Функционалды грамматикадағы шақ көрсеткіштерінің семантикалық ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Функционалды грамматикадағы шақ көрсеткіштерінің семантикалық ерекшеліктері

Абдуова Б. С., ф. ғ. к., доцент

Астана. Қазақстан.

Функционалды-семантикалық өріс тіл білімінде функционалды лингвистиканың бір бағытын құрайтын функционалды грамматиканың негізгі нысаны болып табылады. Функционалды-семантикалық өріс дегеніміз «белгілі бір семантикалық категорияға негізделіп, семантикалық қызметінің ортақтығына қарай өзара әрекеттес келетін грамматикалық және лексика-грамматикалық, сондай-ақ әр түрлі аралас (лексика-синтаксистік т. б) тілдік құралдар тобы» [1, 11] . Құрылымдық грамматикада тіл статикалық қалыпта, ортамен байланыссыз қарастырылады. Мұндағы орта деп отырғанымыз тілден тыс, сөйлеу ортасы. Ф. Де Соссюрдің сөзімен айтқанда «тіл өз ішінде өзі үшін зерттеледі» [2] . Грамматикалық мағынаға жасалған сипаттама парадигмалық (тілдік) ортамен байланысты түсіндіріледі. Мысалы, етістіктің шақ категориясы іс-әрекеттің сөйлеу сәтімен байланысты өту мерзімін білдірсе, өткен шақтың грамматикалық мағынасы (көрсеткіші -ды/-ді, -ты/-ті ) шақтық мәнді білдіретін парадигмалық ортада (осы шақ, келер шақ) алып қарастырылғанда айқындалады. Сондай-ақ, сөйлеу сәтіне дейін болып өткен мағынаны беретін -ды/-ді формасын осы мәндес басқа өткен шақ (- ған/-ген, -атын/-етін ) формаларымен бір парадигмалық ортада алып, өзіндік ерекшеліктерін анықтауға болады.

Ал функционалды грамматикада тіл сөйлеу деңгейінде (речь), динамикалық тұрғыда қарастырылады. Мұнда тілдік бірліктер мен тіл жүйесінің сөйлеудегі қызметі, жұмсалымы сөйлеу жағдаятымен, контекспен бірлікте алып зерттеледі. Сөйлеу жағдаяты тілден тыс, ал контекстік немесе сөйленімдік орта тілдік болып табылады. Функционалды грамматика мен құрылымдық грамматиканың өзіндік ерекшеліктерімен қабат, ұқсас жақтары да көп. Тілдік функционалды қырын зерттеу барысында бір еңбектерде оның таза функционалдық жағы басым сипатта болса, екінші бір еңбектерде құрылымдық сипаты басымдыққа ие болып жатады.

Функционалды грамматикада тіл деңгейі бірліктеріне талдау кешенді түрде жүргізіледі. Мұнда тіл деңгейлері арасындағы байланыс ортақ семантика арқылы жүзеге асады. Мазмұнды беруге қатысатын әр деңгей элементтері жеке дара емес, мағыналық тұтастықта алып талданатындықтан, бұл функционалды грамматиканың, бір жағынан, деңгейлі (дәстүрлі) грамматикадан ерекшелігін көрсетсе, екінші жағынан, құрылымдық сипаты бойынша түрлі деңгейлі, басым сипатына қарай жүйелі-үйлестіруші грамматика деп аталуына негіз болады. Дәстүрлі грамматикада әр тіл деңгейі - фонетика, лексикология, морфология, сөзжасам, синтаксис жеке-жеке алынып, ондағы тілдік бірліктердің өзіндік ерекшеліктері жете ашып көрсетілетіндіктен тілде ол жүйелі-саралаушы сипатқа ие болып келеді.

Ф ункционалды грамматика тілдік жүйе мен оның элементтерінің қалай, не үшін қызмет ететіндігін айқындауды мақсат етеді; тілдік бірліктердің сөйлеудегі жұмсалым потенциалын оны жүзеге асыратын ортамен байланыста қарастырады; әр түрлі тіл деңгейі бірліктерінің қызметі жағынан өзара байланысы мен өзара әрекеттестігі сияқты т. б. мәселелерді зерттейді. Ал дәстүрлі грамматикада грамматикалық категориялар қарастырылып, грамматикалық мағына беретін грамматикалық формалар жеке дара, ал “мазмұннан → формаға қарайғы” бағытта мазмұнды беруге қатысатын тілдік бірліктердің жұмсалымы кешенді түрде талдауға түседі. Мазмұнды жеткізу үшін тілдік жүйеден алынған бірліктер өріс түзеді. Тілдік бірліктер өріске семантикалық функциясының ортақтығы негізінде бірігеді. Функционалды грамматика аясына енетін семантикалық функция тілден тыс объективті шындықпен сәйкестеніп, өз бойына “мағыналық мазмұн” (смысловое содержание) элементтерін жинақтайды. Яғни әр түрлі деңгейге жататын тілдік құралдар белгілі бір мағынаны, ойды жеткізу үшін бірлесе қызмет етеді. “Тілдік бірліктердің жұмсалымы” дегеніміз, біріншіден, сөйленім мағынасын беру үшін сөйлеушінің айтар ойын жеткізуге қажетті тілдік құралдарды таңдауы; екіншіден, тіл жүйесінің әр түрлі деңгейіне жататын бірліктер қызметінің өзара әрекеттес келуі; үшіншіден, потенциалды функцияның нәтижелі функцияға айналуы.

Өзара әрекеттестікке негіз болатын және ортаның лексика-грамматикалық, лексикалық элементтерін біріктіретін грамматикалық жүйе (бір немесе бірнеше) сол ортамен функционалды-семантикалық өріс (ФСӨ) деп аталатын бірлік түзеді. Әр түрлі тілде бір семантикалық категорияға негізделетін өріс құрылымы жағынан түрліше болып келеді. Бұл әр тілдің ішкі ерекшеліктеріне байланысты. Жүйе ретінде ФСӨ белгілі бір мағынаны жеткізуге қызмет ететін түрлі деңгейдегі тілдік құралдарды біріктіреді. Кез келген жүйеге тұтастық, бірыңғайлық тән. ФСӨ-ге тән мұндай сипат белгілі бір семантикалық категорияға негізделетін өріс мазмұнынан көрінеді. Әдетте, өріс негіз (ядро) бен перифериядан тұрады. Өріс құрылымына енген қандай да бір мазмұнды жеткізу үшін ұйымдасқан тілдік құралдар семантикалық жүкті бөліп арқалайды. Тілде белгілі бір мағынаны беруге бейімделген тұрақты тілдік тұлғалармен бірге, басқа да сол мағынаны жеткізуге қабілетті тілдік құралдар болады. Олар осы сипатына қарай өрісте өзіндік орын иеленеді.

ФСӨ-лердің құрылымына қарай бірнегізді және көпнегізді болып бөлінетіндігі өрістің өзегін құрайтын негізгі тілдік құралға байланысты. Бірнегізді ФСӨ-лер грамматикалық категория, дәлірек айтқанда, морфологиялық категорияларға негізделеді. Ол өрістің ядросы болып табылады. Мысалы, етістіктің грамматикалық шақ категориясын тірек ететін темпоралдылық - бірнегізді ФСӨ болып табылады.

Шақ көрсеткіштері қазақ тілінде сөйлеу сәтіне қарай үшке бөлінеді және олар өз ішінде семантикалық ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа ажыратылады. Белгілі ғалымдар Қ. Жұбанов, Ы. Маманов, Т. Қордабаев, А. Ысқақов, С. Исаев, И. Ұйықбаев, З. Ахметжанова, Н. Оралбай, т. б. өткен шақ түрлерінің мағыналық ерекшеліктеріне қарай былайша жіктеген:

1) өткен шақ көрсеткіштерінің ішінде -ған/-ген қимылдың аяқталуын, нәтижелікті білдіреді.

2) өткен шақ көрсеткіштерінің ішінде -ды/-ді нәтижелікті білдіреді.

3) -атын/-етін, -ушы/-уші + еді тұлғалары арқылы қимылдың қайталануы беріледі. Енді осы көрсеткіштердің мезгілдік қатысына тоқтала кеткеніміз жөн.

-атын/-етін қосымшасы. Бұл қосымша өткен шақ есімше тұлғасының көрсеткіші ретінде танылған. Бірақ А. Ысқақов аталған қосымшаның қай мезгілді білдіруі контекске байланысты деп көрсетеді. Мұны сөйленімдегі осы тұлғамен байланысты болып келетін сөздердің семантикасына қатыстылығымен түсіндіреді: «бұл форма, әдетте, бұрынғы я ертерек кезде болған амал-әрекетті қазіргідей етіп, қалтқысыз сенерліктей етіп көрсету үшін көбірек қолданылады да, осы шақ пен келер шақты болатын әрекетті білдіру үшін сирек жұмсалады» [3, 302] . Ғалым бұл тұлғаның ауыспалы сипатын қосымшаның күрделі құрамымен түсіндіреді. Сөйтіп, -атын/-етін қосымшасының негізінен өткен шақ, сондай-ақ синтагмада келер шақ пен осы шақ мағынасында да қолданылатындығын айтады. -атын/-етін жұрнағын А. Ысқақов өткен шақтың ішінде айғақты өткен шақтың көрсеткіші деп береді. Ол айғақты өткен шақты іс-әрекеттің басы-қасында сөйлеушінің көзімен көргендей, тыңдаушы әбден қанық боларлықтай етіп жеткізетін форма деп анықтайды. Ғалымның аталған тұлғаға қатысты пікірлерінен түйгеніміз, біріншіден, - атын/-етін тұлғасының бірнеше мағыналарда жұмсалатындығы:

1) іс-әрекеттің сөйлеу сәтінен бұрын болғандығын білдіретін өткен шақ;

2) іс-әрекетті сөйлеушінің айғақты түрде жеткізетіндігі;

3) осы шақта тұрып қимылдың өту сипатын, яғни дағдылы әдетті білдіре алатындығы.

Ы. Маманов -атын/-етін жұрнағын дағдылы өткен шақ көрсеткіші деп таниды. Өткен шақтың бұл түрін қимыл иесінің ертеде дағдысына айналған іс-әрекетін, қимылын білдіретіндігін айтады. Бұл тұлғаның контекске қатысты келер шақ мағынасын да бере алатындығын автор сөйлеушінің субъективті көзқарасымен байланыстырады [4, 111] . Аталған форманың сөйлеу сәтіне дейін болып өткен дағдылы әрекетті білдіретіндігін Ж. Түймебаев та атап көрсетеді [ 5, 68] .

Қазақ тіліндегі шақ категориясын арнайы қарастырған ғалым Т. Қордабаев - атын/ -етін аффиксінің келер шақты білдіруін өте сирек кездесетінін және бұл мағынада қолдану қосымшаның жеке өз басына ғана тән емес, мезгіл мәнді сөздерге немесе контекске байланысты болатындығын айтады. Ал -атын/-етін тұлғасының негізгі мағынасы ретінде оның іс-әрекет, жай-күйдің бірнеше рет болғандығын білдіретін мағынаны атайды: «Мұның өткен шақтық есімшеден өзгешелігі: бұл ертеде болған іс-әрекеттің бір рет болмай, бірнеше рет болғандығын немесе оның заттың бойындағы бір кездегі әдетіне, дағдысына, қасиетіне айналғандығын білдіреді. Бірақ бұл өзгешелігі іс-әрекеттің ертеде болғандығын қайта айқындай түспесе, осалдатпайды» [6, 65] .

Сонымен, -атын/-етін тұлғасының негізгі мағынасын А. Ысқақов, Ы. Маманов, Т. Қордабаев, Ж. Түймебаевтың пікірлеріндегідей, «өткен шақтағы дағдыға айналған іс-әрекетті беру» деп санауға болады.

Сонымен, -атын/-етін - қазақ тіліндегі қимылдың қайталануын беретін негізгі грамматикалық форманың бірі. Бұл көрсеткіштер өзіндік сипатына қарай жалпы қайталану; жүйелі түрде қайталану деп бөлінеді.

Жалпы қайталануда қайталанатын дағдыға айналған іс-әрекеттің себебін, жүйесі, үзіксіз, араға уақыт салып қайталану, қайталанудың созылыңқылығы сияқты сипаттары ескерілмейді. Тек өткен шақта бірнеше рет қайталанып, дағдыға айналған әрекетті жалпылама береді: Соның төлін бөліп жаза салатын. (О. Бөкей) . Көбен тауының ой-қырын аралап, күн екіндіге таянғанда оралатын. (О. Бөкей)

Жүйелі түрде қайталануды білдіру үшін -атын/-етін тұлғалы етістік сөйленімде жүйелік мағынаны беретін үстеу сөздермен нақтыланып келуі тиіс: К ү н д е кешке ауыл шетінен Мишаның гармонға қосылып шырқаған әсем әні естіліт жататын. (С. Мұқанов) .

-ушы/-уші аффиксі. Бұл өткен шақ көрсеткішінің мағынасы -атын/ -етін тұлғасымен бірдей деуге болады. Алайда -ушы/-уші тұлғасы жеке тұрып дағдылы әрекетті білдіруде қолданылмайды. Аталған тұлға еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп өткен шақтық және қайталанатын қимылды береді. Әрине, бұл синтетикалық тәсіл емес, аналитикалық тәсіл болып табылады.

-ушы/-уші тұлғасы өткен уақытта амал-әрекеттің бірнеше рет қайталанып, дағдыға айналып кеткендігін білдіреді: Өзгенің қайғысы жаныма қаншама батқанымен, іштей Ақанның есен-сау оралуын тілеуші едім. (О. Бөкей)

Қашан көрсең де шашын жылмита тарап, үстіне шаң жуытпай жүруші еді. (С. Мұқанов)

-ған/-ген қосымшасының негізгі мағынасы сөйлеу сәтіне дейін болып кеткен іс-әрекетті білдіру болып табылады. Ы. Маманов -ған/-ген тұлғасын бұрынғы өткен шақ жасайтындығын айта келе, оның мағыналық ерекшелігі туралы былай дейді: «бұрынғы өткен шақ формасын сөйлеуші сөйлеу кезінен бұрын болған істі жай хабарлау түрінде емес, тыңдаушыға сол өткендегі істің, қимылдың болу, болмау нәтижесін баса түсіндіріп, соған көңіл аудару керек болған жағдайда қолданады» [4, 106] . Сөйтіп, ғалым -ған/-ген тұлғасының негізгі мағынасын оның істің нәтижесін білдіру/білдірмеумен байланысты деп санайды.

-а/-е, -й аффикстері. Зерттеушілер аталған осы шақ көрсеткішін түрліше атағанымен, оның бір ғана шақтық мәнді білдірумен шектелмейтіндігін бәрі де мойындайды. Мәселен, А. Ысқақов -а/-е, -й арқылы жасалатын шақтық мағынаны жалпы осы шақ деп атайды. Оның сөйлеп отырған кездегі амал-әрекетті білдірумен қатар, үнемі істелетін кәсіби және басқа күнбе-күнгі әрекетті және адамзатқа, ғаламзатқа тән үйреншікті дағдылы әрекетті де білдіру үшін қолданылатындығын айтады және бұл грамматикалық көрсеткіштер арқылы келер шақтық мағына де беріледі [3, 330] .

Т. Қордабаев -а/-е, -й арқылы жасалатын осы шақ түрін ауыспалы осы шақ деп атайды. Оның мағыналық қолданыс аясын осы шақ, келер шақ, өткен шақ және дағдылы қимылды білдіру деп көрсетеді [6, 71] . Ғалым -а/-е, -й тұлғаларының осы көрсетілген мағыналарда жұмсала алатындығын оның басқа шақ көрсеткіштерінен ерекшелігі деп біледі. Қазақ және орыс тілдеріндегі аспектуалдылықты қарастырған ғалым З. К. Ахметжанова -а/-е, -й тұлғалары қайталанатын, дүркінді қимылды білдіретіндігін айтады [7, 65] . Осы айтылғандарды жинақтай келе, зерттеушілердің бәрі де ауыспалы осы шақтың -а/-е, -й көрсеткіштерінің қимылдың өту ағымына қатысты қайталану мағынасын бере алатындығын көрсетеді. Сонымен, -а/-е, -й көрсеткіштері қимылдың өту ағымына қатысты мынадай мағыналарды бере алады: 1) қайталанатын қимыл; 2) созылыңқы қимыл; 3) жасалу үстіндегі қимыл немесе аяқталмаған қимыл (процестілік) .

-а/-е, -й тұлғалары қайталану мағынасын беру үшін қолданылғанда шақтық мағынадан алыс кетеді. Басқаша айтар болсақ, бұл жағдайда олардың бойында шақтық мағынаны беру екінші орынға ығысады да, алдыңғы орынға дағдылы әрекетті беру мағынасы шығады. Қайталанатын қимылдың өзі жалпы және әдетке айналған дағдылы әрекет ретінде көріну сипатын қарай бір-бірінен ерекшеленеді. Ішкі мағыналық ерекшелігіне қарай оларды жалпы қайталанатын қимыл және узуалды қимыл деп ажыратамыз.

Жалпы қайталанатын қимыл : Мұның өзін екіге ажыратып қарауға болады. Бірі - қайталану мағынасының сөйленімде айқын көрінуі: Адамзат жаратылғаннан бермен жағаласа жарысып, өмір атты дәу шананы қосақтала сүйреп келе жатқан Жақсылық пен Жамандық - осы екі ұғымның қай-қайсы да жер бетінде желе жортып, сайран салуға қақылы екенін дәлелдеп-ақ келеді . (О. Бөкей)

Екіншісі - зат пен адамға тән қимылдық қасиетті және белгілі бір кәсіп иелерінің айналысатын істерін нақты көрсету арқылы, сондай-ақ хайуанаттар мен жан-жануарларға тән қасиет арқылы қайталану мағынасының астарлы түрде берілуі: Қансонарда бүркітші шығады аңға . (Абай) Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді . (Мақал)

Узуалды қимыл : Шодырдың үйінде апта сайын моншаға түсемін . (С. Мұқанов)

Созылыңқы қимыл: Кейде күн шықпай Біжікен зиратының басына барып отырады да, күн бата қайтады (Ғ. Мүсірепов) .

Жасалу үстіндегі қимылды білдіруі -а/-е, -й тұлғаларының осы шақ мағынасымен байланысты: Ол қазақша білмейді де, менің нан сұрап жерлік орысшам бар еді, осы Иванмен сөйлесе-сөйлесе келе ептеп жаттыға бастадым. (О. Бөкей)

-уда/-уде аффиксі соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында жиі қолданылады және жалпы осы шақтық мағынаны білдіреді. Ал аспектуалды семантиканы беруге қатысы оның процессуалдық мәнді беруімен байланысты болса керек, яғни процесс үстіндегі қимылдың жасалу кезеңі мағынасын білдіреді. Процестілік мәнге созылыңқылық тән десек, аталған тұлға сондай-ақ белгісіз созылыңқылықты да бере алады: Астана тойына жақын және алыс шетелдерден мәртебелі меймандар толассыз келуде . Азиада ойындарына арналған құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және ағылышын тілдеріндегі нақ осы шақтың функционалды - семантикалық сипаты
НАҚ ОСЫ ШАҚ СУБКАТЕГОРИЯСЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Абайдың қара сөздеріндегі көсемшенің синтаксистік қызметі
Етістіктің зерттелуі туралы
Қазақ тілінің грамматикасы
Қазақ тіліндегі белгілілік функционалды-семантикалық категориясы
СӨЗДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ пәнінен ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Көмекші етістіктердің грамматикалық әлеуеті
Тіл тағылымы
Aғылшын және қaзaқ тілдеріндегі келер шaқ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz