Түркі әлемінің әміршісі – Әмір Темір


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан облысы

ауданы

«» КММ

Мәнжазба

«Түркі әлемінің әміршісі - Әмір Темір»

Орындаған:

Жетекшісі:.

2018 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І. Негізгі бөлім . . . 4

1. Темір әулеті империясының құрылуы . . . 4

2. Әмір Темір кезіндегі мәдениеттің өркендеуі . . . 5

ІІ. Қорытынды . . . 6

ІІІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 7

Кіріспе

Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу - қазақтың дәстүрлі таным - түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс. Қоғамның саяси - әлеуметтік, мәдени - рухани ахуалы ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады. Сондықтан мен түркі әлемінің әміршісі - Әмір Темір туралы көзқарасты өзгерткім келеді.

Қара теңізден Қытайға дейін, Ертістен Парсы шығанағына дейін билік еткен Әмір Темір (Ақсақ Темір) адамзат тарихындағы ұлы жаулаушылардың бірі. Солтүстікте орысты, шығыста қытайды, оңтүстікте үнділер мен арабтарды сескендірген қатал да қайсар, нағыз көк бөрінің ұрпағы Ақсақ Темірдің бүкіл ғұмыры жорықта, ат үстінде өткен. Әйгілі Әмір Темір есімі сайын даланың ұлы қолбасшылары Ескендір Зұлқарнайын, Ганнибал, Кай Юлий Цезарь мен Шыңғыс хан қатырынан орын алатындығы сөзсіз. Еділ де, Шыңғыс хан да, Ақсақ Темір де - түркі әлемнің қолбасшылары. Өскелең ұрпақ осыны ұмытпауы керек. Біздің бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен Қытайды да, Үндістан мен Мысырды да, Еуропаны да дүр сілкіндірген. Ақсақ Темір әлемдегі түркі нәсілінің кең тарауына ықпал жасаған бірден-бір әмірші.

Кеңес Одағы кезіндегі тарихтың саяси бұрмалануы нәтижесінде қазақ тарихынан Ақсақ Темірдің алшақтау қалып бара жатқандығы қатты қынжылтады. Мен тарихи деректерді пайдалана отырып, өз жұмысым арқылы ХIVғ. соңы - XVғ. басы әлемді жаулап алу саясатын жүргізген алып империяның билеушісі, Әмір Тәмір туралы әлі ашылмаған тарих беттеріне шолу жасағым келді. Аршында Самарқандағы тұтас сәулет ескерткіштері ансамблі мен түркі дүниесінің рухани орталығына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қалдырған тарихи тұлғаның әлі зерттелмеген, ашылмаған соқпақтарына ХХІ ғасыр тұрғысынан көз салуды мақсат еттім.

3

І. Негізгі бөлім

1. Темір әулеті империясының құрылуы

Әмір Темір туралы аңыз бен ақиқатқа толы деректер көзі бүгінгі таңда жетерлік. Оның дүниеге келуі мен әмір құрған патшалығы туралы аңыздар қаншама. Тек аңыз ғана емес ақиқаты да баршылық. Өз кезінде жорықтарды үнемі қасында тарихшыларды қоса ұстаған.

Әмір Темір (Құтбуддин Темір Гүркап, Темірлан) - қолбасшы, мемлекет қайраткері. 1336 жылы Түркістанда туып, 1405 жылы Самарқан қаласында жерленген. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. 1361 жылдан Қашқария уәлаятының билеушісі болды. 1370 жылы Мауераннахрды алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. Осыған байланысты Ақсақ Темір (парсыша Темірленг) атанған.

М. М. Герасимовтың Темір мәйітін зерттеу қорытындысы бойынша оның бойы шамамен 172 см құрағанын және физикалық жетілген өте мықты тұлға болғанын көрсеті.

Әмір Темірдің қолбасшылық дарыны арқасында Хорезм мемлекеті (1372-1388), Шығыс Түркістан (1376), Герат, Хорасан (1381), Қандағар (1383), Оңтүстік Әзірбайжандағы Сұлтания (1384), Тебриз, Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті.

Әмір Темір 1370-1390 жылдары Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға оннан астам жойқын соғыс жорығын ұйымдастырды. 1390 жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінің құрамына енді. 1398 жылы Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мамлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя - Темір мемлекеті құрылды.

4

Өз заманында қаншама жерлерді жаулап алса да темірге «хан» атауы берілмеген. Ол заманда «хан» деген атау тек хан тұқымынан шыққандарға ғана берілген. Ал Темір Шыңғыс хан тұқымынан шықпағаны үшін «хан» атана алмай, тек «әмір» лауазымына ғана ие болған. Сонымен қатар, оны «сахып қыран» деп те атаған. Бұндай атақ шығыс қолбасшыларында тек Бату мен Темірге ғана беріліпті. «Сахиб» деген сөз «қожайын», енді бірде «жеңімпаз» мағынасында қолданылады. Ал «қыран»- кәдімгі қыран. «Сахып қыран» деп Б. Қорғанбековтың жинақтаған «Қожа Ахмет Яссауи есімімен байланысты аңыз, әпсана, хикаялар» атты кітабында Әмір Темірді осылай атайды.

Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шаққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Сүйегі Самарқандағы Гүр Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394-1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483-1530) сынды атақты адамдар шықты. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір империясы ыдырап кетті.

2. Әмір-Темір кезіндегі мәдениеттің өркендеуі

Қазақстан аумағындағы Темірдің ең үздік салдырған туындысы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Ол Қазақстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және табыспен таралуына жағдай жасаған. Ахмет Яссауи тек насихатшысы емес, XII ғасырда өмір сүрген философ, ұлы ғұлама

мейірімді кішіпейіл ойшыл акын ретінде түркі жұртына танымал болды. Оның мазараты мәдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - отрағасырлық сәулет өнері ескерткішінің тамаша туындысы. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауи қабірінің басына тұрғызылған.

Темір «Қалаларда мәдениетті адамдар неғұрлым көп болса, оның өсіп-өркендеуі, дамуы тез жүреді, Мауреннахр мен Түркістан қалалары мейлінше көркейе түседі деп есептеді». Мауреннахр мен Самарқанда бой көтерген

5

жаңа құрылыс нысанында пейзаж көркем өнері кең тарады. Бұндай тамаша көркем суреттер Ширин-бика-ага (1385), Бибі-ханым (1404), Туман-ака (1405) қабырғаларында бейнеленген. Олардың барлығы көк бояумен ақ жолақтармен және алтын түстермен көмкерілген. Пейзаждық туындыларда ХІҮ-ХҮ ғасырдларда көркем өнер метаформасы әлемде жоқ «фирдаус» - жұмақ бақтары бейнеленді. Мауреннахрда қолданбалы өнер кеңінен тарады. Ол әсіресе, Ясыда, Самарқан пен Бұқарда жақсы таралды. Сонымен қатар Әмір Темірдің мұсылманшыл екендігі және он екі жасынан бастап намазға жығылғандығы, мұсылмандық салт-дәстүрді ерекше ұстанғандығы және өз мемлекетінде мұсылман дінінің таралуына жағдай жасағандығы деректерден белгілі. Темір өзі таққа отырып, мемлекет билігін өз қолына ұстаған сәттен бастап мемлекеттің негізгі тірегінің бірі дін екендігін мойындаған. Ол Темір түзіктері («Уложение Тимура») атты шығармада дін туралы былай дейді: «Маған тәжірибе көрсетті. Дін мен заңға бағынбаған мемлекет ешқашан өзінің күші мен қуатын сақтай алмайды . . . Дінсіз мемлекетті шатыры жабылмаған, есіксіз, қоршаусыз, кез-келген арам пиғылды адам кіре беретін қорғансыз үймен салыстыруға болады.

Мен сондықтан өз ғимаратымды ислам дінінің ұлылығына негіздедім. Оған ережелер мен заңдарды үйлестірдім және оларды өзім билік жүргізген кезімде сақтап, мойынсұндым» - дейді. Бұл Әмір Темірдің мемлекетті басқаруда дін мен дін өкілдеріне арқа сүйегендігін көрсетеді.

ІІ. Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әмір Темір— Орталық Азия жаһангері
Жақсыдан қалған жәдігер Жаһан - наме поэмасының зерттелу тарихы мен мазмұны
Сұлтан Бейбарыс және оның Қыпшақ тарихындағы рөлі
Түркі ойшылдарының мұрасындағы ислам құндылықтары
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сызбасы
Жүсіп Баласағұни. Моғолстан
Ақ Орда хандығының пайда болуы
Қ. А. Яссауи түркі халықтарының ұлы ойшыл ақыны
Мұхаммед Хайдар Дулати-өмірбаяны
Ақсақ Темір
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz