Камаз автокөлігінің айналшақты-бұлғақты механизімін жөндеу


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

БҚО.

А. Иманов атындағы жол-көлік колледжі.

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Камаз автокөлігінің айналшақты-бұлғақты механизімін жөндеу

Орындаған:

Тексерген:

2017-18 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. КАМАЗ АВТОКӨЛІГІНІҢ ҚҰРЛЫСЫ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

1. 1 Жүргізу бөлігі . . . 4

1. 2. Қозғалтқышты ағымдағы жөндеу . . . 5

1. 3 Автокөліктердің ағымдағы жөндеуінің технологиялық үрдісі . . . 5

2. АЙНАЛШАҚТЫ-БҰЛҒАҚТЫ МЕХАНИЗМ (АБМ) АБМ-НІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ

ЖӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫСЫ . . . 6

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ . . . 8

КІРІСПЕ

Тасымал көлігінің негізгі міндеттері - өз уақытында ауыл шаруашылығын, халық шаруашылығын жəне тұрғындарды тасымалдау қажеттілігімен толығымен сапалы қанағаттандыру, жұмыстың барынша экономикалық тиімділігін арттыру.

Автомобиль - күрделі машина, механизмдер мен жүйелер жиынынан тұрады. Олардың конструкциясы əртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен көпшілік автомобильдер негізгі механиздермен конструкциясымен жұмыс істеу қағидалары бірдей болып келеді. Сондай-ақ автомобильді құрастыру схемасында да ортақтық болады жəне ол олардың қызметі мен механизмдердің орналасуына байланысты.

Əрбір автомобильде үш негізгі бөлігін алуға болады: кузов, қозғалтқыш, шасси.

Кузов - таситын жүкті орналастыруға арналған. Жүк автокөліктерінің кузовы жүкке арналған платформадан(жүк кузовы) жəне жүргізуші кабинасынан тұрады.

Қозғалтқыш - жанармай жанған кездегі бөлінетін жылу қуатын механикалық қуатқа айналдырады. Мұндай қуатты айналдыру қорытындысында қозғалтқыштың мін білігінің айналуын келтіреді, ол негізінде двигательдің

айналдыру моменті бір қатар механизмдер арқылы автомобильдің жетекші дөңгелектеріне жеткізіледі. Көпшілік автомобильдерде поршенді - карбюраторлы немесе дизелді қозғалтқыштар қолданылады.

Шасси мынадай бөлшектерді, механизмдермен жүйелерді біріктіреді: трансмиссия, көтергіш жүйе, белдік, аспалар, дөңгелектер, рульдік басқару жəне көтергіш жүйелер. Жүк автомобильдерінің ішінен Камаз-740 автомобилін қарастырайық. Камаз тəрізді үлкен жүк машиналары алыс қашықтықтарға əртүрлі жүктерді жеткізуге арналған. Ол үлкен үнемділігімен, пайдалану сенімділігімен, жүргізушінің жұмыс орнының жайлылығымен ерекшеленеді.

Жүк машиналарының ішіндегі Камаз автомобилінің бұл артықшылығы оны бірінші орынға итермелейді. Камаз автомобильдерін жаппай өндіру жəне халық өндірісіне пайдалану 1976 жылы басталды. Дизельді 8 цилиндрлі, төрт тактілі Камаз автомобильдерінің қозғалтқышы сығу арқылы от алады жəне олардың V-кейіпті

орналасқан цилиндрлерінің құлау бұрышы 90°-қа тең. Камаз-740 автомобилінің үлкен қуаттылығымен, сенімділігімен, қолдану аймағының кеңдігімен ерекшеленеді.

1. КАМАЗ АВТОКӨЛІГІНІҢ ҚҰРЛЫСЫ ЖҰМЫС ІСТЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

1. 1 Жүргізу бөлігі.

Камаз-740 автомобильдерінде лонжеронды клепанды рама қолданылады. Дөңгелек қозғалтқышы жер бетімен ілініс күшінің пайда болуын жəне автомобильді басқару мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Дөңгелек шинасы бірқалыпсыз жолдардағы жəне кедергілерді жою кезіндегі динамикалық жүктемені азайтады. Дөңгелек қозғалтқышы жетекші жəне жетектегі дөңгелек болып екіге бөлінеді. Жетекші дөңгелек қозғалтқыштан трансмиссия арқылы тарту күшіне өтетін автомобиль қозғалысын қамтамасыз ете отырып жарқабақтау моментін өзгетеді. Жетектегі дөңгелек автомобиль қозғалған кезде автомобиль

рамасынан итергіш күш əсерінен айналады. Жетекші жəне жетектегі басқарушы дөңгелек автомобиль қозғалысын басқаруды рульдік басқару көмегімен қамтамасыз етеді.

Аспа жатықтық жүрісті жақсартуға, ұзақ жолдарда жүргізушінің тез шаршап қалмау мүмкіндігін жəне тасымалданатын жүктің бүлінбеуін қамтамасыз етеді. Ол раманың белдікпен тығыз байланысын іске асыратын, дүмпу мен соғуды жұмсартуды қамтамасыз ететін құрылғыларды жəне рама мен дөңгелек арасындағы күш пен моменттер берілісін ұсынады. Аспа серпімді, бағыттаушы жəне өшіруші құрылғылардан тұрады. Аспаның серпімді құрылғысы вертикаль күштердің басты кейіптегі шартты əсрінен болатын динамикалық жүктемені азайтуға қызмет етеді. Аспаның серпімді құрылғысы дөңгелек бірқалыпсыз жолдармен жүрген кезде дөңгелектен автомобиль кузовына түсетін соғу жүктемесін айтарлықтай жұмсартып, өзі деформацияланады. Серпімді құрылғы жұмысының нəтижесінде автомобиль рамасының ауысуын азайтады

жəне жатықтық жүрісін жақсартады. Камаз-740 автомобилдерінде серпімді құрылғы ретінде маталл қаңылтыр рессорлар қолданылады.

Аспаның бағыттаушы құрылғысы автомобиль рамасына қатысты серпімді құрылғының деформациясы кезіндегі дөгелектің ауысу сипаттамасын анықтайды жəне сонымен бірге рама мен дөңгелек арасындағы күш пен моментті (тежеу күші, тарту күші, жанама күші жəне олардың моменттері) береді. Камаз-740 автомобиліндегі бағыттаушы құрылғы лар функциясын рессорлар, рычагтар, теңгергіштер орындайды.

Өшіру құрылғылар аспаның серпімді құрылғысы əсерінен автомобиль кузовында пайда болатын тербелісті тез өшіруге арналған. Өшіруші құрылғылардың жоқтығы автомобильдің бірқалыпсыз жолдардағы үлкен жылдамдықпен қозғалысы тербеліс резонансына əкеліп соғуы мүмкін. Тербелістің өшуі рама тербелісінің механикалық энергияға айналуына əкеліп соғады. Серпімді құрылғы детальдарының үйкелісі тербелістің өшуін қамтамасыз етеді. Дегенмен қаңылтыр рессорлар арасындағы үйкеліс төсемнің вертикал тербелісінің кинетикалық энергиясының елеусіз мөлшерін жылуға айналдырады. Сондықтан тербелісті өшіру үшін арнайы құрылғылар жартылай ашық, ағысы шектеулі тесік арқылы өтетін тұтқыр сұйықтың ішкі үйкеліс жұмысына негізделген амортизаторлар қолданылады.

1. 2. Қозғалтқышты ағымдағы жөндеу

Қозғалтқыштың ағымдағы жөндеуі оны бөлшектеу, бөлшектерін ауыстыру немесе қалпына келтіру жəне ақаулықтарды жою арқылы жүргізіледі.

Қозғалтқыштың ағымдағы жөндеуі кезінде келесі бөлшектерді ауыстыруға рұқсат етіледі: поршень сақинасын, поршень сұққысын, негізгі жəне шатунды мойынтіректің жұқа қабырғалы ішпегін, блок басының төсемдерін. Ақаулықтар слесарлы-механикалық жұмыстарды орындау арқылы жойылады. Шатундар бүктеліп немесе бұралып қалса, индикаторлы тетікке бекітілгеннен кейін сүймен немесе қармауыш көмегімен деформациялау арқылы түзетіледі. Клапандардың ершігіне жанасуы клапанның жұмыс жүзін ершікке ысқылау арқылы қалпына келтіріледі. Клапан жүзі жəне оның ұяшықтары қатты тозса, тегістеу құрылғысын пайдаланып, конусты абразивті құрылғы көмегімен клапан жүзі мен ершіктерін алдын-ала тегістеу жүргізіледі. Клапан ұяшықтары жүзін тегістеген соң, клапандар абразивті пастамен қол пневматикалық бұрғы көмегімен ұяшық пен клапанның жұмыс бетінде ені 1, 5 мм кем емес жүз пайда болғанша ысқыланады. Жүздің барлық шеңбер бойындағы беті күңгірт болуы жəне клапанның ершікке жанасуын қамтамасыз етуі керек.

1. 3 Автокөліктердің ағымдағы жөндеуінің технологиялық үрдісі

Технологиялық үрдіс -- механизмдер мен агрегатарды жинақтау кезінде бөлшектің жағдайын немесе бөлшектердің қалпын өзгерту бойынша операцияларды бірізді орындау болып табылатын өндірістік үрдістің бір бөлігі. Технологиялық үрдістердің келесі түрлері болуы мүмкін: операциялық, маршрутты жəне маршрутты- операциялық.

Операциялық технологиялық үрдісте операциялар мазмұны өңдеу режимдері (кесілу, берілу, машиналық уақыт, құралдың жылдамдығы) санамаланып көрсетіледі. Маршруттық технологиялық үрдісте операциялар бірізділігі көрсетіледі. Маршрутты-операциялық технологиялық үрдісте екеуі де көрсетіледі. Ақаулықтың күрделілігіне жəне сипатына қарай жұмыс күрделілігін анықтау.

2. АЙНАЛШАҚТЫ-БҰЛҒАҚТЫ МЕХАНИЗМ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ЖӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫСЫ

АБМ цилиндрде пайда болатын газ қысымын қабылдап, ілгері қайтарымды

поршеньнің қозғалысын иінді біліктің айналу қозғалысына айналдырады. АБМ-

нің барлық бөлшектері қозғалатын жəне қозғалмайтын бөлігі болып екіге

бөлінеді.

Қозғалмайтын бөлігіне цилиндр блогі, оның қалпағы жəне картері, маховик

қаптамасы жатады, сонымен бірге олар мотор қаңқасын (остов двигателя)

қүрайды. Қозғалатын бөлігіне сақина саусағымен бірге поршень, бүлғаң,

иінді білік жəне маховик жатады. АБМ-нің кең тараған құрастыру схемасына

мотордың төмендегі сүлбалары жатады.

а) осі вертикаль орналасқан;

б) осі вертикаль бүрышпен орналасңан;

в) осі горизонталь орналасңан ;

г) осьтері 90°бүрышпен орналасқан;

д) поршеньдері қарама-қарсы қозғалатын, остері 180° бүрышпен орналасқан.

Цилиндр қүрылымы моторларда тəртіп бойынша жалпы блокта картердің жоғарғы жағына құйылып жасалады. Блок цилиндірдің материалына сұр шойын немесе арнайы алюминий құймасы алынады. Сүйықпен салқындатылатын мотордың цилиндрлері екі қабат болып, ішкісі қабатты гильзаны қүрайды. Ішкі жəне сыртқы қабат арасындағы қуыс салқындату сүйығымен толтырылып, салқындату (рубашка охлаждения) түзеді. Көбіне гильза алынбалы-салынбалы етіп жасалады, бұл гильзаның жүмыс бетін

желінбейтін материалдан жасауды талап етеді. Гильзаның тікелей салқындату

сүйығымен шайылатын түрін идеалды гилъза деп атайды.

Кейбір моторларда гильзаның үйкеліске көп үшырайтын 50-60 мм бөлігіне

үйкеліс желінуіне төзімді, сығым-далып салынатын шойын саңина орнатылады.

Мүндай гильзаның жүмыс істеу мерзімі үзақтау болады. Гильзаның ішкі

қабырға беттері сақинамен бірге мүқият өңделіп, айнадай жылтыр күйге

жеткізіледі де, оны цилиндрдің айнасы деп атайды.

Цилиндр блогінің калпагы. Цилиндр блогінің қалпағы цилиндрді үстінен жауып

тұрады жəне толықтай немесе аз бөлігі жану камерасын орналастыруға да ар-

нап жасалады (кейбір моторларда жану камерасының бір бөлігі поршеньге ойып

орналастырылады) . Жану камерасының əр түрлі формасы болады, бүл жану

процесін тиімді жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында жасалады. Цилиндр

қалпағы шойыннан, көбінесе арнайы алюминий қоспасынан жылуды тез қабылдап

шығару мақсатында жасалады. Қалпақта жану камерасы орналасады, енгізу жəне

шығару саңылауларына арнайы ыстықңа төзімді шойыннан жасалған клапандары

бар саңина тұғырлар орнатылады. Сонымен бірге жанармай енгізу жəне жану

қалдығын шығару түтіктері, салқындату сұйығының қаптамасы жəне салқындату

қалпақшалары бар. Қалпақ цилиндр блогіне шпилкалар арқылы асы-лып жəне

əрбір гильзаға арнайы ойылып жасалған оймақтары арқылы қысып бекітіледі.

Қалпақ пен цилиндр блогінің беттік бірігулері болат асбесті төсемдермен

(про-кладка) тығыздалады. Бұрандалары (гайки) қалпақты біркелкі қысатындай

күшпен мыңталып, қысылады . . . Поршень. Поршень газ қысымын қабылдап бүлғақтай береді, сондай-ақ барлық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тракторлар мен автомомильдер
Май сыдырғыш сақина
Айнымалы бұлғақты механизмдерге техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеу ерекшеліктері
Скважиналық штангалық сораптар
Газ тарату механизмі
КамАЗ автокөлігінің жарықтандыру жүйесін жөндеу және техникалық қызмет көрсету
АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ
Майлы ажыратқыштар
Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету
Орал қаласындағы 4 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру автокөліктеріне жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету жүйесін толық жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz