Биоценоза, биогеоценоза және экожүйе түсініктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

«Еңбек қауіпсіздігі және инженерлік экология» кафедрасы

«Экологиялық тұрақтылық және өмір тіршілік қауіпсіздігі» пәні бойынша
СӨЖ-1
Тақырып: Биоценоза, биогеоценоза және экожүйе түсініктері

Орындаған: Алимкалиев Алим
Топ: ЭЭк 17-5
Қабылған: т. ғ. қ., аға оқ. Муташева Г. С

Алматы, 2018

Мазмұны

Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім

I Биоценоздың түрлiк құрылымы . . . 4
1. Доминант . . . 4
2. Бiрлесе тiршiлiк ететiн түрлердiң экологиялық қуыстары . . . 5
3. Биоценоздардың тұрақтылығы . . . 5

II Экожүйе, биогеоценоза . . . 6

1. Кеңістік ауқымы . . . 6

2. Экожүйелердің факторлары . . . 6

3. Тұрақсыздығы . . . 7

III Экологиялық сукцессия . . . 7

1. Кезеңдері . . . 8

2. Ф. Клементс . . . 9

Қорытынды . . . 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 11

Кіріспе

Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын, өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды құрайды. Синэкологиядағы «син» деген сөздің өзі «бірге», яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.

Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) - табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К. Мебиус (1877) . Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді.

Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзарабайланыстарының жиынтығы.

Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А. Д. Тенсли (1935) ұсынды. А. Д. Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т. б. ) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.

Биоценоз мүшелерi тура немесе жанама қоректiк қатынастармен байланысқан, бiр-бiрiне тiршiлiк ортасын түзiп, бiрлесе отырып сандарын шектейдi. Түрлер эволюция барысында бiрлесе тiршiлiк етуге бейiмделген. Биоценозда тiршiлiк ету және табиғи сұрыпталу процесстерi жүредi.

Кез-келген биоценоз - түрлер арасындағы байланыстар көмегiмен тiршiлiк ететiн күрделi табиғи жүйе немесе iшкi құрылымы күрделi.

Биоценоздың түрлiк құрылымы. Биоценозға кiретiн түрлер саны жағынан бiрдей емес. Кейбiреуiнiң саны өте көп, кейбiреуiнiң саны аз, үшiншiсi - тiптi сирек. Биоценоздағы саны көп түрi доминантты немесе басым түр деп аталады. Мысалы, шыршалы- орманда, ағаштар iшiнде шыршаның саны басым, жер үстi өсiмдiктер iшiнде - қара жидек, жасыл мүк, құстар iшiнде тауықтар, ал тышқан тәрiздi кемiргiштер iшiнде - сары тышқан өте көп.

Саны көп түрлер биоценоздың негiзгi ядросын құрайды. Кейбiр түрлер саны кейде ғана өседi, кей уақытта саны көп түрлерге ауысады. Шыршалы ормандарда орман тышқандары. Биоценоздарда сирек немесе саны аз түрлер алуан түрлi. Егер саны әртүрлi түрлердi бейнелейтiн, график түзсек, көптеген биоценоздар сирек түрлер жағында орналасады. Бұл тұрақты биоценозда сирек түрлер көп, ал көп санды түрлер - аз екенiн көрсетедi. Тропикалық орманда, ағаштар алуан түрлi, сонымен 1 ауданда бiр түрдiң бiрнеше ағашын табу өте қиын.

Доминант - түрлер бiрлестiктегi негiзгi байланысты анықтайды. Олар оның негiзгi құрылымы мен сыртқы түрiн анықтайды. Саны көп түрлер бөлiгi - басқалардың тiршiлiк жағдайына қатты әсер ететiн, негiзгi орта түзушiлер. Шыршалы ормандарда жарық, жауын шашын таралуы, микроклимат, жағдай мозайкасын - шырша анықтайды. Шырша ағамының жағдайына көптеген жербетi шөптерiнiң өмiрi немесе жануарлардың типiнен бастап, буынаяқтыларға дейiн жануарлар өмiрi тәуелдi.

Саны аз түрлер бiрлестiк қорын түзедi. Белгiлi жағдайда олар көбею мүмкiншiлiгiн iске асырмайды, бiрақ өзгерген жағдайда доминантты түрлер құрамына кiре алады немесе олардың орнын басады. Орман түрлерiнiң арасында қоршаған орта жағдайынан қалыпты нормадан ауытқуы қолайлы болып табылатын түрлер де бар.

Сонымен, биоценоз тұрақтылығын сақтап, әртүрлi табиғи ауытқулар мен басқа да сыртқы түрлер саны iшiнде қалыпты антропогендi әсерлерден өзгермейдi. Түрлердiң сандық жағынан қатынасы биоценоздың түрлiк құрылымын түзедi. Әр биоценоздың өз заңдылығы болады.

Түрлердiң кеңестiкте таралуы. Биоценозға кеңестiкте түрлердiң таралу заңдылығы тән. Бұл таралудың негiзiн өсiмдiктер түзедi. Өсiмдiктер биоценозда қабат түзедi, өсу түрi мен жарықсүйгiштiгiне байланысты жапырақтарын бiрiнен - соң бiрiн орналастырады. Қалыпты климаттағы ормандарда өсiмдiктiң 5-6 қабаты болады.

Жануарлар да өсiмдiктердiң әрбiр қабаттарында тiршiлiк етедi, бiрақ қозғалуына байланысты бiрнеше қабатта тiршiлiк ете алады.

Тиiндер, мысалы, ұясын ағаштарда салып, сол жерде баласын өсiредi, ал жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жемiстердi жерде жинайды. Биоценоз түрлерiнiң алуантүрлiлiгi үшiн территорияда өсiмдiк бiрқалыпты немесе мозайкалы таралу өте маңызды. Орманның өсiмдiк, құс немесе жәндiктердiң түрлiк құрамы, бiртектi шалғындарға қарағанда бай. Бұл құбылыс түрдiң алуан түр қалпына шеттiк эффект деп аталады және көбiнесе саяжай немесе басқа да жасанды ормандар жасауда қолданылады.

Түрдiң экологиялық қуысы. Бiр биоценозда түрлер тек экологиялық талаптары әртүрлi және бiр-бiрiмен бәсекелестiктi әлсiрететiн жағдайда ғана бiрлесе тiршiлiк ете алады. Сонымен, әрбiр түр ресурстарды әрқалай пайдаланып, басқа түрлермен ерекше байланысқа ие болады.

Биоценоз құрамындағы түрдiң алатын орны, оның экологиялық қуысы деп аталады. Түрдiң экологиялық қуысы оның әртүрлi факторларға қатысты төзiмдiлiгiнiң шегiн және басқа түрлермен байланысын, немесе тiршiлiк жағдайын және кеңiстiкте таралуын сипаттайды.

Бiрлесе тiршiлiк ететiн түрлердiң экологиялық қуыстары бiр - бiрiмен айқасып жатады, бiрақ ешқашан толығымен бiр-бiрiмен сәйкес келмейдi, өйткенi бәсекелестiк болмау заңы iске асып, бiр түр екiншi түрдi биоценоздан ығыстырады.

Биоценоздардың тұрақтылығы. Биоценозда популяция iшiндегi өзгерiстер оның тұрақтылығымен әртүрлi байланысқан. Мысалы, егер бiр бәсекелесушi түр екiншiсiн ығыстырса, биоценозда айтарлықтай өзгерiстер болмайды, әсiресе егер бұл түр саны көп түрге жатса. Сәйкес экологиялық қуысты басқа түр басып алуы мүмкiн.

Мысалы, сiбiрдiң шыршалы ормандарында тiршiлiк ететiн бұлғын - көпқоректi жыртқыш, ол майда кемiргiштер, құстар, балқарағайдың жаңғақтары, жемiстер, жәндiктермен қоректенедi, қорегiн жерден, ағаш басынан iздейдi. Солтүстiк европалық ормандардағы орман сусары да осындай. Сонымен, егер сусар орнына орманда бұлғындар тiршiлiк етсе орман биоценозы өзiнiң негiзгi қасиеттерiн сақтайды. Саны аз түрлер биоценоздың өзгергiш бөлiгi және популяциялар жиi аманқалу биоценоз жағынан шегiнде болады. Сонымен олар антропогендi әсердiң нәтижесiнде ең алдымен бiрлестiктен жойылады.

Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйені алатын кеңістік ауқымына байланысты үш санатқа бөледі:

  • Микроэкожүйе (мысала, жеке шалшық немесе тіршілігін жойған ағаш діңі)
  • Мезоэкожүйе (мысалы, орман, көл немесе дала)
  • Макроэкожүйе (мұхит тәрізділер)

Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып - биосфераны түзеді. Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Егер негізгі рөлді автотрофты организмдер - продуценттер атқарса жүйені автотрофты деп атайды. Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың рөлі мардымсыз болса (мысалы, мұхит тереңдіктері, биік тау мұздықтары) мұндай жүйелерді гетеретрофты деп атайды. Экожүйелер табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін, мысалы, ауыл шаруашылық, қала, өнеркәсіптік экожүйелер. Жер бетіндегі маңызды экожүйелер болып: тайга, тундра және полярлық белдеулер, мүхиттар, жағалаулар, батпақтар, мангралық тоғайлар, қоңыржай аймақтағы далалар мен ормандар, саванналар, таулар, аралдар және т. б. болып табылады.

Барлық экожүйелерге ортақ маңызды ерекшелік автотрофтылар мен гетеротрофтылардың өзара әрекеті болып табылады. Әдетте олар - кеңістікке, көбінесе уақытқа бөлінеді. Автотрофты үдерістердің табысты өтуі үшін күн жарығы қажет болғандықтан, продуценттер экожүйенің үстіңгі белдемқабатында болады. Олардың көпшілігі жасыл өсімдіктер, сондықтан оларды төменгі қоңыр белдеуден, онда гетеротрофтылар жинақталған, айрықша кейде жасыл белдеу деп атайды. Экожүйе биологиялық көзқарас тұрғысынан 6 құрамбөліктен тұрады: айналымға қатысатын бейағзалы заттар;

• ағзалы қосылыстар(нәруыздар, көмірсулар,

липидтер, қарашірік заттар) ;

• климаттық және басқа физикалық

факторлар;

• автотрофты ағзалар - продуценттер

(бейағзатекті ағзатекке айналдырады) ;

• консументтер (ағзалы заттарды тұтынушылар) ;

• редуценттер немесе бүлдірушілер (өлі ағзалық заттармен қоректенеді және оны минералдап өзгертеді, яғни қарапайым бейағзалы қосылыстарға дейін ыдыратады) .

Экожүйеде гетеротрофтар консументтер мен редуценттер түрінде білінеді. Трофикалық тізбектің біреуінде бірінші қатардағы консументтер (өсімдік-қоректі жануарлар) және екінші, үшінші, т. б. қатардағы консументтер болуы мүмкін. Редуценттер әдетте Сапротрофтыларға ( грекше сапрос - шіріген және трофос - қорек) жатқызылады. Экожүйеде оларды шіріту бактериялары, саңырауқұлақтар және кейбір жануарлар түрінде кездестіруге болады. Консументтер әдетте қорегін белсенді іздестіріп, жинақтауға көндіккен. Олар сондықтан жануарлар деуге де тұрарлық. Алайда соңғы үш жылдық зерттеулердің көрсетуі бойынша кейбір экожүйелерде ағзалы заттарды ыдыратуда бактериялар мен саңырауқұлақтарға қарағанда жануарлардың үлкен рөл атқаратыны байқалып қалды. Сапротрофтарға аталған жануарлардан басқа кейбір шаянтәрізділерді, жекелеген сүтқоректілерді, құстарды, талғаусыз қоректенетін жануарларды жатқызады. Мәселен, қорқау ірі өлекселермен қоректенеді, басқа жыртқыштардың шамасы келмейтін сүйектерді кеміреді.

Биоценоздың әрқайсысы өз айналымындағы ьиотопқа байланысты болғандықтан, өз кезегінде экожүйенің маңызды бір биоценоздың ықпалында болады және олардың дамуы мен бір экожүйенің екіншісімен біртіндеп алмасуы болып табылады. Экожүйелердің біреуі тұрақсыз, бірнеше жылда ешқандай араласусыз сыртынан басқа өсімдік қаптап өседі де, басқа құрамды жануарлары бар өзге экожүйеге өзгереді. Екінші экожүйелер, мысалы, шыршалы орман немесе бөз өскен дала - салыстырмалы түрде тұрақты және ондаған жылдап өзгермегендей қалыпта өмір сүреді.

Экожүйе тұрақсыздығының негізгі себебі - заттар айналымының

теңгерімсіздігі, ол бір құрамбөліктердің әрекетінің екіншісінің әрекетіне тең келмегенінен туындаған. Орта жағдайы нәтижесінде біртіндеп өзгереді де, бір түрлердің популяциясы олар үшін жаңа жағдайлар қолайлы болғандықтан, екінші түрге орнын береді.

Экологиялық сукцессия

Экологиялық сукцессия дегеніміз бір биоценоздың келесі бір биоценозбен алмасу процесі. Алғаш рет сукцессия ұғымын 1898 ж. Г. Каулсон ұсынған. Экологияық сукцессияға анықтама берген кезде мынандай 3 жағдай ескерілуі тиіс:

1) Сукцессия қауымдастықтың, яғни экожүйенің биотикалық компонентінің

ықпалымен жүреді. Өз кезегінде қауымдастық сукцессияның сипаты мен жылдамдығын анықтап, даму шектерін межелейтін физикалық ортаның өзгерістерін туындатады.

2) Сукцессия қауымдастықтың түрлік құрамының және оның ішінде өтіп жатқан процестердің өзгеруіне байланысты жүретін экожүйенің реттелген дамуы нәтижесінде жүзеге асады. Сукцессия белгілі бір бағытта жүреді, демек оны болжауға болады.

3) Сукцессияның шарықтау шегі (кульминациясы) болады, ол энергия

ағымының, биомассаның және санының максималды мәніне сәйкес келетін

түраралық әсерлесулердің тепе-теңдік күйіндегі экожүйенің қалыптасуы

болып табылады.

Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңдерден өтеді, солардың барысында биоталық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Экологиялық сукцессия кезінде түрлер алмасуының себебі,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазастан Республикасының өсімдіктері
Жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер
Геоэкология
Паразитизмнің экологиялық тұжырымдамасы
Биосфераның құрамдас бөлігі
Популяциялар экологиясы – демэкология жайлы мәлімет
Боралдай жотасында кездесетін қоңыздардың түрлері
Топырақ ресурстары
Экология ғылымы туралы түсінік
Биология концепциясының деңгейлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz