Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларда қолданылатын логопедиялық түзетушілік жұмыстың дәстүрлі емес әдіс – тәсілдерінің рөлі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТЕМИРЕЕВА ЖАНАР САБЫРБЕКОВНА

Диссертацияның тақырыбы:

« Тірек-қимыл аппараты

зақымдалған балаларда қолданылатын логопедиялық

түзетушілік жұмыстың дәстүрлі емес әдіс - тәсілдерінің рөлі »

6N0105 «Дефектология» дефектология магистрі академиялық

дәрежесін алуға дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші: ӘБ және ПТ кафедрасының

доценті, м. ғ. к. Тусупбекова Г. А.

ҚАРАҒАНДЫ 2009

Мазмұны

Анықтамалар . . . 4

Белгілер мен қысқартулар . . . 4

Кіріспе . . . 5

1. Бөлім. Сөйлеу кемістігінің алдын - алуда тыныстың маңыздылығы . . . 8

1. 1. 1Сөйлеудің анатомиялық, физиологиялық механизмдері . . . 8

1. 1. 2. Тірек - қимыл аппараты зақымдалған бастауыш мектеп оқушы-

лар онтогенезіндегі сөйлеу тынысы . . . 10

1. 1. 3. Церебралды сал ауруымен ауыратын балалардағы сөйлеу кемшілігі. 13

1. 1. 4. Тірек- қимыл аппараты зақымдалған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы . . . 24

1. 1. 5 Тірек - қимыл аппараты зақымдалған балалардың (ТҚАЗ) клиника-

лық ерекшеліктері . . . 25

  1. Тірек - қимыл аппараты зақымдалған балаларда кездесетін тіл

және психиканыњ зақымдану ерекшеліктері . . . 34

  1. Тірек - қимыл аппараты зақымдалған бастауыш мектеп жасын-

дағы балалардың тыныс алу қызметі мен сөйлеу тынысын дәстүрлі

және дәстүрлі емес әдістер бойынша дамыту . . . 39

1. 2. 1. Логопедиялық жұмыстағы дәстүрлі әдістер . . . 39

1. 2. 2. Тірек - қимыл аппараты зақымдалған балалармен жүргізіле-

тін логопедиялық жұмыстағы дәстүрлі емес тәсілдер . . . 44

ІІ Бөлім. Зерттеу объектілері мен әдістері . . . 52

2. 1. Зерттеу объектісі . . . 52

2. 2. Зерттеу әдістері . . . 53

2. 2. 1. Сөйлеу әрекеті жылдамдығының ерекшеліктерін зерттеу

ІІІ - Бөлім. Тірек - қимыл аппараты зақымдалған бастауыш

мектеп жасындағы оқушылардың сөйлеу тынысының қалыптасу

деңгейін анықтау . . . 56

Қорытынды . . . 61

Әдістемелік ұсыныстар . . . 62

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 63

Осы диссертацияда келесі терминдер мен тиісті анықтамалар қолданылды:

Атаксия - қозғалыс координацияларының бұзылуы

Асфиксия - деп баланың тууы кезінде механикалық қысылу әсерінен оның ќанында оттегініњ жетіспеушілігі мен кµміртегі мµлшерініњ тым артыќ болуы, тыныс алу жєне ж‰рек ќызметініњ б±зылуымен сипатталатын патологиялыќ жаѓдай.

Гипотония - дегеніміз (б±лшыќ ет тонусыныњ тµмендеуі) аяќ-ќол еттері босањсып, к‰штері кемуі.

Гиперкинез - ауыспалы б±лшыќет тонусыныњ салдарынан пайда болѓан еріксіз зорлыќпен атќарылѓан ќимылдар, жасанды т±рыстар жєне аяќталмаѓан ќозѓалыстар.

Диплегия немесе параплегия - дегеніміз - аяқтың немесе қолдың жұптасып зақымдануы.

Логопедия дегеніміз - сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерртейтін ғылым. Логопедия - логос - тәрбиелеймін, үйренемін деген грек сөзінің түбірінен алынған.

Мишық дизартриясы - қысқа қайырылатын келте сөздермен, кейде жеке дыбыстардың шаңқылдап қатты естілуімен сипатталады.

Орталыќ паралич - б ас миыныњ ќозѓалтќыш аймаќтарымен ќозѓалтќыш (пирамидті) жолдары заќымдануыныњ салдарынан ерікті козѓалыстардыњ жоќтыѓын - (сал болу) .

Орталыќ парез -деп . ќимылдың шектелуі.

Сопақша ми джизартриясы дегеніміз - артқы мидың құрамына кіретін сопақша мидың қабыну немесе ісіну ауруларына шалдыққан кезде байқалады.

Парез - дегеніміз - қозғалыс функциясының жартылай бұзылуы.

Сіреспелік дегеніміз - б±лшыќ еттері тым артыќ к‰шпен жиырылып тетанус жаѓдайы

Синкинезиялар . - белсенді ќимылдарды с‰йемелдеп ж‰ретін ерікті ынтымаќтасты ќозѓалыстар.

Тремор - ќол саусаќтарының және тілдіњ дірілдеуі.

Хореоатетоидтар - бұл жоғарғы екі форманың қосарланған түрі.

Белгілер мен қысқартулар.

БЦП - балалардың церебральді параличі

ЕДШ - емдеу- дене шынықтыру

ОЖЖ - орталық жүйке жүйесі.

ТҚАЗ - тірек - қимыл аппаратының зақымдалуы.

ЦСА - церебральді сал ауруы.

Кіріспе

Қазақстан Республикасында кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау бала туғанынан бастап, ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін, жаппай кешенді медициналық, педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік тексеру мен кәсіби диогностика жүргізу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету және еңбекке баулу арқылы жүргізіледі [1] .

Қазіргі кезде қимыл-қозғалыс аппараты зақымдалған балаларға медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік реабилитация жасау, ауыр кемістіктің алдын алу мәселесі алға қойылған. Оларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеті әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға интеграциялау, яғни қоғамға пайдалы еңбекке араластыру [2] .

Сондықтан балалардың церебральды сал (БЦС) науқасына шалдыққан балалардың оқыту мен тәрбиелеу мәселесі дефектология ғылымындағы ғана емес, жалпы әлеуметтік маңызды мәселелердің ірі болып саналады.

Осы уақытта тыныс алуды жаттықтыру көбінесе толық ашығуға әкелетін кең ұсынылатын түзеу және емдеу әдістері болып табылады. Табысты түзетушілік логопедиялық жұмыс тірек-қимыл аппараты зақымдалған (ТҚАЗ) бастауыш мектеп оқушыларының денсаулық жағдайын нығайтуға арналған дұрыс таңдалған әдістердің көмегімен ғана іске асады [3] .

БЦС шалдыққан балалардың еңбек әрекеттерін зерттеу саласында ең алдымен оның ұсақ моторикасының жетілуін зерттеп - қарастыру өте маңызды, себебі, баланың қол икемділіктерін сипаттауда бұл негіз болып табылады [4] .

Ғылыми әдебиеттерде балалардың церебральды салы мидың науқасы ретінде қарастырылып оның клиникалық көрінісі беріледі. Сонымен қатар ондағы неврологиялық және психикалық бұзылулардың болуы дәлелденеді, түзету және әлеуметтік-психологиялық реабилитациялық жұмыстар барысында мұны назардан тыс қалдырмау қажеттілігі ескеріледі [5] .

Балалардың церебральды салдығы мәселесін қарастырудың қазіргі кезеңінде ең бастысы - реабилитациялық бағыт, әлеуметтік - психологиялық бейімдеу мен әртүрлі даму бұзылуларына дер кезінде коррекция жасау жұмыстарының нәтижелі болуын қамтамасыз ететін баланы ерте жастан тексеру.

Церебралды сал ауруымен ауыратын балалардағы сөйлеу кемшілігіне жатады: түрлі дизартриялар оның ішінде көрсетілетін фонетико-фонематикалық кемшілігі өзінің ерекшелігін білдіретін тілдің лексикалық жүйесін меңгеру ерекшелігі [6] .

Церебралды сал ауруымен ауыратын балалардың тілдің лексикалық жүйесін қалыптастыру үшін баланың ой - өріс әрекетін белсендіретін барлық сабақтарда ойын қабылдау арқылы тәжірибелік тапсырмаларды жүргізу қажет. Сонымен бірге, балаларды пәннің сенсорлы зерттеу түрімен арнайы оқытады. Бұл зақымдалулар лингвистикалық табиғи ерекшелік сияқты церебралды сал ауруымен ауыратын балалардың жалпы психикалық ерекшелігіне байланысты өзіндік емес түрге ие бола алады [7] .

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, диссертациялық жұмыстың көкейкестілігі қазіргі уақытта аса маңызға ие ерекше қажеттіліктері бар бала ағзасының айығу мәселесінен, сонымен қатар балалармен жүргізілетін түзетушілік логопедиялық жұмыстың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерін іздеу мәселесінен шығып отыр. Сөйлеу тынысы мен қимыл - қозғалыстардың жалпы бағыттылығын дамытуға арналған дәстүрлі емес тәсілдер қатары ұсынылып отыр. Олар А. Н. Стрельникова, К. П. Бутейко, Цигун ұсынған тыныс әдіс - тәсілдері [8] .

Диссертациялық жұмыстың мақсаты - тірек-қимыл аппараты зақымдалған бастауыш мектеп жасындағы балалармен түзетушілік логопедиялық жұмыс кезінде дәстүрлі емес тәсілдерді қолдану мүмкіндіктерін зерттеу.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер міндеттелді:

  1. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалардағы сөйлеу кемшіліктерінің ерекшеліктерімен танысу.
  2. Сөйлеу әрекетінің құрылуы мен дамуына әсер ететін дәстүрлі және дәстүрлі емес тыныс тәсілдерін сараптау.
  3. Дәстүрлі емес тыныс тәсілдерін тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға түзетушілік-дамытушы құрал ретінде қолданудың мүмкіндігі мен нәтижелігін бағалау.
  4. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалардың жалпы оқыту процесіне тыныс жаттығуларын енгізу үшін әдістемелік ұсыныстарды жасау.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы - тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалардың тыныс қызметі мен сөйлеу тынысын дамытуға арналған арнайы дәстүрлі емес әдістерді жобалау.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы - тыныс әдістемесін тірек - қимыл аппараты зақымдалған бастауыш мектеп жасындағы балалардың дыбыс шығарудағы кемшіліктерін анықтау және түзету.

Зерттеу объектісі ретінде тірек - қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп - интернатының 4 сынып оқушылары алынды. Зерттеу әдісі - балалардың тыныс шығарғанда айтатын сөз санын анықтау; сөйлеудің айту жағының ерекшеліктерін айқындау: «Сөздер саны», «сөзді айту дұрыстығы», «Оқу тәсілі », «Оқу дұрыстығы».

Диссертациялық жұмыс анықтамалардан, белгілер мен қысқартулардан кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалардан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімде таңдалған тақырыптың өзектілігі негізделген, мақсаты белгіленіп, міндеттер айқындалды, жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы анықталды, зерттеу объектісі мен тәсілі белгіленді.

Бірінші бөлім әдебиеттерді шолуға арналған, ТҚАЗ бар балалардың сөйлеу тынысының ауытқуы негізделеді, қазіргі кезде бар дәстүрлі және дәстүрлі емес тыныс әдістері соның ішінде А. Н. Стрельникова ұсынған тыныс әдісі сарапталған.

Екінші бөлімде зерттеу объектісі мен тәсілі көрсетілген.

Үшінші бөлімде жасалатын тәжірибенің және оның қорытындысының нәтижелерінің сараптамасы берілген. Алынған нәтижелер кесте және график түрінде берілген.

Қорытынды бөлімде жасалған жұмыс туралы нәтижелері қорытындыланған. Баяу, ұзақ сөйлеу, тынысын шығаруды жақсарту мақсатында тыныс әдістерін түзеу біліктілігін дамытуға байланысты әдістемелік ұсыныстар берілген.

І - бөлім. Сөйлеу кемістігінің алдын - алуда тыныстың маңыздылығы

1. 1. 1 Сөйлеудің анатомиялық, физиологиялық механизмдері.

Сөйлеудің айтылу жағының дұрыс дамуында жақсы дамыған сөйлеу тынысы маңызды рөл атқарады. Себебі ол дұрыс дыбыстық және баяу дыбысталу үшін, дауыстың жоғары болғанда еркін алмасуы үшін ақырын сөйлеуден қатты сөйлеуге немесе керісінше қатты сөйлеуден ақырын сөйлеуге көшу үшін жағдай туғызады. Сөйлеу тынысының бұзылуы (қысқа немесе әлсіз тыныс шығару, тыныс алу кезіндегі сөйлеу, ауаны үнемсіз пайдалану, дер уақытында жұтпау және т. б. ) сөздерді қажетінше дауыстап айта алмаудың, дауыстың дұрыс емес модуляциялануына сөйлеу баяулығының бұзылуының себебі болуы мүмкін [9, 10] .

Сөйлеу процесіндегі тыныс алу немесе былайша айтқанда, сөйлеу тынысы тыныштық жағдайындағы физиологиялық тыныспен салыстырғанда сөйлеу кезіндегі тыныс актісіне қойылатын ерекше талаптармен шартталған біраз айырмашылықтары бар.

Дұрыс емес және кездейсоқ тыныс алу біздің өмірімізді қысқартады, өмірлік күшті азайтып, бізді жеңіл ауруларға, жай тұмауға сезімтал етеді. Осыған байланысты тыныс алуды мөлшерлеу және бақылау қажет.

Адамның психологиялық әрекетінің аранайы көрінісі ретіндегі сөйлеу - адамдар арасындағы қарым - қатынастың күрделі түрін атқарады. Сөйлеу өз кезегінде ойлаумен тығыз байланысты, себебі ол өз дамуында бірқатар тілдік заңдылықтарға сүйенеді.

Сөйлеу қызметтері күрделі генез арқылы ажыратылады. Басқалары сияқты, яғни жүйке жүйесінің элементар пішіндері сияқты олар туа біткен болып табылмайды. Керісінше олар шартты - рефлекс заңдары бола дамиды және баланың миына қоршаған ортадан келіп түсетін дыбыстық қыздырғыштардың мінезі мен пішініне тәуелді болады [11, 12] .

Адамның сөйлеу аппараты шартты түрде бір-бірімен тығыз байланысын екі бөлімге бөлінуі мүмкін. Бірінші бөлімге бас миында орналасқан орталық немесе реттеуші бөлім жатады, екіншісі - тыныс мүшелерін дыбыс дыбыс шығару және дыбысты артикуляциялық мүшесін қамтитын атқарушы бөлім. Осы аталған 3 қызметтің тығыз өзара әсерлестігі адамның анық сөйлеу әрекеті механизмінің маңызды, құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Алайда, сөйлеу дыбыстарын шығаратын атқарушы бөлімнің маңызды рөліне қарамастан оның құрылуы дегенмен жүйке жүйесінің жоғары бөлімдеріне тәуелді болды. Себебі ол атқарушы аппараттың механизмдерін тиісін өткізуші жолдар арқылы іске қосады. Орталық бөлімнен кейін түсетін импульстердің әсерінсіз жергілікті сөйлеу мүшелерінің қозғалысының жүзеге асауы мүмкін болмайды.

Сөйлеу тыныс алумен тығыз байланысты, ал жергілікті сөйлеу мүшелері сонымен қатар тыныс мүшелері болып табылады. Тыныс аппаратының кейбір бөліктері иіс сезу (мұрын қуысы) және ас қорыту (тіс, тіл, таңдай, жұтқыншақ) мүшелеріне жатады.

Сөйлеу актісінде бір - бірімен байланысын 3 қызмет арқылы ажыратылады:

  1. ауа ағымының пайда болуы
  2. дауыстың пайда болуы (фонация)
  3. сөйлеу дыбысының пайда болуы

Сөйлеу дауысы мен дыбыстарын жасау үшін энергия көзі болып табылатын ауа ағымы тыныс актісі процесінде, яғни тыныс шығару фазасында пайда болады. Сөйлеу әрекетінде тыныс мүшелері өзінің негізгі биологиялық қызметі - газ алмасуды жалғастыра отырып, бір уақытта дауысжасаушы және артикуляциялық қызмет атқарады. Осыған байланысты сөйлеу кезіндегі тыныс немесе сөйлеу тынысы, қарапайым, яғни анималды тыныстан арасындағы айырмашылық көрінеді. Бұл сөйлеу әрекеті кезіндегі тыныс актіне қойылатын ерекше шарттарға байланысты болады [13] .

Сөйлеу - тыныс шығару фазасында пайда болады. Толық мағыналары үзінділерді (сөйлем, синтагма) біркелкі айту үшін ұзақ тыныс шығару қажет; ал тыныс алу керісінше сөйлем үзіктерінің арасындағы үзілісті азайту үшін ұзақ тыныс шығару қажет; ал тыныс алу керісінше сөйлем үзіктерінің арасындағы үзілісті азайту үшін қажетінше қысқа болуы қажет. Сөйлеу тынысының алғашқы ерекшелігі тыныс шығарудың тыныс алудан ұзақ болуында. Егер кәдімгі тыныс кезінде тыныс алу мен шығару ұзақтығы бірдей болады деп айта алсақ, сөйлеу тынысы кезінде тыныс шығару фазасы тыныс алу фазасынан 5-8 рет ұзағырақ болады. Тыныс шығарудың ұзаруы тыныс циклдың ішінде уақытты болу есебінен ғана емес (тыныс алу - тыныс шығару), сонымен қатар барлық циклдың жалпы ұзақтығын арттыру есебінен жүргізіледі. Кәдімгі тыныс кезіндегі тыныс қимылдарының саны минутына 16-20 рет, яғни бір цикл 3-4 секунд жалғасады; сөйлеу кезінде тыныс жаттығуларының саны екі есе азаяды (минутына 8-10 рет) және сәйкесінше әрбір тыныс циклына екі есе артық уақыт бөлінеді (6-8 секунд) . Бұл сөйлеу тынысының екінші ерекшелігі тыныс актісінің осындай қайта құрылуы кезінде сөйлеу үзіктерінің арасындағы үзілістер шамамен бір секундқа дейін қысқарады, ал сөйлеу үзіктерінің ұзақтығы кәдімгі тыныс ау кезіндегі 1 ½ 2 секундтың орнына 5-7 секундқа дейін ұлғаяды.

Аса ұзақ тыныс шығару үшін кәдімгі тынысқа қарағанда көп ауа қоры қажет. Шығарылған ауа көлемі, сонымен қатар жұтылатын ауа көлемі сөйлеу кезіндегі кәдімгі тыныстағы 500-600 мл орнына 1800-2000 мл дейін жетеді. Осылайша, сөйлеу кезінде тыныс алу тек аса қысқа емес, сондай - ақ өте терең болады. Жылдам және терең тыныс алудың қажеттілігі сөйлеу тынысының үшінші ерекшелігін шарттайды: ол кәдімгі тыныс алу сияқты мұрын арқылы емес, ауыз арқылы іске асады, себебі мұрын арқылы ауаның үлкен көлемін сіңіруге мұрын жолдарының тарлығы кедергі келтіреді.

Сөйлеу тынысының төртінші ерекшелігі - сөйлеу кезіндегі тыныс шығару тыныс шығару бұлшықеттерінің белсенді көмегі арқылы іске асуы (қарын қабырғасы және қабырғааралық бұлшықеттер) . Бұл біріншіден аса ұзақ және терең тыныс шығауды қамтамасыз ету үшін және екіншіден онсыз дыбысты сөйлеу мүмкін болмайтын ауа ағымының қажетті қысымы пайда болуы үшін қажет.

Баланың дұрыс сөйлеу тынысы сөйлеу дағдысының даму процессінде қалыптасады.

1. 1. 2. Тірек - қимыл аппараты зақымдалған бастауыш мектеп

оқушылар онтогенезіндегі сөйлеу тынысы

Тыныс алу - адам өмірін қамтудың қызметтерінің бірі. Мөлшерлі биологиялық тыныс ритмикалық түрде жүреді, тыныс тереңдігі ағзасының оттегіге деген қажеттілігіне сәйкес болады. Тыныс алу тыныс шығаруға қарағанда белсендірек фаза болып табылады. Тыныс алу кезінде диафрагма бұлшықеттері қарын қуысының мүшелерін ішке қарай қысып, қысқарады. Осылайша ол кеуде қуысының көлемін ұлғайтып, өкпенің ауаға толуын қамтамасыз етеді. Тыныс шығару кезінде диафрагма бұлшықеті босаңсиды. Кеуде қуысын көтеретін және түсіретін қабырғааралық бұлшықеттермен бірге диафрагма жоғары қарай көтеріліп, өкпені қысады. Диафрагма тыныс алуды қамтамасыз ететін басты қорғаушы күш ретінде тыныс алу процесіне қатысады.

Қалыпты жағдайда сөйлеу алдында тыныштық күйге қарағанда жылдам және аса терең тыныс алу болады. Қалыпты «сөйлеу тыныс алуы» қатпарастылық қысым мен дұрыс дауыс жүргізуді қамтамасыз ете алатын қажетті ауа көлемінің болуымен сипатталады. Жүйелі ойды дыбыстауда ауа ағымын тиімді шығындау тәсілі үлкен маңызға ие болады. Тыныс шығару уақыты сөйлем үзіндісін интонациялы және логопедиялық тұрғыда үзіліссіз айту кезінде дауыстың дыбысталуын қамтамасыз ететіндей ұзартылады.

Сөйлеу дамуының барысында арнайы «сөйлеу» тынысының механизмі, және өз кезегінде арнайы «сөйлеу» диафрагмасының қозғалыстары пайда болады. Ауызша сөйлеу процессінде диафрагма жіңішке дифференцияланған тербелісітік қозғалыстарды шығарады. Олар сөйлеу тынысы мен дыбыс шығару қамтамасыз етеді.

Дауыстық байланыстардың тербелісі нәтижесінде шығарылып отырған ауа ағымының үзілуі байқалады - дауыстың байланыстарының үстінен ауа бөлшектерінің тербелісі пайда болды. Бұл тербелістер орнатылған құбырдың ішінде тиісінше өзгерістерге ұшырап, қоршаған ортаға беріліп, дауыс дыбыстары сияқты қабылданады.

Церебральді сал ауруымен ауыратын балаларда тіл мүкістігінің көп болатыны белгілі. Тіл кемістігі ауру сипатымен белгілінеді, атап айтқанда, орталық жүйке жүйесінің ағзалық кемшілігі (түрлі дизартриялар, түрлі этиологиялық дисграфиялар, моторлы және сенсморлы алалиялар, т. б. ) . Сонымен бірге, ауру баланыі дамуы мен тәрбиеленуінің ерекшелік жағдайының салдарынан церебралды сал ауруымен ауыратын балаларда функционалды тіл кемістігі болуының орны бар. Ереже бойынша, церебралды салмен ауыратын баланың тіл кемістігінің толық спектрлері байқалады. Мысалы, дисграфия алалия және дизартриямен үйсесіп келуі мүмкін. Тіл кемістігі церебралды сал ауруымен ауыратын балалар клиникасында 70 пайыздан 85 пайызға дейін болады [14, 15] .

Анықталған ми жүйесінің зақымдалу қатарында постнаталды онтогенезде күшейе дамитын, сөйлеу қызметі үшін маңызды, ми бөліктерінің кеш қалыптасуы бұл балалардың генезіндегі сөйлеу бұзылушылығы қайталама жетіспеушілік болып саналады. Сөйлеу бұзылушылығы құрылымның ерекшеліктері және олардың дәреже көрсеткіші біріншіден, ми қабаттарының зақымдалуынан және локализациядан байланысты.

Баланың сөйлеу дағдысының дыбыс шығарушылық жағы туралы тек онда сөздердің жеткілікті қоры жинақталған кезде ғана айта аламыз, себебі дыбыстар және олардың түрлі іс - әрекеттерін балалар тек сөз арқылы ғана қабылдайды. Өйткені сөз олар үшін ең кіші сөйлеу бірлігі болып табылады. Балаларда дыбыстардың пайда болу уақыты мен тәртібі түрлі болады. Әдетте екі жаста бала еріндік дыбыстарды (п, п’, б, б’, м, м’), еріндік - тістік (ф, ф’, в, в’), тілады (т, т’, д, д’, н, н’, с’, л’), тілартылық (к, к’, г, г’, х, х’), ысқырғыш (с, з, з’, ц), ысылдағыш (ш, ж, ч, щ) және үнді (р, р’, л) дыбыстарды игереді, әдетте ол (с - с’, ф’, з - с, в, ц - т, ш - с, т, ж -с’ д’, ч- т’, щ - т, р - л’, р’ - л’, л - л’) дыбыстарын айтпай тастап кетеді немесе ауыстырады [16] .

Төрт жасында балалардың дыбысты айту дағдысы біршама ерекшеліктермен сипатталады:

  1. Дауыссыз дыбыстар жұмсақ дыбысталады («зенірек» - зеңбірек)
  2. Ысқырғыш дыбыстар с, з, ц аса анық айтылмайды, тасталып кетіледі («айсан» - зайсан, «ағат» - сағат), ауыстырылады, с - ф («фауысқан» - сауысқан), з - д («дақым» - зақым), ц- т («тирк» - цирк) .
  3. Ысылдаған дыбыстар ш, ж, ч, щ жеткілікті дәрежеде анық айтылмайды, тасталып кетіледі, («апка» - шапка, «ат» - жат т. б. ), ауыстырылады: ш - с, ф («сапка», «фапка» - шапка), ж - з, в («зат», «ват» - жат), ч - ц, ть («оцки», «отьки» - очки), щ - с’, т’(«сётка», «тётка» - щётка)
  4. Л және р дыбыстары тасталып кетіледі («ашын» - лашын, «еніш» - реніш), л дыбысымен ауыстырылады («ляшын» - лашын, «лэніш - реніш») ;
  5. Бес жастағы балада дыбыстарды қабылдауға және дауыстап айтуға деген қабілет жетіледі:

дауыссыздарды жұмсартып айту жойылады;

көптеген дыбыстар аса дұрыс және анық айтылады;

ысылдағыш т - дыбысын ысқырғыш д - дыбысымен ауыстыру жойылады;

ысылдағыш ш, ж, ч, щ - дыбыстарын ысқырғыш с, з, ц дыбыстарымен ауыстыру жойылады [17, 18] .

Көптеген балалаларда жекелеген дыбыстарды айту қасиеті әлі қалыптаспаған болуы мүмкін: ысылдағыш дыбыстар жеткілікті дәрежеде айтылмайды, балалардың барлығы бірдей л және р дыбыстарын айта алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың церебральды сал ауруы кезіндегі сөйлеу тілінің ерекшеліктері
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктерін анықтау
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту жағдайлары
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Логопедия ғылымы
Күрделі кемістігі бар тұлғаларға арнайы білім беру
Кемтар балалар тұлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз
ҚАЗАҚСТАНДА ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ
Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу процесін ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz