Мүмкіншілігі шектеулі балалары бар отбасындағы бала мен ата-ананың қарым-қатынасының ерекшеліктерін айқындау


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР МЕН АТА-АНАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ

1. 1 Мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қатынас әлеуметтік психологиялық мәселе ретінде . . . 5

1. 2 Дамуында кемшілігі бар балаларды оқытуды қалыптастыру және қайтадан орнына келтіру әдістері мен ұйымдастырылуы . . . 12

2. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫНДАҒЫ АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1 Зерттеуді әістемелік қамтамасыздандыру және ұйымдастыру . . . 19

2. 2 Мүмкіндігі шектеулі және қалыпты балалардың ата-аналарының өз перзенттеріне деген қатынасының ерекшеліктері . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 33

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Отбасы немесе жанұя - қоғамның бөлінбес ұясы, және оның мәнін өзгерту мүмкін емес. Жанұясыз бір де бір ұлт, бір де бір қандай болсын өркениетті қоғам өмір сүрген емес. Сондай-ақ, қоғамның көз жетерлік болашағын да жанұясыз елестетуге болмайды. Әр адам үшін отбасы - бастаулардың басы. Бақыт деген ұғымды әр адам өз отбасымен жалғайды: өз үйінде бақытты болған адам ғана бақытты деп саналады.

Отбасының классикалық ережесін алсақ, отбасы - бұл әр мүшелері некемен, ата-аналық және ұрпақтық парызымен, тұрмысымен, жалпы бюджеті және өзара ізгі жауапкершілігімен байланысқан кішігірім әлеуметтік топ болып табылады. Отбасы - ең көне әлеуметтік институттардың бірі. Ол некеге қарағанда, күрделі қатынастардың жүйесін құрайды. Өйткені, отбасы ерлі-зайыптылар мен олардың балаларын ғана емес, басқа туыстарын немесе жақындары мен керекті адамдарын да біріктіреді [1, 2] .

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуі, көбінесе, олардың сезімдері мен тәртіптерінің кері әсерінен қиындайды. Бұл ауытқушылықтар баланың ерте кезден көп уақыт бойы емдеу мекемелерінде болуынан, оның отбасында алған теріс тәрбиесінен туындайтын кемістіктер және әлеуметтік құлдыраулар ретінде қалыптасады. Осындай кемшіліктері бар балалардың тәртібі мен мінезінің бұзылуы, олардың орталық нерв жүйесінің органикалық әлсіреуіне де байланысты [3, 4, 5] .

Бала миының ерекшелігі болып, оның азғантай кемістіктері белгілі бір жердің аумағынан асып, орталық нерв жүйесінің даму (жетілу) процесіне кері әсерін тигізуі табылады. Ал қатты бұзылу кезінде, оның іздері көп жылдарға созылады, кейде өмір бойына созылуы мүмкін. Баланың әрі қарай дамуы орталық нерв жүйесінің потологиялық жағдайына байланысты жүреді. Егер ертерек емдеу және түзету-оқыту жұмыстарын ұйымдастырмаса, онда баланың психикалық дамуы қалыс қалады.

Нәтижесіздікті әрқашан уайымдау, адамның патологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады - әртүрлі қызметтен бас тарту, енжарлық, іштей тынушылық, шабуыл жасау немесе, керісінше, үлкендердің немесе күштілердің алдында жағымпаздану. Басқаның пайдасына жарау, келеңсіздік, ашушаңдылық осыдан пайда болады.

Жайсыз баланың сатылы дамуы мен ондағы бар кемістіктердің түрі жанұядағы баламен жұмыс істеу спецификасын, және де дефектологтың (немесе психологтың) жанұямен психотерапиялық жұмысын талап етеді [6, 7] .

Курстық жұмыстың өзектілігі. Соңғы кездерде мүмкіндігі шектеулі балалар саны көбейіп бара жатыр. Сондықтан осы жағдайға көмек жасау үшін арнайы мектептер ашылуы тиіс. Егер бала жай мектепте оқи берсе де, ол балаларға мұғалім жағынан, психолог жағынан ерекше назар аударылуы керек. Сонымен қатар тек қана баламен емес, ата-аналармен тығыз жұмыс атқарылуы керек.

Курстық жұмыстың объектісі - ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастар жүйесі болып келеді.

Курстық жұмыстың мақсаты - мүмкіншілігі шектеулі балалары бар отбасындағы бала мен ата-ананың қарым-қатынасының ерекшеліктерін айқындау болып келеді.

Зерттеу мақсатының барысында, курстық жұмысымның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) бала мен ата-ананың қарым-қатынастарының мәселелері туралы әдебиеттер жіктеуі;

2) мүмкіншілігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарының қарым-қатынастарының мүмкіншіліктерін анықтау;

3) ата-аналарының жағдайы дұрыс балалар мен мүмкіншілігі шектеулі балалардың арасында салыстырмалы анықтама жүргізу.

Курстық жұмыстың құрылымы. Берілген курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР МЕН АТА-АНАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ

1. 1 Мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қатынас әлеуметтік психологиялық мәселе ретінде

Психологиялық кеңес алуды керек ететін көптеген топтардың ішіндегі ең азы - шектеулі мүмкіншіліктері бар балалардың ата-аналары.

Балалардың тыңдамаушылығы және қырсықтығы туралы шағымдар (әсіресе, дағдарыс кезеңдерінде) мыналар: есте сақтамаушылық, ұқыпсыздық, тәртіпсіздік, асықпаушылық, әлжуаздық, шыдамсыздық, еріншектік, «ұялмаушылық», өтірік айту (көбінесе оны балалық қиял деп ұғынады), бос еркіндік - дұрысырақ, тәртібінің тұрақсыздығы болып табылады [3] .

Ата-аналар мәселелеріне ғана емес, айналадағы адамдарға да байланысты бұл шағымдарды келесі топтарға біріктіруге болады:

1. Дамудың өсу қарқынын білмеу, тәрбиелік нұсқаманың және ұсыныстың қателігі, әрдайым тіл алатын баланың нұсқамасы кең тарап, оның басқалардан кереметтілігін көрсетіп тұратын баланың қоятын талаптарын көтермелеу кең өріс алған. Осы орайда, баланың өсіп жетілуіне қажет жеке қабілеттері мен ойнау әрекеттері бағаланбаған;

2. Ата-аналардың психологиялық мәселелері. Мысалы, әйелдің күйеуімен ажырасуы көбінесе ұлына кері әсерін тигізетін терең келеңсіз жағдайларға соқтырады. Бұл асыра сілтеген, немесе тіпті, ойдан шығарған жағдайларды әйел оны әкесінен ауысқан тұқым қуалаушылық қасиет деп санайды;

3. Ата-аналардың жеке сипаттамалары: авторитарлық, өзімшілдік, толық жетілмегендік, алаңдаушылық және т. б. - балалар мәселелерінеәкеліп соқтырады. Бұл жағдайда, бала тәртібіне күдікпен қарау жобалау механизмімен түсіндіріледі;

4. Ата-аналардың ұтымды үлес, күн тәртібі, бал тәртібіне шағым түсірмейтін асыранды балаларды тәрбиелеу туралы ұсынымдарды қажет етуі.

Көптеген отбасылар мамандардан (психологтар, дефектологтар және т. б. ) көмек сұрағанда, дәрігердің ұсыныстарына ұқсас нақты жұмыс бағдарламасын алғылары келеді. Олар әр ата-ананың өз «кінәлары» туралы бір мағыналы жауап күтеді (немесе баланың тууы, өсуі немесе тәрбиеленуі жөнінде білетін мамандардың, мекемелердің кінәсін тапқысы келеді), ал ең жақсысы - балалары бірден «айығатын рецепт» іздейді. Ата-аналардың ойынша, олардан өз балаларының өсуіне қатынасты еш нәрсе сұралынбайды. Бірақ олар көптеген мәселелерді өздері шешетін болғандықтан қиналып қалады [3, 4, 5] .

Көп жағдайларға отбасының әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері мен олардың білімділік деңгейі әсер етеді. Қоғамның әртүрлі өкілдерінің кеңес алу қатынастары әрқалай екені белгілі: білім деңгейі төмен адамдар маманданған кеңесшілерге аса құрметпен қарайды да, ал өздеріне келгенде, сыпайы емес бассыздық қарым-қатынасты қабылдай береді. Бірақ, қай жағдай болмасын, ата-аналар мен кеңесшілердің қарым-қатынасын, кейін отбасы маманның айтуы бойынша дұрыс шешім қабылдайтындай етіп ұйымдастыру керек. Кеңесшінің көзқарасы, оның кеңес беру мәдениеті, ата-ананың баласының болашағын, ал соңғы есепте - өз отбасының тағдырын шешудегі құқығын бұзбауы тиіс.

Жетілмей қалған баланың ата-анасымен жұмыс жүргізу. Мұндай баланың тәртібі қисынға келмейтін болғандықтан, бұл жұмыс өте өзгеше болып табылады. Оның жасаған іс-қимылдары үлкен адамның көзқарасымен алғанда да, тіпті, бөтен адам тұрмақ өз жақындарына да түсініксіз болуы мүмкін.

Жетілмей қалған баланы түзету жұмысы, шын мәнінде, үлкен жігерлікті және көп уақытты қажет етеді. Сол себептен, бірден нәтижеге жетпегендіктен, ата-аналардың «қолдары қағылып» және беттері қайтып қалады. Сондықтан да оларға баламен жұмыс істейтін, оның мінез-құлқын жақсы білетін және де істеген қате әрекеттерінің себебін шешесіне, не әкесіне түсіндіре алатын үнемі көмек беретін психолог немесе оқытушы қажет.

Көбінесе, жетілмеген бала маңайындағы басқа балаларды да, үлкендерді де есепке алмай, жалғыз өзін ғана бар деп ұғынады. Тәрбиелеу мен оқытуға көп күшін салушы ата-аналарға кері байланыс жасау үшін, баланың көңілі тоқ па, жақындары тарапынан қосымша көмек керек пе және т. с. с. біліп тұрулары керек. Алайда, бұл кері байланысты әрқашан жасап тұру мүмкін емес. Бұл жағдайда, балаға ерекше көңілмен қарап, оның ішкі жан дүниесін, іс-қимылдарын бақылап тұруды айту жөн. Кейде баланың айтқан бір сөзінен, тіпті, бір дыбысынан, қозғалысынан оның ішкі уайымын, қажеттілігін, қорқынышын білуге болады емес пе [6, 7, 8, 9] .

Балалар ұжымында бала өзін сенімді сезінуі үшін, балабақшаға немесе сыныпқа ата-аналары немесе басқа туысқандары (әжесі, атасы) жиі-жиі қатысып тұрғандары дұрыс. Мектептегі үзіліс кезінде олар баламен бірге болып, сыныптастарымен байланысын реттеуге көмектесіп, немесе сабаққа олармен бірге қатысуына да болады. Осындай жұмыс түрі ата-ана мен оқытушының байланысын бекітіп, ой-өрісі дамып жетілмеген баламен қарым-қатынасын күшейтеді.

Жетілмеген баланың ата-анасы оның керітартпа екенін, күн тәртібіндегі, айналадағы, киіміндегі азғантай өзгерістер оны өзінен шығарып жіберетінін әрдайым есте сақтаулары тиіс. Осы сияқты ушығулардан алшақ болу үшін, балаға үйреншікті тәртіпті ұсынған жөн.

Дамудан кеш қалған бала үшін оның жанын тыныштандыратын және өзін сенімді жасайтын отбасылық іс-шаралар өте тиімді. Мысалы, кезекпен келетін келесі кешкі іс-қимылдар: кешкі серуен, шай ішу, бірлесіп кітап оқу, массаж-қиын баланы төсек орнына жатқызып, тыныш ұйықтауын қамтамасыз етеді [10, 11] .

Жетілмеген баланы тәрбиелеудегінегізгі ережелер.

1. Баланың күн тәртібін сақтаңыз:

- балаға арналған күн тәртібін құрастырып жазып, оны көрнекті жерге іліп қойыңыз.

2. Әр жағдайдағы баланың тәртіп таптаурынын қалыртастырыңыз:

- күнделікті іс жосықтарды нақты, бір уақытта және әрқашщан орындау - киіну. Тамақтану, ұйқыға дайындалу және т. б. ; киімге арнайы бір орынды белгілеңіз, және де оларды ылғи да бір жолмен жинаңыз;

- ваннада айнаның алдына шомылуға керекті жабдықтарды қойып қоюға болады;

- дайындалу немесе ойнау бұрышында ойыншықтар мен заттардың қалай орналасуы керектігін сызып, іліп қоюға болады.

3. Балаға картамен, сызбамен және т. б. пайдалануды үйретіңіз (жұмыс картасы - іс-қимылдардың кезегін салу, алгоритм, мысалы «Серуенге қалай жиналу») ;

- жұмыс картасын кезегімен оқып үйрену үшін бірқатар ойындар жүргізуге болады.

4. Балаңыз өнер туындыларынан (музыкадан, театр және тағы басқаларынан) әдемі әсер алуына тырысыңыз:

- бірлесіп музыка тыңдауды, теледидар көруді, циркке, музейге және т. б. жерлерге баруды ұйымдастырыңыз.

Өзін ұстай алмайтын баланың ата-анасымен жұмыс.

Бұл балалардың ата-аналарымен жұмысты екі бағытта жүргізу орынды:

- шабуыл жасаудың шығу себептерін, оның өзіне және айналасындағыларға қауіптілігін түсіндіру;

- баланы нәтижелі тәсілдерге үйрету. Егер баланың шешесі немесе әкесі балаға түзету жұмыстарын жүргізу керек деп білсе, онда оған нәтиже беретін тәсілдердіүйрету керек. Бұл жағдайда, ата-аналар дәрісті тыңдап қана қоймай, балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы жөніндегі тренингтерге, семинарларға, маңызды айтыстарға, қызықты ұйымдарға қатыса алады. Баланың өзін жақсы ұстауына, тәртібін қадағалауына ата-ананың жігерлігі үлкен кепілдік береді. Өкінішке орай, көптеген ата-аналар өзінің ашу-ызасын басқара алмай қалады. Осындай тәрбиеден кейін олардың балаларының тәртібі жақсы болатынына сенім жоқ. Төменде ата-аналардың ашу-ызасы балаларына кері әсерін тигізбеу үшін пайдаланатын жалпы рецепттері көрсетілген [12, 13] .

1. Балаңыз өзін сізбен тыныш және сенімді ұстау үшін, онымен өзара қарым-қатынасыңызды реттеңіз:

- өз балаңызды тыңдаңыз;

- онымен көп уақытты бірге өткізуге тырысыңыз;

- өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз;

- өзіңіздің бала кезіңіз, балалық іс-әрекеттеріңіз, жеңістеріңіз бен жеңілістеріңіз туралы әңгімелеңіз;

- егер жанұяда бірнеше бала болса, олардың бәріне жалпы ғана емес, әрқайсысына «бөлінбес» жеке көңіл бөліңіз.

2. Тепе-теңдікті ұстай алмайтын күйіну кезіндегі минуттарда өзіңізге сақ болғаныңыз жөн:

- өзіңіз бір қалыпқа түспегенше, баламен қатысты жұмыстарды қоя тұрыңыз;

- егер де бір жағдайға сіздің кірісуіңіз керек болса, теріс қылықтарыңызды көрсетпей, балаға жайлап қараңыз;

- тітіркеніс кезінде балаға жақындамаңыз.

3. Егер көңіл-күйіңіз болмай тұрса, балалар бұл жағдайды білу қажет:

- балаларға өз сезімдеріңіз бен сұраныстарыңыз туралы тура айтыңыз: «Менің көңіл-күйім жоқ, қазір жалғыз болғым келеді. Басқа бөлмеге барып ойнай қойшы» немесе «Жұмыстан қатты шаршап келдім. Біраз минуттан кейін тынығып қаламын, ал қазір маған тиіспеші».

4. Егер де көңіл-күйіңіз болмай, не болмаса ашуланыптұрсаңыз, өзіңіздің тыныштандыратын жағымды нәрсе жасаңыз: жылы ваннаға, душка түсу; шай ішу; достарға телефон соғу; бетке арналған «тыныштандырғыш» маска жасау; диванда жатып жай ғана демалу немесе сүйікті музыканы тыңдау.

5. Сіздің ашуыңызды шақыратын келеңсіз жағдайларды алдын-ала болжауға және оны болдырмауға тырысыңыз:

- өзіңізге қымбат нәрселерді балаға ойнауға бермеңіз;

- өзіңізді тепе-теңдіктен шығаруға жол бермеңіз.

Жаман әсер боларын сезіп, өзіңізді сол жағдайдан ұстап қалыңыз (жағымды нәрселерді ойлаған дұрыс) .

6. Кейбір маңызды оқиғаларға алдын-ала дайындалған жөн. Мүмкін деген жағдайларды қадағалап, баланы да дайындау керек:

- өз балаңыздың күші мен қабілеттерін байқыңыз;

- егер де бір жерге алғашқы сапармен бармақ болсаңыз (дәрігерге, балабақшаға және т. б. ) алдын-ала репитиция жасап алыңыз;

- егер бала қарны ашқан кезде мазасызданатын болса, ұзақ жолда қалай тамақтандыратыныңызды ойластырып алыңыз.

Алаңдағыш баланың ата-анасымен жұмыс.

Осындай балалардың ата-аналары, көбінесе, олардан қолдарынан келмейтін нәрселерді талап етеді. Кейде әке-шешелері өз жағдайларына қанағаттанбай, жетпеген армандарына балаларын апарғылары келеді. Көтеріңкі талап қою басқа да себептерге байланысты болуы мүмкін. Қоғамдағы жоғарғы игілікке қол жеткізген ата-аналар, өз баласының «жолы болмағыштығын» көргілері келмей, оны шамадан жоғары жұмыс істеуге итермелейді.

Кей жағдайда, үлкендердің талаптарына сай жұмыс істеуге шамасы келмеген баланы қорқыныш билеп, олардың тосқандарын жасай алмай, өзін қор санайды. Уақыт өте келе ол «қолы қағылуға» үйреніп, күнделікті жағдайларда да қарсыласпай көне салады. Осыдан кейін, қандай да болмасын мәселелермен жолыққысы келмейтін адам қалыптасады.

Кейбір ата-аналар, өз баласын кез келген нақты және әлсіз қауіп-қатерден қорғауға тырысып, оны өмір қиыншылықтарына төзімсіз етіп қалыптастырады. Осының бәрі баланың дұрыс өркендеуіне, шығармашылық қабілеттерінің жүзеге асырылуына, үлкендермен және өз қатарларымен араласуына кедергі жасайды.

Ата-аналардың көбісі, өз іс-әрекеттерінің баланың мінез-құлқына әсер ететінін біле бермейді. Бұл ата-аналармен түсіндіру шараларын жүргізіп, оларға оқуға арнайы кітаптар ұсынып және оқытушылар мен психологтарға жүгінуін талап ету керек [10, 11, 12] .

Шын мәнінде, алаңдағыш балалардың ата-аналарының өздерінің де үрейлену деңгейі жоғары келеді. Сондықтан да олар өзін төмен бағалауға бейім, және өзіне де, өзқ істеріне де қанағаттанбайды. Мұндай адамдарға, ең алдымен, өзін-өзі тәрбиелеу жұмысымен айналасу керек. Ол төмендегі өз бағасын өзгертетін сегіз түрлі тәсілді үйреніп және оны өмірде қолданудан басталады:

  1. Өмірге айқын көзбен қарауға тырысыңыз

- ішкі диалог тек қана шынайы сөздерден тұратын болсын.

2. Егер сізде жағымсыз ойлар пайда болса, тез арада жағымдыларына ауысуға тырысыңыз:

- адамдарға сіңірген еңбегіне қарай қарым-қатынас жасаңыз;

- әр адамның кемшіліктерін емес, жағымды жақтарын табуға тырысыңыз.

3. Өзіңізге құрметпен қараңыз:

- өзіңіздің адамгершілік қасиеттеріңізді жиынтығын жасаңыз;

- осындай қасиеттер сізде бар екеніне өзіңізді сендіріңіз.

4. Өзіңізге ұнамайтын қылықтардан арылуға тырысыңыз:

- айнаға жиі қарап: осыны өзгерту керек пе? - деген сұраққа жауап беріп көріңіз;

- егер иә - десеңіз, онда кейінге қалдырмаңыз.

5. Өз бетіңізбен шешім қабылдауды бастаңыз:

- дұрыс немесе дұрыс емес шешімдер болмайтынын есте сақтаңыз;

- өзіңіз қабылданған шешімді сіз әрқашан мақұлдай және дәлелдей аласыз.

6. Сізге жағымды болған әсерлермен өзіңізді баурап алыңыз:

- сүйікті кіраптарыңызды, үнтаспаларыңызды сатып алыңыз;

- өзіңіздің «әлсіз» жерлеріңізді біліп, оны жақсы көріңіз.

7. Тәуекелге бел буыңыз:

- өзіңізге жауапкершілік жүктеңіз, алғашқы тәуекел үлесі көп болмауы мүмкін.

8. Өз қалауыңыз бойынша сеніңіз: адамға, тағдырға, жағдайларға және т. б. :

- өзіңізге ғана емес, үлкен мәні бар бір нәрсеге сену қиын мәселелерді шешуге көмектесетін есте сақтаңыз;

- егер сіз болып жатқан оқиғаға еш әсер ете алмайтын болсаңыз, онда «шетке шыға тұрыңыз» және жай ғана күтіңіз.

Алаңдауға бейім балалар көбінесе біреуді жақсы көріп, аймалауды қажет ететін болғандықтан, үй жануарларын: мысықты, итті, ұядағы тышқанды немесе тоты құсты ұстаған жөн. Сүйікті жануарларға бірлесіп қарау кезінде, ата-анасы мен баланың арасында әріптестік қарым-қатынастар туындайды.

Аса белсенді баланың ата-анасымен жұмыс.

Мұндай баламен қарым-қатынас жасау кезінде, ата-аналар, шын мәнінде, көптеген қиындық көреді. Біреулері олардың «тыңдамаушылығымен» күресу үшін, тәртіптік жаза қолдану тәсілдерін күшейту, жұмысқа жүктеу, азғантай әрекеттер үшін де жазалау, тиым салу жүйесін енгізу сияқты қатты шараларды қолданады. Басқалары болса, баламен күресумен шаршап, оған жәрдем берудің орнына, тәртібіне көңіл бөлмей, толық бостандық беріп қояды. Ал үшіншілері, балабақшадан да, мектептен де, басқа да қоғамдық жерлерден баласына деген бітпейтін сөгістер мен ескертулерді естіп, соған өзін кінәлайды да, жабығыңқы көңіл-күйде жүреді (бұл сезімтал балаға кері әсерін тигізеді) .

Осы оқиғалардың бәрінде де ата-аналар баласымен қарым-қатынас жасаудың оңтайлы ортасын таба алмайды. Сондықтан олармен жұмыс жасау керек. Аса белсенді баламен жұмсақ, жай ғана сөйлескен дұрыс. Егер үлкен адам бұл баламен сабақ орындайтын болса, айқайлау мен бұйырудан да, дауыс көтеруден де алшақ болу керек. Аса шапшаң бала сезімтал және тез қабылдағыш болғандықтан, үлкен адамның көңіл-күйіне тез ауысуы ықтимал. Ата-анасының іс-әрекеттері оны шырмап, нәтижесіздікке соқтырады.

Үйде нақты бір күн тәртібін қадағалау - белсенді бала үшін керекті жағдай болып табылады. Тамақтануды да, серуендеуді де, үй тапсырмасын орындауды да балаға үйреншікті бір уақытта жасаған дұрыс. Бала қатты тебіреніп шаршамас үшін, өз уақытында жатып ұйықтағаны дұрыс, және оның ұйқысы күш жинауға жетерліктей болуы керек (ата-аналар бұл уақытты

Баланың жағдайына қарай өздері белгілейді) . Шама келгенше мұндай баланы сезімін қоздыратын компьютер ойындарынан және көп уақыт бойы теледидар көруден қорғаған жөн. Аса белсенді балаға ата-анасымен оңашада ашық сөйлесіп, мәселесін айтатын жатар алдындағы серуендер өте тиімді. Ал таза ауамен асықпай серуендей баланы жақсы тыныштандырады [13] .

Жасөспірімдер мен жастардың ата-аналарына кеңес беру.

Жасөспіріммен жұмыс жасағанда, міндетті түрде оның ата-анасымен де солай жұмыс жасау қажет. Осындай жұмыстың нәтижесі мен салдары объективті ғана емес, субъективті факторларға да байланысты. Көбінесе, ата-аналар өздерінің орындалмаған үміттерін де, мәселелерін де, балаларынын бүкіл өміріне арналған «жасауы» сияқты аударып жібереді. Олар өздері жетпеген мақсаттарға балалары жетеді деп ойлайды. Сондықтан, жасөспірім баласының мәселесін шешіп беруді сұрайтын ата-аналардың ар жағында, өздері толық ашпаған шындық - өз мәселелері туралы кеңес алуға сұранысы тұрады. Бірақ шындығында, қарап тұрсаңыз, ата-аналар баласын «жөндеуге» кеңесшіге бере салып, ал өздері жайлы сөйлесетін ештеңе жоқ сияқты көрсетеді. Үлкен адамдарға «қарапайым» кеңес беруге қарағанда, ата-аналарға жасөспірім балалардың өсуі туралы кеңес берген көбірек бағаланады. Осыдан білеріміз, ата-аналар жасөспірім баласымен қатар өркендеу үшін, олардың өздеріне психологиялық көмек керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ата - аналардың психологиялық мәселелері
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тарбиелеу ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен оңалту және коррекциялық жұмыстардың ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата - аналары мен мұғалімдердің арасында байланыс орнатудағы қиындықтардың себептері
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары
Баланы тәрбиелеп оқыту барысындағы ата- аналармен жұмыс бағыттары
Отбасымен педагогикалық жұмыстардың мәні және әдістері
Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасын психологиялық қолдау
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қоғамда әлеуметтенуінің туралы ғылыми-теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz