Ана - өмірдің шуағы мерекелік кеш жоспары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 4 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге
Таңдаулыға:   




Ана - өмірдің шуағы
Ұлан:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Сырымбет, Күнтуған, Ерқанат, Нұрым : Көңілді күн! Ән
Хор: Мерекелеріңізбен! Әжелер, аналар, ұстаздар, қыздар, қарындастар...!
Ұлан: Түсінбедім..? Сендер мында не істеп жүрсіңдер? Келіскен жоқпыз ба?.
Күнтуған: Ия, ең үздігі, 8-наурыз мерекесін жүргізушісі болады дегенбіз. Ұлан, мен ең көріктімін!
Сырымбет: Ал, мен болсам, ең сымбаттысымын!
Ерқанат: Мен ең ақылдысы!
Нұрым: Мен бе? Дарынды, талантты, өнерлі,.. тағы басқа
Ұлан: Эй, эй тоқта. Ең, ең, еңі... мен бол! Бұл мәселені сосын шешімін табармыз. Қазір бізді қонақтарымыз күтіп қалды. Кешімізді бастайық!!!
Ерқанат:
Әкелетін отабасына береке ең,
Әз аналар арамызда көп екен.
Жыл құсындай көктем сайын оралар,
Құтты болсын нұрға толы мерекең!
Сырымбет:
Наурыз мейрам, жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.
Жарығыңмен шуағыңмен күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Нұрым: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған.
Күнтуған: Сондықтан құрметті аяулы асыл аналар, қадірлі Ұстаз - аналар, ару қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Ұлан: Ана - өмірдің шуағы атты мерекелік кешімізге хош келдіңіздер! Құттықтау сөзі мектеп директоры Сейтжан Дәулетханұлына беріледі.
Қыздар, қыздар сұлу қыздар! би 7-11 сынып
Сайран:
Қызыл гүлім -- ай
Қызықтырдың -- ай
Аппақ гүлім -- ай
Ардағымсың -- ай
Ұлан: қққ (жөтел)
Сайран: тук, тук , кіруге бола ма?
Ұлан: кіріп, сахнада тұрсың ғой!
Сайран: сахнада Ұлан, терең ойда, ерсілі - қарсылы жүрсің. Неге? Неге көңілсіз жүрсің? Ааа?
Ұлан: Ойланып жүрмін
Сайран: Қызыңа қандай сыйлық беремін деп пе?
Ұлан: Жо - жоқ. Е - е, Сайран, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
Сайран: - Онда тұрған не бар? Жылдағыдай тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз әжелер, аналар мен қыздарды! Мен, міне би билеп берейін, сен тақпақ ай ... ..
Ұлан:- Жо - о, жоқ! Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!
Сайран:- Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. Жігіттер де дайындалып жүрген шығар, міне өздері де келе жатыр ғой (7- сыныптың жігіттері шығады сахнаға) Жігіттер қалай бастаймыз ба?
7-сынып ұлдары: Бастасақ бастайық! (даярлық сыныпты қолдарынан ұстап алып шығады.)
Ұлан: Ендеше әсем әнмен аналарымыздың, ару қыздарымыздың көңілдерін көтерейік.
Даярлық сынып: тақпақ, ән
Қажығали: Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана.
Әділжан: Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де - Ана. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ.
2-3 сынып: тақпақ, би
Сайран: (жан-жаққа қарап, Ұланнан тығылып келіп) Аналар мерекесі туралы тарихи мәлімет берейін сіздерге. (Әміре: Дауыстап айта бер. Ұланды ұстап тұрмыз.) 1910 жылы Клара Цеткин және Роза Люксембург Копенгагенде өткен Екінші Халықаралық Социалист Әйелдер Конференциясына барып, дүниежүзі әйелдерінің құқықтарына қоғамның көңілін аудару үшін нақты бір күнді белгілеу туралы ұсыныс жасайды. Және 8 - наурыз күнін ұсынады. (К. Цеткиннің туған күні де 8 - наурыз).
Әміре: Сөйтіп коммунистер тарапынан қолдау тапқан Әйелдер мерекесінің Совет елінде қалыптасуына Леонид Ильич Брежнев көп үлес қосқан. Осы кісінің тапсырмасымен 1966 жылы 8 - наурыздан бастап, бұл күн КСРО көлемінде мереке ретінде бекітілді. ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Ана- өмірдің шуағы
Ана – өмір шуағы
КЭШ-жады
Ана – аса қымбатты жан
Той мерекелік салт-дәстүрлік әрекеттердің теориялық негіздері
Балалар бақшасында мерекелік ертеңгіліктерді ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері
Дін - әлеуметтік өмірдің феномені
Биологиялық кеш Құс қанаты қайырылмасын
Өмірдің жерден даму эволюциясы
Кәсіпкерлік туристік фирма жоспары
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь