Жол-құрылысында пайдаланылатын жерді қазу, тасымалдау машиналары. Майлау жүйесін жөндеу ТҚ көрсету


БҚО.
А. Иманов атындағы жол-көлік колледжі.
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жол-құрылысында пайдаланылатын жерді қазу, тасымалдау машиналары. Майлау жүйесін жөндеу ТҚ көрсету
Орындаған:
Тексерген:
2017-18 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫСЫНДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ЖЕРДІ ҚАЗУ, ТАСЫМАЛДАУ МАШИНАЛАРЫ . . . 4
2. Майлау жүйесін жөндеу ТҚ көрсету . . . 6
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 7
КІРІСПЕ
Құрылыс машиналары - əр түрлі құрылыс жұмыстарына арналған машиналар мен механикаландырылған құрал-жабдықтар. Бұлар құрылыс жұмыстарын кешенді түрде механикаландырып, индустриялы əдістерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Құрылыс машиналарының атқаратын жұмыс түріне қарай бөлінеді: Қазғыш, топырақ таптауыш, бұрғылауыш, қада қағу, тиеу - түсіру əрі тасымалдау, ұсақтап сорттау, араластырғыш, бетон төсегіш, өңдеуіш, жол құрылыс машиналары жəне т. б.
Жер қазғыш машиналар -- үймереттер, жолдар, əуежайлар салуда жəне жер асты коммуникациясын (құбырлар, байланысжелілері) жүргізуде, сондай-ақ, гидротехникалық, мелиорациялық жəне ирригациялық жұмыстар мен кен байлықтарын карьерлердеөндіруде жер қазу жұмыстарын орындауға арналған
машиналар. Жер қазғыш машиналар үш топқа бөлінеді: жер қазушы-тасымалдаушы машиналар, экскаваторлар жəне арналған машиналар мен құрал-жабдықтар. Бірінші топқа жұмыс құралының түріне байланысты скреперлер (шөмішпен жабдықталған), бульдозерлер, автогрейдерлер,
грейдер-элеваторлар (пышақпен жабдықталған) жатады. Олардың негізгі жұмыс операцияларына топырақты қабаттап өңдеу, оны тасымалдау, үйіндіге үю жəне жер бетін тегістеу кіреді. Экскаваторлар (екінші топ) жұмыс істеу принципі бойынша циклдік жəне үздіксіз болып бөлінеді. Циклдік экскаваторларға бір шөмішті, ал
үздіксіздерге бірнеше жұмыс құралдарымен (шөміштермен, қырғыштармен, топырақты сілемнен кесіп алып жəне төгу орнына шығаратын құрастырмалы құралдармен, тістермен, т. б. ) жабдықталған экскаваторлар жатады. Бір шөмішті экскаваторлар топырақты өзінің тұрақ деңгейінен жоғары да, төмен де жерден қаза
алады жəне тік не кері күрекпен жабдықталуы мүмкін. Үшінші топқа су шапшыту арқылы грунтты бұзу əдісімен қазатын машиналар мен жабдықтар (гидромониторлар, жер сорғыш снарядтар) жатады
1. ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫСЫНДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ЖЕРДІ ҚАЗУ, ТАСЫМАЛДАУ МАШИНАЛАРЫ
Жер қазу-тасымалдау машиналары (ЖҚТМ) - деп топырақты массивтен тарту күші арқылы ажыратып, оны түсіру орнына өз жүрісімен жеткізетін құрылыс машиналарын атайды.
Негізгі атқаратын жұмысшы операциялары: топырақты қабаттап өңдеу, оны тасымалдау, құрылыс объектісі негізіне төсеу немесе төгу, топырақ беттерін жоспарлау.
Жұмысшы органдарының түрлеріне қарай былай ажыратылады: шөмішті ЖҚТМ (скреперлер) ;
сүру ЖҚТМ (бульдозерлер, автогрейдерлер) .
Жұмыс процесі екі өзіндік режимнен тұрады: тарту және транспортты. Бульдозер - бұл жұмысшы органы сүргіш болып келетін ЖҚТМ. Негізгі қызметі: топырақты жер бетімен сүргіш органы арқылы азғана арақашықтыққа (150м) жылжыту арқылы қабаттап өңдеу. Мына жағдайларда қолданылады:
- құрылыс алаңын дайындау барысында топырақтың беткі құнарлы қабатын алу;
- топырақты көлікке тиеу мен аударып салу кезінде пайдалану аймағына тасымалдау; терең емес каналдарды өңдеу;
- көлбеу еңістерді тазалау;
- қосымша қорлардан үймелер жасау кезінде;
- ғимараттар мен үймереттер іргетастары астындағы негіздерді тазалау мақсатында жоспарланған жұмыстарда, алаңқайлар мен трассаларды жоспарлауда;
- келу жолдарының құру мен қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз етуде, үймелерге міну мен оймалардан шығуда;
- қиыс жолдарда; қазаншұңқырлар мен іргетас шеттерін кері көмуде;
- үймелердегі топырақтарды тегістеу; сусыма материалдарды тасымалдауда;
- дайындық жұмыстарында (ағаштар құлату, түптерді кесу, томарларды жұлу, тастарды алыптастау,
- қоқыс пен қардан тазарту; ашу жұмыстарында; скреперлер итермелері ретінде.
Автогрейдер
- I және II категория топырақтарын қабаттап өңдеу және автокөлік және темір жолдарды, аэродромдарды салу мен жөндеу, өндіріс және азаматтық құрылыс жағдайларында жер үймереттерін жоспарлау мен өңдеу жұмыстарында қолданылатын қайырмалы жұмысшы органды пневмодөңгелекті жүрістегі жер қазу-тасымалдау машиналары.
Олардың көмегімен биіктігі 0, 6 м үймелер тұрғызу кезінде беттерді профильдейді және жоспарлайды, кюветтер мен каналдарды қазып тазалайды, жер негіздеріне арналған астаулар дайындайды, топырақ, гравий, щебень мен басқа да байланыстырғыш материалдарды араластырып тазалайды, жол жөндеу жұмыстары кезінде жол төсемелерін бұзады, жолдар мен алаңдарды қардан тазалайды.
Массасы мен қуатына қарай олар былай ажыратылады:
1. Жеңіл (9т, 50кВт дейін) ;
2. Орташа (13т, 75кВт дейін) ;
3. Ауыр (19т, 150кВт дейін) ;
Грейдер-элеватор - бұл үздіксіз жұмыс жасайтын жер қазу-тасымалдау машинасы. гидромелиоративті үймереттердің биіктігі 1, 5 м үймелерін тұрғызуға және топырақты қабаттап өңдеуге арналған.
Олар аспалы, тіркемелі және жартылай тіркемелі түрде орындалуы мүмкін. Технологиялық құралы жылжымалы немесе дөңгелекті тракторлар мен тартқыштар немесе өздігінен жүретін жер қазу-тасымалдау машиналары.
Жұмысшы органы дискті пышақ, жартылай шеңбер түріндегі пышақ немесе жазық пышақтар жүйесі, ал оның төгу орнына жетуі үшін машина рамасына қатысты ориентациясы өзгермейтін және топырақты төгу бағытына қарай бұрылу мүмкіндігі бар бір немесе екі ленталы конвейерлер қолданылады.
Жұмыс процесі өңделетін бет бойымен оның шеттерінен кері бұрылып отыратын ілгерілемелі өтістерден тұрады. Эксплуатациялық жұмыс өнімділігі:
2. Майлау жүйесін жөндеу ТҚ көрсету.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz