Ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың орналастыру институтын құқықтық реттеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Барлық елдерде қоғам балаларға, кедейшілік пен ауруды білмей, олардың потенциялын барынша жүзеге асыруға әрекеттесетін жағдайлар жасау қажеттігін таниды. Ересектердің қамқоршылығысыз қалған балаларды орналастыру мәселелесі біздің республика үшін д өзекті болып табылады. Әсіресе, бұнда балалар әлеуметтік сілкініс кезендерінде қажет етеді.
Себебі, кез келген қоғамды қамтитын әлеуметтік күйзеліс кезендерінде белгілі бір себептермен ең осалы балалар болып табылады өздерін қамдана алмайды, балалар беттерімен материалдық және рухани ересектердің қолдауын қажет етеді.
Балалар объективті себебтермен, ата-аналарының қайтыс болуы, және субъективті де себептермен мемлекеттік органдардың құнттауын қажет етеушілерге айналады.
Жанұялардың күйреуі, балаларды тәрбиелегісі келмеу және оларды перзентханада тастап кету, қоғамдық және әлеуметтік ізденіс уақыттарында күрт пайда болатын, ата-аналарының алкоголизмі, балалардың қадағалаусыз қалатындығына әкеледі.
Совет одағының күйреуі, елдің шаруашылық жүргізудің жаңа экономикалы қағидаларына өтуі, елде осы жағдайларға тез бейімделіп және қоғамда орнын таба алмаған адамдардың пайда болуын апарды. Қоғамның топтарға бөлінуі жүрді.
Әсіресе, осындай кезеңдерде балаларға қамқоршылықты өзіне мемлекет алуы қажет. Азаматтық соғыс кезеңдерінде советтік мемлекет балалар үйлерін (коммуналарды) ал Ұлы отан соғыс кезінде және одан кейінде бабалар үйлері құрылды.
Бірақ балалар үйлерін ашу балаларды орналастырудың ең жақсы әдісі еместігін тәжірибе көрсетіп отыр. Балаларды отбасыда тәрбиелеу тиімді болып табылады және бала отбасы немесе оған барынша жақын жағдайларда тәрбиеленетіндей шаралар қолдану қажет.
Отбасы, әлеуметтік қатынастардың және эмоционалдық дамудың бірегей негізі болып табылады. Сондықтан, БҰҰ «Бала құқықтары туралы» конвенциясында ерекше назар отбасылық тәрбиеге аударылады, ал отбасыдан тыс тәрбиелеу ең шекті шара ретнде қарастырылады.
Кез келген қоғамда, ата-аналарының қайтыс болуы қысқа немесе ұзақ уақыт кезеңінде, олардың науқастануы, бостандығын айру орындарында орналасқандығы, балалардан бас тарту себептерімен, тиісті тәрбие мен материалдық қамтамасыз ету мүмкіндігінің болмауы себептерінен ең осал, қорғаштауды қажет ететін балалар болады.
Нағыз жетім тек мемлекеттің қамқоршығында қалған балалардың бір бөлігі болып табылады, ал олардың басым көпшілігі - «әлеуметтік жетім» деп аталады. Бұл терминмен бір немесе екі ата-анасы да тірі, бірақ балаларына баға алмайтын немесе ұзақ уақыт бойы науқастанып, қамауда отырғандықтан, өз ата-аналық міндеттеріне үстірт қарап немесе балаларына жат тәрбиемен зиян келтіретін балалар белгіленеді. Әлеуметтік жетімдер сонымен қатар мемлекеттің қамқорына ата-аналарымен берілген мүгедек балалар жатады.
«Ата-аналарының қамқорысыз қалғандар» термині бұрынғы Кеңес Одағы республикасында кең қолданылады, және оларға мемлекет орын басар қамқоршы қамтамасыз етуге міндетті балаларды білдіреді.
«Мемлекеттік қамқоршылық» термині ата-аналарымен қала алмайтын балалар туралы, қамқоршылықты ұйымдастыру бойынша мемлекетке жүктелген міндеттеріне жатады. Жалпы мемлекеттің билігімен баланы тәрбиелеуге орналастырудың үш варианты бар, олар ата-аналарының тәрбиелерін ауыстыратындықтан жалпыланып «орын басу қамқоршылығы» деп аталады. Бұнда сөз патронаттық отбасыға орналастыру және қорғаншылық /әдетте туысқандары жүзеге асыратын/, балалардың интернаттық мекемесіне орналастыру және асырап алушылықтуралы қозғалады. Асырап алушылықтан басқа барлық жағдайларда, мемлекетте баланың аманшылығына баптау міндеті сақталады. Себебі асырап алу кезінде ата-аналық міндеттер асырап алған ата-аналарына көшеді, яғни асырап алынған балалар мемлекеттің қамқоршылығында деп саналмайды. «Интернаттық мекемелерде тәрбиелелеу» термині «мемлекеттік қамқоршылық» ұғымынан бір мезгілде кең де, тар да, себебі бұндай мекемелерді орналасқан балалардың көбісі ресми «ата-аналаларының қамқорынсыз қалғандар» деп саналмайды.
Сондықтан, берілген жұмыста, статистикаға жүйелі түрде ата-аналарымен көрісе алатын балаларды немесе ресми «мемлекеттің қамқоршылығында» орналасқандардың санатына жатқызуға болмайтын балаларды еңгізу қаупіне қарамастан, талдаудан қателесіп қандай да бір балалардың топтарын ескермей қалу мүмкіндігін кемітуге талпыныс жасалады.
Кейбір жағдайларды отбасыдан ажырату жалғыз мүмкін болатын вариант болып табылады, халықаралық зерттеулердің мәліметтері, мемлекетке балаға күтімнің және оны тәрбиелеудің тиісті дәрежесін қамтамасыз етудің қиын екендігі туралы күәландырады.
Мемлекеттік мекемелерде тәрбиеленген балалар білімділіктің төмен дәрежелегінің, баспанасыз, қылмыстылықтың, жез өкшеліктің, жеткіншек жүктіліктің, жұмыссыздықтың және кедейшіліктің статистикасы үшін негізгі материалдар береді.
Ресейде, мысалы, 2011 ж. балалар үйінде орналасқан /69, 8 мың/ балалардың жалпы санының 90 пайызы «ата-аналарының қамқоршылығысыз қалғандар» деп ресми тіркелген. Балалар үйінде олардың саны 13, 5 мыңға жетті, бұл осы үйлерде орналасқан балалардың жалпы санының /19, 3 мың/ 70 пайызын қалыптастырды, ал интернат-мектептерінде немесе /жалпы типті интернаттарда/ олардың саны төрттен бір бөлігін қалыптастырды. Сөйтіп, мүгедектер үшін шетел интернаттарындағы балалардың бестен бір бөлігі ғана ресми «мемлекеттің қамқоршылығында орналасқандар» деп есептелді [1; 15] .
«Отбасыларынан тыс тәртбиелеуде» орналасқан, бірақ, «мемлекеттік қамқоршылықта» емес балалар, және «мемлекеттің қамқоршылығында орналасқан» балалар арасында жатқан айырмашылықтарды анықтау қажет, себебі заң тұрғысынан мемлекет оларға қатысты әртүрлі міндеттер мен өкілеттіктеріне ие. Тәртіптік проблемаларына ие жас өспірімдер, сонымен қатар «түзету» мекемелеріне, яғни «колониялар» секілді арнайы мектептерге /немесе, сирек, түрмеге/ орналастырылғандар, мемлекеттің қамқоршылығында орналасқан балаларға жатпайды, және олар осы тарауда келтірілітені мәліметтерге еңгізілмейді. Бірақ, құқыққорғау және қамқоршылық органның аумақтағы қызмет аялары жеткіліксіз бөлінетіндіктен, көптеген жастар үшін түзету мекемелері «қамқоршылықтың » тағы бір түріне айналытындығы уайым тудырады, бірақ аумақтағы жағдайды ділмар сипаттайды.
Ерекше назарды ата-аналарының қамқоршылығынан айрылған орталық және Шығыс Европа, сонымен қатар бұрынғы Кеңес Одағы республикаларындағы балалардың жағдайы қажет етеді. Коммунистік идеологтар отбасы мүмкіндіктерін жеткіліксіз бағалап және мемлекеттің күрделі жағдайда тұраты балаларды «сақтау» мүмкіндігін тым жоғарлатып бағалады.
Нәтижесінде тікелей отбасыларға, үйлерінде көмек көрсететін қызметтерге залал келтіріп қарағанда интернаттық мекемелердің дамуына жігер салынды. 90 ж. басында ұлттық және халықаралық дәрежеде отбасылық қамқоршылығынан ажыратылған балалардың жағдайына байланысты ұйымшылдық көріне бастады. Көптеген елдерде бұрынғы тоталитарлық режимдердің күйреуі, барлығын жаңадан бастау мүмкіндігі ретінде бағаланды, сонын ішінде отбасындан тыс тұратын балаларға да қатысты. Балалықты қорғау жүйесінде түбегейлі реформалар жүргізу және интернаттық мекемелерге орналыстырылатын балалардың және онда орналасқандардың санын күрт қысқартуға шақырулар таралады.
Сондықтан, реформалардың басталуынан кейін 10 жылдан кейін бұндай мекемелердегі балалар санының өсуі-уайымшылдық тудырады. Әлеуметтанушылардың жұмыстарында, бүгінгі таңда 1, 5 млн. кем емес балалар ата-аналарынан ажыратылып, көбісі интернаттық мекемелерде орналасқан, олардың саны 27 елде бірнеше мыңға жетеді. Аумақтық мониторингтін № 4 баяндамада белгіленді, аумақта 90 ж. орта шегінде балалық мекемелерде қорғаншылықта немесе патронаттық жанұялары орналасқан балалар пайызы жоғарылады және өсе берді. Аумақ елдерінің 90 ж-ң аяғында қатысты баянадамалардан, «қорғаудың ерекше шаралары» және «отбасы сұрақтары бойынша ақпарлауды жоғарлату және отбасылық құндылықтарды нығайту» салаларында өтпелі кезеннен өткен елдер ерекше қиындықтарға тап болды немесе балалар мүдделеріне қатысты кездесуде үзілмелі мәліметтер ұсынды.
Коммунистік режимдердің күйреуінен 10 жылдан соң балалықты қорғау жүйесін қалыптастыру көптеген елдерде /мемлекеттен бұл салада әлі де көпті күтуде/ тек орталық өкіметтің жауапкершілік аясы ретінде қарастырылмайды, жергілікті қауымдар, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік немесе жеке қызметтер, ұлттық және халықаралық мекемелер бұл процесте өздерінің қатысу қажет ететінің сезіне бастады. Бұндай әртүрлі тараптардың ортақ әрекеттерін қажеттелетін ірі әлеуметтік мәселені шешу басымдығы мынаны көздейді:
- мәселенің қойылуы және оның маңыздылығын бағалау;
- шешуді қажет ететін мәселені анықтау;
- шара қолдану үшін тәуекелдерді және мүмкіндіктерді анықтау;
- мифтердің бетін қайтару және дәртсіздікті жеңу;
- мәселенің қойылуы;
- тәжірибемен алмау;
- дер кезінде жұртшылықты ақпарлау және партнерлік байланыстарды ұластыру.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі мынада, қазіргі таңда балалардың отбасының қамқоршылығынан айрылмай, ал ата-аналармен қала алмайтындарға барынша қорғаншылық қамтамасыз ету бағдарламасын жасау қажеттігі туындады. Бұл сұрақтарды тиісті құқықтың механизмдерсіз шешу қиын болып отыр.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыстың жаңалығы - втормен қазіргі ұлттық заңнамдағы жаңашылдықтарды ескере отырып, ата-аналардың қамқорлығынсыз балалардың орналастыру нысандарын кешенді монографиялық зерттеуін өткізу. Зерттеу нәжелерінің негізінде келесі құқықтық категориялардың ұғымдары және белгілелердің жүйелері анықталып отыр: «ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру нысандары», «ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру нысандарың жүйесі», құқықтық реттеу механизмінің ерекшеліктері айқындалды. Өткізілген зерттеу ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баларды орналастыру нысандарын құқықтық реттеу саласындағы заңнамадағы кемшіліктерді және қайшылықтарды жарыққа шығаруды, сонымен қатар, осының негізінде аталған мәселелер бойынша қазіргі заңнаманың толықтыру және өзгерту бойынша ұсыныстарды орнатуға және тұжырымдауға мүмкіндік етті.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік мәні. Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы - шығарылған теоретикалық тұжырымдар отбасылық заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша шараларды дамытуды қажет ететін, қамқоршы және қорғаншы органдырының, сонымен қатар, құқыққорғау органдарының қызметкерлерін қайта дайындауына, мамандығын көтеруіне негіз салушы бағыттар ретінде салынуы мүмкін
Ғылыми мәселенің қазіргі таңдағы бағасы. Қазіргі таңда біздің елімізде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру нысандарының монографилық талдауы толықты түрде әлі өткізілген жоқ. Жекелеген құқықтық нысандарын келесі ресей ғылыми зерттеушілердің еңбектерінен көрурге болады: Е. М. Белогорская, А. М. Белякова, Е. М. Ворожейкина, Н. М. Ершова, А. М. Нечаева, А. И. Пергамент, В. А. Рясенцев, Д. М. Чечот ж. т. б.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылатын -ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың орналастыру институтын құқықтық реттеу және жүйені жалпы кешеңді түрде талдау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері. Аталған мақсаттарға сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
- «ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру» және «ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру институттары» ұғымдарын теоретикалық негіздеу және тұжырымдау;
- ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баларды орналастырудың алуан нысандарын жүйеге келтіру;
- ата-аналар қамқоршылығынсыз қалған балаларды анықтау, есепке алу және оларды орналастырудың қамқоршы және қорғаншы органдарының компетенциясын белгілеу және дифференциалдау;
- баланы асырап алудың құқықтық табиғатын белгілеу, оны ата-аналық қатынастардан бөліп шығару;
- кәмілеттік жасқа толмаған балаларға қамқоршылықтың басқа нысандары анықтау.
Жұмыстың зерттеу объектісі. Дипломдық жұмыстың объектісі болып ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру институттарын анықтайтын және аталған қатынастардағы субъектілердің, ең бірінші, баланың мүдделерін және құқықтарын қорғау мәселелерімен байланысты қоғамдық қатынастар табылады.
Дипломдық жұмыстың методологиялық негізі. Дипломдық зерттеуді жазу үшін методологиялық негіз ретінде заңшығарушылық және заңға бағынышты актілер, нормативті құжаттар, отандық және шетел танымал заңгерлердің монографиялары, сондай-ақ мерзімді басылымдар қолданылды. Методогиялық негіз ретінде құқықтық зерттеу әдістері тарихи-құқықтық, ресми құқықтық, салыстырмалы құқықтық және заң құбылыстарын талдау жүйесі әдістері басшылққа алынып зерттелінді, сондай -ақ дидукциялық пен талдау әдістері ұштастыра отырып дипломдық жұмыс зерттелінді.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі. Дипломдық зерттеу еңбегінде оның тақырыбының мазмұның ашуға келесі ресей ғылымдардың еңбектері қолданылды: Антокольская М. В., Пергамент А. И, Нечаева М. В., Ершова Н. М., сонымен қатар қазақстандық авторлардың жұмыстары Романова Л. О., Байгозина Г. Б., Ермакина С. К. және т. б.
Дипломдық жұмысты жазуда қолданылған тәжірибелік база. Дипломдық жұмысты жазу барысында негізінде тәжірибелік ақпараттар қатарында тәжірибелік ақпараттармен ресми және кезеңдік басылымдарда қолданылатын аппараттар негізінде жұмысымызды қалыптастырдық.
1 Ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды айқындау және орналастыру институтын құқықтық реттеу
1. 1 Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және оларды орналастырудың кейбір мәселелері
Адам құқықтары бойынша халықаралық қатынастар адам құқығы саласында әріптестік үшін құрылған немесе адам құқығын өзінің басты бағдарламаларына қосқан мемлекетаралық және қоғамдық қатынастардың пайда болуы және дамуы нәтижесінде нығайды. Бүгінгі таңда жалпы адамзат құндылықтары мен мүдделері негізінде араласатын, мемлекеттер мен халықтар арасында тығыз жалпыәлемдік байланыс бар, яғни ол әмбебап адам құқығының жүйесі.
Бала құқығы деген түсінік ұзақ уақыт бойы қалыптасты. Әлемдегі халықтар бала құқығын адамзаттың ең көрнекті бағалы құндылығы ретінде тануы үшін ұзак және қиын жол жүрді. Балалар құқығын бөлек қарастыру туралы сұрақ тек жуырда пайда болды. Тек реформаларды қолдауға бағытталған демократиялық қозғалыстардың нәтижесінде 19 ғасырда ғана мемлекеттер балаларды ата-аналары қиянатынан қорғауды қолына алды. БҰҰ құрылғанға дейін балалар құқықтары құлдық, бала еңбегі, балаларды сату және нәсіпқұмарлық іс-әрекеттерге тарту сияқты әрекеттерге қатысты қолданылатын шаралар ретінде қарастырылды. Мемлекеттердің балалар құқығы саласындағы ара қатынастар Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Ұлттық Лига шеңберінде балаларды қамқорлыққа алу Халықаралық ассоциациясы құрылды. 1924 жылы Ұлттық Лига бала құқығы туралы Женевалық Декларацияны қабылдады. Балалар құқығы 1945 жылы БҰҰ құрылу уақытынан бастап оның маңызды мәселесінің бірі болды.
Бас ассамблеяның бірінші құжаттарының бірі ББҰ Балалар қорын (ЮНИСЕФ) құрылуы. Қазіргі уақытта бұл қор балаларға көмек көрсетудің әлемдегі басты механизмі болып есептеледі.
ББҰ Балалар қоры Бас Ассамблеяның бірінші сессиясында бастапқы «Балаларға көмек көрсету төтенше халықаралық қор (ЮНИСЕФ) » атымен, соғыстан кейінгі уақытта Еуропа және Қытай балаларына азық-түлікпен, киім-кешекпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін құрылды. 1950 жылы Ассамблея Қордың жұмысының негізгі бағытын өзгертіп оны дамушы мемлекеттердің балаларына көмектесу ұзақ уақытты бағдарламаларға ауыстырды. Бас Ассамблеяның 8-ші сессиясы ЮНИСЕФ атауын Балалар қоры деп ауыстырып оның жұмысын белгісіз уақытка дейін созды. Бірақ, әлемде белгілі «ЮНИСЕФ» атауы да сақталды [2] .
ЮНИСЕФ - бұл БҰҰ-ның іс-әрекеттері тек балалар мәселелеріне арналған бірде-бір ұйымы. ЮНИСЕФ балаларды қорғау, олардың қалыпты дамуы мен аман қалуы үшін Конвенцияға негізделіп жұмыс істейді. Қазір ЮНИСЕФ әлемдегі барлық балалардың, әсіресе дамушы мемлекеттердегі, өмірін жақсарту бағдарламаларды қолдауда.
ЮНИСЕФ басты 3 бағытта көмек көрсетеді:
- балаларға көмек көрсету бағдарламалар және жоспарларды құрастыру процесіне белсенді қатысу;
- осы бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қажетті құрал-жабдықтар жібереді;
- мамандарды дайындау мақсатында қаражат бөледі, әсіресе дамушы мемлекеттерге.
БҰҰ-ның басқа да ұйымдармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен әріптесіп ЮНИСЕФ балаларға үлгіталаптарға сай дәрежеде, бірақ арзан бағамен дәрі-дәрмек, киім-кешек, тамақ, білім беру, су тазалау және санитарлық жағдайдың жақсатуы, гендерлік теңсіздік пен дамуды жою сияқты бағдарламаларды қолдап оларға жәрдем көрсетеді. ЮНИСЕФ жағынан көмек мемлекеттер үкіметтерінің өтінішімен ЮНИСЕФ басшылығымен бекіткен қысқа және ұзақ уақыттық бағдарламаларды жүзеге асыруда сұранады. ЮНИСЕФ барлық балалардың, әсіресе қыздар құқығының орындалуын және қорғалуын талап етеді. Сонымен қатар ЮНИСЕФ төтенше жағдай салдарын жоюға және жедел медициналық жәрдем көрсетумен айналысады.
ЮНИСЕФ штабы Нью-Йорк қаласында орналасқан, сонымен қоса Абиджан, Бангкок, Бейрут, Дели, Женева т. б. қалаларда аймақтық бөлімшелері бар.
1965 жылы ЮНИСЕФ әлемдік Нобель сыйлығына ие болды.
Адам құқығы туралы ой ХVІІІ ғ. пайда болды. Адам өз баласын құқықпен қамтамасыз етуін қолға алуы үшін екі ғасыр уақыт өтті.
1948 жылы қабылданған БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жалпы Декларацияда балалар ерекше қорғауды қамтамасыз етеді делінген.
1959 жылы БҰҰ балалар құқықтары туралы Декларацияны қабылдайды. Онда халықаралық және ұлттық деңгейлерде балалардың қорғалуы мен амандығын қамтамасыз ететін басты 10 әлеуметтік және құқықтық қағида бекітілді Бұл Декларация саясатқа және үкіметтер істеріне және бүкіл әлемдегі бөлек тұлғаларға елеулі ықпал жасады.
Кәмелетке толмағандарға қылмыстық жаза тағайындалудағы БҰҰ-ның минималды үлгіқалыпты ережелері: Пекиндік ережелер, БҰҰ Бас Ассамблеясы 1985 жыл 29 қарашада қабылданды.
Әлеуметтік және құқықтық қағидалар, яғни балаларды халықаралық немесе ұлттық дәрежеде асырап алу, оларды қорғау және бақылау: БҰҰ Бас Ассамблеясы 1986 жыл 3 желтоқсан.
1979 жыл халықаралық балалар жылы болып танылды. Сол уақытта польша заңгері, профессор А. Лопатка балалар құқығы туралы халықаралық Конвенцияны жасау идеясын ұсынды. Профессордың ойы бойынша барлық мемлекеттер оны ратификациялап, балалар құқығымен байланысты ішкі заңнамаларды оған негіздеуге тиіс болды. Бұл ұсыныс халықаралық қауымдастықты осы салада мықты заң кепілдіктерге және нормаларына негізделген жаңа құжат қабылдау қажеттілігін мойындауға әкелді. 10 жыл қарқынды жұмыстың нәтижесінде әр түрлі мемлекеттірдің мамандары бұл құжаттың жобасын құрастырып, оны БҰҰ қарауына жіберді.
1989 жылы 20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы бір ауыздан балалар құқықтары туралы Конвенцияны қабылдайды. Халықаралық-құқықтық актіні ресми түрде әмбебап үлгіқалыпқа айналдыру үшін екі минут уақыт кетті. Осы уақыттан бастап бұл құжат балалар құқығының әлемдегі негізгі қайнар көзі, әлемдік конституциясы болып есептеледі.
Әлемдік қауымдастықты Конвенцияға, балалар құқығын қорғау сұрақтарына назар аудару мақсатында БҰҰ 1990 жылы балалар мүддесіне арналған жоғары дәрежеде Әлемдік кездесуді ұйымдастырды. Кездесуде әлемнің 71 мемлекеттердің президенттері және премьер-министрлері қатысты.
Олар өздерінің беделдерімен Конвенция ойларына сүйеніш көрсету үшін келді. Кездесуді ұйымдастырушы Хатшы рөлін ЮНЕСКО орындады.
Кездесу қатысушылары балалардың аман болуын қамтамасыз етуі және олардың дамуын қорғау туралы Жалпы декларацияны және оны 90-шы жылдары жүзеге асыру жоспарын қабылдады. 159 мемлекеттердің өкілдіктері олардың уақытындағы көлемде 2000 жылға дейін балалық өлімді және ашаршылықты мүмкіндігінше жою және олардың қалыпты физикалық және психикалық дамуына жағдай жасау шешім қабылдады.
Нақты мақсаттардың ішінде міндеттемелер болды: 5 жасқа дейін балалардың өлімін 1/3 дейін қысқарту; аналық өлімдерді жартысына дейін қысқарту; 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы жартылай және толығымен ашаршылық жағдайларын жою; барлық жанұяларды тұщы су мен қалыпты санитарлық жағдаймен қамтамасыз ету; бастауыш оқудың бағдарламасын барлық балаларға және орта білім 80% балаларға білім беру; ерекше қиын жағдайға тап болған миллиондаған балаларды қорғау, Конвенцияны мойындау және оны орындау және т. б. [3; 125] .
Бұл Декларацияның қабылдануы бұл тек қана ортақ міндеттілік емес - бұл құжат әлемдік қауымдастықта жаңа өнегелі өлшемнің пайда болуының ерекше дәлелдемесі. Оның мәні - балалар адамзаттың жетістіктерін бірінші кезекте пайдалану және оның зардаптарынан бірінші кезекте қорғану, қоғамның даму дәрежесі, оның адамгершілігі сол қоғам өз балаларын қорғау және қамқорлық көрсетуінің дәрежесінің негізінде өлшенеді. Осы құжатта бекітілген балалыққа қатысты жаңа этиканың мәні де осында.
Конвенция нақты корсеткіштерді бермейді, себебі әр мемлекетте өзіне тән әдет-ғұрып және мүмкіндіктер болады. Ол тек балаларға қатысты оларды қорғауға бағыталған саясатқа қажетті моральдік және құқықтық нормалардың жалпы үлгіталаптарды бекітеді.
Әр мемлекет осыған сай келетіндей өзінің ішкі заңнамаларын бекітіп жүзеге асырады.
Қоғамда балалар мәселелеріне дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің дұрыс және уақытында қорғалуы мәселелерін қадағалау үшін кейбір мемлекеттерде өкілдіктер институты - балалар құқықтары жөніндегі комиссарлар қалаптастырылды. Халықаралық балалардың құқықтарын қорғау - тарихи тұрғыдан алғанда, салыстырмалы түрде жас құбылыс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz