Тиеу-түсіру машиналары. Жол құрылысындағы пневмодоңғалақты тиегіштердің гидравикалық көтергіштерін жөндеу және ТҚ көрсету



Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
БҚО.
А. Иманов атындағы жол-көлік колледжі.

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: тиеу-түсіру машиналары. жол құрылысындағы пневмодоңғалақты тиегіштердің гидравикалық көтергіштерін жөндеу және ТҚ көрсету

Орындаған:
Тексерген:

2017-18 жыл
1. ТИЕУ-ТҮСІРУ МАШИНАЛАРЫ
Құрылыста қолданылатын тиегіштер - әртүрлі жүктерді (сусымалы, кесек, дара, пакеттелген, ұзын өлшемді т.с.с.) тиеп -түсіруге, оларды жақын аралыққа жылжытуға, жинақтау және қосалқы жұмыстарды орындауға арналған өздігінен жүретін әмбебап машиналар. Тиегіштердің әмбебаптығы жедел ажыратылатын алмастырмалы атау тізімі жоғары жұмыс органдарымен - сыйымдылығы мен типі әртүрлі шөміштер; ашалы, жақты және жинақтағыш қармауыштар; аспалы қопсытқыштар, бұрғылар т.с. сияқтылармен қамтамасыздануында.
Бір шөмішті, ашалы тиегіштерді периодты әсерлі, ал көп шөміштілерді үздіксіз әсерлі тиегіштер дейді. Бір шөмішті және ашалы тиегіштер жұмыс органын тиеу, тасымалдау және түсіру (босату) жұмыстарын циклды түрде әрқайсысын жеке және бірінен кейін бірін тізбектеп орындайды. Ал көп шөмішті тиегіштерде жұмыс органын толтыру, жүктен арылу жұмыстары бір уақытта, қатарлас және үздіксіз өтеді.
Бір шөмішті тиегіш.
Бір шөмішті тиегіштерді негізінен үйілген, майда кесек, дара жүктерді тиеп-түсіру, жылжыту және қоймалау үшін, сонымен қатар, жатып қалмаған I, II және III категориялы табиғи топырақтарды экскавациялау мен өзі түсіргіштерге тиеу (немесе үйіндіге төгу) үшін пайдаланады. Мұндай тиегіштердің негізгі жұмыс органы - шөміш. Бір шөмішті тиегіштерді жүру құрылғысына қарай-шынжыртабанды (тракторлар негізінде), пневмодоңғалақты (арнаулы шасси мен тартқыштар негізінде) және жартылай шынжыртабанды; жұмыс органын жүктен босату тәсіліне қарай - жартылай бұрылысты, алғы шепті, аспалы және құрама тиеу жабдықтарымен қамтылған деп айырады.
Алғы шепті тиегіштер шынжыртабанды, доңғалақты шассиде және тракторларда негізделеді де, шөмішті машинаның алдыңғы жағынан кез-келген нүктеде берілген биіктікте төгілуін қамтамасыз етеді. Доңғалақты тиегіштердің қозғау жабдығы, әдетте, барлық төрт доңғалағы жетекші, ал тірек қаңқасы қатаң немесе топсалы қосылысқан болады.
Қаңқасы топсалы қосылысқан тиегіштер (43-сурет) жоғары мобильді, маневрлі, сондықтан қысылшаң тар жерде ұтымды қолданылады. Тиегіштің жұмысшы жабдықтарының үлгілік жинағына - порталды қаңқаға 7 топсалы қосылысқан П пішінді жебе 4, оны көтеруші (машинаның әр жағына бірден) қосарланған екі гидроцилиндр 6, шөміш 1, оны басқаруға арналған екі күйентеден 3, бұру тартқыштарынан 2 және шөмішті бұратын екі гидроцилиндрден 5 тұратын, топсалы-иінтіректі механизм жатады. Топсалы-иінтіректі механизм топыраққа (тиелінуші затқа) енген шөмішті толтыруды, босатуды және бұруды (артқа лақтыруды), сонымен қатар, жебені көтеріп-түсірген қалпында ілгерілемелі жылжуын қамтамасыз етеді. Асылған жабдықтар гидроцилиндрлері базалы трактордың гидравликалық жүйесінен жетек алады.

43-сурет. Алғышепті тиегіш

Жартылай бұрылмалы тиегіш (44-сурет) шөмішті және басқа да жұмысшы органдарды алға және машина ось бойынан екі жаққа (әр жағына 900 -тан аса) жүктен арылуды қамтамасыз етеді. Мұндай тиегіш арнаулы пневмодоңғалақты екі белдігі де жетекші шассиден, бұрылмалы платформаға жинақталған тиегіш жабдықтан тұрады. Жартылай бұрылмалы тиегіштің қуат көзі ретінде, артқы басқару белдігінің үстіне орналасқан дизель 2 (44, а-сурет) қолданылады. Бұрылмалы платформа 9 шарикті (немесе аунақшалы) тіреуіш-бұрылу дөңгелегі 10 арқылы жүру механизмінің қаңқасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бір шөмішті экскаваторларды жол құрылысында пайдалану
Шынжыртабанды жебелі крандар
Ағаш материалдарды тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы мен механикаландырылуы
Жерді қазу тасымалдау машиналары
Жерді қазу тасымалдау машиналары Скреперлердің жұмыс органдарының құрылысы, жөндеу және ТҚ көрсету жұмыстары
Дөңгелекті ІІ типті эксковаторлардың өндірістік жұмыс кезіндегі технологиясы және ұйымдастырылуы. Еңбек және қауіпсіздік шаралары
Жүк тасымалдау көлігі
Тиеу-түсіру машиналары
Тасымалдаушы машиналар
Жерді қазу-тасымалдау машиналары. Бульдозерлердің шынжыр табанының құрылысы, жөндеу және ТҚ көрсету
Пәндер