ҚАЗАҚ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
і. ҚАЗАҚ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ДАМУ ТАРИХЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Тоқу - қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7 1.2 Шикізатты өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
ІІ. ТОҚУ ӨНЕРІ. ТОҚУДЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1 Тоқыма тоқу арналған қажетті құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Бізбен тоқу. Бізбен тоқу барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Тоқыма метериалдарын өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Кардиган тоқу әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Сәндік қолданбалы өнер ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігінде, қолөнер ұғымының аясында қабылданып, пайдаланылып келді. Сәндік - қолданбалы өнер, қолөнерінің өңделі жетілген формасы іспеттес болғандықан, екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше, олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны қол өнер, сәндік-қолданбалы өнер ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді.
Сәндік қолданбалы өнердің мазмұнын ажыратып көрсетуге, сәндік қолданбалы өнерінің түрлерінің кейбіріне толықтырулар ендіруге мүмкіндік береміз. Мысалы, зерттеу мақсатына қарай біз Тоқыма өнері, Киіз өнері Кесте және тігін өнері, Ши өнері топтамалары аясында былайша толықтырамыз. Тоқыма өнері: Бізбен тоқу (киім, тұтыну бұйымдары), Ілмекпен тоқу, Спицамен тоқу т.б.
Әрине, сәндік қолданбалы өнер бұйымдарының әрбір тобын өз кезегінде көркем кәсібіне қарай бөлуге де болады, өйткені әрбір кәсіптің өзінің өрнегі, түр-түс үйлесімі, жасау әдісі және бұйымды әрлеу мен басқа да ерекше белгілері болады
Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнер өзінің тәрбиелік мүмкіндіктерін бүгін де жоғалтқан жоқ, керісінше, заман талабына қарай, оның көкейкестілігі бұрынғысынан да артып отыр. Оны өнертану, педагогика ғылымдары саласында жарық көрген еңбетер дәлелдеуде.
Менің пайымдауымша, бағдарлама бөлімдеріне қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін көбірек ендіріп, оның өзіндік ерекшеліктерімен, мазмұнымен, балалар мен жеткіншектердің технологиялық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерімен, оларды жасау технологиясымен оқушыларды таныстыру орынды болады. Еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны қазақ халық педагогикасы материалдарына, соның ішінде қазақ халқының сәндік қолданбалы өнеріне негізделуі қажет.Бұл біріншіден, халықтың сәндік қолданбалы өнер түрлерінің қағидаларын зерттелудегі сабақтастықты қамтамасыздандырады, екіншіден, әрбір сынып оқушылары үшін меңгерілетін сәндік-қолданбалы өнер түрлерін олардың күрделілігіне, жасалу технологиясына қарай, айқындауға, іс-әрекеттерде кездесетін жалпыламалық әдіс-тәсілдерді, білім, іскерліктерді саралап көрсетуге, оларды еңбектің жаңа бағатында, бүгінгі күннің талабын ескере отырып жаңа технологияда пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазақ халқының сәндік қолданбалы- өнері түрлерін меңгерту процесінде оқушылардың технолгиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланымыз.
Соңғы жалдары Технология қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін меңгерту мәселесіне аса мен беріп отыр. Бұл орынды да, өйткені қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің оқушылардың техногиялық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері өте жоғары.
Қазақстан жерінде жүннен әртүрлі бұйымдар тоқу ерте заманнан белгілі болған. Алтай жеріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тоқыма бұйымдар осыны дәлелдейді. Белігілі ғалымдар М.П.Грязнов пен С.В.Киселев сол заттардың сыртына салынған өрнектер қазіргі алтайлықтар мен қазақтардың, тяньшандық қырғыздардың оюларына өте жақындап атап көрсеткен.
Тоқу жіпті шалып алып және сол шалуларды бір-бірімен біріктіре отырып бұйым жасау барысы.Тоқу қолмен және арнаулы машина арқылы жүргізіледі. Бұйымды тоқудың алдында әуелі өлшеп алып, сол бойына үлгі жасалады.
Киім жасау үшін талшықтар қолданылады.
Барлық талшықтар таза (табиғи) және химиялық болып үлкен екі топқа бөлінеді. Табиғатта кездесетін талшықтарды табиғи деп, ал завод жағдайында алынатындарды-химиялық дейді. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді. Жасанды талшықтар да өсімдік, мал және минерал тектес болып келеді, сондықтан олар таза табиғи талшықтар сияқты целлюлозалық (вискозды, ацетатты, триацетатты, мысаммиакты және басқалар), белокты (казеинді), минералды (шынылық және металдық) болып бөлінеді. Жай заттар молекулаларын синтездеу (қосу) арқылы алынған талшықтарды синтетикалық деп атайды.
Синтетикалық талшықтардың негізінде күрделі органикалық қосындылар - полимерлер бар. Олар қарапайым молекулаларды синтездеу арқылы алынады.
І. ҚАЗАҚ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады.Сәндік қолданбалы өнерді әзірлеу үшін мынандай материалдарды қолданады: ағаш, сүйек, тас, әйнек, табиғи және жасанды заттар.Сәндік қолданбалы өнердің түрлері : керамика ( фарфор), әйнек (ыдыстар, құмыра, мозайкалар ), көркем оймыш ( ағаш, тас, сүйек, пластмасса), металдан жасалған көркемдік бұйымдар ( зергерлік бұйымдар ), жиһаздар ( сәндік маталар, киімдер ), ойыншықтар. Қай халықтың болса да тұрмыс - тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдары мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болады.
Сәндік-қолданбалы өнер ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігінде, қолөнер ұғымының аясында қабылданып, пайдаланылып келді. Сәндік-қолданбалы өнер, қолөнерінің өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтан, екеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайды, керісінше, олар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседі. Оны қол өнер, сәндік-қолданбалы өнер ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді. Біз ғылыми еңбектерде осы ұғымдарға берілген анықтамаларды жүйеге келтіреміз және сәндік қолданбалы өнер, өзінің бастауын қолөнерден алады, қолөнер туындыларының ою-өрнекпен әшекейленуі сәндік-қолданбалы өнердің пайда болуына себеп болады, деп ой түйіндейміз.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің бұл түрлерінің өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері, әшекейлік ою-өрнектері бар. Ою-өрнек латынның ornament - әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан. Оған көптеген ғалымдар (А.В.Филипов, С.В.Иванов, И.Г.Ковалев, К.Е.Ибраева, К.К.Ералин, Ж.Балкенов және т.б.) өздерінің анықтамаларын берген. Олардың бірі Ою-өрнекті үйлесімділік өнер десе, екінші - символдар байланысы, үшіншісі бейнелеу өнерінің өте ертеден келе жатқан түрі, төртіншісі - адамға қажетті тұрмыстық идеяларды шартты символикалық пішінде суреттейтін бейнелеу өнерінің айрықша түрі, бесіншісі қазақ ою-өрнегі көркем бұйымдарды әшекейлеудің ең басты көркемдік элементі, тағы бірі қазақтың өрнегі - қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі бөлігі және заңды жалғасы деп түсіндіреді. Солардың ішінде ою-өрнек ұғымдық мәнін С.Қасиманов, Ұ.Әбдіғапбарова толық ашып көрсетті десе болады. Егер С.Қасиманов: ... ою деген сөз бен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау, немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, көбінесе ою-өрнек қосарланып айтыла береді - десе, Ұ.Әбдіғапбарова: қазақ ұлттық ою-өрнегі дегеніміз, адам өміріне қажетті заттарды, бұйымдарды, архитектуралық құрылыстарды сәндеуде, халықтың тыныс-тіршілігін, қоршаған ортаға көзқарасын, одан алған эмоционалдық-эстетикалық әсерін және ой-арманын, тілек-мүддесін әсем талғаммен өзара үйлесімділікте бейнелі жеткізуге ықпал ететін нақыштар - деп ой тұжырымдайды. Екі түсінік те бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бірін-бірі толықтыра түседі, ою-өрнек ұғымынан толық мағлұмат алуға көмектеседі. Сонымен, сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне жасаған талдау оларды технологиялық мүмкіндіктеріне қарай жіктемелеуге (бұйымды жасау үшін қолданылатын материалына қарай, бұйымдарды қолдануына қарай; дайындау әдісіне қарай; көркемдік әшекейленуіне қарай; мағынасына қарай) септігін тигізді.
Әрине, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының әрбір тобын өз кезегінде көркем кәсібіне қарай бөлуге де болады, өйткені әрбір кәсіптің өзінің өрнегі, түр-түс үйлесімі, жасау әдісі және бұйымды әрлеу мен басқа да ерекше белгілері болады.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің технологиялық мүмкіндіктерінің жіктемесі Көркемдік-бұйымды жасауда қолданылатын материалына қарай: ағаштан, металдан, сүйектен, мүйізден, тастан, керамикадан, шыныдан, теріден, тоқыма жіптен, матадан, былғырыдан жасалатын көркемдік бұйымдар және т.б.
Көркемдік бұйымның қолданылуына қарай: күнделікті тұтынатын бұйымдар (ыдыс, кесетін тақтай, асхана жиынтығы, жиһаз және т.б.) Сәндік бұйымдар (кілем, алаша, басқұрлар, текемет, сырмақ, әйелдер, ерлер киімдері және т.б.). Әшекей заттар (сырға, жүзік, білезік, алқа және т.б.) және сыйлық заттар (төс белгілер, шақша және т.б.)
Көркемдік бұйымды дайындау әдісіне қарай: құйма, шекіме, дәнекерлеу, ойылған, ағаш ұқсату, темір ұсату, бізбен тоқу, өру, тоқу, кестелеу, үрлеу, басылу, күйдіру, балқыту, металды иіп өрнектеу, өрмек тоқу, ши орау, сымақ сыру, шілтер шалу, жүн сабау, арқан есу және т.б.
Көркемдік бұйымның әшекейленуіне қарай: бедерлеу, бетін өрнектеу, ойма-нақышты, бастырмалау, шекімелі, күйдірілген, жазба, егелген және т.б.
Көркемдік бұйымның мағынасына қарай: ертегі мен батырлар жырына тарихи оқиғалар мен қазіргі шындыққа негізделген көріністер; өсімдік және жануарлар әлемін бейнелетін көріністер.
0.1 Тоқу - қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер
Тоқу өнері - қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі - тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.
Іліп тоқуға арналған иірім жіп түрлері:
Мақта иірімжібі
Кашемир
Жүн иірімжібі
Вискоза
Альпак
Фасонды иірім жіп
Ангор
Мохер
Зығыр
Жүн - жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой , ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні - күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.
ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30см шамасында сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген. Оның ішкі тесігінің диаметрі-2, 5 мм, ал, сыртқы өлшемі -30мм.
1.2 Шикізатты өңдеу
Жүн дегеніміз жануарлардың мата, киіз-шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белігілі бір физикалық қасиеттері бар түк.
Жүн
Түбіт
Ешкі Жүнінен
алынады
Күзем
Күзде
қырқылады
Жабағы
Жазғытұры
қырқылады
Шүйкелейді
Ұршықпен иіреді ширатады
Сұрыптайды
Тазартып
жуады
Өңдейді
Түтеді
тарайды
Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші аппараттар қолданылады.
Жүннен жасалған бұйымдар гигиеналық тазалығымен,сыртқы түрінің әдемілігімен көзге түседі және оларды халық көп тұтынады. Қойдан немесе тері шикізатты өңдеуге жіберілетін қой терісінен қырқып алынған жүн табиғи жүн деп аталады.
Қазіргі өнеркәсіп жүннен басқа мақта, зығыр,кендір, жүт, кенеп және басқа да өсімдік текті талшықтарды, сондай-ақ химиялық өнеркәсібі жасап шығаратын жасанды және синтетикалық талшықтарды пайдаланады. Жүн - терінің арнаулы түзіндісі, ол белокты қосылыс - кератиннен тұрады. Жүн кератинінің ерекшелігі мынада: онда басқа белоктардағыға қарағанда күкірттіңң мөлшері едәуір көп болады.
Жүн эмбрионалдық кезеңде-ақ қалыптаса бастайды.60-70 күндік эмбрионаның терісінде жүн талшықтарының фолликула деп аталатын бастамасы пайда болады. Оны біріші реттік және екінші реттік фолликулалар деп бөледі. Жүн әркелкі болып келетін қойдың бірінші реттік фолликуласынан қылтық, сондай-ақ аралық немесе өлі жүн өсіп жетіледі, ал биязы жүнді қойларда одан -- неғұрлым қалың түбіт өсіп жетіледі. Бірінші реттік фолликула түзілуден бірнеше күн өткен соң екінші реттік фолликула пайда болады. Шағын өлшемді болып келетін екінші реттік фолликуладан неғұрлым жіңішке түбіт талшықтар өсіп шығады. Қозы туғаннан кейін теріде жаңадан фолликулалар түзілмейді.
Фолликулалар санының аз немесе көп болуы малдың тұқымына, тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне, сондай-ақ саулықтарды буаз кезінде азықтандыру жағдайларына байланысты. Фолликулалардың келешектегі дамуы да азықтандыруға байланысты болады. Қозы қолайсыз жағдайларға тап болғанда онда түзілген фолликулалар толық жетіле алмайды және осының салдарынан түк (жүн) түзе алмайды. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: буаз саулықтарды құнарлы азықпен азықтандыру және төлдерді күтіп-бағудың жақсы жағдайларын түзу арқылы фолликулалардың жетілуіне ықпал жасауға және осы арқылы қойдың жүн өнімділігін арттыруға болады. Шамамен 120 күндік эмбрионның фолликулаларынан қылшықтар өсіп жетіле бастайды, олар бұдан соң біртіндеп терінің бетінде пайда болады.
Фолликулалар теріде топ-топ болып орналасады. Осындай топтың әрқайсысына бір бірінші реттік және бірнеше екінші реттік фолликулар, бір тер безі және бірнеше май бездері кіреді. Терінің қылшықпен бірігіп өскен учаскесі түк үрпісі деп, ал талшықтың үрпіні қоршап жатқан төменгі бөлігі -- түк баданасы деп аталады. Түк (жүн) осы беліктен өседі. Түк баданасының клеткалары қоректік заттарды қан тамырларының капиллярлары арқылы қабылдайды. Клеткалар бөліну жолымен көбейеді және біртіндеп үрпіден қашықтай береді, ал қашықтай келе олар қорек қабылдауды тоқтатады да қасаңданады, сөйтіп, жансыз қасаң түзілістерге айналады. Міне, осы түзілістер жүн талшықтарының массасын құрайды. Қылшықтың теріде болатын бөлігі түк түбірі деп, ал терінің бетіне шығып тұрған қалған бөлігі түк өзегі (кіндігі) деп аталады. Талшықтың түбірі тұрған жерді түк қынабы деп атайды. Қынаптың бүйір жақтарына май бездері орналасқан. Олардың шығару өзектері қынаптың ішкі жағына оның жоғарғы бөлігінен келіп кіреді. Құрылысының осындай болуының арқасында қылшықтың түбір белігі май бездерінің секреті -- тері майымен үнемі майланып тұрады.
Қылшықтың құрылысы. Әр түрлі қылшықтардың өзіне тән гистологиялық құрылысы болады. Түбіт талшықтары қабыршақты және қыртысты қабаттан тұрады, ал басқа қылшықтардың бұған қоса өзек қабаты болады.
Қабыршақты қабат -- талшықты судың, күн мен шаң-тозаңның және т. б. бүлдірушілік әрекетінен қорғайтын, оның сыртқы қабықшасы. Ол әр түрлі пішінді қасаңданған клеткалардан тұрады. Мәселен түбіттің қабыршақты қабаты қыртысты қабатты қамтитын сақинаға ұқсас. Неғұрлым жуандау келген басқа талшықтардың қасаңданған клеткалары үй шатырындағы бірін-бірі ұштаса жабатын черепица тәрізді жалпақ болады. Осындай құрылысының арқасында қылшық жал тәрізденіп келеді. Қабыршақтың зақымдануы қылшықтың мықтылығын, серпімділігін және басқа да физикалық қасиеттерін бұзады.
Қыртысты қабат -- қылшықтың негізгі массасы. Ол ұршық тәрізді клеткалардан тұрады және қабыршақты қабаттың астыңғы жағында болады. Талшықтың мықтылығы, серпімділігі мен созылғыштығы қыртысты қабаттың касиетіне байланысты. Қыртысты қабаттың клеткаларында бояғыш зат -- пигмент болады, жүннің түсі осы пигментке байланысты.
Өзек қабаты тек қана қылтықта, өлі жүн мен аралық жүнде болады. Ол талшықтың ортаңғы белігін алып жатады және өзара бос байланысқан клеткалардан тұрады. Қлеткалардың арасындағы қуыста ауа толы болады. Өзек қабаты тұтас қара сызық немесе үздік-үздік сызық түрінде қылшықтың ортаңғы бөлігіне орналасады. Бұл қабат неғұрлым мықты жетілсе, талшықтардың беріктігі соғұрлым нашар болады. Мұндай қылшықтардың бұйрасы аз және кейде тез үзіледі.
Жүн талшықтарының түрлері. Қойдың жүнін талшықтары жөнінен мынадай негізгі түрлерге бөледі: түбіт, қылтық, аралық жүн және өлі жүн. Қылтықтың түрлері ретінде қатаң қылшық пен қозы жүн кездеседі.
Түбіт -- жүннің ең бағалы бөлігі болып табылады. Биязы жүнді қойлардың жүні түбіттен тұрады. Түбіт қылшықтарының жіңішкелігі 14,5 -- 25 микрон аралығында, ал ұзындығы 5 -- 15 см аралығында болады. Түбіт талшықтары әрқашан да жақсы бұйраланып тұрады. Қылшық жүнді қойлардың жүнінде де түбіт болады, ол, әдетте, оның төменгі қатарын түзеді.
Қылтық -- жүннің маңызы шамалы бөлігі. Ол әр текті ұяң және қылшық жүннің құрамына кіреді. Қылтығы аз иректелген. Ол әрқашан дерлік түбіттен ұзын болады (роман қойларының жүнінен басқа). Қылтығының жіңішкелігі 50 -- 150 микрон аралығында және онан артық та болады.
Өзінің техникалық сапасы бойынша аралық жүн қылшықтардың бағалы түрлерінің бірі болып табылады. Оған едәуір мықтылық пен серпімділік қасиет тән. Оның бұйралығы әдетте толқын тәрізді болып келеді. Жуандығы жөнінен түбіт пен қылтықтың арасындағы орташа түр болып саналады. Аралық жүннің орташа диаметрі көбінесе 26 -- 50 микрон аралығында болады. Аралық жүн -- жартылай биязы жүнді қой түқымдары жүнінің негізі, ол барлық ұяң және қылшық жүнді қойларда да кездеседі. .
Өлі жүн -- мата жасау ісіне жарамсыз келеді. Ол морт, қатты болады, бұйрасыз және бояу алмайды. Өлі жүн талшығының жуандығы 100 -- 400 микрон аралығында болады. Қой жүнінде өлі жүн кездескен жағдайда бұл жүннің құндылығы күрт кемиді.
Қатаң қылшық дегеніміз қылтықтың жоғарғы жартысында шайыры жоқ түрі. Осының нәтижесінде талшық қатты, морт болып, қалыпты қылтыққа карағанда мықтылығынан айрылады. Жабағы жүнде кездесетін қатаң қылшық жүннің құндылығын кемітеді.
Қозы жүн дегеніміз биязы жүнді койдың бір жасқа дейінгі қозыларының жүнінде кездесетін талшықтар. Қозы жүн өте ұзындығымен, талшықтарының жуандығымен және бұйрасының аз болуымен көзге түседі. Жүнді бірінші рет қырқудан кейін мұндай талшықтар, әдетте, түседі де, оның орнына биязы жүнді қойларға тән талшықтар өседі.
Жабын жүннің өнеркәсіптік маңызы жоқ. Бұл қысқа жүн, талшықтары түзу және өте қатаң. Ол қойдың сирақтарында, бастың бет бөлімінде, кейде құйрығы мен құрсағында өседі.
Жүннің түрлері. Жүннің мынадай түрлері болады: биязы, биязылау, үяң және қылшық жүн. Биязы жүн диаметрі 25 микроннан аспайтын түбіттен тұрады. Ол жақсы ұсақ бұйраларының болуымен, мықтылығымен, созылғыштығымен және басқа да жақсы қасиеттерімен көзге түседі. Ол биязы жүнді қойлардан, сондай-ақ қылшық жүнді қойлар мен биязы жүнді қойлардың қошқарының жоғары қанды буданынан алынады. Ең жақсы биязы жүн меринос жүні деп аталады.
Биязылау жүн де бір текті болып келеді және неғұрлым қылшықты түбіттен немесе аралық биязы жүннен немесе диаметрі бойынша ажырату қиынға түсетін осы талшықтардың қоспасынан тұрады. Биязылау жүн талшықтарының жуандығы 25 микроннан астам. Биязылау жүнді қой тұқымынан, қойдың тез жетілетін етті тұқымдарынан, сондай-ақ қылшық жүнді қой саулықтарын жартылай биязы жүнді қойдың қошқарларымен шағылыстырудан алынған кейбір будандардан осындай жүн алынады. Биязылау жүннің ерекше бір түрі -- кроссбред жүнін жүннің осы түріне жатқызады, ол өзіне тән бұйрасының болуымен, талшықтарының жіңішкелігінің біркелкілігімен, өте ұзын болуымен және кейде өңінің жылтырлығымен көзге түседі. Биязы жүнді қой саулықтарының линкольн қойының қошқарларымен буданынан, сондай-ақ кейбір таза тұқымды қойлардан (солтүстік кавказдық етті-жүнді, тянь-шаньдық қой, т.б.) осындай жүн алынады.
Әр текті жүн ұяң жүн деп аталады. Мұндай жүн I -- II ұрпақтың (қылшық жүнді қойдың саулықтары X биязы жүнді қой тұқымының қошқарлары) буданынан, тәжік және сараджи тұқымының қойларынан алынады. Ол түбіттен, аралық жүн мен айтарлықтай жіңішке қылтықтан тұрады.
Жүннің техникалық қасиеттері. Жүннің техникалық қасиеттеріне оның талшығының ұзындығын, жіңішкелігін, бұйралығын, мықтылығын, иілгіштігі мен созылғыштығын, серпімділігін, өңінің жылтырлығы мен түсін жатқызады. Қойларды бонитировкалау мен жүнді кластарға бөлу кезінде осы қасиеттерге қарай отырып, жүннің құндылығын белгілейді.
Жүн талшығының ұзындығы -- оның құндылығын анықтайтын, жүннің негізгі қасиеттерінің бірі. Жүннің табиғи ұзындығын талшықтың иректерін түзетпестен, табиғи күйінде штапелінде немесе тұлым жүнінде өлшейді. Жүн талшығын көрместен, иректері түзетілгенше созып алған өлшемді қылшықтың нағыз ұ зындығына жатқызады.
Жүн талшықтарының ұзындығы қойдың тұқымына, жынысы мен жасына, жылына неше рет қырқылатынына және малдың жеке ерекшелігіне байланысты. Биязы жүнді қой тұқымдарынан ең қысқа жүн алынады, оның ұзындығы, әдетте, 5 -- 10 см болады. Кейбір биязылау етті-жүнді қой тұқымдарынан ең үзын жүн алынады. Мысалы линкольн, куйбышев және басқа қой тұқымдарының жүнінін. ұзындығы 12 айлық кезінде 20 -- 40 сантиметрге жетеді. Қылшық және үяң жүнді қойлардың жүн талшықтарының ұзындығы 20 -- 30 сан-тиметрге жетеді. Көктемгі қой қырқу кезінде олардың жүнінің ұзындығы 7 -- 10 сантиметрден 25 -- 30 сантиметрге дейін, ал күзгі қой қырқу кезінде 7-ден 15 сантиметрге дейін жетеді. Қойдың жасы өскен сайын жүн талшықтарының ұзындығы өзгереді. Бір жастағы қозыларда ол барынша ұзын болады. 5 -- 6 жастан асқан қойлардың жүнінің өсуі баяулайды.
Малдың денесінде ұзындығы әркелкі жүн өседі. Қойдың жаурыны мен бүйірінде және санында ең ұзын, ал бауырында ең қысқа жүн талшықтары өседі. Жүннің ұзындығы қойды азықтандыру дәрежесіне байланысты және ол жүн қырқу шамасына күшті әсер етеді: жүн талшықтары неғұрлым ұзын болса, басқа жағдайлардың бәрі бірдей болған кезде, қырқылатын жүннің мөлшері соғұрлым көп болады.
Жүн талшықтарының ұзындығы оның жіңішкелігімен көбінесе кері қатынаста болады. Неғұрлым жіңішкелеу келетін, бір текті жүн неғұрлым жуандау келетін жүн талшықтарынан көп жағдайда қысқалау келеді. Алайда мал тұқымын асылдандыру жұмысын іскерлікпен жүргізе білу арқылы жүн талшықтарының ұзындығы оның қажетті жіңішкелігіне сай келетін қой отарларын құруға болады.
Жүн талшығының жсіңішкелігі -- жүннің сапасын анықтайтын, маңызды қасиеттерінің бірі. Оны қылшықтың көлденең қимасының диаметрін өлшеу арқылы анықтайды да, микронмен белгілейді. Жуылған 1 кг биязы жүннен (талшықтарының орташа диаметрі 20 -- 25 микрон) 3 -- 4 м2, ал 1 кг қылшық жүннен (45 -- 55 микрон) бар болғаны 1 м2 шамасында сапасы жақсы жеңіл мата жасап шығаруға болады
ІІ. ТОҚУ ӨНЕРІ. ТОҚУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Тоқыма тоқу арналған қажетті құралдар
Тоқыма үшін қажетті құралдар:
1. Біз.
2. Жіп
Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы:
1. Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz