Желтоқсан - Тәуелсіздік бастауы Алтын сандық танымдық сайысы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 5 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге
Таңдаулыға:   




Желтоқсан - Тәуелсіздік бастауы
Алтын сандық танымдық сайысы
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.
Көрнекілігі: Слайд, бағалау парағы, марапаттау қағаздары.
Сайыстың түрі: танымдық сайыс.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікірталас, ойын.
Сайысқа қатысушылар: 2 топ (7-8 сынып): Тәуелсіздік тобы, Желтоқсан тобы, жүргізушілер, әділқазылар.
Сайыстың барысы:
І. Кіріспе.
Әнұран орындалады.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
Армысыздар қадірменді ұстаздар, оқушылар! Дүниеде тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да, халық та жоқ. Тарихқа зерделеп қарасақ, ата-бабаларымыз ел үшін, жер үшін, ел тәуелсіздігі үшін күресті. Қазақстан жерінде тұратын әр адамның қасиетті борышы - атамекенін сүю, мәдениеті мен тілін білу, қастерлеу. Міне біздің еліміздің тәуелсіздік алғанына 26 жыл толып отыр. Тәуелсіздік әрине, оңай жолмен келген жоқ. Көшпелі ата-бабаларымыз 3 нәрсені бойтұмардай сақтап келген. Олар: елі, жері, ана тілі. Осы үшеуінсіз қай халық болса да, егемен ел екендігін дәлелдей алмайды. Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын білу - әрбір ұрпақтың азаматтық борышы дей отырып, бүгінгі біздің Желтоқсан - Тәуелсіздік бастауы тақырыбы аясында өтетін Алтын сандық танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен, -- дей келе ортаға бүгінгі Алтын сандық танымдық сайысымыздың үміткерлерін шақырайық:
І топ - Тәуелсіздік тобы
ІІ топ - Желтоқсан тобы.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Бүгінгі Атажұрт сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Бүгінгі сайысымыздың әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейік:
1. ___________________________________ ___________
2. ___________________________________ ___________
3. ___________________________________ ___________
ІІ. Сайыстың кезеңдері.

Бүгінгі біздің сайысымыз мынандай 5 кезеңнен тұрады:
І кезең Қанат қақты(топ басшылар сайысы)
ІІ кезең Самғау (даталар сөйлейді)
ІІІ кезең Шарықтау (ұяшық таңдау)
ІV кезең Жерұйық (мына сөзді кім айтқан)
V кезең Шырқау (ән айту немесе өлең оқу)
Сайысымызды бастамас бұрын топ басшылары өз топ мүшелерін таныстырып өтсін.
І - Тәуелсіздік тобы -- 5 оқушы
ІІ - Желтоқсан тобы -- 5 оқушы

Әрқашанда алды бол,
Артыңдағыны ұмытпа!
Болашағыңды бүгіннен ойла,
Тарихыңды ұмытпа!
Ал, іске сәт! дей отырып сайысымызды бастайық.
І кезең Қанат қақты(топ басшылар сайысы)
І - Тәуелсіздік тобына сұрақтар:
1. Қазақ хандығы қашан құрылды? (ХV ғасырда - 1465-1466 жылдары)
2. Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? (Жеті жарғы)
3. Абылай ханның өмір сүрген жылдары? (1711-1781 жылдар)
4. Қазақ жүздерін ата. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
5. ҚР - ның астаналары болған қалаларды ата. (Орынбор, Қызылорда-Ақмешіт, Алматы-Верный, Астана-Ақмола)
6. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
7. ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шот Аман Уәлиханов)
8. Н.Ә.Назарбаев қай ғылымның докторы? (экономика)
9. Жақында өткен Елбасы жолдауының тақырыбы қандай ? (Нұрлы жол - болашаққа бастар жол)
10. EXPO - 2017 Халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбы қандай? (Болашақ қуаты, энергиясы)

ІІ - Желтоқсан тобына сұрақтар:
1. Қазақ хандығын құрған хандар? (Жәнібек пен Керей)
2. Шыңғыс ханның заңдар жинағы? (Яса- Жасақ)
3. Абылай ханның билік құрған жылдары? (1771-17814 жылдар)
4. Қазақтың беделді билерін ата. ( Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
5. Астана қаласының бұрынғы атауы қандай? (Целиноград)
6. Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата. (Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова)
7. ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы? (Шәкен Ниязбеков)
8. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)
9. Қазақстан -- 2050 бағдарламасы қабылданған жыл? (Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ)
10. Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары қай жылы өтті, бойтұмары қандай болды? (2011 жылы 30 қаңтар -- 7 ақпан, қар барысы)
І кезең Қанат қақты(топ басшылар сайысы) бойынша әділқазыларға сөз берейік.
Келесі ІІ кезең Самғау (даталар сөйлейді) , яғни әр топ ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздік бастауы
16 Желтоқсан Тәуелсіздік күні
Ел мәртебесі тәуелсіздік туын тұңғыш көтерген желтоқсан
Білгірлер сайысы
16-желтоқсан - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік мерекесі
Тәуелсіздік
Желтоқсан батырлары
16-желтоқсан
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь