Өзін-өзі тану сабағында коммуникативті мәдениетті қалыптастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ЗЕРТТЕУ МЕН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ

Құзыреттіліктің қүрамына коммуникативтік үдерістің тиімді, табысты өтуіне қамтамасыз ететін білім, білік пен дағдылардың қандай да бір жиынтығы кіретін болғандықтан, зерттеу жүйесін кұрудың төмендегідей стратегиясын ерекшелеуге болады: кұзыреттілік компоненттерін (білім, білік, дағды) тізбектеу жэне компоненттердің эрбірін бағалау үшін сәйкесті психологиялық процедураны іріктеу. Алайда іс жүзінде мүны тиімді жүзеге асыру мүмкін емес - қүзыреттілікті зертгеу ісі кеңейіп, тереңдей түседі, сенімділіктің қарапайым критерийлеріне жауап беретін диагностикалық қүралдарды даярлау ырғағы анықталып отыратын компоненттер санының өсу ырғағына ілесе алмайды. Нақтылай айтқанда, қүзыреттілікті зертгеуде оның аз ғана қүрамын бағалаумен шектеліп жүр. Жан-жақты, толыққанды зертгеудің аса қиындығына байланысты, бағалау үшін қүзыреттіліктің негізгі компонентгерін іріктеу критерийлерін айқындап алған абзал.
Негізгі іріктеу критерийлері ретінде екі критерийді айтуға болады, олар зерттеудің үстанымдары ретінде қалыптасады:
1. Қазіргі белсенді немесе келешек ортаны бағаламай түрып, жеке түлғаны бағалауға болмайды.
2. Дамусыз бағалау мүмкін емес.
Бүл баптарды, ережелерді қабылдау психодиагностика жүйесінің элементтері қатарына жатқызылмақ элементтер тобын едэуір сиретеді. Диагностика өзінің жүйелік сипатына коммуникативтік қүзыреттіліктің мазмүнын қарастыру арқылы ие болады. Ал мазмүнды сараптау, талдауды белгілі бір теориялық негізге сүйенбей жүргізу мүмкін емес.
Коммуникативтік қүзыреттілікті мазмүндық түрғыдан сараптаудың теориялық негізі ретінде оның пэндік қызметінің қүрылымы туралы үғым-түсінік алынады. Бүл орайдағы ең маңыздысы іс-әрекеттің бағдарлау жэне атқарушы бөлімдерін ерекшелеу, сонымен бірге іс-эрекеттің ішкі ресурстары, қүралдары туралы түсінік те аса маңыздылардың қатарында.
Коммуникативтік қүзыреттілік тұлғааралык қарым-қатынастың белгілі бір жағдаяттар ауқымында тиімді іс-әрекет (коммуникативтік іс-эрекет) кұруға қажетті ішкі ресурстар жүйесі ретінде қарастырылып жүр.
Қандай да бір іс-әрекет секілді, коммуникативтік акттың қүрамына жағдаятты сараптау мен бағалау, іс-әрекет мақсаты мен қүрамын айқындау, жоспарды жүзеге асыру мен оны түзетіп отыру, тиімділікті бағалау кіреді. Қүзыреттілікті зерттеу үшін коммуникативтік жағдаяттарда бағыт-бағдар үшін қолданылатын іс-әрекеттің ішкі қүралдарының қүрамын талдау аса маңызға ие. Жағдаятты шынайы талдау мен оны бағамдауды қамтамасыз ететін когнитивтік ресурстарды бағалау коммуникативтік қүзыреттілікті зерттеудің алғашқы кезектегі міндеті боп табылады.
Коммуникативтік эрекеттің бағдарлық бөлшегінің қүзырет- тілігін зерттеу нақтылы жағдаяттарды сараптау әдістеріне негізделген эдістемелердің көмегімен де ішінара жүргізіліп отырады. Бұл эдістің бір шектеулі тұсы - коммуникативтік іс- эрекетті бағдарлауда қолданылатын когнитивтік ресурстарды тікелей бағалауға мүмкіндік бермейді. Ал өзге жағынан қарағанда, бүл эдіс оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді. Сараптау мақсатында сәйкесті жағдаяттарды іріктеуде тәжірибеден өтушінің өзінің күнделікті тірлігі мен кәсіби қызмет саласында кездесіп отыратын міндеттер санабына іріктелген материалдың сәйкестілігінің қамтамасыз етілуі де маңызды.
Коммуникативтік қүзыретгілікті толыққанды зертгеу немесе коммуникативтік актгың ресурстарын бағалау іс-эрекетті жоспарлауды қамтамасыз ететін ішкі қүралдар, ресурстар жүйесін сараптау дегенді білдіреді. Қүзыреттілікті бағалауда шешімнің түрлі сандық-сапалық сипатгары қолданылады. Олардың арасында тиімді, үтымды шешімдер түрлерінің саны басты орында.
Әлеуметтік өзара қарым-қатынасты зерттеу жүмыстары көр- сеткендей, адамдар ауызекі қарым-қатынас үдерісінде бірлескен іс- эрекеттерді реттеу ережелерінің күрделі жүйесіне арқа сүйейді. Бүл ережелер жүйесінің қүрамына жергілікті әлеуметтік аспект, рэсімдер, тартыс белсенділігін реттеу ережелері кіреді. Бір адамның жалпыға бірдей қабылданған ережелерді білмеуі оны қоршаған ортада ыңғайсыздық сезімін туғызады, алайда бүл қүбылысты психодиагностика мақсатында қалай қолдануға болатындығы белгісіз. Коммуникативтік қүзыреттіліктің бұл кұрамдас бөлшегін толыққанды сараптау қүрамдарын түзу - болашақтың ісі.
Коммуникативтік іс-эрекеттің атқарушы бөлімін зерттеу эрекеттің операциялық қүрамын сараптау мен бағалауға негізде- леді. Операциялық қүрамды зерделеу бақылау арқылы табиғи жағдайда немесе арнайы үйымдастырылған, шынайы өзара қарым- қатынас жағдаяттарын қайталаушы ойын жағдаяттарында жүзеге асырылады. Бұл жерде бақылаудағы тұлғалар мінез-қүлқын түсіріп алудың техникалық қүралдары (аудио жэне бейнежазғыш аппаратура) маңызды рөл атқармақ, себебі оларды қолдану бақылау деректерінің нақтылығы, дэлдігі мен сенімділігін арттырады жэне ең бастысы, бақылауға алынған тұлғаның өзін талқылау, сараптау үдерісіне қатыстыруға болады.
Талдаудың алғашқы кезеңінде қолданылатын коммунпка-тпвтік эдіс-амалдарды тізбектеу жүргізіледі. Оның қүрамына сөйлеу ырғағы, интонация, мимика мен пантомимика, ым-ишарат, көзқарас, ауызекі қарым-қатынас кеңістігін үйымдастыру т.б. кіре алады.
Бағалау сипатгарының бірі ретінде қолданылмақ коммуника- тивтік әдіс-амалдардың санын алуға болады. Ал екінші сипатына қолданылып отырған техникалық тэсілдің орындылығын, сэйкестілігін жатқызамыз. Коммуникативтік эрекетгің операция-лық элеуетінің бұл сипатын бағалау аудио, бейне жазбаны бағалау барысында сарапшылардың пікірлері арқылы жүргізіледі.
Ересек жандардың коммуникативтік қүзыреттілігін дамыту мен жетілдіру мәселесіне деген қазіргі заманауи көзқарастың мэні - оқу өзіндік іс-әрекет негізіндегі озін-озі дамыту мен өзін-өзі жетілдіру ретінде қарастырылады, ал қүзыреттілікті зерттеу, бағалау түлғаның озін-озі зерттеуіне, бағалауына айналуы тиіс. Қүзыреттілікті зерттеу мэселесі сынаққа қатысушыны тестілеудің нэтижесін мэлімдеумен ғана шектелмейді. Бүл мэселенің мэні зерттеу үдерісін оған қатысушылардың пайдалы ақпарат ала алатындай етіп, яғни сол ақпарат негізінде өз мінез-қүлқын өз бетімен түзей алатындай етіп үйымдастыру қажет.
Коммуникативтік тәжірибенің жинақталуы түлғаның өзге адамдармен өзара коммуникативтік актілерге тікелей қатысуы негізінде ғана жүзеге аспайды. Коммуникативтік жағдаятгар сипаты туралы, тұлғаарапык қарым-қатынас мэселелері мен оларды шешу эдістері туралы мэлімет алудың көптеген жолдары бар.
Бүл реттегі арнайы көмек сэйкесті кері байланыс ала жэне бере білмеуден туындайтын жағдайда ғана талап етіледі. Мүндай жағдайда топтық жұмыс түрлері тиімдірек. Өзін-өзі талдау стилінде кұрылған бұл топтың қатысушылары топтың барлық мүшелерінің пікірлерін салыстыру барысында өздерінің коммуникативтік жағдаятқа берген анықтамаларын тексеруге мүмкіндік алады. Топтық жүмыс түрлерінің тағы бір маңызды тиімді қыры - сараптаудың, талдаудың әдістерін туындатуға болатындығы. Бүл әдістердің тиімділігі оларды реттеп отыруға болады. Топтық сараптаудың басты жетістігі коммуникативтік эрекеттерді бағдарлау қүралдары жүйесін зерттеу мен жетілдірудің бірыңғай процедурасы пайдаланыла алады.
Шынайы өмірдегі де, көркем формада үйымдастырылған да коммуникативтік өзара іс-эрекетті сараптай отырып бақылау қол жеткізілген танымдық қүралдарды шыңдап қана қоймай, өзіндік коммуникативтік мінез-қүлықты реттеу тетіктерін де меңгеруге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бақылау үдерісі ережелер жүйесін, яғни күнделікті қолдана отырып адамдардың өзара қарым- қатынасын үйымдастырып, коммуникативтік үдерістің үтымды өтуіне ненің көмектесіп, ненің кедергі боларын түсінуге мүмкіндік беретін ережелер жүйесін шығаруға мүрындық болады. Сондықтан да өзіндік қүзыреттілікті арттырудың тиімді әдісі ретінде өзге жандардың коммуникативтік мінез-қүлқын бақылауға кеңес берілетіні тегіннен-тегін емес.
Коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру үдерісінің маңыз- ды сэтінің бірі алуан түрлі жағдаятгардағы өзіңнің іс-әрекет, мінез- қүлқыңды ойша ойнап шығу. Ойша өз әрекетіңді жоспарлау қалыпты оздырылып отырған коммуникативтік эрекетгің қүрамдас бөлігі боп табылады. Адамның ойша іс-әрекет ете алуға деген қабілетгілігін бақылаудағы суырып салмалықты қамтамасыз етуге мақсатгы түрде пайдалануға болады.
Жоғарыда айтылғандардан көріп отырғанымыздай, топтық тренинг коммуникативтік қүзыреттілікті дамытудың, әрине, бірден- бір тиімді әдісі, алайда жалғыз тиімді әдісі емес. Адам мәдени мүра, жэдігерлерді игеру, озге адамдардың мінез-қүлқын бақылау, мүмкін болар коммуникативтік жағдаяттарды ойша ойнап шығу арқылы да коммуникативтік әрекеттерді реттеудің ішкі тетіктерін меңгере алады. Жеке түлғаның коммуникативтік элеуетін котеру мәселелерін шешуде қолда бар қажетті әдіс-тәсілдердің барлығын да пайдалану тиімді болмақ.
Сөйтіп, коммуникативтік кұзыреттілікті коммуникативтік іс- эрекетті реттеудің ішкі тетіктерінің жүйесі ретінде қарастыру дұрыс болмақ жэне бұл жүйенің бағдарлаушы жэне атқарушы кұрамдас бөлімдерінің маңыздылығын баса айтқан жөн. Зерттеу, ең алдымен, өзін-өзі сараптау үдерісі боп табылады, ал коммуникативтік қүзыреттіліктерді дамытуды коммуникативтік өзара іс-әрекетті үйымдастыру тетіктерін жетілдіру үдерісі деп түсінген жөн.

Өзін-өзі тану сабағында коммуникативті мәдениетті қалыптастыру.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты - қоғамның нарықтық қарым- қатынасқа көшу кезінде саяси- экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен XXI ғасырды дамытушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру деп тұжырым жасаған еді.
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында жеке тұлғаны қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызыметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімдердің ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Өзін-өзі тану сабағында коммуникативті мәдениетті қалыптастыру атқаратын мақсаты: Шығармашылық жұмыстарда оқушы өз ойын білдіріп, қабылданған шешім нәтижесін бағалай білу дағдысын қалыптастыру және өз қадірін сақтай білуге және өзгенің қадір-қасиетін бағалай білу қасиетін қалыптастыру. Нәтижесінде: шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде әртүрлі топ өкілдерімен қарым- қатынас жасау мәдениеті қалыптасады.
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру - тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, идеалдарды, нормаларды айшықтайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек береді.
Коммуникация терминін латын тілінен аударғанда, жалпы, барлығымен бөлісу дегенді білдіреді. Егер өзара түсінушілік болмаса, коммуникация да болмайды. Ақпарат алмасу - коммуникация. Ал коммуникация туралы сөз болғанда, бірлескен адамдардың көзқарасы, идеясы, қызығушылығы, көңіл-күймен алмасу жайында айта кету керек. Коммуникация ортақ түсінушілікке әкелетін екі жақты ақпарат алмасу. Адамдардың бір-бірімен керекті контактіні құрып және ұстай алу қабілеттілігі коммуникациялық компентенттілік деп аталады. Коммуникативті қабілеттілік адамның жасына, біліміне, мәдениетіне, психологиялық даму деңгейіне, өмірлік және кәсіби тәжірибесіне байланысты ерекшеленеді.
Коммуникация сөзі латынның соmmunico - ортақ етемін, байланыстырамын, араласамын сөзінен шыққан. Адамдар қоғамында коммуникация (орыс тілінен басқаларындағыдай) араласуды, ой, білім, сезім, мінез - құлық әдебімен және басқаларымен бөлісуді білдіреді . Араласу бірге өмір сүру қажеттілігі тудырған субъектілердің араласып, құраласуы ретінде көрінеді. Араласу үрдісінде қызметтің түрлерімен және нәтижелерімен, идеяларымен, сезімдерімен, ұстанымдарымен және сол сияқтылармен алмасу жүреді. Араласудың өзі социумды ұйымдастырып, адамның өз мінез-құлқын басқалардың іс-әрекетімен, мінезімен үйлестіріп, өмір сүріп, дамуына мүмкіндік береді. Алайда коммуникация мен араласу барабар ұғым емес, олардың ортақ, сонымен қоса айырықша нышандары бар. Ақпарат алмасу мен беру үрдістеріне қатыстылығы мен ақпарат беру құралы ретінде тілмен байланыс олар үшін ортақ болып табылады. Айрықша нышандары сол ұғымдардың түрлі көлемдері мен мазмұнында. Араласу - серіктестердің өзіне және бірлескен қызметіне қатынасының әрқилы түрлері қалыптасып дамиды. Рәміздердің (белгілердің), соның ішінде тілдік белгілердің жалпы жүйесінің араласуы арқылы индивидтер арасында белгілермен (ақпарат) алмасу дәстүрлі түрде коммуникация деп аталады. Коммуникация - өзара түсіністікті мақсат етіп қойған және түрлі құралдардың көмегі арқылы берілетін түрлі сипаттағы және мазмұндағы ақпарат алмасудың әлеуметтік шартты үрдісі.
Коммуникация - ой алмасу, „кейбір ой - мазмұнды тілдің көмегімен хабарлау немесе беру".
Коммуникацияға не кіреді? Коммуникация құралдары мен арналарынан тыс басқа адамдарды ескерту (жол белгілері мен айғай), басқа адамдарды ақпараттандыру (телемәтін немесе пресс-релиз), әлденені сипаттау (деректі фильм немесе әңгіме), әлденеге иландыру („Ақшаны банкте сақтаңыз!" сияқты плакаттар), әлденені түсіндіру (оқулық немесе сынақ жоспары), көңіл көтеру (анекдот немесе көркем фильм) үшін хабар беріледі.
Коммуникация мақсаты - осы. Көбіне бірнеше қызметті бірден (фильм көңілдендіреді, ақпарат береді, сипаттайды, ескертеді, түсіндіреді) атқарады. Адамдар немесе адамдар тобының қажеттілігі коммуникацияға адамдардың зәрулігінің бастапқы себебі болып табылады. Коммуникация мақсаттары тірі қалу, басқа адамдармен ынтымақтастық, жеке мүдде, басқалармен қатынаста болу, өзгелерді әлдебір әрекет жасауға иландыру, өзгелерге билік жүргізу (насихат та осыған кіреді), қоғамдар мен ұйымдарды біріктіру, ақпарат алу мен хабарлау, әлем мен ондағы өз тәжірибемізді сезіну (неге сенеміз, өзім, басқа адамдармен қатынасым туралы ой, ақиқатты қалай түсінемін), шығармашылық бейне мен қиялды тудыру қажеттіліктеріне қызмет етеді.Жоғарыда айтып кеткендей, коммуникация адамдардың бірі-бірімен байланысы, қарым-қатынасы. Әлемдегі барша адамдардың қарым-қатынасының басты құралы ол - тіл. Тілдік қатынас арқылы адамдар арасында қарым-қатынастың неше түрі орнатылады. Қазіргі таңда заманның өзі әр азаматтан оның өмірлік ісіне сәйкес келетін белсенді тілдік іс-әрекеттер жасауды талап етуде. Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік - осылардың барлығы: біріншіден басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның өмірінің алғашқы кезеңдегі үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл өмір сүруде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру,- деп атап көрсеткен.Өзін -өзі тану оқушыларға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көз қарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымда жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өз өзін өзі тану өзін дамытудың жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің өзінің қабілеті мен әлеуметтік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Адам адам, адам қоғам, адам техника, адам табиғат жүйесіне терең білім қалыптастыруы. Өзін өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін өзі жетілу қабілетіне ие болады.
Ұстаздың оқушылар бойында коммуникативті мәдениетті қалыптастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін білуі өзін-өзі тану сабағында жұмыс жүргізу барысында үлкен жетістікке жеткізеді.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімінің міндеті:
· оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту;
· жеке қабілеттерін көре білу, оны дамытуға толық мүмкіндік беру;
· оқушылардың белсенділіктерін арттыру;
· өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі дамыту және бағалай білу,білім біліктерін қалыптастыру;
· оқу үрдісінде ұйымдастырушы болу,инновациялық жаңалықтарды тиімді қолдану;
· таным қабілеттерін айқындай отырып, іскерліктерін қалыптастыру.
Оқушы өзін-өзі тану пәнінде көрсеткен жолдарымен төмендегі әрекетерді жасауға талпынып үйренеді:
· қоғамның белсенді азаматы болуға;
· қалаған іске жауапкершілікпен қарауға;
· өз ойын, көзқарасын құра білуге;
· сұрақтар қойып, оны жан-жақты талқылай білуге;
· ойын еркін жеткізіп, шығармашыл ізденісті қалыптастыруға;
· өз-өзіне сын көзбен қарауға;
· қабілетін жетілдіруге;
Шығармашылық ізденістің арқасында үлкен жетістіктерге жетеді. Бірігіп, жұмыла ұйымдасып, түрлі тақырыптарда іс-шаралар, бағдарламалар, жобалар өткізу оқушылардың еңбекке қабілеттілігін арттырып қана қоймай, қарым-қатынас арқылы рухани жан дүниелерін байытады, жігерлендіреді.Мысалы: Жарасымды қарым қатынас, Алынбайтын асу жоқ, Мен өмірді таңдаймын пікірталас, тренингтер маңызды рөл атқарады. Оқушылар дүниетанымдық білімі жоғары, зерек, білімге құштар, өзгелермен қарым-қатынас жасай алатын және көпшілік ортада өз-өзін ұстай алатын, өз ойын аспай-саспай еркін, нақты жеткізе алатын болады. Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау, тапсырма орындау барысында тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
Қорытындылай келе, әр адамның коммуникативтік мәдениеті адамдармен қарым-қатынас жасай білуінен байқалады. Адамдардың бір-бірімен тез арада тіл табыса білуі олардың коммуникативтік әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Мәдениетті адам қарым-қатынас жасау кезінде өзін ұстай біледі, басқа адамның өміріне еркін араласып кете алады. Барлық жағдайға ешбір қиындықсыз бейімделе алады. Адамның коммуникативтік мәдениеті оның өзін-өзі тәрбиелеу мен дамытуының дәрежесін байқатады, сонымен қатар оның коммуникативті дағдысы мен коммуникативтік қабілетін танытады. Коммуникативті қабілеті коммуникацияның барлық түрін ұтымды қолдана білу, айтатын сөзін дұрыс жоспарлай білу, сөйлеу мәнері мен қажетті сөздерді ұтымды қолдана білуінен байқалады. Халқымыздың әлеуметтік өміріне зер салсақ, бала тәрбиелеу ісінде үлкенді сыйлауға, кішіні құрметтеуге, жақсыны жаманынан ажыратып, өзіндік шешім қабылдауға, өз бетімен іс-әрекет жасауға, шежірені үйретуге, туған жерін қастерлеуге, отбасын құруға, жинақтап айтқанда кісілікке үйреткен. Сондықтан жеке тұлғаны қалыптастыру ісі ұлтымыздың баланы тәрбиелеу тәжірибесі негізінде жүргізілуі орынды екенін айғақтайды:
· кешегіні білетін, бүгінгіні түсінетін тұлға;
· алдына мақсат қойып, оған жол таба білуші тұлға
· жер ана-үйім, Отаным, адамдар-бауырым дейтін тұлға;
· әр ортада өз орнын таба білетін тұлға;
· адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдай алатын, мәдениетті тұлға.
Мектеп қабырғасында оқушылар жоғарыда көрсетілген ортада өсіп-өніп, бір-бірімен әр түрлі қарым-қатынасқа түсіп, риясыз көңілмен коммуникативті мәдениетті қалыптастырып отырғандығына көз жеткізуге болады.

Өзін өзі тану пәні арқылы жасөспірімдердің (студенттердің) коммуникативтік құзырын дамыту
Білім берудің қазіргі тұжырымдамасы болашақта кәсіби қызметі барысында тиімді түрде жүзеге асыру қабілеттілігі бар тұлғаны қалыптастыру мақсатын көздейді. Осы бағытта қазақ тілі сабағын оқыту үрдісінде студенттердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру және дамыту мәселесі үлкен мәнге ие.
Көптеген ғалымдар педагогика қызметіндегі қарым-қатынас феноменін талдай отырып, оқу үрдісіне қарым-қатынас әсерінің үлкен роль атқаратынын анықтады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде тілдік қатынастың теориялық мәні айқындалып, әдістемелік негіздері зерттелген бірден бір еңбек - Ф.Ш. Оразбаеваның Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі атты еңбегі. Автор коммуникативтік термині жөнінде: Коммуникация арқылы адамдар бір-біріне ойын жеткізіп, белгілі бір нәрсені хабарлап қана қоймайды, сонымен қатар олар өзара түсініседі, пікір алмасады, бірінің ойын екіншісі ұғады. Екі адамның түсінісуі топтың түсінісуіне, ал топтың пікір алмасуына қоғамның жетілуіне әкеледі, - дей келе, тілдің әлеуметтік функциясы мен коммуникативтік терминінің мәнін ашады. Ал қатысым әрекеті жайлы ол: лингвистикада тілдік тұлға туралы проблема қаншалықты күрделі болса, соңғы жылдары жаңадан қалыптасқан қатысымдық тұлға жөніндегі мәселе одан да күрделі - қазақ тіл білімінде қатысым мәселесі теориялық тұрғыдан да, практикалық жағынан да арнайы зерттеу нысаны болғанмаған - дейді.
Ф. Оразбаева қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М.Жұмабаев, Т. Шонанов, Ш. Х.Сарыбаев, Д. Әлімжанов, А. Исаев еңбектерінен қатысым (коммуникативтілік) мәселесін қарастырады және тілдік қатынасты, ең алдымен, тілді оқыту және үйрету әдістемесімен ұштастыра қарау қажеттігін айтады. Сонымен қатар, қазақ тілін орыс аудиториясында оқыту әдістемесіне байланысты шыққан Ш. Бектұров пен А. Бектұрова, С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, И.Ұйықбаев, Б. Құлмағанбетова, Қ. Қадашева, Э. Сүлейменова, Н. Оралбаева, Ә Жүнісбек т.б. еңбектерінің қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне меңгертуде оң септігін тигізетін еңбектер екенін айтады.
Қатысымдық құзыр мәселесін өз еңбектерінде қарастырған барлық еңбектерде коммуникация, қатысым сөзінің әдістемелік категориялар мен түсініктер жүйесіндегі анықтамасы әдіс-тәсілдер деңгейінде түсіндіріледі.
Қатысым жөнінде П.Г.Козлов адам қандайда бір нақты қарым-қатынас жасау үшін, оның біршама ішкі және сыртқы дайындығы, өзі үйреніп жатқан тілдің грамматикалық ережесіне сәйкес сөз құрау тәжірибесі мен әріптесіне сөйлеу әрекетін түсіндіру қабілеті болу керек деген пікір айтады. Ал қазақ тілін оқытудың (қатысымдық) қарым-қатынас әдістемесін зерттеген әдіскер - ғалым Ф.Оразбаева: Қатысымда сұрақ берудің ерекшелігі зор, себебі сұрау ойды қозғалысқа келтіретін тәсіл. Адамның ойлауы, пікірі тек қана сұрау арқылы ғана ортаға шығады, ақыл - ойын жұмыс істету үшін сұрақтарға мұқтаж болады, тілді үйрену - ақыл - ойдағы сұрақтарға жауап табуға бағытталғандықтан, үлкен мағынаға ие болады - дейді. Осы тұжырымдарға сүйене отырып қатысымға негіз болатын екі факторды айтуға болады. Бірі - адамның өз қабілеті, екіншісі - сыртқы ықпал (сұраққа жауап беру). Тілді оқыту барысында қарым - қатынас орнату, сөйлеу жағдаятын қалыптастыру студенттің өзара немесе оқытушымен сөйлесуіне, сұрақтарға жауап іздеуіне құлшынысын арттыратыны сөзсіз. Сондықтан тілді оқытудың қатысымдық әдісі - қазақ тілін белгілі бір сала бойынша кәсіби тіл ретінде меңгертуде тиімді әдіске жатады.
Тіл қарым-қатынас құралы ретінде сөйлеу барысында адамнан әлеуметтік, жағдайаттық, контекстуалды ережелерді (қалыптарды) білуді талап етеді. Не? Неге? Қайда? Қашан? Калай? және т.б. сұрақтарға жауап беретін жағдаяттарға байланысты сөздер мен сөз тіркестері - барлығы да коммуникативті құзырлықты реттейтін талаптардың бірі. Сондықтан ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, біз қазақ тілі сабақтарында студенттердің коммуникативтік құзырлығынығын дамытудың жүйесін әзірледік.
Қазақ тілі сабағын өткізу үрдісінде біз төмендегі ережелерге сүйенеміз:
- коммуникативтік құзырлық аясында теориялық білімді игеру;
- іскерлік қарым-қатынас үрдісінде субъектаралық қарым-қатынасты қалыптастыру;
- серіктестік қарым-қатынас барысында студенттердің шығармашылық бастамасын қалыптастыратын тұлғалық ерекшеліктерін ескеру.
Студенттердің коммуникативтік құзырлығын дамыту психолингвистика ғылымында үлкен орын алатын сөйлеу және оның мәнін ұғындыратын ерекшеліктерді ескеруді қажет етеді. Осы ерекшеліктердің ішінен қайсысы оқыту әдістемесі үшін аса маңызды екенін анықтау керек.
Біріншіден, сөйлеу мәнді әрі сәнді болу үшін оның мақсаты анықталуы тиіс. Екіншіден, сөйлеу - қарым-қатынас құралы бола отырып адамның ішкі құндылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін танымдық қызметті атқарады. Үшіншіден, сөйлеу белгілі бір жағдайға немесе нақты адамға қатысты бағытталады.
Маңызды шарттардың қатарына әңгіме тақырыбы, мәні, мазмұны, көлемі және қарым-қатынас орны да жатады.
Ғалымдар сөйлеу қарым-қатынасының негізгі бірліктері ретінде сөйлеу жағдаятын, сөйлеу хабарламасын, сөйлеу қарым-қатынасын атайды. Сөйлеу жағдаяты хабарламаның мәнін түсінуге көмектеседі. Шақ категориясы, осыған байланысты т.б. осы сияқты есімдікті тіркестер және т.б. грамматикалық категориялар айтылатын ойды нақтылайды. Ойды дұрыс жеткізуге, мақсатын анықтауға, өзге жағдаяттармен байланысын анықтауға көмектеседі.
Коммуникативтік ілімді қалыптастыру үшін біз студенттерге тек қана мәтін құрастыру сияқты өзіндік жұмыс түрлерін орындауды талап етпейміз, сол құраған мәтіндер мазмұнында қарым-қатынастың шарттары, сөйлеу жағдаяттарының сипаттамасы көрсетілуін талап етеміз. Мысалы, қазақ тілі сабақтарында қолданылатын ситуациялық жаттығудан мысал келтірейік:
- Сіз қазақ тілі клубына қатысасыз және клуб туралы Маман газетіне мақала жазғыңыз келеді.
- Сізге уақытша мұғалім болу құқығы берілді. Соған байланысты Телефондық техника атты тақырыбында сынақ карточкаларын дайындау керек.
- Сіз Бурабай демалыс орнынан оралдыңыз. Сондағы атақты көлдің таңғажайып жерлері туралы топ студенттеріне айтып беруіңіз керек.
Қарым-қатынастың толық түрін коммуникативтік ойында жүзеге асыруға болады. Себебі осы қызмет түрінде адамдар еріксіз түрде өзара әлеуметтік қарым-қатынасқа түседі. Коммуникативтік ойындар диагностика жасау, жүйелеу, логикалық ойды дамыту, назар аудару мен еске сақтау қабілеттілігін арттыру, пәнге деген қызығушылықты тәрбиелеу сияқты мақсаттардың жүзеге асырылуына ықпал етеді.
Коммуникативтік ойындар технологиясына үнемшілдік, алгоритмдік, жобалаушылық, тұтастылық, басқарушылық, демократиялылық, нәтижелілік секілді сипаттар тән. Аталмыш ойындарды ұйымдастыру үшін құрамында 5-6 адамнан құралған микротоптардан тұратын топтық форманы аламыз. Әрқайсысына жүктелетін міндеттер айқындап, тапсырмаларды орындау барысын түсіндіреміз. Топ көшбасшысын анықтап, смикротоптың жақсы эмоционалдық ахуалын қалыптастыруға тырысамыз. Мысалы, іскерлік ойын түрінде Маман газетін баспадан шығару жағдайын алдық. Газет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзін – өзі тану сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс – әрекеттерін ұйымдастыру
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ӘДІСТЕРІН ПРАКТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Шет тілі сабағында шетел мәдениетіне үйретудің әдістемесі
Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ
Тіл дамыту жұмыстары
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Оқушыларға ағылшын тілін оқытудың маңызы
Қостілділіктің ежелгі бастаулары
Пәндер