Оқушыларға сыныптан тыс үйірме жұмыстарында таспамен жұмыс технологиясын үйрету


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

«Шеберлінің қолы-алтын» - деп дана халқымыз айтқандай қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халық қолөнері бұл күнде қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысы болып отыр. Кешегі ата-баба мұралары қазіргі кезде қолға алынып, жалыұпен қайта қауышып, жүректерден орын алуда.

Қазақ қолөнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым технологиясын осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп, өсіп келе жатқан жасөспірімге қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттырып, шеберлігін дамытуға осы дипломдық жұмыстың әсері болар деген сенімдемін. Бұл дипломдық жұмыста кесте өнерінің шығу даму тарихы, кестенің түрлері, олардың жасалу, тігілу технологиясы, қажетті құрал-жабдықтары жазылып көрсетілген.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде «Сәндік Қолданбалы өнер» бағытында сабақ жүргізіліп келеді. Онда оқушыларды қазақ халқының төл өнерінің тарихымен таныстырып, олардың өзіндік өнеге үлгісін, бейнелеу ісін орындаудың технологиясын, бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы орындау мәселелері қарастырылады. Осы мұраларды қоғамдық өмірде тиімді пайдалана білу үшін оны тереңірек оқып үйреніп, толық дәрежеде игеру қажет.

Қазіргі кезде біздің елімізде жаппай ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуі, экономика, мәдениет, білім, өнер салаларының дамуы басты мақсатқа қойылып отыр. Ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан бенелеу өнерінің шығармаларын, қолөнер туындыларын, олардың тарихтарын жас ұрпақтың бойына сіңдіру, қазақ халқының өнерімен шет елдерді таныстыру менің де басты міндетім деп білемін. Мен дипломдық жұмысымда Сәндік қолданбалы өнердің бір турі кестелеу өнерін оқушыларға үйретіп, тігу жолдарын, әдістерін қарастырдым. Ерте заманнан келе жатқан кесте тігу өнерін осы күнде мектеп қабырғасында сыныптан тыс үйірме жұмыстарында үйретудің жүйелі жоспарын құру арқылы жасап шығару, сонымен бірге осындай жұмыстар арқылы балаларға эстетикалық тәрбие бере отырып, оқушының ой-өрісін дамыту және патриоттық сезімін ояту болып табылады.

Тақырыптың көкейкестілігі: өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дүние танымын қалыптастыру негізінде эстетикалық және көркемдік тәрбие беру. Эстетикалық тәрбиенің мәні әрбір адамның әсем өмір сүруіне, әсемдікті жан-жақты қырынан көре білуге эстетикалық тәрбие беру процесінде адамдардың сезімі, талғамы, көзқарасы, идеясы қалыптасады. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру олардың көркемдік білімге дейін көтеру мәселесі бүгінгі таңда айрықша мәнге ие. Оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып, оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.

Курстық жұмысымның мақсаты: Оқушыларға сыныптан тыс үйірме жұмыстарында таспамен жұмыс технологиясын үйрету арқылы олардың халық өнеріне деген сүйіспеншілігін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру. Қолда бар халық қолөнерінің нәрін тиімді пайдаланып, оны ізденімпаздықпен жаңарта отырып келешек ұрпақтың бойына сіңіру.

Курстық жұмысымның міндеттері:

- Оқушыларға сыныптан тыс үйірме жұмысы кезінде таспамен жұмыс өнерінің теориялық негіздерін айқындау.

- Оқушыларға таспамен жұмыс барысында әр түрлі гүл пішіндері нақыштарын қолдануды үйрету.

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛАЛАРЫНДА ҚОЛӨНЕР МЕН САУДАНЫҢ ДАМУЫ

Қолөнер мен сауданың орталығы ретінде қалалар болды. Олардың пайда болуы мен дамуы ежелгі орта ғасырлық Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өмірінде аса маңызды орын алды.

Қалалар мен елді мекендердің қалыптасуы ҮІ-ҮІІ ғасырлардың өзінде Жетісу өлкесінде жоғары қарқынмен өсті. Оған біріншіден, қолайлы табиғи жағдайлар, өзен-көл молшылығы, сондай-ақ, Жетісудың Қытай, Иран және басқа да араб елдерін Соғдианамен, сондай-ақ, Үндістанмен, Византиямен өзара байланыстарын алтын көпір ретінде болуы көп керуен жолдары дәлелдейді, үлкен мүмкіндіктер туады.

ІХ ғасырдан бастап бұрыңғы кішігірім Баласағұн елді мекені өркендеп, уақыт өте келе астаналық қала мәртебесіне көтеріледі.
Жетісудың аса ірі қаласы - саяси, экономикалық және мәдени өмірдің орталығы, Қазақстанның өте ежелгі қалаларының бірі - Тараз еді. Қала қарлұқтар мен қараханидтер тұсында (ІХ-ХІІ ғғ. ) өркендеген. Таразды біраз шағын қалалар мен елді мекендер - Құлан, Мерке, Аспара, Хамкент, Жікіл және тағы басқалары қоршап жатқан.

Ежелгі отырықшылық мәдениетінің аса маңызды аймақтарының бірі Оңтүстік Қазақстан болды, мұнда сол уақыттағы сауда және қолөнері дамыған Отырар (Фараб), Исфиджаб, Сайрам, Сығанақ, Сауран, Жаркент сияқты ірі қалалар болған.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда салынған барлық қалалардың феодалдық дәуірдегі қалаларға тән сипаттары болған. Бұл қалалардың сыртқы көрінісі феодалдық қоғамның құрылымын бейнелеген. Қалалар негізгі үш құрамдас бөліктерден тұрған: қамал, шахрстан және рабад. Қаланың орталығы қамал-қала мен аймақ қожасының мекені болған. Онда әміршінің сарайы, қамба-қоймалар мен ат қоралары орналасқан. Әміршіден басқа қамалда оның жақын туыстары мен қарауыл әскери қызметшілер тұрған. Шахрстанда немесе ішкі қалада шонжарлар мен көпестер, сондай-ақ, жоғары дін басшылары тұрақтанған. Мұнда сауда ғимараттары, қоймалар, мешіттер, моншалар мен басқа да құрылыстар болған. Қала экономикасының өсуіне және оның халқының артуына қарай қала тіршілігінің орталығы рабадқа (сыртқы қала) ауысқан. Үлкен қалаларда рабад шахрстанды барлық жағынан қоршап тұрған, кейде оның мұнаралары дуалдары болған. Онда тұратын халықтар әр түрлі болып келген. Бұлардың басым көпшілігі қолөнершілер, ұсақ нарық саудагерлері, егіншілер еді. Рабадта ғимараттар, сауда орталықтары (базарлар), керуен-сарайлар мен тұрғын үйлер орналасқан.

Қазақстан аумағындағы қалалар үшін, әсіресе көшпенділермен байланыстың үлкен маңызы болды. Көшпенділер егіншілердің өніміне мұқтаж болса, ал егін шаруашылығының ауқымы көбінесе көшпенділер сұранысымен анықталды. Аймақтың өзгешілігі көшпенділердің егіншілік пен қолөнер кәсібіне ауысып, отырықшы халықтың қатарын үнемі толықтырып отырумен де ерекшеленеді. Феодализм жағдайында, қала өмірі шапшаң дамып, қала мен дала арасындағы сауданың ролі артқан тұста қала малшылар мен егіншілер арасында заттай (натуралды) айырбастың орталығы ретінде қоғамның ішкі байланысын қамтамасыз етті.

Ежелгі ортағасырлық қалалар экономикасында қолөнер мен сауда ерекше рөл атқарды.

Қаладағы қолөнердің жетекші салалары ретінде қыштан бұйым жасайтын өндірісті, шыны өнеркәсібін, металды өңдеу және балқытумен байланысты, мысалға, ұсталық, зергерлік кәсібін атауға болады. Көптеген қолөнер кәсіпшілігі ауыл шаруашылық шикізатын өңдеумен байланысты болды.

Қазақстанның ежелгі орта ғасырдағы қалалар сипатын сауда анықтаған. Қолжазбалар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византиямен, Иранмен, Орта Азиямен, Кавказбен, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары жөнінде дәлелдейді.

Орта Азиядан әйнек, әр түрлі бағалы заттар, қолданбалы өнер бұйымдары, ал Қытайдан - жібек, қыш әкелінді. Сыртқа мал және мал шаруашылығының өнімдерін, сондай-ақ, ер-тоқымдар, садақ, қорамсақ, маталар, темір мен семсер шығарды. Аса маңызды керуен-сауда жолдарында керуен сарайлар орналасты, құдықтар болды. Өзендер арқылы көпірлер салынды. Қала мен дала арасындағы сауда барынша қыза түседі. Қала халқы жылқы, ірі қара малын, жүн, шикізат, тері, киіз, сүт өнімдерін сатып алатын болса, көшпенділер есесіне мата, нан, ыдыс-аяқтар алды.

ХІ-ХІІ ғасырларда тауар-ақша қатынастарының дамуы заттай (натуралды) айырбасты ығыстырды. Исфиджабта, Отырар, Тараз бен Яссыда теңге сарайы жұмыс істей бастады. Айналымда өте әрқилы теңгелер болды, бірақ кең таралғаны дирхема еді. Қала халқының өсуі ауыл шаруашылығы тауарлылығының артуын талап етті, осыған байланысты қолдан суландыру жүйесі жетілдірілді. Бау-бақшамен айналысу, жүзім өсіру, диқаншылық, үйдегі мал шаруашылығы қалалықтардың шаруашылығында маңызды рөл атқарды. Қазақстанда айқындалған дамудың табиғи барысын моңғол шапқыншылығының күйзелістері үзіп жіберді.

Феодализмнің одан арғы даму барысының тежелу себебі - егіншілік пен қала мәдениетінің күрт құлдырауы мен шаруашылықта экстенсивті көшпелі мал шаруашылығы үлесінің артуы болды.

ХІҮ ғасырда экономикалық қайта өрлеу, феодалдық қатынастардың нығаюы жағдайында Алтын Орда мен Шағатай болысында жергілікті түрік билеуші топтарының бағыты күшейе түсті, олар бұл елдерде өз биліктерін құру үшін күрес жүргізді, бұл түпкі нәтижесінде олардың ыдырауының бір себебі болды. Олардың қираған орындарында - Қазақстан аумағында Көк орда, Монғолстан, Әбілхайыр хандығы, одан кейін Қазақ хандығы сияқты мемлекеттер пайда болды.

Өте ұзақ уақыт ширегіндегі Қазақстан экономикасы дамуын қысқаша қорытындылай отырып, келесі жағдайды атап өтуге болады: тас ғасырының дәуірі адамзат тарихында ұзаққа созылды бұл тұста оның шаруашылық әрекетінің негізі - еңбек құралдарының көмегімен қоршаған табиғи ортаның өнімдерін пайдалану бағыты іс жүзінде өзгермеді.

Алғашқы қауымдық құрылыс экономикасының одан ары дамуы жоғары қарқын ала бастады, әрі ол егін және мал шаруашылығының, үйдегі қолөнер кәсібінің, тау-кен ісі мен металлургия нышандарының пайда болуына, Қазақстанның әр түрлі аймақтары арасында шаруашылық және айырбас қатынастарының қалыптасуына алып келді. Сөйтіп, өндіруші шаруашылықтың кезеңі басталды.

Табынды мал шаруашылығы, суғармалы егіншілік қарқынды түрде дами бастайды, қалалар өркендеп, сауда мен көптеген қолөнер кәсіпшілігі түрлерінің орталығына айналады, металлургия мен құрылыс ісі жетілдіріледі, ақша жүйесі нығая түседі.

Қазақстан экономикасы тұтастай алғанда, жақсы дамыған экстенсивті көп түрлі мал шаруашылығымен қатар жоғары деңгейдегі егіншілік мәдениеті қалыптасқан кешенді сипат алады.

Табиғат бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғат пен тікелей байланысты өтіп келеді.
Табиғаттың бөлінбес болшегінің бірі - өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. «Гүл - дүние көркі». Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымыз осы гүлдер әлеміне арналады.
Раушан немесе Райхан гүлі - хош иісті, ең әдемі, көрікті гүлдердің бірі. Ол гүлдердің патшасы, раушангүлділер түқымдасына жатады. Римде бір күнді «Раушан күні» деп ерекше қадірлеп тойлаған. Сондықтан раушан нәзіктіктің символы, рухани күш беретін шабыт көзі деп ерекше бағаланған.
Біздер бүгін гүлдер әлеміне саяхат жасадық. Табиғатта гүлдердің түрі өте көп, олар сан алуан. Олар туралы бір ғана тәрбие сағатында айтып жеткізу мүмкін емес. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді.

Еліміздің табиғаты өте бай және ғажайып. Көктем және жаз мезгілінде еліміздегі әрбір аймақ әсем гүлмен көмкеріледі. Алуан түрлі гүлдер айналамызды түрлендіріп, ерекше сән береді.

Гүлдер біздің жер шарымызды көркейтушілер. Гүлдерді барлығымыз жақсы көреміз. Гүлдер бізге қуаныш сезімін әкеледі, сондықтан да барлық мерекелік іс - шараларда гүлдер пайдаланылады. Гүлдер туралы ақындар көптеген өлеңдер жазады. Композиторлар әуезді әндер шығарады. (П. И. Чайковский «Вальс цветов») . Ал суретшілер небір суреттер салады.

Өкінішке орай, тірі гүлдер көпке шыдамайды. Бірнеше күннен кейін олар солып, өздерінің әдемілігінен айыралады. Мерекелік қуаныштың әсерін ұзақ сақтау үшін, адамдар жасанды гүлдер жасауды үйренді. Олар жасаған гүлдердің әсемдігі соншалық, олардың табиғи гүлдерден еш айырмашылығы болмады.
Кейіннен гүлдерді киімдерді сәндеуге, шаштарды әсемдеуге қолданатын болды. Қазіргі қалыңдықтың киімін де гүлдерсіз елестету мүмкін емес. Жай ғана күнделікті тұрмыстағы киімнің өзін гүлмен сәндесеңіз, киіміңіз құлпырып шыға келеді. Бүгінгі күні сән әлемінде жасанды гүлдің алатын орыны ерекше. Жасанды гүлдермен тек қана костюм, көйлектерді емес, сонымен қатар қол сөмкелерін, бас және аяқ киімдерді де безендіретін болды. Дүкендердің көрмелерін, үй жабдықтарын сәндеуде де гүлдер қолданылады.

Гүл жасауды әркім үйрене алады. Ол үшін біраз шығармашылық қиял мен шыдамдылық қана керек. Табиғат - біздің ақылшымыз, көмекшіміз. Сол табиғаттың тірі гүлдерінің әсемдігін жүрегіңізбен сезсеңіз, қолдарыңыз сол сұлулықты бұлжытпай қайталап жасап бере алады. Сұлулықты қолдан жасау үшін оның болмысын жүрекпен сезіп, көзбен көріп сезіну керек. Сонда ғана еш қиындықсыз гүлдің түр - түрін жасай алуға болады.

Жұмыс соңында отырған орыныңды жинақтап, ине, түйреуішті түгендеп алу керек.

Раушан гүлін жасауға әр түрлі материалдарды пайдалануға болады. Гүлдің көзге тартымды көрінуі материалға байланысты және оны орындау тәсілі қарапайым болып келеді. Практикалық жұмыс. Техника қауіпсіздігін сақтау. Раушан гүлін жасау үшін ұзындығы 60 -70 см, ені 3-4 см жібек таспаны аламыз. Таспаның қыртыстарын үтіктеп, оны бір шетінен екі-үш рет орап шиыршықтаймыз. Шиыршықталған бөлік гүлдің орталық өзегі болады. Оралған таспаның төменгі жиегін қысып ұстап, ине-жіппен бір-екі шалып тігіп бекітеміз. Таспаның қалған бөлігін шиыршықтап, гүлдің күлтелерін жасаймыз. Таспаны ораған сайын төменгі жиегін ине-жіппен тігіп, бекітіп отыру қажет. Ширатылған таспаның жоғарғы жиектерін сыртқа қарай шалқайта бүктегенде, раушан гүлі ашылып келе жатқандай әсер қалдырады. Гүл композициясын толықтыру үшін оның жапырақтарын дайындаймыз. Ұзындығы 8 см, ені 4 см жасыл түсті матадан таспа жасаймыз. Таспаның теріс бетін ішке қаратып қойып, жоғарғы екі жақ шетін бүктейміз. Сонда үшбұрышты пішін пайда болады. Үшбұрыштың төменгі екі ұшын бір-біріне айқастырып, инемен іліп тартамыз. Астыңғы жағы жиырылып, сүйір жапырақ болып шығады. Дайын болған бірнеше жапырақтармен гүлді әсемдейміз. Раушан гүлін кенеп тартылған жақтауға бекітіп, іліп қоямыз.

Таспа туралы қысқаша мәлімет

Ерте кезден-ақ жіңішке мата жолақтары адамдардың күнделікті және шаруашылық қызметінде кеңінен қолданылған. Сол кездің өзінде Ежелгі Грецияда әйелдер әдемілік үшін шаштарын мата жолақтарымен жинаған. Ежелгі Римде алтынмен, қымбат тастармен әшекейленген жолақтарды әйелдер шаштарына қосып өрген. Сонымен қатар, түрлі-түсті ленталармен киімдерді безендірді, әрбір әлеуметтік сатыға сәйкес өз түсі және материалы болды.

Орта ғасырда Италияда отырғыштардың арқалықтарын әсемдеп, қыстың күндері суықтан қорғайтын қалың маталы терезе жапқыштарды байлаған.

Шамамен осыдан 400 жыл бұрын, Жпонияда әйелдердің шаш сәндеу стилі өзгерді: әйелдер түзу шашты қызықшыл және назды үлгіде қоя бастады .

Шашты ретке келтіру үшін әр түрлі заттарды қолданды - шаш түйреуіштер, таяқшалар, жоталар.

Жапондық канзаши (kanzashi) - бұл жапон әйелдерінің дәстүрлі шаш қоюына арналған ұзын шаш түйреуіштері. Олар ағаштан, лак, күміс және тасбақа сауытынан жасалған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі мектепте сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақытта өткізілетін оқытудың түрі
Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері
Шетел тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар
Көркем еңбек сабақтарында үйірме және шығармашылық жұмыстардың жасалу жолдары
Қазақтың дәстүрлі қолөнерінің туындау негізі
Абстракция туралы ұғым
Оқушылардың графикалық білімін, дағдысын қалыптастырудағы психология шеберлігі
Орта мектептегі сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқытудағы қолданылатын әдістер
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
ГРАВЮРА ӨНЕРІНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz