Аутизм дертіне шалдыққан балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзету


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .: 1 Ерте балалық шақтағы аутизмнің теориялық негіздері . . .
3: 5
Кіріспе . . .:
  1. Аутизм синдромының зерттелу тарихы және қазіргі кездегі жағдайы . . .
3: 5
Кіріспе . . .: 1. 2 Аутизмнің пайда болу себептері, белгілері және түрлері . . .
3: 9
Кіріспе . . .: 1. 3 Аутизмнің педагогикалық-психологиялық сипаттамасы . . .
3: 15
Кіріспе . . .: 2 Аутизм дертіне шалдыққан балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзету . . .
3: 19
Кіріспе . . .: 2. 1 Аутизм балаларға арнайы білім берудің принциптері . . .
3: 19
Кіріспе . . .: 2. 2 Шет елдердегі және Қазақстандағы аутизмді түзету жұмыстарының мазмұны мен әдістемесі . . .
3: 22
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 28
Кіріспе . . .: Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
3: 30

Кіріспе

Қазіргі кезде ерте жастағы балалар аутизмі мәселесі арнайы педагогика-дағы ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Себебі, мүгедек балалардың әлеуметтік құқығын сақтау 1991 жылы қабылданған «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және 2002 жылы сәуір айында қабылданған «Кемтар балаларды медициналық - педагогикалық қолдау» Заңына сәйкес жүргізіледі. Дегенмен, бұл заңда аутисттер жағдайы тысқары қалған екенін дөп басып айтуымызға болады[1, 2] .

Қоғамда көп айтыла бермейтін дерттің бірі - аутизм. Елімізде бұл ауру туралы ақпарат аз, ал дертпен күресіп жүргендер көп.

Аутизм - ми жұмысының бұзылуынан туатын ауру. Мамандар дерттің 300-ге жуық себебін атап отыр. Бірақ нақты тұжырым, дәйекті дәлел жоқ.

Аутист балалар ортамен қарым - қатынасқа түсуде үлкен сезімталдық танытады. Баланың миына түскен ақпараттарды оның миы қабылдамайды, себебі миының сенсорлы жүйесі дұрыс жұмыс істемейді. Есесіне, бала көптеп түсіп жатқан ақпарат пен жаңалықтардан қорғана бастайды. Мамандар бұны былай түсіндіреді: дені сау бала дамуға жұмсайтын күшті, аутист бала қорғану механизм құруға жұмсайды. Сол себепті үнемі өз әлемінде, ешкімде жұмысы жоқ болады, тіпті ең жақын адамы анасымен де байланысуға қорқады. Ғалымдардың ең соңғы мәліметтері бойынша, аутизмге ұшыраған балалардың тумыстан миының дауында кінарат (мидың бір бөлшегі жақсы дамыса, екінші бөлігі нашар дамыған, хромасомалық өзгерістер мен зат алмасудың бұзылуы, гендік деңгейдегі өзгерістер) бар екені анықталды. Гендік өзгерістердің пайда болуына, жүкті кезінде болашақ анаға қоршаған ортаның қолайсыз экология-лық жағдайы, стресстер әсері. Әдетте, бала миының эмоцияларға жауап беретін орталығы бұзылады. Олардың қанының құрамында ерекше белоктар анықталған. Бұл жерде тұқым қуалаушылықтың маңызы зор. Әлем бойынша 67 миллион адам аталған дертпен арпалысса, қазақстандықтардың үлес салмағы мыңнан асып жығылады. Ал Оңтүстікте 60 бала «аутист» деген диагнозбен өмір сүреді. Бұл ресми тіркелгені ғана. Олар жүйке аурулары диспансерінде емделетіндіктен, емхананың атынан қорқып, баласын есепке ілмей жүргендер. Бүгінгі күнде бұл аурудың этиологиясы мен факторларын әлем ғалымдарының өзі ашық, нақты айта алмай отыр. Соңғы кездері ғана еліміз аутисттер мәселесін қарастыруда. Бұған бірден бір себеп, олардың саны жылдан жылға көбейіп баруында, сонымен қатар оларға сәйкесінше берілетін емдерінің аздығы мен мамандардың жетіспеушілігі болып табылады. Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша аутисттік проблемалары бар балалар саны өсуде. Мысалы, 10-20 жыл бұрын 10 мың баланың 3-4тен 10-15 оқиға тіркелген болса, ал қазіргі кезде мысалы АҚШта орта есеппен алғанда 200 баланың 1уі, ал кейбір елдерде бұдан да көп, Англияда орта есеппен алғанда 80 баланың 1і. Сондай-ақ, «әлемде аутизмнің өсуі эпидемия түрінде қарастрылады. Қазақстанда да, аутист балалар көбеюде. Облыстық психо-медико-педогогикалық консультациялардың мәліметтері бойынша 2002 жылы 93 бала болса, 2009 жылы - 326 ға жеткен». Бізде тіпті бұл саладағы мамандар саусақпен санарлықтай десек қателеспеспіз. Батыс Еуропада және АҚШ елдерінде аутизммен жұмыс жасау және түзету жолдары 30 жыл бұрын қалыптысқан болатын. Ал біздің Қазақстан бұл аурудың бар екендігін енді біліп жатыр. Қарап отырсақ, басқа мемлекеттерде ауруды зерттеп білуге арналған белгілі бір әжептеуір жүйе қалыптасқанына көз жеткізе аламыз. Бұл мәселе курстық жұмыс тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: аутизмді ғылыми әдебиеттер негізінде тал-дау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- аутист балалардың психикалық процестері мен ерекшеліктері және ау-тизмнің тарихы бойынша ғылыми әдебиеттерге шолу жасау;

- аутизмді емдеу жұмыстарының мазмұнына талдау жасау;

- шетелдердегі және Қазақстандағы мемлекеттердің көрсетіліп жатқан түзету жолдарымен, аутист балалармен жүргізілетін жұмыстарымен, іс-шара-ларымен танысу;

Курстық жұмыстың объектісі: қазіргі таңдағы аутист балалардың еліміздегі және де шет елдердегі жағдайы.

1 Ерте балалық шақтағы аутизмнің теориялық негіздері

  1. Аутизм синдромының зерттелу тарихы және қазіргі кездегі жағдайы

Аутизм синдромының пайда болғанына бірнеше жылдар, бірнеше ғасырлар болды. Бірақ оның зерттелу тарихы қысқа ғана. Аутизмнің тарихы аңыз-әңгімелерден, ертегілерден басталған. Онда ұрланған эльфтардың орнына аутист балаларды қалдырып кетіп отырған.

Ал, шынайы тарихқа келсек, XVIII ғасырда аутизм ауруынан зардап тартқан адамдар туралы ақпараттар пайда бола бастады.

Өткен ғасырдағы осы мәселелерді терең зерттеген ғалымдардың алғашқысы болып француз зерттеушісі Дж. М. Итар болып табылады. Ол тәжірибе ретінде Аверон орманындағы 12 жасар Виктор атты баланы («Аверондағы жабайы бала») зерттеді. Ол зерттеу барысында баланың күйін сипаттай отырып, оны «интеллектуалды мутизм» деп атады. Дж. М. Итар «Интеллектуалды функцияның бұзылуынан мутизмнің пайда болуы» (1828) атты еңбегінде 28 жылдық зерттеулерінің нәтижелерін Париждегі Сур-Муэ институтында жетіл-дірді. Мұнда ғалым Аверондағы жабайы Викторға жасалған реабилитациялық тәжірибелерін көрсетті. Әрі қарай Дж. М. Итар мұндай балалардың оқуы мен сөйлеу тілін дамыту мақсатында, өзі ойлап тапқан диагностикалық және коррекциялық әдістемелерін сипаттады. Және де, Итар өзі сипаттаған балалар-ды идиотия мен ақыл ойы кем балалардан бөліп қарауды, ажыратып қарас-тыруды ұсынды. Ол интеллектуалды мутизмнің негізгі клиникалық сипат-тамасын және коррекциясын көрсетті. Өкінішке орай, ол кезде француз ға-лымының зерттеулері өзінің әріптестерінің қызығушылығын тудырмады.

1911 жылы швейцар психиаторы Е. Блейлер өзінің «Ерте жастағы ақыл-ойы кемістігі немесе шизофрения» атты еңбегін жариялады. Және де осы еңбе-гінде Е. Блейлер «Аутизм» терминін нақты қарым-қатынас жасау ортасын қа-жетсінбеу, одан оқшаулану, логикалық заңдардан азат болу мен өз «әлемінде» ғана өмір сүру сияқты, ерекше күйді белгілеу үшін енгізді. Ал, аутизмнің ал-ғашқы сипаттамалары 1943 жылы американдық балалар психиаторы Лео Каннердің «Аффективті байланыстың аутистік бұзылулары» атты мақаласында жарияланды. 1938 - 1943 жылдар аралығында Каннер аутист балаларды зерттеп, осы балалардың 11 мінездемесін сипаттап жазды. . Ол «экстремальды жалғыздық» деп, ерекше клиникалық синдром қорытындысын жасайды, кейін аутизмді ашқан ғалымның құрметіне оны Каннер синдромы деп атау ұйғарылды.

Кейін 13 жылдан соң, 1956 жылы, Л. Каннер Л. Эйзенбергпен бірге аутизмнің диагностикасын қарастырып, «Ерте жастағы балалар аутизмі: 1943 - 1955» атты мақаласын жариялады. Бұл мақаласында аутизмнің 5 диагностика-лық мінездемесін бөліп көрсетті:

  • адамдармен аффективті байланыстың жоқ болуы;
  • бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы, бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек;
  • эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау;
  • бір затқа бағыныштылық, және оны қолында айналдыра беруі;
  • мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жестарының болмауы;

Дәл сол уақытта Лео Каннерден бөлек, 1944 жылы, австриялық психиатор Ганс Аспергер өзгеше категорияға жататын - бірнеше баланы сипаттай отырып, оны «аутистік психопатия» деп атайды. Бұл бұзылудың психологиялық сипаты, Каннер синдромынан өзгеше. ЕЖБА-мен салыстырғанда, бірінші айырма-шылық - аутистік психопатия белгілері, 3 жастан кейін білінеді. Аутистік пси-хопаттардың мінез-құлқы мен тәртібінің бұзылуы айқын көзге түседі, олар «балалық» белгіден тыс, барлық көріністерінде «егдейлік» байқалады, пікірлері мен көзқарастары өзгеше бір қайталанбас сипатқа ие. Құрбыларының ойын-дары оларды қызықтырмайды, өз ойындары механикалық ойын тәрізді болып келеді. Аспергер олардың «аспан қалықтап» жүретіндіктерін, мимикаларының, сөйлеудің монотондылығын, қарым-қатынасты қажетсінбеу, аялау, еркелеу әдеттерінің болмауын сипаттайды. Интуицияның жеткіліксіздігі, өзгенің жанын түсінбеу, жанашырлық көрсетпеу белгілері бар. Ал, екінші жағынан, Аспергер бұл балалардың өз үйіне деген ерекше сүйіспеншіліктерін байқайды.

1960 жылы аутист балалардың ата-аналары жазған алғашқы үш кітабы жарыққа шықты. Бұл кітапты: атузммен ауыратын егіз балалардың әкесі Жак Мэй «Дәрігердің психиатрия бойынша жұмыс жасауы»(1958), анасы Карин Джанкер«Шыны шарлың ішіндегі бала», Клара Клайборн Парк - аутизммен ауыратын өз қызының жеке әлеміне кіру мақсатында жазылған - «Аутист баланың өміріндегі алғашқы сегіз жыл»(1967ж) .

Өкінішке орай өзі үшін және қуанышқа орай мыңдаған отбасылар үшін аутист балалардың әкесі атанған Бернард Римланд 1964 жылы өзінің әлемді дүр сілкіндірген кітабн жарыққа шығарды. Ол кітап «Балалар аутизмі: Синдром және оның жүйкелік көріністерінң теориялық мағыналары»(1964) деп аталады. Бұл кітапта, аутизм және оған жақын, ұқсас бұзылыстар жайлы әлемдік әдебиеттерге қысқаша шолу жасалған, және табиғат жайлы, аутизмнің себептері жайлы біраз өте қажетті және жаңа идеялар жазылған.

Бернард Римландтың аутист балалардың әкесі атану себебі, ол дәрігер-лердің оның баласына аутизм диагнозын қоюына көніге алмауы. Ол өз бала-сына және аутизммен ауыратын көптеген балаларға жәрдем беру мақсатында, осы саланың арнайы маманы болуды ұйғарды. Римланд «дұшпанды (аутизмді) жеңбейінше тынышталмайтыны» жайында өзіне сөз берді. Сол себепті, ол аутизмге байланысты қолына түскен ақпаратты оқып, оны жазып алып жүрді.

Римланд осы бір кітаптың арқасында, аутист балалардың әкесі ретінде тарихқа енді. Бірақ, ол өз баласына және басқа балаларға жәрдем беру үшін аутизмді әрі қарай да зерттеді. Соның арқасында, ол 1965 жылы желтоқсан айында Аутист балалардың халықаралық қауымының (қазіргі уақытта - Америкалық Аутизмдер қоғамы) негізін салды.

1970 жылы екі аутист балалардың әкесі - Виктор Винстон, баспашы, және Герман Прейзер, инженер, - «Аутизм және балалар шизофрениясы» журналы-ның негізін қалады. Бұл журнал аутизм және оның проблемалары жөнінде баға жетпес ақпарат көзі болып табылады.

1963 жылы Ирландияда кішігірім аутист балалардың ата-аналарының тобы Аутист балалардың Ирландиялық қауымының негізін қалады. Кейінгі жылдары мұндай қауымдар басқа да көптеген елдерде пайда болды: Бельгия, Финляндия, Дания, Германия, Франция, Италия, Люксембург, Нидерланд, Испания, Швеция, Швейцария, Канада, Япония, Индия және т. б елдерде.

Ресейде ЕЖБА бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек беру мәселелері, өткен ғасырдың 70-жылдары қарқынды қарастырыла бастады. Зерттеулердің нәтижесі ретінде, осы категорияға жататын балалардың пихологиялық классификациясы пайда болды.

Аспергердің еңбектері біраз уақытқа дейін танымал емес болатын. 1970 жылары Аспергер синдромы біраз елдердегі ғалымдардың қызығушылығын тудырды, солардың ішіндегі ең үлкен қызығушылық танытқан Л. Винг «Аспергер синдромы: Клиникалық шолу». Бұл еңбегінде Винг Аспергер синдромының клиникалық сипаттамасын, пайда болу себептерін, яғни этиоло-гиясын, эпидемиологиясын, дифференциялды диагностикасын, синдромның коррекциялау жолын, және аутизм мен Аспергер синдромы арасында салыс-тыру жүргізді.

Ресейлік тәжірибеде ең танымал К. С. Лебединская мен О. С. Никольскаяның аутизмді түзетудің кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық әдіс-темесі. Бұл әдістеменің негізгі ерекшелігі дәрігер, педагог пен психологтардың бірлесе, тығыз байланыста жұмыс жасау. Өткен ғасырдың ортасынан бастап балалық ерте жастағы аутизмді зерттеулер басталуына қарамастан, қазіргі уақытқа дейін арнайы кешенді көмек көрсету жүйесі құрастырылмаған.

Бұл жерде кейбір балаларды жалпы мектептегі арнайы сыныптарда оқыту тәжірибесі бар екенін айту керек. Бірақ сол балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қажеттілігі негізгі талап.

Соңғы жылдары аутист балалардың ата-аналарымен жазылған баға жетпес қазына болып табылатын көптеген кітаптар мен мақалалар шықты:

  • 1973 жылы Джош Гринфилд «Ной есімді бала», Джеймс Коупланд «Аннаның махаббаты үшін. Джек Ходжес есімді әкенің күнделігі».
  • 1975 жылы Филлис Гоулд «Өтініш, сәлем деп атпа»;
  • 1976 жылы Барри Нейл Кауфман;
  • 1977 жылы Элизабет Пейпер «Таяқтар мен тастар»;
  • 1979 жылы Каролина Беттс «Мені Джефф деп шақырыңдар»;
  • 1980 жылы Маргарет. П. Э «Еріксіз бейтаныс адамдар»;
  • 1983 жылы Анна Ловелл «Қарапайым Саймон»;
  • 1990 жылы Бронвин Хоккинг «Кішкентай бала жоғалды»;
  • 1991 жылы Аннабел Штели «Ғажайыптың даусы»;
  • 1993 жылы Джейн Тэйлор МакДоннелл «Шекарадан жаңалық».

Кейбір жоғарғы функционалды аутисттер бұл синдромды өздері зерттеп, әлемге аутист болудың қандай екенін түсіндірмек болды;

  • Давид Мисдзианик (аутист), поэт өз автобиографиясын жазған («Менің өмірбаяным», 1993) .
  • Темпл Грандин(аутист), ғылым докторы, «Суреттер арқылы ойлау»(1996)
  • Джуди Баррон Шок есімді аутсит ұлымен бірге аутизммен күресі жайлы сипаттап жазды («31дегі бала», 1992/1993) .
  • Томас МакКин, аутист, жазушы, өзінің құпиялы аутизм жайлы идеялары жайлы («Жақында жарық болады», 1994) .
  • Донна Вильме, аутист, аңыз-әйел, 5 кітап жазған, оның 3еуі өзінің өмірбаяны жайлы.
  • 1989 жылы басты рөлінде Дастин Хоманмен бірге «Жаңбыр адамы» атты кинофильм экран бетіне шықты.

Аутизмнің қысқаша зерттелу тарихы:

1828 жылы Итар: «интеллектуалды мутизм» (Аверондағы жабайы бала, Виктор) .

1911 жылы Блейер: «шизофрения», «аутизм» шизофренияның клиникалық сипаттамасы ретінде.

1943 жылы: «Ерте жастағы балалар аутизмі», аутизмді алғаш синдром ретінде сипаттаған.

1944 жылы Аспергер: «Аутисттік психопатия».

1947 жылы Мнухин: аутизм, ақыл ойы кемістігінің ауыр дәрежесі бар балалардың миындағы органикалық патологиясы ретінде.

1952 жылы АҚШ-та алғашқы аутист балаларға арналған күндізгі оқу мектебі ұйымдастырылды.

1956 жылы Каннер мен Эйзенберг: аутизмнің негізгі 2 диагностикалық сипаттамасын көрсетті: аффективті байланыстың жоқтығы және қайталанған әрекеттер.

1959 жылы Бсттелхейм: «Джой, механикалық бала» атты мақаласы.

1962 жылы әлемдегі алғашқы аутисттер қауымдастығы («Англиядағы - Халықаралық Британиялық аутисттер қоғамы») .

1964 жылы Римланд: Балалар аутизмі: Синдром және оның мағынасы ретінде жүйкелік көріністері.

1965 жылы АҚШтағы Аутист балалардың Халықаралық қауымдастығы ашылды[6] .

  1. Аутизмнің пайда болу себептері, белгілері және түрлері

Аутизм - (гр. autos - өзім) - адамның сырткы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр ортасында тәрбиеленуі қажет.

Аутист бала - ерке, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қой-ып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен аралас-пайды, тұйық болады.

Аутист баланың сөйлеу процесі бұзылғандықтан, олардың 50 пайызында мутизм және эхолалия жиі болады. Аутизм - кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсу қиыншылықтарын тудыратын психикалық ауытқу. Негізінен аутизмді ауру деп айту қиын, бұл - психикалық дамудың бұзылуы: шындықтан ауытқу, өз-өзінен кету, нем-құрайлылық немесе сыртқы құбылыстарға жауапты қимыл әрекеттердің болмауы. Мұндай балалар ортамен қарым-қатынаста үлкен сезімталдық танытады. Баланың миына келіп түскен ақпараттарды оның миы қабылдамайды, себебі миының сенсорлы жүйелері дұрыс істемейді. Есесіне, бала көптеп түсіп жатқан ақпарат пен жаңалықтардан қорғана бастайды. Мамандар бұны былай түсіндіреді: дені сау бала дамуға жұмсайтын күшті, аутист бала қорғану механизмін құруға жұмсайды. Сол себепті, үнемі өз әлемінде, ешкіммен жұмысы жоқ болады, тіпті ең жақын адамы болатын анасымен байланысуға қорқады.

Аутизмнің пайда болу себептерін түсіндіретін нақты дәлелденген ақпараттар өте аз. Бұрынырақ балаларға қызылшаға және шошқаборлыққа (свинка) қарсы егілетін вакцинацияның салдарынан пайда болады деген болжам бар еді. Бірақ уақыт өтісімен, көптеген зерттеулер нәтижесінде бұл болжам жоққа шығарылды. Ал психоаналитиктердің ойынша, баланың алғашқы даму кезеңіндегі «ата-ананың эмоциялық салқындығы» да себеп болады. Ғалымдардың ең соңғы мәліметтері бойынша, аутизмге ұшыраған балалардың тумыстан миының дамуында кінарат (мидың бір бөлігі нашар дамыса, екінші бір бөлігі өте жақсы дамыған, хромосомалық өзгерістер мен зат алмасудың бұзылуы, гендік деңгейдегі өзгерістер) бар екені анықталды. Гендік өзгерістердің пайда болуына, жүкті кезінде болашақ анаға қоршаған ортаның қолайсыз экологиялық жағдайы, стрестер әсер етеді. Әдетте, бала миының эмоцияларға жауап беретін орталығы бұзылады. Олардың қанының құрамында ерекше белоктар анықталған. Бұл жерде тұқым қуалаушылықтың да маңызы зор. Көп ғалымдардың деректері бойынша ерте жастағы балалар аутизмі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі[3, 4] .

Тұқымқуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейро инфекциялар, т. б. барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.

Балалар аутизмінің патогенетикалық механизмдері әлі де толық зерттел-меген құбылыс. Қазіргі кезде оның генетикалық факторларына назар ауда-рылуда. Мұның ішіндегі ең дәйектісі - мультифакторлық механизм. Бұл гендік кешен, патологияның өзін тудырмайды. Тек ауытқудың пайда болуына сеп-тігін тигізеді. Оның өзінде, егер қоздырғыш факторлар болса ғана.

ЕЖБА-ның тылсым генетикалық тұқымқуалау механизмдері әлі де жете зерттелінбеді.

Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) органикалық зақымдалуы 50 жылдам астамғы этиологиясымен байланысында қарастырылады. Іс-тәжірибе көрсеткендей ерте жастағы балалар аутизмі диагнозы бар балаларды жете зерттегенде көпшілігінде ОЖЖ-нің органикалық зақымдалулары белгілері байқалады, алайда олардың шығу тегі мен жіктелуі қиянға соғады. Ерте жастағы балалар аутизмін белгілі зақымданудың локализациясымен байланыстыру туралы мүмкіндіктер болды. Бірақ нақты қорытындылар жасау үшін жинақталған материалдар әлі де жеткіліксіз.

Психогенді фактор АҚШ-та және Батыс Еуропада психоаналитикалық ықпал түрінде қарастырылады. Ал Ресейлік әдебиеттерде психогенді аутизм болуы мүмкін, бірақ осы түрлердің нақты характеристикалары жоқ. Олардың ойынша, психогенді фактор: а) ЕБА-ның саналуан түрлеріне манифестік болуы; б) ЕЖБА-ның жеткілікті деңгейдегі интеллект және өзіндік тану бола тұрып, үшіншілік қалыптасуларына үлес қосуы (өзінің қалптаспауы себепті невротикалық бұзылыстар) ; в) сенсорлық аффект және депривациялық психикалық дамудың басқа да нұсқаларында екіншілік аутизацияның себепкері болуы мүмкін.

Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады:солғын, тамақ сұрап мазала-майды, жөргек суланса және бір жері ауырса сезбейді, өскен кезде ештеңеге қызықпайды, кейбір сөздердін емес сөйлемдерді қағыпалып, түсінбей қайталай береді. Жақын адамдармен, анасымен байланысты симбиотикалық, сондықтан жақын адамдарды түсіну, аяу, көну деген ұғым жоқ.

Аутист бала - ерке, тәртіпсіз сияқты көрінеді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен аралас-пайды, тұйық болады.

Жалпы тұйық мінез әртүрлі себептерге байланысты:

  1. Баланың жеке мінезіне
  2. Көру мен есту кемістігіне
  3. Зияттың жетілмеуіне
  4. Сөйлеу аппаратының бұзылғандығына
  5. Невротикалық өзгерістерге
  6. Ұзақ уақыт қарым-қатынассыз қалғандыққа(госпитализм)

Ерте балалық шақтағы аутизм синдромының негізгі себептері Л. Каннер бойынша симптомның триадасы болып табылады:

  • аутизм аутистикалық күйзелістермен бірге;
  • ұстама (одержисость) элементтері бар бірқалыпты, стереотипті мінез-құ-лық;
  • сөйлеу дамуының өзіндік бұзылыстары.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аутист балалардың топтары
Ерте бала аутизмі бар балаларды тәрбиелеудің теориялық негіздері
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі аутизмі бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары
Жұмыстың атауы
Ерте жастағы аутизм балалардың ерекшеліктері
Қарым - қатынастың сапалы бұзылыстары
Аутизмі бар балалар
Аутист баланың психологиялық дамуының ерекшеліктері
Эмоционалды оқыту арқылы балаларды әлеуметтендіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz