Жол-құрылысында пайдаланылатын жерді дайындау машиналары


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

БҚО.

А. Иманов атындағы жол-көлік колледжі.

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жол-құрылысында пайдаланылатын жерді дайындау машиналары. Салқындату механизмін жөндеу және ТҚ көрсету

Орындаған:

Тексерген:

2017-18 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ЖОЛ - ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖƏНЕ ЖІКТЕЛУІ . . . 5

2. ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫНА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖƏНЕ ЖӨНДЕУ . . . 7

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 8

КІРІСПЕ

Құрылыс машиналары - əр түрлі құрылыс жұмыстарына арналған машиналар мен механикаландырылған құрал-жабдықтар. Бұлар құрылыс жұмыстарын кешенді түрде механикаландырып, индустриялы əдістерді пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың қатарына мұнаралы, өздігінен жүретін шынжыр табанды не доңғалақты крандар, бір шөмішті экскаваторлар мен көп шөмішті роторлы экскаватор, бульдозерлер, скреперлер, т. б. жатады.

Атқаратын жұмыс түріне қарай Құрылыс машиналары қазғыш, топырақ таптауыш, бұрғылау, қада қағу, тиеу- түсіру əрі тасымалдау, ұсақтау-сорттау, араластырғыш, бетон төсегіш, өңдеуіш, жол құрылыс машиналары, т. б. механикаландырылған құралдарға топталады.

Грейдерлер

Грейдерлер жол жұмыстарында жердің қабаттарын жоспарлау жəне профильдеуге, жукті белгілі бір жерге үйу, жукті тегістеу, жол жиектерін тазалауға, алаң дайындауға, қар тазалауға жəне т. б арналған.

Грейдерлер жіктеледі: тракторлы базадағы агрегатта жұмыс істейтін грейдер жəне өздігінен жүретін автогрейдерлер.

Грейдерлерді базалық трактордың тарту классына жіктеуге болады. Базалық трактордың тарту классы жеңіл жəне ауыр болып бөлінеді.

Жетек түрі бойынша грейдерлер механикалық жəне гидравликалық болады. Грейдерлердін қолдану аймағы:

Грейдерлер құрылыста, жол құрылысында қолданылады. Құрылыста жəне жол жұмыстарында басты мақсаты жердің бірінші қабатын тегістеу (профильдеу) . Жол жұмыстарында грейдерлермен жол ортасына жайылған жүкті жол бойына жаюмен айналысады.

Классына байланысты автогрейдерлер қолдану аймағы əр түрлі болады. 100 класстағы автогрейдерлер жолды жөндеу жұмыстарымен, 160 класстағы орташа көлемді жол жұмыстарын жөндеу, жүкті жаю, ал 250 класстағы үлкен көлемді жұмысты атқарады, көлемді жүктерді тасымалдау, үлкен аландарды құрылысқа дайындаумен айналысады.

Грунтты, жол негізін жəне жол жамылғысын тығыздауға жол тығыздағыштар, вибрациялық жəне пневматикалық таптағыштар, т. б. қолданылса, жол негізін төсеу жəне жол жамылғысын орналастыру үшін битум тасығыш, гудронаторлар, цемент тасығыш, топырақ араластырғыш, бетон қоспасын араластырғыш, қиыршықтастарды үлестіріп жайғыш, асфальт төсегіш, бетон төсегіш, т. б. машиналар пайдаланылады. Жолды жөндеу жəне оны пайдалану жұмыстары бетон бұзғыш, қар тазалағыш, жол жуғыш, т. б. машиналары арқылы атқарылады.

Жер қазғыш машиналар топырақ қазу, карьерлерден құрылыс материалдарын алу жұмыстарына арналған. Бұларға экскаваторлар, топырақ қазып тасығыш, гидромех. машиналар жатады. Таптауыш машиналар топырақ, т. б. жер қыртыстарын нығыздау жұмыстарын атқарады. Салмағы 100 т-лық қарапайым таптауыш машина қалыңдығы 40 -- 50 см, ал салмағы 12 т дірілдемелі таптауыш машина қалыңдығы 80 -- 120 см жер қыртысын нығыздай алады. Тастақ қабаттарды бұзу жəне құрылыстық тастар алу, қопарылыс жұмыстарындағы ұңғыма бұрғылау үшін бұрғылау машиналары пайдаланылады.

1. ЖОЛ - ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖƏНЕ ЖІКТЕЛУІ

Жол құрылыс машиналары - автомобиль жолдарын салуға, оны күтіп ұстауға

жəне жөндеуге арналған машиналар. Олар cондай-ақ техникалық жолдар,

гидротехкалық, азаматтық, өнеркəсіптік, аэродром, т. б. құрылыстарды салу

үшін де пайдаланылады.

Жол салудағы даярлық жұмыстарға ағаш жыққыш, бұта отағыш, топырақ қопсытқыш, тамыр жұлғыш, тас жинағыш, т. б. машиналар қолданылады. Топырақты қазу, тасымалдау, үю, т. б. жер жұмыстары скрепер, бульдозер, автогрейдер, т. б. жер қазғыш машиналар көмегімен жүргізіледі. Грунтты, жол негізін жəне жол жамылғысын тығыздауға жол тығыздағыштар, вибрациялық жəне пневматикалық таптағыштар, т. б. қолданылса, жол негізін төсеу жəне жол жамылғысын орналастыру үшін битум тасығыш, гудронаторлар, цемент тасығыш, топырақ араластырғыш, бетон қоспасын араластырғыш, қиыршықтастарды үлестіріп жайғыш, асфальт төсегіш, бетон төсегіш, т. б. машиналар пайдаланылады.

Құрылыс, жол машиналары туралы жалпы немесе нақты түсінік алу (беру) үшін оларды алдымен жіктеп, құрылымы, мүмкіншілігі, артықшылығы немесе кемшілігі т. с. с. туралы деректерді белгілі бір ретпен баяндаған жөн. Əдетте, құрылыс жол машиналарын атқаратын міндетіне, əсер принципіне, қозғалтқышының түріне, қимылдағыштық дəрежесіне жəне əмбебаптығына қарай жіктейді. Атқаратын міндетіне қарай құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарды мына

кластарға бөледі: келіктік; тасымалдағыш жəне тиегіш-түсіргіш; жүккөтергіш;

жер жұмыстарына арналған; қадалау жұмыстарына арналған; тас материалдарын

уату, сұрыптау жəне жуу; бетондар мен ерітінділерді дайындау, тасымалдау

жəне орнықтыру, сақтау; əрлеу жұмыстарына арналған; механикаландырылған

құрал; жеңілдетілген типті жетілдірілген төсемелі жол салуға арналған; жер

қыртысын, цементбетон жəне асфальтбетон қоспаларын жəне т. б. құрылыс

материалдарын нығыздайтын; асфальтбетонды жабындарды, цементбетон

төсемелерді салатын; автомобиль жолдарын жөндеуге жəне күтуге арналған.

Келтірілген машиналар класы олардың орындайтын технологиялық міндетіне,

атқаратын жұмыс процесінің сипатына, жалпы құрылымына қарай жəне техникалық параметрлеріне байланысты жеке топтарға, типтерге, типтік өлшемдерге бөлінеді. Мысалы, жұмыс процесінің сипатына қарай жер жұмыстарының машиналары жерді қазып жақын аралыққа тасысалдаушы (экскаваторлар) ; жылжып жүру барысында топырақты өндіріп, белгілі бір қашықтыққа тасымалдаушы (бульдозерлер, скреперлер, грейдер мен грейдер-элеваторлар) ; су əсерімен топырақ өндіруші (топырақ сорушылар, гидромониторлар) ; тығыздалып жəне қатып қалған жерді қопсытқыш; жер қабатын тығыздағыш, жерді бұрғылаушы; жер беткейін құрылыс жұмыстарына дайындайтын жəне қосалқы жұмыстарды атқарушы (буга, тоғай түбірлерін жұлушы, бұта қиюшы, тастар жинаушы т. б. ) болып бірнеше топқа бөлінеді.

Құрылыс, жол машиналарының жұмыс жабдықтарын жедел ауыстырып, əртүрлі техника-экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ете алады.

Құрылыс, жол машиналары қуат көзі қолданатын энергия тегіне қарай

электр тоғынан жəне іштен жанатын қозғалтқыштардан болып бөлінеді. Бұлардың

біріншісі жұмыс атқаруға əрдайым дайын болса, екіншісінің энергия көзі

автономды.

Құрылыс, жол машиналары қозғалғыштығына қарай орнында тұрып жұмыс

атқаратын, тасымалдаушы жəне жылжымалы деп бөлінеді. Соңғылары тасымалдау

кезінде жəне жұмыс атқарғанда өздігінен жылжиды. Олардың көпшілігі

өздігінен жүретіндер, тіркемелі жəне жүк автомобильдері, тракторлар,

тартқыштар сияқты базалы машиналарға жартылай тіркелген немесе асылған

болады.

Əмбебап дəрежесі жөнінен əртүрлі ауыстырмалы жұмыс жабдықтарымен, тез

алынғыш жұмыс мəрімдерімен жəне əртүрлі технологиялық операцияларды

орындауға арналған айлабұйымдармен қамтылған (жебелі экскаваторлар,

бульдозерлер, өздігінен жүретін жебелі крандар, жүккөтергіштер т. с. с. )

көпмақсатты жəне арнайыландырылған деп айырады. Соңғылары тек біртүрлі

технологиялық процестерді орындауға арналған жалғыз жұмыс мəрімімен

жабдықталады.

2. ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫНА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖƏНЕ ЖӨНДЕУ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жол-құрылысында пайдаланылатын жерді қазу, тасымалдау машиналары. Майлау жүйесін жөндеу ТҚ көрсету
Топырақты тығыздауға арналған құрылыс машиналары
Тас материалдарды сұрыптау машиналары
Автокөлік жолдарына жөндеуді ұйымдастыру туралы
Жол-құрылыс машиналарының құрылысы және жіктелуі
Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруды жетілдіру
Автомобиль жолдарын салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар
Орман және шымтезек өрттері
Интерактивті оқыту технологиясының артықшылықтары
Көгалдандыру ерекшеліктері мен көгалдандыру нысанының жобасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz