Мектепке дейіңгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Оқу орны

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Мектепке дейіңгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар

Орындаған: 0000000000000 000000
Тексерген:00000000000 0000000000

2018 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Мектеп жасына дейіңгі балалардың қабілетін дамытудағы мерекелердің маңызы зор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Мерекелік ертеңгіліктің бала өміріндегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
II. Мерекелер мен сауықтардың маңызы және оларға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1. Мерекелердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Мерекеге әзірлік және оны өткізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
2.3 Сауық кештерінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, мектепке дейіңгі мекемелердің алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыпастыру міндеті болып тұр. Балалар өміріндегі мерекелердің маңызы - адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру құралы, әдеби шығармалар, әндер мен өлеңдер патриоттық сезімдер қалыптастырады, балалар бойында тәртіптілік, мінез-құлық, ұжымшылдық негіздерін, мәдениетін тәрбиелейді.
Мейрам күндері - балалар үшін жан тебірентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызғылықты бір әлемі. Сондықтан да, мейрам күндерін балабақшаның әрбір тәрбиеленушісі асыға күтеді, өз өнерлерін жолдастарына, тәрбиешілеріне және ата-аналарына көрсетуге асығады.
Осы жағынан алғанда, жас жеткіншектерді тәрбиелеп, оларды жан-жақты дамытып, жетілдіруге мерекелік күннің үлесу зор. Жас жеткіншектердің өз қоршаған ортаға дұрыс қалыптастыруға өз Отанына сүйіспеншілігін арттыруға, еңбекке ынтасын күшейтуге, интернационалдық сезімін оятуға үлкен әсер етеді.
Мерекелік ертеңгіліктің барлық түрлері (ән салу, музыка ырғағымен қимылдар жасау, би билеу, музыка аспаптарында ойнау) балаларды музыканы сүйе баулудың ерекше бір түрі. Қатар отырып қуанып, толғану жас жеткіншектерді тату ұжымға топтастырады және ұжымды жауапкершілікке баулиды.
Әрбір мерекеге арналған ертеңгілік сол мерекенің қоғамдық зор мәнін, идеялық мақсаттарын жас жеткіншектердің өз сезіміне лайықтап жеткізіп, сол арқылы бүкіл халықты салтанатқа үлес қосуына мүмкіндік береді.
Балалар ертеңгілін дайындап, өткізуге ересек кісілердің де алатын орны ерекше. Мерекелерге балаларымен қатар отырып қуану үшін ата-аналар да қатысуға тырысады. Өйткені, балалардың көрсеткен өнері, орындаушылық ерекшеліктері көңілді де, мәнді ойын түрлері ата-аналардың да ара-тұра өз өнерлерін ортаға салуы сыйлықтар, әртүрлі естелік кітапшалар беру балалар өміріндегі аса бір қуанышты сәттер болып табылады, мұқият жоспарланады.
Осыған орай, күнтізбелік жоспар жасағанда балалардың өздері тұрған жердегі еңбек адамдарының мерекеге дайындығымен таныстыруға арналған оқу іс-әрекеттері ерекше ойластырылған жөн. Өтетін оқу іс-әрекет жоспары оқылатын әңгімелердің, жатталатын өлеңдердің, көрсетілетін суреттердің жинақталған жүйелерін бұзбай енгізу керек. Ескеретін басты мәселе - олардың балаларға түсінікті болуы. Барлық дайындық жұмыстарын өтетін мереке тақырыбына топтастыру - ең негізгі мақсат десе, бұдан ата-аналарды да шет қалдыруға болмайды. Болғалы жатқан ертеңгілік туралы ата-аналарды хабардар етіп, қажет болса, олардың көмектесуін өтінген жөн. Сол сияқты, тәрбиешілер ата-аналарға мереке күндерін үйде қалай атап өту керектігі жөнінде де кеңес бергені өте орынды болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Балабақшадаға мереке - бұл күн басқа күннен бөлменің безендірілуімен, үлкендер мен балалардың сәнді киімдерін, қонақтарды шақырумен, ерекше ас мәзірін, тосын сый, сыйлықтармен ерекшеленеді.
Балабақшадағы мерекелер мен сауықтар мектепке дейіңгі, мекеме жұмыс істейтін бағдарламаға сәйкес барлық жас ерекшелік топтарындағы балаларымен өткізіледі.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Балабақшадағы мерекелер мен сауықтар балалар өмірінде;
-мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін дамытудағы мерекелерді өткізу және ұйымдастыру;
-Балабақшадағы мерекелер мен сауықтарды өткізу және ұйымдастыру;
Курстық жұмыстың зерттеу объектіс. Балабақшадағы мерекелер мен сауықтарды өткізу және ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе және негізгі бөлім, II бөлім және бөлімшелерден тұрады.

І. Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Мереке! Балалар оны қалай тағатсыздана күтеді десеңізші! Міне, жарқын да қуанышты, шат- шадыман күйге толы, сыңғырлаған күйге толы мереке де келіп жетті! Бала өміріндегі осы бір керемет сәтті қалай дұрыс ұйымдастыру қажет.
Балабақшадағы мерекелер - баланы әлеуметтендірудің бірден-бір құралы. Ол бір жағынан тұлғаның қалыптасуына, құрбы-құрдастарына, қоғамға тән рухани құндылықтар мен нормаларды, білімді игеруге мақсатты түрде бағытталса, екінші жағынан адамның қалыптасуына аяқ астынан әсер ететін әлеуметтік бақылау үрдістері болып табылады. Мерекелердің әлеуметтік-мәдени белгісі мәдени лайықты байлықты, тәрбиені игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.
Балабақшадағы мерекелер еліміздің белгілі бір атаулы күндеріне, балабақша өміріне байланысты бола отырып педагокикалық үдерістің маңызды бөлігі болып табылады. Балабақша өмірі қызықты кітаптай, ал мерекелер сол кітаптың ең үздік, есте қаларлықтай беттері болуы үшін тәрбиешілер де, ән- саз жетекшілері де өз іс- әрекеттерін мекеменің жағдайын, балалардың жас ерекшелігін, олардың даму, қызығушылық, шығармашылық деңгейлерін ескере отырып жан- жақты, түбегейлі ойластырып жасауы қажет. Балабақшадағы мерекелер негізінен ертеңгіліктер мен ойын-сауықтардан тұрады. Ал музыка ертеңгіліктер мен ойын-сауықтарда маңызды орын алады. Музыканың күші балалардың салтанатты, көтеріңкі, жайлы немесе көтеріңкі көңіл күйлеріне әсер етеді. Ертеңгіліктерде сан түрлі музыкалық іс-әрекеттер қозғаушы орын алады. Балалар ән шырқайды, билейді, музыкалық ойындар ойнайды, ән-думандар құрады, музыкалық аспаптарда ойнайды. Ертеңгілік сценариіне музыкалық-драмалық көріністер жиі еңгізіліп, балалар өздері ойлап тапқан билерін билеулері де мүмкін, яғни ертеңгілік репертуары бойынша жан-жақты. Оны таңдауда төмендегідей қағидаларды ұсынған жөн:
тәрбиелік-білімділік міндеттерге сай болуы;
көркемдік құндылықтарының болуы;
бала қабылдауына, орындай алуына сай болуы.
Балаға мерекенің өзін іс жүзінде көрсетіп, тұлға ретінде қалыптасуы үшін маңызы зор. Сол себептен мерекеге қатысу өзін көрсету бала үшін маңызы зор. Сол себептен мерекеге қатысу өзін көрсету бала үшін маңызды. Мерекеге қатысу барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді. Мерекелер арқылы адамның ой-өрісінің дамуы көрінеді.
Мереке адам қарым-қатынастарының әр түрлі жағдайларында болдырады. Осы әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді. Топтық мерекеге қатысушылар ойыншылар қоғамын құрайды. Осы қоғамның мүшелері бір-бірімен коммуникативті байланыс орната алмаса, ешқандай мерекелік кеш болуы мүмкін емес.
Мерекелік кеш адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әртүрлі қиындықтарды жеңу үші де пайдаланылады. Д.Б. Эльконин мереке тәсілдерінің емдік мағынасын бағалай келе, былай деді: Мереке емінің эффектісі бала рөлдік ойын кезінде алған жаңа әлеуметтік қарым-қатынастың тәжірибесімен анықталады. Мерекелік күштер баланы үлкендермен, құрдастарымен нағыз қарым-қатынасқа үйретеді. Әр түрлі сатыдағы қарым-қатынастың емдік эффектісі болады.
Мерекенің әрбір қатысушысы өз рөлі ғана емес басқалардың да рөлін жақсы білсе, мерекемен Сонымен қатар бала өзінің және басқалардың ойынының нәтижесін бақылай, талдай, қорытындылай отырып, оны өзінің істерінде ұтымды қолдануға машықтанады.
Музыкалық репертуар музыкалық іс-әрекет түрлеріне ( ән салу, музыкалық ойындар, би, кейіпкерлендіру және т.б.) сәйкес таңдалып жасақталады. Осы мақсатта белгілі композиторлардың шығармалары, халық әуендері мен әндері жинақталады. Музыкалық репертуардың мазмұны сонымен қатар ертеңгілік тақырыбына сәйкес болуы керек. Тәуелсіздік күнінде Гимн тыңдалып, Елтаңба, Ту туралы әндер айтылады, жалаушалармен жаттығулар жасалады. Бұл мереке балаларды Отанды сүюге, құрметтеуге, рәміздерді қастерлеуге, елжанды болуға, ұлтын, елін сүйетін намысқой азамат болып өсуге тәрбиелейді. Ал Жаңа жыл мерекесінде шаттық сезімге бөленіп қуанады, ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, өздері де рөлде ойнап, көнілді ән-думандар құрып , түрлі ойындар ойнайды, билейді. 8- наурыз ертеңгілігі балалрды Ана- асыл жан деген ұғымды тереңірек түсінуге, аялап жақсы көруге, құрметтеуге, сыйлауға, туыстық қарым-қатынасқа, сезімталдыққа, қамқорлыққа тәрбиелейді. Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде патриоттық әндер мен әуендерге мән беріліп, балалр өздерін күшті , батыл сезініп, болашақ ел қорғаущылары болатындықтарына сенуге тәрбиелейді.
Мерекеде көңіл көтеру - түрлі нәрсеге, әртүрлі әрекеттерге ұмтылу. Мерекенің көңіл көтеру функциясы жеке тұлғаның тұрақтануы мен рухани қуанышын қалыптастыру, сондай-ақ жағымды жағдай орнатумен тығыз байланысты. Мерекедегі көңіл көтеру үнемі ізденіс жағдайында өтеді. Мереке қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді.
Балалар мерекеге қатысып отырып, бір мақсатты шешу арқылы қарым-қатынас-жасауды, жолдастарының пікірімен санасуды үйренеді. Ұжымдық тапсырмаларды шешу барысында балалардың әртүрлі мүмкіндіктері пайдаланылады. Тәжірибелік іс-әрекет кезінде тез ойлай білетін, жылдам, әрі мұқият жұмыс істей бақампаз, сын тұрғысынан қарай білетін балалармен бір топта болудың тиімді екенін байқайды. Мерекелер кезінде біріккен эмоционалды қобалжулар өзара қарым-қатынасын нығаюына ықпалын тигізеді.
Мерекені өткізудің формалары әр түрлі болады:
Тақырып бойынша тақырыптық немесе комплексті сабақтар;
Театрландырылыған әрекеттер, олардың тақырыптары қысқы суреттемелер бола алады;
Халықтық фольклор негізіндегі мерекелер (ауылдағы апама қонаққа барамыз, Қысқы жәрмеңке, Менің Отанымдай әдемі жер жок)
Мереке тақырыптары және олардың мазмұны мекеме ұжымы қолданатын бағдарламада негізделген мүмкіндіктер және жағдайлар, педагогикалық бағдар, мекеме дәстүрлерімен анықталады.

Мерекелік кештерге кезінде әр баланың өзінің білімін, дағдысын, мінез-құлқын,ерік-жігерін, адамдарға және іс әрекетке деген қарым-қатынасын көрсетеді.
Әрбір мерекенің аяқталуы балалардың мақсатқа жеңіске жету жолында басқалардан жоғары болуына итермелейді. Топтық мерекелік кештерге қатысу кезінде балалар бас кезінде тең жағдайда болады. Бірақ мерекенің қорытындысы әр оқушының дайындығына, қабілетіне, мінез-құлқына, біліміне, шыдамдылығына тәуелді. Кейбір мерекелерде балалар әлеуметтік бет перде киіп, өдерін тархтың белгілі бір тұлғасы ретінде сезінеді. Мерекеге қатысу кезінде бала қызығшылығын дамуы үшін жағымды эмоция тудырса, ал жеңілген жағдайда танымдық іс-әрекетін жоғарылату қажеттігін тудырады. Мерекеден алынған рахаттану сезімі сабақтарда жағымды жағдай тудырып, пәнді оқуға қызығушылықтарын арттырады.
Баланың өзін тәрбиелеу үрдісін белсендендіру үшін көптеген мерекелік ойындар арқылы басқару қажеттілігі туындайды.
Мереке қатысу баланың белгілі бір тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асыру қажеттілігінен туындайды. Мерекеге ұжымдық болған жағдайда ойнаушылар құрамын, олардың интелектуалдық дамуын, дене бітімнің дамуын, жас ерекшелігін, қызығушылықтарын, қарым-қатынас жасау деңгейін білу қажет. Бала мерекелік кештерге қатысу барысында өзара байланыстағы бірнеше деңгейдегі мақсатты жүзеге асырады.
Бірінші деңгейдегі мақсат - мерекеге қатысқанын сезіну. Егер мереке балаға қуаныш әкелетін болса, онда бала кез-кеген белсенділікке дайын болады.
Екінші деңгейдің мақсаты - функционалдық. Ол мереке ережесінің сақталуы, көріністер ойнау, рөлдерді орындаумен байланысты.
Үшінші деңгей мерекенің шығармашылық мақсаты айқындайды. Шешу, табу, қорытындыға жете білу жолындағы іс-әрекетті көрсетеді.
Баланың тілегі мен тәрбие мақсаты үйлескен кезде мерекеге қатысуға қызығушылық пайда болады.
Мерекелер барысындағы маңызды сәттердің бірі рөлге бөлу. Олар белсенді және енжар, негізгі және қосымша болуы мүмкін. Рөлге бөлу кезінде дене тұлғасының ерекшелігіне, жынысына, жасына тәуелді болмайды. Көп ойындар рөлдердің тең құқылығына құрылған. Кейбір ойындар үшін жүргізушілер, капитандар, басқарушылар қажет. Жетекшілер мен тәрбиешілердің балалар мерекелеріндегі рөлі маңызды. Олар мерекені ұйымдастырушы, мерекенің мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесші балалардың даулы мәселерін шешіп беретін әділ төреші болуы тиіс. Тәрбиеші кейде рөлдерді өзі бөледі.
Топтық мерекелер кезінде рөлдерге бөлу таластартысты ұмытып, ортақ мүдде туралы ойлауға, енжарларға белсенді болуға, беделі жоқтарға беделін көтеруге, тәртіпсіздердге тәртіпті болуға, жаңадан қосылған балаларға басқалармен тіл табыса білуге көмегін тигізеді.
1-мамыр мерекесі балаларды достыққа, өзара түсінушілікке, өз тілін, ұлтын сүйіп, мақтан ете отырып өзге ұлт салт-дәстүрлері мен тілін де білуге , құрметтеуге тәрбиелейді.
Сонымен, репертуардың жан жақтылығы мерекенің сюжетіне бағынышты. Ол балалар музыкасын да, классиканы да, халық әуендерін де қамтиды. Кейбір сценарийлерде сюжетті барынша ашу үшін балаларға жақын заманауи эстрадалық әуендерде қолданылады. Бала орындауында олар қызықтырақ көрінеді және қуаныш силайды. Музыкалық әдеби шығармалар бала жанына жақын, қызықты, қолдануына ыңғайлы болуы қажет және баланы шаршатпауы , жалықтырмауы тиіс. Ән, би, әуенді бала жасына қарай, бағдарламалық талапқа сай таңдап алып, күнделікті сабақтарда барлық баламен үйреніп, ал қосымша жұмыс кезінде күннің екінші жартысында үйреткен жөн. Ертеңгіліктер жасына қарай 20-30-40- 50 мин; ойын-сауықтар 10-15-20-30 мин; ал қажет жағдайларда 40-50 минуттай болғаны дұрыс. Мерекелер мен ойын-сауықтарды дұрыс ұйымдастырып дайындау- олардың жақсы өтуінің кепілі. Өте күрделі би, қойылымдар, сап құрулар үлкен күш пен ынтаны талап етеді, сондықтан мұндай әрекеттерді жасамаған дұрыс, себебі бала ағзасына күш түсіп, денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Балада бұрыннан бар дағдыларға сүйеніп, іс-әрекетті асықпай, біртіндеп үйреткен жөн. Ертеңгіліктерді таңертеңгі мезгілде, ал ойын-сауықтарды күннің екінші жартысында өткізген тиімді. Мектепке дейіңгі мекемеде ертеңгілік пен ойын-сауықтың дайындығы менөткізілуіне барлық қызметкерлер атсалысады. Музыкалық әдеби абағдарламаның орындалуына алдымен маман ретінде ән-саз жетекшісі мен хореограф жауапты. Ал бүкіл мереке күнінің ұйымдастырылуына балабақша директоры жауапты. Осындай көзкараспен жасалған, өткізілген мерекелер тек қана танымдық, көңіл көтеру емес, сонмен қатар терең тәрбпелік мәні, маңызы бар іс-әрекет бола алады.

Мектеп жасына дейіңгі балалардың қабілетін дамытудағы мерекелердің маңызы зор.
Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейіңгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына балабақшаның және өткізілетін іс шаралардың маңызы зор.
Мектепке дейіңгі ұйымдарда тәрбиелеу мен мерекелерді ұйымдастыруда ұстанатын принциптер:
Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру;
қызығушылығына сүйену;
Тәрбие мен оқыту міндеттерін бірлікте шешу;
Баланың еркін дербес дамуын қамтамасыз ететін табиғи, емін еркін жағдай туғызу;
Әрекет етуге үйрету, үйренгенін бойына дағды қылып сіңіру;
Педагогикалық процесс белгілі бір құралдар мен әдістер көмегімен жүзеге асырылады. Балабақшадағы тәрбие - қазақы ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парастты, адамгершілік қадір қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады.
Ойнау еңбек ету және оқу барысында ақыл-ой адамгершілік физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады,іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет-дағдыларын игеруге бейімделеді. Іс-әрекеттің осы түрлерін әдет-дағдыларын игеруге бейімделеді.
Іс-әрекеттің осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Осы аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Бала өзін-зі көрсетсе ойын оқуда адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. Осылар арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыда ықпал жасай аламыз. Біз іс-әрекет, ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Осыларды негізге ала отырып ата-аналар мен тәрбиешілер баланы тәрбиелеуде ертегілер мен қойылымдардың және мерекелер ролінің айрықша екенін ұмытпау керек.
Сөйлесу қызметі - белсенді әрі мақсатты үрдіс. Бұл қызмет түрі серіктестіктің болуын талап етеді. Онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейіңгі мекемелердегі мерекелердің басты мақсаты - бүлдіршіндердің диалогтық қарым-қатынасы болып табылады. Сонымен қатар өзімен серіктесінің қимыл қозғалысын келісу мен бақылау дағдысы қалыптасады. Бұл жерде мен тарафеттік сахналау тәсіліне басты назар аудардық, тарафет арқылы сөз құрамының байлығын, диалогты дамытуға болады. Бұл жұмыс барысында балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояумен бояйды. Дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде баланың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс жасау кезінде әрбір баланың жеке қиялына да орын беріледі. Балабақша қызметкерлерді бұларды балалардың бойына түрлі мерекелерді ұйымдастыру.
Мысалы Наурыз жыл басы мерекелік кешті ұйымдастырғанда жүгіріп келе жатқан қоян бейнесі. Дайындық кезеңі аяқталған соң сөлеуді кезеңіне өтеміз. Бұл кезеңде балалар ертегі кейіпкерлерімен диалогтық әрекет жасайды. Әрбір бала өзіне жұп таңдайды. Яғни жұмыс жұптасу түрінде жүреді. Бұл кезеңде мен кімнің ынталы, кімнің ынтасыз қатысып отырғанын білемін. Ертегілер құрастырған кезде балалар бір-бірімен сөйлеседі. Бұл жерде автор сөзі деген болмайды. Балалардың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениетімен ой-өрісін, дүние танымын жетілдіреуде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Ролді ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді.
Сондай-ақ мерекелерге қатысу барысында бала жағымды эмоция, жоғары қызығушылық туғызады. Атап айтқанда балабақшада тәрбиемен оқытудың негізгі және жетекшкі формасы бұл жалпы топпен, шағын топпен және арнай ұйымдастырылған экскурсиялар, серуендер, ертеңгіліктер, мерекелер. Балабақшада балалар өздігінен оқи алмайтыны белгілі, сондықтан тексті оқуға, әңгімелеп айтуға үйрету, көркем сөздермен таныстыру жұмысы бағадарлама талабына сәйкес тақырыптық принциптерге негізделеді. Ол принциптер - айналадағы дүниемен, қоғам өмірімен, табиғатпен таныстыру, дүниетанымын, ой-өрісін жетілдіру, зейінін, қабылдауын, бағдарлай білу, қабілеттерін дамыту болып табылады.
Шығарма оқу, тіл дамыту жұмысында естиярлар мен ересектер тобында шығарманы тыңдай отырып, оның мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін түсініп, өзінше талдап ойын қорытындылай білуге, кейбір үзінділерді жатқа айтуға, мазмұнға сай әңгіме құрауға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға, өздігінен салыстыра сипаттай білуге үйренуге тиісті.
Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оға өмір бойы ізгілікті әсер етіп, мағынасы өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады.
Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде ұлттық тәрбиенің алатын рол өте зор. Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан-ақ өзінің жиып - терген бай, асыл қазынасы, мол тәжірибесімен көңіл аударған. Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап, өмірге нәресте келгеде оған лайықты ат қойып, бесікке салып, тұсау кесер рәсімдерін жасап, өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін, өзінің шыққан тегін, халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген.
Мерекелік ертеңгіліктің бала өміріндегі рөлі

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, мектепке дейіңгі мекемелердің алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыпастыру міндеті болып тұр. Балалар өміріндегі мерекелердің маңызы - адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру құралы, әдеби шығармалар, әндер мен өлеңдер патриоттық сезімдер қалыптастырады, балалар бойында тәртіптілік, мінез-құлық, ұжымшылдық негіздерін, мәдениетін тәрбиелейді.
Әрбір мерекеге арналған ертеңгілік сол мерекенің қоғамдық зор мәнін, идеялық мақсаттарын жас жеткіншектердің өз сезіміне лайықтап, жеткізіп береді.
Балалар ертеңгілігін дайындап, өткізуде ересек кісілердің де алатын орны ерекше, Мерекелерге балаларымен қатар отырып қуану үшін ата-аналар да қатысуға тырысады. Өйткені, балалардың көрсеткен өнері, орындаушылық ерекшеліктері көңілді де, мәнді ойын түрлері ата - аналардың да ара- тұра өз өнерлерін ортаға салуы сыйлықтар әртүрлі естелік кітапшалар беру балалар өміріндегі аса бір қуанышты сәттер болып табылады, мұқият жоспарланады.
Осыған орай, күнтізбелік жоспар жасағанда балалардың өздері тұрған жердегі еңбек адамдарының мереке дайындығымен таныстыруға арналған оқу іс-әрекеттері ерекше ойластырылған жөн. Өтетін оқу іс-әрекет жоспары оқылатын әңгілмелердің, жатталатын өлеңдердің, көрсетілген суреттердің жинақталған жүйелерін бұзбай енгізу керек. Ескеретін басты мәселе - олардың балаларғатүсінікті болуы. Барлық дайындық жұмыстарын өтетін мереке тақырыбына топтастыру - ең негізгі мақсат десек, бұдан ата-аналарды да шет қалдыруға болмайды. Болғалы жатқан ертеңгілік туралы ата - аналарды хабардар етіп, қажет болса, олардың көмектесуін өтінген жөн. Сол сияқты, тәрбиешілер ата-аналарға мереке күндерін үйде қалай атап өту керектігі жөнінде де кеңес бергені өте орынды болады.
Балалар мерекесі - бала өмірінің жарқын сәттерінің бірі. Мерекелер балаларға шығармашылыққа арналған кеңістікке жол ашады, баланың жан дүниесінде жарқын сезімдер, мәртебелі ұмтылыс туғызады, ұжымда өмір сүре білуді тәрбиелейді, ақылы мен жүрегін рухани байытады. Мұнда мерекені қабылдау қызметтің нысаны есебінде емес, сонымен бірге жеке тұлғасын дамытуға және тәрбиелеуге мүмкіндік беретін мәдени-білімдік құбылыс.
Мереке әзірлену және өткізу.
Әрбір сценарийды алдын - ала ұқыпты, жан-жақты әзірлейді. Сценарийде ертеңгіліктің мазмұнына қарай үлкен кісілер мен балалардың айтатын сөздері және орындау реті жоспарланады. Әрине, ертеңгілікті үлкендерге арналған балалар концертіне айналдыруға болмайды. Балалардың көрсеткен ойындары олардың өздерін де қуанышқа бөлейді, бірақ олардың естерінде ұзақ уақыт сақталатындай ерекше құбылыс бола алмайды. Сондықтан, балалар өнерін үлкен кісілердің (балабақша қызметкерлерінің) орындауыдағы концерттік нөмерлерімен кезектестіріп, өткізсе, эмоциялық әсерге толы, есте қаларлық мереке болуы сөзсіз.
Ертеңгіліктің терең мазмұнды ойын ретінде ұйымдастырылғаны дұрыс,. Балалар өнер көрсетіп жатқанда ойыншықтар тиелген машиналар шыған келсе немесе қолында сиқырлы таяғы бар бөгде бір кісі кіріп келсе, не болмаса екі адам қатар тұрып, пілдің бейнесін жасап, балпаң басына кіріп келсе, әлде сыпыртқыға отырып, құйындатып шауып кірген Жалмауыз кемпір, не болмаса ертедегідей сезінеді, ішек - сілелері қатқанша күледі.Мұндай көріністерден кейін қызықты атрибуттарды пайдаланып, билер биленсе, әртүрлі ойындар айналса орынды болады.
Тақпақтар айту, ән орындау, би билеу сияқты көңілді ойындарды алмастыра отырып, балалар белсенділігін арттыру ертеңгіліктер кезінде іске асуы тиіс. Күтпеген жерден сыйлықтар таратылып, оның өзі домалапкелген қарбыздың ішінен немесе қонаққа келген адамның кәрзеңкесінен, бөлке нан немесе бауырсақ түріндегі қораптардан тосын түрде шығарылып жаста, балалар дүрліге мәз болып қуаныпқалды.
Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек, ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа балалардың қызғанышын тудырады. Дегенмен, балаларды еркелету де қажет. Тәрбиеші өз талабына ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиелейді. Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып, тәрбие беру, оны өмірге еңбекке даярлауда педагогикалық білімді көпшілік арасында насихаттау сияқты әрі жауапты, әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады.
Мерекелік ертеңгіліктер де балалардың көріністер көрсетуі, ән айтуы, би билеуі, тақпақтарды жатқа айтуы шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыратын басты фактор. Ертеңгілікті жоспарлағанда әр педагогтың алдында ертеңгілікті қалай ұйымдастырамын деген сұрақ туындайтыны сөзсіз.
Ертеңгілікте өнер көрсету бала бойында қызығушылықты туғызады, оны қанаттандырады, қуаныш сезімі, мерекелік көңіл-күй пайда болады. Тақпақтарды жатқа айту баланың тілін дамытатын болса, достарымен бірге ән салғанда, өлеңнің сөздерін жаттап алады, әдемі қимылдар көрсетеді, басқаларды тыңдап үйренеді, дұрыс орындауға тырысады, яғни есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытады.
Бұл іс-шараның тағы да бір жағымды жағы- бала күнделікті көріп жүргендерінен бөлек, басқа бір мерекелік безендірілген, ғажайып әлемге әдемі киініп, кейіпкер бейнесіне еніп, тап болғандай сезімде болады.
Балалармен өткізілетін ертеңгіліктер педагогтардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұйымдастырушы педагог өз шығармашылығы мен бастамашылдығын, шеберлік қасиеттерін көрете білуі керек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мерекелер мен сауықтардың маңызы
Дене тәрбиесі мерекелері мен сауықтарының бала өміріне маңызы
Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі
Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру
Әр топ ерекшеліктеріне арналған ойын-сауықтар репертуарларының сипаттамасы
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка
Балабақшадағы мерекелік ертеңгіліктің түрлері
«Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері»
Эстетикалық тәрбие беру туралы мәлімет
Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Пәндер