп аталуы Әмударияның құйылысын мекендеген Арал еліне байланысты деген дерек бар. Ал, араб зерттеушілерінің «Үлкен сызба» кітабында «Ховарезм»(Хиуа), болмаса Сырдарияның құйылысындағы Жент қаласының атауымен Жент деп аталған. Бір кездерде ол Көк теңіз, Сақтар теңізі, оның жағасын мекендеген тайпаның атымен Күрдер теңізі деген атауға ие болған. Арал теңізі деп алғаш рет араб жазушысы Ибн-Рушд атайды.
Арал теңізі жайлы деректі мәліметтердің жиналуы орыс ғылымының тарихымен тығыз байланысты. [14]
Сыр өңірін ежелгі тас дәуірінен бері адамдар мекен еткен. Қазақстан территориясында нағыз адамдық өмірге көшумен сипатталатын жаңа тас ғасыры дәуірінің ескерткіштері көптеп табылған. Соның ішінде Сыр өңірінің жаңа тас ғасыры туралы мәліметтерді Сексеуіл станциясы маңынан табылған қоныс орындары береді. Жаңа тас ғасыры б. з. д. V ғасырдан басталады. Осы кезеңнің ескерткіштері Сырдария өзенінің ескі арналарында көптеп кездеседі. Сондай-ақ Қосмола ескерткіші б. з. д. ІІІ м. ж. -І ғасырдың ортасына мерзімделіп, олар Сыр өзенініңежелгі алқабындағы қазіргі кезде белгілі болған ескерткіштердің ішіндегі ең көнесі болып табылады. Археологтар Арал төңірегінен табылған тас дәуірінің ескерткіштері ескі замандық уақытқа - неолит пен энеолитке жатады деп тұжырым айтады. Осы өңірлерде б. з. д. ІІ м. ж. малшылық - егіншілік шаруашылығы мен едәуір дамыған металлургия қалыптасты. Қола дәуірінің ескерткіштері қатарына Сырдарияның ескі арнасы - Інкардарияда, Ұйғарақ адыры маңындағы Егіскөк және Көксеңгір атырабындағы Ұйғарақ тұрағы және Түгіскен адырына орналасқан Солтүстік Түгіскен мазары жатады. Осы ескерткіштердің материалын Сырдың төменгі бойында кейінгі қола дәуірінің шаруашылығы - кешенді жартылай отырықшы мал шаруашылығы мен егіншілік болды деген қорытындыға келтіреді. Ал, темір дәуіріне сақтардың обалы қорымы бар Оңтүстік Түгіскен жатады. Ондағы барлық сақ обалары б. з. д. VIII-V ғасырда тұрғызылған. Археологиялық зерттеулерден табылған олжалар Сыр өңірінің көне тарихының көзі болып табылады.
Сан ғасырлар бойы сақ, скиф, массагет, ғұн, оғыз, қыпшақ, т. б. көптеген көшпелі тайпалар мекендеген Сыр өлкесінің өзіндік тарихы мен мәдениеті болғаны сөзсіз. Оны біз бүкіл қазақ мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде қарастырамыз. Солай бола тұрса да Сыр бойының өзіне ғана тән, өзге аймақтардан оқшауланып тұратын бірқатар ерекшеліктері де жоқ емес. [8] Сыр өңірі ерте заманнан адамзат баласының тіршілік етуіне қолайлы өлке болып, тас дәуірі, орта ғасырлардан қазіргі кезеңге дейін өз маңызын жоймаған аймақ.
Өткеннің шындық бейнесін қалпына келтіруде тарих ғылымдарының бір саласы археологияның рөлі ерекше. Сыр өңірі- ежелден өлкемізде өмір сүрген халықтардың шежіресінің алтын көмбесі. Мұнда тас дәуірінен қазақ болғанға дейінгі тарихи кезеңдердің тиісті бағасын ала алмай келе жатқан мұралары көптеп кездеседі. Соның ішінде Сыр өңірінің ертедегі қалаларының еш біреуіне нақты археологиялық тыңғылықты қазба жұмыстары жүргізілген емес.
Сонымен, сыр өңірі ертедегі қалаларының мәдениетін зерттеу тарихнамасында үш кезеңге ерекшеленеді:
- 1867 жылы П. Лерхтің Жанкент қазбаларынан басталып, К. А. Каллаур, В. В. Бартольдтық кезең зерттеушілері 1917 жылға дейін Сыр өңірі қалаларының орнын, атын ғылыми тарихи деректермен баламалар нақтылады. Бірақ оларды мерзімдеу, топографиялық және типологиялық талдау мәселесі көтерілмеді.
- 1927 жылы А. Ю. Якубовский Сығанақ ескерткішінің маңызын ашқанымен, ғылыми зерттеу жасалмады. 1946-50 жылдары С. П. Толстов Шірік-Рабад, Бәбіш-Молда қалаларына қазба жұмыстарын жүргізді. 1946-68 жылдардағы Х ғасырдың зерттеулері С. П. Толстов, Н. Н. Вактурская т. б. еңбектерінен үстірт қаралған. Бұл қалалар қосымша дерек ретінде барлау жасалғанымен, келешекте Сыр өңірі қалалар мәдениеті мәселесін шешу зерттеулеріне көңіл бөлінеді.
- 1970 жылдардағы С. Жолдасбаев Орта Азия 30 жылдай уақыт бойы жүргізілген жұмыстарының нәтижесінде Қазақстанның ертедегі қалалары мәдениетін зерттеу әдістемесі ғылыми түрде орнықты. Дегенмен, Сыр өңірінің Сығанақ, Сауран сияқты ортағасырлық қалаларының тарихта даңқы жер жарғанмен, материалдық мәдениетін ашып көрсететін толыққанды археологиялық жұмыс атқарылмады.
Сол себепті келешектегі ұрпақтың міндеті жиналған материал деректерді тарихи тұжырымдап, осы өңірдің материалдық мәдениетін ашып көрсетіп, олардың тарихтағы орнын анықтау мақсатындағы зерттеу болмақ.
ІІ тарау. Сыр өңірінің ертедегі қалалары.
Ежелгі уақыттардан бері Сыр өңірі - Қазақстан жеріндегі қала мәдениеті дамыған аймақтың бірі болып келеді.
Сырдария - ықылым замандардан бері Тұран ойпатындағы бірден-бір цивилизация бесігі болып табылады. Мұнда ғұмыр кешіп, дүниеден көшкен талай-талай қауымдар мен ұлыстардың кіндігін Сыр-ана кескен. Түркі халықтарының ел болып отау көтерген, өзге де ел-жұртпен сабақтастықта ғұмыр кешуіне шапағатын тигізген - осы Сыр-ана. Ежелгі дәуір авторларының көрсетуінше, Сырдария бойында б. з. д. IV-III ғасырларда-ақ кент-қалашықтар бой көтере бастайды. [18]
Зерттеліп отырған тақырып негізіне Сыр бойының ертедегі Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда және ортағасырлық Сауран, Сығанақ, Баршынкент, Жент, Өзгент, Асанас, Жанкент, Құмқала, Аққорған қалалары алынып, осы тарауда әрқайсына жеке тоқталмақпын.
Бұл қалалардың өзіндік тарихы, аңыз әңгімелері өз дәуірінде әлеуметтік, саяси, мәдени маңызы, орны бар. Осыларды жазба және қазба деректер негізінде саралап, қазақ мәдениетіне қосқан үлесі мен тарихтан алатын орнын анықтау-зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты болып табылады. Сыр бойы ертедегі қалаларының зерттелу тарихында Түркістан археология әуесқойлар үйірмесі мен Орынбор ғылыми-археологиялық комиссиясының сіңірген еңбегі зор. Осы аталған екі ұжым мүшелері көне қалаларға зерттеу, барлау жасаған.
Сонымен қатар, қазақ ғалымдары Қ. М. Байпақов, Қ. Ақышев, Т. Мәмиев, Ә. Әбіласанов, т. б. еңбектерінде Сыр өңірінің ертедегі қалаларының тарихы, маңызы, әлеуметтік, мәдени өміріне талдау жасалып тұжырымдалған.
Шірік-Рабат қаласы.
Шірік-Рабат - Қазақстандағы ертедегі көне қала орны, археологиялық ескерткіш. Қызылорданың оңтүстік-батысында 200 км жердегі Жаңадарияның өзенінің ескі арнасы бойында орналасқан. 1946-49 жылдары Хорезм археолого-этнографиялық экспедиция зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қаланың ұзындығы 850 метр, ені 60 метр.
Шірік-Рабат ХІІІ ғасырда салынған. Беляевтің жазбасында: «биік қабырғалармен қоршалған қамал тұрған. Қамалдың жер астынан жасалған төрт жолы болған. Шірік-Рабат мұнаралары 1960 жылдарға дейін сақталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz